Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік есеп



Кіріспе
1 Бюджеттік есептің жалпы мәселесін ұйымдастыру
1.1 Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.2 Ұйымның сипаттамасы мен негізгі көрсеткіштерін талдау

2 Мемлекеттік мекемелерде бюджеттік есепті ұйымдастыру
2.1. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру сметасын дайындау
2.2. Мемлекеттік мекемелердің акша қаражаттарының есебі
2.3. Мемлекеттік мекемелердің активтерінің есебі
2.4. Міндеттемелер және еңбекақы төлеу есебі
2.5. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беруі

3 Мемлекеттік мекемелердің қызметін бақылау
3.1. Мемлекеттік мекемелердегі бақылаудың түрлері
3.2 Мемлекеттік ұйымның бухгалтерлік есебін ХҚЕС сәйкес жетілдіру жолдары


Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Тақырыптың өзектілігі: Нарық экономикасында мемекеттің қаржы ресурстарын, әсіресе, республикалық бюджет қаражатын тиімді пайдалану және бақылау проблеммалары Қазақстан үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Өйткені бюджет қаражатын пайдалану және мемлекеттік қаржы ресурстарын басқаруға байланысты қабылданған басқару шешімдерінің орындау тиімділігінің деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуіне және оның қаржы-бюджеттік жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз етуіне ықпалын тигізеді.
Қаржылық бақылау - қаржылық құжаттардың сенімділігін, шаруашылық заңдылықтарын сақтау, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдарды басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады.
Қаржылық бақылау - ұлттық өнімнің жалпы түсімінің соған сәйкесті қаржы қорына негізделген бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет түрі. Қаржылық бақылау комитетінін кажеттігі басқадан бұрын, экономиканың санаты ретінде қаржы саласына бақылау функциясы қашаннан тән.
Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінін жүйесін, яғни Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп ұйымы, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган, орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды.
Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу ұйымының негізгі мақсаты - республикалық бюджетте ішкі бақылауды орындау және жергілікті бюджетте сыртқы бақылаудың орындалуын жүзеге асыру, жүйелі тексерудің дұрыс құрылуымен, республиқалық бюджеттен қаржыландыратын, мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарын (шығындар сметасы) бекіту, мемлекеттік ұйымдардың таза табыс үлесін тиісті бюджеттерге толық және уақтылы аударуы мен шаруашылык серіктестіктердің табысты мемлекет үлесіне, ал акционерлік қоғам акция пакетіне қоғамдардың дивиденд есептелуіне бақылау жүргізу болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінін міндеттеріне мыналар жатады:
-Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен тартылған мемлекеттік және мемлекеттік емес қарыздарын мақсатты қолдануыла бақылау жүргізу;
-Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуына ішкі бақылау мен сырткы бақылау әдістемесін және әдістеме ғылымын жетілдіру;
-Бюджет қаржыларын мақсатты пайдаланумен бірге бюджет қарыздарын және республикалық бюджет бағдарламасының тиімділігі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау қызметі қазіргі кезде өзінің қалыптасып, одан әрі даму кезеңінде. Сондықтан, әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, қаржылық бақылау комитетінін қазіргі және тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған жан-жақты шаралар қабылдау қажет.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1 Бюджеттік есептің жалпы мәселесін ұйымдастыру
1.1 Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.2 Ұйымның сипаттамасы мен негізгі көрсеткіштерін талдау

2 Мемлекеттік мекемелерде бюджеттік есепті ұйымдастыру
2.1. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру сметасын дайындау
2.2. Мемлекеттік мекемелердің акша қаражаттарының есебі
2.3. Мемлекеттік мекемелердің активтерінің есебі
2.4. Міндеттемелер және еңбекақы төлеу есебі
2.5. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беруі

3 Мемлекеттік мекемелердің қызметін бақылау
3.1. Мемлекеттік мекемелердегі бақылаудың түрлері
3.2 Мемлекеттік ұйымның бухгалтерлік есебін ХҚЕС сәйкес жетілдіру жолдары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Нарық экономикасында мемекеттің қаржы
ресурстарын, әсіресе, республикалық бюджет қаражатын тиімді пайдалану және
бақылау проблеммалары Қазақстан үшін аса өзекті мәселе болып табылады.
Өйткені бюджет қаражатын пайдалану және мемлекеттік қаржы ресурстарын
басқаруға байланысты қабылданған басқару шешімдерінің орындау тиімділігінің
деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуіне және
оның қаржы-бюджеттік жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз етуіне ықпалын
тигізеді.
Қаржылық бақылау - қаржылық құжаттардың сенімділігін, шаруашылық
заңдылықтарын сақтау, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық
құрылымдарды басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады.
Қаржылық бақылау - ұлттық өнімнің жалпы түсімінің соған сәйкесті қаржы
қорына негізделген бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын
тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет түрі. Қаржылық бақылау
комитетінін кажеттігі басқадан бұрын, экономиканың санаты ретінде қаржы
саласына бақылау функциясы қашаннан тән.
Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінін жүйесін, яғни Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп ұйымы, мәслихаттардың тексеру
комиссиялары, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі
бақылау жөніндегі орган, орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау
қызметтері, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау
қызметтері құрайды.
Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау мен
мемлекеттік сатып алу ұйымының негізгі мақсаты - республикалық бюджетте
ішкі бақылауды орындау және жергілікті бюджетте сыртқы бақылаудың
орындалуын жүзеге асыру, жүйелі тексерудің дұрыс құрылуымен, республиқалық
бюджеттен қаржыландыратын, мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарын
(шығындар сметасы) бекіту, мемлекеттік ұйымдардың таза табыс үлесін тиісті
бюджеттерге толық және уақтылы аударуы мен шаруашылык серіктестіктердің
табысты мемлекет үлесіне, ал акционерлік қоғам акция пакетіне қоғамдардың
дивиденд есептелуіне бақылау жүргізу болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінін міндеттеріне мыналар жатады:
-Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен тартылған мемлекеттік
және мемлекеттік емес қарыздарын мақсатты қолдануыла бақылау жүргізу;
-Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуына ішкі бақылау
мен сырткы бақылау әдістемесін және әдістеме ғылымын жетілдіру;
-Бюджет қаржыларын мақсатты пайдаланумен бірге бюджет қарыздарын және
республикалық бюджет бағдарламасының тиімділігі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау қызметі
қазіргі кезде өзінің қалыптасып, одан әрі даму кезеңінде. Сондықтан,
әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, қаржылық бақылау комитетінін қазіргі
және тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған жан-жақты шаралар қабылдау
қажет.
Осы жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық
бақылау комитетінің теориялық аспектілерін зерттеу, сонымен қатар
Қазақстан Республикасындаға мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің есеп
және ішкі бақылау ұйымдастыруын анықтау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндеттер қойылып, шешілді:
- Бюджеттік есептің жалпы мәселесін ұйымдастыру
- Мемлекеттік мекемелерде бюджеттік есепті ұйымдастыруды анықтау
- Мемлекеттік мекемелердің қызметін бақылауды қарастыру
Зерттеу объектісі – мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінін түрлері,
әдістері мен қаржылық бақылауды мемлекеттік реттеу құралдары болып
табылады. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Қаржылық бақылау инспекциясының сипаттамасы мен құрылымы
үлгісінде мемлекеттік қаржылық бақылау қызметін реттеу мен толық жетілдіру
жөніндегі мәселелерін зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыста мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру бағыттары
қаралған және бюджеттік мекемелердегі қызмет барысының негізгі бағдары,
қаржылық бақылау қызметінің басты мәселелері және олардың шешімін табудың
мүмкін жолдарын қарау ең алдыңғы қатарға қойылған.
Дипломдық жұмысты құқықтық және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуде
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау туралы жалпы
ережелері, 2009 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының заңы, заңнамалық және нормативтік актілері,
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің статистикалық
материалдары мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
ережелері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттерден жіне қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде, қаржылық бақылау ұйымдарының жалпы
сипаттамасы, ұйымның есебін жүргізудің ерекшеліктері мен есеп саясаты
жөнінде қарастырылып өткен.
Екінші бөлімде, қаржылық бақылау (бюджеттік) ұйымның есебі,
активтерінің, міндеттемелерінің, қаржыландыру есебі қарастырыған.
Үшінші бөлімде, бюджеттік ұйымның қызметіне бақылау, тексеру және
аудит жүргізудің тәртібі мен ерекшеліктері, талдау жүргізудің тәртібі
қарастырылған.

1 Бюджеттік есептің жалпы мәселесін ұйымдастыру
1.1 Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң
өзгерістер бюджеттік мекемелердегі есепға және қаржылық есептілікке
арналған ережелерді жасау кезінде елдердің қолданатын тәсілдерін
айтарлықтай дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс
жерлерде кеңейіп, ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі
нығаюда. Капитал нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін
инвесторлардың жоғары дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына,
тұрақтылығына және өтімділігіне сенімділігін талап етеді. Қаржылық
есептіліктің халықаралық стандарттарының бірыңғай топтамасын қабылдау
кредиттердің құнын және инвесторлар үшін маңызды емес стандарттар бойынша
есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік шығыстарды қысқарту арқасында
ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша шығыстарын қысқартуға себепші
болады.
Капитал рыногының жаһандану бағытына қарай өрістеуіне, сондай-ақ
халықаралық қаржы рыногының дамуына қарай қаржылық есептік бірегейлігі
қамтамасыз етілуі қажет. Мұндай бағыт ұстанған жағдайда еліміздегі
бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттары талабына сай жаңаша
құруды талап етеді. Егер ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі
халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал
рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері
өз мәнін таппайды. Сондықтан потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың
тұнықтылығын талап етеді.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары әлемдегі аса дамыған және
алдыңғы қатарлы бюджеттік мекемелердегі есеп стандарттары болып табылады
деп есептеледі. Сондықтан да көптеген елдерде, мысалы Австралияда,
Германияда, Ұлыбританияда шетел эмитенттері биржалардағы өздерінің
есептілігін осы елдердің ұлттық стандарттарына емес, халықаралық
стандарттарға сәйкес ұсына алады. Басқа мемлекеттерде, мысалы Канадада,
Жапония мен АҚШ-та бұған да жол беріледі, алайда ХҚЕС бойынша есептілік
дайындайтын компаниялар оның осы елдердің ұлттық стандарттарына сәйкес
дайындалатын есептіліктен айырмашылығының тізімін қосымша ұсынуы тиіс.
Кейбір елдерде (мысалы Чехияда, Балтық елдерінде) есептілікті ХҚЕС бойынша
барлық ірі кәсіпорындар жасауы тиіс. Қазақстанда 2003 жылдан бастап барлық
қаржы ұйымдары, 2005 жылдан бастап акционерлік қоғамдар, ал 2006 жылдан
бастап өзге де ұйымдар (мемлекеттік мекемелерден басқа) есептілікті ХҚЕС
бойынша дайындауы тиіс.
Қазіргі кездегі бюджеттік мекемелердегі есеп ақпараттық базаны
білдіреді, оның негізінде ұйым қаржылық есептілікті дайындайды.
Бухгалтерлік есепте қалыптастырылатын ақпарат басқарушылық, салықтық
статистикалық есептілікті жасау үшін қолданылады, қажет болған кезде осы
ақпараттың негізінде есептіліктің басқа да түрлері жасалады. Бюджеттік
мекемелердегі есеп жүйесі бір-бірімен өзара байланыста болатын, есепке алу
элементтерінің белгілі бір тұтастығы немесе көптілігі. Мұндай жүйе
логикалық кешенді қамтиды, онда ұйымның, мемлекеттің, сондай-ақ кез келген
басқа да сыртқы, сол сияқты ішкі пайдаланушылардың экономикалық мүдделерін
қамтамасыз ету мақсатында қызметтің түпкі нәтижелерін дұрыс өлшеуге
бағытталған ақпарат қорытылады.
Есептілікті пайдаланушылардың барлығында қаржылық есептілік жөніндегі
ақпарат нені қамтитынына қатысты белгілі бір үміт-армандары бар. Бұл үміт-
армандар уақыт өте келе дамыды және пайдаланушылар бұрын кездестірген
қаржылық есептіліктің үлгісі мен мазмұнынан туындады. Осы үміт-армандарға
бюджеттік мекемелердегі есеп туралы заңдар, бюджеттік мекемелердегі есептің
регламенті мен стандарттары әсер етті. Қазақстанда үміт-армандар үлгіге
және кеңес жүйесі кезінде әзірленген қаржылық есептілікке сүйене отырып
дамыды. Шетелдік пайдаланушылардың үміт-армандары Халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарының принциптері мен тәжірибесіне сүйене отырып
қалыптасты.
Кез келген әділ (сенімді) пікірден бюджеттік мекемелердегі есептің
белгілі бір маңызды немесе іргелі принциптеріне немесе тұжырымдамаларына
негізделген пікір орынды тұспалдануы мүмкін. Халықаралық түпмәтінде ең
болмағанда мынадай бес принцип:
- есептеу принципі;
- қызметтің үздіксіздігі;
- ақылға сыйымдылығы;
- дәйектілігі;
- мазмұнның нысаннан басымдығы іргеліге жатқызылуы мүмкін және заңнама
мен бюджеттік мекемелердегі есеп стандарттарында көрсетілуі мүмкін.
Әдеттегі іс-тәжірибе осы принциптерді кез келген елдің бюджеттік
мекемелердегі есеп туралы заңнамасында іске асырудан тұрады. Нақты
жағдайларда осы принциптерді қолдану көбінесе бюджеттік мекемелердегі есеп
стандарттары арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта халықаралық талаптарға сәйкес жасалған және жұмыс
істейтін жоғары дамыған ақпараттық жүйені білдіретін экономика бірыңғай
есепке алудың жүйесі болып табылады, ол оның әртүрлі аспектілерін
(статистикалық есепке алу, салықтық есепке алу, бюджеттік мекемелердегі
есеп және т.б.) қамтиды.
Бюджеттік мекемелердегі есеп қойылған міндеттерге сәйкес кейіннен
жинау, жүйеге келтіру және қорыту үшін деректер көзі ретінде ғаламдық
есепке алу жүйесінің бірлігін және функционалдығын қамтамасыз ететін ең
маңызды факторы болып табылады.
Экономикадағы қаржылық есепке алудың ақпараттық функциясы ұйымдар
қызметінің қаржылық нәтижелеріне сүйенеді, олар ұйымның ішіндегі сол сияқты
одан тысқары жердегі ақпарат пайдаланушылардың мүдделі тобына қажет. Жоғары
сапалы есептілік капитал нарығын дамыту үшін де қажет, өйткені оның
негізінде көбінесе экономиканың ондаған жылдарға дейін дамуын айқындайтын
шектеулі ресурстарды бөлу туралы шешімдер қабылданады.
Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы атты өз жолдауында (бұдан әрі – Жолдау) атап
өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді
де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге
қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы
әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты
мемлекетті дамыту процесінде бюджеттік мекемелердегі есеп мен қаржылық есеп
беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бюджеттік
мекемелердегі есептің, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару
шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен
қамтамасыз ету болып табылады.
Бюджеттік мекемелердегі есеп және аудит саласын дамыту міндеті
Қазақстан Республикасының экономикасында бюджеттік мекемелердегі есеп,
қаржылық есеп беру және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан
әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен
алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады деп санаймыз.
Бюджеттік мекемелердегі есептің өзіне тән міндеттерді тиімді орындауы
үшін қаржылық есепке алу кәсібилік, айқындылық, тәуелсіздік, өзектілік,
сияқты талаптарға жауап беруі, сондай-ақ бюджеттік мекемелердегі есеп мен
қаржылық есеп беру принциптеріне және негізгі сапалық сипаттамаларға сай
болуы тиіс.
Әлемдік тәжірибе түсініктілік, орындылық, сенімділік және
салыстырмалылық сияқты ақпараттың тиімділігін айқындайтын сапалық
сипаттамалар халықаралық стандарттарды тікелей пайдаланумен немесе оларды
бюджеттік мекемелердегі есеп мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін
құрудың негізі ретінде қолданумен қол жеткізетіндігін көрсетеді. ХҚЕС пен
ХАС-ты қолданудың экономикалық перспективасы капиталды тиімдірек бөлуден,
іске жұмсалатын қаржының әр алуандығынан және оның табыстылығының өсуінен
тұрады, әлемдік нарыққа шығу жеңілдейді, капиталды тартуға жұмсалатын
шығындарды азайту мүмкіндігі туады. Мұның өзі жаңа бизнес құрылымдарды
дамытуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыссыздықтың төмендеуіне,
халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға, тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуіне әкеп соғады.
Бюджеттік мекемелердегі есеп саласының өзін-өзі реттейтін элементтерін
ретке келтіру мен жүргізу мақсатында Бюджеттік мекемелердегі есеп мен
қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының Заң жобасы бюджеттік
мекемелердегі есеп мен қаржылық есеп беруді реттеудің қолданыстағы жүйесіне
айтарлықтай өзгерістер енгізеді.
Заң жобасын әзірлеудің басты міндеті Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасында пайдаланатын бюджеттік мекемелердегі есеп мен
қаржылық есеп беру мәселелері бойынша негізгі ұғымдарды Қазақстан
Республикасының бюджеттік мекемелердегі есеп мен қаржылық есеп беру туралы
заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Алайда, Қазақстандағы бюджеттік мекемелердегі есеп мен қаржылық есеп
беру жүйесін дамытудағы кейбір жетістіктерге қарамастан, мыналардан:
- ХҚЕС-тің кешенділігі мен әдістемелік күрделілігіне байланысты шағын
және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылмайтындықтан, ХҚЕС-тің осы
санаттарға қолданылу қиындығынан;
- бюджеттік мекемелердегі есеп мен қаржылық есеп беруді реттеуге,
сондай-ақ бухгалтер мен аудитор мамандықтарын дамытуға кәсіби қоғамдық
бірлестіктер қатысуының жеткіліксіздігінен;
- ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі ақпараттық-әдістемелік материалдардың
(оқулықтардың, кітаптардың) жоқтығынан;
- бухгалтерлер мен аудиторлардың біраз бөлігінің кәсіби дайындығы
деңгейінің төмендігінен, сондай-ақ ХҚЕС бойынша дайындалған ақпаратты
пайдаланудағы дағдының жеткіліксіздігінен;
- кадрларды қайта даярлаудың ретке келтірілген жүйесінің жоқтығынан;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджеттік мекемелердегі есеп мен
қаржылық есеп берудің ХҚЕС белгілеген көптеген принциптеріне және
талаптарына немқұрайды қараудан көрінетін кейбір проблемалар бар.
Сонымен қатар, бюджеттік мекемелердегі есеп мен қаржылық есеп беруді
жүргізу бөлігінде ақпараттық жүйені автоматтандырудың көкейкестілігін атап
өтпеуге болмайды. Бүгінгі таңда кешендік автоматтандыру жүйесі, яғни ұйым
қызметінің түрлі салалары үшін бірыңғай ақпараттық жүйелері бизнестегі
маңызды аспаптардың біріне айналды. Тәжірибеде көрсеткендей, ақпараттық
жүйелер кең қолданылатын ХҚЕС-қа көшкен ұйымдарда оң өзгерістерге қол
жеткізу әлдеқайта жеңіл. Сондықтан да ХҚЕС-ты ойдағыдай енгізу
бухгалтерлер жұмыстарының жеделдігін арттыруға және уақтылы әрі тиімді
шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін бюджеттік мекемелердегі есепті жан-
жақты автоматтандырусыз жүзеге асырылмайды.
Бюджеттік мекемелердегі есеп мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту
елдің экономикалық жағдайындағы өзгерістермен тығыз өзара байланыста және
шаруашылық тетіктің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.
Бюджеттік мекемелердегі есеп мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі
дамытуды ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте
қалыптастырылатын ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалы-лығын
арттыру мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет:
- бюджеттік мекемелердегі есепті, қаржылық есептіліктің аудитін
ұйымдастырумен және жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау және қайта
даярлау;
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бюджеттік мекемелердегі
есеп мен қаржылық есеп беруді жүргізу тәртібін оңайлату;
- халықаралық тәжірибенің негізінде бюджеттік мекемелердегі есеп мен
қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту;
- бюджеттік мекемелердегі есеп мен аудитті дамытудың халықаралық
процесіне қатысу.
Шаруашылық тетіктегі өзгерістермен және нарықтық институттардың нақты
жұмыс істеуімен байланыссыз бюджеттік мекемелердегі есепдағы өзгерістерді
жеделдету экономикадағы қаржылық ақпараттың сапасын төмендетуге, ХҚЕС-тың
беделін түсіруге, сондай-ақ қаржылық тәртіптің әлсіреуіне әкеп соғуы
мүмкін. Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ХҚЕС-қа көшу барлық
ұйымдарға қатысты, бірақ бұл ретте неғұрлым сарабдалдық ұстаным қажет.
Кешенділігіне және әдістемелік күрделілігіне байланысты ХҚЕС іс жүзінде
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жарамсыз. Бұдан басқа, соңғы
уақытта өзіміз білетін, осы күнге дейін аяқталмаған стандарттардың өздерін
белсенді жетілдіру процесі жүріп жатыр (ХҚЕС-қа тұрақты түрде елеулі
өзгерістер енгізілуде, оған шағын компаниялардың қадағалап отыруына жағдайы
жоқ). Осыған байланысты ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есеп беруді ірі
кәсіпкерлік субъектілері мен көпшілік мүдделі ұйымдар ғана жасағаны орынды.
Қызметі қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар көпшілік мүдделі ұйымдар
болып табылады, оларға мыналар жатады:
- қаржылық ұйымдар;
- акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерді қоспағанда);
- жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (жалпы таралған пайдалы қазбаларды
өндіретін ұйымдардан басқа);
- жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар (жедел басқару
құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда).
Мемлекет басы мен ҚР Үкіметі қойған шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау жөніндегі тапсырмаға сәйкес патент немесе біржолғы талон бойынша
жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді міндетті түрде бюджеттік мекемелердегі
есепті жүргізудің толығымен босату және қалған кәсіпкерлік субъектілерінің
бюджеттік мекемелердегі есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың
түрлі тәртібін қолдануы мақсатында санаттар бойынша бөлуді белгілеу қажет.
Бюджеттік мекемелердегі есепті және есептілікті реттеу жүйесін дамыту
барлық мүдделі тараптардың мүддесін ескеретін, шығындардың төмендеуін және
реттеудің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін модельді құруға
бағытталуы тиіс. Осы модельдің негізі – мемлекеттік билік органдары мен
кәсіби қауымдастықтың (кәсіби қоғамдық бірлестіктер мен басқа да мүдделі
жұртшылық) қызметтерін саналы түрде үйлестіру.
Қазақстанның бюджеттік мекемелердегі есеп саласының негізгі проблемасы
– білікті кадрлардың жетіспеушілігі, қалыптасқан салт-дәстүрі, мықты кәсіби
қауымдастығы, мамандандырылған білімді жинақтайтын және тарататын
қалыптасқан жүйесі, көпшілік мақұлдаған сертификаттары бар дамыған
бухгалтерия институтының болмауы.
Қазақстанда кәсіби қауымдастық аталған проблемалардың кейбіреуін шешу
бойынша белгілі бір қадамдар жасауда, бірақ кешенділік, жалпы республикалық
ауқым жетіспейді. Бухгалтерлік қауымдастықтың қазіргі селқостығы кезінде
батыстағы ұқсас жүйенің өздігінен тез дами қоятындығы екіталай. Содықтан
бұл мәселені шешу үшін бүкіл жүйенің өзегі болуға және одан әрі қалыптасқан
құрылымы болуға тиіс кәсіби ұйымдардың рөлін күшейтуге назар аудара отырып,
заңнамалық алғышарттар жасау, бұл процесті жылжыту қажет. Қазақстандағы
бюджеттік мекемелердегі есеп мен қаржылық есеп беруді қайта ұйымдастыру
мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
- қолданыстағы бюджеттік мекемелердегі есеп мен қаржылық есеп беруді
реттеу жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістер енгізу;
- бюджеттік мекемелердегі есеп жүйесін қайта құру шеңберінде
мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру;
- кәсіби қауымдастықтың бюджеттік мекемелердегі есеп саласындағы рөлін
арттыру;
- бюджеттік мекемелердегі есеп мен қаржылық есеп беру мәселелері
бойынша уәкілетті органның кәсіби ұйымдарды және бухгалтерлерді кәсіптік
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жүйесін енгізу.
Кәсіби қауымдастықтың бюджеттік мекемелердегі есеп мен қаржылық есеп
беру жүйесін реттеудегі рөлін күшейту үшін консультативтік-кеңес органы
нысанында, ереже негізінде әрекет ететін арнайы органды (Консультативтік
органды) құру ұсынылып отыр. Консультативтік органның құрамы мемлекеттік
органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін, жеке кәсіпкерліктің,
мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың субъектілерін және ғылым қайраткерлерін
қоса алғанда, кәсіби қауымдастықтың жоғары білікті, бәріне танымал және
беделді өкілдерінен құралуы тиіс.
Компаниялар қызметі жөніндегі және қорытынды есеп жүйесіндегі
ақпараттар тұнық және сенімді, орындалып, мүның барлығы да халықаралық
бухгалтерлік есеп стандарттары талабымен тығыз байланыста болған жағдайда,
қаржы салымшы инвесторлар өздерінің салған капиталының қалай және қандай
тиімділік дәрежесінде жүмсалғандығын біліп, бақылап отырады.
Өз экономикасын нарықтық экономика және базарлы сауда қатынастары
деңгейінде жүргізетін жержүзілік экономикалық қауымдасқа қатысушы барлық
компаниялар мен корпорациялар өздеріне тән бухгалтерлік есебін халықаралық
бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттары талабына сай жүргізіп
келеді.
Бухгалтерлік есеп стандарттары беделі жағынан жоғары деңгейдегі ресми
құжат. Осы құжатты ары қарай жетілдіріп, халықаралық деңгейде қолдану
мәселелеріне бухгалтерлік кәсіп өкілдері, қаржылық қорытынды есеп
жасаушылар мен мұның мәліметтерін пайдаланушы кәсіби мамандар, сондай-ақ
қоғамдық ұйымдар тартылған. Кейінгі жылдары экономикасы дамыған көптеген
елдер назары бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық деңгейде бір ізге салу
мәселелеріне аударылып келеді.
Мұның өзі нарықтық қатынастар өрісіндегі халықаралық экономикалық
одақтардың тұрақты бағытта қызмет атқаруына байланысты қаралған. Алайда әр
елдер өз қалауымен зерделуіне байланысты халықаралық стандарт жүйесін
қабылдаудың жолдарын таңдап алу мүмкіндігі болады. Бухгалтерлік қорытынды
есеп экономикалық ақпараттар қалыптастырудағы бірден-бір сенімді ақпарат
дайындаушы процесс екендігіне байланысты жалпы есеп ережелері мен
әдістерінің қолданылынуы барлық елдерде бірдей мазмұнда қалыптасатындығын
естен шығармау керек.
Әр елдің бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері әр түрлі жағдайда және
әр түрлі мақсатқа сай ұйымдастырылатынына, сонымен қатар есеп ақпараттарын
пайдаланушы топтар мүддесін қанағатттандыруға байланысты ерекшеліктер
болатындығын барлық бухгалтерлер білуі керек. Сондықтан іске асырылатын
мақсаттардың әр түрлі жағдайда орындалуы әр елдерде әр түрлі мазмұнда
қалыптасады. Есеп ақпараттарын пайдаланушылар үшін көптеген белгісіздік
факторлар да болуы мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты есеп ақпараттарын
пайдаланушы жақтар сенімді тұрғыда қанағаттануын қамтамасыз етудің жақсы
бағыты үздіксіз зерделеніп отыруы керек. Бұл үшін ресурстардың тиімді
орналасуы, табыс алу мен бұларды жұмсауға байланысты факторлар, қандай
шығындардың бәсекелестік процеспен байланыста болатындығы, бірлескен
ұтымдылықтың қалыптасуы, т.с.с. сұрақтарға байланысты мәселелер толығымен
шешілуі керек. Сондықтан, біздің пайымдауымызша халықаралық стандарттар
жүйесін еліміздің есеп тәжірибесіне қолданудың көптеген мәселелері әлі де
болса өз шешімін таппай отыр. Сондықтан бухгалтерлік есеп стандарттарын
қолдану мен ретке келтіру жақтарындағы көптеген мәселелер қосымша зерттеуді
қажет етеді.
Халықаралық бухгалтерлік есеп принциптерін негізге алып жасаған
ақпараттар жүйесі потенциалды пайдаланушылардың жекелеген сұранысын
қанағаттандыруға және ішкі есеп жасаудың біртұтастығын қамтамасыз етуге
бейімделініп қалыптасуы керек.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары қаржылық есептің негізін құраушы
халықаралық деңгейдегі ресми құжаттар мазмұнында қаралған. Әр түрлі
елдердің есеп жүйесіндегі есеп фактілері мен қаржылық ақпараттары
бірегейлік ұқсастықты қамтамасыз ете отырып, сыртқа (эспорт) немесе сырттан
(импортқа) қалыптасуы мүмкін.
Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы әлемдік тәжірибені
зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің
географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел
компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы
есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке
алу тәжірибесі түрлі елдерде әралуан, бірақ та оның бастауы ортақ және
философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе
енгізу мақсатында бюджеттік мекемелердегі есептің және аудиттің маңызды
ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды.
Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ХҚЕС және ХАС қолданудың әлемдік
тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа
санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс
бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Осылайша, бүгінгі күні қаржы жүйесінде бухгалтерлік есепті реформалау
қаржылық есептілікте жасалған, талданатын ақпараттың шынайылығын,
дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа,
бухгалтерлік есептегі жаңалық экономиканың айқындығына және ашықтығына
жеткізіп, қазірдің өзінде уақыт талабына айналды. Экономиканың ашықтығы
туралы жалпы ішкі өнімдегі экспорттың үлесі немесе басқа статистикалық
қатынастар бойынша сөз етіп қана қоймайды, сол сияқты осы экономиканың
деректері барлығына қаншалықты қолжетімді, оны кімдердің қажетсінетіндері
және осы деректердің сапасының соншалықты жоғары екендігі бойынша да сөз
етеді.
Мемлекеттік мекемелердегі қаржылық есеп беруді бақылау ерекшелігіне
келетін болсақ, мемлекеттік мекемелердегі есеп беруді бақылау сұрақтары
мыналар, есеп беру және бухгалтерлік есеп жағдайы, бухгалтерлік кұжат
айналымылың, алғашқы есептеу және есеп берудің дұрыс ұйымдастырылуы,
бақылау объектісі қаржылық есептемені толық, накты, негізделген және өз
уақытында құру мен ұсыну, жинақтау ведомосі-мемориалды ордердің жасалған
операция есебіне алынған мәліметтердің нақтылығы болып табылады.

Мемлекеттік мекемелерде қаржылық есеп беруіне бақылау жүргізгенде
бұрын тексерілген материалдар бойынша жойылған бұзушылықты тексеру қажет.
Мемлекеттік қаржылық бықылау мемлекетің қаржылық ресурстарын басқару
жүйесінің бағалау блогы болып табылады және жалпы қаржылық ресурстарды,
оның ішінде бюджеттік ресурстарды жоспарлау мен пайдалану құралдарының
механизмін жетілдіру бойынша ұсынымдармен ұсыныстарды негіздеуге мүмкіндік
береді. Мемлекеттік бақылау жүйесі және бақылау бойынша мемлекеттік
органдар жүйесі деген түсініктер жиі теңестіріледі. Алайда олар бір
жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ олардың мазмұны мен құрылымы
елеулі ерекшеленеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылау осы жүйенің негізін құрайды, өйткені
экономиканы басқарудың негізгі элементтерінің бірі болып саналады. Кез-
келген мемлекетте бюджеттік, қаржылық ресурстарды бақылау, мемлекет
қазынасына қаржылардың толық және уақытылы түсуін бақылау - объективті
процесс. Мемлекеттік органдар - республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп ұйымы, қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алулар ұйымы,
салық ұйымы және тағы да басқалары қондырма болып табылады, оларды
таратуға, біріктіруге болады [4,11б].
Қаржылық бақылау механизмі - бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру
Бюджеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын орындау бойынша қаржылық бақылаудың мақсаты мен міндеттері
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жөнінде
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жүргізу жолдарын зерттеу, есептің ұйымға тигізетін әсерін анықтау және оның есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АУДИТТІ ЖҮРГІЗУДІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізу
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының тұжырымдамасы
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау
Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық
Пәндер