Корпорациялар қаржысының мазмұны және оларды ұйымдастыру



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГIЗГI БӨЛIМ
I КОРПОРАЦИЯ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ КОНЦЕПЦИЯСЫ МЕН САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Қаржы экономикалық категория ретiнде және оның қызметтерi ... .5
1.2 Корпорация қаржысы: мазмұны мен қызметтерi ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Корпорацияның қаржылық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
II КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Корпорация қаржысын тиiмдi ұйымдастырудың қағидалары ... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру әне бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын “Корпорациялар қаржысының мазмұны және оларды ұйымдастыру” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi осы аталған қаржы ресурстарын қалыптастыруда және осы қаржыларды нақты өндiрiске қосуда корпорациялардың қаржысының орны ерекше болып табылады. Корпорация қаржысын пайдалануды және корпорацияға қаржы тартуды тиiмдi ұйымдастыру арқылы жалпы экономикалық тиiмдi өндiрiс процесiн қалыптастыруға болады.
1. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
2. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
3. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2000 г.
4. Мейiрбеков А.Қ., Әлiмбетова Қ.Ә. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
5. Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. – Москва, 2000г.
6. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
7. Дробазина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – Москва: Приор, 2000. –527с.
8. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
9. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы. – Алматы, Мерей, 2000.- 154 бет.
10. Финансы Республики Казахстан. Статистический ежегодник. Алматы, 2004.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

НЕГIЗГI БӨЛIМ
I КОРПОРАЦИЯ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ КОНЦЕПЦИЯСЫ МЕН САЯСАТЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1. Қаржы экономикалық категория ретiнде және оның қызметтерi ... .5
2. Корпорация қаржысы: мазмұны мен қызметтерi
... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. Корпорацияның қаржылық саясаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

II КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..

2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8
2.2 Корпорация қаржысын тиiмдi ұйымдастырудың қағидалары ... ... .23

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

КIРIСПЕ

Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың
құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда
қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет
етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және
әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай
қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және
пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-
ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен
туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау
арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына
деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру әне бұл ресурстардың жұмсалуына
бақылау жасау.
Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын “Корпорациялар қаржысының
мазмұны және оларды ұйымдастыру” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi осы
аталған қаржы ресурстарын қалыптастыруда және осы қаржыларды нақты
өндiрiске қосуда корпорациялардың қаржысының орны ерекше болып табылады.
Корпорация қаржысын пайдалануды және корпорацияға қаржы тартуды тиiмдi
ұйымдастыру арқылы жалпы экономикалық тиiмдi өндiрiс процесiн
қалыптастыруға болады.
Жалпы түрде корпорациялардың қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет
көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен
байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Корпорацияның қаржы саясаты қаржылары стратегиялық және тактикалық
мiндеттердi мақсатты түрде iске асыруға бағытталады. Мысалы, рыноктағы
корпорация тауарының өтiмдiлiгiн көбейту немесе сұранысты өсiру активтер
мен меншiк капиталдарының пайдалылығы мен рентабельдiлiгiн арттыру,
баланстық төлем қабiлетiн және өнiмдiлiiгн сақтау, акционерлер жағдайын
жақсарту және инвестициялық климатты жақсарту болып табылады.
Мен осы тақырыпты орындау барысында келесi мiндеттердi ескерудi жөн
көрдiм:
• Қаржы экономикалық категория ретiнде оның мәнi мен қызметтерiн
анықтау;
• Корпорация қаржысының жалпы қалыптасу негiзiн және оның құрылымы
туралы хабардар болу;
• Корпорация қаржысының экономика дамуындағы негiзгi қызметтерiн атап
өту;
• Корпорациялардың қаржылық саясаттарының бағыттарын айқындау;
• Корпорацияның қаржылық жағдайын талдау мен олардың қаржысының тиiмдi
ұйымдастырылу қағидаларына тоқталып өту.

I КОРПОРАЦИЯ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ КОНЦЕПЦИЯСЫ МЕН САЯСАТЫ

1. Қаржы экономикалық категория ретiнде және оның қызметтерi

“Қаржы” (қолма-қол ақша, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы
латын тiлiнiң financia сөзiнген пайда болған француздың қоғамда нақты өмiр
сүретiн, объективтiк сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк
қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория
ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде қаржы белгiлi орын алады
және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешелiк
ролiмен айшықталады.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және
әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай
қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және
пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады. Басқаша айтқанда,
қозғалысы ерекше қорлар арқылы жүрiп отыратын ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары бұл:
• Мемлекет пен заңды және жеке тұлғалардың арасында;
• Физикалық және заңды тұлғалардың арасында;
• Заңды тұлғалар арасындағы;
• Жеке мемлекеттер аарсындағы қатынастар.
Осы қатынастар жүйесi қаржы жүйесi деп аталады. Қаржы жүйесiнiң
буындары: әр дережедегi бюджеттерден, әлеуметттiк, мүлiктiк және жеке
адамды сақтандыру қорлары, мемлекеттiң валюта резервтерi, кәсiпорындардың
фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша
қорлары.
Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгещелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы
өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының
маңызды белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың гысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi.
Ақша қаржының қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып
табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде
және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта
бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк
сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып
табылады.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның
маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде,
қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған
мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында,
өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
Сөйтiп, қаржының қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық
категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға
мүмкiндiк бередi, әрi қаржының өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi.
Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән
белгiлердi иемдене алмайды.
Қаржының қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының
болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты
арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген
қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру әне бұл ресурстардың жұмсалуына
бақылау жасау.
Экономикада қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық
жағдайға ықпал етудiң кең мүмкiндiктерiн пайдалана алмаса, мемлекет өзiнiң
iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзiнiң әлеуметтiк-
экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдiң қауiпсiздiгi функцияларын
қамтамасыз ете алмайды.
Жалпы қаржының экономиканың тиiмдi дамуындағы қажеттiгiн оның
экномиканың барлық салаларында атқаратын негiзгi қызметтерiнен анық көруге
болады. Қаржыға қатысты қызмет осы экономикалық категорияға тән қызметтер
тобын, мәнннiң iс қимылдағы көрiнiсiн бiлдiредi. Қазiргi кезде қаржы
қызметiн сипаттауда бөлгiштiк және ұдайы өндiрiстiк тәрiздi екi
тұжырымдамасы қалыптасып отыр.
Бiрiншi тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндiрiстiң екiншi
стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнiмнiң құнын бөлу процесiнде пайда
болады, қаржының бөлгiштiк сипаты оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiгiн
көрсетедi деп атайды. Осы тұжырымдамаға сәйкес қаржы басты екi қызмет
орындайды: бөлу және бақылау.
Қаржының бөлу қызметi қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнiм мен оның
аса маңызды бөлiгi – ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бiр бөлiгiн
бөлу және қайта бөлу процесiнде пайдаланылады дегендi көздейдi.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға
байланысты болатын қаржының бақылау қызметi аталған екi тұжырымдамағада
сәйкес келедi. Бұл қызмет жалпы iшкi өнiмдi тиiстi қорларға бөлуге және
оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрiнедi. Қаржының
бақылау қызметiнiң экономикалық мағынасы кәсiпорынның шаруашылық қаржы
қызметiне теңгемен бақылау жүргiзу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша
ресурстарын өнiмсiз әрi тиiмсiз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен
бiрге кәсiпорындарда өндiрiс рентабелдiлiгiн арттырудың резервтерiн ашуға,
өндiрiстiук емес шығындарды болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Екiншi ұдайы өндiрiстiк тұжырымдаманы жақтаушылар қаржының
экономикадағы келесi үш қызметiн көрсетедi:
1. Ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
2. Ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
3. Бақылау қызметi.
Мемлекет және кәсiпорындар өзiнiң иелiгiне материалдық өндiрiс
сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнiм және өзiндiк өнiм құнының бiр
бөлiгiн алып немесе тартып отырады. Бұл процесс қаржының қызметi ақша
қорларын жасау арқылы жүзеге асады.
Осы жиналған немесе тартылған ақша қорларын экономикада орынды жұмсау
қаржының екiншi қызметi ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану арқылы
жүзеге асырылады. Әрине жоғарыда аталған қызметтердiң барлығы бiр-бiрiмен
тығыз байланысты және олардың қызметтерi бiр-бiрiнсiз жүзеге аспайтын
белгiлi бiр экономикалық жүйе болып табылады.

1.2 Корпорация қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары

Корпорация қаржысы – бiрыңғай қаржы жүйесiнiң құрамды бөлiгi және
айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлiгiн құрайды,
материалдық және материалдық емес игiлiктер жасалатын және елдiң қаржы
ресурстарының негiзгi бөлiгi қалыптасатын қоғамдық өндiрiстiң басты буынана
қызмет көрсетедi. Олардың қаржысының болуы жалпы мемлекеттiң қаржысы
сияқты, тауар ақша қатынастарының өмiр сүруiмен жәнеэкономикалық заңдардың
iс-әрекетiмен байланысты.
Корпорациялардың немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржысы
ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндiрiс процесiнiң негiзгi жақтарын
бiлдiредi және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға
септiгiн тигiзедi. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрi дамыту үшiн қажеттi
ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшiн қолданылады.
Мұндай тиiмдi даму ұлттық шаруашылқты асқару жүйесiнiң маңызды экономикалық
құралы, экономикалық қайта құрудың қуатты құрамы болып табылатын
корпорациялардың берiк әрi жақсы қалыптасқан және ұтымды ұйымдастырылған
қаржыларынсыз мүмкiн емес.
Корпорациялық қаржы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау
функцияларын орындайды. Корпорацияның бөлгiштiк функциясының ерекшелiгi
қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесiнде өндiрiлген өнiмнiң
құны белгiленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелерi,
амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшiн пайыз) негiзiнде
бөлiнетiндiгiнде болып отыр, мұның өзi қаржының ұдайы өндiрiс процесiнде
құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен
қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негiздеп бөлу қаржының ұдайы өндiрiстiк
қосалқы функциясын да iске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу -
өндiру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс
кәсiпорындардың өнiм өткiзуден түсiм-ақша алуы және оны өндiрiстiң
жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға ұмтылады.
Корпорация қаржысы сонымен бiрге бөлгiштiк функция шеңберiнде ұдайы
өндiрiстiк функцияны орындайды. Оның мазмұны жай және ұдайы өндiрiс кезiнде
материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесiнде олардың
қозғалысы арасындағы сәйкестiктi қамтамасыз ету болып табылады. Бұл үшiн
кәсiпорындар өнiм өндiру мен оны өткiзудiң жоспарары, болжамдары мен
ниеттерi негiзiнде уақыттың белгiлi бiр мерзiмiне кiрiстер мен шығыстардың
көлемiн жасайтын,и шығыстардың шамаланған меншiктi қаржы ресурстары, басқа
ұйымдар мен өз қызметкерлерiнiң уақытша тартылған қаражаттары, банк
несиелерi есебiнен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлiнетiн қаражаттар
есебiнен жабылатынын анықтайды.
Корпорация қаржысының бақылау функциясы кәсiпорын экономикасында
маңызды рөл атқарад: есепсiз және бақылаусыз шаруашылық жүргiзуге болмайды.
Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бiрге экономиканы басқару, өндiрiстiң
өсуiн ынталандыру және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажеттi
бақылауды қамтамасыз ету процесiнде маңызды рөл атқарады. Қаржыармен
бақылау тек қана корпорацияларда ғана емес, сонымен қатар осы қаржылардың
жоғарғы қаржы-несие ұйымдарымен жүзеге асырылады. Корпорациялардың
экономикалық қызметiнiң сферасындағы өндiрiстiк қатынастардың ерекшелiктерi
таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен тоқайласуы, олардың
өндiрiстiк капиталдардың ауыспалы айналымымен өте тығыз байланысты.
Корпорациялардың қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың
шаруашылық қызметi процесiнде басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен
болатын мынадай топтарға iрiлендiрiлген ақша қатанастарына саяды:
• Басқа да әр түрлi кәсiпорындамен және ұйымдармен (олар: өнiм
өткiзуден түсiм ақша алу, өткiзуден тыс табыстар, материалдық
шығындарды өтеу, бағалы қағаздарды өткiзу, басқа кәсiпорындардың
акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау және т.б.);
• Өзiнiң еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбеккке ақы төлеудi, сыйлық
қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қоры, қызметкерлердiң
қаражатарын тартуды) ортақтастырады;
• Өз iшiндегi бөлiмдермен олардың арасында қаржы ресурстарын тиiмдi
бөлумен;
• Мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бджеттен қаржыландыру кезiнде ,
мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алған кезде валюта қорлары мен
ресурстарды қалыптастырады;
• Банктермен (қаржы қатынастарынының бұл тобы банк кредитттерiн алу,
оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша
пайдалануға белгiлi бiр бос ақшаларды беру);
• Сақтаныру органдарымен мүлiктi, қызметкерлердi, коммерциялық және
коммерциялық емес тәуекелдi сақтаныру жөнiнде;
Корпорациялардың қаржысына бiр жағынан жалпы қаржылардың экономикалқы
табиғатымен сипататйтын белгiлер, басқа жағынан қоғамдық өндiрiстiң түрлi
сферасындағы қаржылардың қызмет етеуiне байланысты ерекшелiктер тән.
Осылайша корпорация қаржыларына келесi белгiлер тән:
• Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты
арналымының сан алуандығы;
• Өндiрiстiк құралдардың мiндеттi болуы және оларды қалыптастырумен,
көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы.
• Жоғары белсендiлiк, кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң барлық
жағына әсер ету мүмкiндiгi;
• Коропрациялардың қаржысы бүкiл қаржы жүйесiнiң айқындаушы негiзi болып
табылады.
Сөйтiп, корпорациялардың қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет
көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен
байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Корпорация қаржысын тиiмдi ұйымдастыру кәсiпкерлiк қызметтi
қаржыландыруды және оны несиелеудi жүзеге асырады. Оның басты мақсаты
корпорацияның рыноктық ортада жоғары пайдаға жетуiн және шығындарын
минималдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Рынокта қаржы микродеңгейде мемлекеттiк реттеудiң бiр формадағы
құралы болып табылады, ал қаржылық нақты шешiмдi қабылдауды меншiк иесi
iске асырады. Осыны көбiнесе нақты қаржылық шешiмдер қадбылдап, ол
қаржыларды өндiрiске қосатын корпорация, яғни корпорацияның қаржыгерлерi
болып табылады.

1.3 Корпорацияның қаржылық саясаты

Корпорацияның қаржы саясаты қаржылары стратегиялық және тактикалық
мiндеттердi мақсатты түрде iске асыруға бағытталады. Мысалы, рыноктағы
корпорация тауарының өтiмдiлiгiн көбейту немесе сұранысты өсiру активтер
мен меншiк капиталдарының пайдалылығы мен рентабельдiлiгiн арттыру,
баланстық төлем қабiлетiн және өнiмдiлiiгн сақтау, акционерлер жағдайын
жақсарту және инвестициялық климатты жақсарту болып табылады.
Экономикалық ортаның тұрақсыздығы инвестициялық қарқынды, төлем
қабiлеттiлiгiнiң дағдарысы кезiндегi рыноктағы қызмет етiп отырғанг
корпорациялар өмiр сүрулерiн және банкротқа ұшырамау үшiн тырысып бағады.
Жалпы корпорацияның қаржылық саясатын келесi бағыттарға топтастыруға
болады:
• Корпорацияның қаржылық ағымдарын және айналым капиталдарын тиiмдi
басқару;
• Алдағы кезеңдегi қаржылық ресурстарды қолданудағы негiзгi бағыттарды
анықтау;
• Тәжiрибелiк iс-әрекет көшу, яғни алдыға қойылған мақсатқа жету үшiн
қаржылық зерттеу, қажеттi қаржыларды талдау, корпорацияның нақты
инвестициялық жобаларына және қаржылық активтерiне баға беру.
Осы үш негiзгi бағыт арқылы көрiнiс табатын қаржылық саясат және
стратегиялық мiндеттер келесiлер болып табылады:
• Экономикалық өсудiң қайнар көзi ретiнде пайданы максималдап отыру;
• Капиталдың құнын және құрылымын оптимизациялау, корпорацияның iскерлiк
активтiгiн және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• Меншiк иелерiне (акционерлер, қатысушылар, инвесторлар және
несиелеушiлерге) арнап корпорацияның қаржылық жағдайын анық және нақты
түрде хабардар етiп отыру;
• Корпоративтi бағалы қағаздар эмиссиясы, қаржы лизингi, жобалық
қаржыландырулар көмегiмен капитал өсуiнiң рыноктық механизмiн қолдану;
• Корпорация қызметiнiң алдыға қойған мақсаттарына, рыноктық
экономикадағы және бәсекелiк ортадағы тұрақтылығына, корпорацияның
одан әрi даму болашағына түсу жолдарын қарастыру мақсатында “қаржылық
менеджмент” негiзiнде қаржыларды тиiмдi басқару механизмiн қолдану.
Жалпы қаржы менеджментi қаржыны басқарудың тиiстi элементтерiн –
ақпаратты, жоспарлауды, ұйымдастыруды, реттеудi, бақылауды және бағалауды
iске асырады. Қаржы менджментiн жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның
болуы болып табылады. Бұл орта бағалардың еркiн жүйесi, тауар мен
қызметтердiң рыногымен қатар еңбек, капиталдыр, өндiрiс құрал-жабдықтары
рыногiнiң жұмыс iстеуi, корпорациялардың қызметiн мемлекеттiк реттеудегi
заңнамалық рететудегi кәсiпкерлiк қызметтi коммерциялық есеп негiзiнде
жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Қаржы менеджментi келесi кезеңдердiң дәйектi ауысымы ретiнде
сипаттауға болады:
1. Ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың мiндетiн қою және мақсатын
анықтау;
2. Ақша ағымдарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдiстерiн, тәсiлдерiн
анықтау;
3. Қабылданған шешiм бойынша инвестициялау жөнiндегi шешiмдi бизнес-
жоспар немесе басқа рәсiмдеу түрiндегi iс-әрекеттердiң бағдарламасын
жасау;
4. Жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5. Қаржыны басқаруда бақылау жасау және қажеттi түзетулер енгiзу;
6. Қайта инвестициялаудың мақсаттары үшiн жоба нәтижелерiн талдау және
бағалау.
Қаржы менеджментiнiң маңызды аспектiсi кәсiпорынның қаржыылқ жай-күйiн
талдау болып табылады. Бұл кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын
(рентабельдiлiктi, төлем қабiлетiн, несиелердi өтеу деңгейiн), оның
рыноктағы жағдайын (бәсекеге қабiлеттiлiгiн) сипаттау үшiн қажеттi.
Талдаудағы қажеттi ақпараттар бухгалтерлiк баланста, қаржы шаруашылығы
нәтижелерi туралы есепте (пайда және зияндар туралы есепте), ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады.
Сөйтiп, қаржы менеджментi кәсiпорынның қаржылық қамтамасыз етiлуiн
тактикасы мен стратегиясы ретiнде қаржының тиiмдi iс-әрекет етуiнiң
мақсаттары үшiн оның ағымдарын басқаруға мүмкiндiк бередi. Корпорацияның
қаржы саясатында қаржы менеджментiнiң жалпы мақсатты нұсқамасы –
экономикалық дамудың iшкi және сыртқы факторларын есепке алу негiзiнде
корпорацияның рынокта тең қаржы саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Өз кезегiнде қаржы саясаты ұзақтығына және шешiлетiн мiндеттерiнiң
сипатына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорациялардың қаржысы: мәні мен мазмұны, атқаратын функциялары және қаржы механизмі
Корпорация табыстарын қалыптастыру және пайдалану
Корпоративтік қаржы қызметтері
Корпорация қаржысы
Корпоративтік қаржы ұғымы
Акционерлік қоғамның қаржысы
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері
Мемлекет қаржысын басқару
Акционерлік қоғамдардың қаржысы
Мемлекет қаржысы
Пәндер