Қазақ философиясының даму ерекшеліктері



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
А) Қазақ философиясының даму ерекшелігі
Ә) Көне түркі жазбаларындағы алғы философиялық ойлар
Б) Ақын.жыраулар философиясы
В) Дәтүрлілік пен жаңашылдық философиясы
3. Қорытынды
Қазақ халқының философиялық-қоғамдық ой-пікірлерін зерттеу 20 ғасырдың басынан қолға алына бастады. Еліміз егемендік алып, Қазақстан тәуелсіз және демократиялық мемлекет ретінде дүниежүзіне танылғаннан кейін басқа жұрттың өкілдері қазақ халқы бар екенін мойындап, оның өзіне тән ішкі рухани дүниесіне үңіле бастады.
Бұл рефератта жалпы адамзаттық принциптер басшылыққа алына отырып, қазақ философиясының пайда болуы, қалыптасуы және даму кезеңіндегі өзекті мәселелер жазылған . Қазақстан аумағында пайда болған, дамыған және күрделі мәселелерге толы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі қазақ философиясының тарихынан материалдар орын алды.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба әдебиеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әрқилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Осы рухани мұра жүйксінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап қазіргі замандағы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, моральдық мәселелер мен Адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы т.б. мәселелері болды.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандармен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әртүрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жалпылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар – арнайы реализм, білімнің неізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, хұқтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні мен тағы басқалар еді.
Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа және білімділікке, қазақ халқының прогрессивтік дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталады. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзінше ерекшелігі деп атап айтуға болады.
Қазақ философиялық ойының тағы да бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін, оның бақыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар екенін байқаймыз. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттырды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауыз мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.
1. Өмірәлиев Қ. VIII-XII ғ. Көне түркі әдеби ескерткіштері-1985 - 17-18-б.
2. Өмірәлиев Қ. VIII-XII ғ. Көне түркі әдеби ескерткіштері-1985 - 78-б.
3. Орынбеков М.С. Қазақ философиясына кіріспе ҰҒА хабаршыы-1993-«Қазақ».№3-А.,1994
4. Мағауин М. Ғасырлар бедері – А., 1991 - 48-б.
5. Мағауин М. Ғасырлар бедері – А., 1991 - 69-б.
6. Мағауин М. Ғасырлар бедері – А., 1991 – 77-78-б.
7. Ғабитов Т. Мәдениеттануға кіріспе – А., 1996 – 97-б.
8. Валиханов Ч.Ч. Следы шаманства у киргизов – Собр.соч. в 5т – А., 1985 – С-51.
9. Валиханов Ч.Ч. Следы шаманства у киргизов – Собр.соч. в 5т – А., 1985 – С-71.
10. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ – А., 1988 – 18-б.
11. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылық тұтқасы – 8-б.
12. Құнанбаев А. Шығармаларының бір томдық жинағы – А., 1961 – 48-б.
13. Қасабек А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы – А., 1996 – 9-б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
А) Қазақ философиясының даму ерекшелігі
Ә) Көне түркі жазбаларындағы алғы философиялық ойлар
Б) Ақын-жыраулар философиясы
В) Дәтүрлілік пен жаңашылдық философиясы
3. Қорытынды

К І Р І С П Е

Қазақ халқының философиялық-қоғамдық ой-пікірлерін зерттеу 20
ғасырдың басынан қолға алына бастады. Еліміз егемендік алып, Қазақстан
тәуелсіз және демократиялық мемлекет ретінде дүниежүзіне танылғаннан кейін
басқа жұрттың өкілдері қазақ халқы бар екенін мойындап, оның өзіне тән ішкі
рухани дүниесіне үңіле бастады.
Бұл рефератта жалпы адамзаттық принциптер басшылыққа алына отырып,
қазақ философиясының пайда болуы, қалыптасуы және даму кезеңіндегі өзекті
мәселелер жазылған . Қазақстан аумағында пайда болған, дамыған және күрделі
мәселелерге толы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі қазақ
философиясының тарихынан материалдар орын алды.

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде
қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба
әдебиеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді.
Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами
отырып, әрқилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Осы рухани мұра жүйксінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау
элементтерінен бастап қазіргі замандағы толысқан философиялық теориясын
түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның
негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы
түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін,
моральдық мәселелер мен Адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және
күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы т.б. мәселелері болды.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандармен
қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері
өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп,
әртүрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жалпылай даму тенденциясы шеңберінде
қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде философиялық ойлау
жүйесінің құрылымын жасады. Олар – арнайы реализм, білімнің неізгі жақтары
еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік,
имандылық, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, хұқтық саяси және философиялық
жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні мен тағы басқалар еді.
Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа
және білімділікке, қазақ халқының прогрессивтік дамуына кедергі болатын
басқа да кемістіктерге қарсы бағытталады. Бұл да қазақ философиясының
қалыптасуы мен дамуының өзінше ерекшелігі деп атап айтуға болады.
Қазақ философиялық ойының тағы да бір ерекшелігі деп оның шынайы
патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін, оның бақыты, мүддесі және болашағы
үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты
көрсете білуі дер едік.
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын өскелең
талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар
екенін байқаймыз. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық
поэмалар, мақалдар мен мәтелдер адамдарды табиғи және әлеуметтік
құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттырды өз
уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауыз мәдениетінің ескерткіштерін
зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және
дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.
Қазақ философиясының тарихи халық тарихының ең маңызды құрамдас
бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық
ізденістері, бай тарихи мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ
философиясы халқымыздың тарихын Жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және
методологиялық құрал. Ол қлғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз
байланыста. Сондықтан оны зерттеп, үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын,
саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын,
діндарлығын және т.б. пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық
қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен
қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын
тікелей іздеуге атсалысқандығымен, өзінің жемісті жетістіктерімен
ерекшелінеді.
Қазақ философиясының көкейтесті мәселелерінің бірі – философияның
пайда болу проблемасы. Қазіргі уақытқа дейін әлемдік философияның тарихында
осы мәселе талай пікірталас туғызып жүр. Біріншіден, философияның дәл
шыққан мерзімін белгілеу өте қиын. Екіншіден, философия деген ұғымның өзіне
дәл анықтама беруге осы кезге дейін толық қол жеткен жоқ. Үшіншіден, қазақ
философиясына келетін болсақ, жазба түріндегі оның мәселелері классикалық
тұжырымдар арқылы берілген текстері жоқтың қасы.
Қазақ тарихында көп кездесетін рулық генетизм осы қоғамның
әлеуметтік, таптық бөлінуі және ақсүйекті рулар пайда болған кезінде
күшейеді. Соңғылардың қоғамдағы заңды орындары олардың төркіні құдайдан
немесе батыр бабаларынан басталады деп түсіндіріледі. Сөйтіп олардың
әлеуметтік дүниенің қажетті және заңдастырылған бөлшегі ретіндегі қоғамдағы
белсенді ролі бекітілді. Осы рулардан шыққан ойшылдардың әлеуметтік
идеялары қоғамның даму тенденциясын біршама дұрыс бейнелейді. Осыдан келіп
олардың көзқарасы ғана емес, қоғамның тарихи дамуының мүддесіне сай
келгендіктен қоғамдық пікір ретінде қалыптасты. Мысалы: Төле би, Қазыбек
би, Әйтеке би және т.б. осы жүйесі, олардың ақыл-кеңесі айтқан тұжырымдары
осыған дәлел.
Қазіргі әдебиетте философия және қоғамдық ойды бөліп қарамау белең
алып кетті. Әсірісе, қазақ философиясы тарихына арналған 50-80 жылдардағы
зерттеулерде осы көрініс орын алады. Философия тарихы өзінің сапалық
өзгешелігінен айырылып, саяси идеялар тарихы және сол сияқтылар төңірегінде
қалып қойды. Бұған себеп тағы да философияны, оның тарихындұрыс түсінбеуде
дер едік. Қазақ тарихының кеңестік- уақыт параметрінде философиялық
құбылыстарды үш белеске немесе үш кезеңге бөліп қарастыруға болар еді.
Қазіргі замандағы қазақ философиясы. Оның өзіндік тарихи-ғылымын
қазақ философиясының метатарихы деп атаса да болар еді. Бұның бір
ерекшелігі зерттейтін объектісі осы заманның ауқымынан шығып, келешекті,
қазіргіні, өткенді жүйелі түрде рационалды ойлау процесінен өткізіп,
екшеуі, сондықтан өз бойында жаңа типті ойлау процесінен өткізіп, екшеуі,
сондықтан өз бойында жаңа типті ойлау мәнерән, өрнегін таразылау, сақтау
және жаңартуы. Қазақ философиялық ойларының қалыптасу бастаулары
хронологиялық және мәндік жағынан үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең ру құрылысы үстем болып тұрған уақытты және соған
сәйкес келетін алғы философиялық сананы қамтиды.
Екінші кезең 20 ғасырдың басына дейінгі ойшылдардың ілімі, мұрасы
мен еңбектері. Оларда саналы түрде айтылған, жазылған ғылымға дейінгі және
теориялық пайымдаулары орын тепкен әртүрлі бағыттағы көзқарастар. Бұларды
қалыптасқан пікірлерді ескере отырып нағыз философиялық концепциялар деп
атауға болады. Себебі ойшылдардың дүниеге көзқарастары олардың өздерінің
ерекшеліктері арқылы әрқилы бағыттарға, жолдарға, қисындарға іштей бөлініп
жатыр. Негізгі көксеген мақсатары әрқлы әллеуметтік топтпрдың мүдделерін
жоқтау, жақтау, көздеу немесе жою.
Үшінші кезең – 20 ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ
философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай
қалған шыңдары, жіберілген методологиялық, теориялық және концептуалды
қателері. Талдауға жататын мәселелердің бастылары – қазақ қоғамының
экономикалық , саяси және рухани өміріндегі негізгі философиялық мәселелер.
Сонымен бірге жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылым – қазақ философиясының
тарихын қай тұрғыдан, қай теориялық деңгейден зерттеуіміз керек деген
проблема қазіргі кезеңде өте үлкен орын алып отыр.
Қазақ философиясының даму тарихында қалыптасқан, басқа ұлттар
философиясынан олардың ішінде өнеге тұратындарынан өзгеше ерекшеліктері
бар. Олардың негізінде қазақ халқының әлеуметтік тарихының, оның өзіне тән
қилы-қилы, бұлталаң дамуының нәтижесі жатыр.
Қазақ философиясы – қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі
бөлігі және заңды жалғасы. Қазақ философиясы әлемдік философияның да бір
бөлігі. Философия тарихына шынайы көзқарас қазіргі кезде оның құрамында
әлеуметтік кеңістік жағдайын ескерсек үш түрлі компоненттер бар екенін
көрсетеді. Олар – ұлттық философия, аймақтық философия және әлемдік
философия.
Халықтың қоғамдық санасының даму процесінде философиялық дәстүрлер
қалыптасып, күшейе түседі. Қазақтың әлеуметтік дамуының ерекшеліктері,
тарихи өзгешеліктеріне қарамастан қазақ философиясы тарихында оның әр
кезеңдегі сатысында өзінше дамып отырған философиялық ойлардың ішкі
байланысы бар екенін және олар бірін-бірі заңды түрде алмастырып отырғанын
анықтауға болады. Ұлы Абай айтқандай, Адам бол! идеясы бұрынғы
фольклордан бастап осы заманғы қазақ философиясына тән ортақ және ұдайы
дамып келе жатқан идея.
Әл-Фараби философиясында анық көрсетілгедей, қазақ философиясы
әрқашан нақты адам қоғамына, бақытқа, теңдікке жету жолдарын қарастыруға
бет бұрған.
Осы ретте қазақ философиясы тарихында көп рет кездесетін әлеуметтік
утопизм туралы да айтпасқа болмайды. Жалпы әлеуметтік утопизм дегеніміз –
бұл жеке және қоғамдық сананың сыңаржақ-ойлау тәсілдерімен образ-концепция
құруы арқылы жаңа түрдегі әлеуметтік ілім жасауға ұмтылуы. Ақын-жырау,
билер мен көсемдер, ағартушылар мен философтардың көпшілігіне тән бұл
құбылыстың негізгі гносенологиялық айшығы саналылық пен санасыздық, эмоция
мен таза ойлау, төменгі дәрежедегі білімсіздік пен қалыптасқан білім
дәрежесінің шекараларын ажырата білмеу, оларды жеке-жеке абсолюттеу деп
ойлаймыз. Оған қоса утопизмге тән тағы бір айшық – ол ойлау дәрежесінің
төменгі сатыда ғана ажыратылуы. Осыдан барып әрбір жеке утопист-ойшылдарға
тән мынадай идея туса керек: ойлау жүйесі жеке дара ойшылдың өз қабілетімен
жасалған сыртқы дүниенің бейнесі.
20 ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті
қайраткерлері А.Байтұрсынов, А.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқай
және басқалары өмірдің объективті жағдайларын өзгертуде күшпен емес, сананы
сол процеске еңгізу арқылы өзгерту кекрек деп уағыздады. Олардың негізгі
идеялары – бостандық, тәуелсіздік, колониялық езгіден құтылу жолдары және
қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа жақындастыру болды. Осы идеяларды
негізге ала отырып, қазіргі Қазақстан, оның халықтары, ең алдымен қазақтар
өркениетті ел, егеменді мемлекет құрып, дамыған қоғамдастықтың терезесі тең
мүшесі болуды мұрат етуде.

КӨНЕ ТҮРКІ ЖАзБАЛАРЫНДАҒЫ АЛҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАР

Ашина (Көкбөрі) ұрпақтары алтыншы ғасырда халықтың басқару ісі
ақсақалдар алқасының (кейінгі Қазақ халқында – билер алқасы мен хан кеңесі)
құзырында болды. Ал хан жарлығын атқарушылық міндеті үлкенді-кішілі
лауазымдар иесіне жүктеледі. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен – хандық
билік, әскери демократия арқылы жүзеге асырылған. Халықтың құқықтық
санасының әрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан
тұратын, Тәуке ханның Жеті жарғысы деген атаққа ие болған.
Сегізінші ғасырдың басында жазылған аталмыш жәдігерліктер стилі он
төртінші ғасырға дейін жеткен. Мұндай жәдігерліктер қатарына Қорқыт ата
кітабы мен Оғызнаманы да жатқызуға болады. Олардың өзара стилдік
айырмашылықтары болғанымен, оқиға желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық
арқаулары өте ұқсас.
Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын Тәңіршілдік
көктей етеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы, көне
түркілердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдамауға болады:
Жоғарыда Көк Тәңірі, төменде Қара Жер жаралғанда, екі арасында кісі оғлы
жаралған екен. Олардың үстінен қарайтындар Тәңірден болған, яғни
қағандық үстемдікке ие болатындар Бумын, Істеми, Білге қағандар еді.
Аспанның, жердің, тау-ойпатының керағар ұғымдар, диалектикалық қарама-
қарсылықтардың бірлігі екендігін көне түркілер үстірт болса да пайымдай
алды ма? Әрине, алайда мұндай көқарас аңғалдық пен көмескі топшылаудан ада
емес еді. Оның үстіне, Тәңіршілдік – анемизм мен төтемдік көзқарастар үстем
болды. Соңғысына қарамай, Аспан мен Қара Жер аралығындағы ғұмыр кешкен
адамзаттың екі топқа бөлінуі де адамдардың қарама-қарсы жаратушының
қайсысына жақын екендігі туралы әпсаналарымен тығыз байланысты
болғандығын көруге болады. (1)
Сатқын бектердің сөзіне еріп, азаттықты қастерлемей, кіріптарлыққа
еркімен кірген будун тәңірінің қаһарына ұшырады, - дейді Тонікөк. кейіннен
ел басын біріктіріп, қағандық құрып, талай жеңістерге жету ісі де Тәңірден
қолдау таппаса, жүзеге аспас. Алты мыңдық оғыз әскерімен кездескенде
Тонікөк әскері 2 мың ғана екен. Тәңірі, Ұмай,Ұйық жер-су жер берді емес
пе? Неге қашамыз? Көп екен деп неге қорқамыз...неге басылып қаламыз...тиелік! –
дедім дейді Тоныкөк. – Тидік. Бытыраттық. Екінші күні келдік. Отша қызып
келді. Соғысты. Жаудың бізден екі-үш сыңары артық еді. Тәңірі жарылқағаны
үшін, көп екен деп біз қорқытпады., соғыстық.
Орхон Енисей жазбалары, Қорқыт Ата кітабы, Оғызнама
жәдігерліктерінде тотемдік, анамистік көқарастар сілемдері
сақталғандығымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны
оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда
баяндалатынын ақ пайымдауға болады. Алайда тотемдік Көкбөрі барлық аталмыш
жәдігерліктерде орын алып отырады. Ол бірте әскерге қолбасшы болса,
Оғызнама бірде заузат ретінде дәріптеледі. Сонымен қатар анимистік
көзқарастардың да бой көрсетіп қалатынын байқаймыз.
Сапа санаты қасиет ұғымына алып келеді. Ол пәннің басқа заттар мен
шындық деген қатынастарынан туындайды. Қасиет сананың потенциалды
мүмкінділігі болып табылады. Ғұндардың сөзі заттар мен тіршілік иелеріне
сапа тұрғысынан қарады. Мейлінше күшті күтім тілемейтін, алыс жорықтарға
төзімді асыл тұқымды жылқыларды өсіргенді дұрыс көреді. Тайпа көсемін оның
сапалық қасиеттерін салмақтай отырып сайлады. Оның қасиеттері неғұрлым
күштілігімен, айлалы, көргендігімен бағаланды. Күштілері айлалы және
дәмдіні жейді, қартайғандары солардың қалдықтарымен тамақтанады. Жастар мен
мықтылары сыйлы, ал кәрілер мен әлсіздер керісінше. Мұндай теңсіздік
сапалардың сандық өлшеуінің қажеттілігін туғызады. Бұл диалектиканың келесі
санаты ретінде сан ұғымын тудырды. Айталық: Үйсіндерде жылқы көп, олардың
ең бай адамдары төрт-бес мың жылқы иеленді. Демек, малшылықтың дамуы
сандық айқындылықты дүниеге әкелді. Санның онтологиялық мінездемесі –
кеңістік пен уақыт. (2)
Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық
көшжолдарының белгілі бір күн мен айға байланысты басып өтілуін
белгілеуімен кеңістік ұғымы басталды. Көш жер, сондай-ақ қозы көш, т.б.
қашықтық мөлшері белгіленді. Кеңістік бет-бағдары ежелгі қазақтар есігінің
шығысқа бығытталуымен еркшелінетін. Ғұндар жайлы былай делінген: Шаньюй
ертемен қосынан күнге табыну үшін, кешке айға табыну үшін шығады. Ол сол
жаққа – бетін солтүстікке беріп отырады. Ғұндардан қалған бұл дәстүр
түріктерге ауысты. Бұл ғұндардың алғашқы түріктер екендігі жайла болжамды
қуаттайды. Киіз үйлерінің есігі әрқашан оңтүстікке ашылған монғолдардан
айырмашылығы осында. Бір қызық жайт, Монғолия қазақтарының киіз үйінің
есігі осы жердің тұрғындарынікіндей оңтүстікке қарайды. Таным бағдарында
шығысты құрмет тұтушылық көне тас балбалдарынан да көрінеді. Түріктердің
ежелгі молаларының барлығының беті шығысқа бағытталған. Тіптен, көне түрік
тілінде шығыс - алдыңғы жақ, батыс – арқа бет, ал оңтүстік – оң, солтүстік
сол жақ болып саналады.
Күлтегін ескерткішінде былай делінеді: Ілгері – күншығысқа, оңға –
түстікке, кейін – батысқа, солға - терістікке. Әйткенмен, көшпелілердің
дамуымен бағдар өз мәнін жоғалта бастайды. Егер есік пен түңліктің шығысқа
бағытталуы күннің алғашқы сәулелерін сезінуге мүмкіндік берсе, ал бұдан
кейін күн сәлесінің шаңырақ бойлай жылжуы және уықтар ерекше бір уақыт
өлшеуші сағат ретінде қызмет атқарады. Ал бұл кеңістікке орналасудың қатаң
тәртібін бекітті.
Қазақтар күні бүгінге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінгі
уақытты беске бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. Осы дәстүр Сырдария
бойында туған Заратуштра діні арқылы иудаизмге ауысты, одан ислам дініндегі
бес уақыт намаздың орнығуына себепші болды. (3)
А. Тарақтының материалдарында көрсетілгендей, қазақтар әрбір
маусымды өз ішінде үшке бөледі: қоңыр күз, Сары ала күз, қара күз немесе
қыстың басы, қыстың ортасы, қыстың аяғы, т.б. Осынау өмір салтының өзегінен
бір жылды он екі айға бөлетін таным-түсініктің бастау-тегі аңғарылады.
Көшпелілер мәдениеті өзінің 3 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен
Қиыр Шығыс елдерінде қарағанда шығармашылық эволюцияны бастан өткерді.
Қазақ халқының алғы философиялық дүниетанымының қалыптасуына
мифологиялық ертегілері, хайуанаттар жайындағы ертегілері, реалистік
ертегілерінің де әсері өте үлкен болды. Бұл ертегілер өте ерте замандарда
адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кездерден туған. Мұндай
мифологиялық наным-сенімдер және оның тарихы үнді, қытай, грек, араб
елдерінде көбірек сақталған. Ал қазақ мифологиялық әпсана ертегілері
кейінірек дүниеге келген болса керек. Бірақ қазақ аңыз-ертегілерінің ой
туғызар дүниетанымдық тұстары – олардың адамды бірінші орынға қоя білуінде.
Жалпы айтар болсақ көне шығыс пен алғы түрік мәдениетінен нәр алған қазақ
аңыз-ертегілерінің көшпелілер рухани болмысымен біте қайнасқан ауыз
әдебиеті, фольклор, эпостық жырлар, сал-серілер, ақын жыраулар
шығармашылығы, халық даналығының, қазақ философиясының қайнар көзі, алғы
бастау болды деп айта аламыз.

АКЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ

Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы, философиялық ойлары төл
философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады.
Олардың шығармаларынан дәстүрлі филсофиялық тарихи сабақтастық
принциптері анық байқалады. Әсіресе, қазақ поэзиясындағы философиялық
бағыттың негізін салушылардың бірі — Шалкиіз жырау Тіленшіұлының
(1465—1560) шығарма-шылығы, философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері
ерекше. Ел аузынан жазылып алынған тарихи әңгімелерге қарағанда, Шалкиіз
Батыс Қазақстанда, Ноғайлының ұлы биі Мүсаның қызынан туыпты. Әкесі Тіленші
— қазақ арасындағы көп шон-жардың бірі болса керек.
Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшелігі — ондағы фи-лософиялық
толғаныстардың молдыгы. Көркем шығарма қашан-да сол заманның, сол кездің ой-
өресімен салыстырыла бағаланбақ. Шалкиіздің философиялық ойлары үзақ
толғанып, өз заманын нәзік түсіне білуінің жемісі. Бұл ерекшеліктер жырау-
дың шалқар даналықтың, терең ақылдың иесі болғандығын көрсетеді. Осыдан
келіп, біздер Шалкиіз ойларының, шығар-маларының өміршеңцігін, арада төрт
жарым ғасырдай өтсе де, ұрпақ жадында үмытылмас сақталуының сырын үғамыз.
Белгілі ғалым әрі жазушы Мұхтар Мағауин: Шалкиіз новатор еді, —
дейді. — Ол қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Бұл
тұрғыдан алғанда, Шалкиізді қазақтың барлық жырауының атасы деуге болады.
Өзінің философиялық-афористік — толғауларында Шалкиіз ойлылықтың, көр-
кемдіктің шыңына шықты. Қиыннан қиыстыру, нақтылык, ықшамдылық, ойнақылық,
сонымен қатар терендік — Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі. Бұл жағынан
алғанда, қазақ жырау-ларының ешқайсысы да онымен теңесе алмайды. Қазақ
ақын-жырауларының шығармалары, негізінен, көшпелілер болмысы, атақоныс,
адам, сол кездегі әлеуметтік жағ-дайларға, батырлық, көркемдік,
адамгершілік өмір мәселелеріне байланысты болып келді.
Осы тұрғыдан алғанда, Шалкиіз шығармашылығында бір қалыпқа түскен
философиялық көзқарас жоқ. Бұл Шалкиіз шығармаларының біздерге дейінгі
ұрпаққа толық жетпеуі себепті болар деп ойлаймыз. Дегенмен, қолда бар
толғаулардың өзі адам, қоғам, өмір, табиғат жайында терең түсініктер
береді.
Дүниеде түрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ дейді жырау. Өмір қысқа
екен, бұл жалған басы жүмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек, осы аз
ғүмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп, думандатып өткізу керек деп,
жырау өмір мен өлім мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды.
Жырау өмірдің бар қызығы, бақыты, қуанышы о дүниеде емес, адамның бар
бақыты бұл дүниеде екендігін айтып өтеді.
Шалкиіз жырау Көп түкірсе — көл деп, елді ұйымшылдыққа, бірлікке
шақырады. Оның пікірінше, көптің, елдің қолы-нан бәрі келеді. Ол жауға
айбар, елге қорған дейді. Сондықтан да Шалкиіз жырау: Жалғыздың тартағүғын
жоғы жоғалса — табылмас, рулының оғы қалса — табылар, Жағаға дүшпан қолы
тимеске — артында туысқанның көбі игі, Белуардан саз кешсең, тобығыңнан
келтірмейтін, қамалаған қалың туғанның аркасы, — деп, ағайыннын,
туғаннын көп болғанын қалайды. Шалкиіз жырау жамандық пен жақсылық жөнінде
де айта келіп, Көрінгеннің бәрі бірдей емес, Қырға шықпас жаман-ның
барынан да жоғы жақсы, — деп, адам бойынан үлкен адамгершілік, игілік,
терендік іздейді.
Жауынды күні көп жүрме. Жар жағасы тайғақты.
Жаманға жақыным деп сыр айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақты!
Қорыта айтқанда, Шалкиіз мүралары бізге әлі толық жетпегенмен, оның
рухани мүрасы өте бай. Онын өз өнері, дүниеге деген көзқарасы төл ойлау
мәдениетіміздің қалыптасуына, сөз жок, айтарлықтай ықпал етті.
ІПалкиізден кейінгі алып жыраулардың бірі — Ақтамберді жырау Сарыұлы
(1675—1768 жж.). Халидидің айтуынша, Ақтамберді — ойраттармен күрес
дәуірінде қазақ қолының ба-сында жүрген ауқатты ерлердің бірі. Ақтамберді
шығармалары нақыл сөздерге, афоризмдік толғауларға толы. Қазақ халқы-ның
болмысы, тіршілік-тынысы, ерекшеліктері, сол кездегі та-рихи оқиғалар оның
толғауларынан ерекше айқын көрінеді.
Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру, ата намысы емес, иісі кдзақ-ұтың
намысын куады, елді ерлікке, бірлікке шақырады.
Ақтамберді жыраудың айтуынша, қазақ үшін байлық — малда. Ол Алғидың
құба жонына сыймас ақтылы қой, көлге түссе, көз жетпес көк алалы көп
жылқы, боздаған даусы күй болып төгілетін сансыз түйе жайлы армандайды,
елдің төрт құбыласы тең, үлкен байлыққа кенелуін қалайды. Қазақтар үшін мал
асылы жылқы екені белгілі. Жылқының көшпелілер өмі-ріндегі алатын орны
жайлы Ақтамберді жыраудай толғаған қазақ ақыны жоқ. Ол — еліміздің ұлттық
қасиеттерін, қонақжайлығын, үлкенді құрметтеу, кішіні сыйлау, әсіресе
отбасының сый-лылығын, берекесін дәріптеп өткен ақын.
Ақтамберді жырау тоқсан үш жасында дүние салыпты. Туған жердің
топырағын жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік мақсаты
орындалғандығына ризашылығын білдіре келіп, батырларша оққа үшпай, төсекте
жатып тек өлгеңдігіне өкінеді. (4)
Қазак тарихындағы келесі алып түлғалардың бірі — Бүкар жырау. Бұқар
жырау Қалқаманұлы шамамен 1668 жылы дүние-ге келді.
Заманының бізге бір табан жақын тұрғанына, өмір сүрген дәуіріндегі
көптеген тарихи оқиғалар халық жадында жақсы сақталғандығына қарамастан,
қазақтың ескіде өткен басқа ақын-жыраулары сияқты, Бұқар өмірі хақында да
біздің білеріміз тым тапшы. Жыраудың туған, өлген жылдары жайында нақты де-
ректер жоқ. Қолда бар бірден-бір нақты мәлімет жыраудың Абылайдан бүрын
туып, соң өлгендігі (5)
Біз тек оның тым ерте көтеріліп, Тәуке түсында-ақ хан төңірегіндегі
ықпалды билердің бірі болғандығын білеміз. Алайда Бұқардың Тәукеден соңғы
әміршілермен тіл табыса алмаған-дығы аңғарылады.
Бұқар өмірін тұңғыш зерттеуші Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда және
өз шыгармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың тіпті сауып ішер малы, мініп-
түсер аты да болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде күн
кешеді. Алай-да өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақыл-
шы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп, қабырғалы биге, өз
заманының үраншысына айналады. Жырау бір ғасыр-дан астам жасап, 1781 жыл
шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Далба тауының етегінде. Мәшһүр
Жүсіптің айтуын-ша, Бұқар жырау атанған қария тоқсан үш жасында Абылай
ханның алдында жыр толғаған. Сонда Абылай ханға: Сенен бүрын жеті ханды
жебеледім. Еңсегей бойлы Ер Есім ханға да жолдас болдым. Сен оның түстігіне
де жарамайсың, — деген екен. Абылай хан жорыққа аттанбақшы болса, Бұқар
жырауды алдырып: Жұлдызым оң ба? — деп, айдың, күннің сәтін сүрай-ды
екен. Сары бура келгеннен туыңның түбінде шөгіп, мой-нын жерге жабыстырып,
жатып алды десе, аттанбайды екен, — деп Мәшһүр Жүсіп Бұқарды әрі жырау,
әрі көріпкел әулие етіп суреттейді.
Бұқар мұрасынан біздің заманымызға жеткені 1100 жол жыр-толғау
шамасында. Бұл, сөз жоқ, жырау туғызған көл-көсір жырлардың бір бөлігі
ғана. Бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нүқтың өмірі, Аюбтың
сабыры.., Афлотонның ақылы керек, — деген еді Мәшһүр. (6)
Шоқан Уәлиханов өзінің XVIII ғасыр батырлары жайында тарихи
әңгімелер деген мақаласында Бұқарға қатысты біраз мәліметтер береді. Соның
бірі — жыраудың Абылай алдында айтылған екі өлеңі. Шоқан бұл өлеңдердің
жолма-жол тәржімесін жасайды.
Осынау бір ел басына күн туған қиын сәт кезеңінде елдің, жердің
камын ойлап, Дулат, Шортанбай, Мұрат ақындар азаттық пен еркіндікті аңсап,
орыстандыру саясатына тікелей қар-сы шығып, халқына отты жырларымен үран
тастады. Еуразия даласын жаулап алған славяндық мәдениет осы даланың байыр-
ғы тұрғандарын ноқталап қоюға тырысып, Ресей империясы өз қарауындағы
халықтарды патшаға берілгендік идеясында тәрбие-леу мақсатымен әртүрлі
миссионерлік тәсілдерді шебер қолда-на білді. Осындай ілімдердің бірі —
Ресейдің басқа халықтар алдындағы тарихи-мәдени миссиясы деген бүркеніш
уағыз. Ағылшындардың бай мөдени мүрасы бар үнділерді шырмағаны сияқты
орыстар Орталық Азия мен Қазақстанды отарлау және ассимиляциялау полигоны
бейнесінде карастырды. (7)
Зар заман ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі — Дулат Бабатайұлы.
Ол өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлым-дық, мырзалық пен сараңдық,
білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етеді.
Дулат отарлау сая-сатының қазақ халқының болмыс-тіршілігіне кері әсер
еткеніне, көптеген қайшылықтарды алып келгеніне, заманның бұзылғандығына
қатты қынжылады. Әрине, каймағы бүзылмай, тыныш жатқан қазак жеріне патша
өкіметінің реформасына сәйкес орыс шаруаларының көптеп қоныс аудара бастауы
Дулаттың да әлеуметтік дүниетанымына үлкен әсеретіп, болашақта қазақ қоғамы
үшін қатты қобалжып, халық өміріндегі болып жатқан өзгерістерге үлкен
сезімтаддықпен, өз көзқарасы тұрғысынан қарап, халқы үшін қабырғасы
қайысып, өз заманының күйін толғайды.
Дулаттың пайымдауынша, өткен өмір бостандық пен мол-шылыққа толы
өмір еді, ру мен тайпа мүшелері тең қүқылы болды. Ол патриархалдық, хандық
заманды көкседі.
Дулат Абылай хан басқарған дәуірді жоғары көтеріп, оның ел билеген
заманын қазақ халқының басына қонған алтын заман еді деп аңсайды. Себебі
Абылай бүкіл қазақ халқының басын біріктіріп, жоңгарларды қазақ жерінен
қуып, елді, жерді сақтап, халыққа бостандық алып берді деп, осындай ел
ішінен шыққан дара түлғаларды дәріптеп, қиын сәтте елдің намысын қорғар,
басын біріктірер ер-азаматтардың қашанда болғанын аңсайды.
Бұдан Дулаттың сол кезеңдегі әлеуметтік мәселелерді үлкен
сезімталдықпен үғынып, оны шығармаларына арқау ете білгенін байқаймыз.
Әлеуметтік теңсіздік, зорлық пен зомбылық және қанаушылық жаңа заман
жемісі: бұл ата-бабаның бүрыннан келе жатқан салт-дәстүрін, шариғат заңын
бүзғандығынан дейді ақын. Оның пікірінше, мүвдай салт-дәстүрдің күйреуін,
мүсыл-мандық адамгершілік ережелерінің бүзыла бастауын Дулат қазақ даласына
басқа пиғылмен басқа дін өкілдерінің келуінен көреді.
Дулат қазақ халқының қалыптасып қалған көшпелі болмыс-тіршілігін
жырлай отырып, жаңадан ене бастаған түрмыс сал-тына, оны бүзатын
құбылыстарға қарсы шығады. Сонымен қатар оның қоғам өміріндегі болып
отырған өзгеріс, кейбір әлеуметтік мәселелерді шешу алдындағы
дәрменсіздігін Бағасы кеткен жігітгің деген толғауынан байқап көруге
болады. Ол адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастың бүзыла бастағанын
айта келіп, адамдар азды, балалар ата-аналарын сыйлаудан қалып барады деп
қынжылады. Дулатгың шығармалары өмір шынды-ғымен тікелей үштасып жатыр. Ол
сол кезендегі әділетсіздікке, надан ел билеушілерге қарсы шығып, оларды
қатты сынға алды.
Дулаттың әлеуметтік философиясы — жер-суды, елдің бірлігін сақтап
калу идеясы, басқа жүртқа күш көрсетпеу философиясы.

ДӘСТҮРЛІЛІК ПЕН ЖАҢАШЬІЛДЬІҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

Ресейге күштеп қосылуының нәтижесінде Қазақстанда өндіргіш күштер
мен халық ағарту ісін үйымдастыру және басқа-руда ілгерілеу байқалды.
Аймақтың халықтары тағдырында осы тарихи бетбүрысты байыптап үғынуға деген
қогамдық кажеттілік туды. Ол қажеттілік XIX ғасырдың екінші жартысында
пайда болған және қоғамдық сананың дамуында жетекші рөл атқарған
ағартушылық-демократиялық ой түрінде көрініс береді.
Қазақстанда ағартушылық-демократиялық ойдың мәнін түсіну үшін,
мынадай методологиялық және теориялық қағи-даларды ескеруіміз қажет:
Біріншіден, қарастырылып отырған ағартушылық идология нақты тарихи шындық
болып табыла-ды. Ресейге косылу, оның мәдениетімен кең танысу және сол
арқылы еуропалық өркениеттен сусындау Ресейге бодан кезеңінің нәтижесі
болып табылғанмен, қазақ ағартушылығы дүниежүзілік ағартушылық ойдан
оқшауланбай, керісінше, онымен ортақтастықта — XIX ғасырдың екінші жартысы
мен XX ғасыр басындағы жалпы ресейлік қозғалыстың ықпалы тиген дербес
құбылыс ретінде дамыды. Сондықтан ағартушылық идеологиясын оқып-үйренуде
жалпы ағартушылық құбылысқа тән белгілермен қатар, оны тудырған медени-
әлеуметтік орта-ның ерекшелігіне де баса аудару қажет.
Екіншіден, осы ағартушылық идеологияның басты ерекшелігі оның
азаттыққа, бостандық пен теңдікке үмтылыс ниеті Кеңес өкіметіне дейін және
сол өкімет түсында да өз мәнін жоймаған негізгі идеялық бағыт ретінде
сақталуында (М. Дулатов — Оян қазақ!, М. Жүмабаев — Тәңір, Мен кім?,
Тез барам, т.б., А. Байтүрсынов Қазақ өкпесі, Тәні саудың жаны сау,
Қазақ-ша оқу жайынан, Ә. Бөкейханов, Ш. Құдайбердиев, М. Шоқаев, Ж.
Аймауытов, т.б.)- Патша өкіметі мен сталиндік репрессия-ның зардабын
басынан өткізіп, әділет пен шындық жолында халқының мүң-мүқтажын жоқтаған
қазақ зиялыларының ха-лықты оянуға, білімге, оқу-ағартуға үндеген еңбектері
халык бостандығы мен теңцігі жолындағы күреспен тығыз байланыс-ты болды.
Үшіншіден, қазак ағартушылығы күрделі де қайшылыққа толы эволюциялық
даму сатысынан өтті. Ол даму реакцияшыл идеялық бағытгармен күреске толы
болды. XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасыр бас кезінің өн бойында
ағартушы-демок-раттар исламның феодалды-клерикалды идеологиясымен және
әртүрлі діни-мистикалық бағыттармен арпалысты. Қоғамдық-саяси өмірдің
маңызды бағыттары мен ілімдері де жеткілікті болатын. Оларға XIX ғасырдың
орта түсында пайда болған дәстүрлі — консервативті шаманизм бағытын, XX
ғасыр аяғын-дағы діни-реформаторлық джадидизмді, Ресейдің мұсылман
халықтарының арасында, панисламизм мен пантюркизм ілім-дерін жатқызуға
болады. Қарастырып отырған рухани құбылыстың рөлі мен мәні реалды идеялық
күрестің аясында көріне-тіндіктен, реакциялық бағыттар мен ілімдердің
табиғатын жете ұғыну қажет.
Төртіншіден, Қазақстанда ағартушылық ойдың қалыптасуына XIX ғасырдың
40—60-жылдарындағы орыс ағартушыларының, әсіресе революциялық
демократизмнің ықпалы қатты әсер етгі. Орыс революционер-демократтарының
идеалдары Қазақстан ағартушы-демократтарының жанына жақын келді. Олардың
кейбірі (Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин) Н.Г. Чер-нышевскийдің,
Н.А. Добролюбовтың, А.И. Герценнің, В.Г. Белинскийдің еңбектерімен, ал
кейбірі (Шоқан, Абай) авторла-рымен таныс болатын. Революциялық
демократизмді практи-калық іс-әрекетке жетекші етіп, идеялық бағдарға ала
отырса да, нақты-тарихи жағдайда халық бұқарасының екі жақты әлеуметтік
және ұлтгық қаналушылылығы мен жалпы аймақ-тық артта қалушылық себептеріне
байланысты, Қазақстан ой-шыл-демократтары, түтас алғанда, типтік
ағартушылық пози-цияны үстанды. Яғни белгілі қоғамдық топқа, дәлірек, шаруа-
ларға бағытталып, қоғамдық прогресті саны басым топтың мүддесі үшін
күреспен байланыстырған революцияшыл-демок-раттарға қарағанда Қазақстан
демократтары XVIII ғасырдағы Еуропа демократтары секілді ешбір тап пен
сословиені бөле-жармай, жалпы ұлттың атынан сөйледі. Бұл, бір жағынан,
берілген аймақтық қоғамдық қатынастарының пісіп-жетілгенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері жайлы
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Философия мен мәдениет
Зар заман философиясы
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Қазақ философиясының тарихи ерекшеліктері
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер