Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы



1.Кіріспе

1. Негізгі бөлім:
1) Шығыс ойшылдары
2) Қазақ ағартушыларының педагогикалық ойды дамытудағы рөлі.
3) Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы.
4) Қазіргі кездегі қазақ педагогикасын дамытушы ғалымдар

3.Қорытынды

4.Қолданылған әдебиет
Педагогика ғылымы бірден қалыптасып дами қойған жоқ. Педагогика даму барысында бірнеше тарихи кезеңдерден өтті. Ол ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен 12 ғасырдың басында бөлектеніп шықты. Ағылшын жаратылыстанушысы және философы Фрэнсис Бэкон 1623 жылы өзінің «Ғылымның қадір-қасиеті» атты трактатында педагогиканы ғылыми білімдердің дербес саласы деп бөлектеді. Ян Амос Коменскийдің әйгілі «Ұлы дидактика» атты еңбегінде балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың жолдары баянделды.
Сонымен, 12 ғ. мен 13 ғ. аралығы педагогикалық теорияның үлкен қарқын ала дамыған, аса құнды тәрбиелік идеялардың өрбіген заманы болды. Ал қазақ педагогикасын талқылайтын болсақ, ол сонау орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ойшылдарының ілімінен бастау алады. Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ибн Сина т.б. тәрбие туралы тың идеялары мен батыл тұжырымдары көптеген шығармаларында кездеседі.
Жүсіп Баласағұнның үйретуінше , «адамның жетіліп қалыптасуы, оның ішінде, жастар тәрбиесі қоғамдың жағдайлардың, айнала ортаның ықпалымен, оң әсерімен тәрбие арқылы және адам табиғатын туысына – дүниеге келімен бірге болатын қасиеттер арқылы қалыптасады». Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында әке тәрбиесәне аса көңіл бөлген:
«Бейбастақ қып өсірсе ұлдың қылығын,
Кінәлі әке, жазығы жоқ ұлының»-дейді.
Жүсіп Баласағұнның: «Ұл өсіргің келсе дана жүректі
Қатты ұстап үйрет білім, ізетті.
Кім ұл-қызын шолжаңдатса бетімен,
Тартар күйін, ет кескендей етінен». – деген
Ой-тұжырымдары бүгінгі педагогика ғылымының негізгі шарттарына сәйкес келіп жатыр.
1) Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. Алматы, Қазақ университеті,1989.
2) Айтмамбетова Б Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы 1991.
3) Әбиев «Педагогика» . Алматы, Дарын,2004
4) Бержанов Қ, Мусин «Педагогика тарихы» . Алматы, Мектеп, 1984.
5) Қоянбаев Ж,Қоянбаев Р. Педагогика Астана ,1998.
6) Лемберг Р.Оқыту әдістері . Алматы1958
7) Көмекбаев Н. «Оқыту теориясы» . Алматы Мектеп,1976
8) Нұрланова Г.К.»Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары» . Алматы 2003.
9) Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірліші . Алматы 1973

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Кіріспе

1. Негізгі бөлім:
1) Шығыс ойшылдары
2) Қазақ ағартушыларының педагогикалық ойды дамытудағы рөлі.
3) Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы.
4) Қазіргі кездегі қазақ педагогикасын дамытушы ғалымдар

3.Қорытынды

4.Қолданылған әдебиет

Кіріспе
Педагогика ғылымы бірден қалыптасып дами қойған жоқ. Педагогика даму
барысында бірнеше тарихи кезеңдерден өтті. Ол ерекше ғылым ретінде
философиялық білімдер жүйесінен 12 ғасырдың басында бөлектеніп шықты.
Ағылшын жаратылыстанушысы және философы Фрэнсис Бэкон 1623 жылы өзінің
Ғылымның қадір-қасиеті атты трактатында педагогиканы ғылыми білімдердің
дербес саласы деп бөлектеді. Ян Амос Коменскийдің әйгілі Ұлы дидактика
атты еңбегінде балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды
ұйымдастырудың жолдары баянделды.
Сонымен, 12 ғ. мен 13 ғ. аралығы педагогикалық теорияның үлкен қарқын
ала дамыған, аса құнды тәрбиелік идеялардың өрбіген заманы болды. Ал қазақ
педагогикасын талқылайтын болсақ, ол сонау орта ғасырларда өмір сүрген
шығыс ойшылдарының ілімінен бастау алады. Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Жүсіп
Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ибн Сина т.б. тәрбие туралы тың идеялары мен
батыл тұжырымдары көптеген шығармаларында кездеседі.
Жүсіп Баласағұнның үйретуінше , адамның жетіліп қалыптасуы, оның
ішінде, жастар тәрбиесі қоғамдың жағдайлардың, айнала ортаның ықпалымен,
оң әсерімен тәрбие арқылы және адам табиғатын туысына – дүниеге келімен
бірге болатын қасиеттер арқылы қалыптасады. Жүсіп Баласағұн Құтты білік
дастанында әке тәрбиесәне аса көңіл бөлген:
Бейбастақ қып өсірсе ұлдың қылығын,
Кінәлі әке, жазығы жоқ ұлының-дейді.
Жүсіп Баласағұнның: Ұл өсіргің келсе дана жүректі
Қатты ұстап үйрет білім, ізетті.
Кім ұл-қызын шолжаңдатса бетімен,
Тартар күйін, ет кескендей етінен. – деген
Ой-тұжырымдары бүгінгі педагогика ғылымының негізгі шарттарына сәйкес келіп
жатыр.
19-20 ғ.ғ. өмір сүрген қазақ ойшылдары, ағартушы-ғалымдарының қазақ
педагогикасын дамытудағы рөлі өте ерекше. Ыбырай Алтынсарин – қазақ
педагогикасының негізін қалаушы. Ол тұңғыш қазақ мектебін ашып, балаларды
оқытуға, білім беруге кіріскен. Оның балаларға арнап әңгіме жазудағы
негізгі мақсаты – жас буынды өнер-білімге үндеу, адамгершілік мінез-құлыққа
тәрбиелеу. Халқымыздың маңдай алды ақыны, ұлы тұлға Абай Құнанбаевтың
педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамдардың өзара қарым-
қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Еңбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың
негізі деп түсінген Абай жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін еңбектен
көреді. Қазақ философиясының негізін салушы ағартушы- педагог Ахмет
Байтұрсыновтың қазақтың тіл білімі және қазақ тілін оқыту методикасы өзінің
сапалығымен және ана тіліміздің ерекшелігін жинақтайтын оқулық негізі
ретінде үлкен табыспен мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып,
қолданылмалы қазақ тілінің қолтума оқулығына айналды. Қаршадайынан елім
деп, езіліп, халқым деп, қайғы жеген Ахмет Байтұрсыновты азап пен тозақтың
бәрін басынан кешіріп, ақыры қаратүнек надандықтың құрбаны болған, оның
өнер, білім, тарихи тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, ұлы адамның аты
әрбір адамның , бүкіл жұрттың жүрегінде сақталатыны даусыз.
Қазақ педагогикасын одан әрі жетілдіруге өздерінің зор үлестерін қосқан
ғалымдар Сембаев Ібнияұлы, Раиса Лемберг, қартбай Бержанов, Григорий
Уманов. Бұлар осы ғылымды барынша зерттеп, көптеген бағалы еңбектер жазды.
Осы ғалымдар, ойшылдар , педагогтар және олардың еңбектері туралы толық
мәліметтер негізгі бөлімде жазылған.

Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікіпінің пайда болуы мен қалыптасуы
Әл-Фараби - дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы
(870-950)
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Узлах Тархан әл-Фараби ойшыл, философ,
әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логик, музыка
зерттеушісі. Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараби қаласында
туған. 20 жасына дейін сонда оқып, тәрбиеленіп, кейін Самарқанд, Бұхара,
Хиуа және мұсылан шығысының көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы араб
халифатының саяси, мәдени орталығы – Бағдадта тұрған. Арабтың мәдениеті мен
ғылымы дәуірлеген шағында сонда оқып, біліи алып, ғылыми жұмыстармен
айналысқан. Өмірінің соңғы жылдарын Каирда, Алеппода, Дамаскіде өткізген.
Риторика, поэтика, өнер, музыка, т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған
көркемдңк – эстетикалық көзқарастары әлі күнге мәнін жоймаған. Ұлы ойшылдың
көз тіккен эстетикалық проблемаларының ауқымы үлкен, шеңбері кең. Эстетика
мәселесі жөнінде айтқан соны пікір, тың идея, батыл тұжырымдар оның
көптеген шығармаларында кездеседі. Мысалы, Риторика , Поэзия өнерінің
каноны туралы трактат т.б. еңбектерінде көрсетілген.
Адамды жетіле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби
әділеттілікті халықтар достығын насихаттауда, мәдениетті, ғылымды жасауда
барлық адамдар бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеялары, оның өз
заманындағы Шығыс елдерінің дүниежүзі халықтарының көкейтесті
проблемалшарымен үндесіп жатады, сондықтан ды оның энциклопедиялық мол
мұрасы қазіргі 21 ғасырдың басындағы өмір мен мәдениетінің ішіне кірігіп,
ұласып кетеді.
Ол адамның іс-әрекетінде зерделіліктің рөлі аса зор деп бағалады.
Олардың ақыл-ойы халықтар арасындағы ұрыс-жанжалдың пайдасыздығын ұғуға
жетеді. Сондықтан олар ең жоғарғы игілікке , берекеге жету жолында бір-
бірімен келісімге келі керек гуманизмді халықтар достығын насихаттап,
адамның өзін, оның ақыл-ойын, қабілет пен жігерін өте жоғары қояды.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде Фараби заманында медицина ғылымы жақсы
дамыды. Антика заманы мен орта ғасырларда философия мен медицина жөніндегі
білім бір-бірімен тығыз байланыста болатын. Көптеген философтар
дәрігерлікті және философияны қатар зерттейтін. Фараби творчестволық
саласында медицина туралы еңбектер бар.
Ол жаратылыстануды теориялық білім деп қарайды. Ал медицинанаы
практикалық өнердің әлдеқандай бір түріне жатқызады. Оның йтуынша,
жаратылыстану әрбір табиғи заттың мазмұн-мағынасын түсіндіріп беруге қызмет
етеді. Материяны, оның формасын, әрекетінің себебіін анықтайды, бұл
қасиеттер оның болмысын, мақсатын көрсетеді. Бұл зат үшін тіршілік етеді.
Ғылымды жіктеу жөніндегі Фарабидің 11-12ғғ. көне грек, латын
тілдеріне аударылды. Сөйтіп Батыс Европа ғалымдары арасында жоғары
бағаланды. Батыстың кейінгі зерттеушілері оның бұо трактатын орта ғасырдағы
ғылымның энциклопедиясы депатады. Фарабидің ғылымды жіктеу теориясын сан
ғасыр бойы ғылымның дамуына игі әсерін тигізді, ғылыми мәнін сақтап қалды.
Фарабидің логикалық-гносеологиялық, әлеуметтік-этикалық, эстетикалық-
теориялық т.б. пікірлерімен жете танысу оның сан саналы мұраларын, оның
ғылыми тұжырымдарын өзінен кейінгі дәуірдегі Щығыс пен Еуропа халыктарының
философиялық, эстетикалық, қоғамдық, этикалық ой-пікірін және өнердің
дамуына ықпалын тигізді, ФАраби өз алдына жеке-дара тұрған үздік ойшыл,
ғалым болды.
Әл-Фараби Аристотельдің ғылыми мұраларын жан-жақты зерттеп, өзінің
ғылыми еңбектерінде адам ақыл ойының дүниетанудағы құдіреттілігін
дәріптейді. Ол өз заманындағы ғылымдардың барлық салаларын, әсірісі,
математика, астрономия, физика, жаратылстану ғылымдарынан көп мұра
қалдырды, Трактаттарында адамгершілік, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерінің адамды
ақылдыққа үйретіп, еңбекке үйретіп баулудың , күнделікті өмір сүрудің тыныс-
тіршілік құралы деп тұжырымдайды.Баұытқа жету атты еңбегінде жс ұрпақ
тәрбиесі, жекебала тәрбиесі, тіпті жеке адам тәрбиесі, жастар тәрбиесі, жас
жұбайлар тәрбиесі жайлы жан-жақты ұлағатты ұғымдар, трактаттар, өсиеттер,
үлгілі, өнегелі өсиеттер, пікірлер біздің заманымызға дейін сақталып, ол
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, халықтық педагогиканың қазынасына айналды. Онда
тәрбиенің педагогикалық мақсат, міндеті, оның философиялық негізі
тұжырымдалады. Оның ойынша бақытқа жеті басы – таза еңбек, адал еңбек болып
есептеледі.
Дүние тану теориясында да диалектикалық жолмен баяндай керек, яғни
біздің дүниетануымызщды даяр тұрған өзгермейтін нәрсе деп ойламау керек,
қайта білмеушілік пен білушілік қалай туатынын, толық емес, айқын емес,
білімнің қалайша толығырақ, айқынырақ білшімге айналатынын тексеру керек.
деген болатын.
Әл-Фараби еңбек тәрбиесі туралы
Әл-Фараби тәрбиенің ,оның ішінде еңбек тәрбиесін теориясы ғылымға
негізделуі қажет деді. Ол ғылымды тарихи процесс деп түсініп, ғылым жүйелі
түрде құрылған білімнің жоғары формасы деген анықтама жасады. Фараби өмір
сүрген дәуірде педагогика ұғымы болмағаны белгілі. Алайда ол ағарту – оқу
мен тәрбие туралы еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер –
еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек
шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады-деген
болатын Әл-Фараби . ол еңбектің өзін қоғамның өмір сүруінің негізгі ,
адамзат тіршілігінің мәңгілік, тарихи шарты деп қарастырады. Әл-Фараби
еңбек поцесінің бағыттарын белгіледі. Ол мақсатқа сай қызмет, яғни,
еңбектің өзі, еңбек заттары мен еңбек құралдары. Адам еңбегі бағытталған
нәрсенің бәрі еңбек заттары деп аталады. Оның еңбек туралы бұл тұжырымдарын
күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан ғалымдар бар.
Әл-Фараби жас ұрпаққа және жеке адамдарға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке
үйретіа, еңбек тәрбиесін беретін, ұстаздық жасайтын адамдарды өте жоғары
бағалаған. Оның ойынша , тәрбиеші адамның –Мәңгі нұрдың қызметшісі.ол
барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз
лаулаған оттың көзі Орта Азияның ғұламасы Әл-Фарабидің шәкірті оның
ілімін әрі қарай жалғастырушы Ибн Сина: Әл-Фарабидің тәрбие
тағылымдарының ең маңыздысы әрбір жеке адамды еңбекке тәрбиелеу болды,
өйткені еңбек сүйгіштік, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға
тәрбиелеу. Ол кімде-кім өзінің тіршілігі үшін, өзіне пайда келтіретін
еңбекпенен айналысқанда ғана нағыз ел адамы бола алады – деген өмірлік
өсиет қалдырып кетті - деп көрсетті.
Әл-Фараби ілімі шығыс халықтарының педагогикалық ой-пікірінің дамуында
революциялық төңкеріс болып есептеледі. Демек, ол шығыс халықтарының салт-
санасының, әдеп-ғұрпының ағартушылық, тәлім-тәрбиелік ой-пікірінің,
ғұламалық тағылымының дамуында жаңа кезең ашқан – халықтық педагогиканың
негізін қалады.
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының тәрбиелік маңызы
Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу
мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеден 11 ғасырда аты әлемге әйгілі
ақын, философ, қоғам-қайраткері Жүсіп Баласағұн музыкант от басында дүниеге
келген. Жүсіп жыл қайыру дәстүрі бойынша барыс жылы туылған. Жүсіп туралы
жазба-деректер көзін ақынның өз шығармасы Құтты біліктен ғана табамыз. Ақын
дастанның жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітіргенін айтады.
Құтты Білік дастаны түркі тілді халықтардың бізге келіп жеткен дүние
жүзілік мәнге ие бірден бір жазба әдеби ескерткіші.
Жүсіп өз заманындағы ғылым саласымен толық танысып кемелденген
шағында Құтты Білік тәрізді классикалық шығармасын жазуға бет бұрды. Араб,
парсы тілдерін жақсы білумен қатар өз ана тілін де меңгеріп, бал байлығын
бойына дарытқан Жүсіп ана тілінінің көркемдік қуатын әлемге таныту бағытын
ұстады. өз тілін менсінбей араб, парсы тілдерінде сөйлеу, шығарма жазу
сияқты сырттан танылған қорлық салты үстем кезде өз ана тілінде көркем
шығарма жазу дәстүрін қалыптастыру кетуі – соның тарихи еңбегі.
Баласағұнның адам дамуы, жеке адам басының жетілуі, өсуі, тікелей
тәрбиенің жетістігі, ол адам тарихында табиғатына байланысты бола отырып,
оның тарихи дамуының үстінде үнемі өзгеріске ұшырайтыны анықтады. Бұл пікір
19ғасырдың 40-шы жылдарынан басталған және 60 жылдар үстінде дами түскен
Еуропа педагогтары мен сол жылдаржжыға прогрессшіл орыс педагогтарының
пікірімен үндес келді.
Баласағұнның тәрбие тағылымы бастауы боларлықтай, мына бір пікірін
келтіруге болады: Тәрбиенің барлық ұждағаттылығы, саласы мен түрі... Өзара
ұйымдасқа, ұйымшыл, тату да тәтті адамдар құрамының, тобының жетелі адамдар
тобының , зерделы адамдар құрамын толықтыратындай биікке көтерілуі қажет.
Тәрбие өз кезегінде, әсері мен ықпалында – мирасқорлы, пайдалы еңбек көзі
болуы шарт деп өтеді Баласағұн. Бұл өлкен өсиет. Бүгінгі педагогикалық
тұрғыдан алғанда үлкен ұжым тәрбиелейтін педагогиканың бала тәрбиесіндегі
басты мақсаты мен міндетін айқындайтын әдіс еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың
негізі десе де болады. Сондай-ақ, бұл еңбек пен тәрбиенің педагогикалық
негізі.
Ұлы ойшылдың салиқалы педагогикалық пайымдаулары ұрпақ тәрбиелеуде
әр кезде есте ұстайтын тағылымдар екендігі сөзсіз.

Қазақстан педагогтарының еңбектері мен ой-пікірлерінің қалыптасуы және
дамуы

Ыбырай Алтынсарин – қазақ педагогикасының негізін қалаушы (1841-1889)

Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог-ағартушы, ақын және прозаик,
публицист балалар жазушысы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитінің
негізін қалаушы. Алтынсарин мектеп пен тәрбие өз халқының тұрмысы мен
өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келуін ұсынды.Сондай-ақ, оның
тамаша тарихи болашағына асқан сеніммен қарады. Ыбырай Алтынсариннің пікірі
бойынша, ауыл мектептері болыс мектептерінің бірінші бөлімінің бағдарламасы
бойынша жұмыс жасауға тиіс болды. Оқу ана тілінде жүргізілуі тиіс деген
қағида ұсынды. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқына білім беру тек бастауыш
мектеппен ғана шектеледі деген пікірден аулақ болды. Ол орта мектептер құру
туралы ойларын халқына жеткізді және қазақ балаларының университеттерде
оқуын қалады. Алайда, ол Ресей патшаларының жағдайындағы осыған ұқсас
жоспарлардың өмірге сәйкес келмейтінін ескере отырып, оренбург және Троицк
жағындағы гимназия мен қазақ университеттерінде оқитын қазақ балаларымен
жастарға арнаулы стипендия тағайындады. Ыбырай Алтынсарин кәсіптік білім
берудің маңызын жете түсінді және жақтады. Ол Торғайда төменгі қолөнер
училищесін ашудың жоспарын жасады және оны ашуды қолға алды. Ағаш-токоры,
слесарлы-ұсталық, тігін бөлімі бар Торғайдағы Яковлев қолөнер училищесі тек
1884 жылы ғана ашылды. Ыбырай Алтынсарин Қостанайдағы ауылшаруашылық
училищесін ашу үшін өзінің екі үйінің орынын және училище учаскесі үшін
өзінің қыстаудағы үйін берді. Алайда, бұл үстемдік етуші топтың әсері
салдарынан ол ұлы Октябрь төңкерісіне дейін ашылмады, қолдау таппады.
Училище сол күйінде ашылмай қалды. Ыбырай Алтынсариннің табандылығымен
Орынборда 1884 жылы мұғалім даярлайтын қырғыз мектебі ашылды. Бұл орыс-
қазақ мектептеріне мұғалім даярлаудың орталығына айналды. Сөйтіп,
Алтынсарин қазақ халқының өмірі мен салтына сәйкес келетін қолтума қазақ
мектептерін ашудың жолдарын көрсетіп берді, өзі ашты. Бұл жүйенің ең басты
құндылығы барлық мектеп типтерінің мирасқорлығы болып есептеледі. Мұның
ерекшелігі де осында. Ресей жағдайындағы мұндай мектептердің көпшілігі
тұғырына тірелген еді.
Тұңғыш қазақ мектебін ашып, оқытуға кіріскен Ыбырай соған
тікелей көмектескен Н.И.Ильминскийге жазған хатында:Осы жылы наурыздың 8
күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ
баласы кірді, бәрі де есті, жақсы балалар. Мен оқытуға, қойға шапқан аш
қасқырдай , өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып,
небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін
болды... кейін парақор болып шықпаулары үшін, оларға адамгершілік жағынан
да әсер етуге тырысамын. Күлсеңіз, күле беріңіз, мен кейбір оқытудан бос
уақыттарда оларға ресми түрде молда болып та қоямын, сөйтіп, оларға дін
тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да түсінікті және қызықты
әңгімелерді де қосып айтамын. Менің қашаннан арман тілегім қалай да пайдалы
адам болып шағу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім
толық жұбаныш табады,-деп жазады.
Ұлы ағартушы педагог тек мектеп ашуімен шектеліп қалуға болмайтынын,
бұған лайықты оқу әдістемелік құрал-жабдықтар керек екенін жақсы түсінді.
Сондықтан Ыбырай Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді
педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырып, қазақ балаларына
арнап Оқу құралын жазды. Сондай-ақ ол әдістемелік мәні бар Семья мен
мектеп, Халық мектебі журналдары мен қолөнері үшін қажетті Гестерманның
техникалық коллекциясын, физика, химия кабинеттері үшін жабдықтар алуға 600
сом жинағанын айтады. Мұның бәрінен оның жалаң оқумен қанағаттанып
қоймағанын, бұған қоса ғылым мен техника тетіктерін үйретуде көрнекілік
тәсілін ұстанғанын көрсетеді. Сондай-ақ аса қажетті кітаптар мен
журналдарды орталық мектептерге топтап жинау арқылы сондағы кітапханаларды
байытуды көздеді, оқимын деген жастар мен мұғалімдердің өз білімін
көтеруіне қолдан келгенше жағдай жасамақ болады. Автор сол тұстағы
мектептерде дін сабағының өту мүмкіндігін пайдаланып, қазақ балалары үшін
Шариятул ислам атты оқулық жазды. Бұл кітап кезінде балалардың мұсылман
дінінің қағидаларын игеруіне айтарлықтай үлесін қосты.
Ыбырай Алтынсарин жастардыоқу-білім, өнерге үндегенде, құрғақ
насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады. Айтпақ
пікірді оқушы зердесіне еркін сіңіру үшін әр алуан ұстаздық амал-тәсіл
қолданады. Бұл тұста ол, ең алдымен,шешендік қайталауларды ұтымды
пайдаланады.
Ыбырай Алтынсарин алғаш балаларға арнап жазған әңгімелерін
өзінің төл өлеңдеріне қосып, Хрестоматиясына енгізеді. Осы қысқа
әңгімелерінде ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмалдыққа,
адал еңбек пен әділдікке, әдептілік пен сабырлыққа, зейінділік пен білімді
еркін игеруге шақырады. Алтынсарин прозасының басты ерекшелігі қазақ
халқының мәдени-әлеуметтік өмірін арқау ете отырып, жаңа буын жастардың
өсіп жетілуіне қажетті үлес қосу еді. Ұлы ағартушы өзінің хрестоматиясының
түзілу міндеті деп Н.Н.Ильминскийге жазған хатында былай дейді: Қазақ
балаларына, меніңше, мағыналы анекдоттар, жұмбақтар, ойына оф қосатын
әңгімелер, немесе оларды қызықтыратын , мысалы, жібек құртының ,
көбелектердің өзгеруі сияқты әңгімелер тәуірірек болады. Өлең жағын мен
мүмкін болғанша қазақ өлеңдерін аламын. Екінші кітабымді мен балаларға
қызық етіп, табиғат құбылыстары мен күштері туралы, тарих пен ғылыми-
географиялық әңгімелер келтірмекпін. Бұдан тұңғыш ұстаздың шәкіртке
ғылымның әр саласын тыңғылықты білім беретін пәндік оқуды енгізуді
ойластырғанын көреміз.
Демек, осы тұрғыдан алғанда Ыбырай атамыз ақын, тұңғыш педагог,
ұстаз-ғалым. Оның мұрасы тарихқа да, әдебиетке де тән , ұстаздық тәрбиелік
ой-пікірлері қазақтың таусылмас қазынасы.
Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағылымы (1845-1904)
Абай – ұлы тұлға, данагөй адам, маңдай алды ақын екені, таңдаулы
туындылары дүниежүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны –
білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған
жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай
орнының ерекше болуы тегіс емес.
Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін оқу-білім
қаншалықты терең түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік
қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында ақын үлкен творчестволық тұлға
болып қалыптасып жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса
зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, білім – міне осылардың
түйісіп келуі шарт.
Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі –
адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баула. Ақын,
ойшыл ұстаз – Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті,
адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы,
ұлттық ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы – сол халықтың еңбек сүйгіштігіне,
еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті
Абай, басқада қазақ ағартушылары сияқты – байлықтың, молшылықтың көзі деп
санады.
Еңбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың негізі деп түсінген Абай жас
ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін – бұлағын еңбектен іздеді. Ол еңбек пен
қоғамдық еңбектің тұтастығын, бірлігін – парасаттылық пен инабаттылықтың,
білімділіктің , тұлғалылықтың , ісіне талғамын, үлгілері өмірдің,
тіршіліктің және тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететінін аса көрегендікпен
дәлелдеді, оған өлең жолдарын арнады. Ең бастысы: еңбек пен адамгершілік
сапасын қалыптастырады, адамды, жастарды эстетикалық рухта тәрбиелеп,
оларды әдемілікке, көрнектілікке жеткізеді, оларды жарқын болашаққа
шақырады, материалдық игілікке жол ашады. Ақын пікірінше еңбек – адамды жан-
жақты дамыған ғұламалылыққа көтереді, баулиды, жетелейді. Абай тағылымы –
даналықтың, ғұламалылықтың, құдіреттіліктің, имандылықтың кәусар тамшысы,
ағынды тасқыны, дария көлі, мұхиты.
Абай поэзиясының негізгі ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл
мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық
бейнелеп береді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи
дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана,
білім-ғылым түсініктерінің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры
әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы – ағартушылық көзқарасы қоғамның
дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық
мінез-құлқын тарихи арнада кең ұғымда алып, қоғам көшінің жеткен жерін
ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсетеді. Ал қоғам өміріндегі
көптеген адамгершілік, моральдық проблемалардың, мысалы, әділдік, бірлік,
достық, білімділік, еңьек сүйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен қатар
озбырлыққа , жауыздыққа, екіжүзділікке төзбеушілік секілді сан түрлі мінез-
құлық мәселелері қай заманда болмасын мәнін жоймайтындығын және қанша заман
ауысып, уақыт, жағдай өзгерді дегенмен, халықтың ұлттық ерекшеліктері,
адамгершілік қасиеттері жаңғырып, жаңа сипат ала отырып, жалғастық таып
өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай поэзиясы кейінгі дәуірлердің ,
соның ішінде бүгінгі заманның өмір шындығын танып білуге үлкен септігін
тигізе алатыны хақ. Олай болса, Абай творчествосын өз дәуір шеңберінде ғана
қалатын, осы мағынада біз үшін тек тарихи маңызы бар, өткінші құбылыс деп
санауға болмайды, ол – заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға
ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра.
Тарихи принцип тәрбиелік тағылым Абай творчествосының сол дәуірдегі
қоғамдық өмірмен тамырластығын танып-білудің бірден-бір қажетті шарты
екенін мойындай келіп, ақын шығармаларын бүгінгі оқырмандар әсіресе,
жасөспірімдер өздерінің өмірге деген көзқарасы, арман-мұраттарын
жалғастыра, жанастыра қабылдайтынын жоққа шығара алмаймыз. Абай
творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірімен байланысын, сол
кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын, сөз өнерінде не
жаңалық әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның кейінгі кезеңдерде ,
қазіргі заманда қоғамдық ой-сананын, мәдениеттің, оқудың өркендеуіне қандай
ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз. Сондай-ақ, ақын мұрасының
өміршеңдігін, заман озған сайын әсері қалай күшейе түскенін зер салып
байыптасақ, оның өз заманының озық тілек-мақсаттарына сәйкес тарихи өмірдің
өзі туғызған бастапқы сипат-қасиеттерін айқынырақ тани аламыз. Оның ең
басты бір қыры оқу-тәрбиелік маңызында.
Абай шығармаларында алдымен мейлінше мол, әр қырынан көрінетін, әрине,
ақынның өз бейнесі, өз тұлғасы. Лирик ақын қоғам өмірінің шындығын өз көңіл-
күйін білдіру арқылы, өз сезім толғаныстары, ой-толғамдары арқылы танытады.
Ақынның өз тұлға бейнесі оны тебіренткен ой-сезімдерден айтылып, баяндалып
отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайларға, қоғамдық мәселелерге, әр-түрлі
адамдардың іс-әрекеттеріне оның қатынасынан, берген бағасында айқындала
түсіп, жан-жақты толық көрінісін табады. Абай өзін ұстаз ретінде де көрсете
алды.
Ақынның бейнесі дегеніміздің өзі де ылғи бір қалыпта, біркелкі
сипатта көрінбейді, әр қырынан, әр жағынан ашылып отырады. Көптеген
өлеңдерінде ақын өз көңіл-күйін тікелей білдіріп, ойын тура айтады.Өлеңдері
кейде сұхбат, сырласу, кейде насихат, кейде ойға шому, ой толғау, тәрбиелік
түрінде әр-алуан болып келсе, ақын бейнесі анық, айқын қалпында танылады.
Сонымен қатар Абайдың өлеңдерінде әртүрлі топтардың өкілдере, әсіресе
ұстаздар, жас адамдар үнемі бой көрсетіп отырады.
Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғым мен ақылмен
танып-түсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе деп
қарайды. Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек дегенге Абай ақылды осы соңғы
мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп, ой мен сезімді бір-біріне
қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай суық ақыл мен ыстық
жүрек бір-бірін толықтырады деп санайды. Осы екеуіне қайрат, жігер
қосылса, адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласын елден бөлек
Бұл ретте Абай ақыл-ой тәрбиесінің, адамгершіліктің мазмұнын
жырлайды.
Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасында,
мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге
көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлін ерекше екенін
көрсетеді. Абай әлемнің кең өріс алуы, оның поэзиясы мен әлеуметтік, оқу-
тәрбиелік, демек, ағартушылық көзқарастың әлеуметтік сипат алуында болды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының тәліми көзқарастары (1858-1931)

Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері көшпелі елдің бала тәрбиелеудегі тәжірибесін
жинап-сақтап ғылыми педагогиканың бастау бұлағы болғаны дау тудырмайтын
жәйт. Халықтық тәлім-тәрбиенің ғылыми педагогикадан айырмашылығы оның
тәжірибелік бағытта екендігінде, сонда, халық тәрбиесі дегеніміз ең алдымен
жанұядағы тәрбие тәжірибесі болғанына күмән жоқ.
Ақын-ағартушы Шәкәрімнің көзқарастары қыр халқының жас ұрпақты өсіру
мен оқып-тәрбиелеудегі талаптарына сүйеніп, негізделген.
Ерен әділдігімен ел ортасында құрметке бөленген Құнанбай қажының
отбасы елге үлгі болып, бала тәрбиелеуде ерекше көзге түсетін. Бұл ошақта
Абай , Мағауия, Шәкәрім, Ақылбай сияқты ақындар дүниеге келді. Шыққан
тегіне, дәулет-байлығына масаттанбай қажы үйі балаларының әрбіреуі киіз
үйді құру мен бұзу, бүркіт салу, аң аулау, құс ату, ет бұзу, темір-терсек
соғу, арба мен сағат жөндеу , бұдан басқа да үй тұрмысы жұмыстарын
атқарған. Үлкен атасы немере-шөбересінің ақыл-ойын, санасын, мінез-құлқын
халықтың әдет-ғұрпын сақтай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Қазақ педагогикасының тарихы
Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдауда XII ғасырда жазыжан
КӨНЕ ГРЕК ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ТӘЛІМ – ТӘРБИЕЛІК ОЙ - ПІКІРЛЕРІ
Әл-Фараби мұрасы: білім-ғылым, тәрбие берудегі өзекті мәселелер
Көне грек ойшылдарының тәлім –тәрбиелік ой- пікірлері жайлы
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Орта мектепте химия пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі
Орта ғасырдағы педагогикалық ойлардың дамуы
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Пәндер