Мемлекет түсінігі және мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Негізгі бөлім
1 МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
1.1 Мемлекет құрылымының нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Мемлекет қызметінің түсінігі, оның белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.3 Мемлекет қызметінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ
2.1 Мемлекеттің типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.2 Мемлекеттің формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін тигізеді. Ежелгі – феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді (Ману заңдарында, Салистік жинағында – Салическая правда), Орыс мемлекетінің жинағында – Русская правда). Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы міндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 2007.
4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 2008.
5. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 2007.
6. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
7. Теория государства и права. /Под ред. Профессора М.Н.Марченко. МГУ, 2008.
8. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 2007.
9. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы, 2007.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Негізгі бөлім
1 МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
1.1 Мемлекет құрылымының нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Мемлекет қызметінің түсінігі, оның белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.3 Мемлекет қызметінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ
2.1 Мемлекеттің
типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .26
2.2 Мемлекеттің
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
Кіріспе

Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды.
Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып
отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік
қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде
мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс
болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-
сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік
саяси көзқарас.
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға
көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек
мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге
қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес
қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді.
Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының
функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы
қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін
тигізеді. Ежелгі – феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның
қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді (Ману заңдарында, Салистік
жинағында – Салическая правда), Орыс мемлекетінің жинағында – Русская
правда). Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да
мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы
туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті
бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы
міндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық
мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін
сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар
шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс
кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон,
Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде,
жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданатыны мәлім (Греция,
Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан,
Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан
олардың мемлекеттік құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір
ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы,
Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік
процесін және тарихын жақсы білу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның
гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм
кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттің
қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді
мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия – олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы – түріктер, бергі
атасы – қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің
тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX
ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазіргі Конституциясы
біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы
қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді.
Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің
нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы,
олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі
объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония
жөне Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын
үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және
посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді.
Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республика да кейбір мемлекеттерге
әсерін тигізді.
Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі
және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан,
Абылай, Петр Бірінші, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады.
Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі
болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың
мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.
Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізеді. Мұсылман,
католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар.
Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең
зерттеу керек.
Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді – басқару
нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негізінде,
мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен
байланысты екені мәлім. Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының көп
варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің
біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі –
Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен
соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын
көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің
құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік
пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты
мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет
нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде
экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны
мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.

1. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

1.1 Мемлекет құрылымының нысаны

Республика. Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі
сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару
формасы республика деп аталады. Республика мемлекеттік органдар белгілі бір
мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі
мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты.
Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге
сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республикада болмайды.
Республиканың ең бірінші түрі – Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте
шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек
Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20 жасқа толған ер
адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет
еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Әйел адамдар,
метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ.
Грецияның негізгі органы – халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді
сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін заң
шығарды. Басқа органдар бесжүздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, стратегтер,
белгілі уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты
болатын.
Антикалық республиканың аристократтық түріне Рим және Спарта
республикасы жатады. Бұларда сайлауға және мемлекетті басқаруға
азаматтардың бәрі емес, тек қана ақсүйектері жіберіледі, мысалы, Спартада
спартиаттар, Римде патрицийлер.
Орта ғасырларда республика өте сирек кездеседі, көбіне ол республика –
қала (Псков, Новгород, Бремен, Любек, Венеция, Флоренция).
Жаңа кезеңде республиканың екі түрі кездеседі: президенттік және
парламенттік республикалар. Президенттік республиканы АҚШ 1787 жылғы
Конституциясында бекіткен. Олар Англияның корольдерінен көп озбырлық,
заңсыздық көргеннен кейін, абыройлы билікті орнатуды анық түсінді.
Деспотиялық режим құрылмауы үшін биліктің бөліну принциптерін енгізді.
Сонымен, мемлекеттің жаңа басқару формасын ойлап шығарды. Президенттік
республикада билік үшке бөлінеді: заң шығару парламенттің қолында, атқару
билік – президент пен өкіметтің қолында, ал сот билігі тәуелсіз сот
органдарында. Президентті халық сайлайды. АҚШ-та – 4 жылда бір рет
президенттік сайлауы өтеді. Президент мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті
өзі басқарады, Сенаттың келісімімен министрлерді тағайындайды, әскер оған
бағынады. Президент – республика бірлігінің тұтастығының символы. Кейбір
президенттік республикаларда президентпен қатар премьер-министр үкіметті
басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды және ол президенттің
алдында жауапты. Парламенттің өкіметті тарататын құқығы жоқ. Кейбір
мемлекеттерде президент премьер-министрден басқа бірнеше министрлерді өзі
тағайындайды, ал қалған министрлерді Премьер-министрдің өзі парламенттің
келісімімен тағайындайды. Президенттік республикалардың бір күшті билігі
бар жауапты адамы болғаннан, оның тұрақты саяси режимді құратыны байқалады.
Мемлекеттің Заң шығару билігі парламенттің қолында, және парламент белгілі
қызметкерлерді және жоғарғы сотты тағайындағанда келісімін береді.
Парламенттің алған заңдары екі рет тексеріледі: президент вето құқығын
қолданып, қабылданған заңдарға қолын қояды, Конституциялық сот заңның
Конституцияға сәйкестігін тексереді. Сот билігі ерекше сот органдарының
қолында. Сот қызметкерлері президенттік республикаларда белгілі уақытқа
немесе өмірбойы тағайындалады. Оларды тағайындайтын заңдар әрбір
мемлекеттерде ерекше, бірақ бұл процеске президент те, парламент те
қатысады. Үш билік бір-біріне тең болуға тиіс деп көп конституцияларда
жазылған, ол үшеуінің арақатынасын реттеп отыратын президенттің билігі.
Президенттік республикалардың варианттары көп, олардың біріне жартылай
президенттік республика жатады (мысалы: 1958 жылғы Конституциясы бойынша
Франция, Түркия).
Парламенттік республика. Бұл мемлекетті басқару нысанында билік
парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер министрді парламенттің
төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің
алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу
функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек
мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі парламенттегі
партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет – әлсіз президент.
Сонымен, өкіметте парламенттің сенімі болған кезде ол өзінің қызметін
істей алады, ал болмаған жағдайда отставкаға шығады. Мұндай республикаларда
президент мемлекеттің басшысы, оның биліктері өте аз. Парламенттік
республикаларға Италия жатады.
Мемлекет формасының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны
жатады. Бұл мемлекеттің әкімшілік-жергілікті бөлінуі, сол бөлімдердің бір-
бірімен қатынасы және мемлекеттің және бөлімдердің арасындағы байланыстары.
Мемлекеттік құрылым – ұлттық мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік-
территорияларлық жүйені, олардың ерекшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттер бұл
элемент бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге
бөлінеді.
Тұтас мемлекеттер. Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді
және оған қол сұғуға болмайды делінген Конституцияның кіріспесінде (унус
деген сөз – бір, жалғыз деп лат. тілінен аударылады). Тұтас мемлекеттер тек
қана әкімшілік-жергілікті аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда
әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент
тағайындаған әкімдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға,
ауылдарға, селолар мен поселкілерге бөлінеді. Ал жергілікті өкілді органдар
маслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергілікті
әкімшілік-аймақтық бөліністердің құқықтары тең. Жергілікті атқару орган –
әкім.
Федерация. ( федус деген сөз – одақ деп лат. тілінен аударылады).
Құрама мемлекет бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет –
күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік
органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің
жеке органдары. Федерацияның субъектілері ішкі істерін ерікті өздері
шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік
болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір
мемлекет болуға тиіс. Бірақ тәжірибеде кейбір федерацияның субъектілері
өздері халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар еді, мысалы, СССР
(Украина мен Белорусия ООН мүшесі), Югославия, США, Канада. Көбіне олардың
тәуелсіздігі формальды түрінде қалғаны мәлім. Халықаралық құқық
федерацияның өкілі ретінде шарттарға орталық билік қолын қойғанын дұрыс
санайды.
Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы
жүйесі бәрі екіге бөлінеді. Федерацияның екі түрлері бар: ұлттық құрама
және жергілікті құрама. Біріншісіне бұрынғы КССО, Югославия, Ресей,
Үндістан жатады, ал екіншісіне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады. Олардың
мемлекеттік құрылысы тарихи дамуымен байланысты.
Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы
мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын.
Конфедерация – белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің
уақытша одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық
сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппаратты, сот және қаржы
жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың
жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бірнеше түрлері
кездеседі: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын,
бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын біріктірді. Вашингтон бұл федерацияны
қүмнан істелген арқан деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген
органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шешті: әскер, ақша, шет істер,
басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған еді. Германияда конфедерация
1815-1866 жылдары, Швейцарияда – 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958
жылы біріккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты.
Сонымен, конфедерацияда орталық биліктің шешімдері тек конфедерация
субъектінің мемлекеттік органдарына жайылады да, жеке адамдарға және
ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектілері халықаралық қарым-
қатынастардың субъектілері болып қала береді. Конфедерациялар өте әлсіз
және тұрақты емес.
Мемлекеттік нысанның соңғы элементі – саяси жүйе. Бұл жүйе деген сөзді
екі мағынада қолданады. Бірінші – саяси жүйені мемлекеттің бүкіл саяси
жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси жүйені тек мемлекеттің
қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси жүйені –
мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды
қолдану.
Саяси жүйе демократиялық және демократияға қарсы жүйелерге бөлінеді.
Саяси жүйенің мынандай түрлері болады: деспотиялық, аристократиялық,
шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік, формальды-
демократиялық, либералды-демократиялық, патерналистік, бонапартистік,
әскери, авторитарлық, тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық,
социалистік, пролетарлық және басқа түрлері. Саяси жүйелердің негізгі
бөлінуі: демократиялық және демократияға қарсы жүйелер.
Демократияға қарсы жүйелер. Халық басқару процесіне қатыспайтын және
оның еркімен санаспайтын жүйе осы түрлерге жатады. Фашистік жүйе.
(Болгария, Германия, Жапония, Италия). Халықгың саяси құкықтары шектеледі,
жалғыз партия мемлекеттік аппаратты басқарады және онымен біртұтас болады,
әскер, басқа құқық қорғау органдары күшейеді, мемлекеттің экономикасы және
сыртқы саясаты соғыспен байланысты болады. Әскери жүйе (Чили, Португалия)
мемлекеттік төңкеріс өткеннен кейін өкілеттік органдардың рөлі төмендеп,
әскер мемлекеттің негізгі, функциясын басып алады. Расистік жүйе осы
әдістердің бәрін тек қана бір ұлтқа немесе бірнеше ұлттарға қарсы
қолданады. Феодалдық мемлекеттерінің көбінде шіркеудің күшті жүйесі
құрылады. Шіркеу мемлекетпен қатар күшті рөл атқарады, ол монархтың таққа
отырғанына қатысады, мемлекеттік Кеңесте өзінің жеке орындарына ие болады,
оған қарсы істелген қылмыстарды өзі өте қатты жазалайды. Бұл араб
халифатының, Еуропа феодалдық мемлекеттерінің саяси режимдері. Авторитарлық
жүйелер бір адамның билігімен байланысты болады (Тито, Сталин, Чаушеску,
Кастро, Людовик ХІҮ, Наполеон).
Демократиялық жүйе. Бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген,
демократиялық әдістердің көбін мемлекет басқару процесінде қолданған жүйе.
Бірақ демократияның даму жолы өте ұзын, сондықтан демократиялық жүйесі
күшті дамыған мемлекеттер бар (Англия, Бельгия, Исландия), демократия
әдістері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттер (Қазақстан, Оңтүстік
Корея), т.б.
Сонымен, мемлекеттің сыртқы нысанын анықтау үшін біз үш элементтеріне
қорытынды түсінік беруге тиіспіз: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттік
құрылымының нысаны және саяси режим. Мысалы: Қазақстан президенттік тұтас
республика, демократиялық жүйесі қалыптасып жатқан дәрежеде. Германия
(1933) президенттік республика, федерация, фашистік жүйе. Англия – тұтас
парламенттік монархия, либералдық-демократиялық жүйе. АҚШ – федеративтік
президенттік республика, демократиялық жүйе. Араб халифаты – теократиялық
құрама монархия, діни саяси жүйе.
Саяси ғылымла өзінің ұзақ және тағлымдық тарихы бар құқықтық
мемлекеттің қалыптасу теориясы мен тәжірибесі жеткіліксіз зерттелген.
Құқықтық мемлекет идеясы ежелгі дүниеде туындады. Ежелгі Грекия
философтарының еңбектерінде азаматты саяси адам, коғам мүшесі деп есептеу
негізделген, сондықтан да он сол оның қоғамның заңдарын орындауға міндетті
екені көрсетілген. Қоғам ішінде адамның өз құықтары мен міндеттері болады.
Алайда, адамның қоғамға бағынуы онын тұлғасын басып жаншуға дейін жетпеуі
керек. Мемлекет қол астындағыларды занмен басқаруды басшылыққа алған
азаматтық өмірдің міндетті нормаларын орнатады.
Ежелгі Грекия философы Платон былай деп жазды: "Мен заңында күші жоқ
және біреудін билігінде болатын мемлекетті таяуда күйрейді деп ойлаймын.
Мен заң билеушілерге үстемдік еткен жерде, олар (билеушілер) оның құлы
болған кезде, мемлекет және оған кұдай сыйлаған қаншама игіліктер аман
калады деп есептеймін.
Көрнекті философтардың еңбектерінде құқықтық мемлекет идеясының жан-
жақты негізделгенін, оны құндылыкты мәні халық егемендігін биліктін қайнар
көзі ретінде бекітуінде, оның еркіндіктері мен құқықтарына кепілдік
беруінде, мемлекеттін коғамға бағынуында жатқанын айтуға тиіспіз. Құықтық
мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы ХҮІІІ ғасырдың соңы - XIX ғасырдын басында
қалыптасты. Құыққтық мемлекет ұғымы XIX ғасырдың бірінші жартысында неміс
ғалымдары К.Велькерт пен Р.Фон Мольдін еңбектерінде жазылып, еуропалық
әлебиеттерде толығымен орнықты.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру маңызды алғы шарттары – жеке меншік,
азаматтық қоғам және азаматтық сана сияқты әлеуметтік ерекше құбылыстар
болып табылады. Олардың әлеуметтік маңыздылығы бұлардың әр-қайсысының
дербестігімен, жеке-жеке өмір сүру фактісімен ғана анықталмайды, керісінше,
олардың өзара қимыл-әрекеті, әрбір элементтің бірін-бірі күшейтуімен және
соған тәуелділігімен анықталады. Жеке меншік қай уакытта тиімді болады,
егер де ол сенімді қорғалған болса ғана тиімді. Азаматтық қоғам алуан түрлі
қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербестігін, олардын автономиялы
болуын көздесе, бұл — мемлекеттік биліктін ішкі шектеушілігі болғанда және
онда адам құқығы алға койылғанда ғана мүмкін нәрсе. Азаматтық сана адам мен
мемлекеттің бір-бірімен қарым-катынасындағы өзара міндеттердің болуынан
көрінеді. Яғни тұлғанын мемлекетті әлеуметтік тәртіп пен жеке бастың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретінде қарастыруы мемлекеттің азамат
жағындағы және азаматтың мемлекет алдындағы өзара борыштарлық сезімімен
толыққанда ғана көрініс табады.
Құқықтық мемлекет — адамзат қоғамының гуманизм, әділдік, құқық теңдік,
демократияшылдық, сонымен қатар қайырымшылық тұлғаны құрметтеу, аяушылық
білдіру сияқты құндылықтары онын өлшем-бірліктері болып табылатын, құқық
үстемлік ететің құқық идеясы биік тұратын мемлекет. Әрине, дегенмен,
қайырымлылық және аяушылык білдіру құқықтын шенберінен шығып кетеді, ол
таза адамгершілік категориялары. Алайда, қоғамның құқықтық өмірі өзінін осы
қырынсыз өркениетті деп танылуы екі-талай.
Құқық демократиялық қоғамға нұқсан келтіретін және онын прогрессивті
дамуына кедергі жасайтын қайсыбір бассыздық, құқық бұзушылық басқа да
келенсіз құбылыстардын көріністеріне қарсы тұруға қабілетті. Ол тұлғанын
еркін дамуына ықпал етеді, өйткені, әлеуметтік еркіндік шаралары
көрінісінін ең жоарғы формасы алға шығады. Сондықтан құқықтық мемлекет
қоғамдық өмірдін ізгіліктік бастауларын нығайтуға шақыратын, бірлен бір
жоғары әлеуметтік құндылық болуымен катар, адамнын бостандығын, ар-намысын,
абыройын қамтамасыз ететін және корғайтын маңызды практикалық құрал.
Өзінін құқықтары және еркіндіктері бар адам құқықты басты және негізгі
субъектісі болып табылады. Кейде ғалымдар құқықты алып жүруші азамат емес,
мемлекет деген пікір айтып қалып жүр. Мұнымен келісу мүмкін емес. Калай
дегенмен де, мемлекет халықтын атынан сөйлеуші ғана. Өркениетті коғамда
мемлекет құқықтық саналып, тұлғанын құқығын және еркін корғайды. Адамнын
құқығы мен еркіндігі мемлекеттің үкіметтің берген тартуы (сыйы) емес,
керісінше, әрбір адамның, кез келген тұлғаның еркін ажырамайтын сапасы
(қасиеті). Халық — мемлекет пен үкімет және заң үшін өмір сүрмейді,
керісінше мемлекет пен үкімет және құқықтық заң халық үшін тірлік етеді.
Азаматтын құқығы мен бостандығын жариялау, оларды заңда бекіту маңызды.
Бірақ сол құқық пен бостандықты қамтамасыз ету одан да маңыздырақ. Адамның
құқығы мен бостандығына кепілдікті камтамасыз ету сол адамнын құқықтық
мемлекетте өмір сүріп жатқандығының айқын айғағы. Құқықтық мемлекет
құқықтың басымдығын, құқықтық заңнын бәрінен жоғарылығын, ұлттықтан
халықаралық құқықтың артықтығын, таптық, ұлттық, жергілікті шектелген
құндылықтардан жалпы адамзаттық құндылыктардың басымлығын үйғарады. Егер
халықаралық құқық осы құндылыктарды мойындап, бекіткен болса, онда мемлекет
өз ішінде қабылданған құқық нормаларын тек бекітумен шектеліп қалмай сөзсіз
оған кепілдік теберуі тиіс.
Құқықтық мемлекетті калыптастыру ұзаққа созылатын және күрделі үрдіс.
Ол саяси құрылымды қайта құруды, экономиканың, әлеуметтік-мәдени, рухани
өмірдің жана салада дамуын, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті мейлінше
арттыруды, құқыққа, құқықтық заңдарға құрметтеп қарауды көздейді. Мұндай
мемлекетте құқық органдары жазалаушы мекеме ғана емес, адамның құқығы мен
бостандғын, ар-намысын және абыройын қорғайтын әрекет етуші кұрал болып
табылады.
Соған байланысты құқықтық мемлекеттің теориялық және практикалық
маныздылығы және оның түпкі мақсаты — көпшілік саяси билікпен және құқықтың
субъектілері ретіндегі билікке бағыныштылардың арасындағы өзара қарым-
қатынастардың (құқық пен міндеттер) құқықтық формаларын және құқықтық
сипаттарын бекіту, барлық жеке адамдардың теңдігі мен еркіндігін,
азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындату және оған кепілдік беру.
Жалпы өткен мен қазіргі теориялық және практикалық тәжірибе көпшілік
саяси билікті ұйымдастыру мен оның қызметінін қажетті құқықтық формасы
ретінде және оның жеке адамдармен ерікті, тең құқықты, құқық субъектісі
ретіндегі өзара қарым-қатынасында құқықтық мемлекеттін құндылығын және
қайталанбас маңызлылығын дәлелдейді.
Сонымен қатар, әртүрлі елдерде құқықтық мемлекеттін ұйымдастырылуы мен
оның қызмет аткаруының нақтылы тәжірибесі бүгінгі құқықтық мемлекет
формаларының үлкен өзгешеліктерін оның әрбір түрінін айтарлықтай шеліктері
бар екендігін айғақтап отыр. Осыған орай құқықтық мемлекеттін пайда болуы -
адамзат өркениетінің жалпы демократиялық жеңісі болып табылатынын атап
айтуымыз керек.
Ғылыми әдебиеттерде құқықтық мемлекетке әртүрлі анықтамалар берілген.
Құқықтық мемлекеттің мәнін ашатын көзқарастардың молдығына қарамастан
белгілі қазақ заңтанушысы Қайрат Мәми "құқықтық мемлекет туралы көптеген
ілімдерден тікелей және жанама тыны - адами тұлға басты назарда бола
әдістті қоғамдық құрылысқа бәріне ортақ синтездеуші негіз болады деп дұрыс
бағамдайды (Мами К. Правовое государство: социальный идеал реальности,
Законодательство. 2003. №2. —С.47).
Құқытық мемлекеттін негізгі принциптері (белгілері) мұкият қарастыруды
талап ететін маңызды мәселелер болып табылады. Құқықтық мемлекеттін, біздің
көзқарасым бойынша, негізгі принциптеріне: құқықтық заңнын жоғарылығы:
қоғамдық өмірдін барлық саласында заңнын үстемдігі: тұлға еркіншгінің
бұлжымастығы; оның құықғы мен мүдделерінін, ар-намыс пен абыройдын
мызғымастығы; олардың мемлекет тарапынан қорғау және кепілдік беру;
мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі мен сенімі; биліктін заң шығару,
атқару және оны тармақтарына бөлінуі; заңның жүзеге асуын қадағалайтын
тиімді бақылау формалары саяды.
Құқықтық заңнын жоғарылығы принципі — қоғамдық өмірдің барлық
саласында заңның үстемдік етуі (ережесі) құқықтық мемлекетте пайда болатын
бүкіл экономикалық саяси, әлеуметтік, мәдени мәселелерді әрекет етуші
демократия. Конституция негізінде шешуді білдіреді.
Тұлға еркіндігі, оның құқықтары мен мүдделері, ар – намысы, абыройы
олардың мемлекет тарапынан қорғау және кепілдік беру принциптерінін
мызғымастығы басқа тұлғаларға қатысты тұлғаның еркі мен құқығын қорғаумен
қатар, қоғамға қатыстыны да қорғау болыл табылады. Адамның бостандығы мен
құқығы билік берген сый емес, бұл оған тұмысынан тиесілі. Адам қоғамның
мүшесі ретінде өз еркіндігі мен құқығы барлығын түсінсе, дәл солай ол
өзінін бағыныштылығын да ұғынуы керек. Бұл отбасылық, корпоративтік,
сословиялық бағынуды мемлекет қоғамда тәртіп пен тыныштықты сақтау
мақсатында шектемесе, ол керекті шекарадан асып, тұлғаны басып-жаншуға
дейін жетуі мүмкін.

1.2 Мемлекет қызметінің түсінігі, оның белгілері

Өткен тақырыптарда мемлекеттің пайда болуын, оның мазмұнын,
типологиясын, нысанын, әкімшілік-аймақтар құрылысын, саяси, әкімшілік
басқаруын жан-жақты қарастырып өттік. Бұның бәрі мемлекеттің статистикалық
көрінісі. Енді мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына,
нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін қалай
орындауына, қандай қызмет атқаруына назар аударайық. Осыларға толығырак,
тоқтап, түсінуіміз керек. Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің
функциясын құрады.
Функция – заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-
мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның
әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан
мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым
қалыптасады.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі –
функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы
қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және
уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау,
орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны ішкі және
сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер
дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін – мемлекеттік
аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган
құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты
қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең- сатылары: функция – орган –
аппарат – мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған
мүдде – мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге
болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және
қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет
функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-
тәсілінен айыра білуге болады;
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз
түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің
құзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз
түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясы орындалуының құқықтық
және ұйымдастырушылық тәсілдері болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке
бөлінеді: құқық шығармашылық, құқықты қолдану, орындау; құқықты қорғау.
Ұйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация, кредит, баға
т.б.); саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу,
халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.
Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты
қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан
қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының құқықтық нысаны дейді.
Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге
бөлінеді:
1) Нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;
2) Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.
Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:
1) Құқық шығармашылық;
2) Құқықты орындаушылық;
3) Құқықты қорғаушылық.
Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі – әкімшілік шарт
арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі
жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.
Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны
бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық,
ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т.б.
Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске
мемлекеттің ұйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру
қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік
орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл
қызметке нақты нормативтік актілердің қажеті жоқ.
Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:
- жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;
- мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;
- материалдык-техникалық операциялар жүргізу, баяндамалар, іс-
қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік актілерді басып шығару т.б.
құжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;
- әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;
- мемлекеттік органның тәжірибелерін жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының ой-
пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттік органның жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси
партияларды қатыстыруды ұйымдастыру.
- шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т.б. қызмет
істері.
Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет
атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл
туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен,
іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет
бірнеше категорияға бөлінеді:
а) Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды
орындау, заңды қорғау органдары).
б) Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар,
мамандар, техникалық персонал.
в) Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік
– билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді:
категория а Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары,
Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория б
бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері,
орынбасарлары; категория в екінші топтағы лауазымды тұлғалардың
орынбасарлары, көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке
тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс
жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі
мүдде-мақсаты – адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени,
экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың
мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-
қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.
Сонымен, мемлекеттің функциясы – қоғамды әлеуметтік басқарудағы
мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.
Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда
функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына қосып түсінік
береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып,
білуде өзгешілік кездеседі.
Біздің пікіріміз – функциянын өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны
мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау
дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың
мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.
Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп
бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама
түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің
шекарасы белгілі.

1.3 Мемлекет қызметінің түрлері

Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге
бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-
басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес
бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық
қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл
функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде
функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі
функциялары:
1. Экономикалық функция – мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі
стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін
көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:
бірінші – салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп,
басқару;
екінші – экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп, дамыту:
үшінші – ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру (бұл екі жақты
процесс);
төртінші – мемлекеттік өндірісті дамыту.
2. Әлеуметтік функция – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халытың
әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты –
адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас
адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты
көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты –
адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың
жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті
мөлшерде қаржы бөліп отыру.
3. Қаржы реттеу функциясы – қоғамдағы барлық азаматтардың,
бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін
реттеп, басқарып отыру. Бюджеттің (кірісі мен шығысын) дұрыс пайдалануын
қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады. Жергілікті
басқару аппараты өз бюджетінің дұрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді.
Шекарадан заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті мемлекеттік кеден
аппараты тексеріп, бақылап отырады.
4. Мәдениет бағытындағы функция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекет пен құқық теория негізі
Мамандықтың пәндер каталогы
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Құқықтың түсінігі және құқық туралы ілімдер
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
Құқықтың түсінігі және мазмұны
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Пәндер