Таукент қалашығының экологиялық жағдайы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.ТАРАУ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Қоршаған ортаның ластану себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Ауыр металдардың жинақталу ерекшеліктері мен тигізетін зардаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Зерттеу аймағының экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..7

ІІ. ТАРАУ. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.1. Ауыр металдарды анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2. Атомдық абсорбциялық спектрометрия әдісі ... ... ... ... ... ... ...9
2.3.Үлгілерді алу жолдары және оларды зерттеп талдауға дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.4. Өсімдіктер үлгісін дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.5. Топырақ үлгісін дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Су үлгісін дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Біздің заманымыздың осы кездегі уақытында өндіріс көздерінің,
транспорттың, ауыл- шаруашылығының химиялау, сонымен қатар урбанизация процесінің қарқындылығына байланысты планетамыздың тіршілік ортасы биосфераның ластануы өте күрделі мәселеге айналып отыр. Адамзат өзіне қажетті материалдарды өңдеуге байланысты алуан түрлі өндіріс көздерінің өндіріс күштері өте қуатты геохимиялық күшке айналды. Осы жағдайдың салдарынан биосфера элементтерінің қайта бөлініп таралуына әсерін тигізуде, бұл мәселе жиі түрде тірі организмдердің қатты улануына әкеліп соғып отыр.
М.М.Овчаренконың анықтауы бойынша металлургиялық өндіріс көздерінен жер бетіне жыл сайын 154690 т мыс, 121500 т мырыш, 89000 т қорғасын, 12000 т никель, 1500 т молибден, 765 т Кобальт, 30,5 т сынап, көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т сынап, 3600 т қорғасын,700т мырыш,3700 т никель, ал тек автотранспорттың өзін ғана есептейтін болсақ жер бетіне 260000 т қорғасын бөлініп шығады екен.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты атомдық – абсорбциялық әдісті ойдағыдай меңгеру арқылы Таукент қалашығының ауасының, топырақ, өсімдік, суының уранмен ластану деңгейлерін анықтау.
Міндеттері:
1. Әдісті ойдағыдай меңгеру.
2. Топырақ құрамындағы уран мөлшерін анықтау.
3. Өсімдіктер құрамындағы уран мөлшерін анықтау.
4. Судың құрамындағы уран мөлшерін анықтау.
5. Талдау жүргізіп қорытынды алу.
1.Панин М.Е. Формы соединений тяжелых металлов в почвах средней полосы Восточного Казахстана. Семипалатинск. 1999. 328с.
2. Овчаренко М.М. Тяжелые металлы в системе почва-растение-удобрение. // Химия в сельском х-ве. 1995. № 4.
3.Маршалл В. Основные опасности химического производства. М. Мир. 1989. 672 с.
4. Неменко Б.А. Цветные металлы в окружающей человека среде. // Здравоохранение Казахстана. 1985. 4-19 с.
5. Худолей В.В., Мизчеров И.В. Экологический опасные факторы. 1996. 186 с.
6. Антонов В.Б. Антропогенные экологические болезни. // Клиническая медицина. 1993. С. 20.
7. Сарницкая Н.А. Оценки роста влияния антропогенных химических загрязнений на здоровые население. Врачебное дело. 1995. С.

ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БОТАНИКА КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Таукент қалашығының экологиялық жағдайы

Орындаған:
Омарова Ж.Ш.

Ғылыми жетекшісі:
б.ғ.к.,доцент
Какимов Ж.Т.

Кафедра меңгерушісі:
Профессор
Айдосова С.С.

Алматы 2009ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3

І-ТАРАУ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Қоршаған ортаның ластану
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 5
1.2. Ауыр металдардың жинақталу ерекшеліктері мен тигізетін
зардаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 6
1.3. Зерттеу аймағының экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..7

ІІ- ТАРАУ. ЗЕРТТЕУ
ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.1. Ауыр металдарды анықтау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.2. Атомдық абсорбциялық спектрометрия әдісі ... ... ... ... ... ... ...9
2.3.Үлгілерді алу жолдары және оларды зерттеп талдауға
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..10
2.4. Өсімдіктер үлгісін
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.5. Топырақ үлгісін
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Су үлгісін
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.11

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..11

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..12

КІРІСПЕ

Біздің заманымыздың осы кездегі уақытында өндіріс көздерінің,
транспорттың, ауыл- шаруашылығының химиялау, сонымен қатар урбанизация
процесінің қарқындылығына байланысты планетамыздың тіршілік ортасы
биосфераның ластануы өте күрделі мәселеге айналып отыр. Адамзат өзіне
қажетті материалдарды өңдеуге байланысты алуан түрлі өндіріс көздерінің
өндіріс күштері өте қуатты геохимиялық күшке айналды. Осы жағдайдың
салдарынан биосфера элементтерінің қайта бөлініп таралуына әсерін тигізуде,
бұл мәселе жиі түрде тірі организмдердің қатты улануына әкеліп соғып отыр.
М.М.Овчаренконың анықтауы бойынша металлургиялық өндіріс көздерінен
жер бетіне жыл сайын 154690 т мыс, 121500 т мырыш, 89000 т қорғасын, 12000
т никель, 1500 т молибден, 765 т Кобальт, 30,5 т сынап, көмір және мұнай
өнімдерін жағудан 1600 т сынап, 3600 т қорғасын,700т мырыш,3700 т никель,
ал тек автотранспорттың өзін ғана есептейтін болсақ жер бетіне 260000 т
қорғасын бөлініп шығады екен.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты атомдық – абсорбциялық әдісті
ойдағыдай меңгеру арқылы Таукент қалашығының ауасының, топырақ, өсімдік,
суының уранмен ластану деңгейлерін анықтау.
Міндеттері:
1. Әдісті ойдағыдай меңгеру.
2. Топырақ құрамындағы уран мөлшерін анықтау.
3. Өсімдіктер құрамындағы уран мөлшерін анықтау.
4. Судың құрамындағы уран мөлшерін анықтау.
5. Талдау жүргізіп қорытынды алу.

І- ТАРАУ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.
1.1. Қоршаған ортаның ластану себептері

Қазір ғылыми – техникалық үдеу заманынында адам қоғамының барлық
тірлігі саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз.
Мұндай жағдай әсіресе біздің табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген
енжарлығымыздан, немқұрайды қарауымыздан анық байқалады.
Өндіріс орындарынан бөлінетін экотоксиканттар материологиялық
фактордың әсерінен атмосферада, суда және топырақта кең таралып тірі
организмдердің тіршілік әрекетіне кері әсер етуде.
Зиянды қалдық заттардың қоршаған ортаға түсуі, жиналуы мен миграциясын
зерттеу олардың тірі организмдерге әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде барлық табиғи ортада бақыланып отыратын ластаушы химиялық
заттардың негізінің бірі – ауыр металдар. Бұл бір жағынан металдардың
биологиялық активтілігіне байланысты. Сонымен қатар олар органикалық
қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейді, биохимиялық айналымға
түскенде ұзақ сақталады.
Қазақстан аумағында қоршаған ортаға тұрақты ластағыш көздерден жылына
5 млн. тонна әртүрлі ластағыш заттар бөлініп шығады. Бұлардың ішінде
қорғасын мен мышяктың қосындысы 2000 тоннадан, мыс тотықтары 1,8 мың
тоннадан, 11 мың тоннадан артық қаркүйе және мыңдағангаз қоспалары (
күкірт, азот, көміртегі тотықтары және органикалық газ).
Ауа, топырақ, су – биосфераның ерекше компоненттері болып саналады.
Алуан түрлі ластаушы заттардың басым көпшілігі осы үш компанентке барып
қосылады. Олар алдымен ауаның құрамына араласып, ауа арқылы топырақ бетіне
және су бөліктерін ластайды, яғни топырақ құрамына енген ластаушы заттар
немесе суға қосылған заттар тізбек бойынша өсімдіктерге, одан жануарларға,
сонан кейін адам денсаулығына орасан қауіп туғызары анық. Демек осы
ластаушы заттардың ішіндегі ең қауіптісі химиялық ауыр металдар болып
саналады. Топырақ – табиғи дене, ол ауыр металдардың жинақталатын негізгі
бөлігі. Ауыр металдар осы топырақта жинақталып, өсімдіктер арқылы жануалар,
одан қоректік тізбектің шынында тұрған адам организміне қоректік тізбек
арқылы 40- 45% -ке дейін өтеді, су арқылы 20-40% ауамен тыныс алу арқылы 20-
40%.
Қоршаған ортаның жалпы ластануы, оның ішінде ауыр металдармен ластану
деңгейі кейінгі он жылдықтарда жоғарылап кетті.
Автокөліктерден бөлініп щыққан газдардың бір бөлігі ауа арқылы топырақ
бетіне түсіп жауын- шашын арқылы сіңген зиянды қоспа өсімдіктердің
тамырлары бойымен су арқылы оның бойына тарап, ұлпалық клеткаоарға енеді.
Негізгі жинақталатын бөлігі ол өсімдіктердің жапырағы.
Өсімдіктер елді – мекен орындарының экологиялық жай- күйін жақсы
сезетін индикатор есебінде бола алады.

1.2. Ауыр металдардың жинқталу ерекшеліктері мен
тигізетін зардаптары.

Жоғарыда айтылғандай ауыр металдардың негізгі шығып таралу көздері
автотранспорт, металл өндіру заводтары, химиялық заводтар, кен байыту
комбинаттары, көмір жағатын электро станциялар, түрлі – түсті және қара
металлургия кәсіпорындары, қалдық заттарды жағу, пайдалы қазбаларды шығарып
алу т.б. Жалпы организмдер құрамында тұрақты болып тұратын 47 химиялық
элемент бар. Олар тірі массаның 0,4 – тен 0,6% - ке дейінгі аралықты
құрайды. Мұқият зерттелген элементтер қатарына мыс, кобальт, марганец, иод,
молибден, селен, фтор, стронций, бор, кадмий, ванадий т.б.
Микроэлементтер – биогендік химиялық элементтер, өсімдіктердің даму
процесінде катализаторлық роль атқарады, әсіресе азот сіңіруде және
фотосинтез процесі кезінде.
Макроэлементтердің адам организмінде де орасан зор маңызы бар.
Адамның қанының құрамына 24 элемент кіреді. Әйел адамның емшек сүтіне 30
элемент кіреді. Негзінен олар: мыс, мырыш, кобальт, кремний, мышьяк т.б.
Бұл аталған микроэлементтер организмде кері әсер туғызбайтын және олардың
өсіп - өнуіне, дамуына жақсы ықпал жасайтын тұрақты мөлшерде болады.
Бұлардың кері әсері мысалы: мырыш, кадмий, қорғасын, кобальт, сынап, мыс
секілді элементтер шамадан, яғни ПДК (шекті зиянсыз мөлшері) – дан артып
кеткен шамада тие бастайды, яғни улы ауыр металдар көбінесе адам – жануар
организмдеріне тыныс алу органдары, асқазан – ішек арқылы суда жақсы еритін
тотықтар мен тұздар түрінде енеді.
Автомобильдің бөліп шығарған газдарында 200 заттардың қоспасы бар,
құрамында көмірсутектер, жанбаған немесе толық жанбаған отын кампоненттері,
көміртек тотығы, көмір қышқыл газы т.б сонымен қатар өткір тітіркендіргіш
иісі бар альдегидтер де бар. Көміртек тотығы қанның гемоглобинімен қосылып
организм ұлпаларына оттегіні таратуға кедергі жасайды. Қорғасынмен улану
симптомы осыдан 2000 жыл бұрын анықталып жазылған, рудадан қорғасынды
балқытып алу кезінде. Оның уыттылығын мынадай жағдайлардан білуге болады:
егер адам күн сайын қорғасынды өте аз мөлшерде қабылдап отырған жағдайда
біршама уақыттан соң артқы ішектің қатуы, жүректің шаншып ауруы байқалады,
ұрпақ дамыту қабілеттілігі, түсік тастау, ұрықтың өлуі т.б. пайда болады.
Уран ауаға көп мөлшерде таралса онда да халық арсында осындай жағдайлар жиі
орын алуы мүмкін. Өйткені уран өте улы химиялық зат.

1.4. Зерттеу аймағының экологиялық жағдайы
Зерттелетін аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Таукент
қалашығы.Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану
коэффициенті 0,1- 0,05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-
150мм – дей. Күні бұлтсыз, ыстық, орташа жылдық температура 9,2ºС; қаңтарда
– 7,6ºС; шілдеде – 26,0ºС. Жерге тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында
ылғал түседі. Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезеңі
өтеді: алғашқысы қыстың суық және жаздың құрғақ кезеңінде өтеді. Өсімдіктер
де табиғаттың осындай қысымшылығына бейімделген. Онда өсетін негізгі
өсімдіктер тобына: жусан, сирек шығатын бұташалар,сексеуіл жатады. Бұл
аймақ негізінде мал жаюға, егін егуге қолайлы аймақ. Оңтүстігі таумен
шектескен. Солтүстігінде қалашықтан 20км қашықтықта уран өндіру кәсіпорыны
орналасқан.
Уранды “Таукент тау – химиялық кәсіпорыны” өндіреді. Кәсіпорынның
құрамына “Қанжуған” және “Мойынқұм” кеніштері және химиялық –
металлургиялық аффинаждау зауыты кіреді:
Уран өндіру өндірісі “Қанжуған” және “Мойынқұм” кеніштерінде
жерасты ұңғылап шаймалау әдісімен уран кенін өндірумен және “Мойынқұм”
кенішінде өнімді ерітінділерден уранды ионалмастырғыш шайырға сорбциялаумен
айналысады.
Химиялық – металлургиялық зауыты. Құрамы: аффинаждау цехы –
дсорбаттан табиғи уранның тотығын – шала тотығын алу цехы және өнімді
ерітінділерді өңдеу учаскесі (ӨЕӨУ). ӨЕӨУ “Қанжуған” кенішіндегі
ерітінділерден уранды ионалмастырғыш шайырға сорбциялау арқылы өзіндегі
және “Мойынқұм” кенішіндегі шайырды десорбциялап тауарлық десорбаттан
табиғи уранның химиялық концентратын тұндырумен айналысады.
“Қанжуған” және “Мойынқұм” кеніштерінде өнім алу жерасты ұңғылап
шаймалау әдісінің барынша дамыған түрімен жүргізіледі, бұл өз кезегінде
қоршаған орта жағдайын ескеруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын қоршаған ортаны қорғауды аса қатаң тәртіпте сақтайды.
Қоршаған ортаны бақылау үздіксіз жүргізіледі. Ластану орын алған жағдайда
ол тез арада жойылып, төмен радиоактивті қалдықтар көміледі. Бұл
жұмыстардың барлығы келісілген регламентке сай жүргізіледі.
Кәсіпорында Оңтүстік Қазақстан облыстық СЭС және ҚР экология және
биоресурстар Министрлігімен келісілген жобаға сай салынған төмен
радиоактивті қалдықтар көмуге арналған арнайы көмбе бар. Кәсіпорында
өндірістік нысандардағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары
ҚАЗАТОМПРОМ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының экологиялық жағдайына баға беру, аймақтың экологиялық жағдайының тәуекел факторларын және оны басқаруды талдау
Компьютерлік кабельдер
Кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін ескерткіш таңдау
Жанкент қалашығындағы археологиялық зерттеулер
Кен орнының геологиясы
Цррл пролеттерін есептеу
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
Пәндер