Несие жүйесі туралы



I. Кіріспе

1. Несие жүиесін құрудың принциптері
2. Заңды тұлғаларды несиелеудің шет ел тәжірибесі
3. Заңды тұлғаларды несиелеудегі проблемалар
Банктердің несиелері экономиканы инвестициялық ресурстармен қанағаттандырудың басты көздерінің бірі. Ресурс базасының жалғасқан интенсивті өсуі арқасында еліміздің банк секторының кредиттік белсенділігі айтарлықтай жоғары деңгейді ұстап тұр. 2003-2006 жылдар аралығы кезеңіндегі несие берешегі көлемінің өзгеру динамикасы келесі кестеде көрсетілген.
Соңғы төрт жылдағы несие берешегі өзгерістерінің талдамасы несиелеу көлемінің айтарлықтай ұлғайғанын көрсетіп отыр. Егер 01.08.05 жылмен салыстырғанда көлемі 54,4%-ға өскен болса, онда 2003 жылдың осы күнімен салыстырғанда көлемі 5,3 есе ұлғайған. Берілген кесте өткен жылғымен салыстырғанда 55,5 %-ға 2003 жылмен салыстырғанда 5,6 есеге ұлғайған ұзақ мерзімді кредиттеу көлемін басып озу қарқынын үрдісін растайды. Соңғы жылдардағы қысқа мерзімді кредиттердің үлес салмағының төмендеуі екінші деңгңйдегі банктердің кредит саясатындағы өң өзгерістерін растайды. Олар ұзақ мерзімді несие ресурстарын ең алдымен кәсіпорындардың негізгі қорларды сатып алуына және ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға бағыттайды.
01.08.06 жылғы жағдай бойынша берілген заемдардың жалпы құрылымында теңгемен берілген несиенің үлес салмағы 71.4 %-ды (127919.7 млн теңгені) құраған. Өткен жылдың осы күнімен салыстырғанда осы көрсеткіш 2.9 %-ға ұлғайған (көлем 60%-ға ұлғайған). ЕАВ да берілген несиенің үлес салмағы 01.08.06 жылы 28.6%-ды (51171.6 млн. теңгені) құрады. 01.08.01 жылмен салыстырғанда көлем 38.9%-ға өскен. Елдің валюта нарығында АҚШ доллары бағамының үнемі төмендеу үрдісі тиісінше ЕАВ да берілген несие көлемінің өсуіне алып келді.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

I. Кіріспе

1. Несие жүиесін құрудың принциптері
2. Заңды тұлғаларды несиелеудің шет ел тәжірибесі
3. Заңды тұлғаларды несиелеудегі проблемалар

Кіріспе

Банктердің несиелері экономиканы инвестициялық ресурстармен
қанағаттандырудың басты көздерінің бірі. Ресурс базасының жалғасқан
интенсивті өсуі арқасында еліміздің банк секторының кредиттік белсенділігі
айтарлықтай жоғары деңгейді ұстап тұр. 2003-2006 жылдар аралығы кезеңіндегі
несие берешегі көлемінің өзгеру динамикасы келесі кестеде көрсетілген.

Валюта мезімдері мен түрлері бойынша несие берешегінің құрылымы.

2003 жылғы2004 жылғы2005 жылғы2006 жылғы
1 тамызға 1 тамызға 1 тамызға 1 тамызға
Барлық несие олардың ішінде
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
Заңды тұлғаларға берілгені
Жеке тұлғаларға берілгені

Соңғы төрт жылдағы несие берешегі өзгерістерінің талдамасы несиелеу
көлемінің айтарлықтай ұлғайғанын көрсетіп отыр. Егер 01.08.05 жылмен
салыстырғанда көлемі 54,4%-ға өскен болса, онда 2003 жылдың осы күнімен
салыстырғанда көлемі 5,3 есе ұлғайған. Берілген кесте өткен жылғымен
салыстырғанда 55,5 %-ға 2003 жылмен салыстырғанда 5,6 есеге ұлғайған ұзақ
мерзімді кредиттеу көлемін басып озу қарқынын үрдісін растайды. Соңғы
жылдардағы қысқа мерзімді кредиттердің үлес салмағының төмендеуі екінші
деңгңйдегі банктердің кредит саясатындағы өң өзгерістерін растайды. Олар
ұзақ мерзімді несие ресурстарын ең алдымен кәсіпорындардың негізгі қорларды
сатып алуына және ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға бағыттайды.
01.08.06 жылғы жағдай бойынша берілген заемдардың жалпы құрылымында
теңгемен берілген несиенің үлес салмағы 71.4 %-ды (127919.7 млн теңгені)
құраған. Өткен жылдың осы күнімен салыстырғанда осы көрсеткіш 2.9 %-ға
ұлғайған (көлем 60%-ға ұлғайған). ЕАВ да берілген несиенің үлес салмағы
01.08.06 жылы 28.6%-ды (51171.6 млн. теңгені) құрады. 01.08.01 жылмен
салыстырғанда көлем 38.9%-ға өскен. Елдің валюта нарығында АҚШ доллары
бағамының үнемі төмендеу үрдісі тиісінше ЕАВ да берілген несие көлемінің
өсуіне алып келді.
Еліміздің банк жүйесінің пайыздық саясаты заңды және жеке тұлғалар
бойынша ұлттық валютамен де ЕАВ да орташа алынған сыйақы ставкасының
төмендеуімен сипатталады. 01.08.2006 жылғы несиелер бойынша орташа алынған
сыйақы ставкасы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: ұлттық валюта мен
қысқа мерзімді несиелер бойынша-15.3% (01.08.05 жылға-15.9%). ЕАВ да қысқа
мерзімді несиелер бойынша 12.7%-ға (01.08.05 жылға-13.1%). Тиісінше ұлттық
валютамен ұзақ мерзімді несиелер бойынша 01.08.06-21.2% (01.08.05 жылға-
22%) -15.7% (01.08.05 жылға 16.3 %). Пайыздық ставкалардың төмендеуі облыс
банктері Қазақстан Республикасының банктерінен ғана емес, сонымен бірге шет
ел банктерінен қарызға алатын (бұл Республикамыздың банк жүйесіне шетелдік
әріптестер тарапынан жоғары сенімділігін білдіреді). қымбат емес қосымша
ақша ресурстарын тарту үшін елдегі банктерінің ыңғайлы несие саясатын
жүргізуі арқасында болып отыр.

1 . Несие жүиесін құрудың принциптері.

Несие жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі негізінде белгіленген
принциптер жатыр. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде оларды
былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік
монополия, банктік есмес институттармен үйлестіре отырып, банк жүйесінің
екі деңгңейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша несие саясатының біртұтастығы,
несиелік мекемелер желісін барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына
жақындату, мемелекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемелекеттің банктердің құрылуы
мен жойылуын бағалау, банктік операцияларды жүргізу ретін және ережелерін
заңды бекітуінің айрықша құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк
Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және
банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізеді. Ұлттық банк
рұқсатты беру кезінде орындалатын банктік операциялардың шеңберін
анықтайды.
Нарықтық экономиканың ерекшеліктері банктік емес мекемелермен олардың
компаниялары, несиелік одақтары, зейнетақы қорлары, ақша нарығының өзара
қорларымен үйлескен әртүрлі деңгейдегі банктік жүйенің қажеттілігін талап
етеді. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтың жинақтарын жұмылдыруға
және оларды ипотекалық тұтыну кредитіне қолдануға мамнданады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының
Орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі
болып табылады.
Банк ісінің әлемдік тәжірибесі мынаны көрсетеді, яғни барлық елдердегі
несиелік институттардан Орталық банктер бөлініп шығады, олар елдің бүкіл
несие жүйесін басқаруда басты рольді атқарады.
Олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіктерге
байланысты айқындалады. Банктердің банк қызметтерін, ақша несие эмиссиясын
жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық, яғни екінші
деңгейлі банктердің қызметін әкімшілік бақылау және оларға шынайы
экономикалық ықпал ету құқықтарын иеленеді.
Коммерциялық банктер несиелік саясатты жүргізуде және өз клиенттеріне
әр алуан қызметтерді көрсетуде толық дербестік алған.
Нарықтық экономикада банктік емес институттарды құрмайынша кез келген
елдің несиелік жүйесі аяқталмаған болып саналады. Халықтың салымдарын толық
тарту және өзгермелі нарықтық экономиканың сұраныстарын толық
қанағаттандыру мүддесін осы институттарды құруды талап етеді, олар
оганикалық тұрғыда несие жүйесін толықтырады, оны байыта түседі,
экономикадағы өзгерістерге өте икемді әрі сезімтал етеді.
Экономиканы басқара отырып мемлекет ортақ ақша несие саясатын
жүргізеді, оның маңызды құралы болып Ұлттық банк табылады. Бұл принцип
айналымдағы ақша массасын реттеу арқылы ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрақтылығын қамтамассыз ету, ақша несие саясаты, жалпы экономикалық саясат
және оның әлемдік экономикаға интеграциялануы саласында республиканың
мүдделерін қорғау үшін қажет болады.
Несие жүйесін құрудың басты принципі несие мекемелерінің желісін
барынша дамыту және оларға барлық ақша операцияларын шоғырландыру, яғни
шаруашылық буындардың бос ақша құралдарын банктерде сақтау, есеп
айырысыларды қолма қолсыз түрде жүргізу.
Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 385 бөлімшесі мен филивлдары бар 34
банк орналасқан.
Барлық ақша айналымының несие жүйесінде шоғырлануы несиелік
ресурстарды бір арнаға жинауға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды
бағыттауғмүмкіндік береді.
Мемлекеттің валюталық монополия принципіне үлкен мән беріледі.
Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу жөніндегі заңында былай
делінген: Қазақстан Республикасының Президенті және министрлер кабинеті өз
құзіреті шеңберінде осы заңның ережелеріне қарама қайшы келмейтін валюталық
реттеу саласындағы нормативтік актілерді қабылдайды. Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасындағы валюталық
реттеудің негізгі органы болып табылады.
Валюталық реттеу түсінігіне нормативтік актілерді жасау, ақпаратты
жинау, валюталық заңнаманың сақталуын және оны бұзған тұлғаларға қатысты
санкциялардың қолданылуын қадағалау кіреді. Ұлттық банк валюталық реттеу
қызметтерін жүзеге асырады.
Бұл принцип елдің туелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталық
резервтердің жинақталу құралы және ақша айналымын басқа елдердің
валюталарының ықпалынан сенімді қорғаушы.
Орталық банктің автономиясы егеменді елдеодің заңнамасымен,
Қазақстанда ҚР ның Ұлттық банкі жөніндегі заңмен бекітілген.
Банктер оперативтік банктік қыметпен байланысқан шешімдерді қабылдау
кезінде биліктің үкіметтік және атқарушы органдарына тәуелсіз болады.
Ұлттық банк Қазақстан Републикасы парламентіне және Президентіне ғана
есеп береді.
Істің мән жайы мынада, яғни бүкіл республиканың ұзақ мерзімдік
мүдделерін қорғаышы ретіндегі Ұлттық банктің мүдделері үкіметтің қысқа
мерзімді мүдделерімен сәйкес келмеуі мүмкін; үкімет мемлекеттік бюджеттің
тапшылығы кезінде Ұлттық банктің кредиттік ресурстарын тапшылықты жою үшін
қолдануға тырысады, ол ақша айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның
өрістеуіне ықпал етеді.
Орталық банк елднгі ақша несие саясатының жүргізілуіне толығымен жауап
береді. Өз ретінде, ақша несие саясаты бүкіл экономиканың мемлекеттік
реттелуінің негізін құрайды. Сондықтан да, ақша несие саясатын автономды
жүргізу қол жеткізбей, республикадағы тиімді нарықтық экономика жөнінде сөз
болуы мүмкін емес.
Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекеттің
иелігінде, бірақ та акционер ретінде коммерциялық банктер есептеледі. Олар
да орталық банктер атқарушы органдерға тәуелсіз парламентке ғана есеп
береді.
Орталық банктердің автономиясы Германияда, АҚШ та заңды түрде
бекітілген. Германияның банк жүйесі жөніндегі заңында былай делінген, яғни
орталық банк өз саясатын үкіметпен үилестіруі тиіс, бірақ та егер үкімет
талаптары тұрақты ақша айналымын қолдау мақсаттарына қарама қайшы келетін
болса, онда банк ол талаптарды орындауға міндетті емес. Ол канцлерге де,
федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк жөніндегі заңға
бағынады.
Біздің еліміздегі және шет елдегі несие жүйесінің автономдығының
едәуір дәрежесі экономиканың қалыпты дамуын қамтамассыз ету мақсатында ақша
несие және валюталық тұрақтылықты қолдау сияқты міндетінен туындайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің үкіметтен салыстырмалы
тәуелсіздігінің негізгі белгісі бұл бюджетке қатысты сұрақты шешу.
Мемлекеттік қаржылар және банк жүйесін заңды түрде шектеудің, яғни Ұлттық
банк қаржысын үкіметтің пайдалану мүмкіндігін шектеудің маңыздылығы зор.
Президенттің заң күші бар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
жөніндегі Жарлығында былай жазылған: Жүргізілетін мемлекеттік ақша несие
саясатының тиімділігін және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің әрекет
етуін қамтаамассыз ету мақсатында осы Заңға сәйкес Ұлттық банк:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
Несие жүйесінің экономикалық мәні және маңызы
Ақша саясаты
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері
Несие –ақша қатынастарын қалыптастыру
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы
Қазақстан Республикасында несиелеу жүйесін дамыту
Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы
Несие жүйесі жайында
Пәндер