ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына байланысты Қазақстанның экономикалық жағдайының өзгеруі



Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
І тарау. ХІХ ғасырдың І . жартысындағы Қазақстаннның саяси жағдайы.
1.1. Бөкей хандығының құрылуы және оның саяси жағдайы
1.2. Қоқан хандығының қазақ жеріне шабуылы

ІІ тарау. ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына байланысты Қазақстанның экономикалық жағдайының өзгеруі.
2.1. Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына қазақ халқының әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы
2.2. Бөкей ордасындағы Жәңгір хан саясатына қарсы қарапайым халық толқулары

ІІІ. Қорытынды

IV. Сілтемер

V. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Қазқастанның Ресеймен бірігуі аяқталып, қазақ елі жалпы Ресейлік қоғамдық еңбек бейнесіне ене бастады.
Почта , жол қатынасының адмуы, сауданың, экономиклық байланыстың орнығуы іске асты.
Қазақ елі негізінен мал өсіруші өлке болды. Егін егу шаруашылық айналымына енді – енді еніп келе жатты. ХІХ ғасырдың 30 – 60 жылдарында Қазақстанда не бары 29 мың десятина егін егілді. Оның 14 мың батыс Қазақстан аумағында болды, да қалғаны елдің басқа аудандарында еді. Егіншілік халықтың аралас шаруашылық жүргізуі себебіне дамыды. Жартылай көшпелі өмір сүріп мал өсіретін шаруалардың бір бөлігі көктем шыға жер жыртып, тұқым сеуіп, тырмалап егінді қарайтын адам қалдырып, жайлауға көшетін, сосын егін жинауға оралатын.
Қазақтар барлық аулау, тұз өндіру, аңшылық істерімен де ойласты де айналысты мол, оң терілерін, құс мамығын өңдеп сатуды жолға қойып, ұста зергерлік кәсіп өтетін қазақтар аз болған жоқ.
Қазақстанда шикізаттың мол қоры болды. ХІХ ғасырдың ортасына қарай көптеген кенорындары ашылып, мыс, қорғасын, күміс, көмір өндіру қлға алынды. Кен балқытатын, өндіретін кәсіпорындар салына бастады.
Қазақ жерінде тауар ақша қатынастары бірден - бірге дами берді. Оған жәрмеңкелік сауда жасаудың зор ықпалы тиді. Қазақстанда Қызылжар, Сейем, Ақтөбе, Көкшетау, Гурьев, Орал, сондай - ақ көрші Ресей губерниялары Омбы, Қорған, Түмен, Орынбор, Төменгі Новгорд қалалары ірі сауда орталықтарына айналған оларда жазда және күзгі кездерде жәрмеңкелер жұмыс істеді. Қазақтсан орыс кәсіпшілігі үшін мал, шикізат жеткізуші әрі өндіріс өнімдерінің тұтынушысы еді. Қазақтар жәрмеңкелер мен айырас пунктері не қой, жылқы, ұсақ және ірі қара мал мен май былғары, тері, елтірі ешкі жүнін, арқан астық жеткізді. Ресейден шұға, қағаз, қант,бояулар, жабйы аңдардың қымбат, шайын, ине алтын және күміс теңгелер алды. Сауда негізінен айырбас ретінде жүрді. Баға өлшемі үш жасар қойдың құны сом күміске теңеліп, сол бойынша басқа тауарларға тиісті баға қойылды.
Сілтемелер
1.Материалы по истории политического строя Казахстана, т. 1. А., 1960, 67 б.
2.Вяткин М. П. Көрсетілген еңбегі, 227-б.
3. Материалы по истории Казахской ССР, т. IV, 87-б.
4.Бұл да сонда, 487-б.
5. Бұл да сонда, 114-б.
6. Бұл да сонда, 10 -б.
7. Бұл да сонда, 92-95, 102-103-б.
8. Бұлдасонда, 104-105-б.
9. Материалы по истории Казахской ССР. М.-Л., т. IV, 98-б.
10. Бұл да сонда, 137-б.
11. Бұл да сонда, 137-б.
12. История Казахской ССР, т. III, А., 122-6.
13. Вяткин М. П. Көрсетілген енбегі, 1947, 294-б.
14. Материалы по истории Казахской ССР. т. IV, 138-6. ™ Вяткин М. П. Көрсстілген еңбегі, 321-б.
15.Досмұхамедұлы X. Таңдамалы. А., 1998. 52-б.
16. Вяткин М. П. Корсетілген еңбегі, 358-б.
17. Шахматов В. Ф. Внутренняя орда и восстание Исатая Тайманова. А., 1946, 19-б.
18. Евреинов А. Вмутрснняя, или Букеевская, киргиз-казачья орда// Современник, 1851, № 10, 51-б; Медведский Т Внутренняя киргизская орда,
19. Вяткин М. П. Очсрки по истории Казахской ССР, 217, 242-б.
20. Шахматов В. Ф. Внутрснняя орда и восстание Исатая Тайманова, 8-б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
І тарау. ХІХ ғасырдың І - жартысындағы Қазақстаннның саяси
жағдайы.
1. Бөкей хандығының құрылуы және оның саяси жағдайы
2. Қоқан хандығының қазақ жеріне шабуылы

ІІ тарау. ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей өкіметінің
отаршылдық саясатына байланысты Қазақстанның экономикалық
жағдайының өзгеруі.
2.1. Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына қазақ халқының
әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы
2.2. Бөкей ордасындағы Жәңгір хан саясатына қарсы қарапайым
халық толқулары

ІІІ. Қорытынды
IV. Сілтемер
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Қазқастанның
Ресеймен бірігуі аяқталып, қазақ елі жалпы Ресейлік қоғамдық
еңбек бейнесіне ене бастады.
Почта , жол қатынасының адмуы, сауданың, экономиклық
байланыстың орнығуы іске асты.
Қазақ елі негізінен мал өсіруші өлке болды. Егін егу
шаруашылық айналымына енді – енді еніп келе жатты. ХІХ
ғасырдың 30 – 60 жылдарында Қазақстанда не бары 29 мың
десятина егін егілді. Оның 14 мың батыс Қазақстан аумағында
болды, да қалғаны елдің басқа аудандарында еді. Егіншілік
халықтың аралас шаруашылық жүргізуі себебіне дамыды.
Жартылай көшпелі өмір сүріп мал өсіретін шаруалардың бір
бөлігі көктем шыға жер жыртып, тұқым сеуіп, тырмалап
егінді қарайтын адам қалдырып, жайлауға көшетін, сосын егін
жинауға оралатын.
Қазақтар барлық аулау, тұз өндіру, аңшылық істерімен де
ойласты де айналысты мол, оң терілерін, құс мамығын өңдеп
сатуды жолға қойып, ұста зергерлік кәсіп өтетін қазақтар аз
болған жоқ.
Қазақстанда шикізаттың мол қоры болды. ХІХ ғасырдың
ортасына қарай көптеген кенорындары ашылып, мыс, қорғасын,
күміс, көмір өндіру қлға алынды. Кен балқытатын, өндіретін
кәсіпорындар салына бастады.
Қазақ жерінде тауар ақша қатынастары бірден - бірге дами
берді. Оған жәрмеңкелік сауда жасаудың зор ықпалы тиді.
Қазақстанда Қызылжар, Сейем, Ақтөбе, Көкшетау, Гурьев, Орал, сондай
- ақ көрші Ресей губерниялары Омбы, Қорған, Түмен, Орынбор, Төменгі
Новгорд қалалары ірі сауда орталықтарына айналған оларда
жазда және күзгі кездерде жәрмеңкелер жұмыс істеді.
Қазақтсан орыс кәсіпшілігі үшін мал, шикізат жеткізуші әрі
өндіріс өнімдерінің тұтынушысы еді. Қазақтар жәрмеңкелер мен
айырас пунктері не қой, жылқы, ұсақ және ірі қара мал
мен май былғары, тері, елтірі ешкі жүнін, арқан астық жеткізді.
Ресейден шұға, қағаз, қант,бояулар, жабйы аңдардың қымбат, шайын,
ине алтын және күміс теңгелер алды. Сауда негізінен
айырбас ретінде жүрді. Баға өлшемі үш жасар қойдың құны
сом күміске теңеліп, сол бойынша басқа тауарларға тиісті
баға қойылды.

І тарау. ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақстаннның саяси
жағдайы.
1.1.Бөкей хандығының құрылуы және оның экономикалық саяси жағдайы.
Кіші жүзде шаруашылықтың құлдырауы, жердің таршылығы 1801 жылы Бөкей
немесе Ішкі Орданың құрылуына әкелді, ол Жайық және Еділ өзеңдерінің
төменгі ағысында пайда болды. Бұл аймақ Ресей құжаттарында XVIII ғасырдың
аяына дейін Астрахань даласы деп аталды. Мұнда кешпелілердің тұрақтары аз
болды, онда көбінесе Астрахань татарлары, қалмақ және қазақтар тұрды. Жеке
қазак қоныстары және шаруа дворлары Жайық өзені мен теңіз жағалауын бойлай
орналасты. ХVШ ғасырдың соңында жердің тарылуына қазақтардың екі өзен
аралығындағы ежелгі қоныстарына қызығуы күшейді. Ертеде қысқы мерзімде тек
сұлтандардың жылқы үйірлерін өткізсе, енді Сырым Датұлының көтерілісін
басып тастағаннан кейін көшу процесін бақылау қиын болды. Үкімет қазақ
көшпелі ауылдарының талаптарына құлақ алып, ішкі территорияға көшуге рұқсат
берді, өйткені бұл жерлер 1771 ж Еділ қалмақтары Жокғарияға қашқаннан
кейін бос қалған еді. Ресей осы арқылы Кіші Жүздегі әлеуметгік күрестің
шиеленісін басуды ойлады. Қазақтардың екі озйн аралығына тұрақты қоныстану
ниеті патшалықтың отарлау саясатына сейкес келді, ол Кіші жүз күшін
әлсіретті, қазақтың жарты бөлігін Ресейге толық бағындырды жөне қазақтардан
салық алып, сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндік берді.
"Бөкей сұлтанның ішкі жаққа көшуі, оған ықпал еткен мәселе көптеген патша
шенеуніктерінің достык кеңестері еді" деп жазды сол кездегі бір куәгер,
және осы туралы ағасы Шығайдың жазбаларына қарағанда "1801 жылы Астраханның
уақытша губернаторы Кнорэинг Астрахан шекара (кардон) бастығы Попов арқылы
менің ағам Бөкей Нұралыұлына Жайықтың ішкі жағына біржолата ресей
бодандығына өтуге ұсыныс жасады. Осы кездесуден кейін Бөкей хан мені және
басқа да сұлтан тұқымынан ағайындарын ертіп өзімізге бағынышты 10 мың үйлі
қазақты ертіп, бүкіл мал мен дүние-мүлкімізді алып ішкі жаққа коштік".
Саяси тұрғыдан бұл орда ерекше иелік ретінде 1812 жылы бекітілді. Осы
жылы Кіші жүзде де хан болып Шерғазы сұлтан сайланса, ал Ішкі Ордада -Бөкей
сұлтан болды. 1815 жылы Бөкей хан өлгеннен кейін, Жәңгір кәмелеттік жасқа
келмегендіктен, орданы Шығай сұлтан биледі. Жәңгір Астраханьда
тәрбиеленді, губернатор үйінде орналасты. 1824 жылы 24 шілдеде Орал
қаласывда Орынбор шекаралық басқармасының қатысуымен Жеңгір хан болып
жарияланды.
Әлеуметтік-экономикалық дамудағы өзгерістер. Жайықтың оң жағасына көшіп
барған қазакауылдары мен руларының шаруашылық қалпы,тұрмыс салты,
дәстүрлері мен әдет-ғұрпы жөнінен Кіші жүздегі ағайындарынан еш
айырмашылығы болған жоқ. Олардың көпшілік бөлігі көшпелі малшылар болып
кала берді, егіншілікпен құм арасындағы шағын жазиралы учаскелерде ғана
айналысты. Орданың негізі қаланған бастапқы кезең осылай болды. Бірақ уақыт
өте келе жаңа орында олардың дәстүрлі тіршілік болмысының сипаты біршама
өзгерді және Жайықтың арғы бетіндегі казақтардың өмірінен айқын ерекшелене
бастады.
Ішкі орда барлық жағынан Астрахан, Саратов, Орынбор губернияларының
жерлерімен, Жайық бойындағы бекіністі әскери шеппен, солтүстік Каспий өңірі
бойындағы балық кәсіпшілігі аймағымен шектесіп жатты. Ол жинақы және шағын
хандық болды, оның аумағы шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және
солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жатты. Жайылым
алаптарының шектеулілігі орда құрылуының ең басынан-ақ дәтүрлі кеңістік
бойынша игеру әдістерініңорнына, оларды интенсивті игеру проблемасын алға
койды.
Патша үкіметі Ішкі Орданы басқару және отарлық қамқорлықтың пайдасы
мағынасында алғанда Қазақ даласының үлгілі аймағы етпекші болды.
Ішкі Ордада жер қатынастары саласында жеке және өзіндік меншіктің
феодалдық институттарын нығайту үрдісі жүрді. Олар қоғамда барған сайын зор
маңызға ие болып, дербес құқықтық мәртебе алды. Егер Казақстанның көшпелі
аудандарында жерді басып алу, әдете, жергілікті шонжарлардың бастамасы
бойынша, байлыктың солардың қолына шоғырлануы салдарынан болса және
жайылымға жеке-дара меншік іс жүзінде солардың иелігімен сырттай қосылып,
сыртқы ұжымдылық белгілерін жоғалтпай, көшпелі-ауылдық кауым шеңберінде
болуын жалғастыра берсе, Ішкі Ордада XIX ғасырдың екінші ширегінен бастап,
учаскелерді шонжарлар мен ауқатты шаруалардың меншігіне беру жоғарғы жақтың
— хан билігінің бастамасымен жүзеге асырылды. Бұл жаппай және жалпы
құбылысқа айналды. 1830-1845 жылдар ішінде Жәнгірхан жерді жеке меншік
иеленуге 1517 акті берді. Жер қатынастарының негізіне айналған жерге жеке
меншік жүйесі осылайша пайда болды және казақ қоғамында жер пайдаланудың
қауымдық-рулық принципіне осылайша соққы берілді. Ханның туыстары,
сұлтандар, билер, ақсақалдар, мырзалар және бай мал иелері бірнеше алқапты
немесе су көздері бар кеңалкапты иелене алатын болды. Мәсе-лен,
Жәңгірханның жеке өзінің иелігіндегі жер 400 мың десятинаға жетті. Хан
өзінің бауыры Мендікерей Бөкейхановка 400 мың десятина жайылымды қалапты
бекітіп берді, Балқы би Кұдайбергеновке көлемі 300 мың десятина болатын
алқапты иеленуге рұқсат ететін грамота табыс етті. Хандықтың бүкіл жер
алабының 85 пайызы осындай 25—30 әулеттің иелігінде болды.
Ішкі Ордада жер иеленушілер иерархиясы қалыптасты. Олардыңең ірісі
ханныңезі болды, бұл иерархияның төменгі сатысында қысқы қыстауға арналған
шағын жер үлесі бар, өзі жерінде тұратын шонжарларға толық дерлік тәуелді
шаруа тұрды.
Бірінші кезекте, қысқы қыстауға және малдың тебіндеп жайылуына жарамды
алаптар, сондай-ақ шөп шабылатын жерлер бөлініске түсті. Кысқы қыстауларда
тұрғын үйлер салынды, олардың көбі жер төле және жартылай жертеле түрінде
болатын. Ордада болған Т. Медведский былай деп жазған: шеп шабатын алап
жөнінде қазақтарда қауымдық иелік жоқ әрбір әулет өзіне шөп шабуға біржола
бөлінген ұлтарақтай жерді пайдаланады. Сондык-тан бұл әулет өзіне нашар
немесе бай үлес тигеніне қарамастан, сонда тұрактап қалады.
Біршама аумақты жазғы жайылымдар кішкене учаскелерге бөлшектелмеді. Олар
аумағы үлкен алқаптарымен рулық ұжымдардың басшыларына, хан Кеңесінің
мүшелеріне, билерге және жекелеген ірі байларға бекітіліп берілді.
Жайылымдардың шаруашылық жағынан құны мейлінше татымсыз бөлігі ұжымдық
алаптарға жатқызылды.
Хан билігіне бірінші кезекте феодалдардың мүдделерін қамтамасыз етуге
бағытталған жаңа аграрлық саясат көшпелі ұжымдар ішінде де, тұтас алғанда,
қоғам ауқымында да әлеуметтік қатынастар мен жіктелу үрдісін тереңдетіп,
шиеленістіре түсті. Ақысын төлеп немесе жұмысын істеп беріп, бәтен жерде
көшіп жүретін жерсіз отбасылар мен ауылдар санаты пайда болды. Ұлтарақ-тай
жерді иеленетін, бірақ құдықтары мен су көздері жоқ, сондықтан бай
көршілерінің ауылдарына бекітіліп берілген шаруа үйлері көбейді. Жер
сауда, қиянат жасау және даулы істер объектісіне айналды. Бұл саясаттан
ханның төңірегіндегілер мен жергілікті шонжарлар ұтып отырды. Еңбекші
халықтың негізгі бұқарасы жер таршылығы мен ауыр қанаудың қыспағына түсті.
Жәңгір ханның өз айтуына қарағанда 6-7 мың отбасының, яғни халықтың 13
бөлігінің жері болмаған, сондықтан олардың көбі оны көршілес орыс
губерниялары мен жер иелерінен, Каспийдің балықаулаушы кәсіпшілерінен жалға
алуға мәжбүр болған."
Ордада сауданыңдамуына үш фактор: а) ауылдардың шаруашылық жағынан нығаюы
мен тауар-ақша катынастарының таралуы; ә) ханның көтермелеу саясаты; б)
Ішкі Орданың орыс саудагерлері мен басқа да саудагерлер үшін географиялық
жағынан қолайлы орналасуы, сондай-ақ олар үшін ордадағы сауда
операцияларының ерекше пайдалылығы себепші болды. Жәңгір хан жат жерлік
тауарлар үшін баж төмен төленетін сауда белгілеп, орданың әртүрлі
жерлерінде олар үшін маусымдық жәрмеңкелер мен сауда пункттерін құрып қана
қойған жоқ, сонымен қатар жат жерлік көпестердің мүдделерін қамтамасыз
етуге өз капиталымен де қатысып отырды. Атап айтқанда оныңезі жасаған сауда
ережелерінде мыналар көзделді: Сауда жасаушының капиталын қамтамасыз ету
үшін, ол (хан) өзіне бағынышты ордалықпен көпестің алдын ала жасасқан
мәмілесі бойынша, ордалықтың нақты малы немесе ақшасы болмаған жағдайда,
көпеске өз кепілдігімен қолхат беруге міндеттенеді. Егер қазақ мерзімді
уақытында төлеуге келмесе, ешқандай сөзбұйдаға салмай хан төлейді.
Өкіметорындарының көтермелеу саясаты, далада сауда жүргізудің қолайлылығы
мен тиімділігі ордағатауарларымен адамдарды көп мөлшерде тартты. Хан ордасы
жанында 1846 жылы өткізілген бір көктемгі жәрмеңкенін езіне ғана 1183
саудагер келді, ал олардың арасында II және III гильдияның 87 көпесі болды.
Келесі 1847 жылы олардыңсаны 1500 адамға жетті. Бұл жәрмеңкенің көлемді
болғаны сонша, онын аумағында саудагерлер салған 300-ге жуық тұрақты дүкен
жұмыс істеді.
Ішкі Орда Ресей үшін малды және мал шаруашылығы шикізатын ірі жеткізіп
берушіге айналды. Мануфактура департаментінің журналдық жазбасына
қарағанда, 1827 жылы Ішкі Ордадан 400 мындай қой, 3 мың жылқы және мал
шаруашылығының жалпы мөлшері 2925 сом болатын әртүрлі өнімдері жөнелтілген.
Бөкейдің баласы, хан тағына 1824 жылы отырған Жәңгір патша
әкімшілігінің толық қолдауына сүйене отырып, қоғам өмірі мен халық
тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ дәстүрлі жергілікті басқару
жүйесін белсенді түрде қайта құра бастады. Ол көшпелілердің отырықшылануын,
олардың хуторлар салуын, шөп шабуын және далада ағаш өсіруді, малдың
жергілікті тұқымдарын жақсартуды және ауыл шаруашылық саймандар өкелуді,
мектептер, училищелер, мешіттер ашуды және ауылдарда молдалар санының
өсуін, сауданы және төрешілдік басқару нысанына көшуді көтермелеп отырды.
Ол патшалық өкімет орындары мен жергілікті қазақ шонжарларының мүдделерін
жаңа әдістермен біріктіруге күш салды.
1827 жылы Жәңгір хан Нарын құмындағы Жаскұс алқабында тұрақты хан ордасы
құрылатыны туралы және орданы осы орталықтан басқарғысы келетіні туралы
хабарлады. 10 жыл ішінде онда ағаштан 40 үй, ал 1846 жылға қарай 89 үй
салынды. 1841 жылы ол Торғын өзенінде жазғы орданың негізін салды. Бес
жылдан кейін онда ағаштан салынған 9 үй болды. Ханнан үлгі алып, сондай-ақ
оның нұсқауымен сұлтандар, билер мен ақсақалдар үй салып ала бастады;
шаруалардың жекелеген топтары да өздеріне жертөле салып алды. XIX ғасырдың
40-жылдарының аяғына карай орданың әр түрлі жерлерінде халықтың үштен
бірінің кысқы тұрғын үйлері болды.
Патшаның жеке нұсқауымен 1829 жылы қазыналық зауыттардан ордаға 20 айғыр
бөлінді. Жәңгір хан нақ сонша асыл тұқымды Кавказдан алдырды. 15 жыддан
кейін жергілікті жылқының жаксартылған тұқымының саны 30 мыңға жетті.
Оларды Дон және Орал қазақ әскерлеріне беріп отырды.
Медреселер және ауылдарда бастауыш мектептер салу, балаларды Астраханға,
Саратов пен Казанға, Орынбордағы арнайы Ішкі Орданың балалары үшін 10 орын
бөлінген Неплюев кадет корпусына оқуға жіберу Жәңгір саясатының бір
белігіне айналды.
Жөңгірдің қызметі, бұрын айтылып келгеніндей, оншама бір жақты болмағанын
мойындау керек. Еуропа өркениетін жақтаушы болған Жәңгір оның элементтерін
қазақтардың дәстүрлі ортасына енгізуге ұмтылды. Әлеуметтік-экономикалық
тұрғыдан алғанда, ол Ішкі Ордаға (Бөкей Ордасына), көп жағынан Ресейдің
орталық аудандарындағы феодалдық катынастар жүйесін көшіріп ала отырып,
феодалдық тәртіптер орнатты. Аймақтың қоғамдық саяси және мәдени өмірінде
де Жәңгірдің басқару құрылымын күшейту жөніндегі шараларды іске асыруы
нәтижесінде өзгерістер, мысалы, жер-жерде іс жүргізуді енгізу, тіпті өзінің
мұрағат қызметін құру сияқты өзгерістер пайда бола бастады. Жәңгір ханның
кезінде еуропалык үлгідегі алғашқы мектептер пайда болды, мұның өзі сол
кездегі Қазақстан үшін елеулі жаңалықтар еді.
Алайда бұл жаңалықтардың бәрінде терең жөне берік коғамдық-саяси негіз
болмады. Тұтас алғанда, Ішкі Орданың (Бөкей Ордасының) бүкіл халқы хан мен
оның төңірегіндегілер тарапынан, ал сонымен бірге патша әкімшілігі
тарапынан да аяусыз каналып жатты. Сондықтан XIX ғасырдың 30-жылдарының
орта шенінде – ақ елеулі саяси дағдарыс пісіп-жетіліп, Исатай Тайманов пен
Махамбет Өтемісов басшылық өткен белгілі көтеріліске ұласты, оның
идеологиясы дәстүрлі қоғамдық құрылыстың мүдделерін қорғауға негізделді.
Жәңгірдің әдістері саяси және қоғамдық құрылыстың негіздерін қозғамайтын
жаңалықтарды күштеу шараларымен енгізуге құрылды. Оларта бысты бола
алмайтын еді, өйткені Ресейдің өзінде XIX ғасырдың бірінші жартысында
самодержавиелік-крепостниктік құрылыс негізінде капиталистік жаңалықтарды
енгізуге нәтижесіз әрекеттер жүргізілген болатын.
Саяси құрылыс. Орынбордың әскери губернаторы Волконский сұлтандардың
үлкені, парасатты, тәжірибелі және жоғары мәртебелі монархтағына берілген
деп сипаттаған Бөкей сұлтан 1812 жылғы 7 шілдеде Орал қаласына жақын жерде
Орынбор әкімшілігінің жоғары шенділері және көптеген дала шонжарлары
қатысқан салтанатты жағдайда ресми түрде Бөкей Ордасының хандығына
көтерілді. Оның сол кезге дейін атқарып келген нақты жағдайы заң жүзінде
ресімделді. 1815 жылы өлген Бекей хан ханның тағын өз баласы Жәңгірге өсиет
етіп қалдырды, ал ол көмелетке толғанға дейін орданы уакытша басқаруды
өзінің туған інісі Шығай сұлтанға тапсырды. 1823 жылғы 22 маусымда патша
Жәңгірді Ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға кол қойды, ал 1824
жылғы 26 маусымда Оралда ертедегі рәсім сақтала отырып, патшалық өкімет
орындарының бақылауымен ол хан болып жарияланып, 20 жылдан астам уақыт
билік етті.
Бөкей Ордасы патша үкіметіне тәуелді және оның бақылауында болды. Ішкі
саясаттың негізгі мөселелерін хан Орынбор әкімшілігімен бірлесе отырып
дайындады. Мұраға қалдырылатын хан билітін, біржағынан, ру-басылар мен
билер, екінші жағынан, патша үкіметінің қарулы отряды құрылды. Ханның ішкі
істерді басқаруда едәуір еркіндігі мен бастамасы болды. Қаржы-салық
саясаты, жер пайдалану тәртібін белгілеу, аумақтық-рулық баскару және
халықтың шаруашылық құрылысы мәселелері ханның міндетіне кірді.
Ішкі Орданың саяси тарихында XIX ғасырдың екінші ширегінен басталатын
кезең едәуір ерекше. Хан билігі әлсіз, дамымай қалып, кәп жағынан
жергілікті бай-сұлтан топтарының қолдауымен анықталған бай-сұлтан басқару
жүйесі билеушілердің отарлық бағындырудың және каржы-салық саяса-тының жаңа
міндеттеріне сай келуден қалды, сөйтіп Жәңгір тұсында төрешілдік басқару
нысанымен ауыстырылды. Сол арқылы дәстүрлі қазақ қоғамына жаңалықтар, рас,
табиғи жолмен емес, күштеу әдістерімен енгізіле бастады.
Рубасыларын ханға жақын және оған адал адамдардың арасынан патша
әкімшілігінің тағайындауы жиілей түсті. Мысалы,егер 1827 жылы ұшрудағы
байбақты, ноғай және беріш руларындағы 34 старшынның үшеуі ғана хан
билігімен тағайындалса, 1845 жылы осы рулардың барлық дерлік бөлімшелерінің
басында жарлық старшындары тұрды. Жергілікті феодалдардың сот құқығы
шектелді. Сотбилігі негізіненханның, хан Кеңесінің мүшелері — билердің және
хан депутаттары — сұлтандардың қолына шоғырландырылды. Жергілікті рубасылар
мен ақсақалдар кішігірім даулы істерді қарады, әдетте олар татуласумен
аяқталатын. Өз қалауы бойыншахан ұсақ-түйек істерді де ру бастықтарының
карауынан алып отырды. Бұрынғы би қазылығының аясы шектелді, ал олардың
кейбіреулері сол кезде-ак мемлекеттік қызмет нысанына көшкен еді. Халыкқа
алымдар белгілеу құқығы да жергілікті феодаддардың қарауынан алынды.
Рубасылар мен ақсақалдардың міндеттері киындады: есеп беру енгізілді,
олар жайылымдық алаптарды жалға алу кезінде, пішен сатып алу, мал көтерме
саудасы кезінде рудың немесе бөлімшенің мүдделерін білдірді, халыктан
орталық билік белгілеген алымдар — зекет, соғым жинады, жекелеген ауыл.
Бірінші кезең Қоқанның Қазақстан мен көршілес Қырғызстанда аумақтарды басып
алуының барынша етек алуымен, жаулап алынған жерлерде әкімшілік бақылау
орнатуымен сипатталады. Бұл саясатты жүргізуде Омар ханның жеке құлы,
Читрилде туған, 1816 жылдан 1841 жылға дейін (азын-аулақ үзілістермен)
Ташкенттен қазақ даласын басқарған, құсбеті деген де атағы бар Лашкар
беклербегі (Гулам шах деген де сол) зор рөл атқарды. Соның бастамасымен Сыр
өңірі аудандарында Ақмешіт, Шолақ (Қазаклы Жүлек), Созақ бекіністері
салынды. Өзбек тарихшысы Ю. А. Соколовтың деректері бойынша, Қазақстан мен
Қырғызстанда қоқан бекіністерін салудың хронологиясы мынадай: 1813 ж. —
Бұхараның бұрынғы Жанғы бекінісі, Сырдарияның сол жағасында, Куандария
өзенінің бас жағына жақын; 1815 ж. — ол Сырдарияның оң жағасына көшірілді
және, сіре, Ақмешіт атауын сол кезде алса керек; 1814ж. — Шолаққорған
(Каратаудың солтүстік беткейінде орналасқан); 1815—1820 жылдары –
Сырдарияның оң жағалауындағы Күмісқорған, Жанақорған, Жүлек, ал Сарысудың
оңтүстік ағысында — Жаманқорған; 1821 ж. — Талас өзенінде Әулиеата;
Кырғызстанның солтүстігіндегі Нарын өзенінде Кетпентөбе; 1822 ж. - оңтүстік-
шығыс Кырғызстандағы Куршаба өзенінде (Гульгиге жақын) Қызылқорған-, Алай
алқабында (оңтүстік Кырғызстан) Дарауытқорған; 1825 ж. — солтүстік
Кырғызстанда Шу өзенінің бойында кырғыз жотасына жакын жердегі бекіністер:
Мерке, Пішпек,Токмақ, Атбашы; 1830ж. — Тянь-Шаньдағы Сонкөл көліауданындағы
Жунгал; 1830—32 ж. - Нарын өзеніндегі, ағысы бойынша Кетпентөбеден
жоғарырақта Кұртка. Бұл тізбеге батыстағы ең шеткі форпост болған,
Ақмешіттен 160 шақырым жерде орналасқан Күмісқорғанды, сондай-ақ Жаңақорған
бекінісін косуға болады. Бұған қоса, Шудың жағасында, оған Карағаты
өзенінің құйылысынан жоғарырақта Иткешу бекінісі орналасты. Сонымен қокан
билігі Қазақстанда Хиуаш ең аралық бекеттерімен жанасуға дейін жетіп,
батысына да (Жетісуға жетіп), шығысына датаралды.
Оңтүстік Қазақстанға Қоқан билеушілері ғана емес, сонымен қатар олармен
бақталас болған Бұхара және Хиуа феодалдары қызығушылық көрсетті. Жоғарыда
айтылған оқиғалардан көрініп отырғанындай, Қазақстанның Сыр өңірі
аудандарында Бұхара өмірлері қоқан хандарына әлсіз қарсылас болды. Мәселе
мынада: географиялық жағынан Бұхара Орта Азия мемлекеттері арасында өзекті
жағдай алды, оның күштері неғұрлым келешегі зор басқа бағыттарға үнемі
тартылып отырды. Сондықтан Казақстанның оңтүстігінде белсенді саясат
жүргізуге мүмкіндігі шектеулі болған бұхара билеушілері өздерінің Коқан мен
Хиуаға қарсы күрестегі табиғи одақтастары ретінде қазақ сұлтандарына ара-
тұра қолдау керсетіп отыруды жөн көрді.
Кейбір деректер Бұхараның қазақ даласына экспансиясының ерекшеліктерін
ашып береді. Бұхараның Тарихи Әмір Хайдар деген хроникасында XIX ғасырдың
басында Түркістанды иеленген қазақ сұлтандары - Ибраһим сұлтан мен Қасым
сұлтанның кезінде Бұхара әмірі Шах Мұраттың (1785-1800 жылдары билік еткен)
мұриттері болғанына емеурін жасалған, мистикаға қызығушылық танытқан Шах
Мұратты құрметтеушілер сол үшін оны Шахи масум (Күнәсіз шах) деп атаған
еді. Оның баласы және мирасқоры Әмір Хайдар (1800—1826) кезінен оның қазақ
билеушісі Харун-Ғази ханға (Арынғазы да сол, төменіректен қараңыз) түркі
тіліндегі хаты жеткен, онда әмірдің оған Шир Ғазы ханмен бірге өз
өкелерінің орнында тұтас бір нәрсенің екі жартысы сияқты билік етсін деген
тілекпен хан атағын бергені және [әмірдің] рақымды қолы оларды басынан
сипап отыратыны көрсетіледі. Әмір Хайдар басқа бір хатында қазақтар мен
қарақалпақтардың билері мен ақсақалдарына сөзін арнап, оларға Мырза
Мұхаммед Жүсіп пен оның серіктеріне, олар әмірдің Түркия мен Ресейге
елшілері болғандықтан, кедергі жасамауды тапсырады.
Ру сұлтандары мен ақсақалдары жанында іс-қағаз жүргізушілер мен дін
жолына бастаушылардың міндеттерін коса атқарған молдалар болды. Олардың
кейбіреулері хан кеңсесімен және ауылдар арасында байланыс жасау үшін
шабармандар және кызметкерлер ұстады.
Жәңгір хан өз билігін бұрынғы қазақхандары билігінің жалғасы деп санады.
Алайда ол мазмұны мен нысаны жағынан олардан көп жағынан ерекше болатын.
Ордадағы әкімшілік, сот және құқықтық билік хан қолына шоғырландырылды.
Хан өз билігімен рулар мен бөлімшелерге қоныстарды бекітіп берді, жерді
феодалдардың билігіне бөліп берді, бекітіліп қойылған жеручаскелерін екінің
бірінде қайта бөліп отырды, шонжарлардың жекелеген санаттарын (сұлтандарды,
қожаларды, ақсақалдарды, тархандарды және молдаларды) жалпы
міндеткерліктерді атқарудан босатты. Хан билігі көрсеткен кызметі үшін
тархан дәрежесіне көтеру, офицер шенін беруге ұсыну, медальдармен, сый
шекпенмен және т.б. марапаттау сияқты көтермелеу шараларын едәуір кең
пайдаланды. Осының бәрі жергілікті феодалдардың вассалдық катынастарын
нығайтты. Хан үкімдік молдалардан бастап хан Кеңесінің мүшелеріне
дейінгілердің бәрін өзі тағайындап отырды. Олартек соның өзіне ғана
бағынды. Хан өз қалауымен оларды басқаларымен ауыстыра алатын.
Ішкі жағдайлартұрғысынан алғанда, хан билігі қандай да болсын басқа бір
ұйымның алдында жауапты болмады. Хан Кеңесі кеңесші органнан жоғары
кетерілмеді, бұрын үлкен өкілеттіктері болған ақсақалдар съезі сирек
құбылысқа айналды. Кей-кейде шақырылатын съездерде барлық феодалдар үшін,
бүкіл орда үшін мәні бар қандай да бір маңызды мәселелер талкыланбады.
Олар, әдетте, патша үкіметінің қысымымен қатысушыларды ханның айтқанынан
шықпауға мәжбүр ету үшін шақырылатын.
Жөңгірхан тұсында басқару әдістеріде басқаша болды. Егер қазақтың бұрынғы
хандарының тұрақты ордасы болмай, көшпелілерді өзі де көшіп жүріп басқарса,
ол хан әкімшілігінің тұрақты орталығын құрды. Оның жанынан ерекше басқару
аппараты құрылды. Хан жанында сұлтандар арасынан 10 хан депутаттары деп
аталатындар болды. Бұл депутаттар орыс қыстақтарымен шектес рулардың
қоныстарына жіберіліп отырды және олар істе орыстар мен қазақтар болған
кезде шекаралық өкімет орындарының өкілдері жүргізетін тергеулерге қатысуға
тиіс болды және бұл орайда қазақтардың мүдделерін білдірді. Оларға
ханныңтапсырмасы бойынша жергілікті жерлердегі жекелеген дауларды қарау
тапсырылды. Олардың алымдар бойынша төленбеген бөлігін өндіріп алу кезінде
мәжбүрлеуге де билігі болды, кейде оларға неғұрлым кең өкілеттіктер де
берілді. Мәселен, Медет Шөкин сұлтан құжаттарда өзен шебінде ханның барлық
істер бойынша депутаты деп аталады. Ол өз қалауы бойынша кінәлілерді
қарауылмен ұстай алатын еді. Оның старшындарға өкімі Медет Шөкин
сұлтанның аса қатаңталабы ретіңде беріледі. Басқа бір құжаттан ханның
депутаты Әділ Бекейханов сұлтанның Жайықтың арғы бетінен қазақтардың ішкі
жақка өтуіне басшылық еткені көрінеді.
1827 жылы құрылған хан Кеңесі 12 биден — әрбір ру басқармасынан бір-
бір биден тұрды. Олардың кейбіреулері сұлтандармен тең құқықта руларды
басқарды. Олар тіпті Жәңгір ханнан өздеріне бүкіл орда бойынша жауапкерден
қарызды өндіруге құқық беруді сұрады. Хан Кеңесінің мүшелері отбасыларымен
және малымен тұрақты тұруға хан ордасына көшіп келді және сол арқылы олар
шынына келгенде, хан аппаратының шылауына айналды.
Оған қоса, хан жанында оның арнаулы тапсырмаларын орындау үшін жасаулдар
ретінде 12 старшын, сондай-ақ базар сұлтандары болды. Соңғыларының
міндетіне баж жинау (орда ішінде), қазақтардың мүдделерін білдіру (ордадан
тыс жерде), сауда орындарындағы тәртіпті қадағалау жатты.
Ханның жанында татар бөлімі мен жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды.
Бірінші бөлім негізінен орда ішіндегі, ал екіншісі – шекаралық өкімет
орындарымен қатынас кағаздар ісін меңгерді. Оның жанында арнаулы тергеуші
де болды.
Бұрынғы сұлтан-би басқару жүйесін орталық өкімет жанындағы ұйымдасқан
төрешілдік басқару аппаратымен ауыстыруды көшпелі мал шаруашылығы
нысандарының, бұл ішінара орын алса да, өзгеруі емес, қайта негізінен
алғанда, қазақ қоғамында үстемдік еткен феодалдық таптың басқару қызметінін
күрделенуі керек етті және ол қазаққоғамында патшалықөкімет орындарының
мүдделерін неғұрлым батыл қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты болды.
Ханбилігінің және оның фискалдық міндетінің күшеюі қабаттасып отырған
басқаруды қайта ұйымдастыру шенеуніктік жүгенсіздіктің жаңа нысандарын
туғызды және дәстүрлі қауымдық-ауылдық ұжымдар институттарын шектеуге әкеп
соқты. Төрешілдік аппараттың өсуіне қарай халыққа салық салу ауқымы ұлғая
түсті.
Жәңгірхан 1845 жылы қайтыс болды. Бұл туралы хабаралған I Николай патша
өз қолымен: Тым өкінішті, ол өте-мөте адал берілген адам еді, - деп
жазған. Сол кезге қарай Қазакстанның барлық бөліктерінде хан билігі
жойылған еді. Үкіметтік топтарда Ішкі Ордада да хан билігі қалпына
келтірілмейтін болып шешілді. Оны басқару орыс шенеунігі басқарған уақытша
кенеске көшті.
1.2. Қоқан хандығының қазақ жеріне шабуылы.
Қоқан хандығының билеушілерін қазақ даласын жаулап алу үшін баруға
итермелеген не? Жоғарыда атап өтілгендей, Әлім бек пен оның
төңірегіндегілерді қазынаны жаңа олжа көздерімен толықтыруға ұмтылыс жаулап
алушылық жорықтарға итермеледі. Осы арқылы ол бұрынғы өзбек шонжарлары
мен негізінен таулық тәжіктер (XIX ғасырда олар тәжік этнонимімен
көрсетілді) қатарынан құрылған жаңа әскер (бұл жауынгерлер гала-
баһадүрлер деп атала бастады) арасындағы бақталастықты жұмсартып, олардың
мүдделерін жаңа облыстарды басып алу мен отарлау үшін біріктіруге де
ұмтылды. Қоқан әскерлерінің Ұратөбе ауданында Бұхара өмірінің күштерімен
қақтығысуы қоқандықтардың батысқа қарай ілгерілеуін тоқтатып, олардың
экспансиясының бағытын ғана өзгертті.
Отырыкшы-егіншілікті Мауараннахрдың көшпелі шет аймағы ретіндегі
-Қазақстанның оңтүстігін жаулап алу қоқан феодалдарына бай жазираларға ие
болуды бермесе де, оныңесесіне мал енімдерінің түсуімен қоса, олардың Орта
Азияны Ресеймен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Қазақстанның солтүстік – батысында Ресей билігінің күшеюі (XVІІІ – ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі)
Патша үкіметіне қарсы Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
19-20 ғасырдағы Қазақстан баспасөзі
Қазақстан жаңа заман тарихы
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері
Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыру:мақсаты, әдісі, салдары
Қазақстанның Ресей құрамына енуі. Оқу құралы
Пәндер