Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру



Мазмұны.

Кіріспе

I.бөлім. Шағын және орта бизнесті несиелеудің орны мен маңыздылығы.
1.1. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің кажеттіліктері мен маңыздылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің жолдарының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеудiң алғышарттары ... ..16

II.бөлім. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру.
2.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын
II.деңгейдегi коммерциялық банктердiң несиелендіру процесiн
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2. Қазақстандағы микрокредит ұйымдарының дамуы және бизнестің
дамуына өз үлесін қосуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.3. Қазіргі кезеңдегі шағын және орта бизнеске несиені тартудағы
кездесетін мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

III.бөлім. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіру мәселелерін реттеу.
3.1. Шағын және орта бизнесті несиелендіру.жетістікке жету жолдарының кепілдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
3.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің аймақтық деңгейдегі даму мәселелерін реттеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
3.3. Шағын және орта бинесті несиелендірудегі мәселелерді мемлекттің бақылауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70

Қорытынды

Әдеби оқулықтар тізімі

Қосымша
Кіріспе.

Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақты дамуына, ең алдымен мемлекет тарапынан қабылданған және жүзеге асырылған реформалар нәтижесінде қол жеткізуге болады. Отандық тәжирибе көрсетіп отырғандай, ел экономикасының дамуы тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Кез-келген қоғамда қаржы несие жүйесі экономиканың дамуы мен нығаюының негізі болып табылады. Нарықтық экономика жолын ұстанған Қазақстанда шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелендіруді дамыту, қазіргі таңда жүргізіліп отырған экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан елімізде шағын және орта бизнестің даму барысына кедергі келтірмей, керісінше даму барысына ықпал ететін икемді қаржы-несие жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелердің қатырында болып отыр. Осы тұста мемлекеттің атқаратын рөлі зор. Нарықтық экономикалы елдерде мемлекет экономикаға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызмет барысына заң кесімдері, салықтар, несиелер тәрізді құралдар арқылы араласады. Бұл өз кезегінде, ел экономикасының дамуына, ЖІӨ ұлғаюына, шағын бизнес субъектілері мен әртүрлі қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер арасында нарықтық қарым- қатнастың нығаюына әкеледі. Шағын және орта бизнесті дамытуда Үкімет тарапынан қабылданған заңдар мен нормативтік актілердің үлесі айтарлықтай, бұған қарамастан әр қабылданған заң өз орнын таппай отыр. Мысалы, 1990 жылдарды бүгінгі күнмен салыстыратын болсақ, екінші деңгейлі банктер ұлттық заң жүйесінің қалыптасуына қарамастан, отандық кәсіпкерлермен қарым – қатынасқа бармады, керісінше олар шетел қаражат есебінен қаржыландырып отырды. Уақыт өте келе аталған мәселелер өз шешімін тапты. Бұған бірден бір дәлел, жыл сайын өтететін Қазақстандық кәсіпкерлер форумы және ҚР Президентінің қолдауымен өтеді.
Шағын және орта бизнес, макро экономикалық деңгейде көптеген мәселелерді шешеді. Айталық, жұмыссыздықтың алдын алады, жаңа жұмыс орнын ашады, жылдан-жылға ЖІӨ қатысты өнім көлемін ұлғайтады, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерге өз үлесін қосады т.б.
Шетел қаржы ұйымдарының, шетел банктерінің Қазақстан нарығына қызығушылық тудыруы, ел экономикасының тұрақты дамуын және жаңа жобаларды жүзеге асыруға сеніммен қарайды. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн, келесi жағдайлардың болғаны дұрыс:
конструктивтiк бизнес-идея;
тиiмдi басқару (менеджмент);
қаржы жеткiлiктiлiгi.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыру кезiнде қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтанда, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыспен қамтамасыз етiлу немесе жобаның әлеуметтiк мәнi болып табылады.
Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнестi несиелеуде қызығушылық бiлдiруi.
Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын бизнестің негізгі функциялары – бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем. Бұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік» деп аталынғандығы айқындайды. Сондықтан, шағын бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтық шаруышылықтың бөлінбес бір элементі болып табылады. Шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылыгын көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Сондықтан, бұл жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің даму сипаты мен ерекшеліктері және оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму үрдістерін және проблемаларын айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау болып табылады.
Менім дипломдық жұмысым Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді-ұйымдастыру деген тақырыбына арналған. Бұл тақырыпты таңдап алған себебім, Шағын және орта бизнес, нарықтық экономиканың маңызды әрі біртұтас құрылымдарының бірі. Олар экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне жүктелген міндеттері бар.
Аталған дипломдық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде – шағын және орта бизнесті несиелеудің орны мен маңыздылығы туралы қарастырылған.
Екінші бөлімде – Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру туралы жағдайын талдадым.
Үшінші бөлімде – Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді реттеу туралы өзекті мәселелеріне тоқталдым.
22) Ергалиев.Т.Н. «Государство и бизнес в 21-веке» Алматы-2004.
23) Жексембаева. Т. «Развитие открытой рыночной экономики Казахстана» Алматы-2004.
24). «шағын және орта бизнес жұмысыздықты жоймақ» Алматы ақшамы-2006, 10-қазан
25). Дала мен қала – 2004, №20, 21-мамыр
26) Алматы ақшамы – 2006, 9-қараша, №174
27) Дала мен қала – 2003, №18, 7-қараша
28) Жас Қазақ үні – 2005, №26, 1-7 шілде
29) Коширина. Д.А. « автоматические дороги и транспортированные машины: проблемы и перспективы » Алматы-2004.
30) Туржанов.С. «МСБ: проблемы развития и поиск решений» Алматы-2005.
31) Кушумбаева.М.К. «Государственное регулирование экономики» Караганда-2003.
32) Мамыров.Н.,Ихдаханов.Ж. «Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана» Алматы-1999.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе

I-бөлім. Шағын және орта бизнесті несиелеудің орны мен маңыздылығы.
1.1. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің кажеттіліктері мен
маңыздылықтары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің жолдарының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеудiң алғышарттары ... ..16

II-бөлім. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті
несиелендіруді ұйымдастыру.
2.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын
II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң несиелендіру процесiн
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2. Қазақстандағы микрокредит ұйымдарының дамуы және бизнестің
дамуына өз үлесін
қосуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...34
2.3. Қазіргі кезеңдегі шағын және орта бизнеске несиені тартудағы
кездесетін
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..40

III-бөлім. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіру
мәселелерін реттеу.
3.1. Шағын және орта бизнесті несиелендіру-жетістікке жету жолдарының
кепілдігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің аймақтық деңгейдегі даму
мәселелерін реттеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...60
3.3. Шағын және орта бинесті несиелендірудегі мәселелерді мемлекттің
бақылауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70

Қорытынды

Әдеби оқулықтар тізімі

Қосымша

Кіріспе.

Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақты
дамуына, ең алдымен мемлекет тарапынан қабылданған және жүзеге асырылған
реформалар нәтижесінде қол жеткізуге болады. Отандық тәжирибе көрсетіп
отырғандай, ел экономикасының дамуы тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі
күнге дейін атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Кез-келген қоғамда қаржы несие жүйесі экономиканың дамуы мен
нығаюының негізі болып табылады. Нарықтық экономика жолын ұстанған
Қазақстанда шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелендіруді дамыту, қазіргі
таңда жүргізіліп отырған экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі
болып табылады. Сондықтан елімізде шағын және орта бизнестің даму
барысына кедергі келтірмей, керісінше даму барысына ықпал ететін икемді
қаржы-несие жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелердің қатырында болып отыр.
Осы тұста мемлекеттің атқаратын рөлі зор. Нарықтық экономикалы елдерде
мемлекет экономикаға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызмет
барысына заң кесімдері, салықтар, несиелер тәрізді құралдар арқылы
араласады. Бұл өз кезегінде, ел экономикасының дамуына, ЖІӨ ұлғаюына, шағын
бизнес субъектілері мен әртүрлі қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер
арасында нарықтық қарым- қатнастың нығаюына әкеледі. Шағын және орта
бизнесті дамытуда Үкімет тарапынан қабылданған заңдар мен нормативтік
актілердің үлесі айтарлықтай, бұған қарамастан әр қабылданған заң өз орнын
таппай отыр. Мысалы, 1990 жылдарды бүгінгі күнмен салыстыратын болсақ,
екінші деңгейлі банктер ұлттық заң жүйесінің қалыптасуына қарамастан,
отандық кәсіпкерлермен қарым – қатынасқа бармады, керісінше олар шетел
қаражат есебінен қаржыландырып отырды. Уақыт өте келе аталған мәселелер өз
шешімін тапты. Бұған бірден бір дәлел, жыл сайын өтететін Қазақстандық
кәсіпкерлер форумы және ҚР Президентінің қолдауымен өтеді.
Шағын және орта бизнес, макро экономикалық деңгейде көптеген
мәселелерді шешеді. Айталық, жұмыссыздықтың алдын алады, жаңа жұмыс орнын
ашады, жылдан-жылға ЖІӨ қатысты өнім көлемін ұлғайтады, мемлекеттік
бюджетке түсетін түсімдерге өз үлесін қосады т.б.
Шетел қаржы ұйымдарының, шетел банктерінің Қазақстан нарығына
қызығушылық тудыруы, ел экономикасының тұрақты дамуын және жаңа жобаларды
жүзеге асыруға сеніммен қарайды. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты
экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен
өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн
жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары
деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн, келесi жағдайлардың болғаны дұрыс:
конструктивтiк бизнес-идея;
тиiмдi басқару (менеджмент);
қаржы жеткiлiктiлiгi.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыру
кезiнде қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде
мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтанда, ақшалай
қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге
бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың
тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда
жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн
жұмыспен қамтамасыз етiлу немесе жобаның әлеуметтiк мәнi болып табылады.
Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң
экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Коммерциялық банктердiң шағын және
орта бизнестi несиелеуде қызығушылық бiлдiруi.
Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның
бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор
ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын бизнестің негізгі функциялары
– бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз
ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем. Бұндай мәселелердің
оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың
зардаптарын азайтады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның
негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн
тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық
экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі
көптеген мәселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді.
Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында:
Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік
деп аталынғандығы айқындайды. Сондықтан, шағын бизнесті дамытуды басқару
еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып
табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш
күші деп білуіміз қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтық
шаруышылықтың бөлінбес бір элементі болып табылады. Шағын бизнес халықтың
әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру
сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылыгын көрсетеді және экономиканы
реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Сондықтан, бұл жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы
шағын және орта бизнестің даму сипаты мен ерекшеліктері және оны қолдау
мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму үрдістерін және
проблемаларын айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді
талдау болып табылады.
Менім дипломдық жұмысым Қазақстандағы шағын және орта бизнесті
несиелендіруді-ұйымдастыру деген тақырыбына арналған. Бұл тақырыпты таңдап
алған себебім, Шағын және орта бизнес, нарықтық экономиканың маңызды әрі
біртұтас құрылымдарының бірі. Олар экономиканы басқарудың жалпы мақсатына
жетуді қамтамасыз ететін, өзіне жүктелген міндеттері бар.
Аталған дипломдық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде – шағын және орта бизнесті несиелеудің орны мен
маңыздылығы туралы қарастырылған.
Екінші бөлімде – Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті
несиелендіруді ұйымдастыру туралы жағдайын талдадым.
Үшінші бөлімде – Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті
несиелендіруді реттеу туралы өзекті мәселелеріне тоқталдым.

I-бөлім. Шағын және орта бизнесті несиелеудің орны мен

маңыздылығы.

1.1.Шағын және орта бизнесті несиелендірудің қажеттіліктері мен
маңыздылықтары.
Шағын және орта бизнес нарық коньюктурасы оперативті ескере, нарықтық
экономикаға құрылымдық икемділікті береді. Ол шағын және орта фирма
төңірегінде қолданыла алатын қаржылық және өндірістік ресурстардың белгілі
бөлігін мобилизациялайды. Шағын және орта кәсіпкерлік бәсекелестік ортаның
қалыптасуында, ірі корпорациялар монополизіміне қарсы тұратын нақты
нарықтық экономиканы құруға маңызды рөл атқарады.
Кәсіпкерлік туралы түсінік 18 ғасырда пайда болып,жекеменшігі бар
адаммен қатар тұрды. Экономикалық тәуекелге қандайда болмасын коммерциялық
идеяны және өзіндік пайда алу үшін жұмыс істейтін жекеменшік адам
кәсіпкерді бейнелейді А.Смит.
Кантильонның А.Смит ойыннан айырмашылығы, ол кәсіпкер адамдарды
белгілі бағаға сатып алғысы келетіндер мен белгісіз бағаға сататын,яғни
нарықтық сұраныс пен ұсыныс арасындағы пайданы алу мақсатында. Бұл ойға
Ж.Б. Сэйдің көзқарастары да қосылады, яғни бұл да кәсіпкерді төмен табыс
облысына ресурстарды жеткізетін адаммен бейнелейді. Бұл жағдайда кәсіпкер
меншік иесіне қарағанда кеңірек қарастырылады:яғни максималды шаруашылық
нәтижелеріне жету мақсатында, өндіріс факторларын қамтитын экономикалық
агентті айтады.
Басқа анықтамалардан өзіне назар аударатын И.Г. Тюненнің әдісі,
кәсіпкерлікті инновациялық қызметке байланыстырып, ал кәсіпкердің
функцияларын новатор адаммен байланыстырады.
Кейінгі зерттеулерде кәсіпкерлерді жұмыссыздарға жұмыс беретін
адамдар деп санады. Бұл әдістің нәтижесінде капиталға икемдену негізінде
құрылған еңбекшілерді жұмысқа салу теориясы өмірге келді. Капиталист
кәсіпкердің синонимы болып, ал функциялары кәсіпкерлік табыс алудағы,
қосымша құнға тіркелген.
Бара-бара зерттеушілер экономикалық ілгерлеуі тек қаржы ресурстарын
тиімді слудан ғана тәуелді емес екенін түсінді. Маңызды факторы-өндірісті
рационалды ұйымдастыру болып табылады. Бұл кезеңге кәсіпкерлердің жаңа
түрлерінің пайда болуы жатады-менеджерлердің,олардың көбісі кәсіпорындардың
иесі болмаған.
Кәсіпкерлік теорияға маңызды үлес қосқан И.Шумпеттердің ойынша
кәсіпкерлерді экономикалық дамудың ілгерлеуші күші болып табылатынын
есептеген.
Шағын және орта кәсіпкерлік қызмет көптеген ауырлықтарға қарамастан,
дамуда, яғни экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық мәселерді шешудегі
өсу темпіріне қарағанда. Шағын және орта кәсіпкерлік әлеуметтік белгіленген
нарықтық шаруашылық жағдайында қоғамдық өндіріс процесінің теңқұқылық
қатысушысы болып табылады. Кәсіпкерлерді шаруашылық субьектілерін деп
айтсақ болады.
Қазақстан Республикасының “Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау ” туралы заңында кіші және орта кәсіпорындар болып кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жұмысбастылық санының орта шамасы 50 адамды құрайтын,
активтерінің жалпы құны 1жылға орташа есеппен 6000-есептік көрсеткіштен
аспайтын заңды тұлғалар (өзіндік кәсіпорындар олардың филлиалдары, өзімен-
өзі қызмет ететін бөлімшелер) жатады. Шағын және орта кәсіпкерлік аясындағы
шаруашылық бірлік белгілеріне жататындар:
- нарықтағы біртектілік өнімнің нарықтың аз бөлігін алуы;
- басқаруда қожайынның қатысуы;
- өндірістік және өткізу қызметі облыстарындағы жоғары бейімделгіштік;
- ресурстарды өзінің дамуына бағыттау.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына келесідей факторлар жағымды
әсер етеді:
- шағын және орта бизнес ұйымына үлкен көлемдегі өндіріс пен
қызметкерлер саны талап етілмейді;
- қабылданған шешімдерді жүзеге асыру икемділігімен оперативтілігі;
- тез аралық қызмет нәтижесіне жету мүмкіндігі бар;
- салынған қаражаттардың жоғары айналымдылығы;
- қосымша жұмыс орынмен қамтамассыз ету мүмкіндігі,жұмыссыздық деңгеін
төмендету, халық әл-ауқатын жоғарлату;
- шағын және орта кәсіпкерлер субьектілерін жергілікті нарық сұраныс
деңгейін толық білулері
- маркетингтік зерттеулер нәтижесінде нақты тұтынушылар заказын өндіру
және орындауы;
- экономикадағы мемлекеттік сектордың төмен пайдалы және шығынды
кәсіпорындардың сатып алу немесе жалға алу нәтижесінде босатылуы;
Осымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері кейбір
кемшіліктермен сипатталады:
- едәуір жоғары тәуекел деңгейінің нәтижесінде нарықтағы тұрақсыз
жағдайға әкелуі;
- ірі кәсіпорындармен тығыз байланыстың нәтижесіндегінарықтағы тұрақсыз
жағдайға әкелуі;
- құқықтық базасының толық жетілмеуіне шетел нарығына шығу ауырлықтары;
- жоғары салықтар, жалға алынған ғимарат үшін төленетін ақының
жоғарлануы;
Шағын және орта кәсіпкерліктің сыртқы ортасының үлкен маңызы бар. Яғни
бұл тікелей шағын және орта бизнестің құрылуы мен іске асуына әсерін
тигізетін элементтер жиынтығы. Осы элементтердің мінездемесі сыртқы ортаның
факторларын құрайды. Заңдылық соңғы элементі ретінде бірқалыптылық,
толықтылық жүзеге асырушылықты сипаттуы мүмкін, ал заңдылықтың
тұрақсыздығы, бітірмеушілігі іске аспаушылығы посткеңестік
республикаларда кіші кәсіпорындардың сыртқы ортасының негативті факторы
болып табылады.
Сыртқы орта элементтерінің алуандылығын 5 топқа бөлсек болады. Бірінші
топ шағын және орта бизнес үшін аса маңызды нарықтың жиынтығын құрайды:
ресурстық (өндіріс құралы,ақпарат,жұмыс күші,қаржы) және өткізушілік.
Екіші топқа шағын кәсіпкерлікке аса маңызды нарықтық
институттар(мемлекеттік және қаржылық несиелік) және агенттерді (шағын
және орта бизнес) жатқызамыз. Үшінші топқа құқықтық, әлеуметтік-мәдени
және саяси блоктарды кіргіземіз. Төртінші топ басқа әлеуметтік-
экономикалық процестермен құбылыстардан экономикалық коньютура, экология,
ғылыми-техникалық, прогресс, халық шаруашылықтың құрылымы және т.б
тұрады. Ерекше топқа тағы да бір сытқы ортаның элементін шағын және орта
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі алады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің сыртқы ортасы, мемлекеттік экономикалық
құрылымдарға қарағанда анықсыздығымен ерекшеленеді. Бұл біріншіден,
шағын және орта кәсіпорынның қызметі локалды нарықта көрсетіледі, және
ірі компаниялар нарықтағы қызметтерімен салыстырғанда едәуір белгісіз
және стихиялық дәрежеде болатынымен байланысты. Екіншіден, сыртқы
ортаның ерекшелігі шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекеттік
қатынасу жүйесінен ірі бизнестен, қаржы-несие институттарынан
обьективті бағынышты ролімен байланысты. Үшіншіден, сыртқы ортаның тез
өзгерілуі, яғни шағын және орта кәсіпорын айналасындағы өзгерістердің
жылдам өтуі және кәсіпкердің бұл қиындылықтарға мән беру мүмкіндігі.
Сыртқы ортаның негативті ықпалы шағын және орта кәсіпорындарында
қорғаныш реакцияларында талап етеді. Бірақта өндірістің шағын және орта
масштабы мен аз қолданған ресурстар көлемі және жергілікті
нарыққа тәуелділігі үшін деструктивті факторларға қарсы тұру мүмкіндігі
шектеулі. Сыртқы ортаның теріс белгілі функционалды облыстың
бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұндай кейбір функционалды облыстың
қанағатсыздығы шағын және орта кәсіпорынның локалды мәселесіне әкеледі.
Сыртқы және ішкі факторлардың өзара қатынасы және өзара өтелуі
шағын және орта кәсіпорынның негативті жағдайға немесе оның жүзеге
асуына қауіп төндіреді. Мұндай ішкі және сыртқы факторлардың өзара
әрекеті шағын кәсіпорынның комплексті мәселесі оның өмірге
икемділігіне әкеледі. Айтылған комплекстік мәселе нарықтық қатынастар
кезеңдегі экономикаға тән шағын және орта кәсіпкерліктегі негізгі
қарсылыққа, яғни бизнестің шағын және орта формаларына қатысты
тіршілік әрекетімен оның әлеуметтік-экономикалық маңыздылығының
сәйкессіздігі. Мұндай пайымдау, яғни осы шағын және орта бизнеске тән
потенциялды қарсылық басқа нарықтық, сондай-ақ тауар ақша
қатынастар құрылымның элементтеріне де тән. Бұдан басқа да
өзгерістер пайда болып жатыр: шағын және орта кәсіпорын мемлекеттік
қолдау жүйесін іске асыру.
Дәл осы шағын және орта кәсіпорынның негізгі қарсылығын шешу
қажеттілігі жоғары дамыған елдердегі шағын және орта бизнеске
мемлекеттік қолдаумен көмек көрсетумен анықталады. әлемдік және
отандық тәжірибе көрсеткендей шағын және орта бизнес оған тән
ерекшеліктерді есептегенде, мемлекеттік билік органдары жағынан
қолдау мен үнемі назарда болуын қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің алдында тұрған мәселесі, бұл,
шағын және орта компанияларға құқықтық экономикалық жағдай жасап,
олардың әрі қарап дамып және нарықтық жағдайда өз бетінше дамуына
мүмкіншілігін беру.
Бұл жағдайда мемлекеттің екі функциясы бар: басқарушы және
қамтамасыз етуші.
Бірінші функция бұл жетекші қызметі, ол шағын және орта
бизнестің дамуына тұрақты, тиімді және басқарушылық сипат береді -
бұл шағын және орта кәсіпкерліктің қызмет жасауына құқықтың
ортаның құрылуы, сонымен қатар, оларға материалдық, ұйымдастырушылық
- әкімшілік мәселелердің шешілуі мен бақылауы.
Қамтамасыз етуші қызметі – шағын және орта фирмалардың қызмет
көрсетуінен тұрады, оларға материалдық, ақшалай, ақпараттық
ресурстарды, мемлекеттік ресурстармен оларға қызмет жасауды және
т.б. жеткізуден тұрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстандағы қазіргі жағдайы оның
қалыптасуымен сипатталады. Біздің республикамыздағы жеке меншіктің
кеңінен таралғанына он жылдам астам уақыт өтті. Осы уақыт
ішінде қоғамның тұрақты дамуының негізі болып табылатын орта топ
өкілдері жеке меншік кәсіпкер тобы құрылды. Реформалаудың он жылы
ішінде біздің мемлекет белгілі бір нәтижелерге жетті. Ең басты
жетістігі ретінде кіші және орта бизнестің нарықтық экономиканы
құрудағы рөлін алсақ болады. Бұған күә ретінде шағын және орта
кәсіпкерлік аясындағы қатынастарды реттейтін көптеген заң актілерін
келтіруге болады. Оған жататындар 1997жылы экономика және сауда
Министірлігінің құрамында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Агенттік
құрылды - бұл Қазақстандағы жеке бизнесті дамыту үшін құрылған
алғашқы арнайы орган болды. Бұл Агенттік бизнес субьектілерін
дамытуға кедергі келтіретін экономикалық, әкімшілік, құқықтық және
ұйымдық тосқауылдарды жою жөніндегі ұсыныстар жасайды, шағын және
орта бизнесті қолдау инфрақұрылымды құруды қамтамасыз ету,
бизнесмендердің заңды мүддесін қорғау, сонымен қатар осы сомадағы
мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қаржы-несие және салық саясатын
жүргізу және бөлінген қаражаттардың тиімді пайдалануын бақылаумен
айналысады.
Шағын және орта бизнестің заңды базасы Қазақстан егемендігін
жариялаған кезде-ақ құрылған еді. 1992 жылдың шілдесінде “ Жеке
кәсіпкерлікті қолдау және қорғау ” туралы заңы қабылданды – 1995
жылдың 2 мамырда ҚР Президентінің “ шаруашылық жүргізуші серіктестік
” туралы жарлығы қабылданды. ҚР Президентінің келесідей Жарлықтары
қабылданды: 1996 жылдың 14 шілдесінде “ Кәсіпкерлік қызметінің
еркіндігіне мемлекеттік кепілді жүзеге асырудың қосымша шаралары ”
туралы 1997 жылы жазда “ Шағын және орта кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау ” және “ Жекеше кәсіпкерлік ” туралы заңдары
шығарылды.
Шағын және орта кәсіпекерліктің құрылуы мен дамуы және оны
басқару, макродеңгей тұрғысынан қарағанда келесі мынандай
тұжырымдар ұсыныстар жасауға болатынын анықтайды:
- шағын және орта кәсіпкерлік өндірістің өзіндік формасы ретінде
экономикалық, әлеуметтік шешімдерде белсенді қатысуды қажет
етеді;
- шағын және орта кәсіпкерлік бәсекелестік ортаның қалыптасуында,
ірі корпорациялар монополизіміне қарсы тұратын нақты нарықтық
экономиканы құруға маңызды рөл атқарады;
- шағын және орта бизнес ғылыми-техникалық прогрестің маңызды
бағыттарында, жұмысбастылық мәселесін шешуде, жаңа жұмыс
орындарын құруда, әлеуметтік әлсіздендіруді төмендетеді және
нарықтық қатынастардың демократизациялануында мәнді үлес қосады;
- шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау инфрақұрылымын
құру;
- шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне мемлекеттік
қаржылы, материалдық-техникалық жаңалықтар мен технологияларды
пайдалануға жеңілдіктер жасау;
Айтылып кеткен шағын және орта кәсіпкерліктің мұндай
ерекшелік қабілеттері Қазақстан экономикасын реформалаудағы оның
бөлінбес факторы мен қосымша бөлігі болып табылады. Яғни нарықтық
құрылымға тән нарықтық механизімді реттеуді жүзеге асыру
сипатталады.

1.2.Шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктері.

Шағын және орта бизнес қазіргі қоғамның формациясының негізі болып
табылады, көптеген дамыған мемлекеттерінің ЖІӨ-нің негізгі бөлігін
қалыптастырады. Осы секторда ұлттық ресурстардың негізгі массасы
шоғырланған. Шағын және орта бизнестің қызметі инновациялық және
зерттеушілік қызметінің бастамасы ретінде болады: зерттеулер
көрсеткендей негізгі идеялар мен ірі бизнеске қарағанда, көбірек
шағын және орта бизнестен ұсынылып отырады.
Бірақ Қазақстанда мұндай маңызды сектор қоғамның әлеуметтік
және экономикалық дамуына елеулі әсер ете алмайды. Ал Батыс
Европаның, Америка және Оңтүстік-Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған
елдерінде шағын және орта бизнестің үлесіне ЖІӨ-нің 70 пайызына
дейін келеді. Осы елдерде, шағын және орта бизнес, іскерлік өмірдің
жаппай, динамикалық және икемді нысаны ретінде шаруашылықтың нарық
жүйесінің нағыз негізі болып табылады және қоғамның орта буынын
құрайды.
Сондықтан 2000-2004 жылдарындағы ҚР-ң Үкімет Бағдарламасында
шағын және орта бизнесті дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық
жағдайларды құру есебінен қоғамның орта буынын қалыптастыруына аса
көңіл бөлінген, әсіресе жаңа технологиялық өндіріске бағытталатын
болса.
Шағын және орта бизнесті нығайту мақсатында шағын және орта
бизнесті қолдаудың және бағыттары қойылған – бұл салық ауырпашылығын
азайту; меншік пен активтерін легалезациясы; несие ресурстағы қол
жетімдігін жеңілдету; әкімшілік процедураларды және рұқсаттамаларды
оңайлату; бюрократиялық шексіздіктен және бақылау тексеру органдарын
қорғау; шағын және орта бизнесті қолдаудың аумақтық орталықтарын
құру; маркетингтік зерттеулер жүргізуде, кәсіптілігін жоғарлатуында
көмек көрсету.
Барлық меншік нысандарындағы кәсіпорыдарда өз қызметін жүзеге
асыру және пайда алу барысында қарыз қаражаттарын тарту қажеттілігі
туындайды. Қаражаттарды тартудың ең таралғн нысаны несие
келісімшарты бойынша банктік ссуданы алуы болып табылады.
Осыған байланысты шағын бизнес субьектілерін қажетті
қаражаттармен қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі күнге дейін өте
актуалды болып қала береді.
Нарық экономикадағы шағын бизнес - экономикалық өсу
қарқындарын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымен сапасын анықтайтын
жекеше секторлардың бірі. Дамыған елдерде шағын бизнестің үлесіне
ЖҰӨ-нің 60-70 % -ын құрайды. Сондықтан көптеген дамыған мемлекеттері
шағын бизнестің қызметін бар күшімен қолдап отырады.
Шағын кәсіпкерлік нарық коньюктураның өзгеруіне жедел түрде
жауап беру арқылы нарық экономикаға қажетті икемділігін беріп
отырады. Шағын бизнес бәсеке ортаның қалыптасуына өз үлесін қосады.
Сонымен қатар ҒТП-тің маңызды бағыттарының бірқатары бойынша алға
тартуын жүзеге асыруында шағын бизнестің рөлі елеулі, біріншіден
электроника, кибернетика, информатика аясында. Шағын бизнестің осы
және басқа да қасиеттері оның дамуын ҚР-ң экономиканың қайта
құруындағы құрамдас бөлігі мен маңызды фактор ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні әлемде кәсіпкерліктің жалпылама анықтамасы жоқ.
Американ ғалымы, профессор Роберт Хизрич кәсіпкерлікті құны бар
жаңашылдықты жасау процесс ретінде, ал кәсіпкерді бұған барлық
қажетті уақыт пен күшті салып, қаржылық психолгиялық және
әлеуметтік тәуекелді өзіне жүктеп алып, нәтижесінде пайдасына
ақшамен қанағатты алатын адам ретінде қарастырады. Американдық
әдебиеттерінде кәсіпкерлікті және кәсіпкерді экономикалық,
политэкономикалық, басқару мен т.б. көзқарас тұрғысынан сипаттайтын
көптеген анықтамалар берілген.
ҚР-ның заңнамасына сәйкес, шағын бизнестің субьектілері
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын қарамағында қызметкерлердің орташа
саны 50 адамнан аспайтын, жылына активтердің жалпы құны 60 есе
айлық есептік көрсеткешпен аспайтын заңды тұлғаны құрмай жеке
тұлғалар және заңды тұлғалар табылады. Шағын бизнестің субьектілері
ретінде заңды тұлғаны құрмай жеке тұлғалар және мынадай ұйымдық-
құқықтық нысандарындағы заңды тұлғалар бола алады:
1. толық серіктестік
2. сенім серіктестігі
1. жауапкершілігі шектеулі серіктестік
1. қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
1. өндірістік кооператив.
Кәсіпкерлікке тән келесі белгілерін бөліп айтуға болады:
1. пайда болу белгісі бойынша кәсіпкерлік иесінің, тауар
өндірушінің немесе делдалдың мәндік белгілерімен айқындалған
сәйкес тауарлы табиғаты бар нарық шаруашылықтың
субьектілерінің шаруашылық әрекетінің типі.
1. пайданы максимизациясы-тек толық шаруашылық дербестілік
шартымен жетуге мүмкін кз-келген кәсіпкердің мақсаты.
1. шаруашылық субьектілерінің мүліктік жауапкершілігімен
экономиканың қызмет етудің бәсеке-сайыстық режимі.
1. меншік иесі мен басқарудың қызметтерін бірігуі немесе
функциялардың бір бөлігін басқа тұлғаға беру нәтижесінде
ақпаратты байланыстың тізімділігін қысқарту.
1. кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық анықтылығы.
1. тәуекелмен басқару нарық субьектілерінің айқынсыздығымен
тұрақсыздығы туындаған мүмкін жоғалтуларды азайтуы.
1. қаржылық, несиелік, өндірістік, технологиялық басқа да
мүмкіншілітермен ресурстарды шектеулі қолдануы.
1. нормативті және заң базасының жиі өзгеру себебімен саяси
және экономикалық жағдайларына тәуелділік.
ҚР бойынша экономиканың шаруашылықтың нарықтық жағдайларына
өтуі кезеңнің басынан бастап шағын бизнестің тұрақтандыруы
экономиканың сәтті қайта құрудың көрсеткіштерінің бірі болып
табылады. Сонда кәсіпкерлік тап экономикалық қатынастарының дербес
субьекті ретінде нарықтың дамуының құрамдас атрибуты ретінде шығады.
Шағын бизнес мемлекеттің экономикалық өркендеуі мен халықтың
экономикалық көтерілуіне ықпал ететін маңызды факторлардың бірі
және оның дамуы бәсекеқабілетті, динамикалық және
диверсификацияланған экономиканың құруына ықпалын тигізеді.
ҚР-да кәсіпкерліктің дамуымен байланысты бірқатар заң актілері
қабылданған болатын. Бұл халықтың жұмыспен қамтуын көтеру, бәсекені
дамыту, экономиканың перспективті саласында оның үлесін ұлғайту,
халықтың орта буынын құру мақсатында шағын және орта бизнесті
мемлекеттік тарапынан қолдау мен ынталандыруына дәлел ретінде бола
алады.
Республиканың экономиканың секторы ретінде шағын кәсіпкерлікпен
бірталай кезең өткергендігі, жұмыс атқарылғандығы туралы мынадай
факторлар дәлел:
1. шағын және орта бизнестегі субьектілер саны әжептәуір
артқан, ал жалпы коммерциялық қызмет, сауда сияқты
мамандыруларды шекті мәнге жетті
2. Шағын кәсіпорындардың көбісі нарық жағдайында қызмет етуде
белгілі бір тәжірибені жинап алды
1. Орта және ірі капиталы бар кәсіпорындардың үлесі аз емес,
осы сферадағы заңнамасы көптеген өзгерістерге ұшырады
1. Қазіргі жағдайдың айрақша белгілері
1. Коммерция сферадағы шағын бизнестің дамуы
1. Қызметтер саласында бизнестің жетіспеушілігі
1. өндірістік және ауылшаруашылық шағын және орта
кәсіпорындардың әлсіздігі (Алматы қаласы бойынша өнімді
өндірумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілердің үлесі-
6,2 пайыз, құрылыста-6,2 пайыз).

2000 жылдағы ҚР-ның экономиканың тұрақтандыруы мен көтерілудің
айқын тенденциялары шағын кәсіпкерлік сферасының дамуының жаңа
кезеңін және жаңа міндеттерін білдірді. Осы кезеңнің ерекшелігі ҚР-
ғы шағын бизнестің дамуының жетілген стадиясының барлық
артықшылықтарын жүзеге асыруы, шағын кәсіпкерлікті ұлттық
экономиканың жалпы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға белсенді түрде
қатыстыруы болып табылады. Сонымен қатар осы кезеңнің ерекше
белгісі болып елдің экономикасының нақты секторында шағын бизнестің
белсенді қатысуы табылады. Және де шағын бизнестің дамуының белсенді
өнеркәсіптік өндірістің жалпы өсу және өндіріс сфераның болжамдық
құрылымдық қайта қуу тұсында жүзеге асырылатынына сенеміз. Шағын
бизнестің экономиканың жалпы кәсіпкерлік ортаға интеграция
процессінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде оның банк-несие
жүйесінің институттарымен өзара әсерлесуін нығайту, өз инвестициялық
міндеттерді шешу үшін банктік ресурстарын белсенді пайдалануы
болып табылады деп айтуға болады.
Жүргізіген сұраулар бойынша қазақстандық шағын кәсіпорындар
банк несиелендіру қызметтерін өте сирек пайдаланады (жүргізілген
зерттеулер мәліметтері бойынша 1999 жылы шағын кәсіпорындардың 37,1
пайызы банк несиелендіру қызметтерін пайдаланған), бірақ онсыз
шағын бизнес ешқашан аяғына тұра алмайды. әрие шағын бизнесті
несиелендіру тәжірибесі мүлдем жоқ деп айтуға болмайды. Несиелендіру
аясында коммерциялық банктердің бірқатары қызмет етіп отыр.
Осылай ҚР-на шағын бизнес үшін шетелдік қаржы ресурстарын
тартудың кейбір механизімдері қалыптасқан. Жеке айтқанда бірнеше
уакілетті банктер арқылы Европалық қыйта құру мен даму банкінің
бағдарламасы бойынша несиелер белсенді беріліп отыр. Бірақ бұл
жеткіліксіз және шағын бизнесті банк несиелендіру аясындағы жағдай
қанағаттанарлықсыз деп бағалауға болады.
Біріншіден, шағын кәсіпорындарды несиелендіру көлемдері елдегі
төмен инвестициялық белсенділік жағдайында да айқынсыз болып келеді.
Шағын бизнесті несиелендірудің көлемінің айқынсыздығы бір жағынан,
банктер үшін елеулі пайда түсіре алмайды, екінші жағынан шағын
кәсіпорындардың қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін сәйкес деңгейде
қанағаттандыра алмайды. Екіншіден шағын кәсіпорындағы берілетін
несиелердің көп бөлігі қысқа мерзімді сипатта болады, яғни қарыз
алушының қызметін кеңею мәселесін шеше алмайды. Айналым
қаражаттарына несиелер әрине өте маңызды, бірақ ұзақ мерзімді
қаражаттарды алу мүмкіншіліксіз шағын бизнестің барлық қызметі тек 3-
4 айлық перспективасы бар өмір сүру.
Шағын бизнесті банктермен несиелендірудің аз көлемдері жалпы
нашар инвестициялық климатымен, шағын бизнесті несиелендірудің
жоғары тәуекелдермен байланысты . Жоғары тәуекелдер мәселесін шағын
кәсіпорындарды несиелендірудегі банктердің тәуекелдерді басқару
прцесстер мен механизімдерін жүзеге асыру керек.
ҚР-ғы шағын бизнес қайта бөлу қатынастар жағдайында дамыды.
Нәтижесінде жиынтық капиталдың белгілі-бір үлесінің меншік иесі
ретінде қазақстандық шағын бизнестің жағдайының әлсіздігі,
сәйкессіздігі орын алып отыр. Бүгінгі күні елдің негізгі
капиталындағы меншік иесі ретіндегі шағын кәсіпорындардың үлесі осы
капиталдың жалпы құнынан 1,5 пайызы, соның ішінде өндірістік –
коммерциялық капитал активтеріне меншіктің үлесі 2-2,5 пайыз. Мұндай
көрсеткіштер қазіргі жағдайда нақты қалыптасқан шағын бизнестің даму
деңгейіне сәйкес келіп отырған жоқ.
Қазіргі кезде негізгі капиталға меншікті көбейтуге
кәсіпорындардың ұмтылысына әсер етуші факторлар нарықтардың
тұрақсыздығы, мәжбүрлі көппрофильдігі, т.б.
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің құрылуының алғашқы
этаптарында шаруашылық қызметтің көп профильдігі – бизнесті ұстауды
қолдау негізінде қажетті шарты болды. Бұдан басқа сауда мен
делдалдық есебінен көптеген шағын кәсіпорындар тікелей өндірістің
кейбір элементтерін ұстап қалуға мүмкіншілікке ие болған, бірақ
заман өзгерді. Бүгінгі күні мұндай жағдай ұзақ мерзіді коммерциялық
табыстылыққа қайшы келетін түрі болып табылады. Сол себептен
шағын бизнес секторындағы ең көп инвестициялар құрылыс саласына
құйылады, яғни нарық тұрақты, ал шаруашылық қызметтің бағыттары
біртекті болып тұған жерде (ғимараттарды монтаждау, өңдеу жұмыстары,
вентиляциялық және сантехникалық құрал-жабдықтарды монтаждау). Құрал-
жабдықтардың дамыған екінші реттегі нарықтың болмауы шағын
кәсіпорындарды меншікті негізгі капиталға ірі салымдарды салудан
ұстап тұрады.
Шағын бизнестің сферасындағы банктік несиелендірудің
тәуекелдерінің қалыптасуына және осы тәуекелдермен басқаруына әсер
ететін ҚР-ғы шағын бизнестің үшіші факторы немесе ерекшелігі шағын
бизнестің бүкіл кәсіпкерлік ортаның қалыптасуынан алшақтығы болып
табылады. Бұл алшақтық шағын бизнестің (кооперативті қозғалыс
стадиясында да) ірі кәсіпорындардан бұрын кіргенімен байланысты;
кейін соңғылар мұндай қадамды жасап, көбісі ұтылған болатын.
Нәтижесінде шағын бизнес ірі кәсіпорындардың қолдауынсыз дамып келе
жатыр. Ал әлеидік тәжірибе бойынша олармен өзараәсерлесетін
шаруашылықтың шағын формалардың кепілі, ал кейбір жағдайда оларға
қажетті несие-инвестициялық ресурстар бойынша кепіл беруші ретіде
шығады, және де мұндай байланыс міндетті түрде бірегей инновациялық
және өндірістік-технологиялық тізбелер аяында мықты шаруашылық өзара
әсерлесуіне негізделу керек.
Шағын бизнесті банктік несиелендірудің тәуекелдерінің
қалыптасуына және осы тәуекелдермен басқаруына әсер ететін ҚР-ғы
шағын бизнестің ерекшелігі немесе төртінші факторы-бұл шағын
бизнестің шаруашылық ортаның деформализациясы болып табылады. Осы
деформализацияның негізгі көрінісі ретінде шағын кәсіпорындардың
шаруашылық айналымның нақты және формальды есептелінген көлемдері
арасындағы алшақтық, сонымен қатар формальды түрде бар шағын
кәсіпорындар және олпрдың нақты саны арасындағы алшақтық орын
табады. Елде тұрақты жағдайда банктерді қоса алғандағы барлық несие
берушілердің мүдделерін негізгі институционолды-құқықтық кепілі
болып табылатын қатысушы жақтардың мүдделерінің балансында құрылған
және өркениетті шағын кәсіпорындардың банкроттық және жойылу
процедуралар жүзеге асырылмайды. Мемлекеттік органдардың ешқайсысы-
тіркеу органы болсын, салық органдары болсын, статистика органдары
болсын нақты түрде елдегі іс-жүзінде қызмет ететін шағын
кәсіпорындардың санын ұсына алмайды. Кейбір мәліметтер бойынша бұл
мән тіркелген шаруашылық субьектілердің номиналды санынан 50 пайыз
деңгеінде. Осы ресми түрде жабылу процедурадан өз қызметін нақты
тоқтатқан шағын кәсіпорындардың тек 1-2 пайызы өтеді.
Шағын бизнесті банктік несиелендірудің тәуекелдерінің
қалыптасуына және осы тәуекелдермен басқаруына әсер ететін ҚР-ғы
шағын бизнестің ерекшелігі немесе бесінші факторы – бұл шағын
кәсіпкерлік субьектілердің минималды “ішкі ақпаратты қамтамасыз
етілуі” болып табылады. Бұның себебі, бухгалтерлік есеп пен
есептілігінің оңайлатылған нысанын пайдалану және банкке несиелік
өтінішін берген кездегі кәсіпорын туралы сәйкес ақпаратты ұсына
алатын қажетті кадрлардың болмауы. Жүргізілген зерттеулер
көрсеткендей шағын бизнес өкілеттері белгілі бір ұзақ мерзімге оның
қызметін және қаржылық жағдайын жоспарлап, бағала алмайды.
Шағын бизнесті банктік несиелендірудің тәуекелдерінің
қалыптасуына және осы тәуекелдермен басқаруына әсер ететін ҚР-ғы
шағын бизнестің ерекшелігі немесе алтыншы факторы-бұл шағын
кәсіпорындардың “кадрлық құрамын” қалыптастыру нрекшелігі ең
біріншіден меншік иелері мен басқарушылар санынан. Бұл осы
шаруашылық аясында жиі сәйкес келеді. Осы фактордың себебі ретінде
ҚР-ғы шағын бизнестің пайда болуы мен дамуының ерекше жағдайы
болып табылады.

1.3. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеудiң алғышарттары.

Банктердiң тәжiрiбесiнде қолданылатын несиелеу процесiнiң ¼өзiндiк
алғышарттары болады. Әрбiр банкте пайдаланылатын несиелеу механизмiнiң
элементтерi несиелiк операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың
жүзеге асырылу техникасын бiлдiредi. несиелеу алғышарттары келесiдей:
несиеге деген өтiнiштi қарау;
несиелiк қабiлетiн талдау;
несиелiк келiсiм шарт жасау;
несие беру;
несиелiк мёмiленiң орындалуына бақылау жасау.
Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi туралы 30.03.1995 ж. және Қазақстан
Республикасындағы банктер жёне банктiк қызметтер туралы 30.08.1995 ж. ҚР
Президентiнiң заң күшi бар жарлықтарын басшалылыққа алады. Несиелер төлем
қабiлетi бар қарыз алушыларға несиенi қайтарудың нақты көздерiнiң және
тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай берiледi.
Бiрiншi алғышарт. Банкке келiп түскен несиеге деген өтiнiштi қарау.
Кез келген несиелiк операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз
алушы мен сұралатын несие туралы негiзi мәлiметтер: мақсаты, мөлшерi, түрi,
мерзiмi, мүмкiн болар қамтамасыз ету мүлкi көрсетiледi. Банктiң қоятын
талаптарына байланысты өтiнiшке қосымша, яғни несиелiк операциялар сипатына
байланысты құжаттар берiледi. Клиенттердiң әртүрлi топтары үшiн әртүрлi
құжаттар пакетi әзiрленуi мүмкiн. Мысал ретiндегi құжаттар пакетiнiң
құрамына жататындар:

1) Құрылтайшылық құжаттардың жарғының жалға алу шарттарының тiркелген
куәлiктерiнiң немесе патенттерiнiң, нотариалды куәландырылған жердi
пайдалануға құқығын куәландыратын құжаттар, азаматтардың тілқұжаттары
және клиенттiң несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың
көшiрмелерi;
2) Қарыз алушының соңғы екi жылдағы балансы жёне оған қосымша мәлiметтер;
3) Несиеленетiн жобаның рентабельдiлiк деңгейiн және несиенiң қайтарылу
мерзiмiн сипаттайтын техникалық - экономикалық негiздеме;
4) Несиеленетiн мәмiлелердi растайтын келiсiм шарттар көшiрмелерi
(материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар,
тауарлы материалды құндылықтар шотының көшiрмелерi);
5) Басқа банктерден алған несиелер туралы мәлiметтер (шоттар бойынша
көшiрме);
6) Қамтамасыз ету мақсатында кепiлге берiлген мүлiкке қарыз алуышының
меншiк құқығын растайтын құжаттар;
7) Несиенi қайтаруға байланысты мiндеттеменi куәландыратын құжаттар;
8) Қызметiн жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсiпорынның және барлық басқа да кәсiпорындардың
бизнес-жоспары.

Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиенi қайтаруын қамтамасыз
ететiн басқа да құжаттар мен мәлiметтердi талап ете алады. Сонымен қатар,
банкпен тұрақты несиелiк қатынаста болатын қарыз алушылар үшiн кейбiр
құжаттар тiзiмi қысқаруы мүмкiн. Қарыз алушы банкке несие алуға өтiнiш
жасаған уақытта, банк несиелеудегi оның мүмкiндiгiн алдын-ала бағалау үшiн
есеп карточкасын толтыруы мүмкiн. Онда - фирманың жетекшiсi мен қарыз алушы
өкiлiнiң аты-жөнi; Қызмет және меншiк түрi; клиенттiң заңды мекен жайы;
есеп айырысу және валюталық шот ашқан банктiң аты және реквизиттерi;
негiзгi құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенiң мақсаты, сомасы және мерзiмi;
соңғы есептiк күнге берiлген баланс құрылымы және басқа да көрсеткiштер
жазылады. Тапсырылған құжаттарды оқып, талдау барасында банк қарыз алушының
алған ссудасын қайтару қабiлетiн бағалау кезiнде, шешiм қабылдау үшiн аса
маңызы бар. Бағалау техника-экономикалық есеп негiзiнде жасалады.
Екiншi алғышарт. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау. Яғни, оның
ссуда бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабiлетiн
бағалауды бiлдiредi. Несиенi қайтара алмау тәуекелi әртүрлi факторлардың
әсерiнен болуы мүмкiн, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешiм
қабылдамас бұрын оның несиелiк қабiлетiн талдайды. Бұл көрсеткiш банктң
өтiмдiлiгiне ықпал ететiн бiрден-бiр фактор. Қарыз алушының несиелiк
қабiлетiне талдау жасау барысында келесiдей факторлар есепке алынады:
Ссудаға қатысты қабiлеттiлiгi. Қазыр алушыға ссуданы бере отырып,
қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық құжатын анықтайтын жарғысы
және нұсқаумен танысуға тиiс;
Қарыз алушының iскерлiк репутациясы. Несиелiк мәмiлеге тиiстi
репутация деп, қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана емес,
сондай ақ келiсiм шартқа байланысты барлық мiндеттемелердi орындауы
түсiндiрледi;
Табыс алу қабiлетi. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткiлiктi
қаражатты табу қабiлетiне баға беруi қажет;
Қарыз алушының табыс алу қабiлетiн анықтау барысында сату көлемiне,
баға шағындарына, шығыстарға әсер ететiн факторлар есепке алынады. Бұл
факторларға: қарыз алушы кәсiпорынның орналасқан жерi, оның тауарлары мен
қызметтерiнiң сапасы, шикiзат құны қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгi жатады.
Несиелеудегi шетелдiк тәжiрибедегi бұл факторларға қоса жарнамалау
тиiмдiлiгi, бәсеке сияқты факторлар ескерiледi. Қарыз алушының несиелiк
қабiлетiн бағалаудағы басты фактор оның қаржылық жағдайы болып табылады. Ол
қарыз алушының қызметiн көрсететiн көрсеткiш ретiнде қызмет ете отырып,
меншiктi және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану
құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу және тиiмдi пайдаланумен
сипатталады. Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның төлем қабiлетiнен
көрiнедi:
шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;
несиенi қайтару;
жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
бюджетке төлемдер мен салықтарды төлеу;
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық мiндеттемелер
бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн банктiк талдау шектеулi және кең
көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау үшiн оның
тиiмдiлiгiн, төлем қабiлеттiлiгiн, шаруашылық-қаржылық қызметiн жан жақты
бағалауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштер жүйесiн ұсынатын көптеген
әдiстемелер қолданылады. Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық банкiнде
перспективалық зерттеулер орталығында дайындалып, ҚР Ұлттық Банк
Директоратының 27 қыркүйек 1994 ж. Мәжiлiсiнде №26 қаулы бойынша бекiтiлген
Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн банктердi талдауына байланысты
әдiстемелiк нұсқауың жекелеген банктердiң дайындаған Қарыз алушының
қаржылық жағдайын бағалау әдiстемесi сияқты ёдiстемелiк нұсқаулар
қолданылады.
Қарыз алушылар негзгi коэффициенттер көрсеткiшiне байланысты несие
қаблеттiлiгiнiң үш классымен анықталады. Қарыз алушыларды класс бойынша
бөлiп қарастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынып отырған
коэффициенттер негiзiнде жүзеге асырылады ( қосымша 1 ).
Үшiншi алғышарт. Несиелiк келiсiм шарт жасау. Қазiргi несиелеудiң
басты ерекшелiгi бойынша банк қарыз алушының несiелiк қабiлетiн тексерiп
болғаннан кейiн несиелiк келiсiм шарт жасау үшiн несиелеу субъектiсiмен
қатынасқа түседi. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарды банк пен қарыз
алушы келiсiм шарт негiзiнде шешедi. Несиелiк келiсiм шарт екi жақтың өзара
мiндеттемелерiн және жауапкершiлiктерiн анықтайды. Онда: несиелеу мақсаты
және объектiсi, несиенiң мөлшерi, ссуданы беру мерзiмi және қайтару
шарттары несиенi қамтамасыз ету формасы, несие үшiн төленетiн сыйақы
мөлшерi, несиенiң қозғалысын және клиенттiң қаржылық жағдайын бақылау үшiн
қарыз алушының тiзiмi, олардың берiлу мерзiмдерi, сондай-ақ несиелеу
процесiндегi банктiң бақылау қызметi көрсетiледi. Несиелiк келiсiм шарттың
мазмұнын келiсушi жақтардың өздерi анықтайды. Бұл жерде екiншi деңгейдегi
банктер оның типтiк формаларын пайдаланады. Несиелiк келiсiм шарттың
мазмұнында несиелеу механизмi, оның негiзi элементтерi (несие түрлерi және
объектiлерi, сомасы, несиенiң бағасы, несиелеу әдiстерi және ссудалық шот
формалары, ссуданың қамтамасыз етiлу және қайтару тәсiлдерi, банк бақылауы)
және банк ссудаларының қозғалысы қарастырылады.
Төртiншi алғышарт. Несие беру процесi. Бұл кезең ссудалық шот
формасын, ссуданы берудi құжаттау тәртiбiн (қосымша құжаттар толтырылуы
мүмкiн), ссуданы беру тәсiлiн анықтайтын, несиелеудi ұйымдастыру және
техникалық шарттарын қамтиды.
Несие берудi құжаттау тәртiбi ссудалық шот формаларына байланысты
ажыратылады. Жәй судалық шот ашылған қарыз алушы запастарының жинақталуына
байланысты несиеге деген өзiнiң қажеттiлiгiн бiлдiредi. Осы мақсатта ол
банкке несиеленетiн тауарлы материалды құндылықтардың төленген нормативтен
жоғары қалдығының қозғалысы туралы мәлiметтер бередi, банк соның негiзiнде
ссудаға деген қажеттiлiктi мерзiмдi мiндеттемелер арқылы құжаттайды. Арнайы
ссудалық шот бойынша берiлген несие әр алған сайын құжатталмайды, себебi ол
шот ашу барысындағы өтiнiш мiндеттемесi негiзiнде жүргiзiледi.
Несиенiң көлемiне байланысты әртүрлi берiлу тәсiлдерi болады.
Бiрiншiсi - несие клиенттiң шотына толығымен аударылып, қажет болған
жағдайда жұмсалынады. Екiншiсi - несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға
деген қажеттiлiктiң туындауына байланысты берiледi. Үшiншiсi - белгiлi бiр
соманы алуға клиенттiң құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады.
Мысалы артық сыйақы төлегiсi келмейдi. Несиенiң мөлшерi оны беру барысында
несиелеу ережелерiне сәйкес анықталады.
Бесiншi алғышарт. Несиенi қайтару және оған сыйақы төлеуiне бақылау
жасау. Бұл несиелiк операциялардың маңызды кезеңi. Ссудалар бойынша қазіргі
қайтару тәсiлi ссудалық шот формасында, банк қаражаттарының пайдалану
ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөлiне байланысты.
Ссуданы қайтару мерзiмi беру уақытында мерзiмдi мiндеттемелермен
құжатталады: егерде ссуда тұтас қайтарылатын болса, онда бiр ғана мерзiмдi
мiндеттеме толтырылады, ал ссуда бөлiп-бөлiп қайтарылатын болса, онда әр
төлемге әр түрлi мерзiмдi мiндеттеме толтырылады. Арнайы ссудалық шот
бойынша банкке қарызы тiкелей осы шотқа келiп түсетiн түсiмдер есебiнен
қайтарылады.
Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшiн банкте ссудалар бойынша
мерзiмдi мiндеттемелердiң картотекасын жүргiзедi. Банк қызметкелерi
күнделiктi қайтарылатын мерзiмi жеткен ссудаларды қарай отырып, қарыз
алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкiм ордерiн бередi.
Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзiмдi
мiндеттеменiң келесi бетiне тиiстi белгiлерiн жасайды. Егерде қарыз
алушының есеп айырысу шоты басқа банкте ашылған болса, ссуда бойынша
қарызды және сыйақыны кайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негiзiнде
жүргiзiледi. Жекелеген жағдайларда қарыз алушының қаржылық қиындақтарға
кезiгуiне байланысты банк қайтару мерзiмiн кейiнге қалдыруға рұқсат етуi
мүмкiн, бiрақ бұл қарыз жоғары сыйақымен құжатталады. сыйақы мөлшерi оны
төлеу мерзiмi және тәртiбi, сондай ақ оларды iздестiру механизмi несиелiк
келiсiм шартта анықталады. сыйақы ай сайын, тоқсан сайын есептеледi және
қайтару кестесiне сәйкес iздестiрiлуi мүмкiн. Банктiк тәжiрибеде ссуда
бойынша жай және күрделi сыйақы есептеу формулалары қолданылады.
Жай проценттер бiрiншiден қысқа мерзiмдi несиелеу үшiн қолданылады.
Олар бойынша проценттердi есептеу және төлеу келiсiм шартта көрсетiледi:
S=P(1+n*i),
Мұндағы: S - несие бойынша барлық соманың көлемi
P - бастапқы қарыз
i - пайыздық мөлшерлеме
n - мерзiмi
Банк тәжiрибесiнде күрделi проценттер ұзақ мерзiмдi несиелеу кезiнде
қолданылуы мүмкiн. Мұнда мәмiле аяқталғанға дейін немесе алушыға есептелген
сома төленбейдi, ал негiзгi қарыз сомасы өсiп отырады. Оны мына формуламен
көрсетуге болады: S=P(1+i)n
Банк несиелiк келiсiм шарттың орындалуына, қарыз алушының алған
несиенi пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы
мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметiне, оның қаржылық жағдайына
талдау жасап, қажет болған жағдайларда, ақшалай және есеп айырысу
құжаттарын, бухгалтерлiк жазуларын, есептiк материалдарын тексередi. Осы
жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлерi мен басқадай
ақпараттар, сондай ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбiр банктiң өзiнiң
клиентiнiң несиелiк iсiн (несиелiк досье) жүргiзу жүйесi болады. несиелiк
келiсiм шартқа байланысты өз мiндеттемелерiн орындамаған қарыз алушыға әрi
қарай несиелеудi тоқтау туралы ескерту жасауға; несиелiк шартта
қарастырылғандай несиенi берудi тоқтатуға құқығы бар. Қарыз алушы несиелiк
келiсiмнiң шарттарын жүйелi түрде орындамаған жағдайда банк несиенi
мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы. Несиелеу процесiне жасалатын
бақылау банктiң несиелiк портфелiн мерзiмдi түрде тексерiп отырумен де
толықтырылады. Өйткенi, банктiң несиелiк портфелi оның табыс көзi және
несиелiк операцияларды жүргiзу барысындағы тәуекел көзi болып табылады.
Банктiң тұрақтылығы, өтiмдiлiгi және репутациясы көбiне оның несиелiк
портфелiнiң құрылымы мен сапасына байланысты болып келедi. Қарыз алушының
несиелiк қабiлетiн талдау негiзiнде банктер рейтингi бойынша ссудаларды
жiктейдi, ол өз кезегiнде оларға несиелiк портфелдiң құрамын бақылауға және
қажет кезде оны қайта қарап отыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң әдiстемелiк нұсқауларына
сәйкес екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер ссудалар бойынша мүмкiн болар
зияндарға арнайы резервтер (провизиялар) құрады. Резерв мөлшерi есептiк
күнге берiлген несиелердiң жалпы сомасына байланысты. Елдегi экономикалық
жағдайларға байланысты жалпы тәуекелге есептелетiн ең төменгi резерв
мөлшерi 5 %-тi құрайды.
Банк ұсынатын несиелер сапасы бойынша несиенi қайтару мерзiмiне,
қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз алушы мен банк арасындағы
байланысқа, несиелiк тарихына, несиенi қамтамасыз етуiне және оның
өтiмдiлiгiне байланысты келесi топтарға бөлiнедi:
Стандартты;
күмәндi(субстандартты, қанағаттанарлықсыз, тәуекелi жоғары күмёндi
несие);
үмiтсiз;
Стандартты несие - бұл несиенiң сапасы күмён тудырмайды және оны
қайтару мерзiмi әлi басталмаған несие, яғни:
-қарыз алушының қаржылық-шаруашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта бизнесті несиелеу
Шағын бизнес шағын кредит беру бағдарламасы
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыруды жетілдіру
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ
«ЦентрКредитБанкі» АҚ ұйымдық экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
Шағын және орта бизнесті дамытудың, несиелендірудің тиімділігі
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасындағы кіші және орта бизнестегі инновациялық жобаларды несиелендіру
Пәндер