VСT шаблон негізінде «Компьютерлік желілер» пәні бойынша электронды оқулық құрастыру»



Кіріспе
1. Компьютерлік технологиялар туралы қысқаша мәліметтер
1.1.Компьютерлік желіні үйретудің теориялық негіздері
1.2. Компьютерлік желі түсінігі
1.3. Компьютерлік желілердің түрлері
1.3.1.Негізгі ұғымдар
1.4. Жергілікті есептеу желісі.
1.5. Аймақтық есептеу желісі.
2. Топологи ұғымы
2.1.Негізгі желілік топологиялар
2.2.Жергілікті жүйелер топологиясы
2.2.1.«ШИНА» топологиясы
2.2.2.«ЖҰЛДЫЗША» топологиясы
2.3.Өзге топологиялар
2.4.Мәліметтер тарату ортасы
2.4.1.Коаксиальды кабельдер
2.4.2.Оптоволконды кабельдер
2.5. Локальді желі
2.6. Глобалдық желі
2.7. Қалалық желі
2.8. Ауқымды компьютерлік желілер
2.9. Клиент.сервер технологиясы
2.10. Электрондық оқулық құру технологиясы
2.10.1.Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар
2.10.2.«Компьютерлік желілер» электрондық оқулығын құру
3.Экономикалық бөлім
3.1.Жоба туралы жалпы мағлұмат
3.2. Бизнес.жоспар
3.2.1. Қаржылық жоспар
3.4.Эксплуатациялық шығыстар
3.5. Кіріс есебі
3.6.Бөлім бойынша қорытынды
4. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1. Жұмыс орнында құрылғылардың орналасу тәртібі .
4.2. Жарылу . өртқауіпсіздігі
4.3. Өндрістік санитария
4.4.Электр қауіпсіздігі
4.5. Желдету жүйесінің есептеулері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де презиндентіміз Н.Ә.Назарбаев та назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын.
Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір «Интернет» желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Ақпараттардың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де Интернет жалпыға бірдей ақпараттық қор тәрізді ертегідегі «ханшалардан» күнделікті «күніңізге» айналып барады.
1. Гисин В.Б. Программно-методический комплекс по курсу информатики: Элементы компьютерного моделирования. –М.: Кудиц, 1992.
2. Балапанов Б., О.Камардинов:- информатика, 2010 ж.
3. Горстко А.Б., Угольницкий Г.А. Введение в моделирование эколого-экономических систем. – Ростов: РГУ,1990.
4. Беркінбаев К.М. және басқ. Компьютерлік модельдеу негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. –Алматы: Заң әдебиеті, 2006. –70 б.
5. Нэд Снелл. Internet. Пер. с англ. –М.: «Вильямс», 2002, -384с.:ил.
6. Комягин В.Б., Печников В.Н. Создание Web-страниц и Web-сайтов. Учебное пособие. –М.: Триумф, 2003. –496 с.:ил.
7. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мамырбек Ғ.Б. Интернетке кіріспе: Бүкілдүниежүзілік өрмек: Әдістемелік құрал. –Алматы: ЖТИ, 2004. –28 б.
8. Коуров Л.В. Информационные технологии. –Мн.:Амалфея, 2003.–192 с.
9. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы.–Астана:Еуразия ұлттық университеті, 2004.-224 б.
10. Бидайбеков Е., Біләл Ш. Ақпараттың жалпы теориясына кіріспе //Информатика негіздері. №2, 2006. б. 2-5.
11. Камардинов О. Информатика. Оқу құралы. –Алматы: «Ғылым», 2004. –360 б.
12. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника. –Алматы: “Мектеп баспасы”, 2002. –456 б.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қазақстан инженерлік - технологиялық университеті

Қорғауға жіберілді
Есептеу техникасы, автоматтандыру
және телекоммуникация кафедрасының
меңгерушісі т.ғ.к., профессор қ.а.
______________И.Н. Ямщиков
______________2012 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

тақырыпқа: VСT шаблон негізінде Компьютерлік желілер пәні бойынша
электронды оқулық құрастыру

5В070400 мамандық бойынща – Есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамасыздандыру

Орындады Музбаев Мурат

Ғылыми жетекші аға оқыт. Асанова
К.С.

Алматы, 2012ж.

Қорғау _____________________
(күні)
МАК хаттамасы №____________
МАК бағасы _________________
МАК хатшысы ______________
(қолы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАҒА

ТҮСІНДІРМЕЛІК ХАТТАМА

ТАҚЫРЫПҚА: VСT шаблон негізінде Компьютерлік желілер пәні бойынша
электронды оқулық құрастыру

4 курс студенті ____________Музбаев Мурат

Жетекші _____________ аға оқытушы Асанова К.С.

Кеңесшілер:

негізгі бөлім бойынша ___________________ аға оқытушы Асанова К.С.

экономикалық
бөлім бойынша ______________ аға оқытушы Кумарханова
Н.Н.

еңбекті қорғау және
тіршілік қауіпсіздігі ______________ аға оқытушы Касымов Н.Ж.

нормабақылау ______________ аға оқытушыАйжанова А.Е.

Есептеу техникасы,автоматтандыру
және телекоммуникация кафедрасының
меңгерушісі _________________ т.ғ.к., профессор қ.а.
И.Н. Ямщиков

Факультет Инженерлік-технологиялық

Мамандық 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру

Кафедра Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация

ТАПСЫРМА

Дипломдық жобаны орындауға

Студентке Музбаев Мурат

Жұмыстың тақырыбы: VСT шаблон негізінде Компьютерлік желілер пәні
бойынша электронды оқулық құрастыру

ЖОО бұйрығымен бекітілген, № 13 11 қазан 2011ж.

Біткен жумысты өткізудің мерзімі 04 мамыр 2012ж.

Жумысқа бастапқы деректер: Компьютерлік желілер пәні бойынша электрондық
оқулық құрастыру. VCT шаблон негізін пайдаланып HTML, JavaScript
тілдерінің арнайы тэгтерін жүйелі түрге келтіріп оқулықты стандартқа сай
етіп жасау.

Дипломдық жұмыста дайындауға жататын сұрақтар тізімі болмаса дипломдық
жұмыстың қысқаша мазмұны:

1. Кіріспе. Әдебиетке шолу (Компьютерлік технологиялар туралы қысқаша
мәліметтер, компьютерлік желіні үйретудің теориялық негіздері, компьютерлік
желі түсінігі, компьютерлік желілердің түрлеріне шолу жасау).
2. Негізгі бөлім (Клиент-сервер технологиясы, электрондық оқулық құру
технологиясы, электрондық оқулыққа қойылатын талаптар, Компьютерлік
желілер электрондық оқулығын құру).
3. Экономикалық бөлім экономикалық көрсеткіштерді және желінің
мультисервистік трафигін есептеу
4. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі

Графикалық материалдардың тізімі (слайдтар, кестелер, сұлбалар және
сызбалар):
1. Сурет 12 – htm2chm-3.0.9.3-en терезесі
2. Сурет 11 - PHP Edit редакторының негізгі терезісі
3. Сурет 14-жүйелердің алғашқы көрсеткіші
4. Сурет 13- жүйелердің түрлері
5. Жобаның экономикалық тиімділігін бағалау
6. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мамырбек Ғ.Б. Интернетке
кіріспе: Бүкілдүниежүзілік өрмек: Әдістемелік құрал. –Алматы: ЖТИ,
2004. –28 б.
2. Коуров Л.В. Информационные технологии. –Мн.:Амалфея, 2003.–192 с.

Дипломдық жобаның бөлімдері(тараулары) бойынша ақпарат:

Бөлімі Кеңесші Мерзімі Қолы
Кіріспе. Әдебиетке шолуАға.оқытушы 27.02.12-1
Асанова К.С 0.03.12
Негізгі бөлім Аға.оқытушы 11.03.12-1
Асанова К.С 2.04.12
Экономикалық бөлім Аға.оқытушы 13.04.12-1
Кумарханова Н.Н. 9.04.12
Еңбекті қорғау және Аға оқытушы 20.04.12-2
тіршілік қауіпсіздігі Касымов Н.Ж. 6.04.12
Қорытынды Аға.оқытушы 27.04.12-0
Асанова К.С 4.05.12

Дипломдық жобаны орындаудың
графигі

№ ппБөлімдердің атаулары, дайындалатын Ғылыми жетекшіге Ескерту
сұрақтардың тізімі корсету мерзімі
1 Кіріспе. Әдебиетке шолу 27.02.12-10.03.12
2 Негізгі бөлім 11.03.12-12.04.12
3 Экономикалық бөлім 13.04.12-19.04.12
4 Еңбекті қорғау және тіршілік 20.04.12-26.04.12
қауіпсіздігі
5 Қорытынды 27.04.12-04.05.12

Тапсырма берілген күні14 қазан 2011ж.

Кафедра меңгерушісі_________________т.ғ.к., профессор қ.а. И.Н. Ямщиков

Жұмыстың жетекшісі________________ аға оқытушы Асанова Қ.С.

Тапсырманы орындауға қабылдаған
4 курс студенті ____________________ Музбаева Мурат

Аңдатпа

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Компьютерлік желілер пәні бойынша
электронды оқулық құрастыру технологиясы. Дипломдық жұмыс HTML
гипермәтіндік белгілеу тілін пайдаланып, электрондық оқулық құру және оны
компиляциялау технологиясына арналған.
Дипломдық жұмыс қазақ тілінде жазылған. Жалпы көлемі – 77 бет. Жұмыс
кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі және қосымшадан
тұрады.

Аннотация

Тема дипломной работы Технология создания электронного учебника по
предмету Компьютерные сети. В дипломной работе создается скомпилированный
электронный учебник с применением языка гипертекстовой разметки HTML.
Дипломная работа написана на казахском языке. Объем работы – 77 стр.
Работа состоит из введения, основной части из двух глав, заключения, списка
литературы и приложения.

Annotation

Theme of degree work Creation of the compiled electronic textbook
Computer networks. In degree work the compiled electronic textbook with
application of HTML is created.
The degree work is written in the Kazakh language. Volume of work - 77
pages. The work consists of introduction, basic part from two chapters,
conclusion, list of the literature and appendix.

Кіріспе

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын
мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық
технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру
жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті
мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат
мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып,
ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау
ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың
ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге
тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп
отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану
адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың
бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар
үшін компьютерлік сауаттылық дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза
білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім
саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда
жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық
өзгерістерге де презиндентіміз Н.Ә.Назарбаев та назар аударып, ол
Республикалық мұғалімдер съезінде: ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі
болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының
интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен
жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады, -
деген болатын.
Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде
ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік
білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек
компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір
Интернет желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық
мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам
әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі
Интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді
біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа
шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде
байланыстыруда. Ақпараттардың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің
соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір
де Интернет жалпыға бірдей ақпараттық қор тәрізді ертегідегі ханшалардан
күнделікті күніңізге айналып барады.
Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және
қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай
компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Интернет желісіне
күніне 1000, кейде одан да көптеген компьютер қосылады екен.
Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар
басында АҚШ қорғаныс министрлігінің Apranet компьютерлік жүйесі болып
саналады. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың
бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған
бөліктері бұзылғанымен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып,
қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды. Интернет көптеген байланыс
желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын
құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері үкімет мекемелерінде,
университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана
жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
Интернетке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған 1000-даған
компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желілердегі компьютерлерден
үкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базала-рындағы, жергілікті
қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді,
суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді, т.б. цифрлық түрге айнала алатын
барлық ақпараттарды ала аласыз.
Жергілікті желі соңғы кезде компьютердің сәнді қосымшасынан бірден көп
компьютері бар кез келген компанияның міндетті әрі өте қажетті құралына
айналды. Аппаратуралар мен программалық құралдардың жетілуі қарапайым
желіні кез-келген қолданушы орната алатын және қолдана алатын дәрежеге
жеткізді. Сондай-ақ, желі ортасын орнату мен осы ортада жұмыс істеу және
оған қызмет көрсету мүмкіндіктері толық әрі түсінікті тілде жазылған
әдебиеттердің көптігі, Wіndows жүйелік ортасында желіде жұмыс істеу
мүмкіндіктерінің дамыған әрі қарапайым болуы да бұл мәселенің тез шешімін
табуға әкеп соқты. Бұрын тек арнайы дайындығы бар, таңдаулы мамандар ғана
желі мүмкіндіктерін пайдалана алса, қазір кез-келген қолданушының қолынан
келеді.
Бірақ кейбір қолданушылар көп таралған әдебиеттерде қарастырылған желі
мүмкіндіктері туралы мәліметпен шектеле алмайды. Оларға желі адаптерін
компьютерге қосу, адаптер мен концентраторды кабель арқылы жалғау немесе
дискілерді бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін программаны іске қосу
жеткіліксіз. Олар желі қондырғыларының қалай өзара байланысатынын, қандай
алгоритм қолданатынын, бір-бірінен айырмашылықтарын да білгісі келеді.
Жоғары немесе орта арнайы техникалық білімі бар мамандар желі
технологиясының негізін де білгісі келетіні таң қалатын жағдай емес.
Сондықтан, біздің университетте информатика мамандықтары студенттері
үшін Желілік компьютерлік технологияң  арнайы курсын еңгізу қажеттілігі
туындады. Дипломдық жұмыста осы арнайы курстың мақсаты, міндеті, мазмұны
анықталады. Қазақ тіліндегі желі туралы әдебиеттер жоқ болғандықтан, біз
осы жұмыста жергілікті желі орны мен қызметі, түрлері туралы толық тоқталып
отырмыз. Себебі, көптеген оқытушылар лабораториялық жұмыстарда желі қызметі
туралы көптеген қызықты мәселелерді оқытып-үйрете алатын болса да,
теориялық материалдардың жетіспеушілігі салдарынан лекция оқу қиындыққа
соқтырады.
Міне, осы аталған себептер осы дипломдық жұмыстың мақсатын,
актуальдығын, қажеттілігін, міндетін және мазмұнын анықтайды. Жұмыс соңында
біздің университетегі жергілікті желі қалпы туралы да сөз ете кеткенді жөн
көрдік.

Дипломдық жобаның тақырыбы: VСT шаблон негізінде Компьютерлік
желілер пәні бойынша электронды оқулық құрастыру
Қазіргі таңда барлық бағдарламалау тілдері - объектке бағытталған
бағдарламалау технологиясын қолдануда. Бұл технология бағдарламалау тілі
дамуының жоғарғы эволюциялық сатысы болып есептеледі. Объектке бағытталған
бағдарламалау әдісі - басқа бағдарламалау әдістерінің жетістіктерін өз
ішіне ала отырып, бағдарламалау процессінде абстракттық құрылымдардан
пайдалана алады [3].
Жұмыстың HTML, PowerPoint программалау ортасында жасалыну себебi,
біріншіден, HTML, PowerPoint ортасы кез-келген қосымшаны дайындауға
болатын, жылдамдығы тез қуатты тiлдердiң бiрi болуы және де басқа деректер
деректер қорымен жақсы байланысатын болуы [4].
Екіншіден, ол Windows операциялық жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы
болып саналады. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау,
программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE
технологиясын пайдалану, сол сияқты басқа да іс-әрекеттерді орындау
мүмкіндігі бар [5].
Электрондық оқулық барлық жерлерде де қолданылады. Бұл жұмысты
тездетеді, жеңілдетеді және жұмыс өнімділігі артады. Бұл салада қолданатын
бағдарламалар бар. Осы электрондық оқулық, яғни Компьютерлік желілер
бағдарламасы сол мұғалімдермен студенттердің жұмысын жеңілдету үшін жасалып
отыр.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде қоғамның дамуы адамзатқа
қажетті информацияны жедел және нақты түрде бере алатын информациялық
үрдістердің дамуына байланысты болуда. Оқулық қызметі оперативті іздестіру
жұмыстарды ұйымдастыру деңгейімен анықталады. Ал жоғары деңгейге ақпараттық
технологияларды қолдану нәтижесінде жетуге болады. Осы функциялар оқулықтың
ақпараттық жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Зерттеу жұмысының мақсаты: „Компьютерлік желілер“ пәні бойынша
электрондық оқулық құру. Білім алу жүйесінің қызметкеріне желілер туралы
ақпарат қажет. Сол себептен оған көп көлемдегі мәліметтермен жұмыс істеуге
тура келеді. Желілер туралы барлық мәліметтер электронды түрде толтырылады.
Ал керек уақытта мәліметті іздеп отыру уақытты алмайды. Негізінен бұл
құжаттық жұмыстарды электрондық түрге айналдыру арқылы арқылы біз осы
мәселенің бәрін шешеміз. Мәліметтің барлығы деректер қорында сақталады. Бұл
бағдарламада іздеу жүйесі де қамтылған. Сондықтан керек мәліметті оңай
іздеп табуға болады. Бұл бағдарлама арқылы уақыт үнемделеді, еңбек
өнімділігі артады. Қағаздарды толтырып жүру қажет емес. Керек мәліметті
бағдарламада кестеге толтырса жеткілікті. Менің бағдарламам осы мақсатта,
яғни ЖОО қызмет ететін оқитын қызметкерінің жұмысын жеңілдету мақсатында
құрылып отыр.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі–әлемдік ақпараттық кеңістікке ену
жағдайында компьютерлік желі технологиясын пайдаланушыға меңгертудің тиімді
әдіс-тәсілдерін таңдау;
Пайдаланушыға компьютерлік желі технологияларының топологиялық
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын игерту.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы
пайдаланушының қызығушылығын арттыру.
Компьютерлік желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде
пайданалушының көзқарасын қалыптастыру.
Компьютерлік желілердің түрлерін ажырата білуге, мүмкіншілігін
түсінуге, салыстыру арқылы оның артықшылығы мен кемшіліктерін білуге
үйрету.

1. Компьютерлік технологиялар туралы қысқаша мәліметтер

Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі
пайда болады. Комьютерлік желі аумақтық жағынан бытыраңқы орналасқан
пайдаланушыларға бірдей программаларды, жалпы ақпараттық және ақпараттық
ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Компьютерлік
желі бір-бірімен қатынаса алатындай арнаға қосылған,компьютерлік және басқа
электронды жабдықтарды іске қосуға қажетті барлық ақпараттық және
программалық қамтамасыз ету кіреді. Желі басқа құрылғылармен өзара
әрекеттесетін құрылғылар станциялар, тораптар немесе желілік құрылғылар деп
аталады.Тетіктер саны екіден бастап мыңдаған санға,жетеді.
Бір рангілі желілер.Желі тораптары бірдей коммуникациялық функцияларды
орындауда,олар тең деп аталады.Осындай тораптар арасындағы қатынастар
әдетте бір рангілік деп аталады. Бір рангілік жүйелердің маңызды ерекшелігі
бар.Олар арнайы программалық қамтамасыз етуге мұқтаж. Оларға қарама- қайшы
жұмыс станциялааы немесе клиенттер деп аталатын көптеген компьютерден
тұратын желілер болады,олар іс жүзінде сервер деп аталатын бір немесе
бірнеше компьютермен ғана айырбасталады. Сервер- басқа компьютер-клиентке
(жұмыс станциясына) қызметін ұсынатын компьютер. Сервердің көмегімен басқа
компьютерлер серверге қосылған принтерлерге,факстарға, серверде тұрған
мәліметер базасына жетеді. Желілердің типтері. Есептегіш желілерді көбіне
қамтыған географиялық ауқым мөлшеріне байланысты үш негізгі типке
бөледі.Шағын ауқым әдетте жергілікті есептеу желісі(Local Area-
Lan)терминімен байланыстырылады. Үлкен ауқымдар-аймақтық есептеу желісі.
(Metropolitan Area Network-MAN)және ғаламдық есептеу желісі.(Wide Area
Network-WAN) терминдерімен байлансты.Компьютерлік желінің барлық түрлерін
тағайындау екі функциямен анықталады:

1.1.Компьютерлік желіні үйретудің теориялық негіздері

Ethernet– жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған
технология түрі.Ол ІЕЕЕ 802.3 стандартына негізделіп,мәліметтерді 10Мбитс
жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet желісіндегі құрылғылар желі
арнасында сигналдың бар екендігін бақылап отырады.Егер арнаны ешбір құрылғы
пайдаланбайтын болса,онда Ethernet құрылғысы мәліметтерді жөнелте
бастайды.Бұл сегментегі әрбір жұмыс станциясы жергілікті желідегі
мәліметтерді талдап,олардың өзіне бағытталғанын айқындап теріп алады.Бұл
схема тұтынушылар саны аз болып сегменттегі тасымалданатын мәлімет мөлшері
де төмен болғанда,тиімді болып саналады.Тұтынушылар саны ұлғайған кезде бұл
желініңжұмысы тиімсіз бола бастайды.Мұндай жағдайды тұтынушыларды шағын
топтарға бөліп,сегменттер санын арттыру ең тиімді (оптимальды) тәсіл болып
табылады.Соңғы кездерде әрбір үстелдегі компьютерлік жүйеге 10 Мбитс
жылдамдықты арнайы бөлінген арна беру ісі қалыптасып келеді.Мұндай
тенденция онша қымбат емес Ethernet комутаторларының бар болуына байланысты
қалыптасқан. Ethernet желісінде тасымалданатын пакеттер әртүрлі көлемде
бола береді. Fast Ethernet желісінде ағымдағы арнаны бақылай
отырып,көпарналы қатынасты жүзеге асыратын және қайшылықтарды (CSMACD
Carrier Sense Multiple Acces with Collision Detection) айқындай алатын
Ethernet технологиясы қолданылады.Бұл екі технологияларда ІЕЕЕ 802.3
стандартына тнегізделген осыған орай осы екі типтегі желілерді жасау
кезінде (көбінесе) бірдей кабель типтерін,ұқсас желі құрылғыларын және
біріңғай қолданбалы программаларды пайдалануға болады. Fast Ethernet
желісінде мәліметтер 100Мбитс жылдамдықпен тасымалданады,яғни Ethernet
желісіне қарағанда он есе жылдам жүргізіледі.Қолданбалы программалар
күрделенгенде және желідегі тұтынушылар саны артқан кезде мұндай жоғарғы
өткеру мүмкіндігі қысылшаң кездерді болдырмайтын тәсілдің бірі болып
табылады. Соңғы кездерде 10Мбитс Ethernet және 100Мбитс Fast Ethernet
шешімдерін қатарластыра үйлестіреді қамтамасыз ететін жаңа шешім
табылады.Қос жылдамдықты 10100 Мбитс EthernetFast Ethernet
технологиясы - желілік тақша,концентратор,коммутатор сияқты құрлғларға
жоғарыдағы жылдамдықтардың (қай құрылғыларға байланысқанына байланысты) кез-
келгенімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.10100 Мбитс EthernetFast
Ethernet желілік тақшасы бар дербес компьютерді 10 Мбитс жылдамдықты
концентратор портымен байланыстырғанда ол 10Мбитс жылдамдықпен жұмыс
істейді.Егер де оны 10100 Мбитс жылдамдықты концентратор (3 Com
SuperStack II Dual Speed Hub 500 сияқты) портымен байланыстырсақ,ол
автоматты түрде 100 Мбитс жылдамдықпен жұмыс істей бастайды.Бұл тәсіл
біртіндеп жоғары жұмыс өнімділігіне көшу ісін жүзеге асыра алады.Оған
қоса,мұндай тәсіл серверлер мен клиенттердің желілік жабдықтарын қарапайым
күйде сақтап,желілік құрылғыларын мен тасымалдау арналарының өткеру алабын
өте кең пайдаланатын жаңа программаларды пайдалануға,,мүмкіндік,,береді.
Gigabit Ethernet желілері Ethernet және Fast Ethernet желілерінің
ифрақұрылымымен үйлеседі,оның үстіне олар Fast Ethernet желілеріне
қарағанда 10 есе артық,яғни 1000Мбитс жылдамдықпен жұмыс істей алады.
Gigabit Ethernet желілері негізгі желілердің қысылшаң орындарын
болдырмайтын мықты шешім болып саналады. Қысылшаң орындар тасымалдау
арналарының өткеру алабына сезімтал қолданбалы программаларға байланысты
және интражелілер мен мультимедиалық программалардың трафиктері ағынының
шамадан тыс ұлғаюына қарай туындайды. Gigabit Ethernet желісі Ethernet және
Fast Ethernet жұмыс топтарын біртіндеп жаңа технологияға көшіру тәсілі
болып табылады.Мұндай тәсіл – олардың жұмыстарына өте аз әсер етіп,жоғары
жұмыс өнімділігіне тез қол жеткізу мүмкіндігі. АТМ (Asynchronous Transfer
Mode) немесе асинхронды тасымалдау режимі – бұл мәлімет алмасу үшін тұрақты
ұзындықты ұялар қолданылатын коммутация технологиясы .Үлкен жылдамдықпен
жұмыс істей алатын АТМ желілері біріктірілген мәлімет жиындарын –
сөзді,қозғалыстағы бейнелер мен жай мәліметтерді бір арнамен тасымалдау
ісін жүзеге асыра отырып,жергілікті және аймақтық тармақталған желі
рөлдерін атқара алады.Бұлардың жұмысы Интернет қызметі түрлерінен айрықша
құрылып, арнайы инфрақұрылымның болуын талап ететіндіктен,олар желі
сегменттерін бір-бірімен біріктіріп байланыстыратын магистральдық желі
ретінде қолданылады. Сақиналық архитектура технологиясы болып саналатын
және технологиялары маркерлік қатынас құруға негізделген кумалы желі
жасауды пайдаланылады.Олар сақина бойымен бір бағытта маркер деп аталатын
арнайы биттер тізбегінен тұратын мәліметтердің айналып жүруі арқылы
жасалған үздіксіз тұйық желі түрін құрайды.Маркер сақина бойымен желідегі
әрбір жұмыс станциясын айналып өтіп үздіксіз қозғалыста болады.Желідегі
мәлімет жөнелтетін жұмыс станциясы маркерге бір кадр қосып қояды, ал қалған
станциялар тек маркерді ары қарай жылжытып отырады. Token Ring желілері
мәліметтерді 4 немесе 16 Мбит\с жылдамдықтармен тасымалдап, көбінесе IBM
компьютерлер3 ортасында қызмет етеді.FDDI техрологиясы да сақиналы негізде
жасалып, оптоталшықты кабельдермен жұмыс істеу үшін магистральды желілерде
пайдаланылады. Бұл да Token Ring желілері тәрізді маркерді бір станциядан
екінші станцияға жіберіп отырады. Token Ring технологиясынан айырмасы мұнда
маркерлері қарама-қарсы бағытта қозғалыста болатын екі сақина болады.Бұл
тәсіл бір сақинада үзіліс болып қалған жағдайда желінің ақаусыз қызметін
ұйымдастыру мақсатынд(көбінесе оптоталшықты кабельде) жасалады. FDDI
желілері мәліметтерді 100Мбит\с жылдамдықпен өте үлкен қашықтарға
тасымалдау үшін қызмет етеді. Мұндағы желі сақинасы ең көп дегенде ұзындығы
100 км-ге дейінгі тұйық қашықтықты қамтиды да , жұмыс станцияларының арасы
2 км шамасында болады. Осы көрсетілген сақина түріндегі екі технология жаңа
желілерді ұйымдастыруда АТМ және Ethernetтехнологияларының баламасы ретінде
қолданылып келеді

1.2. Компьютерлік желі түсінігі

Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі
компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған
ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес
компьютерлердің  және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді
есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір
қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға,
қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас
құруға  және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын
компьютерлік желі деп атаймыз.
Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты
болып бөлінеді.

1.3. Компьютерлік желілердің түрлері

Қазіргі уақытта компьютерді қолданудың ең маңызды аясы көптеген
қолданушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін
желілерді құру болып табылады.
Желіге компьютерлерді біріктіру үлкен сыйымдылықты дискілерді,
принтерлерді, негізгі жадыны, программалық құралдарды бірге қолдану болып
табылады.
Компьютерлік желі деп қолданушыларды ақпараттық, программалық және
аппараттық ресурстарды және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен
пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің жиынтығы.
Компьютерлік желілер – деп әртүрлі қорларды мысалы программаларды,
құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен
кабельдің көмегімен арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады.
Егер желі онша үлкен емес және мекеменің бірнеше бөлмесін қамтыса,
онда оны жергілікті желі деп атайды.
Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер
олар қайсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда
корпоративтік деп. Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға
таралған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтік те, жалпы да бола
алады.
Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және
ақпаратпен алмасу үшін біріктірілді.
Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалық деп екіге бөлінеді.
Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалықтарға
– принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кіреді.
Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық
ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректері бар қапшықтар ретінде
қаралады. Оларға қосылу логикалық дискіге жазылғандай жүзеге асырылады.
Орналасқан компьютерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті
деп аталады. Желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютер ресурстары
ортақ немесе желілік деп аталады.
Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл жергілікті
ресурсты ортақ етуге болады және керісінше, ортақ ресурсқа жергілікті
мәртебесін беруге болады.
Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі
ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланатын компьютерлер клиенттер
немесе жұмыс станциялары деп аталады.
Жергілікті және аймақтық таратылған желілер. Жергілікті желі (LAN) бір
ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер
мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.Аймақтық таратылған желілер
(WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан,бірақ
бір компанияға немесе фирмаға,мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді
байланыстырады.Жергілікті желілер – дербес компьютерлерді бір-бірімен
немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен
байланыстырып тұратын желіні ең қарапайым түрі.Жергілікті желінің барлық
компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер,факс
тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады.Желідегі әрбір дербес
компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады. Жеогілікті жері
әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды.Оның
мынадай ерекшеліктері бар: құқжаттарды бірге пайдалану; құжат айналымын
жеңілдету:тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ,жиналыс жасамай-ақ әртүрлі
құжаттарды оқуға,түзетуге,түсініктеме беруге мүмкіндік алады;компьютер
дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып,өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау
және архивтеу; сервердегі қодлданбалы программалармен оңай байланысу;
қымбат тұратын қорларды – принтерлерді,CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын,қатты
дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолдданбалы
программаларды бірігіп пайдалануды жеңілдету т.б.Аймақтық-таратылған
желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта
орналасқан бір компания компьютерлері арасындла атқара алады.Әдетте ол үшін
модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға
арналған кешендік қызмет көрсете алатын байланыстық телефон арналары
қолданылады.Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен скөлемді
файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.Модем немесе алыста орналасқан
сервер көмегімен жүзеге асатын аймақтықтармақталған желілер функциясын
жергілікті желілер құрамына енгізе отырып,сыртқы коммуникация
технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:
электрондық пошта рақылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту; Интернетпен
байланысу Интернет дегеніміз- дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-
бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл
байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отыры(
шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі рөл
атқарып келеді. Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына
электрондық почта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен
айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет
алмасуы жатады. Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген
компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда.
Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы
байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады.
Қазіргі кезде мекмелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан
оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті,
сөзді, бейнені, қозғалысты қащықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет
арқылы жүзеге асырылады. Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология,
хаттама(протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар
тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.Желі топологиясы негізгі функционалдық
элементтерінің бір-бірімен байланысу кұрылымын анықтайды. Желілік
техникалық құралдар –компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз
ететін әртүрлі құрылғылар жиыны. Желілік программалық құралдар-компьютерлік
желіә жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз
етеді. Интерфейстер- желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен
үйлестіру құралы.Протоколдар- желінің функционалдық элементтерінің бір-
бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі
құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті
ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

1.3.1.Негізгі ұғымдар

Желілік операциялық жүйелер
Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді.
Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS2, Warp
Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік
құралдар бар.
Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен
басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан
деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында
орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік
береді:
- ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
- желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау
мүмкіндігінің жойылуы;
- ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;
- ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
- ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз
ақпарат алмасу мүмкіндігі.
Компьютерлік желілерді аймақтық таратылу дәрежесі бойынша
классификациялауға болады. Оларды ауқымды (глобальный), аймақтық
(региональный) және жергілікті (локальный) желілер деп бөлуге болады.
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру түрлі типті кабельдер
көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын арнайы құрылғы
арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақтайшасындағы кеңейту
слотына қондырылады.
Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің
түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. әр қосылу – деректер үшін жаңа
маршрут. Желілердің функционалдық мүмкіндіктерін жүзеге асыратын әр түрлі
желі топологиялары қолданылады.
Желі топологиясы – бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютердің
бір-біріне қатысты физикалық орналасуы.
Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді.
Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина және шина.
Жұлдызша топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық
компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі
компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. Мұндай жүйе қарапайым және
тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады.
Концентратор өз кезегінде тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның
негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы
жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.
Жұлдызша топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды:
егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.
Сақина топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі
болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған.
Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің
басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір
бағытта қозғалады. Сақинаның Жұлдызшадан бір ерекшелігі – оған барлық
желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері
істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады.
Шина топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте шина деп аталатын
коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер
шинағатікелей қосылады. Бұл желіде деректер 2 бағытта бірдей жылжиды.
Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған.
Сақинажағдайындағыдай, желілінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты
бірден тоқтатады. Шина желісіндегі деректердің қауіпсіздігі Сақина
желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік
компьютерден өтеді.
Деректерді беру жылдамдығымен, оның құрамына сәйкес өзгешеленетін
деректерді берудің түрлі технологиялары бар. Ең танымалдары: Enthernet,
ARCNET және IBM token ring.
Enthernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Palo
Alto зерттеу орталығында жасады. Enthernet желілері жұлдызша түрінде де,
шина түрінде де құрыла береді. Канал ретінде коаксиалды кабель қолданғанда,
Enthernet желісі шина сияқты кескінделеді. Егер есулі қос өткізгіш
қолданған болса, Enthernet жұлдызша кескінделеді. ARCNET технологиясы
Datapoint Corporation фирмасында 1968 жылы жасалған. ARCNET технологиясының
желісі де, Enthernet желісі сияқты, екі топология бойынша (жұлдызша және
шина) құрыла алады. Token ring жұлдызша топологиясы бойынша көп
пайдаланушы кіруге болатын станция аталатын IBM арнайы құрылысымен орталық
хабра ретінде жұмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр компьютердің
екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша –
қабылдайды.
Интернет – ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-дан аса
ауқымды желіліер бар, бірақ солардың ең танымалдысы – Интернет желісі.
Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары және бірегей қабылдау,
мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен
компьютер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды
бүкіл әлемдік ақпарат жүйесі болып отыр. Алғашқыда интернетті құру мақсаты
— әртүрлі типтегі компьютерлік желілерді біріктіру болып табылады. Қазіргі
уақытта компьютер мен телекоммуникация аймақтарында ғана емес, сонымен
бірге әрбір адам өзіне қажетті ақпаратты тауып, оған қажетті дегенді бере
алады. Соның нәтижесінде интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып
отырады.
1965 жылы Массачусет технологиялық институтындағы компьютер
Калифорнияның телефон байланысына қосылды. Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы
елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен
пайда болды. ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді
біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек
ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін
зерттеу үшін жасалған.
ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтағы
компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұған файлдарды,
электронды почтаны және жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы
мақсат бір мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына
мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET-тің өсуіне орай және басқа желілерде
дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттігі туындады. Осылай бір-бірімен
жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.
1971-1972 жылдары ARPANET желілеріне арналған бірыңғай хаттамалармен жұмыс
аяқталды. Бұл хаттама Network Control Program (NCP) деген атауға ие болды.
Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері
қолданылады: төмен жылдамдықтағы телефондардан жоғары жылдамдықты
спутниктік арналарға дейін. Аппараттық және бағдарламалық құралдар да әр
түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс
желілерінен, ЭЕМ және бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болу
үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі
бір өлшемді блоктарға бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді – пакеттер
ретімен адресатқа жөнелтеді.

1.4. Жергілікті есептеу желісі.

Жергілікті есептеуіш желілер — саны шектеулі (әдетте 100 дейін)
компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады.
Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде,
зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді. Мекемелердегі
жергілікті желі әр түрлі бөлімдер мен кызметкерлер арасында тығыз
ақпараттық жөнінде технологиялық байланыс орнату үшін құрылады. Жергілікті
желі құрудағы себеп — өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі
құжаттарды жедел өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтандырылған жұмыс орындары,
өлшеу кешендері мен басқару бөлімдерінен тұратын автоматтандырылған басқару
жүйелері жұмыс істейді. Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен
қысқа жиілік байланыс желісімен (әдетте он, жүз метр) біріктірілген.
Сондықтан жергілікті желі аркылы сандық акпаратты жоғары жылдамдықпен
беруге болады. Ақпараттьң берілуі сапалы болу үшін байланыс желісі өте ұзын
болмауы керек. Желі ұзын болған сайьн сигналдьң өшуі мен бөгелуіл шамасы
артып кетеді.
Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер – аймақтық деп аталады. Егер
олар ұйымға немесе ұйымдар тобына қатысты болса, онда – корпоративті деп
аталады. Одан үлкен әлемдегі, бүкіләлемдегі құрлықтарға таралған желілер –
ауқымды деп аталады. Олар корпоративті де, жалпы да бола алады.

1.5. Аймақтық есептеу желісі.

Жергілікті және аймақтық таратылған желілер. Жергілікті желі (LAN) бір
ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер
мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.Аймақтық таратылған желілер
(WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан,бірақ
бір компанияға немесе фирмаға,мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді
байланыстырады. Жергілікті желілер – дербес компьютерлерді бір-бірімен
немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен
байланыстырып тұратын желіні ең қарапайым түрі. Жергілікті желінің барлық
компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер,факс
тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады.Желідегі әрбір дербес
компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.Жеогілікті жері
әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды.Оның
мынадай ерекшеліктері бар:құқжаттарды бірге пайдалану; құжат айналымын
жеңілдету:тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ,жиналыс жасамай-ақ әртүрлі
құжаттарды оқуға,түзетуге,түсініктеме беруге мүмкіндік алады; компьютер
дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып,өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау
және архивтеу; сервердегі қодлданбалы программалармен оңай байланысу;
қымбат тұратын қорларды – принтерлерді,CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын,қатты
дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолдданбалы
программаларды бірігіп пайдалануды жеңілдету т.б.Аймақтық-таратылған
желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта
орналасқан бір компания компьютерлері арасындла атқара алады.Әдетте ол үшін
модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға
арналған кешендік қызмет көрсете алатын байланыстық телефон арналары
қолданылады.Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен скөлемді
файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады. Модем немесе алыста орналасқан
сервер көмегімен жүзеге асатын аймақтықтармақталған желілер функциясын
жергілікті желілер құрамына енгізе отырып,сыртқы коммуникация
технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға
болады:электрондық пошта рақылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;
Интернетпен байланысу Интернет дегеніміз- дүниенің әр түкпіріндегі
тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар
жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін
жылдам ұлғайта отыры( шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен
күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі
функцияларына электрондық почта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ
мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам
мәлімет алмасуы жатады. Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған
көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз
қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары
арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып
табылады. Қазіргі кезде мекмелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын
алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді
мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қащықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы
Интернет арқылы жүзеге асырылады. Кез келген компьютерлік желі жұмысы
топология, хаттама(протокол), интерфейс, желілік программалық және
техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі. Желі топологиясы
негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу кұрылымын
анықтайды. Желілік техникалық құралдар –компьютерлерді бір желіге
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны. Желілік
программалық құралдар-компьютерлік желіә жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны
қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді. Интерфейстер- желінің функциональдық
элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралы.Протоколдар- желінің
функционалдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері.
Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық
модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық
интерфейстер қарастырылады.

2. Топологи ұғымы

Топология (Topology) — есептеу желісіндегі машиналардыңфизикалық
конфигурациясы, яғни қандай түйіндер жүбы өзара байланыса алатынын
көрсететін физикалық жалғастыруды (немесе түйіндер арасындағы логикалық
байланысты) бейнелеу; желілер жолдары мен тораптарын, олардың жол үзындығы,
тораптар қуаты төрізді сипаттамаларын ескермей, жалғастыру қүрылымын
зерттейтін қолданбалы ғылым.
Топология түрлері
Бүтақтар төрізді топология
"Бүтақтар " төрізді топология (Топология типа "дерево"; tree topology)
— тораптары бүтақтар төрізді тармақты қүрьілымда орналасқан желі
топологиясы.
Желі топологиясы
Желі топологиясы (Топология сети; net-work topology) — территориялық,
өкім- шіліктік жөне үйымдастырушылық факгорларды ескере отырып, тораптардың
нақты орналасулары мен жалғастыруларын көрсететін желінің жалпы схемасы.
Жүлдыз төрізді топология
Жүлдыз" төрізді топология (Топология типа "звезда"; star topology) —
барлық тораптары орталық бір тораппен жалғас- қан желі топологиясы.
Сақина тәрізді топология
"Сақина " тәрізді топология (Топология типа "кольцо"; ring topology) —
өр торап басқа екі тораппен қосылған және барлық тораптар бірге сақина
қүрайтын желі топологиясы.
Шина тәрізді топология
"Шина" тәрізді топология (Топология типа "шина"; bus topology) —
барлық тораптары жалпы бір сызықтық ақпарат-тық арнаға қосылған компьютер
желісінің архитектурасы.

2.1.Негізгі желілік топологиялар

Желінің атқаратын қвзметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы
мүмкін.Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы
жалпы шинаға немесе могистральға(кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен
магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау
процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс
станцияларыныңбарлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте
көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайд(28.1).
Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-
желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге
асырад(28.2 сурет). Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс
станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.Сақиналық топология.
Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген
мәлімет біртіндеп бпрлық жұмыс ст\анцияларын аралап шығады да, оны керекті
компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі –
кез келген бір жұмыс станциясыныңістен шығуы жалпы байланысты бұзады.

2.2.Жергілікті жүйелер топологиясы

Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт
немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.
Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді
автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.
Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер
немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған
немесе аймақтықжелі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер саны
жүздеген мыңдармен есептеледі.
Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру
желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала,
аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.
ЖКЖ – нің физикалық негізі
Жергілікті желінің физикалық негізі
Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін қажет: желі адаптері (желі
картасы), ол кейде кеңейтілген еркін слотқа қойылады немесе аналық тақшамен
(материнская плата) бірге болады және арнайы кабелді желіге қосатын орын
(разъем) болуы шарт

2.2.1.ШИНА  топологиясы

Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы
жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен
магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау
процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының
барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс
станциясы қабылдайды.
Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-
желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады.
Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен
шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина
бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын
аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады.
Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы
жалпы байланысты бұзады.

2.2.2.ЖҰЛДЫЗША топологиясы

“Жұлдыз” тәрізді топология. Егер жүйеге бірнеше сегмент біріктірілсе,
онда “жұлдыз” типті топология қолданылады. Бұндай жағдайда орталық торапқа
жан-жаққа бағытталған, ал шалғай тораптарға – бағытталған антенналар
қондырылады. Жұлдыз тәріздес топологияның жұйелері әр алуан
конфигурациядағы жүйелерді құрауы мүмкін. Сымсыз жүйелік магистарль баяу
модемдерді пайдаланудан бас тартуға жағдай (мүмкіндік) жасайды.

2.3.Өзге топологиялар

Жергілікті тораб аталған топологиялардың бірін қолдануы мүмкін. Бұл
деген, байланысатын компьютерлер санына, олардың өзара орналасуына және
басқада жағдайларға байланысты болады. Сонымен қатар түрлі топологиялар
арқылы құрылған бірнеше жергілікті торабтарды жалғыз жергілікті торабқа
біріктіруге болады. Мысалға бұтақ тәрізді топология болуы мүмкін.
Сервер (англ. serve — обслуживать) — бұл құнды ресурстарды бағдарлама,
мәліметтеу және шеткі құрал-жабдықтарға бірігіп пайдалануды басқаратын еске
сақтау қабілеттінің мөлшері көп, жоғары өнімді компьютер. Клиент (басқаша,
жұмысшы станция) — сенрвердің қызметіне кіре алатын кез-келген компьютер.
Жүйелік сервер HP LD PRO.
Мысалы, орталық мәліметтер базасы орналасқан қуаты күшті компьютер
сервер бола алады, ал бағдрламасы қажетіне қарай серверден сұрайтын жай
компьютер клиент болады. Кейбір жағдайда компьютер бір мезгілде клиент те
де, сервер де бола алады. Бұл - өзін де бар ресурстар мен сақталған
мәліметтерді басқа компьютерлерге бере алады және бір мезгілде олардың
ресурстары мен данныйларын пайдалана алады. Пайдаланушының атынан сервердің
қызметін алатын қолданбалы бағдарламаны да клиент деп атайды. Осыған
сәйкес, бағдарламамен қамтамасыз етілген компьюитерді басқа компьютерге
қызметкөросетуі сервер деп аталады-және де компьютерді де атауға болады.
Телефон жүйесінің көмегі арқылы байланыс. Алшақтағы жеке компьютермен
уақытша байланыс модем деп аталатын қондырғы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
(АТС арқылы телефон жүйесі) (факс модем). Бұндай байланыс тәсілі
коммутирлік канал бойынша байланыс деп аталады. Модемнің көмегі арқылы жай
компьютерлік арасында ақпарат алмастыруды ұйымдастыруға болады, офистің
локальді немесе глобальді жүйесіне қосылуға болады.
Бірнеше компьютерлерді біріктіретін жүйелермен қоса терминалдар жүйесі
де бар немесе құаты күшті (мэйнфеймдар) компьютерлерді арнайы қондырғылар
мен байланыстыратын жүйесі бар. Бұл жүйелер өте күрделі, алайда қысылмаған
кезде олардың жұмыс істеуі мүмкін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
VBSCRIPT программалау технологиясы көмегімен Web сайт құру
Электронды оқулықтарды жасау
Техникалық - экономикалық негіздеме
Бағдарламалау тілдері пәнінен жасалған электронды курсқа интерактивтілік кіргізу
Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары
Оқу курсын құру технологиясы
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ
Қашықтан оқу технологиясы
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Мультимедиа технологиясы
Пәндер