Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудың негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Шағын және орта бизнес субъектілерінің экономикалық мәні және оның экономикадағы алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудың шетелдік тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
2 ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТҮСІМДЕРДІ ТАЛДАУ
2.1 Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
2.2 Алматы қаласы бойынша Ауезов ауданы Салық Басқармасы мәліметтері бойынша шағын бизнес субъектілеріне салық салу жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ...33


50

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
71
Қазақстан Республикасы өзінің дамуы барысында XXI ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Нарықтық қатынастар жағдайында салық, салық жүйесі эканомиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады.
Елдегі экономиканы дамытудағы ең негізгі көрсеткіштерінің бірі – шағын бизнес болып табылады. Шағын кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын бизнесті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Қорғауға және қолдауға ие бизнес шағын кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады.
Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салу арнаулы салық режимі негізінде тұрақты және үнемі жүргізілетін болса, ол экономиканың дамуына мүмкіншілік береді, ал экономиканың дамуы ол – дамыған елдердің қатарына қосылуға мүмкіншілік тудырады. Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшiн шағын бизнестi жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады. Дегенмен, зерттеу барысында шағын бизнес алдында тұрған проблемалардың жеткілікті екендігі анықталды және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. Шағын бизнестің дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады:
1. Салық саясаты;
2. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы;
3. Несие саясаты;
4. Өнімді өткізу мәселесі;
5. Шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі;
6. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл.
1. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы ««Қазақстан-2050»» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
2. ҚР Салық Кодексі, Алматы, 2013.
3. ҚР Республикалық бюджет туралы заңы, Алматы, 2012
4. Қалымбекова Ж.Қ//Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы ролі мен маңыздылығы. Қазақстандағы экономика өсімі: көзі, факторлары, тенденциясы және болашаққа болжау.-Алматы: Қазақ университеті, 2004.
5. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2003. 88-95б.
6. А.В.Сидорович., Ә.Ә.Әбішев.Ұлттық экономика:Алматы,2011.203-220б.
7. Ермекбаева Б.Ж. Проблемы развития налоговой системы РК в условиях глобализации экономики.- Алматы: Қазақ университеті, 2007.-136 б.
8. Бохаев Д // Шағын және орта бизнес түсінігі және оны несиелендірудің теориялық мәні мен маңызы // Экономика негіздері №3 (21)2007.
9. Алматы қаласы Әуезов ауданы Салық Басқармасының 1-Н,2-Н есебі (2010-2012жж)
10. Керимбекова Р.Н // Қазақстандағы шағын және орта бизнестің қалыптасу ерекшеліктері // Аль Пари №1-2 (2009).
11. Утаров А.К // Шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштерін талдаудағы тиімді экономикалық –математикалық әдістер//Аль Пари №3(2008).
12. Алтынбеков М.А // Шағын және орта кәсіпорындарда салық есебін жүргізу тәртібі //Аль Пари №4(2009)
13. Закон Республика казахстан “О государственнной поддержке малого предпренимательства”,19.07.2001 г.
14. Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова Ж.Т. Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.
15. М.В.Романовский, О.В.Врублевский. Налоги и налогообложение.-Москва: Питер, 2009.-522 с.
16. www.salyk.kz
17. www.google.kz
18. Шағын бизнестегі тәуекелді басқару // Аль Пари №2 (2011).
19. Рахметулина Ж.Б // Анализ внешних факторов предпринимательского риска в РК // Аль Пари №3(2011).

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Шағын және орта бизнес субъектілерінің экономикалық мәні және
оның экономикадағы алатын 9
орны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.
1.2 Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудың шетелдік
тәжірибелері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...

2 ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ
ТҮСІМДЕРДІ ТАЛДАУ
2.1 Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу
механизмі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
2.2 Алматы қаласы бойынша Ауезов ауданы Салық Басқармасы мәліметтері
бойынша шағын бизнес субъектілеріне салық салу жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

3 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН 50
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 71
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы өзінің дамуы барысында XXI ғасырға күрделі
өзгерістермен аяқ басты. Нарықтық қатынастар жағдайында салық, салық жүйесі
эканомиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды
реттеушілердің бірі болып табылады.
Елдегі экономиканы дамытудағы ең негізгі көрсеткіштерінің бірі – шағын
бизнес болып табылады. Шағын кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті
дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін
салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен
компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы
ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа
көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын
бизнесті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Қорғауға және қолдауға ие
бизнес шағын кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел экономикасының негізі.
Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті
қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар
жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта
тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-
техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының
кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады.
Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салу арнаулы салық
режимі негізінде тұрақты және үнемі жүргізілетін болса, ол экономиканың
дамуына мүмкіншілік береді, ал экономиканың дамуы ол – дамыған елдердің
қатарына қосылуға мүмкіншілік тудырады. Экономикасы жаңа дамып отырған
елдер үшiн шағын бизнестi жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк
қызмет бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып
отыр. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық
тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл
индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп
отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке сай
келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен
қамтамасыз етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын
мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады. Дегенмен, зерттеу барысында шағын
бизнес алдында тұрған проблемалардың жеткілікті екендігі анықталды және
олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. шағын бизнестің дамуына кері әсер
ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады:
1. Салық саясаты;
2. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы;
3. Несие саясаты;
4. Өнімді өткізу мәселесі;
5. Шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі;
6. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл.
Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында
шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған
мәселелердің бірі – салық саясатының жетілмегендігі, салық мемлекеттің
болашағы, кепілі, сондықтан салық саясатына көп көңіл бөлген жөн, салық
саясатының дұрыс жүргізілуі мемлекеттің дамуына, өркендеу мүмкіншілігін
тудырады. Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту факторларын атайтын болсақ,
онда мына төмендегі жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық
заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді:
1. жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың
жеңілдетілген режимін енгізу;
2. өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу
процедурасын қайта қарау;
3. ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама
қаржылық талдау көрсету.
Салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін
ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен
көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.
Тақырыптың өзектілігіне келетін болсақ, қазіргі таңдағы шағын бизнес
субьектілеріне салық салу мәселелері, проблемалары, олардың экономиканың
дамуындағы алатын орны, мемлекет тарапынын жүргізіліп жатқан қолдау
мәселелері тақырыптың өзектілігін ашады.
Сонымен қатар, шағын бизнес субьектілеріне салық салуда мемлекет тарапынан
көптеген қолдау шаралары жүргізілу үстінде, олардың барлығы Қазақстанда
жұмыс жасайтын шағын бизнес субьектілерінің жағдайын жоғарлату мен қатар
бюджетке белгілі мөлшерде салықтың түсуін қамтамасыз етеді. Осы жұмыстың
негізгі мақсаты ол- шағын бизнес субьектілеріне салық салу ерекшеліктері,
мемлекет тарапынын жүргізіліп жатқан қолдаулардың тигізетін әсері қандай,
шағын бизнес субьектілері арнаулы режим негізінде салық төлейтін болса ол
мемлекеттік бюджетті толтыруға өз үлесін қоса ма осы мәселелерді қарастыру
болып табылады.
Ал осы мақсатқа сүйене отырып, негізгі міндеттерге мыналар жатады:
1. осы таңдағы өзекті проблемелардың бірі- шағын бизнес субьектілеріне
салық салуда шағын бизнесті дамыту идеологиясын түбегейлі жаңалауымыз
қажет;
2. шағын бизнес субьектілерінің арнаулы салық режимін қолдану шарттары,
оларды шетел тәжірибелерімен салыстыру, артықшылықтары мен
кемшіліктерін қарастыру;
3. шағын бизнес субьектілеріне көрсетіліп жатқан қолдауларын ақтау,
салықтан жалтаруды болдырмау шараларын қарастыру.
Осы мәселелерді қарастыра отырып, біз шағын бизнес субъектілеріне
оларға қойылған талаптарға сәйкес жұмыстарын атқаруын, қандай да бір
кемшіліктері болса, оларды шетел тәжірибелеріне сүйене отырып шешуге
мүмкіншілік беруіміз керек. Сондай-ақ мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар
көрсетілуде, осы қолдауларды уақытымен қолдана алу мүмкіншілігін тудыру
керек.
Болашақта шағын бизнестің дамуы, өркендеуі ол – орта, ірі
бизнестің туындауына себеп болады, сондықтан қазіргі кезден-ақ шағын
бизнесті дамытуымыз керек. Мемлекеттегі шағын бизнес одан орта, ірі
бизнестің туындауы – елдің экономикалық жағдайының жақсаруына, дамыған
елдердің қатарына қосылуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына
бірден-бір себеп болып табылады. Шағын және орта бизнес – мемлекеттің
әлеуметтік және экономикалық жағдайының өркендеуі.

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні және оның экономикадағы
алатын орны

Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға өту кезінде
шаруашылықтың әртүрлi формаларын ұйымдастырды және оның ең маңызды бөлiгi
шағын бизнес болып табылды. Ел экономикасын дамытуда, нарықты
қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi
дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық
мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын бизнес маңызды
роль атқарады. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып
табылатыны сөзсiз. Шағын және орта бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа
тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп
тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.
Шағын бизнестің мәнін анықтауда алдымен кәсіпкерліктің
негізгі түсінігін ашып айқындау, содан кейін ғана шағын бизнестің
негізгі түсінігін нақтылау керек. Қазіргі кезде бизнес, яғни
кәсіпкерлік мағынасына берілетін анықтамалар шамадан тыс көп.
Кәсіпкерлік немесе бизнес теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық
экономикалық теорияға, неоклассикалық теорияға, кейнсиандық, необерализмге
және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар
тән.
Ғылыми термин түсінігінде кәсіпкер экономика теориясына тұңғыш
рет VIII ғасырдағы атақты ағылшын экономисі, банкирі Ричард Кантильон
енгізді. Кәсіпкер - бағаның тұрақсыздығы мен сату болашағын болжауға
болмайтын жағдайда тауарларды сатып алу мен сату процесстеріне қатысатын,
бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін адамдар. Ең басты ерекшелік
– тәуекелділік - деген.
ХХ ғасырдың басындағы капиталистік елдер экономикасының шапшаң өсуі
және ғасырдың отызыншы, жетпісінші жылдардағы әлемдік дағдарыстар
кәсіпкерлікке қатысты жаңа баптардың пайда болуына әкелді. Мұнда әйгілі
экономист Йозеф Шумпетерді атап өту керек.
Й. Шумпетер кәсіпкерлер деп - әр түрлі комбинацияларда экономикалық
жаңашылдықпен айналысатын адамдарды атады. Оның пікірі бойынша,
кәсіпкерлік қызмет адамға мәңгілік бекітілмеген, ол оның жеке қасиеттеріне
байланысты.
А.Смит шағын кәсіпкерлік пен кәсiпкер туралы төмендегідей жазған
екен: ... ол тек өзінің жеке қызығушылығын, өзінің жеке пайдасын ғана
ойлайды және де көрінбейтін қол арқылы жоспарланбаған мақсаттарына жетеді.
Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден гөрі, өзінің жеке пайдасын
ойлаған кезде, қоғамға көбірек пайда алып келеді.
Кәсіпкерлік ұғымына анықтама беруші келесі ағым – кәсіпкерлікке тән
тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті
жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бодо кәсіпкер – іскерлік қызметке жауап
беруші, кәсіпорын қызметін бақылап, жоспарлап, ұйымдастырып және оған иелік
етуші тұлға деген. 1964 жылы Питер Друкердің дәлелдемесі – кәсіпкер қандай
болмасын мүмкіндікті пайдалана отырып, ең жоғарғы деңгейдегі пайдаға жетуге
ұмтылатын адам.
Сөз болып отырған әр түрлі ағымдардың тұжырымдары түсінікті, ғылыми
көзқарас тұрғысынан қарағанда өте маңызды. Белсенді ізденушілік жұмыстарын
жүргізгендіктерінің дәлелі. Ол кәсіпкерлік қызметті ең алдымен жаңалықтар
мен жаңа немесе ескі тауарларды жаңа әдіспен өндірудің әр түрлі
мүмкіндіктерін қолданатын, жаңа шикізат көздерін, өткізу рыноктарын аша
отырып, өндірісті реформалаумен немесе түбірімен өзгертумен байланысты іс-
әрекет деп есептейді.
Кәсіпкерлікке, яғни бизнес ұғымына берілген анықтамалар, оның
мазмұнын барынша жақсы ашып көрсеткен. Сондықтан, кәсіпкерліктің барлық
жоғарыда аталған анықтамаларын негізге ала отырып, тағы бір жаңа ағым
шығуына себеп болды. Кәсіпкерліктің кешенді анықтамасы пайда болды. Дәлел
ретінде Роберт Хизричтің анықтамасын келтіруге болады.
Кәсіпкерлік (бизнес) – белгілі құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу
үрдісі, ал кәсіпкер – осыған бар күші мен уақытын жұмсай отырып, орнына
ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және
әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам.
Кәсіпкерлік және бизнес түсініктерінің мағынасы жағынан өте ұқсас
екенін айтқан жөн. Орыс тілінде бизнес - кәсіпкерлікті, ал бизнесмен –
кәсіпкерді білдіреді. Орыс тіліндегі сөздер шет ел сөздеріне сәйкес келеді,
сонымен қатар, қосымша мағына да береді.
Кәсіпкерлік сөзінің ар жағында – іс және жай іс ғана емес,
кәсіпорын, яғни басқаша айтқанда, кәсіпорынды және өз ісін ұйымдастыру
болып табылады.
Егер де біз, батыс экономикалық әдебиеттеріне назар аударсақ, онда
олардың кәсіпкер және бизнестің жүйелі анықтамаларына сүйенетінін
көре аламыз.
С. Розенблатт, Р. Бонингтон, Б. Нидлдің берген анықтамаларына көңіл
аударайық. Олардың пайымдауынша, бизнес деген не? Бизнес – іс жүргізу
жүйесі. Бизнес – адамдарға қажетті өнім өндіру. Бизнес – біздің әлеуметтік-
экономикалық жүйеміздің орталық магистралі. Бизнес – қажеттіліктерімізді
қанағаттандыру үшін құрған жүйеміз. Бизнес – біздің өмір сүріп жатқан
жүйеміз.
Бизнесті – біз, өзіміз қоғам талабын және қажеттілігін
қанағаттандыратын өндіріс жүйесі ретінде қарап кеттік. Сонымен қатар,
бизнестің түрлеріне қарай шағын бизнес, яғни, ықшамдалған топтан құралған
тұлғалардың қоғам талабын және өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында және де заңға сәйкес орындауы негізінде түсіндіріледі.
Берілген анықтаманың жүйелігін мынадан көруге болады: қоғамның
экономикалық өмірінде бизнес және кәсіпкерліктің рөлін түсіну деңгейінің
меңгерілгендігін білдіреді. Батыс экономистерінің анықтамаларында игілікті
бизнес жайлы айтылады.
Ал, біздің экономикалық әдебиеттерімізде, негізінен, жүйесіз сипаттағы
анықтамалар орын алған. Әдетте, табыс табуға бағытталған қызмет бабын
түсіндіреді.
Бизнес және кәсіпкерлік түсініктерінің ұқсастықтарымен қатар,
олардың өздеріне тән бірқатар айырмашылықтары бар. Мысалы, бизнес
кәсіпкерлік түсінігіне қарағанда ауқымды болып келеді.
Кәсіпкерліктің субъектілері – жеке немесе заңды тұлғалар, басқаша айтқанда,
кәсіпкер.[14,б.70-76]

Ал, бизнес субъектілері төмендегі сызбада көрсетілген.

Сурет 1. Бизнес субъектілері.
Дерек көзі: Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова Ж.Т. Коммерциялық кәсіпкерлік
негіздері.

Бизнестегі субъектілеріне қарай бөлгенде мынадай түрлері болады.

Сурет 2. Бизнес түрлері.
Дерек көзі: Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова Ж.Т. Коммерциялық кәсіпкерлік
негіздері.

Көрсетілген бизнес түрлерінің мәнін тереңірек талдаған жөн. Бизнес
түрлерінің әрқайсысы екі жақты болып келеді. Олардың қарым-қатынасында
іскерлік мүдде жатыр, түпкі нәтижесінде өзара тиімділікке жетеді. Аталған
элементтерді келесі кесте арқылы қарастырамыз. (1 кесте )
Осылайша ғасырлар бойы кәсіпкерліктің теориялық негіздемелері
дамып отырды. Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады: Кәсіпкерлік – бұл,
табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін
және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және
белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін - өзі
ұйымдастыру және өзін - өзі жаңарту процесі.

Кесте 1.Әр түрлі бизнес түрлерінің мәні

Негізгі Кәсіпкерлік Тұтынушылық Еңбек Мемлекеттік
нышандары бизнес бизнес бизнесі бизнес
Бизнес негізі Өндіріс Тұтыну және Жұмысшы Өндіріс, ақпарат
құралдарына қызмет күшіне жекеқұралдарына,
жеке меншік көрсетуге жекеменшік интеллектуалды
меншік меншік,
еңбегіне, бағалы
қағаз, ақша
ресурстарына
жеке меншік
Бизнестің Кәсіпкер- Кәсіпкер- Кәсіпкер- Кәсіпкер-
шаруашылықты кәсіпкер, тұтынушы жалдамалы мемлекеттік
субъектілері кәсіпкер- жұмысшы ұйымдар
рыноктық
экономиканың
түрлі
агенттері
Дерек көзі: Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова Ж.Т. Коммерциялық кәсіпкерлік
негіздері.

Кәсіпкерлік дамыған рыноктық экономикада кәсіпорын ұйымдарының,
жеке кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде келесі қызметтерді атқарады: жалпы
экономикалық, шығармашылық ізденіс (инновациялық), ресурстық, әлеуметтік,
ұйымдастырушылық.
Дамыған рыноктық экономикада жалпы экономикалық қызмет анықтаушы
болып табылады, бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің рынок
субъектісі рөліне негізделеді. Кәсіпкерлік қызмет тауар (қызмет көрсету,
жұмыстарды орындау) өндіруге және нақты тұтынушыларға жеткізуге
бағытталады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің, жалпы ішкі өнім мен
ұлттық табыс өсуінің басты шарты болып табылады.
Ресурстық қызмет – кәсіпкерліктің маңызды қызметтерінің бірі.
Кәсіпкерліктің дамуы ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалануды талап
етеді. Кәсіпкер өз ісіне ғылыми техникалық идеяларды, жаңалықтарды енгізіп,
біліктілігі жоғары жұмыс күшін, ресурстарды тиімді пайдалана білсе жоғары
табысқа қол жеткізеді.
Сонымен қатар кәсіпкерлік шығармашылық ізденіс қызметін де
атқарады. Кәсіпкер қызметінде жаңа идеяларды қолданып қана қоймай, алға
қойған мақсатына жету үшін жаңа құралдар мен факторларды жасауы қажет.
Кәсіпкерлік ұйымдар неғұрлым тиімді қызмет етсе, олардың әртүрлі деңгейдегі
бюджетке, бюджеттен тыс және әлеуметтік қорларға түсетін қаражаттары да
соғұрлым көп болады.
Сонымен бірге кәсіпкерліктің дамуы жұмыс орындарының санын
көбейтеді, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді, жалдамалы жұмысшылардың
әлеуметтік жағдайын жақсартады.
Кәсіпкерліктің келесі бір маңызды қызметі – ұйымдастырушылық қызмет,
бұл қызметке кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастыруда дербес шешім қабылдауы,
кәсіпкерлік басқарудың қалыптасуы, күрделі кәсіпкерлік құрылымдарды құруы
және т.б. жатады. Ұйымдастырушылық қызмет шағын және орта кәсіпкерліктің
тез дамуынан, сондай-ақ ұжымдық кәсіпкерлікте айқын көрініс табады.
Кәсіпкерлікті шаруашылық қызметтің бір түрі деп қарастыра отырып,
оның негізгі ерекше сипатты белгілерін бөлуге болады:
1. Шаруашылық субъектілерінің еркіндігі және тәуелсіздігі.
2. Пайда табуға бағытталуы.
3. Шығармашылық ізденісі.
4. Шаруашылық жүргізуде нар тәуекелге баруы.
Егер осы жоғарыда аталған белгілер экономикалық қызметке тән болса, онда
оны толық негізбен кәсіпкерлік қызмет деп атауға болады.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің кез келген түрімен
айналыса алады.
Қазіргі таңда кәсіпкерлікті жандандыру процесі:
1. экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен;
2. білікті мамандардың жоқтығымен;
3. нормативті - құқықтық базаның жетілдіруімен, коррупциямен,
тікелей шаруашылық – коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен;
4. капиталдың тапшылығымен;
5. шаруашылық жүргізуші субъектілердің, моральды және табиғи тозған
материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде.
Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында заңдылық негіздері
тәуелсіздік алған жылдардан бастап құрала бастады. Бұл бизнес түрінің
дамуына заңдар қабылданды, сонымен қатар заңдылық және басқа да нормативті
құқық актілері қабылданып, іске асуда. Сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуы
туралы түрлі сұрақтар қамтылуда, ол: шаруашылық серіктестерінің дамуы,
акционерлік қоғам, тұлғалық кәсіпкерлік, лицензиялау, заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды
тұлғалардың құқығын қорғау және т.б. Ал, бүгінгі күні көптеген өзгерістер
енгізілді, олар тәуелсіздік жылдарынан бастау алса, қазіргі кезде
өзгерістер енгізіліп, сонымен қатар шетел тәжірибелерін ескере отырып,
кемшіліктерін ескере, 2010 жылы жаңа салық кодексі қабылданғаны белгілі.
Шағын және орта бизнес - әдебиетте ұсақ және орта жеке
кәсіпкерлердің жиынтығы деп берілген, кәсіпкерлер бірлестікке тікелей
енбеген және экономикада монополия тарапынан орындаушылық роль атқарады.
Шағын кәсіпорын – аздаған жұмыскерлер саны бар, кәсіпорынға
арналған кәсіптік іс- әрекетімен мемлекет, аймақ бойынша аз ғана үлесі бар
кез-келген жеке меншік формасындағы фирма. Оның негізі шығаратын және
жүзеге асырылатын өнімінің құнымен анықталады. Ірі елдегі бір үлгілі
кәсіптегі шағын кәсіпорындар саны ондаған, жүздеген мың боп келсе, бір ғана
осындай кәсіпорынға жалпы өндіріс көлемінің аз ғана бөлігі тиеді, бірақ
олар біріксе еліміздің барлық өнімінің жартысын шығаруға қабілетті болар
еді.
Шағын және орта бизнес дарынды, адал, жоғары дәрежелі тұлғаларға
қолайлы. Шағын және орта бизнес табиғаты белсенді адамдарға жеке пайдасын
іс жүзіне асыруына және тәуелсіз болуына мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлер шағын бизнесті шығармашылықпен жұмыс істете отырып, кез-
келген экономикалық ыңғайлы жағдайда пайда түсіруге, инновациялар енгізуге
тырысуда. Көбінесе олар асығыс шешімдер қабылдауға еркін, олар өздерінің
мойнына шығындар мен тәуекелді ала отырып жаңа технологиялар енгізе алады,
жаңа өнім немесе қызметтің жаңа түрін жасай алады, ал ірі өндірушілер болса
компанияның нұсқауларымен және ережелерімен тығыз байланысты болғандықтан
аз еркіндікке ие.
Бүгінгі күнде елімізде шағын топтарға жататын кәсіпорындарға қатысты
50-ден астам статистикалық өлшемдер бар. Жалпы түрде олардың ең
негізгілерін төмендегідей бөлуге болады :
1) Сапалық өлшемдер (басқару жүйесінің қарапайымдылығы, меншік иесі мен
менеджер қызметін бір адамның атқаруы, нарықтың аздаған бөлігіне ие болу
және шағын кеңістіктегі қызмет сферасы, қызметтің қысқа да нұсқа мақсаты
және т.б.)
2) Сандық өлшемдер (кәсіпорындағы жұмыс істеушілер саны, негізгі капиталдың
құны, сатылған өнім көлемі және т.б.)
Кәсіпорынды шағын бизнеске жатқызатын критерийлер бір елден екінші
елге ауысуда, сондай-ақ капиталдың бір сферадан басқаға ауысуында өзгереді
Дегенмен де, көптеген елдердің тәжірибесінде көбінесе сандық өлшемдер
қолданылады .
Жапонияда ұсақ кәсіпорындардың басты өлшемдерін анықтау капитал
көлемі, жұмыскерлер саны болып табылады, ал Ұлыбританияда айналым көлемінің
өлшемдері, активтер мен жұмылдандырылғандардың орташа саны көрсетіледі.
ҚР-да кәсіпорындар сандық өлшемдер негізінде жіктеледі, яғни,
жұмыскерлердің саны, негізгі капитал құны, қызмет түрі салық төлеу
негізінде. Біздің Республикамыздың Президенті мен Үкімет шетелдік үлгіні
бетке ала отырып, шағын бизнестің қажеттігі туралы үнемі айтып келеді.
Шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпорындар мен жеке
кәсіпкерлер санына біздің елімізде жолданған адам саны елуге жетпейтін жеке
кәсіпкерлер енеді.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі капитал салымының тез өзін-өзі
ақтауы, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағытталуы, сұраныстың өзгеруіне
қолайлы бейімдеу және т.б.Бүгінгі күнде шағын бизнес секторы Қазақстан
экономикасының ажырамас бөлігі.
Шағын және орта бизнестің дамуы көптеген маңызды ерекшіліктер
әкеледі:
1) жеке меншік иелерінің көбеюі;
2) азаматтардың кірістерін жоғарылататын және әр түрлі әлеуметтік
топтардың арасында диспропорцияны жоюға мүмкіндік беретін экономикалық
белсенді тұрғындардың санының өсуі;
3) аз капитал шығынымен жаңа жұмыс орындарын жасау, әсіресе қызмет көрсету
сферасында;
4) өндірушілер монополиясын жою, бәсекелестікті орта жасау;
5) көп еңбекті қажет ететін өнімді шығаруда аз капиталды пайдалану;
6) экономиканың әр түрлі секторының арасындағы өзара қарым -қатынасты
жақсарту.
Мемлекеттік кәсіпкерлікті, әсіресе шағын кәсіпкерлікті мемлекет
тарапынан қолдау түрі кең ауқымды жүріп жатыр.Нарықтың әр түрлі аймақтарын
жеңіп алу және көптеген елдердегі шағын кәсіпкерліктің әлемдік нарықта
өркендеуі, экономиканың осы сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерін
мақсатты түрде мемлекеттік қолдау ұлттық экономикадағы ролі мен орнын
анықтауда қызығушылық туғызады.
Кәсіпорындарды шағын бизнес субъектілеріне жатқызу көрсеткіштері
олардың жұмыс істейтіндердің орташа саны, жылдық айналым, активтер
шамасымен анықталады. Бірақ, барлық дамыған елдерде негізгі көрсеткіш
ретінде жұмыс істейтіндер саны алынады.
Яғни, шағын бизнес субъектілері екі критерий бойынша анықталады:
1. жұмыскерлердің орташа саны;
2. активтердің жалпы құны.
Шағын бизнес кәсіпорындары – мына критерилерге жауап беретін
кәсіпорындар шағын бизнес субьектілері болуы мүмкін, (жеке тұлғалар):
1. жұмыскерлердің саны (қосымша істеушілерді қоса) елу адамға дейін;
2. Мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын
заңды тұлғалар:
3. толық серіктестік;
4. жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
5. қосымша жауапкершілікті серіктестік;
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шағын бизнес әр елдің, соның
ішінде дамыған елдердің экономикасында да елеулі роль атқарады.
Себебі оған тән артықшылықтар бар:
1. шаруашылықтың жергілікті жағдайларына тез бейімделу;
2. шағын кәсіпкерлік субъектілерінің істі жүргізу тәуелсіздігі;
3. шешімдер қабылдауда және оларды шешудегі иілімділік пен
оперативтілік;
4. қызметін іске асыруда шығындардың жоғары болмауы, әсіресе басқаруға
жіберілген шығындар;
5. өзінің идеяларын іске асырудағы, қабілеттілігін көрсетудегі жеке адам
үшін үлкен мүмкіндіктің бар болуы;
6. алғашқы капиталға төмен қажеттілік және жергілікті нарық талаптарына
сай өнімне және өндіріс процесіне тез өзгеріс енгізу қабілеттілігі;
7. меншік капиталының жоғары айналымдылығы.
Міне, осындай артықшылықтары болғандықтан, шетелдерде шағын бизнес
ілгері дамып отырады, сондай-ақ біздің елде де осындай шетел тәжірибелерін
қолданып, олар қайталаған қателіктерін қайталамай, олардың тәжірибелері
негізінде өзіміздің елдегі шағын бизнесті дамытуға белсенді қатысуымыз
керек. Сонда ғана біздің елдегі шағын бизнес субъектілері де, мемлекетте
даму үстінде болады.
Сонымен қатар, Халықаралық еңбек бюросының баяндамасында былай деп
берілген: шағын кәсіпорындар ірі кәсіпорындарға қарағанда әлдеқайда көбірек
бәсекелестік артықшылықтарды иеленеді, бір жұмыскерге есептегенде аз
капитал салымдарын қажет етеді, жергілікті материалды және еңбек
ресурстарын кең қолданады.
Шағын бизнес иелері қор жинауға және инвестицияға бейім болып
келеді, оларға табыстарға жетуде үнемі жеке ынталандыру, басқаша айтқанда,
жеке мотивация жоғары деңгейде болады. Шағын және орта бизнес
субъектілері жергілікті нарықтағы сұраныс деңгейін жақсы біледі,
тұтынушылардың белгілі тобының тапсырыстары бойынша тауарлар өндіру жиі
кездеседі, жалдамалы қызметкерлердің санының жоғары болуына мүмкіндік
береді. Ең бастысы, шағын бизнестің қызметіне инновациялық бағыт тән.
Шағын бизнестің рөлі туралы айтатын болсақ, шет ел тәжірибесіне
сүйене отырып, шағын кәсіпкерліктің дамуы келесі мәселелерді сәтті
шешудің маңызды факторы болып табылады:
тұрғындардың тауарға (жұмысқа, қызметке) деген қажеттілігін жақсы
қамтамасыз етілуіне әсерін тигізетін бәсекелестік, өркениетті, нарықтық
қатынастар құру;
1. ассортиментті кеңейту мен тауарлар, жұмыстар, қызметтер сапасын
көтеру. Тұтынушылар талаптарын қанағаттандыруға талпына отырып, шағын
бизнес тауарлар сапасының және қызмет көрсету мәдениетінің көтерілуіне
септігін тигізеді;
2. тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға жақындауы;
3. экономиканың құрылымдық қайта құрылуына себеп болу, шағын кәсіпкерлік
экономикаға иілімділік, мобильдік, сипат береді;
4. өндірісті дамытуға тұрғындардың өз қаржысын тарту, шағын
кәсіпорындарда сыбайластар ірі компанияларға қарағанда іске үлкен
қызығушылықпен салады;
5. қосымша жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін қысқарту;
6. ірі өндіріс белгілі шектеулер қоятын тұрғындардың бөлек топтарын, атап
айтқанда, зейнеткерлерді, мүгедектер, оқып жүргендер, үйде отырған
әйелдерді еңбекке жұмылдыру;
7. ғылыми – техникалық прогресті жетілдіру;
8. жергілікті шикізат көздері мен ірі өндіріс қалдықтарын игеру және
пайдалану;

9. ірі кәсіпорындар қызметіне жабдықтаушы ұйымдар, құрылғылар шығару мен
қосымша және қызмет көрсететін өндірістер құруға көмектесу;
10. мемлекетті рентабельділігі төмен және шығынды кәсіпорындардан оларды
жалға алу мен сатып алу есебімен бастау.
Шағын және орта бизнестің осы және тағы басқа экономикалық, әлеуметтік
функциялары оның дамуын мемлекеттің маңызды мәселелері қатарына қояды.
Қазіргі кезде шағын кәсіпорындар дамып, экономикадағы позицияларды жеңіп
алуда, ірі бизнестің серіктері болды. Бұл инновациялық ұғым – кластерге
тән. Сонымен қоса, барлық елдер мемлекеттері шағын кәсіпкерліктің дамуын
қолдау мен ынталандыруда.
Экономикасы дамыған және дамушы елдерде шағын бизнес ең алдымен
экономиканың маңызды сфераларының бірі, ал қоғамда өтетін барлық
процестермен кешенді дамуы, орта және ірі кәсіпкерлікпен тығыз байланысты.
Берілген елдер Үкіметі, әр түрлі формаларда және түрлерде көрінетін, шағын
бизнестің дамуына белсенді қолдау көрсетеді. Елде отандық бизнестің тиімді
дамуы үшін инновациялық қызметті енгізу мен өнім экспортымен байланысты.
Шағын және орта бизнес субьектілеріне жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау
түрін әрі қарай дамыту және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру
қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті, субмердігерлік және лизингті
белсенді қолдау үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде
шағын кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рольді атқара бастайды.
.[6,б.203-220].

1.2 Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салудың шетелдік
тәжірибелері

Бүкіл дүние жүзінде шағын және орта бизнестің экономика
құрылымындағы үлесі жоғары. Сол шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне елдің
экономикалық дамуының өсуі тәуелді болады. Әсіресе соңғы кезеңдерде
Ұлыбританиядағы шағын кәсіпкерліктің кеңінен дамуы орын алып отырғандығы
байқалып отыр. Ұлыбританиядағы шағын бизнеске жұмыскерлер саны елу адамға
дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығына тең формалар болып табылады.
Бұл фирмалар американдық фирмалардың 99 пайыз қамтиды. Бұлардың негізгі
бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың
87 пайыз саны 20-дан аспайтын, ал 80 пайыз 10-нан аспайтын адамдар жұмыс
істейді. Қазақстандағы жағдаймен салыстыратын болсақ, біздің елде шағын
және орта бизнес өзінің дамуы барысында, әрине ҰБ, Америка, Германия,
Франция олардың тәуелсіз мемлекет болғандарына бірнеше мың жыл болды, ал
біздің Қазақстан тәуелсіздік алғанына небары жиырма бір жыл болды, әрине
осы жылдар арасында бізде біршама жетістіктерге жеттік, бірақ дамыған
елдермен салыстырғанда біршама артта қалғанымыз белгілі. Біз әлі жас
мемлекетпіз, әлі де көптеген жетістіктерге жетеміз. Сол сияқты шағын
бизнестің де жағдайы да өркендеп келеді, әрине шетелдік компаниялармен
салыстырғанда біздің тәжірибеміз аздау, бірақ болашақта бізде алпауыт елдер
қатарына қосыламыз.
Ұлыбританиядағы шағын және орта фирмалар жалпы ұлттық өнімнің 40
пайыз өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 21 пайыз, құрылыста 80
пайыз, көтерме саудада 86 пайыз, қызмет көрсету саласында 81 пайыз құрайды.
Ұлыбритания экономикасында олар ғылыми – техникалық прогресс сферасына
жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізу тең
жартысына жуығын қамтамасыз етеді. Өндіріске жұмсалған әрбір доллар
шығынға олар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда орташа есеппен алғанда 17
еседен көп ғылыми жаңалықтар енгізуде. Шағын инновациялы өндіріс мұнда
ғалымдар және инжинерлер, сол сияқты тапқырлардың еңбегінде
ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда жыл сайын құрылатын 600-700 мың фирмалардың
18 бөлігін ғылыми-техникалық жаңашылдық өндірісінде мамандандырылған,
сонымен қатар, Ұлыбританияның инновациялық саясатының негізгі бағыттарының
бірі – ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі бағытта құрылады:

1. бюджеттен мақсатты бағытталған субсидияландыру арқылы;
2. қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту.
Бұл бағытты іске асыруда Ұлыбританиядағы шағын бизнестің әкімшілігі

(ШБӘ) құрылған және ол шағын кәсіпкерлікке қаржылық, консультациялық,
материалдық көмектеседі, кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады.
Ал, Қазақстан территориясында шағын бизнеске арнаулы әкімшілік құрылмаған,
(ШБӘ) мүмкін осындай әкімшілік құратын болсақ, біздің елде де шетелде
сияқты шағын бизнес жоғарғы даму сатысына жетеді деп ойлаймыз.
Шағын және орта бизнес әкімшілігі шеңберінде Ұлыбританияда келесі
бағдарламалар жүзеге асырылады:
1. халықаралық саудаға көмектер;
2. зерттелу мен жобаларды жасауға көмектері және қаржыландыру;
3. ұлттық кәсіпкерлікті дамыту;
4. әйел кәсіпкерлерге жағдай жасау;
5. ардагер - кәсіпкерлерге көмектер;
Сонымен қатар, Ұлыбританиядағы шағын кәсіпкерліктің субьектілеріне қаржы
ресурстарын қамтамасыз ету келесі бағыттарды қарастырады:
6. шағын кәсіпкерлікті инвестициялауды компаниялардың конкурстық негізде
несиелермен қамтылуы;
7. қарыздар мен несиелер негізінде мемлекеттік іс ұсынылуы ШБӘ 25 жылға
дейін 750 мың долларға дейінгі ссудалар береді;
8. қоршаған ортаны қорғауға байланысты шағын бизнесті қаржыландыру ( бұл
жағдайда ШБӘ максималды деңгейі бір млн. доллар мөлшерінде ссуда
береді ).
Сонымен қатар, Ұлыбританиядағы қолдау жұмыстары шағын кәсіпкерлік
субьектілеріне салықтық жеңілдіктер берумен ерекшелінеді. Мысалы, табысы 50
мың доллар кәсіпорындарға 15 пайыз салық мөлшерлемесі бекітілген, 70 мың
долларға дейін табысы бар шағын фирма салық нормасы 25 пайыз; ал ең жоғарғы
мөлшері 34 пайыз. Барлық федералды ведомоствалар мен 12 шағын бизнесті
дамыту мекемелерінің 100млн. долларлық бюджетінен шағын ғылыми зерттеу
фирмалар қызметін қаржыландыруға өздерінің 1,25 пайыз қаржы ресурстарын
бөлуге міндетті болып табылады. Сондай-ақ біздің елде де шағын бизнес
субъектілеріне жеңілдіктер көрсетілген, ол арнаулы салық режимі, яғни
оңайлатылған декларация, патент, жалпы режим, бір жолғы талон, олардың
өздеріне тән ставкалары көрсетілген, бұл да кәсіпкерлерге біршама жеңілдік
болып келеді.
Өтпелі кезең экономикасында шағын кәсіпкерлік мәселесі дамыған
мемлекеттер тәжірибелерін талдау маңызы өседі. Дамыған капиталистік
мемлекеттердің тәжірибелерге талдау көпшілігінде шағын және орта
фирмалардың жалпы жұмысбастылықтағы үлесінің артуын көрсетеді.
Сонымен қатар, мемлекеттерде шағын бизнестің ұйымдастырылуы әр түрлі
қаржыландыру көздері арқылы, техникалық және технологиялық көмек көрсетуге,
бюджетті – қаржылай жеңілдіктер болуы, инфраструктуралық қолдау шаралары
және шағын кәсіпкерлікті қолдау, дамыту іс-шаралары жатады.
Италияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы ең
алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып
табылады. Екінші сипаттама - кәсіпорынды тікелей басқарудың
айқындылығы, яғни кәсіпорын қызметінің айқындылығы: оның көлемінің
шектеулілігі қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынастар
сипаттарын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей
мүдделігін, ынталылығын тудырады.
Үшіншіден, кәсіпорындар өмірінде басқарушы рөлінің ерекше
маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелілігіне тек қана мүлік иесі
болғандықтан тәуекелге бел буатындығынан ғана емес, сонымен бірге оның
өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан
қатысуынан көрінеді.
Төртінші – істі жанұялық негізде жүргізу, кәсіпорындар қызметін нәтижелі
жүргізу, ұйымдастыруға атадан балаға мұра ретінде машықтану.
Бесіншіден – шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде
кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады.
Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капиталдар нарығы (қор
биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің
аздаған несиесіне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржылындыру
мәселесі басты проблема болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің жоғарыдағы аталған сапалық жақтарымен бірге
сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді:
жылдық айналым сапасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Италияда қабылданған
есептеу методологиясына сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар
жатқызылады:
Белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі – барлық жеке еркін мамандық
иелері (дәрігер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша консультанттар,
аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер, педагогтар,
баспасөз, өнер қызметкерлері және тағы басқалар ).
Жұмыс істейтіндер саны 1-ден 43 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн.
маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар;
Жұмыс істейтіндер саны 50-ден 499 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн
- 10млн маркаға дейінгі орта кәсіпорындар.
Италиядағы шағын бизнестің экономикалық маңызы, біріншіден барлық
еңбекке жарамды халықтың 23 бөлігін қамтып отырған жұмыс беруші ретіндегі,
екіншіден елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын құрайтын өнім өндіруші
мен қызмет көрсетуші ретіндегі; үшіншіден барлық инвестициялар мен
тіркелген патенттердің жартысынан артығының өндіріске еңгізудегі үлесіне
25 бөлігі келетін ғылыми-техникалық прогрестің катализаторы ретіндегі;
төртіншіден Италиядағы барлық өндірістік оқу орындарының 85 процентін
қамтитын кадрлар дайындау көзі ретіндегі рольмен анықталады.
Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары
олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Италияда шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип өздігінен,
мүмкіндігінше өз бетінше дамуы барынша ынталандыратын негізде көмек беру
болып табылады. Бағдарламаның жалпы мақсаты – ол шағын кәсіпкерліктің
тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Қазіргі кезде бірінші
орынға арнайы шаралардың жиынтығы мен нақты бағдарламалардың өмірге
келуіне талап етіп отырған Италияның жаңа аймақтарындағы шағын
кәсіпорындарды ынталандыру проблемасы қойылып отыр. Осыған орай мынадай
шараларды атап өтуге болады: Италияның федералды үкіметі іс жүзіне асырып
отырған құрылымдық-саяси шаралар.
Шағын кәсіпкерлікке қолдау жасауға құрылымдық-саяси шаралардың екінші бір
құрамды бөлігі – мемлекеттік келісім шарттарды бөлуге қатысудағы олардың
құқықтық жағынан теңдегін қамтамасыз ету.
Италияда салық салудағы жеңілдіктер. Италияның жаңа аймақтарында қазіргі
кезде кеңінен пайдаланып жүрген бұл инструментің басты үш түрі бар:
1. амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары;
2. пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау;
3. салық ведомаствалары төлейтін инвестициялық үстемелер.
Енді арқайсысына жекелеп тоқталсақ:
Амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары барлық инвестицияларға
қолданылып, жаңа жұмыс орнын ашуға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық
жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа тауар шығаруға бағытталады.
Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есеп ретінде шығарылады, бірінші жылы
жұмсалған капиталдың 50 пайыз амортизацияланады, екінші жылы 30 пайыз және
үшінші жылы 20 пайыз. Салықтан босатылған пайда резервтерін жасауға қол
өнері өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық секторларында,
сондай-ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі сферасында қолдануға
рұқсат етілген. Резерв бір жыл ішінде түскен пайданың 20 пайызға дейінгі
мөлшерін құрауы мүмкін. .[19,б.120-123].
Қаржы жағынан қолдау. Федералдық өкімет тарапынан берілетін
салыстырмалы түрде процент ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын падалана
отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндіктер тудыратын несиелер – шағын бизнес
үшін қамқорлық болып саналады. Қазіргі кезде бұл шағын кәсіпкерлікке қаржы
бөлудің негізгі көзі федералдық бюджет, оның қорлары;
1. Кредитонитальт фюр Видерауфбау (Маин);
2. Дойче асглейхсбанк (Бонн).
Ал, Қазақстанда арнаулы салық режимі, яғни оңайлатылған декларация, патент,
жалпы режим, бір жолғы талон шағын бизнес субъектілеріне жеңілдік ретінде
қолданылады.
Осы мемлекеттерді Қазақстанмен, яғни шағын бизнес субъектілеріне
салық салу мәселелерімен салыстыратын болсақ, Қазақстанда да шетелдерде
сияқты шағын бизнес субъектілеріне жеңілдіктер көрсетілген, егер де
Италияда кәсіпкерлерге салық салуда жеңілдіктердің үш түрі болса, жоғарыда
атап өткендей Қазақстанда да кәсіпкерлерге салық салуда арнаулы салық
режимі қолданылады. Олар: бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация,
жалпы режим бұл екі елдің арасындағы ұқсастығы ретінде қарауға болады,
бірақ Италияда амортизациялық аударым, инвестициялық үстемелер, салық
салынбайтын резервтеріне қатысты жеңілдіктері болса, бізде арнайы мемлекет
тарапынан заң неегізінде арнаулы салық режимдері қолданылады. Сондай-ақ
Италияда ұсақ кәсіпорындар олар - 1-43 адамға дейін, орта – 50-499-ға
дейін, ал ірі кәсіпорындар- 500 адамнан жоғары болып келеді. Ал
Қазақстандағы жағдай шағын кәсіпорындарға – 50 адамға дейін, орта
кәсіпорындар – 50-250-ге дейін, ал адам саны – 250 адамнан асатын болса,
онда ол ірі кәсіпорын болып саналады. Осы көрсеткіштерден біз шетелдермен
біздің ел арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтуымызға болады.

2.1 Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салу механизмі

Нарықтық қатынастар жүйесі, кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасайтын
және олардың өндіретін тауарлары мен қызмет түрлерінің сапасы мен
құрылымын, көлемін арттыра отырып жұмыс тиімділігін арттыратын шаруашылықты
жүргізудің универсалды үлгісі болып табылады.
Шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі бүгінгі күні Қазақстанның
экономикалық саясатында үлкен орын алады. Оның себептері Қазақстан нарықтык
экономикаға өту жағдайында түрлі меншік формасындағы кіші және орта
бизнестегі кәсіпорындар құруға деген қажеттілік пайда болды, яғни, тұтыну
нарығына өз тауарларын шығарып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету,
экономиканы жан-жақты дамыту, әлемдік рынокқа шығу, ұлттық байлығымызды
көтеру, т.б.Дамушы елдерде шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттін
экономикалық деңгейін жоғарлатудың негізі болып табылады.
Кәсіпкерлікті дамытудың алғашқы іргетасы ең алдымен кооперативтер
құру негізінде қаланды. Тәуелсіздік алмай тұрып, “Кооперация туралы” заңы
мемлекеттік және экономиканын колхоздық - кооперациялық секторларының
бірдей құқықтық деңгейде жұмыс жасауын көздеді. Қазақстан кәсіпкерлерінің
бірінші даму сатысы 1990 жылғы "Қазақ ССР кәсіпкерлікті және шаруашылық іс-
әрекетті дамыту" заңы шыққаннан кейін қалыптаса бастады. Кооперативтер мен
ұйымдар саны 15 мыңға жетті, ал, онда жұмыс істейтіндер саны 300 мың адамға
жетті. Олар елдегі тауарлар мен қызметтердің төрттен бір бөлігін шығарды.
Кейінірек, қайтадан "Кооперация туралы" заң жаңаланып, өнделіп
қайтадан шықты. Осыған орай кәсіпорындар жұмыс істегенімен сатып алу-сауда
кооперативтеріне салық салу қатал түрде жүргізілуінің әсерінен олардың
іскерлік қызметі құлдырауға ұшырады. Кооперативтер саны тәуелсіздік жылдар
аралығында екі мыңға дейін азайып кетті. Бертін келе мемлекеттің жүргізген
саясатқа орай жеке кәсіпкерлік қайтадан қолға алына бастады. Олар түрлі
салықтық жеңілдіктерді қолданды, мемлекет тарапынан басқа да қолдаулар
тапты, сөйтіп, олпрдың саны күннен күнге арта түсті. Тәуелсіздік жылы
олардың саны 11,5 мыңға жетіп, оларда 115 мың адам жұмыс істеді. Ал,
қазіргі таңда бизнес жақсы дамып келеді, кәсіпкерлік бізде шағын, орта,
ірі, деп бөлінуіне қарай ондағы табыс деңгейі де әр түрлі болып келеді.
Сондай-ақ тәуелсіздік жылдары тек кооперация туралы заң қабылданып
жүргізілсе, ал қазір 2010 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жаңа
салық кодексі қабылданды, онда шағын бизнестің түрлері, режимдері аталып
өтілген, сонымен қатар, ҚР-ның президентінің 2010 жылы Қазақстан халқына
жолдауында кәсіпкерлік – жаңа экономиканың қозғаушы күші ретінде
қарастырылғаны жайлы айтылған, сол сияқты, президенттің жарлықтарында да
шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекет тарапынан оларға жеңілдік
көрсетілгендігі жайлы айтылған, міне осындай жарлықтар, заңдар негізінде
жалпы экономика реттеліп отырады, экономиканың реттелуі - дамыған елдер
қатарына қосылуға мүмкіндік тудырады.
Алдыңғы тараудан байқап отырғанымыздай, кәсіпкерлер саны уақыт өте
келе өсіп отыр. Яғни оларды салықтық реттеудің қажеттілігі күннен күнге
артып келеді.
Шағын және орта бизнес - бұл өз атынан өзіндік тәуекелділікпен және
мүліктік жауапкершілікпен атқаратын жұмыс және қызмет көрсету, тауар сату
жолымен өз есебіне пайда табатын жеке кәсіпкерлердің заңды ұйымшылдық
формасының бірін көрсетеді .
Сипатына байланысты адамдардың іс-әрекетінің негізгі екі типі бар:
еркін және еріксіз. Кәсіпкерлік еркін іс-әрекетке жатады, себебі ол жеке
ойға, жеке бастама көрсетуге, мақсатты тандауға, белгілі бір нәтижеге
жетуге негізделеді.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
субъектілер саны, кәсіпкерліктің түрлері өте көп, яғни оларды жіктей келе
олардың қызметін реттейтін салық түрлеріне тоқталатын болсақ, оларға, егер
олар заңды тұлға болатын болса қазіргі қолданыстағы салық заңдылығына
сәйкес корпоративті табыс салығы салынады, жеке тұлға болса жеке табыс
салығы және бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік қызмет түрлеріне арнаулы салық
режимі қолданылады.
Арнаулы салық режимін қолдана отырып мемлекет кәсіпкерлік қызметтің
дамуына, өсіп-өркендеуіне жағдай жасайды және оларды салықтық реттеп
отырудан да бос қалмайды. .[10,б.111-112].
Енді оған толығырақ тоқталатын болсақ, өтпелі ксзеңді басынан
кешіріп отырған ҚР мемлекет үшін шағын және орта бизнесті дамытуда аталмыш
салық салу режимінің тигізер әсері ерекше болмақ. Бұл салық салу әдісін
салық төлеушілердің белгілі бір түрлері ғана қолданады, сонымен бірге салық
түрлерін, яғни, әлеуметтік салықты, корпоративті табыс салығын, төлем
көзінен салық салынатын жеке табыс салығын қоспағанда жеке табыс салығын
телеу мен есептеудің оңайлатылған тәртібін қолданады. Ол патент негізінде,
оңайлатылған декларация негізінде болады.
Салық салу объектісі болып, салық төлеушілердің ҚР территориясы
аумағындағы салық кезеңі ішінде тапқан табысы болып табылады.
Салық салудың оңайлатылған жағдайын қолданушыларда міндетті түрде төмендегі
шартты нәрселер болуы керек:
1. орналасқан жері бойынша аумақтық салық органдарында
мемлекеттік тіркеуде болуы керек;
2. бекітілген үлгіде өтініші болуы керек;
3. лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асыру барысында лицензиясы болуы
керек;
4. мемлекеттік тіркеуге байланысты алымдары төленуі керек;
5. банктегі шоты туралы мәлімет болуы керек;
6. сондай-ақ басқа да бюджетпен есеп айырысқаны туралы құжаттары
болуы шарт.
Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін төлем көзінен
ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық
немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін
белгілейді. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей
белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағында және
оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық
түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі  табыс патент немесе оңайлатылған
декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін
салық салу объектісі  болып табылады. Шағын және орта бизнес субъектілері
салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін
табыс етудің төменде санамаланған тәртіптерінің біреуін ғана дербес
таңдауға құқылы:
1. патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
2. оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
3. жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
Арнаулы салық режимін:
1. филиалдары, өкілдіктері бар заңды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджет қазынасын толтырудағы салық жүйесі мен салық салу
Кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты мен маңыздылығы
Шағын бизнес субъектілерінің қызметіне салық салу
Салықтардың экономикалық мәні мен атқаратын қызметі
Шағын бизнес субъектілеріне салық салу тәртібі
Үкімет неге салық жинайды?
Кәсіпкерлік қызметті жетілдірудегі салық режимінің маңызын ашып көрсету және тиімді жүйесін ұсыну
Кәсіпкерлік қызметке салық салу мәселелері
Шағын бизнес субъектілеріне салық салу
Жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу ставкалары
Пәндер