Мемуарлық шығарма (конспект)



Мемуарлық шығарма, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ.Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар - Абай, Ш. Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мұқанов - «Аққан жүлдыз»,
М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
Сондай –ақ мемуар жанрында роман, повесть жазыла береді. Ғұмырнамалық туындылардың бұл жүйесі авторға мейлінше еркіндік береді. С. Айнис, Андрей Белый, Александр Бенуа, Сәбит Мұқанов мемуарлық шығармаларын деп атауға болады. Онда қоғам өмірі басты кейіпкер өмірімен телқабыс алынып, оның қабатында көп желі жарыса қатар тартылып, егізделе суреттеліп кете барады. Кейіпкер табиғаты да эпикалық тыныспен беріліп, характері жан-жақты ашыла береді.
Бүгінгі қазақ мемуаристикасының қалыптасу жайы бүкіл әлем әдебиетінің озығынан, орыс әдебиетінен оқу арқылы жетіле түскен. Ол ұлттық әдебиетіміздегі мемуарлық дәстүрлердің негізгі жолын ескере отырып, күрделене жаңарған, жаңа мазмұнмен түлеп, мәселен деп бағытта түрлене көркейген жанр. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері назар аудартады. Ескерткіш бойынан биография мен естелік элементтерінің ұшқындарын табамыз. Бұл бүгінгі мемуаристикамыздың, оның ішінде ғұмырнамалық форманың ұлттық саласы сонау көнеден екенін еске алғызады. Алғашқы мемуар ұшқындарының туу себептері ескерткіш авторларының соңына белгі қалдыру ғана мақсатынан емес сияқты. Тоныкөктің «Түрік білгіш қағанының еліне осы ескерткішті бағыштаған, Мен» – деуінде халыққа тәрбиесін мирас етпегі де, үлгі етіп ұрандауы да жоқ еместей. Мүмкін мұндай ескерткіш қалдыру сол кездің дәстүрі үшін аса маңызды болған тәрізді. Орхон-Енисей жазбалары сияқты ескерткіштердегі өмірбаян элементтері сол болған адамның өзі туралы айтқандарына жүйеленеді.
1.Мақпырұлы С. Адамтану өнері. - Алматы: «Арыс», 2009. - 214.
2. Қаратаев М. Социалистік реализмнің қазақ прозасындағы қалыптасуы.
- Алматы, 1965.
3. Оразаев Ф. Жазушы стилін зерттеудің кейбір мәселелері // Жұлдыз,
1970.
4. Рамазанова А. Қазіргі қазақ повестеріндегі адам және табиғат
мәселелері (70-80): Дисс. филол. ғыл. канд. – Алматы, 1993. – 129 б.
5. Ахундов Б.А. Литературные направления и стили. - Москва: «Мысль»,
1976.
6. Берггольц О. Избранные произведения в двух томах, т.2. Ленинград:
«Художественная литература», 1967

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Мемуарлық шығарма (конспект)

Орындаған: Тұрғанбек Д.
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.
Топ:Қ- 211

Семей 2015ж

Мемуарлық шығарма, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ.Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқұлованың Өмірім менің - өнерім (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар - Абай, Ш. Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мұқанов - Аққан жүлдыз,
М. Әуезов Абай жолы. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
Сондай - ақ мемуар жанрында роман, повесть жазыла береді. Ғұмырнамалық туындылардың бұл жүйесі авторға мейлінше еркіндік береді. С. Айнис, Андрей Белый, Александр Бенуа, Сәбит Мұқанов мемуарлық шығармаларын деп атауға болады. Онда қоғам өмірі басты кейіпкер өмірімен телқабыс алынып, оның қабатында көп желі жарыса қатар тартылып, егізделе суреттеліп кете барады. Кейіпкер табиғаты да эпикалық тыныспен беріліп, характері жан-жақты ашыла береді.
Бүгінгі қазақ мемуаристикасының қалыптасу жайы бүкіл әлем әдебиетінің озығынан, орыс әдебиетінен оқу арқылы жетіле түскен. Ол ұлттық әдебиетіміздегі мемуарлық дәстүрлердің негізгі жолын ескере отырып, күрделене жаңарған, жаңа мазмұнмен түлеп, мәселен деп бағытта түрлене көркейген жанр. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері назар аудартады. Ескерткіш бойынан биография мен естелік элементтерінің ұшқындарын табамыз. Бұл бүгінгі мемуаристикамыздың, оның ішінде ғұмырнамалық форманың ұлттық саласы сонау көнеден екенін еске алғызады. Алғашқы мемуар ұшқындарының туу себептері ескерткіш авторларының соңына белгі қалдыру ғана мақсатынан емес сияқты. Тоныкөктің Түрік білгіш қағанының еліне осы ескерткішті бағыштаған, Мен - деуінде халыққа тәрбиесін мирас етпегі де, үлгі етіп ұрандауы да жоқ еместей. Мүмкін мұндай ескерткіш қалдыру сол кездің дәстүрі үшін аса маңызды болған тәрізді. Орхон-Енисей жазбалары сияқты ескерткіштердегі өмірбаян элементтері сол болған адамның өзі туралы айтқандарына жүйеленеді.
Әзілхан Нұршайықовтың өмірбаяндық романы Өткелдер, Асулар деген 2 кітаптан тұрады. Автор аталған романды Ғабит Мүсіреповтің
90 жылдығына арнап жазады және осы естеліктің дүниеге келуіне қайта құру заманының шарапаты себеп болғанын да жасырмайды.
Ә. Нұршайықов өмірбаяндық романға Өнер баспасының директоры Сұлтан Оразалиновтың қазақ халқының ұлы жазушысы Ғабит Мүсірепов туралы естелік жазып беру жайындағы өтініш хатын оқығаннан кейін кіріскенін атап өтеді. Ғабит жайында не білетінін сарапқа салады. Өз өмірінде, өз жүрегінде ұлы жазушының қандай із қалдырғандығын саралайды. Өзіне жолдаған оның хаттарын құрастырады, бірге түскен суретіне үңіледі. Ол туралы өз дәптеріне жазған жазуларына көз жүгіртеді. Осы романды қалай бастағандығын баяндайды:
... бірден бастай алмадым. Бір күнім босқа кетті. Өйткені естелікке ең алдымен лайықты тақырып тауып алу керек. Айтатын ойыңның бәрі сол тақырыптан тарап, содан өрбуі қажет. Ал мен үстелге отырғанда бірнеше тақырып кемеліп келіп, қаламымның ұшына ілінді. Олар: Асқар таудың аясы, Ұлттық мақтаныш, Ана тілінің асқары, Парасат нұры, Ұлы ұстаз, Маңғаз аға және Майталман шебер. Осының қайсысына жіп тағарымды білмей қиналдым. Бұлардан да оңтайлы тақырып табамын ба деп және дәмелендім. Тіпті болмаған соң, тақырыбын кейін қоярмын деп, орнын ашып тастадым да, бұл естелікті бастауға бел будым.
Қазіргі қазақ әдебиетінде көркем ғұмырнамалық романдар (Тар жол, тайғақ кешу, Өмір мектебі, Көз көрген, Орындалған арман, Ұстаздың оралуы, Қыран қазасы қияда т.б.), повестік (Ұшқан ұя), очерктік (Халқым үшін, Аспандағы айқас), әңгімелік (Менің өмірбаяным), новеллалық (Офицер күнделігі, Мәңгілік өмір, Айналайын), поэзиялық туындылар (Менің өмірім, Алғашқы адым, Жолда) т.б. мемуаристиканың қазақ әдебиетінде орныққан түрі. Көлемі және түрі жағынан қазақ ғұмырнамалық шығармаларының мазмұндық ауқымы да, тақырыбы да алуан. Зерттеу объектісіне келу де, ғұмырнамалық мотивтің берілуі де әр түрлі. Мәселен Өмір мектебі желісі ғұмырнамаға құрылған. Мұндағы естелік суреттеулер - ғұмырнаманы ашу ретіндегі тәсілдер. Ал, Тар жол, тайғақ кешу қоғам өмірінің cан түрлі тартыстарын суреттеу жағдайында басталып, ғұмырнамалық жайды ішкі мазмұнына қарай орайластырады. Кей шығармаларда ғұмырнамалық шығарма соңына дейін бұлтарыссыз, өзге тәсілсіз бір қалыппен қозғалады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философилық мәні(конспект)

Орындаған: Тұрғанбек Д.
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.
Топ:Қ- 211

Семей 2015ж

Поэма -- эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді. Поэма барлық халықтың әдебиетінде кездесетін көне жанр. Мысалы, ежелгі грек әдебиетінде "Илиада", "Одиссея" эпикалық поэмалары, ертедегі орыс әдебиетінде халықтық дастандар (былина) мен "Игорь жасағы туралы жыр", т.б. поэмалар кеңінен мәлім. А.С. Пушкиннің "Мыс салт атты", М.Ю. Лермонтовтың "Мцыри", Н.А. Некрасовтың "Русьте кім жақсы тұрады?" атты шығармалары поэма жанрының классикалық үлгісі саналады. Абайдың "Ескендір", "Масғұт", Ш.Құдайбердіұлының "Қалқаман -- Мамыр", М.Абайұлының "Медғат -- Қасым", М.Сералиннің "Гүлқашима", С.Торайғыровтың "Кедей", "Адасқан өмір", т.б. шығармалары қазақ әдебиетіндегі поэманың үздік туындылары. Поэма кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде кемел жанрға айналды. М.Жұмабаевтың "Батыр Баян", С.Сейфуллиннің "Көкшетау", І.Жансүгіровтің "Құлагер", С.Мұқановтың "Сұлушаш", Т.Жароковтың "Тасқын", Ә.Тәжібаевтың "Абыл", қаласыАманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңыз", І.Бекхожиннің "Батыр Науан", т.б. туындылары поэманың таңдаулы нұсқаларына жатады. 20 ғ-дың 2-жартысында қазақ әдебиетінде поэма жанры айрықша дамыды. Х.Ерғалиевтің "Құрманғазы", Ж.Молдағалиевтің "Мен қазақпын", Ғ.Іайырбековтің "Дала қоңырауы", Қ.Мырзалиевтің "Қызыл кітап", М.Шахановтың "Өркениеттің адасуы", "Жазагер жады космоформуласы" сияқты идеялық мазмұны терең, көркемдік қуаты жоғары поэмалар қазақ әдебиетінің арнасын кеңейтті.

Қ.Мырзалиевтің "Қызыл кітап",жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, Деректердің Қызыл кітабы (Red Date book) деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым - зоолог А. А. Слуцкий болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар әлемін қорғауға арналды.
Қандай да бір түрдің Қызыл кітапқа тіркелуі - қауіп туғызатын дабыл. Ол тап сол түрді қорғау және сақтауға арналған мемлекеттік, сондай - ақ жергілікті шараларды қабылдауға түрткі болады. Қызыл кітап (1 - бөлім. Омыртқалы жануарлар) Қазақстанда ең алғаш 1978 жылы басылып шықты. Оған жануарлардың 87 түрі енді. 1981 жылы Қазақстан Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді, онда өсімдіктердің 307 түрі аталды. Үшінші басылымы қауіпті таксондар жануарларына арналды, 1996 жылы баспадан жарық көрді. Оған омыртқалылардың 125 түрі мен түршелері: балықтар, құстар, жорғалаушылар, сүтқоректілер қамтылды. Қызыл кітапқа тіркелген әрбір түрдің жіктеу нөмірі бар, мәртебесі 5 санатқа бөлінген:
І санат - жойылып бара жатқандар;
ІІ санат - саны кемігендер;
ІІІ санат - сирек кездесетіндер;
ІV санат - анықталмағандар;
V санат - қалпына келтірілгендер;
Қызыл кітап - маңызы өте зор құжат. Оны тек мемлекеттік экологиялық мекемелер ғана емес, көптеген қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер басшылыққа алады. Сондай - ақ зерделі, табиғатты сүйетін Қазақстан Республикасының азаматтары да басшылыққа алуы керек.
Қадыр Мырза Әли Қызыл кітап.
Қадыр, негізінен, ұлттық ақын. Ұлттық ақын болғанда, қазақ халқының ақыны. Оның туған халқының арғы - бергі өмірі, тіршілігі туралы жазған өлеңдері өте көп. Сол өлеңдерінің барлығын жинақтап айтсақ, қазақ халқы өмірің көркемдік шежіресі, әдебиеттегі образды тарихы деуге болады.
1980 жылы Жерұйық жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз Тарлан сыйлығын алды. Ақынның поэмаларында да соны идеялық кең серпін жаңа көркемдік бояулар молынан ұшырайды. Ақын Заман - ай поэмасында (1997) Қазақстанның Кеңес өкіметі жылдарындағы тарихына бүгінгі биіктен жаңаша көзқараспен қарап, шамырқана толғанады. 70 жыл ішінде қазақ халқы бастан кешкен адам небір қиындықтарды нақты көркемдік ойлармен жинақтап, әсерлі бейнелеген. Қадыр Мырза Әли поэмасында 1917 - 1991 жылдар арасындағы Кеңес Одағындағы халық қасіретінің әрі нақты, әрі жинақталған көркем бейнесі бар. Заман - ай, Бес жыл өткен соң поэмалары - қазақ халқының ХХ ғасырдағы көркемдік тарихын оқырман санасына толық жеткізетін көрнекті эпикалық туындылары қазіргі қазақ поэмараларына жол ашты.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Лирикалық проза (реферат)

Орындаған: Тұрғанбек Д.
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.
Топ:Қ- 211

Семей 2015ж

Жоспар:
I. Кіріспе:
II. Негізгі бөлім:
1. Лирикалық проза деген не;
2. Лирикалық прозаның даму кезеңдері;
III. Қорытынды:
IV. Пайдаланған әдебиеттер:

Лирикалық проза -- автордың нәзік көңіл-күйімен, сезім әсерімен жазылған прозалық шығармалар.
Лирикалық проза өз алдына жанр болып саналмайды, тек прозаның стильдік бір түрі ретінде қарастырылады. Мұндай шығарманың композициялық құрылысы лирикалық кейіпкердің тебіреніс-толғаныстарына сәйкес қалыптасады. Лирикалық прозада бастан-аяқ үзілмей дамып отыратын сюжет кездеспейді. Алайда кейіпкерлердің бүкіл бастан кешкен көңіл-күй әсерлерінен белгілі бір желі пайда болып отырады. Оны шартты түрде лирикалық желі деп атауға болады.
Кейіпкердің ой-сезімі, басқа адамдармен әр түрлі қарым-қатысы, қайшылығы жағдай, оқиғаға айналып, бір-бірімен қалайда жалғасып, астасып жатады. Лирикалық прозаның қаһармандары ойламаған жерден күтпеген жағдайларды, өзгерістерді бастан өткеріп отырады. Орыс әдебиетінде Лирикалық прозаны жоғары сатыға көтерген Тургенев болды. Қазақ әдебиетінде Лирикалық прозаның белгілері Ж.Аймауытов шығармаларынан айқын танылады.
Қазақ әдебиетінің өзіндік даму тарихы бар. Сонау ауыз әдебиетінен нәр алып сусындаған әдебиетіміз уақыт өткен сайын өзіндік жаңалықтарымен, ізденістерімен дараланып тұратын қаламгерлер шығармаларымен толығып отырды. Соның нәтижесінде әр кезеңдегі қазақ қаламгерлері қалыптасқан дәстүрлі арнаны жаңашылдық сипатта жан-жақты дамыта отырып, қазақ әдебиетіне мол жаңалық әкелді. Қазақ әдебиетінің төріне жаңа кейіпкерлер келді, олардың мінез-құлқы күрделенді, әр түрлі жанрда жазылған жаңа мазмұнды шығармалар қатары кеңейді. Кейіпкер бейнесін сомдауда, өмір шындығын көркем өрнектеуде соны көркем бейнелеу құралдары жасалды. Яғни әдебиеттегі дәстүрлі арна жаңа сипат алды. Әдебиеттегі жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғаратын соны бейнелеу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әдебиетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін. Көркем творчество үнемі қозғалыс, даму үстіндегі күрделі әрі жанды процесс. Бұл процесте әр шынайы жаңашылдық өзінің сонылық қасиетін берік сақтай отырып, кейінгі дамуға да үлкен ықпалын тигізеді. Бұл ретте белгілі творчестволық озық жетістіктердің жаңашылдық өмірі мен дәстүрлік қызметі қатар басталады деуге болады. Нағыз дәстүрлік сипат алған көркемдік құбылыс әдеби дамуда бүтіндей жаңа серпіліс, жаңа белес дайындайды .
ХХ ғасыр әлем әдебиеті адамның ішкі субъективтік әлеміне терең үңіле отырып, өмірді жаңа қырынан таныды. Әлем әдебиетінде туындап жатқан жаңаша көзқарастардың әсері қазақ прозасына да өз ықпалын тигізіп, қазақ көркем сөз өнері өсіп, дами түсті. Әдебиет - өмір айнасы ғана емес, өз тарапынан жаңа әлемнің жасаушысы да [2, 55]. Әдебиеттегі осындай ерекшеліктердің бірі лирикалық прозаның дамуына қатысты болды. Кез келген нәрсенің жоқтан пайда болмайтындығы сияқты бұл құбылыс та әдебиетімізгі өзіне дейінгі дәстүрді жалғастыра отырып келді.
Орыс әдебиетіндегі лиризмнің кең өрістеу кезеңі 50-жылдардың екінші жартысынан басталды. Көркемдік-эстетикалық қуаты жағынан ғажайып шығармалар жазған орыс әдебиетінің көрнекті өкілдері И.С.Тургеневтің "Алғашқы махаббат", "Көктемгі тасқын", Ф.М.Достоевскийдің "Бейшаралар", Н.Г.Короленконың "Соқыр музыкант" сияқты шығармалары сезімді сан толқытатын лиризм өрнектеріне толы дүниелер екені даусыз. Бұл туралы Б.Майтанов: Нағыз реалистік лиризм И.С.Тургенев, Н.Г.Кореленко, И.А.Буниндер шығармашылығында өзгеше стильдік бедер танытқаны мәлім. И.Паустовский табиғи және адам сұлулығын ерекше нәзіктікпен мөлдірлете суреттеуде романтикалық лиризм оңтайлылығын дәлелдейді деп жазады.
Орыс әдебиетінде лиризм құбылысын ерекше әрі жетік меңгерген А.П.Чехов болып табылады. Расында, Чехов лирикалық проза мүмкіндіктерін танытушы ұлы қаламгерлердің бірі саналумен қатар, жалпы, әдетте бірауыздан мақұлданатын қатал реалистік өнерінің тұла бойына лиризм шуағын жарасымды жинақтай білгені - тартымды факт. Чехов өз шығармаларында адамзат өмірінің мәні, оның құндылығы мен қайталанбас қасиетін ашуға тырысады. Оның әңгімелері күнделікті өмірдегі күйбең тіршілік бола тұрса да, сол өмірдің бақыты, еркін сәттері болатынына сенімділікпен қарайды. Зерттеушілердің пікірінше, мұндай пафосқа толы Чехов әңгімелеріндегі лиризм кейіпкерлердің мінезін айқындап, әңгіме жарқын мұң және ғажайып армандар жайлы ой қосады.
Көп жағдайда жазушының ішкі сезім толғаныстары туған жер, өскен орта тіршілігін суреттеумен беріледі. Бұл ыңғаймен келгенде, негізінен ауыл тұрмысы, бір кездегі балалық шағы қалған аяулы мекен жайды жан-жақты көңіл-күй әуендерін толғайтын қазақ прозаиктерінің де қалыс қалар реті жоқ еді. Жоғарыдағы дәуірде жарияланған туындылардың көбіне жалпыодақтық әдебиеттегі бағдарға сай адамгершілік, ар-ождан мәселелері әрдайым көне салт, дәстүрге мән бермей, ес-түссіз құлшынатындығы үшін сыналуға бейім қала мен ата-бабалар, халықтың асыл мирасын, әдебін әлі де шын жүректен әлпештейтін ел адамдарының ара-қатынасы көзқарастар шарпысуы арқылы пайымдалды. Бір есептен лиризмнің мазмұндық-идеялық төркіні осынау сағыныш, аңсау, адалдық, тазалық, жақсы мұрттарды алыс естеліктерден іздеп, өткенді бағалау сарындарымен тамырлас шыққан сияқты.
Белгілі жазушы Ғ.Мүсіреповтің: Шеберлік біздің алдымызда тұрған бірінші мәселе. Классикалық әдебиеттен, ең алдымен классиктердің сөздерінен үйренуіміз керек. Олардың еңбектеріндегі үлкен шеберлікті меңгермейінше, үлкен әдебиет жасалмайды, тілек орындалмайды. Біз қазақ жазушылары, Толстойдың, Тургеневтің, Гогольдің, Чеховтың, Горькийдің мұрагерлеріміз, ең алдымен осы аталарымыздың шеберлігін меңгере білейік, - деуі де әдебиеттер арасындағы байланысты, дәстүр алмасуын жоққа шығармасы анық .
Жалпы қазақ әдебиетіндегі лиризм үлгілері қай кезеңнен басталады деген сұраққа жауапты ертерек кезден бастаған дұрыс деп ойлаймыз. Кейбір орыс зерттеушілері орыс лирикалық прозасының бастау арналары сонау ауыз әдебиетінде жатқандығын да сөз қылып кетеді. Біз де лиризм үлгілері әлдеқайда ертерек кезеңнен бастау алған деген ойды айтқымыз келеді. Себебі лиризм элементтері кездеспейтін шығарма болмайды десек те болады. Өйткені кез келген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лирикалық проза
Лирикалық проза жайлы
Х-ХХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ РОМАН ЖАНРЫ
Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың басым бөлігі - романдар
Қазақ әдебиеті тарихындағы мемуарлық шығармалар - ұлттық тарихтың көркем шежіресі
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
Естелік жайлы шығармалардың табиғаты мен ерекшеліктері
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні. Лирикалық проза. Мемуарлық шығармалар
Пәндер