Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеттанудағы өзекті мәселелерге сіңірген еңбегі



1. М.О.Әуезов . әдебиет тарихын зерттеуші ғалым
2. М.О.Әуезовтің "Әдебиет тарихы" кітабының қазақ әдебиеттану ғылымында алатын орны
3. М.О.Әуезовтің туысқан халықтардың фольклоры туралы еңбектері.
4. М.Әуезовтің қазақ әдебиеттанудағы өзекті мәселелерге сіңірген еңбектерінің тізімі
4.1 Шет тілінде шыққан басылымдары
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
М.Әуезовтің қазақ әдебиеті мен тарихындағы алар орнын оның әдебиеттану ғылымына сіңірген еңбектерінсіз, атап айтқанда, талант қыры жан-жақты ғалымның әдеби сын, теориялық тұжырымдарға толы ғылыми зерттеу еңбектерінсіз толық күйде сипаттап, талдап шығу мүмкін емес. Ол – қазақ әдебиеттану, фольклортану ғылымының негізін салушы ғалымдардың бірі. Әдебиетші ғалымның фольклор, әдебиет тарихы, әдебиеттер байланысы, абайтану мәселелері бойынша жазған еңбектері бір ғана қазақ әдебиеттану ғылымында емес, кешегі кеңес одағы көлемінде де аса жоғары бағаланып отырғаны тарихтан мәлім.
Ғалымның әдебиет тарихы, оның басталуы мен дамуы жайлы айтқан пікірлері мен ойлары өте маңызды. Өкінішке орай қазақтың қоғамдық өмірінің дамуы жағдайларына сүйеніп айтылған бұл ойлар кеңінен өріс ала алмады, керісінше ғалымның ұлтшыл ретінде айыпталуына (1929-1932) байланысты тоқталып қалды. М.Әуезовтің бұл саладағы алғашқы күрделі еңбегі «Әдебиет тарихы» (1927, Қызылорда) пайдаланылудан алынып тасталып, тіпті идеялық жағынан зиянды кітаптардың қатарына қосылды, осылайша халық игілігіне пайдаланудан тыс қалды. Бұл кітап Қазақстан өзінің ғасырлар бойы күткен тәуелсіздігіне қолы жеткеннен кейін ғана «ұлтшылдық ағым» ақталып, соған қатысты тиым салынған әдебиеттер ішіндегі М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (Алматы,1991) да толық күйінде қайта басылып шықты, сөйтіп рухани байлығымыздың алтын қорын толықтыра түсті.
Қазақ халқының тарихи өткен жолын шолу мен оған баға беруде, әдебиет туындыларын солармен байланыста қарастыруда М.Әуезов тұжырымдары алғашқы ғылыми ойлардың басы деп те айтуға әбден болады.
1. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009
2. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8
3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: "Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
4. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8
5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. А., 1989 ж.
6. Әуезов М.О. творчествосы бойынша библиографиялық көрсеткіш. 1 том. А., 1972.
7. Әуезов М. Абайды білмек парыз, ойлы жасқа. А., 1997 ж.
8. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дереккөздері. А., 1997 ж.
9. Мұхтар Әуезов тағлымы. А., 1987 ж.
10. Молдаханов Ә. М.Әуезов фольклорист. А., 1997 ж.
11. Көлбаев М. Қазақ фольклортану ғылымындағы "Манас" жырының зерттелу тарихы. // Канд.дисс. авторефераты. Түркістан, 2007 ж.
12. Сыздықов К. Мұхтартанудың беймәлім беттері. А., 1997 ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Реферат
ТАҚЫРЫБЫ: Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеттанудағы өзекті мәселелерге сіңірген еңбегі

ОРЫНДАҒАН: Жайсаңбаева А.Н.
6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті

ТЕКСЕРГЕН: Тоқсамбаева А.О.
профессор, ф.ғ.к

СЕМЕЙ - 2015

Жоспар:

1. М.О.Әуезов – әдебиет тарихын зерттеуші ғалым
2. М.О.Әуезовтің "Әдебиет тарихы" кітабының қазақ әдебиеттану ғылымында алатын орны
3. М.О.Әуезовтің туысқан халықтардың фольклоры туралы еңбектері.
4. М.Әуезовтің қазақ әдебиеттанудағы өзекті мәселелерге сіңірген еңбектерінің тізімі
4.1 Шет тілінде шыққан басылымдары
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


 М.Әуезовтің қазақ әдебиеті мен тарихындағы алар орнын оның әдебиеттану ғылымына сіңірген еңбектерінсіз, атап айтқанда, талант қыры жан-жақты ғалымның әдеби сын, теориялық тұжырымдарға толы ғылыми зерттеу еңбектерінсіз толық күйде сипаттап, талдап шығу мүмкін емес. Ол – қазақ әдебиеттану, фольклортану ғылымының негізін салушы ғалымдардың бірі. Әдебиетші ғалымның фольклор, әдебиет тарихы, әдебиеттер байланысы, абайтану мәселелері бойынша жазған еңбектері бір ғана қазақ әдебиеттану ғылымында емес, кешегі кеңес одағы көлемінде де аса жоғары бағаланып отырғаны тарихтан мәлім.
         Ғалымның әдебиет тарихы, оның басталуы мен дамуы жайлы айтқан пікірлері мен ойлары өте маңызды. Өкінішке орай қазақтың қоғамдық өмірінің дамуы жағдайларына сүйеніп айтылған бұл ойлар кеңінен өріс ала алмады, керісінше ғалымның ұлтшыл ретінде айыпталуына (1929-1932) байланысты тоқталып қалды. М.Әуезовтің бұл саладағы алғашқы күрделі еңбегі Әдебиет тарихы (1927, Қызылорда) пайдаланылудан алынып тасталып, тіпті идеялық жағынан зиянды кітаптардың қатарына қосылды, осылайша халық игілігіне пайдаланудан тыс қалды. Бұл кітап Қазақстан өзінің ғасырлар бойы күткен тәуелсіздігіне қолы жеткеннен кейін ғана ұлтшылдық ағым ақталып, соған қатысты тиым салынған әдебиеттер ішіндегі М.Әуезовтің Әдебиет тарихы (Алматы,1991) да толық күйінде қайта басылып шықты, сөйтіп рухани байлығымыздың алтын қорын толықтыра түсті.
         Қазақ халқының тарихи өткен жолын шолу мен оған баға беруде, әдебиет туындыларын солармен байланыста қарастыруда М.Әуезов тұжырымдары алғашқы ғылыми ойлардың басы деп те айтуға әбден болады. Жазба әдебиет тарихын ғалым Әуезов әйгілі Абылай ханның заманынан, күміс көмей жырау Бұқар жырау дәуірінен бастайды. Бұл айтылған пікірлер кейінгі кезеңдегі Қажым Жұмалиев еңбектерінде (Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері,1968) дамытылып, көп уақыт ғылымда осы жоба үстемдік етіп келді. Одан арғы заманның деректері ол ғалымдардың қолына түсе қойған жоқ еді. Қазақтың ұлттық әдебиетінің тарихи жолы қазақ хандарының тұсынан (ХҮ-ХҮІ-ғасырлар) басталып, жыраулар поэзиясы үлгісінде дамығаны, олардың ар жағында жалпы түріктік ортақ мұралардың жазба әдебиетке бастау болғаны кейінгі жылдары зерттеліп, ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Соған қарамастан әдебиет зерттеушісі Әуезовтің жобасы әдебиет тарихының алғашқы сүрлеуі есебінде аса бағалы.
         Абылай заманынан басталатын әдебиетті Мұхтар Әуезов Зар заман әдебиеті деп (Шортанбай өлеңінің атын алған) атайды. Оның пікінше, зар заман ақындарын сол дәуірдің тарихи жағдайлары туғызған. Ақтабан-шұбырындыдан басталған қазақ қайғысы кейін орыс патшалығына бағынуға ұласып, ноқтаға бас иіп, асаудың жуасып, алыптың басылған уақытымен жалғасады. Абылай заманынан бастап, -дейді Мұхтар, -жоғарыда саналған екі-үш тарихи өлеңдерді туғызған оқиғаларға шейін өткен мезгілді алсақ бұл дәуір жүз жылдай уақытқа созылады. Осы жүз жылдық дәуір қазақ өмірінің барлық суретін өзгертіп, бар өмірін екінші салаға түсіріп жібереді... Бұрын жаман-жақсы болса да өзінің ханы билеп, өз бетімен өмір сүрген ел, бері келгенде әуелі ханынан айрылды. Бұрынғы хан елдің өзгеден бөлек бір тіршілігінің белгісі сияқты болса, бері келген уақытта орыс үкіметінің көз, құлағы сияқты, болымсыз ғана төрешігі болып қалды. Соңғы уақыттың хандары қазақтың қасы, патша үкіметінің тыңшысы болды. Шенге, шекпенге сатылған сатымсақ ханның маңайынан өлекседен тараған сасық иістей толып жатқан ұсақ төрешік, ұсақ би, ру жуандары шықты. Мұның бәрі патша өкіметінің жорға құлы болды. Ел тіршілігінің өзгеріп, азуға айналғанының бір белгісі осы еді. Бұлардың қатарына автор патша үкіметінің қазақ жеріне иелік жасауын, қалалар мен бекіністер салып орыстың жерсіз шаруаларын қоныстандыруын қосады. Бірінен соң бірі шыққан закондар ел шаруасын қыса бастайды. Осы мезгіл қазақ қауымының ішінен ел мұңын, ел тілегін жоқтайтын екі алуан адамды шығарады, біреулері – заман халін қайғырып, елдің мұң-зарын жалынды сөзбен суреттеген кемеңгер ақылшы қария, толғаушыл жырау, сезімді ақындар, яғни ой батырлары болса, екіншісі –елдің ескі күйін қайтармақ болған қол батырлар (Сырым, Кенесары, Исатай, Махамбет сияқты).
         Зар заман ақындарының шығуын М.Әуезов ХІХ ғасырдың орта кезінен бері қарай, Исатай, Махамбет, Кенесарылар қозғалысынан кейінгі кезеңге жатқызады. Бұл  кезеңмен Абылай заманының арасындағы тарихи байланыстарға лайық әдебиеттегі Кенесары жорығының артынан шыққан зар заман ақындарымен Абылай дәуіріндегі ақындардың арасынан сондайлық үзілмейтін жалғастық табады. Ол Абылай дәуіріндегі зар заман ақынын екі топқа бөледі: бірі – келер күннің жұмбағын шешіп беріп, елге өсиет айтатын қария, екіншісі – толғау айтқан жырау. Екеуінің де көпке айтар сөздері өлең күйінде айтылып, тақпақ, толғау болып келеді. Олар – елдің ақылшы кемеңгері, заман сыншысы, елді меңгерген хан мен бектің ақылшы уәзірі. Қауым тіршілігінде саяси салмағы зор ақындардың аузынан шыққан сөзі де қорғасындай ауыр, оқтай жұмыр өтімді болған.
         Зар заман әдебиетіне М.Әуезов ХІХ ғасырда болған ақындардың бәрін де қосады. Махамбетті оның басы санап, аяғын Ы.Алтынсаринге тірейді. Аралықта нағыз зар заман әдебиеті ақындары ретінде мойындалған Шортанбай, Мұрат, екі ғасыр шекарасында өмір кешкен Нарманбет шығармаларына талдау береді. Айтыс ақындарынан осы топқа Шернияз, Досқожа, Күдеріқожа, тарихи жыр айтушылардан Нысанбай мен Ығылманды қоса қарастырады. Махамбеттің көтеріліс жалауын көтеріп, тар заманда елді күреске үгіттеген өлеңдерін талдау тұсында ғалым онда алдан күткен үміт, тілек барын, соған жетем деген екпін, жалын барын атайды.
         Кітаптағы Шортанбай, Мұрат, Нарманбет шығармашылығына берілген баға – қазақ әдебиеттану ғылымындағы бұл ақындар жайлы алғашқы пікір. Олардың өлеңдерін Мұхтар Әуезов заман шындығымен салыстыра отырып байсалды талдаған. Шортанбай, Мұрат өлеңдеріндегі заманның бұзылу суреттерімен заман адамының кейпі, Мұрат көбірек жырлаған қазақтың жерінің алынуы, қоныс пен өрістің тарылу идеяларының көрінісі сөз болады. Ақындардың шындықты айта білу ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Нарманбетті автор зар заманның ақырғы ақыны санайды. Ол бұрынғы зарлы мұңның бәріне ақырғы күмбезді тұрғызып, әдебиеттің бір ғасырлық дәуірін осы жоқтаумен тындырады дейді.
   М.Әуезовтің бұл кітабы ұлттық әдебиеттің даму жолы туралы алғашқы сүрлеу болғандықтан, ол кітапта әдебиет тарихына қатысты көптеген деректер, жеке ақындар еңбектері өзінің толық бағасын ала қойған жоқ. Оның негізгі себебі сол кезеңдегі аталған ақындардың шығармаларының түгелдей жиналып басылмауы басты себеп болған. Жалпы түйіндеп келгенде Мұхтар Әуезовтің Әдебиет тарихы кітабы қазақ әдебиеті тарихын жүйелеуде, оның тарихи сүрлеуін салуда аса маңызды, тұңғыш еңбек болып табылады. Оның негізгі қағидалары қазақ халқының сыртқы басқыншылық пен отаршылдыққа қарсы күресі тұсында туған әдебиет материалдарына сүйеніп жасалды. Автордың позициясында ел тағдыры, ұлт мүддесі жайында ойлану жағы басым келеді.
         Мұхтар Әуезов сол кездің өзінде әдебиет тарихы Қазақ мектебінде ана тілінің іргесін нығайтып толық білім беру үшін қажет екенін жете түсінген. Әдебиет мектеп ішіндегі ақыл, сезім тәрбиелеп, қалыптап жетілуден басқа оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгіндегі пішінін танытуға керек дейді ғалым.
         Әдебиетші ғалым Әуезовтің осы саладағы еңбектерін сөз еткенде ең алдымен тоқталып өтетін үлкен бір сала, жемісі мол арна бар, ол - абайтану саласы. Осы ретте академик Зәки Ахметовтің Абай және Әуезов деген еңбегіне аз кем тоқталып өтсек. Абай және Әуезов деген тақырыпты сөз еткенде Мұхтар Әуезовтің Абайдың өмірі мен өнерпаздық жолын танып-білуге қосқан үлесі көбірек айтылады. Мұның өзі екі үлкен сала. Бірі - Әуезовтің Абайтануға, яғни Абайдың өмірі мен творчествосын, оларға қатысты мәселелерді баяндайтын ғылыми еңбектерін, зерттеулері мен мақалаларын талдап бағалау. Екіншісі - Әуезовтің көркем шығармаларында Абай бейнесін суреттеуі.... Әрине, бұл екі сала бір-бірімен тығыз байланысты екені түсінікті, алайда мұның бәрін кеңінен қозғап талдап шығуға біздің мүмкіндігіміз жоқ және алдымызға мақсат етіп қоймаймыз да. Біздің мақсат ұлы Әуезовтің Абайтану ғылымына қосқан үлесі, алар орны жайында ғана болмақ. 
         М.Әуезовтің ұзақ жылдар бойы жүргізген ізденіс үстінде туған ой-пікірлері түгелге жуық Әр жылдар ойлары деген атпен басылым көрген монографиялық еңбегінде жарияланды. Еңбектегі назар аударарлық ерекшелік – Абайдың әдеби мұрасының тұтас қамтылып, ақындық мәдениеті мен көркемдік шеберлігінің даму жолдары, дүниетанымы мен рухани өсуінің эволюциясын хронологиялық желіге сүйене отырып әрі ақын творчествосындағы өзгерістер мен бетбұрыстардың себебін сол дәуірдің тарихи шындығымен сабақтастыра қарап, сырын ашып саралауында жатыр.
         Елуінші жылдар ішіндегі зерттеулерінде М.Әуезов Абай мұрасы жайында кейбір талас тудырған күрделі мәселелерге көңіл аудара бастады. Әсіресе, Абайдың әдеби мектебі, немесе Абайдың ақын шәкірттері туралы қолдан қоздырылған, бірақ ғылыми ойдан тыс, саяси-идеологиялық мақсат көздеген теріс бағыттағы ой-танымдарымен пікір таластырып, өз көзқарасын қорғау жолында күреске түсті. Ұтыстар да, ұтылыстар да болып жатты. Бұл саладағы күресте ақыры шындық жеңді.
         Түйіндей келгенде Абайтанудың негізін салған әрі ол мұраны ғылыми тұрғыдан меңгеру жолында тарихи еңбек атқарған М.Әуезов артына ұлан-ғайыр көркем туындыларын, әсіресе, атақты Абай жолы эпопеясы мен ұзақ жылдарғы ізденуден туған ғылыми-зерттеу еңбектерін қалдырды.
М.Әуезовтің әдебиеттану саласындағы еңбектері де сан алуан. Соның бір шоғыры ауыз әдебиеті мұраларына қатысты жазған ғылыми-зерттеу еңбектері. Ең алдымен фольклор ғылымының қыр-сырына жетік М.Әуезов қазақ халқының аса бай ауыз әдебиеті мұраларын ыждағаттылықпен жинап, баспасөз беттерінде жариялап, ғылыми тұрғыдан зерттеу саласында өлшеусіз еңбек етті. Осындай тұрғыдағы ұдайы ізденістер, ғұмыр бойғы жоғары оқу орындарының филология факультеттеріндегі ұзтаздық қызметтер, сабақ жүргізулер ғалымға ауыз әдебиетінің көптеген жанрлары туралы іргелі ғылыми жұмыстар жазуына, жүргізуіне мол мүмкіндер беріп отырды. Ауыз әдебиетін зерттеуді М.Әуезов шығармашылық өмірінің барлық кезеңінде жазушылық жұмысымен қатар алып жүрді десе де болғандай. Ғалымның 20-30 жылдардағы көптеген зерттеу мақалалары газет, журнал беттерінде үнемі жарияланып отырды. 1939 жылы Л.Соболевпен бірлесе отырып жазған Қазақ халқының эпосы мен фольклоры деген көлемді еңбегі – ғалымның есімін Одақ көлеміне кеңінен мәшһүр етті. Бұл аталған еңбекте қазақ фольклорының барша жанрына ғылыми тұрғыдан сипаттама берілді.
         М.Әуезовтің аса бағалы еңбектерінің бірі – қырғыз халқының атақты эпосы Манас жөніндегі монографиясы. Ғалым Манас жайындағы зерттеулерін де үздіксіз жүргізді, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары бастау алған ізденіс нәтижесінде ол елімізге ең танымал манастанушылардың қатарынан берік орын алды. Манастанушы маман жырдың шығу тегі, тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері және жырды орындаушылар жайында терең де тиянақты ойлар айтты, яғни манастану ғылымын жаңа сатыға көтерді. Әйгілі жырдың халыққа танымал нұсқаларын талдап, танып, олардың тарихи-мәдени, көркемдік мәнін түсіндіруде М.Әуезов жасаған тұжырымдар манастану ғылымындағы шешуші роль атқарғаны тарихи шындық, болған ақиқат.
         Әдебиетші ғалым қазақ халқының ғажайып ертегілерінің жанрлық сипатын кең түрде анықтап, оның ішкі түрлерін (қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы, тұрмыс-салт ертегілері) жүйелеп талдады, бұл талдаулар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Ол ертегінің қаншама ғасырлар бойғы ауызша айту дәстүрінің қазіргі таңдағы жазба прозаға да тигізетін әсері, игілікті ықпалы жайында бағалы пікірлер айтты. Соның бірін ғалым былайша сабақтайды: Көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз, сатысыз көп қор құйған болса, бүгінгі көркем прозаға да халықтың ауызша әңгімесі сондайлық жатық жолмен көп араласып, қабысып жатыр.
           Мұхтар Әуезовтің артында қалған бай әдеби-ғылыми мұрасы - драматургтің, оның қаламгерлік қарымының, ой-арманы мен мақсат-мұратының биік мүдделері туралы сыр шертуге үлкен темірқазық. Әдебиетші-ғалымның өлмес туындылары ұлы суреткердің жеке басының зиялылығының, асқақ азаматтығының, қаламгердің шығармашылық қызметте де, өмірде де шексіз адал болуының жарқын өнегесі болып қала береді.
Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның Абай жолы роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылдың жиырма жетінші маусымында Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды; Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде (1997) аталып өтті.
Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын оқып үйрену, танып-таныту ісінде университет студенттеріне оқытылатын жалпы және арнаулы курстардың атқаратын қызметі өте жоғары. Қазақ әдебиетінің тарихы, Әдебиеттану ғылымына кіріспе, Әдебиет теориясы, Мұхтартану, М. Әуезовтің шығармашылық шеберханасы секілді пәндер аясында жазушының шығармашылығы, шеберлігі, поэтикасы және шығармашылық еңбек психологиясы ғылымының қазіргі жетістіктері негізінде оқытылады. Аталған пәндердің оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, оқулықтары Қазақстанның барлық университеттерінде бірдей қолданылуы Әуезовті тану мен танытудағы үлкен жетістіктерге жатады.
Университет студенттері Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын оқып үйреніп қана қоймай, оларды зерттеуге де белсене араласады. Жыл сайын қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жөнінде курс жұмыстары, диплом жұмыстары жазылады. Ғалымдар зерттеу еңбектерін жазып, кандидаттық, докторлык диссертацияларын қорғайды. 3. Қабдоловтың Менің Әуезовім, Р. Нұрғалиевтің Әуезов және алаш, Ж. Дәдебаевтың Мұхтар Әуезов, Ө. Күмісбаевтың М. Әуезов және Шығыс т. б. еңбектер 1997 жылдың жетістіктері. Бұған 1997 ж. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғалым еңбектеріндегі қазақ әдебиеттануының мәселелері
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
Әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосқан ғалымдар
Мұхтар Әуезов тағылымы
Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Мұхтар ӘуезовтIң өмIрбаяны мен ғылыми - творчестволық көзқарасының қалыптасуы
Драма мен театр байланысы
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Абайтану ғылымын зерттеушілер
Пәндер