Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.
2. Вакцина
3 Адтюванттар мен иммуномодуляторлар.
4 Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Вирус– тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады.
Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.
Вирустық аурулар — вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер.Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл,құтыру және т.б. аурулар вирус арқылы таралады. Тұмаудың нағызқоздырғышы 1933 жылы анықталды. Бұл ауру ертеден белгілі. Тұмау індеті адамзатқа шешекпен обадан артық болмаса, кем залал тигізбеген.
Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларға жатады. Оның мәнісі - адам организімінде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар қабылдамаушылықты (иммунитетті) табиғи резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардың (антигендер мен антиденелер) қасиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.
Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирустық АГ- ді енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізген кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады.
Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер (иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады (13.3 - кесте). Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданады. Оған адамдарға ауру жұғу қаупі төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болатын иммунитет ұзаққа созылмайды (бірнеше аптадан аспайды).
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиоло¬гия, иммунология и виру¬сология. 1998г.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: 1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар.
2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары.

Орындаған:Көкенаев М.М
Тобы:ВС-303
Тексерген :Омарбеков Е.О

Семей 2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.
2. Вакцина
3 Адтюванттар мен иммуномодуляторлар.
4 Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вирус - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады.
Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.
Вирустық аурулар -- вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер.Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл,құтыру және т.б. аурулар вирус арқылы таралады. Тұмаудың нағызқоздырғышы 1933 жылы анықталды. Бұл ауру ертеден белгілі. Тұмау індеті адамзатқа шешекпен обадан артық болмаса, кем залал тигізбеген.
Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларға жатады. Оның мәнісі - адам организімінде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар қабылдамаушылықты (иммунитетті) табиғи резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардың (антигендер мен антиденелер) қасиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.
Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирустық АГ- ді енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізген кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады.
Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер (иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады (13.3 - кесте). Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданады. Оған адамдарға ауру жұғу қаупі төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болатын иммунитет ұзаққа созылмайды (бірнеше аптадан аспайды).
Вирустың инфекциялардан қорғану үшін пассивті иммундау - ол қорғанысы жоқ адамдардың организімінде вирустарды бейтараптау және вирустық инфекцияның дамуын тоқтату үшін антивирустық антиденелерді (поликлональды, моноклональді) енгізу. Вирустық инфекциялар кезінде антиденелер вирустың жасушаға енуін тоқтатады, табиғи киллердің антидене тәуелді жасушалық цитотоксиндылығын күшейтеді, өздігінше немесе комплементтің қатысуымен вирусты бейтараптайды. Сондықтан организмге енгізілген вирусспецификалық антиденелер инфицирленбеген жасушаларды ғана қорғау үшін тиімді, яғни олар тек қана жасушалардан тыс немесе жасуша беткейінде орналасқан вирустарға әсер ете алады. Сондықтан, вирустардың жасушаішілік репродукциялануына және олардың бір жасушадан басқаларына таралуына антидене кедергі жасай алмайтындығына байланысты, инфекция ошағы толық жойылмайды. АД-дің пиноцитоз жолымен қалыпты жасушалар мен қатар вирус жұққан жасушаларға ену қабілеттілігі бар. Бірақ, жасуша вакуоліне түскен вирус-бейтараптаушы АД вирустық АГ-мен кездесе алмайды, және де онымен байланыса алмайды, өйткені олар плазматикалық мембранамен оқшауланған. Осыған байланысты бұл антиденелер лизосомалдық ферменттердің әсерінен пиноцитоздық вакуольдерде бұзылысқа ұшырайды. АД-ді адамдар мен жануарлар қан сарысуы (плазмасы), нақты вирусқа жоғары титрі бар қалыпты донорлық иммуноглобулин, иммундалған донорлардан алынған спецификалық имундыглобулин құрамында немесе моноклональды түрінде енгізуге болады.

Вакцина (лат. vacca -- сиыр, vaccіnus -- сиырдікі) -- микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы ауруларданалдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.
Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.1796 жылы ағылшын дәрігері Э.Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.

Вакцина тірі, өлтірілген, химиялық, анатоксиндер, ассоциацияланған болып ажыратылады.
Тірі вакцина -- микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез (БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналаршешек, құтыру, оба, туляремия, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады
Өлтірілген вакцина -- микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.
Химиялық вакцина -- микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер -- улы токсиндердіформалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 -- 1926) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т.б. ауруларға қарсы қолданылады.
Ассоциацияланған вакцина -- 2 -- 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтырувакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 -- 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.
Адьюванттардың әсер ету механизмі.A'dyuvant (LAT Adjuvans, adjuvantis ықпал көмектеседі.) - 1)антигенді иммуногенндігін арттыратын зат; Кейбір адъюванттарды вакциналарды өндіруде қолданады. (алюминий гидрат соавт.); 2)агент немесе есірткілік заттарды күшін арттырады.

Иммуномодуляторлар -- иммундық жүйеге реттеуші әсер ете алатын табиғи немесе синтетикалық заттар. Имундық жүйеге әсер етуі бойынша оларды иммуностимулдеуші және иммуносупрессивті деп бөледі.
Иммуностимулдеушілерге тимус препараттары, интерлейкиндер, интерферондар, интерферондардың индуктоы, биологиялық белсенді пептидтер, кейбір саңырауқұлақтардың полисахаридтері, емдеуші вакциналар жатады. Олардың белсенділігі организмнің клеткалары мен ұлпаларының метаболизміне әсер ету қабілетімен және иммунокомпонентті клеткаларды белсендіре алатынында болса, оның нәтижесінде организмнің инфекционды және инфекционды емес ауруларға қарсы қабілеті артады.
Иммуностимулдеуші белсенділікке пробиотикалық микроорганизмдер (бифидо және лактобактериялар) ие, оларды тамақтану өнімдерінің құрамына енгізгенде олар организмнің қалыпты микробиотының балансын қалпына келтіреді және бірқалыпты ұстап тұрады.
Иммуностимуляторларды инфекционды және инфекционды емес ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданады.
Иммуносупрессорлардың негізгі тобы - бұл гормональді препараттар, цитостатикалық заттар, антилимфоцитарлы және анти -- резус иммуноглобулиндер, лимфоциттің белгілі рецепторларына қарсы моноклональді антиденелер, кейбір антибиотиктер (циклоспорин, рапамицин және т.б.). Олардың иммуносупрессорлы белсенділігі гемопоэзді жою қабілеттілігімен, белокпен әсер ету, яғни иммунды жауапта қатысатын, нуклеотидтің синтезін генгибирленуі, лимфоцит апоптозының индуцирленуі және т.б. байқалады.
Иммуносупрессорлар қабынуда, аллергияда, трансплантацияда, аутоиммунды ауруларды емдеуде лимфоцидті клеткалардың белсенділігін басу үшін қолданылады.
Иммуностимуляторларды секілді оларды да жануарлар мен өсімдіктердің ұлпаларынан, генетикалық инженерияның әдістері арқылы биосинтез жолымен және химиялық синтез арқылы алады.
Иммуностимуляторлар - организмнің спецификалық емес резистенттілігін (ОСЕР) және иммунитетін (гуморальді және клеткалы иммунды реакция) стимулдейді. Әдебиеттерде иммуномодулятор термині иммуностимуляторлар терминінің синонимі ретінде қолданылады.
Иммуностимуляторларға- қалыпты және төмендетілген гуморальді және клеткалы иммунды жауапты жоғарлата алатын қабілеті бар қосылыстар жатады. Иммуностимуляторлар функциональді белгілері бойынша ОСЕР-ді стимулдеуші препараттар болып бөлінеді: продигиозан, метилурацил, пентоксил, натри нуклеинаты, клеткалы иммунитет: тималин, тактивин, тимептин, тимоген, молграмостин, леакадин, тимостимулин тим-увакол, тимомодулин.
Иммунитеттің гуморальді иммунды реакциялары (Иммунитеттің В-жүйесі): миелопид, спленин.
Иммуностимуляторлар шығу тегі бойынша микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың өмір сүру қабілеттілігінің өнімі (полисахаридтер, мембрана фосфолипидтері, гликопептидтер, модифицирленген токсиндер, микроорганизмдердің ДНК және РНК-сы, вакциналар және т.б.), иммунитеттің пептидті эндогенді стимуляторлары (тимус, өт, жұлын миы, интерлейкин және т.б. препараттар), иммунитеттің синтетикалық стимуляторлары (левомизол, леакадин, тимоген), метаболикалық процесстердің стимуляторы (анаболикалық гормондар, рибоксил ,плазмол, витаминдер және т.б.) болып бөлінеді.
Иммундық жүйенің бұзылыстарын түзейтін заттардың саны қазіргі таңда жүзден астам, бірақ қолданыстағы саны бірнеше оңдағаны ғана. Айта кететіні, барлық иммуностимуляторлардың жағымсыз кері әсері болады.
ОСЕР-ді, гуморальді және клеткалы иммунды реакцияларды белсендіретін экстраиммунды терапия құралдарына метаболикалық процесстердің стимуляторлары жатады (анаболикалық гормондар, рибоксил, плазмол, витаминдер- С витамині, А витамині, Е және т.б. витаминдер).
Табиғи иммуностимуляторлар: продигиозан, пирогенал, БЦЖ вакцинасы, деринат (натри дезоксирибонуклеаты), пицибанил, крестин, лентинан, бронховаксом, биостим, имудон, лизоцим, ликопид, паспат, рибомунил, тонзилгон, сұйық эхинацин, эхинабене, С композитум эхинацеясы
Құтырық
Бұл орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдалуымен өтетін және өлім-жітіммен аяқталатынауру.Құтырмамен ит, мысық, сиыр, жылқы, түйе, қой-ешкі, кеміргіштер, жабайы жыртқыш аңдар-қасқыр,түлкі т.б. және адам ауырады. Аурудың көзі-сілекейімен құтырманың вирусын шығаратын және оны тістегендегі жара арқылы беретін жануар. Сілекей ауру белгілері пайда болмай тұрып,ауру жұққан соң 8-10 тәуліктерде жұқпалы бола бастайды.Теріге немесе кілегейлі қабыққа сілекей жұққанда құтырма вирусы жұғады. Құтырма вирусын жұқтырған кезден бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бірнеше тәуліктен бірнеше айға (бір жылға дейін ) созылуы мүмкін.

Иттерде құтырма ауруы бірнеше түрде өтеді. Елірме түріндегі құтырма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустық аурулар
Адьюванттар, иммуномодуляторлар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері жайлы
Вирустық аурулар жайлы ақпарат
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу туралы мәлімет
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері. Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодуляторлар.2)Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вакцина және оның түрлері
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, аусыл, шмалленберг, блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері
Пәндер