Бизнес-жоспардың теориялық және практикалық аспектілері



КІРІСПЕ ... ... ... 3
1 БИЗНЕС.ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... 5
1.1 Бизнес.жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері ... ... ... . 5
1.2 Бизнес.жоспарды құру жолдары мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Бизнес.жоспардың құрылымы ... ... ... ... ... . 9
2 «СЕМЬЯ» СУПЕРМАРКЕТІНІҢ БИЗНЕС.ЖОСПАРЫН ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ 12
2.1 «Семья» супермаркетінің бизнес.жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
2.2 Кәсіпорынның маркетингтік, менеджмент және стратегиялық жоспарының экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
2.3 Бизнес.жоспардың даму стратегиясының экономикалық негіздемесі
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС.ЖОСПАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ..24
ҚОРЫТЫНДЫ ... 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОСЫМША А ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
ҚОСЫМША В ... 32
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бизнес-жоспардың негізгі талдауы – бұл жобалар – фирманың жаңа перспективалық даму стратегиясының бағдарламасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырылады. Сондықтан, әрекет етуші кәсіпорынның жаңа өндірістік құрылымы жобалау кезінде негізгі кезең дамытудың жаңа бас мақсаты және болашақта оны жүзеге асыру стратегиясын қабылдау болып табылады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына нарықтық бағаның, қаржы мен несиенің ынталандырушы рөлдерін жоғарлату, ең алдымен, қаржылық тепе-теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік пен өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін біздің экономикамыз, ғылымымыз, өнеріміз, әдебиетіміз тең дәрежеде болуы керек. Бұған Елбасы да ерекше мән беріп отыр. Соңғы 17 жылдың ішінде елімізде үлкен өзгерістер болды. Қазақстан онша дамымаған кешегі кеңестік республикадан өркендеген, әлеуетті экономикасы бар, демократиялық мемлекетке айналды. Мемлекетіміз бен Елбасымызды дүниежүзі біледі, сыйлайды, құрметтейді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауынан Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Оны «Бизнестің жол картасы – 2020» деп атауды ұсынған. Елбасының биылғы жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Осы ретте кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру мәселесін айтсақ болады. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келген адам алғашқыда несие алуға әрекет жасайтыны белгілі. Болашақ кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жоқ болса, тіпті қиын. Жолдауда айтылғандай енді кәсіпті бастау үшін несие алған адамдарға мемлекет кепіл болатын болды. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Әрине, мемлекет кәсіпкерлерге жүз пайыз кепіл болмайтыны түсінікті. Дегенмен, еліміздегі екінші деңгейлі банктер сырттан займдар тартқанда мемлекет кепіл болды. Нәтижесінде банк саласы қарқынды дамыды. Осындай жағдайды шағын және орта кәсіпкерлерге де жасайтын кез жетті. Мемлекеттің кепіл болуы халықаралық іс-тәжірибеде бар. Айталық, мұндай тәжірибені Германиядан кездестіруге болады. Банк кәсіпкерлердің бизнес-жоспарымен танысып, оған қаржы салудың тәуекелі зор екенін білгеннен кейін, кәсіпкерлер мемлекеттің көмегіне жүгіне алады. Жолдауда айтылған тағы бір көңілге қонымды мәселе, еліміздің барлық аймақтарында кәсіпкерлерге кеңес беретін орталықтар ашу ісін атап айтуға болады. Мемлекет кәсіпкерлік қауымдастықтарға арнайы гранттар тағайындап, кәсіпкерлерге тегін ақыл-кеңес беру ісін ұйымдастыруына болады. Өйткені қауымдастықтардың бай тәжірибесі бар. Яғни кәсіпкерлер осындай кеңес беру орталықтарына жүгіне отырып барлық керекті сұрақтарына жауап таба алатын болады. Соның ішінде бізнес жоспарды таңдау, әзірлеу тәртібі мәселесі ерекше маңызға ие.
1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”, Алматы 2003 ж.
2. Мейірбекеов А.Қ. “Кәсіпорын экономикасы”, Алматы 2003 ж.
3. Сәбден О., Тоқсанова А. “Шағын кәсіпкерлікті басқару”, Алматы 2002
4. Сүндетұлы Ж. “Әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау және жоспарлау”, Қаржы – қаражат, №8, 2003 ж.
5. Буров В.П. “Бизнес-план”, Москва 1995 ж.
6. Котлер Ф. “Стратегиялық жоспарлау”, Экономика и жизнь 1998 ж.
7. Ильин А.И. “Планирование на предприятии”, Минск 2000 ж.
8. Экономикалық теория негіздері, Алматы 2001 ж.
9. Ахметов К.Ғ. “Менеджмент негіздері”, Алматы 2005 ж.
10. Сәбден Оразалы “Бәсекелестік экономика”, Алматы 2007 ж.
11. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі, “Экономика және Қаржы”, Алматы 2003ж.
12. Шағын және орта бизнес. Ақпараттық аналитикалық журнал 2005 ж. “Astana Promonion Group” жарнамалық агенттік.
13. “Шаруашылық Серіктестік туралы” ҚР-ның Президентінің Заң Куші бар жарлағы, Алматы 1995 ж.
14. Сундетов Ж. Планирование и прогназиравание в условиях рыночной экономики; Учебное пособие – Алматы: Экономика, 2004
15. http://consulting-business.ru/

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... 5
1.1Бизнес-жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері ... ... ... . 5
1.2Бизнес-жоспарды құру жолдары мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3Бизнес-жоспардың құрылымы ... ... ... ... ... . 9
2 СЕМЬЯ СУПЕРМАРКЕТІНІҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1Семья супермаркетінің бизнес-жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
2.2Кәсіпорынның маркетингтік, менеджмент және стратегиялық
жоспарының экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
2.3Бизнес-жоспардың даму стратегиясының экономикалық негіздемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... .. 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОСЫМША А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31
ҚОСЫМША В ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бизнес-жоспардың негізгі талдауы –
бұл жобалар – фирманың жаңа перспективалық даму стратегиясының
бағдарламасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырылады. Сондықтан, әрекет
етуші кәсіпорынның жаңа өндірістік құрылымы жобалау кезінде негізгі кезең
дамытудың жаңа бас мақсаты және болашақта оны жүзеге асыру стратегиясын
қабылдау болып табылады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына
нарықтық бағаның, қаржы мен несиенің ынталандырушы рөлдерін жоғарлату, ең
алдымен, қаржылық тепе-теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік
пен өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
үшін біздің экономикамыз, ғылымымыз, өнеріміз, әдебиетіміз тең дәрежеде
болуы керек. Бұған Елбасы да ерекше мән беріп отыр. Соңғы 17 жылдың ішінде
елімізде үлкен өзгерістер болды. Қазақстан онша дамымаған кешегі кеңестік
республикадан өркендеген, әлеуетті экономикасы бар, демократиялық
мемлекетке айналды. Мемлекетіміз бен Елбасымызды дүниежүзі біледі,
сыйлайды, құрметтейді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу –
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты халыққа Жолдауынан Үкіметке 2010
жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік
бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Оны Бизнестің
жол картасы – 2020 деп атауды ұсынған. Елбасының биылғы жолдауында шағын
және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Осы ретте кәсіпкерлерге
жеңілдетілген несие беру мәселесін айтсақ болады. Кәсіпкерлікпен
айналысқысы келген адам алғашқыда несие алуға әрекет жасайтыны белгілі.
Болашақ кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жоқ болса, тіпті қиын. Жолдауда
айтылғандай енді кәсіпті бастау үшін несие алған адамдарға мемлекет кепіл
болатын болды. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Әрине, мемлекет
кәсіпкерлерге жүз пайыз кепіл болмайтыны түсінікті. Дегенмен, еліміздегі
екінші деңгейлі банктер сырттан займдар тартқанда мемлекет кепіл болды.
Нәтижесінде банк саласы қарқынды дамыды. Осындай жағдайды шағын және орта
кәсіпкерлерге де жасайтын кез жетті. Мемлекеттің кепіл болуы халықаралық іс-
тәжірибеде бар. Айталық, мұндай тәжірибені Германиядан кездестіруге болады.
Банк кәсіпкерлердің бизнес-жоспарымен танысып, оған қаржы салудың тәуекелі
зор екенін білгеннен кейін, кәсіпкерлер мемлекеттің көмегіне жүгіне алады.
Жолдауда айтылған тағы бір көңілге қонымды мәселе, еліміздің барлық
аймақтарында кәсіпкерлерге кеңес беретін орталықтар ашу ісін атап айтуға
болады. Мемлекет кәсіпкерлік қауымдастықтарға арнайы гранттар тағайындап,
кәсіпкерлерге тегін ақыл-кеңес беру ісін ұйымдастыруына болады. Өйткені
қауымдастықтардың бай тәжірибесі бар. Яғни кәсіпкерлер осындай кеңес беру
орталықтарына жүгіне отырып барлық керекті сұрақтарына жауап таба алатын
болады. Соның ішінде бізнес жоспарды таңдау, әзірлеу тәртібі мәселесі
ерекше маңызға ие.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көптеген ірі батыс фирмаларында
кәсіпорынды құру мен оны жетілдіру сияқты дамыту бөлімдері жұмыс істейді.
Оның басты қызметі фирманың қабылданған жаңа даму стратегиясымен сәйкес
басқарудың өндірістік және ұйымдық құрылымдағы өзгерістері бойынша
жасалынатын бизнес-жоспардың қаншалықты мөлшерде фирмаға әкелетін
тиімділігі мен әсер ету жағдайын талдап, барынша тақырыптың мазмұны мен
мақсатын анықтап талдау. Яғни нарықтық экономикаcы дамыған шетел елдердің
кәсіпорындарында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан
енді ғана бизнес-жоспарды құрастыруды тәжірибе жинауда. Көбінесе
қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.
Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау құралы
ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік
басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып
табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр
түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі.
Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып
табылады. Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің
мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын
анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспар – коммерциялық iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi
аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау
және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн
негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау
құралы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері
ретінде оның негізгі мәні мен мазмұны, қызметтері мақсаттары, оның нарық
жағдайындағы рөлі курстық жұмыстың бірінші тарауында қарастылылған. Ал,
екінші тарау бойынша кәсіпорынның маркетингтік, менеджменттік және
стратегиялық даму жолдары талданып, бизнес-жоспардың экономикалық негіздері
мен тиімділігі қарастырылған. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын қолдану мен
жетілдіруі жайлы сөз үшінші тараудың бөлімінде талданады. Яғни, оның мысалы
ретінде супермаркеттің құрылу жолы мен даму стратегиясы қарастырылып, жалпы
бизнес-жоспарын талдау негізі міндеті ретінде көрсетіледі.
І БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Бизнес жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері

Бизнес-жоспар құжат ретінде кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік
дамуының перспективаның жоспарын алмастыруға қабілетті. Сондықтан, бизнес-
жоспар – бұл кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің рентабельдігін
арттырудағы статистикалық даму бағдарламасы.
Бизнес-жоспар – коммерциялық iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi
аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау
және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн
негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау
құралы болып табылады.
Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау құралы
ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік
басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып
табылады. Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар
айырмашылықтар бар.
Стратегиялық жоспарды жалпы кәсіпорын бойынша құрастырады және барлық
мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті
құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.
Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспарда
кең ауқымды болып келеді. Осыдан бизнес-жоспар бұл стратегиялық жоспардың
нақты бір мәселесінің қарастырылуын көрсететінін көреміз.
Бизнес-жоспарға ұқсас құжат болып техника-экономикалық негіз болып
табылады, өйткені мұның бағыты бизнес-жоспардағыдай, бірақ технико-
экономикалық негіз шағын негіз болып келеді. Бизнес-жоспар – бұл
кәсіпкерлік жобаның негізгі формасы болып табылады.
Бизнес-жоспар негізгі мақсаты берілген бизнестің негізін салу және
нақты кезеңге нәтижелерді бағалау. Осы тұрғыда бизнес -жоспар табысқа жету
жолы болып табылады; Бизнес-жоспар бизнесті басқару және іс-әрекеттер
бағытын анықтайтын құжат болып табылады. Бұл аспектіде бизнес-жоспар
стратегиялық жоспардың және басқарудың орындалуы мен бақылаудың қажетті
элементі.
Бизнес-жоспарды жоспарлау процесі және фирманың ішкі басқару
инструменті ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да бизнес-жоспар ылғи да
өзгеріп отыратын құжат, ол фирманың жаңа еңгізулерге бағыттайды.
Бизнес-жоспар өзін-өзі үйрету құралы. Бұл аспектіде бизнес-жоспар бұл
үзіліссіз тану мен өзін-өзін тану процессі құралы. Осыдан бизнес-жоспар
шығармашылық процесс деп бекітуге болады.
Нарықтық экономикада бизнес-жоспардың құрылымы, формасы, мәні бойынша
әр түрлі типте қолдануы мүмкін. Бизнес-жоспар келесідей жіктеледі:
- Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-жоспары;
- Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-жоспары және
тұжырымдамасы;
- Құрылымдық бөлімдердің бизнес-жоспары;
- Бизнес-жоспар несиеге сұраныс;
- Бизнес-жоспар – грантқа сұраныс;
- Аумақтық даму бизнес-жоспары;
Берілген технология бойынша бизнес-жоспар әртүрлі қолдануына байланысты
атқарылады.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес-жоспардың қызметі – басқару
құжаты ретінде оның экономикалық дамуында қабылданған стратегияларға,
концепцияларға, мақсаттарға және міндеттерге сәйкес болуы. Қазіргі
экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес-жоспар төрт түрлі функция
атқарады.
Бірінші функция, бизнестің концепциясы (тұжырымдамасы) мен стратегиясын
дамыту мүмкіндігімен байланысты. Бұл функцияның міндеті кәсіпорынды құру
кезеңінде жаңа іс-әрекет қажеттілігін дәлелдеуге саяды. Жаңа жобалар тек
инвестициялық болып, ғылыми-техникалық жаңалықтармен анықталып қана қоймай,
толығымен ойластырылып жасалған болуы керек, онда стратегияның экономикалық
және қаржылық жағдайы барынша сипатталып, нақты шаралардың техникалық-
экономикалық негіздемесі берілуі шарт.
Екінші функция жоспарлау. Ол фирманың (кәсіпорынның, кәсіпкердің)
мақсаты мен міндетін дұрыс анықтауға, дамудың ағымдағы, орташа және ұзақ
мерзімді бағыттарын белгілеуге, іс-әрекеттің жаңа бағыттарының даму
мүмкіндіктерін бағалауға, даму процесін бақылауға, қауіп-қатер дәрежесін
төмендетуге және қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Үшінші функция өндіріс қуаттарын жасақтауға, ұлғайтуға және жаңартуға
қажетті ақша қаражаттарын (ішкі және сыртқы инвестициялар) тартуға, жаңа
технологияны енгізуге, шығарылатын өнімдердің түрін көбейтуге не өзгертуге
және оның сапасын жақсартуға қызмет етеді. Бұл арқылы жобалардың жаңалануы
және тәуекелділік дәрежесіне қарай капиталды жұмылдыру тәсілдері (несие
қарыздар, үлестік қатынастар, т.б.) анықталады.
Төртінші функция фирманың жоспарын жүзеге асыратын, біріккен өндіріс
жүргізіп, өз капиталын, ресурстары мен қолындағы технрлогиясын қоса алатын
әріптес тартуға мүмкіндік береді. Кез-келген әріптес (инвестор) ең әуелі
(көбіне жобаны жасаушылармен кездеспей тұрып) бизнес-жоспар негізінде
компанияның даму бағытына сәйкес фирманың мүмкіндіктерін (қаржыны қайтарып
алу, кепілдіктің шын болуы, сақтандыру және басқа жағдайлар) мұқият зерттеп
алады. Бұл жағынан алғанда бизнес-жоспар талдау құжаты және жарнама құралы
қызметін атқарады. [5]
Сонымен, бизнес-жоспар фирманың тұрақты жұмыс құжаты болып табылады, ол
фирманың стратегиялық бағытын (даму тұжырымдамасын) анықтап қана қоймай,
кәсіпкерліктің барлық салаларындағы қызмет ету процесін де сипаттайды. Ол
фирма ішінде қолданумен қатар, сыртқы байланысқа да қызмет етеді.
Бизнес-жоспар жобасын жасау кәсіпорынның болашақтағы даму стратегиясын
анықтаудан басталады. Стратегияны қабылдауға сәйкес экономикалық концепция
жасалады.
Концепция негізінен жаңа техниканы (жаңа өнім) шығаруды игеру және жаңа
инвесторлар мен акционерлерді тарту, жаңа техникалар өндірісін игеру, сату
көлемін арттыру, жаңа нарықтарды игеру және т.б. арқылы нарықта тұрақты
жағдайды қамтамасыз ету негіздемесінен тұрады.
Қабылданған стратегия мен жасалған концепцияға сәйкес бизнес-жоспардың
мақсаттары мен міндеттері анықталады.
Бизнес-жоспарда сапалы және пайдалы, сондай-ақ, бәсекеге қабілетті өнім
өткізу нарығын жаулап алудың стратегиялық мақсаттары анықталады.
Мұндай мақсат бірқатар міндеттерді шешуде талап етеді:
- кәсіпорын дамудың экономикалық мақсатқа сай бағытын негіздеу;
- күтілетін қаржылық нәтижелерді негіздеу;
- инвестициялық бағдарламаны дайындау процесінде қаржыландыру көздерін
анықтау;
- бизнес-жоспарды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және
экономикалық негіздеу.
Стратегиялар мен концепцияларды, мақсаттар мен міндеттерді өңдеу
нарықтағы кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдаудан басталады және
кәсіпорынның стратегиялық (болашақтағы) дамуының бағыттары мен іс-шараларын
экономикалық негіздеумен аяқталады. [7]

1.2 Бизнес-жоспарды құру жолдары мен мазмұны

Нарық экономикасы дамыған елдерде капитал, ресурстар, технологияны
ұсыну мәселелерін шешу тек белгілі мерзімге арналған, компанияның даму
бағытын көрсете алатын бизнес-жоспар болғанда ғана жүзеге асады.
Компаниялардың көпшілігі бизнес-жоспарды бір жылға жасайды. Оларда фирма
қызметі айлық не тоқсандық мерзімге бөлініп көрсетіледі.
Бизнес-жоспардың құрылымы канондалған емес, әр компания бизнес-жоспарды
өздігінше құрайды. Әлемдік тәжірибеде осы жоспарды құрудың бірегей немесе
қатаң шектелген нұсқасы жоқ. Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес-
жоспардың мазмұны орталықтанған жоспарлаудан алдеқайда кең. Ол мынадай
негізгі мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді:
- Экономикалық жағдайға сәйкес тиімді даму бағдарын таңдап алу,
мақсатты рыноктар және олардағы фирмалар орнын анықтау.
- Рынок қажеттілігіне сәйкес жақын және ұзақ мерзімде өндірілетін
өнімнің (жұмыстың, қызметтің) қажетті көлемі мен сапасын дәлелдеу,
өндірістік мүмкіндіктер мен қажетті ресурстарды бағалау.
- Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысаны мен құрылымын таңдау,
фирма кадрларын еңбек етуге ынталандыру.
- Фирманың рынокты зерттеуге қажетті маркетингтік шараларын:
жарнама, сатуға ынталандыру, бағаны қалыптастыру, өткізу каналдары,
т.б. анықтау.
- Фирманың өндірістік және сауда шығындарын, күтілетін қаржы
нәтижелерінің көлемін анықтау. Келешек және жылдық бизнес-жоспарда
тұрғындардың әлеуметтік жағдайын, аймақтықэкологиялық хал-ахуалды
жақсарту шаралары қарастырылады. [8]
Отандық және шетелдік мамандар бизнес-жоспардың әртүрлі құрылымдарын
ұсынады. Мысалы менеджменттің жеті нотасы кітабында бизнес-жоспардың
құрылымы менеджменттің компонентері тұрғысынан беріледі. Құрылым үш блоктан
тұрады: Жобаның барлық басқару анализі; Іс шаралардың тізімі мен жоспары;
Қаржылық жоспар.
Көптеген фирмалар бизнес-жоспарды 3-5 жылға, тек кейбірі (аса ірі
компаниялар) ғана 5 жылдан артық мерзімге жасайды. [8]
Бизнес-жоспарға қойылатын негізгі талаптар және оны жасаудың
принциптері:
- Сенімділік, ол кәсіпорынның шын жағдайын көрсете білуі қажет;
- Барлық жағдайдың нақтылығы және дәлелділігі;
- Айқындылық, дәлелдің логикалық дәйектілігі және сендіре
алатындығы.
- Қазіргі заманға сай болуы, яғни құжаттарды қажетті уақытында
жасау және мақсатына қарай бейімдеу;
- Арнайы болуы, яғни қажетті ақпаратты қажет уақытында, оны
қажетсінетін адамға жеткізу.
Өнімге нарық қажеттілігін қамтамасыз ету бағыттарын таңдаудың
экономикалық негіздемесі кәсіпорынның бизнес-жоспарын аяқталады, соның
ішінде мынадай экономикалық бөлімдер бойынша:
- өнім өндірісі мен кәсіпорын ресурстары;
- өндіріс шығындары;
- қаржы;
- экономикалық тиімділік.
Төмендегідей экономикалық бөлімдер бойынша негіздеме жүргізіледі:
І бөлім. Өндірістік қуаттылық, өнім (тауар), нарықтық сұраныс, нарықтық
сұранысты қамтамасыз ету.
ІІ бөлім. Өндіріс ресурстары.
ІІІ бөлім. Өндіріс шығындары.
ІV бөлім. Жобаланған баға мен өнім рентабельділігі.
V бөлім. Экономикалық тиімділік.
Әдістемелік және іс-тәжірибелік ұсыныстар “Кәсіпорын экономикасы”,
“Инновациялық менеджмент” және басқа экономикалық пәндер, соның ішінде
“Логистиканың экономикалық негіздері” бойынша курстық және дипломдық
жұмыстарын орындау барысында қолдануы мүмкін. (2)
Бизнес-жоспар тек экономикалық бөлімдерден тұрады. Бизнес-жоспарда
резюме, өнімнің сипаттамасы, нарықтық маркетингтік зерттеулердің
нәтижелері, технология және өндірісті ұйымдастыру берілмейді, өйткені,
шығарылатын өнім бәсекеге қабілетті болып табылады, нарықта сұранысқа ие.
Кәсіпорын сипаттамасы бизнес-жоспардың “Кәсіпорын ресурстары” атты І
бөлімде беріледі.
Бизнес-жоспар есептелген мәліметтер бойынша құрылады және курстық
жобаның тиімділігін экономикалық негіздеу үшін болып табылады.
Өнімге деген нарық қажеттілігін қамтамасыз ету бағыттарын таңдауды
экономикалық негіздеу кезінде бизнес-жоспарға жан-жақты және терең
салыстырмалы талдау жасалынады. Өнім өндіру мен өткізуді арттыру орташа
еңбекақы, банк несиесін өтеу және қайтару мерзімі және т.б. салыстырылады.
Салыстырмалы талдаудың жағымды нәтижелері кезінде қарастырылатын
әдістеме бойынша экономикалық тиімділіктің негізгі критерийі ұзақ мерзімді
банк несиесін қайтару мерзімінде салынған қаржыларды қайтару болып
табылады: техникалық қайта жабдықтау және қайта құрастыру үшін – 5 жыл, ал
кеңейту және жаңа құрылыс үшін – 5 жылдан аса мерзім белгіленеді.
Егер жоба кері нәтижелерге алып келсе, онда өндіріс тиімділігін көтеру
жөнінде ұсыныстар жасалынады.
Кәсіпорын дамуының бизнес-жоспары мәліметтерінен болашақта кәсіпорынның
өндірісішілік резевтерін пайдалану және техникалық қайта жабдықтау есебінен
өнімді шығару мен өткізу көлемін 2 есеге арттыру экономикалық дәлелденген
болып табылатынын көруге болады. Капитал салымы банктік ұзақ мерзімді
несиенің мерзімі шегінде өтеледі. Шығынсыздық нүктесі өнім өткізу көлемінен
әлдеқайда төмен, дегенмен қаржылық орнықтылық қоры шығарылытын өнім
рентабельділігінің аз ған жоғарлауына байланысты жоғары болмайды.
Тиімділіктің басқа көрсеткіштері жағымды, мұны салыстырмалы талдау
дәлелдейді. Болшақта өнімнің өзіндік құны елеулі түрде төмендейді, бұл оның
нарықтық бағасын төмендетуге, ал осыған орай, өнімнің бәскеге қабілеттігін
көтеруге мүмкігдік береді.
Болшақта өнім көлемін арттыру мәліметтерін қор қайтарымдылығы,
рентабельділік, еңбек өнімділігі және орташа еңбекақы сияқты көрсеткіштрмен
салыстыру еңбек өнімділігінің өсуі орташа еңбекақының өсуін едәуір дәрежеде
басып озатынын көрсетеді. [7]

1.3 Бизнес-жоспардың құрылымы

Бизнес-жоспар – бұл іскер жобаның негіздемесі. Бизнес-жоспардың
құрылымы өзіне арналған міндеттерге тәуелді. Бөлімідерінің құрамы бизнестің
ерешелігі мен нарықтың көлеміне байланысты көлеміне, проблемалық
жағдайларға, алда тұрған міндеттерге тәуелді өзгеруі мүмкін. Жалпы, бизнес-
жоспар келесі бөлімдерден құралады:
Титул парағы. Құжаттың атын, жобаның атын, шағын кәсіпорынның пішінін
(бизнес-жоспардың жасалуына себепкер жағдай), өндірушілердің аты-жөнін,
шағын кәсіпорындардың деректемелері менбизнес-жоспарды жасаудың орны мен
уақытын белгілеуден тұрады.
Аннотация (негіздеме). Барлық бөлімдердің қысқаша нәтижелерін құрайды
(жобаның мәні мен тиімділігі, фирма туралы жалпы мәліметтер, басқару
командасы, іс-әрекеттер жоспары, қаржыландыру көздері, инвестицияларды
қайтару жлспары мен кепілі).
Құпиялылық туралы меморандум. Әсіпесе фирманың дамуының перспективті
саясатына қатысты бизнес-жоспардағы барық ақпараттардың құпиялылығы туралы
әлеуетті инвесторларды ескерту үшін қажет.
Мазмұны. Бизнес-жоспардың мазмұнына оңай бейімделуге және қажетті
ақпараттарды тез табуға мүмкіндік береді, ол бөлімдер жоспарының тізімін
береді.
1-бөлім. Фирманың мүмкіндіктері(түйін). Ағымдағы жағдайлар, ұйымдастыру
құрылымы, шағын кәсіпорынның жетістіктері туралы мәліметтерді құрайды.
Бұл бөлімшенің көлемі 3-4 беттен аспауы керек. Оның мәтіні түсінікті де
қарапайым болу керек. Осы бөліммен жұмыс істеу өте маңызды, өйткені егер де
кәсіпкерлік жобаның тартымдылығы көрсетілмесе, бизнес-жоспарды ары қарай
инвесторлар да оқымауы мүмкін. Сондықтан осу бөлімді жазу кезінде
кәсіпкерге 2 кезеңді топтасқан түрде және негізделген түрде меңгеру қажет:
- инвесторлар үшін оның тартымдылығы мен іскер ұсыныстарының мәні;
- оның іс-әрекетінің негізгі бағыттарын сипаттау, жобаны табысты жүзеге
асыру бойынша фирманың мүмкіндіктері.
Бөлім фирманың миссиясының және оның негізгі стратегиялық
бағыттарын ұйымдастырумен басталады. Миссия – бұл ұйымның пайда болуын
сипаттайтын басты мақсат.
2-бөлім. Тауар (қызмет) түрлері. Шағын кәсіпорынның тауарлық саясатының
параметрлері қарастырылады.
Осы бөлімді жазуда кәсіпкерлерге төмендегілер қажет:
- тұтынушыларғы ұсынылатын тауарларға (қызмет) сұраныс пен сатып
алушылардың қажеттілігін бағалау;
- тұтынушылардың қажетілігіндегі өзгерістер үрдісін болжамдау.
Бірақ, не өндіру керек екенін білу, әлі де жеткіліксіз. Ол таңдалған
өнімді тұтынушылардың талаптарына толығымен жауап беретіндей етіп өндіре
бәлу қажет. Бұл үшін фирманың келесідей мүмкіндіктерін талдау қажет:
өндірістік, қаржылық, материалдық ресурстары, өнімді өткізу жүйесі, бар
кадрлардың біліктілігі және т.б. Тауарларды сатудан түскен табыстар, сондай-
ақ нарықта оның жүзеге асырылу процесінің ерекшеліктері көбінесе берілген
тауар немесе қызметтің өміршеңдік циклінің қандай кезеңде тұрғанымен
анықталады.
Жетілудің соңғы кезеңінде тауарлардың өміншеңдік циклін ұзарту
мақсатында кәсіпкер тауарды жетілдіру, жаңарту, қолдану аясын кеңейту, жаңа
өткізу нарықтарын іздеу сияқты шешімдер қолдануы қажет.
Шағын фирмамен шығарылатын түрлі тауарлардың өміршеңдік циклі бірін-
бірі жауып, толықтырып отырған жағдайда, яғни тауармен нарықтың толығып
кету мезетіне дейін келесі бір жаңа тауар нарыққа ендірілген жағдайда ғана
фирманың өркендеуі сенімді түрде қамтамасыз етілетіндігін байқауға болады.
3-бөлім. Тауарлады (қызметтер) өткізу нарығы. Дайын өнімді өткізу
нарығының сыйымдылығы мен жағдайы; сұраныстың құрылымы мен деңгейіне түрлі
факторлардың әсер етуі; нарық конъюнктурасын өзгерту үрдісі зерттеледі;
нарықты сегменттеу жүргізіледі; фирма игере алатын үлесін анықтау.
Нарықты зеттеуде оның түрін сол немесе басқа белгілер бойынша анықтауға
тура келеді: Мәселен, сату көлемі бойынша нарықтар былай жіктеледі:
- негізгі, өнімнің негізгі бөлігі сатылады;
- қосымша, тауарлардың бір бөлігі сатылады;
- таңдамалы, тауарлардың байқалатын сатулары (пробные продажи) жүзеге
асырылады.
4-бөлім. Өткізу нарығындағындағы бәсеке. Негізгі бәсекелестер
анықталады; олардың стратегиясы мен тактикасы, әлсіз және күшті жақтары
сипатталады; нарықтағы бәсеке деңгейі және сәйкес бәсекелелік стратегиясы
бағаланады. Бұл үшін Бәсекелестер картасын құру, SWOT талдау, негізгі
бәсекестер бойынша нарықты сегменттеу әдісі, Порттердің бәсекелестер
матрицасы сияқты тәсілдер пайдалануы мүмкін.
Бұдан соң жағдайларға байланысты кәсіпкер бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етудің келесідей стратегияларының бірін таңдай алады:
- бағалы бәсеке – ұқсас тауарларды едәуір төмен бағамен сатады;
- сапалық – сапалы өте жоғары немесе көп функционалды қасиеттері бар
тауарларды бәсекелестердің бағасы бойынша сату;
- сервистік бәсеке - өзінің өнімін сенімді сатудан алдыңғы және
сатудан кейінгі қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.
Егер жүргізілетін талдау бәсекелестерден кемшіліктердің жоқ екенін
көрсетсе, онда кәсіпкерге бұл пікірден бас тартқаны және бизнестің басқа
нұсқаларын ойластырғаны дұрыс.
5-бөлім. Маркетинг жоспары. Өнімнің нарыққа шығу жоспары құрылады. Баға
саясаты, тауар қозғалысы мен өнім қозғалысы саласындағы негізгі параметрлер
беріледі.
Маркетингтік стратегияны жасауда шағын фирма кез келген тұжырымдаманы
таңдай алады, бірақ маркетинг бойынша фирма бюджетінің көлемі осыдан
тәуелді болатынын ұмытпаған жөн.
Қарқынды маркетинг стратегиясында фирмаларға жоғарғы баға береді және
өтімді ынталандыру үшін көп қаржы жқмсайды.
Пассивті маркетингтік стратегиясы, ережеге сай, сұраныстың деңгейі
негізінен бағамен анықталған жағдайда ғана қолданлады. Бұл жерде тауар
бағасы да, маркетингтік шығындары да төмен. Нарыққа кең кіру стратегиясы
нарықтың мүмкін болатын үлесін тез қамту үшін қажет және тауарға деген
төмен бағада маркетингке кететін үлкен шығындарды қажет етеді.
6-бөлім. Өндіріс жоспары шағын кәсіпорынның өндірістік саясатының
параметрлері белгіленеді, оның өндірістік мүмкіндіктері (өндірістік
қуаттары), технологиялық қамтамасыз етілуі мен өндірістік қызметтерінің
салалары анықталады.
Осы бөлімнің негізгі көрсеткіштерін есептеу болашақтағы 2-3 жылға
жасалғаны жөн. Өндірістік ағымдардың сызбасына сәйкес өндірістің
технологиялық тізбегін бейнелеуге болады, шикізат пен материалдардың барлық
түрлері қайдан және қалай келетінін, олар қандай цехтарда дайын өнімге
қайта өңделетін және бұл өнім фирмадан қайта жеткізілетінін көрсетуге
болады.
7-бөлім. Ұйымдастыру жоспары. Жобаның кадрлық қамтамасыз етілуін
бейнелейді. Басқару құрылымын белгілеу, қызметтерге қабылдау, әріптестер
тарту бойынша ұйымдастыру құрылымын толық мазмұндау.
Ұйымдастыру құрылымы құрылымның графиктік сызбасында, қызметкердің
штаттық кестесінде, фирманы басқару аппаратының бөлімшелері туралы
ережелерде, жекелеген орындаушылардың қызметтік нұсқауларында құжаттық
негізде белгіленеді.
Бұл бөлімде әртүрлі қосымша төлемдердің түрлері: басқарушы жұмысшыларды
ынталандыру мен жоғары көтерілу жүйесі, мамандар біліктілігін жоғарылату
мен қайта даярлау жүйесі, сондай-ақ оұытуға кеткен шығындар сметасын
дайындау көрсетіледі.
8-бөлім. Фирма қызметін құқықтық қамтамасыз ету. Кәсіпорынның
ұйымдастыру құқықтық нысаны мен меншік нысанын таңдауға негізделеді.
Берілген жобаның табысына әсер ететін бұл нысандардың әрқайсының өзіндік
ерекшеліктері, оң және теріс жақтары бар.
Сонымен бірге, бұл бұл бөлімде өзінің елімен қатар шет елдерде де шағын
фирманың қызметін реттейтін барлық заңды және құқықтық құжаттар көрсетілуі
тиіс.
9-бөлім.Тәуекелді бағалау және сақтандыру. Кәсіпорынның тәуекелдері мен
ескерту іс-шаралары, форс-мажорлық жағдайлар, инвесторлар мен әріптестерге
кепілдемелер көрсетіледі (4-бөлімді қараңыз).
10-бөлім. Қаржылық жоспар. Шағын фирманың өндірістік-шаруашылық
қызметтің тиімділігін сипаттайтын негізгі қаржылық көрсеткіштерді талдау
және жоспарлы-есептік құжаттардың жинағы ұсынылады.
Бұл берілген бөлімде есептік кезеңге көрсеткіштердің жоспарлы және
нақты алынған мөлшерлерін келесідей жоспарлы-есептік құжаттардың жүйесінде
көрсету қажет:
- оперативтік (жұмысшы) жоспар (есеп);
- табыстар мен шығындар туралы жоспар (есеп);
- ақша құралдарының қозғалысы туралы жоспар (есеп);
- баланстық есеп (бюджет).
11-бөлім. Қаржыландыру стратегиясы. Шағын фирманың инвестициялық
саясатының мәнін ашады, соның ішінде мынадай сұрақтарға жауап береді:
Бизнес-жоспарда ұсынылған жобаны жүзеге асыру үшін қанша құрал керек?
Қажетті құралдарды қай жерден және қандай түрде алуға болады?
Инвестицияларды қалай жақсы пайдаланған дұрыс?
Инвестициялар қашан табыс алып келе бастайды?
Бұл сұрақтарға жауаптар Қаржылық жоспар бөлімінде келтірілген
есептеулерге негізделеді. Сонымен қатар сәйкес қаржылық менеджменттен
көрсеткіштерді есептеулердің түрлі математикалық тәсілдері қолданылады және
осы жобаны инвестициялаудың мақсатқа лайықтылығы туралы қорытынды нәтиже
жасалады.
Қосымшалар. Бұл ақпарат қосымша сипатқа ие, ережеге сәйкес, мамандар
үшін (мәселен, технологиялық маршруттың кестесі, шығарылған өнімнің нақты
техникалық сипаты, келісімдердің көшірмелері және т.б.) қызығушылық
тудыратын ақпаратты көрсетеді.
Бөлімдердің әрқайсысында негізінен басты назарды рыноктағы фирманың
орны, олар бойынша мақсатты және оларға жету жолдары анықталады, сонымен
бірге фирма мен оның қызметі туралы мәлімет беретін ақпарат алынады.
Сонымен бірге сала кәсіпорынның сипаттамасын беріп, жоспарланып отырған
өнім еткізу аймақтарда – ел ішінде және шетелдерде тап осындай өндіріс
орындарының дамуын анықтау қажет. Мұнда мынадай көрсеткіштерді көрсеткен
маңызды: негізгі өнім мен қызмет тізілімі; өндірістің аймақтық құрылымы
(өндіріс қуаттарын аймақтарға бөлу); саланың қазіргі және болашақтағы
шикізат базасы; сала кәсіпорындарының негізгі қорлары және материалдық-
техникалық базасы. Инвестициялық ахуал жөніндегі ақпараттың да (кәсіпорын
жұмыс істейтін нарық сегменті, сала бойынша сауданың жалпы көлемі және
кәсіпорын саудасының көлемі, геізгі тұтынушылар тізілімі) үлкен мәні бар.
[10]
Ішкі және сыртқы нарықтағы негізгі бәсекелестердің қызметіне талдау
жасау қажет: шығарылатын өнім атаулары және көлемі; оның бәсекелесу
қабілеттігі; бәсекелестер жұмыс істейтін рыноктар және олардың осы
рыноктардағы үлестері; бәсекелестердің өндірістік базаларының жағдайы; баға
саясаты және өткізу саласындағы саясат; бәсекелестердің күшті және әлсіз
жақтары (олардың өнімдері мен тұтынушылары, жарнамалық қызметі, бағалары,
сауда көлемі, атағы, орналасқан жері т.б.). Сонымен бірге өнімге байланысты
патенттік-лицензиялық қорғау, сауда белгілері, авторлық құқықтар және басқа
да интеллектуалды меншік нысандары туралы мәліметтер өткізу де маңызды.
Өндірілетін өнімнің соңғы 5-10 жыл ішіндегі нақты және құндық
көрсеткіштері, оның құрылымы жөніндегі де мағлыматтар берілгені жөн. [3]

ІІ СЕМЬЯ СУПЕРМАРКЕТІНІҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

2.1 Семья супермаркетінің бизнес-жоспары

Кәсіпкершілік қызметтің ең алғашқы маңызды құжаттарының бірі болып
бизнес жоспар саналады. Кәсіпкершіліктің басқа да түрлері сияқты
супермаркет семьяның да негізгі мақсаты пайда табу. Супермаркет қызмет
көрсету, тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру сапасында жұмыс
істейді. Бұл проекттен өзіне жұмсалған шығыннан 70% пайда түсіру көзделген.
Бұл жоспарды жасау кезінде уақыт факторы ескерілген, яғни кеткен шығынның
қайтарымдылық мерзімі жоспарланған уақытта жүзеге асады. Сондай – ақ
кәсіпкершіліктің мақсаттарының ішіне әлеуметтік жағдайды қолдау,
кәсіпкердің өзінің мәртебесін жоғарлатуы, қоршаған ортаны қорғау, оған зиян
келтірмеу жатады. Супермаркеттің қызмет істеу мерзімі шексіз және
жоспарланған пайдадан да көбірек пайда табу көзделген. Бұл бизнесті
бастағанда қаржылық жағдайдың тұрақтылығы қарастырылды. Супермаркеттің
жарғылық капиталы 5 млн. теңге. Бұл әрине жеткіліксіз. Сондықтан банкпен
тікелей келісімге келіп жылына 15% ставкамен несие алу көзделген.
Супермаркеттің болашақта түсіретін пайдасы кеткен шығындардан екі есе асып
түседі. Бұған қаржылық жағдайдың тұрақтылығы септігін тигізеді.
Ұйымдастырушылық жоспарда супермаркеттің негізгі капталы қарастырылған.
Супермаркет екі қабаттық ғимаратта орналасқан. Екінші қабатында әкімшілік
орталық орналасқан. Ғимарат 600 млн. теңге бағаланады. Сауда орны тұрақты
жұмыс істеу үшін қажетті құрал – жабдықтар да бар.
Супермаркетте кадрлар мәселесі өте маңызды. Жұмысқа жұмыс істеу өкілі 2
– 3 жыл білікті мамандар алынады. Олардың барлығы клиентке сапалы қызмет
көрсетуге міндеттеледі. Қызметіне қарай оларға еңбекақы төленеді. Бизнес
жоспар құру кезінде осы мәселелерге толығырақ тоқталып өтеміз.

Өндіріс объектісінің сипаттамасы

Супермаркет Семья тауарларды, өндірілген дайын өнімдерді сатумен,
яғни тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандырумен айналысады. Сауда
орталығы қаланың ортасында орналасқан және бұл жерге орналасу барысында
жергілікті тұрғынның әлеуметтік жағдайы зерттелген, яғни жергілікті
тұрғынның тұтынушылық деңгейі және олардың қандай тауарларға деген сұранысы
зерттелген.
Супермаркет Семья ең алғашқы тұтынуға керекті тауарлармен бірге
(қант, шай, нан, ұн, сүт, ет, т.б.) киім – кешек, түрлі техникалық тауарлар
(теледидар, телефон, тұрмысқа қажетті түрлі техникалар, т.б.) сатумен
айналысады. Супермаркеттегі тауарлар өндірушіден тікелей яғни делдалсыз
нарықтық бағамен сатылып алынады да төмен бағамен тұтынушыларға сатылады.
Супермаркет орналасқан аудан тұрғындары көбінесе әлеуметтік жағдайы орташа
халық. Сондықтан олар көбінесе алғашқы тұтынуға керекті тауарларды сатып
алады. Осыны ескере отырып біз өндіріс орындармен тікелей келісімшартқа
отырып тауарларды нарықтық бағамен сатып аламыз. Осының нәтижесінде
супермаркеттегі тауарлар қол жетімді және өтімділігі жоғары.

1-кесте
Семья супемаркетінде сатылатын тұтыну тауарлары

Тауар атауыТауар құны Тауар Сатудан Тауарды Таза пайда
данасы (1 түскен өндірушіден (тг)
айда) пайда (тг) сатып алуға
кеткен шығын
Нан 50 тг 5000 250000 225000 25000
Қант 90 тг 500 кг 450000 40500 4500
Тұз 30 тг 700 21000 18900 2100
Шай 200 тг 3000 600000 540000 60000
Ұн 300 тг 2000 600000 540000 60000
Сүт 200 тг 800 160000 144000 16000
Ет (қой 700 тг 700 кг 490000 441000 49000
еті)
Кофе 200 тг 500 100000 90000 10000
Макарон 80 тг 2300 184000 165600 18400
Күріш 150 тг 5300 кг 795000 715900 79500
Май 300 тг 625 187500 168750 18750
Кондитер 1000 тг 755 755000 679500 75500
өнімі
Майонез 40 тг 450 18000 16200 1800
Сусындар 100 тг 720 72000 64800 7200
427 7500 384 9750 42 7750

1 – кестеде тұтыну тауарларының бағасы және олардан түсетін пайданың
жоспары көрсетілген. Тауар құнын белгілеу кезінде өндірушіден сатып алынған
тауарға 10% үстеме қосылады. Мысалы: нан 45 теңге болса оған 10% яғни 5
теңге қосылып 50 теңге болады. Бұл пайда тауардың негізгі көзі болып
табылады. Тауарды өндірушіден сатып алуға кеткен шығын таза пайданы анықтау
үшін керек. Сатудан түскен пайдадан тауарды өндірушіден сатып алуға кеткен
шығынды алып тастағанда таза пайда шығады. Мысалы; супермаркет Семья ең
алғашқы тұтынуға керекті тауарлармен қоса киім – кешек, тұрмыстық
техникалар сатады. Супермаркеттегі тауарлар тікелей өндірушіден
жеткізілетіндіктен олардың бағасы төмен болады. Тауарлардың үстіне 10%
үстеме қосылып сатылады.
Бағаны анықтауға еліміздің экономикалық жағдайы тікелей байланысты.
Инфляция жағдайында тауар бағасы 15 – 20% жоғарлауы мүмкін.
Бұл қандай жағдай болмасын алдын – ала жоспарланған пайданы алуға
көзделген. Супермаркеттегі тауарлар жергілікті тұрғынның сұранысына сай
анықталған ұзақ мерзімді ірі кәсіпкерлікте өте қиын жағдай туындайды. Ол
кәсіпкердің тауарына деген сұраныстың өзгеруін анықтау, оның сатылуы,
тұтынылуы. Бизнес жоспар жасағанда бағалау, есептеу және болжау негізінде
құрылады. Қазіргі кезде супермаркеттер ашу өте тиімді бизнес. Бұл салада аз
ақша салып мол табыс табуға болады. Сол себепті қазіргі кезде көптеген
сауда орындары ашылып жатыр. Осы бәсекелестерден асып түсу үшін болашақ
клиенттерді өзіне тарту үшін маркетингтік жоспарды жақсы ұйымдастыру керек.
Супермаркетке келген клиенттерге сапалы қызмет көрсету керек. Іздегенін
тауып беруге, оларға болашақта қандай тауар керек екенін анықтап білуге
тырысу керек.
Супермаркеттегі сатушылардың да көңіл – күйі өте маңызды. Бұның бәрі
клиенттің келешекте қайтып келуіне, тұрақты клиент болуына көп көмегін
тигізеді. Бизнес жоспар құру кезінде болашақ клиенттер мен бәсекелестер
толық зерттелген, супермаркеттің пайдасы жоспарланған мөлшерде болатынына
сенім мол. Жоспар құру барысында біз оған толық дәлел келтіреміз.
Қантты өндірушіден 40500 теңгеге сатып алып 45000 теңгеге сатты, сонда
4500 теңге таза пайда шықты. Сатудан түскен пайданың барлық сомасы 4277500
теңге болса, өндірушіден сатып алуға кеткен шығын 3849750 теңге болды.
Екеуін бір – бірінен алғанда 427750теңге таза пайда түседі. Тауар данасы
бір айға есептелген. Себебі 2 – 3 айға есептелсе тауарлардың өтпей қалу
тәуекелділігі жоғарлайды. Тауарлардың бір айдағы данасы жергілікті
тұрғындардың сұранысына сәйкес анықталады.
Супермеркет Семьяның ең алғашқы тұтынуға керекті тауарлардан басқа,
тұрмыстық техникалар, киім – кешек сататын бөлімшелері бар. Супермаркет
орналасқан аудан тұрғындарының 30 – 35 % жастар. Сондықтан бұл тауарлардың
өтімділігі шетелдік танымал маркалардың өнімі. Бұл тауарлар да өндірушіден
тікелей жеткізіліп қол жетімді бағамен сатылады. Бағаны анықтауға еліміздің
экономикалық жағдайы тікелей байланысты. Инфляция жағдайында тауар бағасы
15 – 20% жоғарлауы мүмкін. Бұл қандай жағдай болмасын алдын – ала
жоспарланған пайданы алуға көзделген.

Саланы сипаттау

Супермаркет Семья қызметі ұзақ мерзімге жоспарланған. Бизнес жоспар
құру кезінде клиенттермен алдын – ала келісіп, оларға қандай тауар
керектігі анықталған. Ұзақ мерзімді ірі кәсіпкершілікте өте қиын жағдай
туындайды. Ол кәсіпкердің тауарына деген сұранысының өзгеруін анықтау, оның
сатылуы, тұтынылуы. Бизнес жоспар жасағанда бағалау, есептеу және болжау
негізінде құрылады. Бұл салада тұтыну тауарларын сататын басқа да
супермаркеттер, дүкендер көптеп кездеседі. Олар негізгі бәсекелестер болып
табылады. Бәсекелестік супермаркеттің дамуының факторының бірі
бәсекелестері ескере отырып сатылу көлемін жоспарлағандай іске асыру
қиынырақ болады. Ол үшін бәсекелестердің қызметін біліп, олардан керегін
үйреніп, олардан да сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру керек.
Супермаркеттің бизнес жоспарын құрғанда нарықты толық зерттеу керек.
Яғни сұраныс пен ұсыныс деңгейін, нарықта қандай тауарға қажеттілік
туындағанын зерттеу керек. Осы факторларды толығымен зерттеп бәсекеге
қабілетті үлкен супермаркет ашу керек. Бәсекелестен озудың негізгі
жолдарының бірі баға саясаты. Осы аудандағы, осы саладағы бәсекелестердің
тауарының бағасынан арзан баға белгілеу керек. Супермаркет Семьяның
тауарларының бағасы басқа супермаркеттерге қарағанда екі есе арзан. Себебі
біздің супермаркет өндірушіден тауарды тікелей ешбір делдалдың көмегінсіз
алуды да, оның үстіне 10% үстеме қосады. Бұл баға тұтынушыға өте икемді.
Олар супермаркет клиенттерінің санын көбейтеді. Бизнес жоспар құру кезінде
супермаркеттің клиенттері тек қана аудан тұрғындары емес, сонымен қатар
бірнеше кәсіпкерлермен, компаниялармен келісім жасалған. Олар
супермаркеттің тұрақты клиенттері болып саналады. Оларға сұранысына сай
белгіленеді. Бизнес жоспар құру кезінде болашақ клиенттерді анықтап алған
жөн, себебі оларға байланысты супермаркеттің өмір сүру уақыты анықталады.
Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнестің тартымдылығы
Бизнес жоспарын құру жолдары
Бизнес - жоспардың даму стратегиясының экономикалық негіздемесі
Нарық жағдайындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік-инвестициялық қызметтері
Бизнес жоспарды құрудың теориялық негіздері
Қаржылық жоспарлау және болжау
Өндірісті Басқару фуңцялары
Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері
Қонақ үй маркетингі және қонақтарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының территориясында бизнесті ұйымдастыру түрлері
Пәндер