Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі



КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1 Қазақ әдебиетін оқыту әдістерінің кезеңдері
1.2 Т.Жұмажанова зерттеулеріндегі қазақ әдебиетін оқыту әдістері
2. Т.Жұмажанова еңбектеріндегі сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістері
2.1 Т.Жұмажанова зерттеулерінің ғылыми. әдістемелік теориялық маңыздылығы
2.2 Т.Жұмажанова зерттеулеріндегі әдістер бойынша жүргізілген эксперименттік жұмыстар нәтижесі
Зерттеу жұмысының өзектілі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық дамыту жолдарын, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп көрсетілген.[1] Егеменді еліміздің тірегі білімді ұрпақ екендігі анық, демек бүгінгі заман талабына сай жастарға сапалы білім берудің, ғылымды дамытудың талаптары күшейе түсуде.Білім беру ұғымының өзі өзгеріп, кеңейіп, толығуда. Жеке тұлғаны дамытудың жаңа тұжырымдамасы білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір адамның нақты мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді. Мұның өзі білім мазмұнын тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытуға бағыттайды. Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түрлілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
«Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев. [2]

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық дамыту жолдарын, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады деп көрсетілген.[1] Егеменді еліміздің тірегі білімді ұрпақ екендігі анық, демек бүгінгі заман талабына сай жастарға сапалы білім берудің, ғылымды дамытудың талаптары күшейе түсуде.Білім беру ұғымының өзі өзгеріп, кеңейіп, толығуда. Жеке тұлғаны дамытудың жаңа тұжырымдамасы білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір адамның нақты мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді. Мұның өзі білім мазмұнын тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытуға бағыттайды. Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түрлілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды, - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев. [2]
Елімізде білім беру жүйесін жаңаша қалыптастырып оны бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ұластыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Білім беруді дамытудың бағдарламасы, тұжырымдамасы, әр түрлі қаулы-қарарлар, т.б. ағымдық іс-шаралардың барлығының мақсаты білімді де білікті тұлға тәрбиелеу болып табылады. Әсіресе, дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып, жаңа мазмұнда ғылыми және сан сапалы білім беру бағдарламаларын жасауда, шетелдің тәжірибесін оқу тәсілдері мен түрлері саласында пайдаланудың маңызы арта түсті. Халықаралық білім беру кеңістігіне ену біздің білім беру жөніндегі жүйеміздің дәрежесін арттыруға игі ықпалын тигізері сөзсіз. Елімізде отандық білім беру жүйесін дүниежүзілік стандарттар деңгейіне көтеру бағытында әр түрлі іс-шаралар қарқынды жүргізілуде. Білім беру мазмұнын ізгілендіру қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысымен сәйкестендірілуде. Білім беру оқушы дүниетанымының, болмыс мәдениетінің, жалпы дамуының тетігі ретінде қолдануға бағытталуда.
Мақсаты: Білім беру жүйесінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері насихатталуы керек. Сол себепті қазақстандық әдіскер ғалым еңбегінің құндылығын ашу зерттеу мақсатына айналды.
Міндеттері:
* Т.Жұмажанованың ғылыми зерттеулерін саралап, ғылыми құндылығын талдау;
* Т.Жұмажанованың ғылыми-әдістемелік еңбектеріндегі инновациялық технологиялардың өзектілігін дәйектеу;
* Т.Жұмажанованың ғылыми зерттеулерін басқа әдіскер ғалымдардың еңбектерімен салыстыра отырып, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің озық технологияларын анықтау.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Білім беру жүйесінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін барлық қажетті жағдайларды жасау күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Өркениетті елдер қатарынан көріну бүгінгі таңда әр мемлекеттің берік те сапалы біліміне сай болуында екендігі айқын. Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты. Білім беру парадигмасы өзгеріп, жаңа мазмұны пайда болуда.
Өзіндік мақсаты айқын оқу мен өмірді ұштастыра білетін, кәсіби шеберлігі жоғары, білікті маман дайындау бүгінгі заман талабы. Жаңа ғасырдың саналы жастарының берік білімі мен біліктілігін арттырудың тиімді жолдарын қарастыруда зерттеуші ғалым-әдіскерлер ұстаздар, қоғамдық ұйымдар, ата-аналар т.б. қызығушылық туғызып, айрықша мән беруде. Ғылым атаулының қайсысының болсын өзіне тән дүниеге келу, даму жолдары болады. Қазақ әдебиеті пәні де сондай жолдардан өтіп өзінің қалыптасу дәуірін басынан кешірді. Қазақ әдебиеті пәнін орта мектепте оқыту проблемаларының мерзімді баспасөзде, педагогикалық және әдістемелік басылымдарда сөз болуы, іргелі зерттеу жұмысының арқауын құрауы сияқты күрделі мәселенің тарихына арналған еңбектер осы күнге дейін жазылған жоқ. Осыған орай қазақ әдебиеті пәнінің ғылым ретінде қалыптасуына атсалысқан ғалым-әдіскерлеріміздің ой-пікірлеріне әділ баға беру қажеттігі туындайды. Қазақ әдебиеті пәнінің орта мектептерде оқытылуы тарихының жасалуы оның әр кезеңдері арасындағы заңды байланыстарды ашып, әдістемелік ойдың бірте-бірте тереңдей, кемелдене түскенін айқындап береді. Ұлттық әдебиеті оқыту пәні ретінде мектеп бағдарламасына еңгізу, әдеби білімнің мазмұнын айқыңдау, қазақ әдебиетін шәкірттерге меңгертудің тиімді жолдарын ғылыми түрде негіздеп беру мәселелері бір айдың немесе бір жылдың жемісі емес. Қазақ әдебиетінің пән болып оқытылуының жағдайын зерттеп, оның білім мазмұның айқыңдау, оқулықтар мен бағдарламалар жасау сияқты міндеттер алға қойылды, сол себепті ғылыми экспедициялар құрылды. ВКП(б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 августе қабылданған Бастауыш және орта мектептердің оқу программасы мен жұмыс режимі туралы қаулысы осыған сәйкес Қазақ АССР Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Советі қабылдаған қаулы, ВКП (б) Орталық Камитетінің 1933 жылы қабылданған Бастауыш және орта мектептердің оқулықтары туралы қаулысы республикада халық ағарту ісінің жаңдана түсуіне игі ықпалын тигізді. Партиялық және мемлекеттік құжаттар ғылыми негізделген тұрақты бағдарламалар мен оқулықтар жасау, оқушылардың материалистік көзқарасын қалыптастыратын білімдер жуйесін, яғни пән құрамы мен мазмұнын айқындау міндетін қойды. Алайда қазақ әдебиеті пәні бойынша бағдарламалар мен оқулықтар жазу, әдеби білім құрылымы мен мазмұнын белгілеу оңайға түскен жоқ. [3]
Қазақ әдебиетінің пән ретіндегі жолы 1930 жылдардан басталады десек, одан бергі ғылыми жарты ғасырдан астам уақытта қаншама күрделі шешілгенін айқын пайымдаймыз. Бағдарламалар мен оқулықтар жасаудағы тәжірибенің болмауы, әдебиетті, оның теориясы мен оқыту әдістемесін жақсы білетін мамандардың аздығы осы бағыттағы жұмыста көптеген қиындықтар туғызды. 1939-1940 жылын қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасқан мерзімі деп санаймыз. Ойынымызды тұжырымдай келе айтарымыз, Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептерінен бастап оқытыла бастаған әдебиет пәні 1927 жылға дейін жеке пән болып саналмады, ол қоғамтану пәнінің құрамына енгізіліп отыр. Тарихи деректерге сүйене отырып қазақ әдебиеті пәнінің мектепте пән болып қалыптасуы мектеп тарихымен бүтіндей сабақтас мәселе екендігіне көз жеткізуге болады. Пәннің бастапқы қалыптасу кезеңінде мектеп сұраныс көзі қызметін атқарды. Қазақстанда он сегізінші ғасырдың аяғында қазақ балалары үшін мемлекет құзырына қарасты мектептер пайда бола бастады. Атап айтқанда, 1789 жылы Орынборда мешіт жанынан мектеп ашылса, келесі қадам 1825 жылы Орынбор қаласында Неплюев кадет корпусы, 1825 жылы Омск кадет корпусы, 1841 жылы Ішкі Бөкей Ордасында Жәңгір хан ашқан қазақ мектебі ашылып, оларда қазақ балалары қабылданатын болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында 1861 жылдан бастап орыс-қазақ мектептері Троицкіде, Торғайда, Ырғызда, қазанда, Перовскіде ұйымдастырылды. 1876 жылы Қазақ мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминский идеясы бойынша қазақтарды орыс алфавиті көмегімен оқыту қолға алынып, бұл жұмысқа Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалған Ы.Алтынсарин тартылды. Ы.Алтынсарин орыс сауатын оқытатын бірнеше ауылдық мектептер ашты. Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысында, ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда мектептің білім жүйесі мынадай еді:
1. Орта оқу мекемелері - ерлер мен әйелдер гимназиялары, жылдық училищелер, мұғалімдер семинариялары.
2. Бастауыш оқу мектептері- қалалық училищелер, орыс-қазақ және орыс-туземдік мектептер мен училищелер, ауылдық-болыстық мектептер, бастапқы сауаттылық беретін мектептер.
3. Кәсіби оқу мекемелері-мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылығы мектебі, фельдшердік мектеп және қолөнер мектебі.
Бұл мектептердің саны, әрине көп емес еді. 1898 жылға қарай 730 бастауыш мектеп , оның ішінде 262 діни мектеп болған. Оларда бүкіл Қазақстан территориясындағы мектеп жасындағы балалардың барлық санының 93,9% қамтылған, ал оның ішінде қазақ ұлты балаларын атап көрсетсе, бұл көрсеткіш ұлғая түседі, - дейді Т.Тәжібаев. [35.56]
Т.Тәжібаевтың монографиялық зерттеуінен бұл деректерді келтіру себебіміз, біріншіден, қазақ балаларының саны ол мектептерде өте аз болғанын ,екінші, аталған мектептерде оқу орыс тілінде (негізінен) жүргізілгеніне және қазақ балаларын орысша бастапқы сауаттылыққа яғни тілмаштық іске жарайтындай деңгейіне бағытталып жүргізілгеніне көңіл аудару еді. Оларда жалпы білім беру, соның ішінде математика, табиғаттану ілімдері қарастырылған. Бұл мектептерде орыс тілінде оқып жазу, арифметика дағдылары, діни оқу сияқты пәндер оқытылған, оның оқу-материалдық базасы нашар, қаржыландыруы өте қанағаттанғысыз жағдайда болған, ол оқыту деңгейінің тіптен нашарлығын 1882 жылы Түркістан өлкесіне халық училищелерінің бас инспекторы Забелиннің Басқа ұлттарға білім беру ісінің дамуы мен нәтижесінің шектентыс төмендегі сатыда тұрғанына менің көзім жетті,-деп жазғанымен сипаттауға болады. Ал ішкі Орда халық училищелерінің инспекторы Н.Леванов мектептерде оқу құралдарының жоқтығын жаза келіп, балалар орысша оқып, жазуды өте нашар меңгергенін және толық сауаттылықты, белгілі дәрежеде дамыту туралы бұл мектептерде сөз қозғау да мүмкін еместігін айтады.
Міне, отар елдердегі халыққа білім берудің осындай жағдайында, бодандық шектеушіліктің соншалықты саяси және рухани төзгісіз жағдайында қазақ балалары үшін қазақ тілінде алғашқы оқулық Қырғыз хрестоматиясы (Қазақ хрестоматиясын) жазып, баспадан шығарып, оны мектеп тәжірибесіне енгізуі Ы.Алтынсарин тарапынан тарихи бастама болды, бұл қазақ әдебиеті үлгілерін мектепте оқытудың алғашқы қадамы еді. Ы.Алтынсарин тұңғыш қазақ оқулығын неге хрестоматия түрінде жазуды таңдап алған деген сұрақ тууы мүмкін. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей педагогтары арасында пәнді оқытудың негізгі мақсаты- мектептен алып шығатын ақпараттар беру емес, жалпы іскерлікті қалыптастыру, атап айтқанда ,ойлау, сөйлеу, жұмыс қабілеті, тәртіптілік дағдыларын бірінші кезекке машықтандыру деген пікір үстем болды. Ол пікірді ұстанушылардың ой-ниеті кейін тез ұмытылады немесе өмірде тіптен пайдаланылмайды, ал логикалық бойлау, жаңа жағдайларға тез бейімдей білу, сөйлеу және жазу, жұмыс істей білу іскерліктері барлық жерлерде керек болады, олар әрі әрқашан ұмыт болмайды- деп түсінген. Сол себептен де мектепте жалпы дағдаларға айрықша мән беріліп, оқу құралдары негізінен хрестоматиялық сипатта жасалынған болатын.
ХХ ғасырдың бас кезінде бастауыш училищелері (мектептері) үшін құрастырылған әдеби оқулықтардың хрестоматиялық түрде болғанын осындай үстем педагогикалық идеяның ықпалы деп түсінуге болады. Сонымен қатар бұл оқулық бастауыш оқу сатысыны арналған еді.
Ы.Алтынсарин Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Николаев уездерінде уездік екі кластық мектептер ашады, бұлардың кейінгі екеуінде тек қазақ балалары оқыды, кейін Бөрте, Қарабұға, Обаған, Жетіқара, қаратоғай болыстарында да осындай мектептер 1881 жылы Омбы қаласынан қазақтың тұңғыш оқытушылар мектебі ашылған. Ы.Алтынсарин өзі ашқан жаңа мектептердің жұмысына дұрыс бағыт беріп, үнемі көмек көрсетіп отыратын рухани басшысы да болды. Өзінің бір хатында оларға (мектеп жастарына) адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын,- деп жазды Ыбырай. [4]
Ы.Алтынсарин өзінің ағартушылық идеяларын халыққа кеңінен жеткізу мақсатымен жаңа мектептерді қаншама көп ашқанымен, бүкіл қазақ балаларын толық қамти алмайтынына көзі жетіп, жаңа оқулықсыз бұл мектептерде де күткен нәтижелерге қол жетпейтінін байқады. Олар үшін ендігі жерде оқулық жасауға кірісіп, 1876-1879 жылдары бұл мақсатына да жетіп, 1879 жылы Орынборда Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы атты оқулық жазып, баспадан шығарады. Қазақтың алғашқы оқулығы шыққан қарсаңда Қазақстанда қазақ тілінде оқулықтың болмағанынан Ы.Алтынсариннің өз жазғаны да хабардар етеді. Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бірде-бір кітаптың жоқтығынан оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда, амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемдігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келеді. Екінші жағынан татардың кітап тілі араб, парсы сөздеріне толған, сол себепті ол сауатсыз қазақтарға түсініксіз. Бұл тілде басылып шыққан кітаптардың бәрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар осы жағынан алып қарағанда, дүниелі мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пайдалану үшін қолайсыз- деп жазды ол.
Ұлы ағартушының халқының сауатсыздығы үшін күйзеле отырып перзенттік сезімінен туған, үлкен өкінішпен айтылған бұл сөз, оның оқулық жазуына түрткі болған еді. Мұндағы мақсаты туралы ол тағы да былай деп жазды: Бұл кітапты құрастырғанда мен біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы болу жағын, сонымен қатар жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап болу жағын көздедім. Хрестоматия орыс әрпімен басылып шықты. Ол туралы: бұл шығарған кітабіміз көздеген мақсатпен сәйкес болып, орыстың ғылыми кітаптарын пайдалана білуге тікелей жол салып беру үшін және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да,әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп, орыс әрпімен бастырғанды қолайлы деп таптық- деп жазды автордың өзі. Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиеті үлгілерін енгізіп алғаш жазған қазақ оқулығының дүниеге келу себебінің өзі біріншіден, қазақ балалары үшін оның өзі ашып ұйымдастырған мектептердің қажеттігінен, сұранысынан туған еді. Ы.Алтынсаринге дейін әдеби мазмұндағы қазақ оқулығы былай тұрсын, таза қазақ тілінде оқытатын мектептің де болмағанын жоғарыда келтірген едік. Ондағы мақсат қазақша әдеби оқулық жазуға қоғамдық сұраныстың болмағанын дәйектеу еді. Ендігі жерде Ы.Алтыгсарин екі бірдей маңызды, қажетті тарихи бастама жасады:
а)қазақ тіліндегі оқулықты қажет еткен таза, қазақ мектептерін ашты;
ә) ашылған қазақ мектептерінің сұранысын қанағаттандырды, алғашқы оқулық жасап шығарды.
Ы.Алтынсарин өзі бастаған ұлы істің жалғасы үзілмеуін қалады және солай болатынына сенгендіктен де оның тарихи маңызына өте зор мән берген болатын. Мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақ өз тілінде шығара беру керек, деп жазды Ы.Алтынсарин.
Қазақ хрестоматиясы қазақ әдебиеті пәнінің атасы, әдебиет оқулығын жасаудағы алғашқы тәжірибе деп бағаланады. Басталған іс үзіліп қалмай, Ыбырай оқулығы үлгісінде қазақ тілінде әдеби мазмұндағы оқулықтардың шығып, бүгінгі кәсіби педагогикалық сападағы әдебиет пәніне ұлғасуымен ұштасты.
Қазақ хрестоматиясы кейін біраз қысқартылып 1889,1896,1899 жылдары Махтуба деген атпен, араб алфавитімен басылды. Махтуба арабша хаттар деген мағынада 1906 жылы А.Васильев редакциясымен едәуір толықтырылып, орыс алфавитімен қайта жарияланды. Кітаптың құрылымы жөнінде Сөз басында Ы.Алтынсарин былай деп жазды: Бұл басылып отырған бірінші кітаптағы мақалалар мынадай тақырыптарға бөлінеді:
1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматияларынан, көбінесе, М.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
2. Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгіелер.
3. Қазақ ақындарының ең жақсы өлең жырларынан үзінді.
4. Қазақтың мақал-мәтелдері.
Ы.Алтынсарин оқулығында балаларды қазақтың әдеби мұраларымен ғана таныстыруды мақсат етпеген, ол кітапты басқа әдебиет үлгілерімен де қамтамасыз еткен
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына педагог мәртебесі туралы бөлім енгізіледі. Мемлекет бұдан былайғы уақытта педагогтарға ерекше мәртебе беріп, олардың кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Сондай-ақ жаңа заңда инновациялық университеттер, зерттеу университеттері т.б. сияқты ұғымдар көрсетілді. Халықаралық талаптарға сай университеттердің иновациялық инфроқұрылымы қалыптасуда. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін
Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерін саралай отырып, бүгінгі оқытуда жас өспірімдерден күтілетін нәтиже негізгі құзіреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады. Құзіреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Мәселен, проблеменың шешімін табу қүзіреттілігі:
- түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;
- өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға қажетті жағдайды анықтауға;
- өзіндік тұжырым жасауға, өзіндік бағалауға;
- түрлі жағдайда өзінің шамасын білуге;
- қойылған міндетті орындауға, технология таңдай білуге мүмкіндік туғызады, т.б.
Оқытудың техникалық құралдарының басқа түрлеріне қарағанда компьютерлік оқыту жүйелері өзінің интерактивтілігімен ерекшелінеді.
Демек, компьютерлік оқыту жүйелері студенттің (оқушының) сұрағына, әр түрлі тапсырмаларды орындау әрекетіне жылдам жауап беруге, нақтылау, дәлелдеу, тұжырым жасау үшін сұрақтар қоя білуге, хабарламалар жасауға, студент (оқушы) үшін нақты керекті ақпаратты бірден тауып беруге қабілетті.
Шетелдік және отандық тәжірибелер компьютердің оқыту үрдісінде тиімді құрал бола алатындығын көрсетіп отыр, алайда гуманитарлық пәндер үшін компьютерлердің оқыту үрдісін оңтайлы етудегі барлық мүмкіндіктері толық зерттеліп, жүйеленген дей алмаймыз. Мәселен, әдеби білім беру үшін білім алушының танымдық қызметін дұрыс басқара білу, түрткі туғызып, көркем туындыға деген қызығушылықтарын қалыптастырып, белсенділікке жетелеу, жағымды эмоциональды әсерді қамтамасыз ету, білім алушының оқу материалын меңгеру қарқыны мен жеке-даралық ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. Сондай-ақ оқу материалдарын көрнекі түрде ұсыну, түрлі ақпараттарды алу және талдау; мәтіндерді меңгеруге байланысты танымдық қызметті ұйымдастыру; өз бетінше білім алу, түрлі мақсаттарға сәйкес жүргізілетін әр түрлі әдеби тапсырма-жаттығулар құрастыру, білімді өздігінен меңгеруге, өзіне деген сенімділігін арттыруға, әр түрлі өмір жағдаяттарында дұрыс жол тауып, шешім қабылдайтындай қажетті іскерліктерін қалыптастыруға бағыттау керек.

1.1 Қазақ әдебиетін оқыту әдістерінің кезеңдері

Қазақстандағы оқыту жүйесіне тікелей Ресейдің отаршылық саясатының әсері. 19 ғ. екінші жартысындағы Троицк, Торғай, Орда, Ырғыз, Қазанда, Перовскіде орыс-қазақ мектептерінің ашылуы. 1876 жылы Қазан мүғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминскийдің ұсынысымен Ы.Алтынсариннің орыс алфавитімен ауылдық мектептер ашуы. И. Гаспринский негізін салған үлгідегі жәдит мектептері, медреселік білім беру жүйесі, оның прогресшіл жақтары. Жалпы білім беруде дін сабақтарымен бірге басқа пәндердің орын алуы; Ана тілінің үздіксіз оқу мәселесінің көрсетілуі, оқу құралдарын жасауға бағытталуы: XX ғасырдың басында Қазақстанда мектеп қажетін өтеудегі оқу материалы ретінде орыс әдебиеті шығармаларынан аудармалардың хрестоматиялық оқулықтар түрінде берілуі: Қазақ әдебиеті пәнінің әдеби - білім негіздері казақ баспасөзі Айқап журналы Қазақ газеттерінде көрініс табуы. [5]
XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда мектептік білім жүйесінің түрлері:
1. Ерлер мен әйелдер гимназиялары, училищелер, мүғалімдер семинариялары.
2. Қалалық училищелер, приход училищелер, ауылдық-болыстық мектептер.
3. Кәсіби оқу мекемелері - мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылығы мектебі, фельдшерлік және қолөнер мектебі. Ы.Алтынсариннің, қазақ хрестоматиясының қазақ әдсбиеті пәнінің атасы әдебиеттк оқулық жасаудағы алғашқы тәжірибе деп бағалануы; казақ мектебі тәжірибесінде оқу әдістемесін тұңғыш енгізуі;
Ы.Алтынсариннің ұлттық талғам мен ізгілікті, озық адамзаттық құндылықтардың қазақ халқының да рухани игілігіне айналуын үйлестіре білуі; Орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, И.Паульсон т.б. тәжірибелерімен байланыстылығы; Ы.Алтынсарин оқулығында көрініс табуының маңызы.
Қазақтың ағартушы - демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. Шоқан, Абай, Шәкәрім, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б.
А.Байтұрсынұлының Әліппе (1921) Оқу құралы (1921) Әдебиет танытқыш (1926) Жаңа құрал (1926) М. Жұмабаевтың Сауатты бол (1923) Ж.Аймауытұлының Жаңа ауыл (1929) Б.Майлин, С.Мұқанов Колхоз - ауыл (1930) атты оқулықтарымен тағы басқа оқулық -хрестоматиялардың ұлттық әдебиеттік мектепте жеке пән ретінде оқытылуына тигізген эсері.
1917-1927 жылдары әдебиет пәнінің кенестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану қүралы ретінде оқытылуы;
1928-1938 ж. эдебиеттің тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері;
1931-1932 жылдардағы БКП (б) орталық комитетінің әдеби білім беруді жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқу тиімділігін арттыру жөніндегі қаулыларының маңызы; Әдебиет оқулығын жазу, оның тарихын зерттеуде М.Әуезов еңбектері. Олар: 1927 жылы қазақ әдебиеті тарихынан тұнғыш зерттеу Әдебиет тарихы оқулығы, 1930 жылы ересек жастар мектебіне арналған Жеткіншек оқу құралы, Қазақ шаруа жастары мектебіне арналған бағдарламасы (1930) мұнда аударма шығармалардың енгізілуі т.б. Отызыншы жылдардың екінші жартысындағы әдебиетті оқытуды әдебиеттік оқу, тарихи-әдебиеттік курс ретінде жүйеленуі; бағдарламалардың мазмұны.
1939-1958, 1985-1990 жылдар. Білім беру жүйесіндегі реформалар, бұлардың әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген ықпалы:
Әр кезеңде мектепке арналған және жоғары оқу орындарына арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жасаудағы С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Н.Ғабдуллин, Ш.Кәрібаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов, Ә.Дойырова т.б. еңбектері.
1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер Әдеби білім тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты; (Алматы 1998)
Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасы дүниеге келді. Ұлттық мектеп тұжырымдамасы ұсынған болашақ мектеп үлгісі мен білім берудегі жаңа жүйенің кеңестік білім жүйесінен айырмашылықтары. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар; әдеби білім берудегі модульдік жүйе, оның өзіндік ерекшеліктері; ғылыми-әдістемелік басылымдардың мұғалім біліктілігін арттырудағы ролі; әдебиетті оқытудағы жаңа технологиялар жүйесі; соңғы жылдардағы ғылыми-әдістемелік ізденістер т.б.
Бүгінгі заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі екендігі; 2001-жылғы Білім жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы бекітілуі.
Бақылау және тестілеу бағдарламалары, ақпараттық анықтама жүйелері, электронды оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар. Білім беру жүйесін компьютерлендіру, оқу процесінде қолдану мәселелері. Білім және ғылым саласын ақпараттандыру білімді дамыту тұжырымдамасының басты бағыттарының бірі екендігі.
Мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің даму кезеңдері
Қазақ әдебиеті пәнінің мектепте дербес пән ретінде оқытылып, оқу жоспарына енуі 1930 жылдан есептеледі. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Қазан төңкерісіне дейін де, одан кейінгі кезеңде де қиын да күрделі саяси- әлеуметтік қайшылықтармен бірге қалыптасып дамыды. Ресейге қосылу, оның мәдениетімен танысу, сол арқылы еуропалық, дүниежүзілік өркениеттен хабардар болу Қазақстанда ағартушылық идеяның дамып, жетілуіне тікелей әсер етті.
Ресейдің алдыңгы қатарлы ағартушыларының идеясымен танысып білу, сан қырлы мәдениетін меңгеруге талпынған қазақ зиялылары да еуропалық, дүниежүзілік өркениеттен хабардар болып, әлемдік деңгейдегі ағартушылық идеядан тыс қалмады.
Кезінде өнерге, білімге жетік елдермен табысуды армандаған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров:
"Қазаққа ілгерілеу керек болса, бізге қайткен күнде де жетілген жұрттардың қатарына қосылып, білімін тез үйренуіміз керек", - деп жазып, оның жолын іздестіруге талпыныс жасағаны белгілі. Халық өмірін, тыныс тіршілігін айрықша түсініп, сезіне білген оны материалдық және рухани жағынан жақсартудың бірден-бір көзі оқу- ағарту білім мен ғылымды меңгеру екенін жете ұғына білген қазақ (мәдениетінің) ағартушы-демократтары: Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өз халқының рухани дүниесін байытуға тигізген ағартушылық, бағыттағы игі істерінің қай кезде де болмасын мәні ерекшелене түседі.
Қазаң жерінде алғашқы пәндік сипаттағы мектептер ашып, орыс графикасы негізінде оқулықтарды, хрестоматиялық түрде шығарып, оқыту әдістемесінің үлгілерін танытуда көшбасшы ретінде Ы.Алтынсариннің еңбегі зор.
Ол қазақ әдебиеті мұралары үлгілерін оқу құралына енгізе отырып, діни мектептерден мүлде өзгеше жаңа бағыттағы мектептердің негізін қалады.
Өзінің ағартушылық идеяларын халыққа жеткізуде, ғылыми қағидаларын қалыптастырудағы мектептің маңызы, оқулықтың қажеттілігі мұғалімнің рөлін ерекше көрсете білді. Қазақ мектептеріне қазақ тіліндегі оқулықтың қажеттілігін түсінген ұлы педагогтың "Қазақ хрестоматиясы" 1889, 1896, 1889 жылдары "Мактуба" деген атпен араб алфавитімен, 1906 ж. А.Васильев редакциясымен толықтырылып, орыс алфавитімен жарияланды. Ы.Алтынсарин оқулық-хрестоматия дайындаумен бірге, оны балаға жеткізіп, оқытатын мұғалімге баса көңіл бөлді. Ол: "Біздің жұмысымызда қырғыз (қазақ) мектептерінің бүкіл болашағы қазір басталып отырған іске байланысты, сол себепті мен қазір дүниеде жақсы мұғалімді бәрінен де жоғары бағалаймын. Халық мектептері үшін мұғалім бәрін шешеді", -деп мұғалімдерге үлкен сенім артты. [6]
Сондай-ақ қазақ мектебі тәжірибесінде оқыту әдістемесіне ерекше назар аударды. Мәселен, оқушылардың жас ерекшелігіне сай тәрбиелік мәні зор мәтіндердің берілуі, олардың әсер-ықпалы, мәтіндерді меңгертудегі әр түрлі іс-әрекет, жұмыс түрлерін көрсете білді. Мұның өзі қазақ тіліндегі мектептер ашып, оған қажетті алғашқы оқу-құралдарын жасауға, әдеби білім негізін қалауға талпынған, тұңғыш бастама болды. Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясынан" кейін мектептерге арналған көркем әдебиет туындылары енгізілген оқулықтар біртіндеп жарық көре бастады. М. Нұрбайұлы "Қазақша әліппе" (1910), Е. Закарияұлы "Қазақ әліппесі" (1910), М.Малдыбаев "Қазақша әліппе"(1912), С.Көбеев "Үлгілі тәржіма"(1910), (Крылов мысалдарының қазақша аудармасын ұсынды), О. Алмасов, Т.Мендешов, К.Бейсембаев т.б. ауылдық мектептерге арнап аударма- хрестоматиялар ұсынды.
Ал, Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың басындағы оқу-ағарту ісіне белсене араласып, бүкіл болмысымен ұлт бостандығын жақтап, "өз діні, тілі, жазуы" сақталу үшін күресе білді. Қазақтың басқа алдыңғы қатардағы халықтармен теңеліп білімді болуын ансаған ұлт ұстазы екенін танытты.
1917 жылы Алаш Орда партиясының Ахмет Байтұрсынұлы басшылық еткен бағдарламасында: "Халыққа білім беру баршаға тең, әрі тегін болуы тиіс. Бастауыш мектепте оқыту ана тілінде болуы керек. Қазақтардың жоғары және орта арнаулы оқу орындары (университетке дейін) болуы қажет. Мектеп автономиясы болуы шарт, ал өкімет мектептің ішкі өміріне араласпауы керек. Барлық мұғалімдер мен профессорлар сайлануы қажет", - деп көрсетілді. Бұл құнды ой-пікір кейіннен Кеңес Одағының жаңа білім беру жүйесінің негізгі принциптерінде көрініс тауып, ескерілді.
А.Байтұрсынұлы халық ағарту комиссары қызметін атқарған кезінде (1920-1921) ұлттық сипаттағы мектептердің ашылуына ерекше күш салғанын көреміз. Соның бір көрінісі 1921 жылы Орынборда зиялы қазақ азаматтарын мәжіліске шақырып, төмендегідей жайды баяндаған. "Бұл күнге шейін қазақ тілінде 1-нші һәм 2- нші буын мектептер үшін оқу құралдары жоқ, сондықтан қазақша оқу құралдарын жазып, тәржімалауға тезінен кірісу керек. Әдебиет пәні үшін хрестоматия құрастырып жазу ісі С.Сейфуллинге, Ж.Аймауытовқа тапсырылады", - деп міндеттеген. Мұндай игілікті істердің барлығы да әдебиеттің жеке пән ретінде оқылуына ықпалын тигізді. Осы мәжілістің өзектілігі жөнінде 1996 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінде жарияланған Қ.Мұхаметханұлының мақаласында: "Ахмет Байтұрсынұлы басқарған қазақ зиялыларының мәжіліс-кеңесінде қабылданған қаулыларындағы шаралар жүзеге асып, орындалған. Аталған оқу кітаптары дер кезінде жазылып, басылып шығып, 1928-1929 жылдарға шейін қазақ мектептерінде оқу құралы болып келген", - деп көрсеткен.[49]
Сондай-ақ XX ғасыр басында әдебиет майданына келген қазақ ақын-жазушыларының үлкен шоғыры ел мақсаты, халық қамы үшін жастарға арнап, әсіресе ағартушылық- педагогтік салада ерекше жұмыла еңбек етіп, мектеп оқулықтарына нұсқаулар, алғашқы зерттеулер жазды. М.Жұмабаев Педагогика кітабын шығарса, Ж.Аймауытұлы психология, әдістеме, эстетика саласында үш еңбек берді. А.Байтұрсынұлы мектеп оқушыларына арнап тұтас кітапхана тудырды. Бұл игілікті істің басында А.Байтұрсынұлы тұрды.
XX ғасырдың басындағы қазақ баспасөзі "Айқап журналы", "Қазақ" газеті беттерінде жарияланған мақалалардың қай-қайсысында болмасын қазақ тіліндегі оқулықтарға ерекше талаптар қойылып, балаларға түсінікті болуымен бірге тәрбиелік мәніне баса назар аударылып, үнемі талқыланып отыруының өзі әдістемелік озық-ой пікірлерге бағыт бағдар берді.
Қазақ ұлттық мектебінің жүйесін жасап, негізін қалауда С.Сәдуақасұлы (1925-1927) О.Жандосов (1927- 1929), С.Мендешов (1930-1933) т.б үлкен қайраткерліктаныта отырып, ресейлік оқыту әдістемесінің теориялық идеяларын, озық тәжрибесін ретіне қарай пайдалану керектігін ашып көрсете білді. Кеңес өкіметінің солақай саясатына ұшырап 1937-1938 жылдың құрбаны болып кеткен: А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Т.Шонанұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Е.Омарұлы, Х.Досмұхамедұлы, т.б. оқу ағарту саласындағы өздері бастаған игі істерді аяқтай алмағаны өкінішті екені бәрімізге белгілі.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің даму тарихында олардың кезіңде жаңашылдық, көргендікпен ғылыми негізде айтылған пікірлері бүгінде құнды.
Ж.Аймауытұлы "Психология" атты еңбегінде баланың жан дүниесінің қалыптасуына ата-анасының тәрбиелік рөлін ерекше көрсеткен. М.Жұмабайұлының "Педагогика" еңбегін тұңғыш ғылыми оқулық деуімізге болады.
Педагог-ғалым Х.Досмұхамедов "Аламан" атты еңбегінде "Тіл - жұрттың жаны. Өз тілін білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт. Мектеп пен баспасөзде қолданудан қалған тіл - шатасқан тіл. Ол ел - сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесу -- бұл күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беруі зор қате", - деген сөздерінің мәні бүгінде егеменді еліміздің болашағы үшін ерекше құнды екені сөзсіз.
1914 жылы жазушы, педагог-ғалым М.Дулатұлының "Қирағат" оқулығы жарық көрді. Кітаптың кіріспе сөзінде автор: "Сүйікті қазақ мұғалімдері, міне, сол сіздер керексінген қазақ тіліндегі оқу кітабының бірі-осы кітап. Балаларды оқыту - өз алдына бір ғылым, педагогика. Мектеп бағдарламасында бірінші орын алған нәрсе -- қирағат, баяндап оқыту. Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру", деп түйіндейді.
Педагогика ғылымының қалыптасуына өз үлесін қосқан қайраткерлердің бірі - Әлихан Бөкейханұлы. Оқытуды ана тілінде жүргізу мәселесіне қатысты айтқан құнды пікірлері, оқыту мен тәрбиелеуді бір-бірімен байланыста қарастыру т.б.туралы еңбектері, өзіндік көзқарасы қай уақытта да өз мәнін жоймайтын құнды дүниелер. 1920-1930 жылдары Т.Шонанұлы оқу-ағарту қызметіне белсене араласып, әліппе, оқулық, бағдарламалар жазып, халықты сауаттандыру жолында айрықша еңбек сіңірді. "Оқу құралы" (А.Байтұрсынұлымен бірге, 1926) "бастауыш сыныптарда тіл дамыту" (1930), "Жаңа арна" (М.Жолдыбаевпен бірге) (1927), "Бастауыш мектептеріндегі қазақ тілінің әдісі" С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиевпен бірге, 1935 "Орыстар үшін қазақша әліппе" (1931), т.б. еңбектері жарық көріп, пайдалануға ұсынылды.
1920 жылдары "дидактика", "оқыту", "білім беру" оның категориялары, оқыту принциптері, әдістері, оқудың мазмұны т.б. терминдер, ұғымдар зерттеуші, ғалымдар назарында болды. Қазақстанда педагогикалық- әдістемелік теорияның қалыптасу мәселелеріне арналған зерттеу жұмысында ізденуші А.Ілиясова: "Педагогикалық теориялардың Қазақстанда қалыптасуына Алаш Орда қайраткерлерінің оқу ағарту саласындағы еңбектері негіз болды", - деп орынды көрсетеді.
Мектепте қазақ әдебиетінің оқытылу тарихында 1931 жылы "Бастауыш және орта мектеп туралы", 1932 жылы "Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы" орталық партия комитетінің қаулыларының маңызы ерекше болды. Осы кезеңнен бастап қазақ әдебиетінен бағдарлама оқулықтар жасау мәселесі қолға алына бастады. 1934 жылы алғаш рет қазақ әдебиеті мен қазақ тарихының мектептік бағдарламалары (5-8 сыныптар үшін) жарық көрді. Бұл Қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың алғашқы кезеңіндегі үлкен белес болды.
Әдебиеттік оқу кітаптарында орыс және басқа туысқан халықтар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары да енгізілді. Ұлы жазушы, ғалым-педагог М.Әуезов тұңғыш оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене ат салысты. 1930 ж. Қызылордада басылған "Жеткіншек" оқу құралы, "Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған бағдарлама мен түсінік хаттарда" нені оқыту, қалай оқыту керек сияқты өзекті мәселелер жан-жақты сөз болды. Сондай-ақ М.Әуезов әдебиет пәні басқа қоғамдық пәндердің шылауында кетпей, жеке оқытылуы керектігін ашып айтып, дәлелдей білді.
1937 жылы Қазақ КСР оқу комиссариатының ұйымдастыруымен Алматыда тіл, әдебиет мұғалімдерінің республикалық кеңесі өтті. Кеңеске Мәскеу, Санкт- Петербургте білім алып жүрген аспиранттар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, білім саласындағы ғылыми қызметкерлер қатысты. Бұл мәжілісте мектепте тіл мен әдебиетті оқытудың сапасын жақсарту, оқушыларға берік, жүйелі білім, тәрбие беру ісіне қатысты баяндамалар талқыланды. Ең бастысы тұрақты бағдарламалар мен оқулықтар дайындау керектігі баса айтылып, осының негізінде авторлар құрамы белгіленді.
Бір жүйеге келтірілген алғашқы бағдарламалар мен оқулықтар қазақ мектептері үшін 1939-1940 жылдары жарық көріп, қолдануға ұсынылды.
Қазақ мектебіне арнап бағдарламалар мен оқулықтар жасау жолындағы әдістемелік ой-пікірлердің дамуына орыс мектебінде әдебиетті оқыту, оның бағдарламасын жасаудағы озат тәжірибелердің ықпалы зор болды.
1937-1938 жылдары басылып жарық көрген Әдебиет хрестоматиялары (5-10-сынып) Ә.Тәжібаев, М.Әуезов, Д.Әбілов, С.Мұқанов, Қ.Бекхожин, Е.Ысмайылов, Т.Ақшолақов, М.Жанғалин, С.Ерубаев т.б. сияқты ақын- жазушыларымыздың белсене араласуымен жарық көріп, сол кездегі мектеп сұранысын өтеуге себебін тигізді. Бұл алғашқы әдебиет оқулық-хрестоматиялары ғылыми-әдістемелік жағынан олқылық танытқанымен, кейінгі жазылатын оқулықтарға негіз бола отырып, тәжірибе жинақтауға көмектесті.
Алғашқы әдебиет оқулықтарында сол кездегі қоғамдық дамудың өзіндік бағыттары айқындалып, жаңарған өмір мен халықтың өткендегі тұрмыс тіршілігін салыстыра көрсетіп, жастарды еңбекке баулуға көбірек мән берілді. Б.Майлин, С.Мұқанов 1930 жылы құрастырған оқулық құралы "Колхоз ауыл", Ғ.Мүсірепов құрастырған "Жаңа ауыл" -- деп аталуының өзі жас ұрпаққа жаңарған ел өмірінен мәліметтер беріп, таныстыруға бағытталғанын көреміз.
1932 жылы басылған І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Ә. Мәметова, Б.Майлин құрастырған 5-сыныптың, "Әдебиеттану оқу кітабы" 1933 жылы жарық көрген. І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов құрастырған 6-сыныптың "Көркем әдебиет жинағы" сияқты оқу кітаптарында халқымыздың өткен тарихы, тұрмыс тіршілігін суреттейтін шығармалармен қатар, табиғат көріністері бар мәтіндер де көбірек орын алғанын көреміз. Мұның өзі оқушылардың дүниетанымын арттыруға, сондай-ақ табиғат сырын ұғынып-түсінуге жол ашары сөзсіз.
Бұл кезде жеке пәндерді оқытудың әдістемелік ғылыми жүйесін жасау әлі назарға алынбағандықтан, бағдарлама авторлары оқуға жаттығу, шәкірттердің сөздік қорын байыту, анық ұғымды, қысқа, тиімді сөйлеуге баулу,тезистер жасау, баяндамалар даярлау т.б. сияқты оқытудың жолдарын көрсетуге тырысты.
7-сыныпқа арналған, 1933 жылы М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаевтың құрастыруымен XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабының жарық көруі, алғаш рет әдебиет тарихының мектеп көлемінде жүйелі түрде ұсынылуының маңызы зор болды. 1934-1936 жылдары Ә.Қоңыратбаев, А.Әлібаев, М.Қаратаев, М.Жолдыбаев, С.Сейфуллин, Ө.Тұрманжановтың құрастыруымен басылып шыққан 3-5-сыныптарға арналған әдебиет оқулықтары сол кездегі заман сұранысын өтеуге талпынған алғашқы қадамдар еді.
1932 жылы қазақ әдебиетінің тұңғыш бағдарламасы фабрика зауыт, жеті жылдық мектептерге арналды. 1934 жылы қайта толықтырылып басылды. Бірақ алғашқы бастама болғандықтан, кемшіліктерден арыла алмады. Бағдарламада әдебиетке байланысты берілетің білім- дағдылардың көлемі, түрлері мүлде көрсетілмеді.
1938 жылдан бастап Қазақ КСР оқу комиссариатының нұсқауы бойынша әдебиет бағдарламасын жасау ісі қолға алынды, 1939 жылы V-Х сыныптарға арналған қазақ әдебиетінің бағдарламасы басылып шығып, мұның өзі әдебиетті оқытуда әдіс-амалдарды жетілдіруге негіз болды. Әдебиетті оқытудың принциптері мен мақсаттары айқын көрсетілді. Көркем шығарманы оқып үйренудің әр түрлі жолдары, сыныпта, одан тыс уақытта атқарылатын жұмыс түрлері айқындалып берілді. 1941 жылы бұл бағдарлама өңделіп қайта басылып, 1946 жылға дейін қолданылды.
Орталық Комитеттің идеологиялық мәселелері жөніндегі тарихи қаулыларына сәйкес 1947 жылы жеті жылдық және орта мектептер үшін қазақ әдебиетінің жаңа бағдарламасын жасау ісі қолға алынды. Бағдарлама мазмұнында елеулі өзгерістер болды. Бағдарламаның ғылыми жақтарын жақсарту мақсатымен 1949, 1951 жылдары қайта басылды. Жеке тақырыптарға түзетулер енгізіліп, көркем шығарманың тіл ерекшелігін талдау сияқты бөлім енгізілді. Оқушыларға тәрбие беру ісіне нұқсан келтіретін кейбір әдеби үлгілер алынып тасталды. Осындай өңдеу мен өзгерістердің нәтижесінде 1952 жылы шыққан әдебиеттік оқу мен әдебиет бағдарламаларының сапасы идеялық-ғылыми жағынан жақсара түсті.
1938- 1939 жылдары Ш.Кәрібаев, Қ.Бекхожин, Қ.Жұмалиев, А.Көшімбаев, Е.Ысмайылов, т.б әдебиетші ғалымдардың құрастыруымен 6 -- 8-сыныптарға арналған әдебиеттік оқу кітаптары жарық көрді. Әдебиеттік оқу белгілі бір шығармаларды мазмұн мен түр бірлігі негізінде оқытуға бағытталады. Сондай-ақ оқытушының назары шығарманың идеялық-көркемдік жақтарын ашуға, құрылысы мен тіліне көңіл аударуға бағытталды. Осы негізде мектеп оқушыларын әдебиет теориясы мәліметтерімен біртіндеп таныстыру көзделді.
1938 жылы Қ.Жұмалиевтің орта мектептің жоғары сыныптарына арналған "Әдебиет теориясы" сол кездегі әдебиеттануға қатысты ірі табыстарымыздың бірінен саналады. Бұл еңбек қазіргі әдебиеттану ғылымының, әдебиет теориясына қатысты еңбектердің дамуына оң ықпалын тигізіп, негіз болды. Оқулық бүгінде өзінің құндылығымен ерекшеленеді.
1939- 1940 жылдары Ш.Кәрібаев, Қ.Бекқожин, А.Көшімбаевтардың 5-7-сыныптарға арналған әдебиет оқулықтары басылып шықты. Мектепте әдебиет тарихын жаңа үлгіде оқытуда 8-9-сыныпқа арналған Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов оқулықтарының мәні зор болды. "Қазақ Совет әдебиеті" курсын Ғ.Мүсірепов, Қ.Бекқожин, С.Сейітов, Қ.Жармағамбетовтар жазды. Отан соғысынан кейінгі әдебиет оқулықтары мен хрестоматияларды құрастыру ісіне М.Ғабдуллин, З.Қабдолов, С.Қирабаев, А.Нұрқатов, М.Базарбаев, Б.Сахариев, Ә.Шәріпов, М.Сармұрзина, М.Хасенов, Ш.Аманов, Ш.Ахметов, Т.Ақшолақов т.б. әдебиетші ғалымдарымыз өз үлестерін қосты. Демек, қазақ әдебиеті пәнінің мектепте жеке пән ретінде қалыптасуы оқулықтар жасау ісімен тікелей сабақтасып жатқанын көреміз. 1947 жылы М.Әуезов: "Қазақ әдебиетінің тарихы мен әдебиеттану жүйесі бізде орта мектептерде оқу құралын жасаудан туды", - деп дәлелді көрсете білді.
Академик С.Қирабаев: "әдебиет пәнін жоғары сыныптарда оқытудың тарихи-әдебиеттік принципі мектептерімізде көп жылдан бері қолданылып келеді, жасыратыны жоқ, отызыншы жылдардың ішінде осылай іргесі қаланған мектеп курсы кейін кеңейіп, әдебиет тарихының жоғары оқу орындарындағы курсына да ғылыми тарих жасауға себеп болды ", - деп көрсетеді.[14]
Әрине, ол кезеңдегі оқулықтар деңгейі бүгінгі қоғамдық дамудың сұраныстарына толық жауап бере алмағанымен, олардың маңызы ерекше болғанын жоғарыда айтылғанзерттеуші ғалымдар пікірі дәлелдей түседі. Бұл оқулықтардың қай-қайсысы болмасын, кейінгі оқулық авторларына үлгі бола отырып, оқулықтар мен хрестоматиялардың сапалы шығуына игі ықпалын тигізді, тәжірибе жинақтауға көмектесті.

1.2 Т.Жұмажанова зерттеулеріндегі қазақ әдебиетін оқыту әдістері

Мұғалім - бүкіл мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман арнайы кәсіби дайындықтан өткен, педагогикалық іс-әрекетпен айналысатын тұлға. Ертеңіміздің болашағы жас ұрпақты оқытып тәрбиелеуші, қоғам мен мемлекет алдында үлкен жауапкершілік жүктелген адам. Бүгінде мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың жаңа түрлері қалыптасуда, ізденістер жандана түсуде. Шығармашылық қабілетті ашуда әдебиет пәні сабағының мүмкіндігі мол. Мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың тұрақтылығы оң нәтижеге жеткізеді. Ең бастысы оқушы көркем шығарманы жүйелі түрде оқуды әдетке айналдырады, әдеби жұмыстарды орындауға қызығушылығы артады.
Шығармашылық тұлға қалыптастыру - қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН БАСҚА ҰЛТТАРҒА ОҚЫТУ ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕЛУІ
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Қазақ тілін көрнекі құралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Пәндер