Еліміздің батыр қыздары



Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры
Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова, Кеңес Одағының Батыры

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Тарих пәнінен
ЕЛІМІЗДІҢ БАТЫР ҚЫЗДАРЫ
тақырыбына жазылған
Р Е Ф Е Р А Т

Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры.

1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған
аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және
әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар
баланы еркелетіп Моншағылым деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала
Мәншүк деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.
1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми –
зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің
әйеліне айтқан соңғы сөзі: Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта.
Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, халық
жауы аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол
әкесінің қамалуын қате деп санады.
Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол
соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: Фашистерді
жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан
өзімді жіберіңіз, деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-
ші тамызы.
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы
өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы
майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы –
дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла
дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан
жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық
атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол
ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың
15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча
станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің
әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді.
Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына
жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің
саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова
ерлікпен қаза тапты.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен
1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы
қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен
ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір –
түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар.

Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова, Кеңес Одағының Батыры.
Әлия Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед
және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге
келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды. Нұрмұхаммед Сарқұловтың
қолында екі баласы ұлы Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы
әжесі Тәжікенге беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған,
немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты
үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы
өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейді. Үй- іші Әлияні өте жақсы көрді.
Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретті, оған қыздар үй жұмысында
көмектесті, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бақты. Өз құрдастарына
қарағанда Әлияның мінезі қисық қатал болатын.
1933 жылы Молдағұловтар отбасы Шалқардан Жамбылға, ол кезде Әулиеата
деген кішкентай станцияға көшіп барды. Нағашысы Түркістан –Сібір
теміржолының үшінші эксплуатациялық ауданы саяси бөлімінің инструкторы
болып қызмет істеді. Үйлері теміржол вокзалының жанында болды. Үйдің
жанындағы теміржол мектебіне бірінші сыныбында оқыды.
1935 жылы нағашысы Әубәкір Әскери-көлік Академиясына оқуға түсіп,
отбасымен Москваға көшті, ал соғыстың алдында Академиямен бірге Ленинградқа
көшті. Ленинградта Смоленский ауданында Слуцкий көшесінде 2-ші үйде тұрды.
Отбасы жағдайына байланысты нағашысы Әлияні Красногвардейский ауданындағы
Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйіне тапсырды. Бұл балалар үйінің
оқушылары қасында орналасқан Үлкен охта даңғылындағы № 9 мектебінде оқыды,
қазір бұл № 140-шы мектеп. 1980жылы Ленсоветтің атқару комитетінің
шешімімен Гурдин көшесіне Әлия Молдағұлованың аты берілді.
Әлия Ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. Бұл қала оның екінші отаны
болды. Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды,
терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Ол жауқауларды жек көріп, олар
бүкіл балалардың алдында сынап, ұрсатын. 6-7-ші сыныпта Әлия староста
болған. Үздік оқуы және үлгілі тәртібі үшін Әлияны Қырымдағы Бүкілодақтық
пионерлер лагері Артекке жіберген. Артекте батырлардың тақтасында атақты
Батырлар Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзенің қасында Әлия Молдағұлованың да
суреті бар. Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапті көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөрте ханым - Шыңғыс ханның әйелі
Ерліктің қос қанаты - Әлия мен Мәншүк
Отан – ұлттың қара шыңырағы
Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы. Ерліктің қос қанаты
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ
Батырлар жырындағы патриоттық тәрбие
Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері
Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі
Қыз бала тәрбиесі
Менің семестрлік жұмысымның мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттік аргессияға қарсы Қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін зерттеп, онды баға беру
Пәндер