Каспийдің экологиялық мәселелері және оларды шешудің қазіргі жағдайы



Жоспар:

1. Кіріспе

2. Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама.

3. Каспийдің экологиялық мәселелері және оларды
шешудің қазіргі жағдайы.

4. Қорытынды

5. Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Кіріспе:

Каспий өңірі... Соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын дәуірлетіп-ақ жіберді. Жұртшылық оны өлеңге қосып, еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен,оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес екен, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында “қара маржан” теңізі тұнып жатқаны анықталды. Ол аз десеңіз Каспий қайраңы тұңғиығынан да тура бүгін-ертең мұнай өнімін алу көзделуде.
XVIII ғасырдың басындағы орыс карталарында Каспий-Арал арасы “Иесіз маң дала” деп көрсетіліпті. Әрине, бұл білместіктен, зерттелмегендіктен,шынтуайтқа келгенде өгей көзқарастан болғаны анық. Ал қазіргі кезде “болашағы зор аймақты ” бас көзге қарамай құлшына игеру осы Каспий өңірін шынымен де “маң далаға” айналдырып жібере ме деп қауіптенесің. Себебі ондай қиянат білместіктен емес, біле тұра белден басылып, адамзат тарихының ақтаңдағына соқтырмай ма деген ойға еріксіз жетелейді.
Каспий қойнауындағы қара алтын басты орынға шығып, теңі келмес флорасы мен фаунасы, экологиялық ахуалы жайлы мәселе көлеңкеде қалып отырғаны жан күйдіреді.
Алайда соңғы жылдары аз да болса Каспий өңірінің проблемаларына бет бұрылып, оларды шешудің жолдары қарастырылуда.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Газета “Капитал” 2006 ж. 9 ақпан.
2. “Экология” А.Ж.Ақбасова, Г.А.Саинова. Алматы 2003.
3. “Почвоведение”-№ 10. Егоров В.В, Минашина Н.Г.
4. “Экология” Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева. Алматы 2002.
5. “Экология және табиғатты тиімді пайдалану”. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов, Ж.Шілдебаев.
Алматы 2004.
6. “Түркістан” газеті 21 наурыз 2002 жыл №12
7. “Каспий қайраңы” С.Е.Әжіғали. Алматы 2000.

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама.

3. Каспийдің экологиялық мәселелері және оларды
шешудің қазіргі жағдайы.

4. Қорытынды

5. Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Кіріспе:

Каспий өңірі... Соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын
қарқынды игеру оның атағын дәуірлетіп-ақ жіберді. Жұртшылық оны өлеңге
қосып, еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар
деген үмітпен,оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек
бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес екен, сонымен бірге
Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының
жарасты қабаттарында “қара маржан” теңізі тұнып жатқаны анықталды. Ол аз
десеңіз Каспий қайраңы тұңғиығынан да тура бүгін-ертең мұнай өнімін алу
көзделуде.
XVIII ғасырдың басындағы орыс карталарында Каспий-Арал арасы “Иесіз маң
дала” деп көрсетіліпті. Әрине, бұл білместіктен,
зерттелмегендіктен,шынтуайтқа келгенде өгей көзқарастан болғаны анық. Ал
қазіргі кезде “болашағы зор аймақты ” бас көзге қарамай құлшына игеру осы
Каспий өңірін шынымен де “маң далаға” айналдырып жібере ме деп
қауіптенесің. Себебі ондай қиянат білместіктен емес, біле тұра белден
басылып, адамзат тарихының ақтаңдағына соқтырмай ма деген ойға еріксіз
жетелейді.
Каспий қойнауындағы қара алтын басты орынға шығып, теңі келмес флорасы
мен фаунасы, экологиялық ахуалы жайлы мәселе көлеңкеде қалып отырғаны жан
күйдіреді.
Алайда соңғы жылдары аз да болса Каспий өңірінің проблемаларына бет
бұрылып, оларды шешудің жолдары қарастырылуда.

Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама.

Жер шарының ғажайып табиғи су қоймасы- Каспий теңізі. Оның ескі атаулары:
Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар және т.б. Ол- Евразия құрлығының орталығында,
мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі
тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Жалпы ауданы 376000
шаршы км. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км.
Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы
2340 км, қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен
шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м,
орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл,
т.б. 50-ге тарта арал бар. Ірі түбектері: Маңғыстау, Апшерон, Аграхан,
Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының
бұрыңғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп.
Каспийдің шарасы тереңдігі және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді.
Құрлықтың қайраңда орналасқан солтүстік бөлігі тайыз (10-20 м). Орта
тұсындағы ойпаңда тереңдігі 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң (1025 м).
Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24-26ْ С, оңтүстігінде 27-28ْ
С-қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, өңтүстігінде
судың температурасы 10ْ С-қа жуық болады.
Каспий теңізіне 130-дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80% Еділ, 5% Жайық
берсе, 5% Терек, Сулақ, Самур өзендері , 6% Кура өзені береді. Иран
жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4% береді.
Теңізге келіп түсетін жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол теңіз деңгейін 1 см-
ге ғана көтереді.
Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре
тұқымдастары, майшабақ, торта, көксерке, сазан, килька көп ауланады. Каспий
теңізі қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша
алдыңғы орындардың бірінде. Итбалық аулау ертеден жолға қойылған.Теңізде
бекіре тұқымдастарының 5 түрі тіршілік етеді. Дүние жүзілік қордың 70%-ы
осы Каспийде. Кәсіптік балықтардың 76 түрі кездеседі.
Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім-
Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.
Қазіргі заманның балық шаруашылығы- балық аулауды реттеу, аса бағалы
балық түрлерін ( бекіре, қортпа, шоқыр, пілмай) табиғи және жасанды жолмен
көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты ( Ресейдің,
Әзірбайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақтарын
жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 млн. бекіре
балығының шабағын дайындайды.
Теңіз жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауында 3-3,5 млн.
Құстар қыстап қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға жетеді.
Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы мен флорасымен
ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың
414, зоопланктондардың 100 астам түрі кездеседі.
Каспий теңізі морфологиялық жағдайына байланысты Солтүстік Каспий,
Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Теңіздің қазақстандық
бөлігі- солтүстік шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының
аумағында. Солтүстік Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан
географиялық орны, теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық
режимі, су теңгермесі ( балансы) және т.б бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік
және Орталық Каспийге қарағанда таяз. Солтүстік Каспий бөлігінің аумағы 80
мың шаршы км. Оған келіп құятынөзендердің жылдық су ағымының жиынтығы-
жалпы Каспийге құятын барлық өзен сулары ағымының 88 %-ін құрайды. Теңіздің
бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың
2 мыңға жуық түрі ( оның ішінде омыртқасыздар- 1069, омыртқалылар- 415,
паразит жануарлар- 325) тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик
жануарлар ( шаянтәрізділердің 60%-і, моллюскілердің 80%-і, балықтардың 50%-
і ) құрайды. Каспий теңізінің балық қоры 2,9 млн. тонна болса, оның 40%-і
Солтүстік Каспий бөлігінің үлесіне тиеді.
Солтүстік Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі кездеседі. Соның
ішінде Қазақстанның және Ресейдің “Қызыл кітабына ” енгізілген өте сирек
кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б бар.
Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945 түрі
өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады, 6 түрі-
Қазақстанның “Қызыл кітабына ” енгізілген.

Каспийдің экологиялық мәселелері және оларды шешудің қазіргі жағдайы.

Каспийдің бір ерекшелігі- адам әрекетіне жиі өзгеретін климаттық
жағдаймен түсіндірілетін, оның деңгейінің тұрақсыздығы. Сондықтан да теңіз
деңгейін болжау, өзгерістері біркелкі емес және әртүрлі теңіз суының
балансын құрайтын экстраполяция тәсілімен алынатын және үрдістердің
тұрақтылығынан туындайтын ықтималды- статистикалық және климаттық
(гелиофизикалық) әдістерге негізделген.
Көмірсутекпен ластану көздері- су тұрақтар, кеме шаруашылығы және мұнай
шығару кешені. Бірақ, теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты жағалау
шаруашылығынан жел көтерме әсерінен туындаған төгілу, бұрғылау және мұнайды
тасымалдау кезіндегі авариялық жайылымдарға байланысты ластану өсіп келеді.
Жоғарыда айтылғандай, бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің
деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді
әсерге ұшырауына байланысты болады.
Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи
эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар
аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оның себептерін ауа
райының құбылысымен және антропогендік факторлармен байланыстыруға болады.
Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80%-ін құрайды. Сондықтан теңіз
суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден
Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий
экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердің бәрі Каспий теңізінің
баырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері
ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы
екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз
деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жатқызады. Оның да
себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12%-
ға, Жайықтан 24%-ға, ал Теректен 60%-ға төмендеген. Осы факторларды
ескеріп, теңіз суы деңгейінің тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қарабұғазкөлді
теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған
бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы
аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе, теңіздің түбінен тұз өндірушілерге
қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабұғазкөл елімізде
тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабұғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі
еді. 1978 жылдан бастап теңіз деңгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың
аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді.
Ғалымдардың болжамы бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық
сызықтың 2400-2700 км. Ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2
млн.га қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік-Шығыс
жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі төніп
отырған кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында
орналасқан.
Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары,
6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мекендер коммуникациялық желілер,
өнеркәсіп орындары су астында қалды. Барлық ластағыш заттар мен мұнай теңіз
суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз
суының көтерілуінің табиғи процесс екені дщәлелденді.
Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген
проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы- экологиялық жағдайлар.
Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи
жайылымдардың көлемін тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып
қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунвсы мен
флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың
ұя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып
отыр.
Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер
Каспий теңізі-әлемдегі ең ірі тұйық су қоймасы
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы
Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
Каспий өңірінің экологиялық ахуалы
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерциясының қарым-қатынастары: тарихи аспект (1991-2009 жж.)
Қастерлі Қазақ еліне қойны - қонышы толған байлық
Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және қоғамның тұрақты дамуы.
Пәндер