Сот баллистикасының түсінігі мен мақсаты



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ ... ... ..5
1.1 Сот баллистикасының түсінігі мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Сот баллистикасы объектілерінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.БАЛЛИСТИКАЛЫҚ ІЗДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕТІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Сот баллистикасының объектілерін табу және қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Баллистикалық объекті іздерінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Криминалистиканың мақсаты тергеу және басқа құқық қорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етіп, криминалистиканың тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындап беру.
Әр ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты. Сонымен криминалистиканың мына төменде көрсетілгендей негізгі міндеттері бар:
1. криминалистиканың ғылым ретінде дамуы;
2. заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін керекті жаңа криминалистикалық әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты техникалық құралдар жасау;
3. алдын ала тергеудің ұйымдық, тактикалық негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекетінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы оның нәтижелігін арттыру;
4. жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемелерін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;
5. қылмысты болдыртпау үшін криминалистикалық сақтық шараларды құқыққорғау органдарына ұсыну.
Сот-сарапшылық баллистикалық зерттеу көбінде адамның жеке басына карсы, бейбітшілік пен адамзаттын қауіпсіздігіне қарсы, конституциялык құрылыс негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне карсы, меншікке қарсы, қоғамдық кауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы, халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондайақ әскери қылмыстар бойынша жүргізіледі. Криминалистік тұрғыдан қарағанда, нысананы тікелей снарядпен, жарқыншакпен не фугастық, термикалық не өзге де әсер ету арқылы зақым келтіруге арналған, дәрінің немесе тұтанғыштык кұрылғысы бар басқа да жарылғыш заттың жа-рылысы нәтижесінде және өзінің нысананы закымдауда накты-лы мумкіндікті камтамасыз ететін кұрылымы мен заряд қуаттылығы бар бір реттік әрекет ететін құралдар (заттар) оқ-дәрілерге жатқызылады. Криминалистикалыктехника криминалистиканың бір бөлімі ретінде қылмыстык іздерді табу, бекіту, алу, жинауға колданы-латын және тергеліп отырған окиға мәліметтерін қалпына келтіріп қайта өндеуге бейімделген ғылыми-техникалық кұрал-дар мен әдістерді теориялық ережелер және қағидалар түрғы-сынан өндеп жетілдіру, сондай-ақ кылмыстардың адцын алу әдістері мен техникалық қүралдардың жүйесі болып табылады.
1.Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы «Қарудың жеке түрлері айналымына мемлекеттік бакылау туралы» №339-1 Заны.
2.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2002 жылғы 24 Казандағы № 158 бұйрығымен бекітілген Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот сараптамалары зерттеулерді жүргізу жөніндегі Нұскаулық.
3.Бычкова С. Ф. Организация назначения и производства судебной экспертизы Теория и практика судебной экспертизы. Алматы, 1999. Т.
4. ЖукА. Б. Энциклопедия стрелкового оружия. М. Военное издательство, 1998.
5. Кустанович С.Д. Судебная баллистика. М. Госюриздат, 1956.
6. Богодухова Е.А., Мозговых Г.А. "Назначение и производство судебно-технической экспертизы.
7. Белкин Р.С. "Курс криминалистики" 1том. Москва 1997.
8. Бутрименко Г.Г. и др. "Экспертное исследование стекла". Учеб.
9. Гинзбург А.Я., Поврезнюк Г.И., Калинин А.В. "Справочник следователя".
10. Гинзбург А.Я., Белкин А.Р. "Криминалистическая тактика". Алматы, 1998.
11. Грешников П.Я. "Судебная бухгалтерия". Учеб. Пособие. Алматы, 1999.
12. Исаев А.А. "Тросологическая экпертиза механических повреждений одежды".
13. Исаев А.А. "Применение специальных познаний для квалификации преступлений".
14. Кустанович С.Д. "Судебная баллистика"., Москва 1956.
15. Крылов И.Ф. "Судебная экспертиза в уголовном процессе". Ленинград.2006
16. Лазари А.С. и др. "Теоретические и методологические основы криминалистики.2000
17. Мозговых Г.А. "Криминалистическая характеристика преступления". Алматы., 2002.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ ... ... ..5
1.1 Сот баллистикасының түсінігі мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Сот баллистикасы объектілерінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.БАЛЛИСТИКАЛЫҚ ІЗДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕТІГІ ... ... ... ... ... ... ... . ... 16
2.1 Сот баллистикасының объектілерін табу және қарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...16
2.2 Баллистикалық объекті іздерінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

КІРІСПЕ

Криминалистиканың мақсаты тергеу және басқа құқық қорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етіп, криминалистиканың тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындап беру.
Әр ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты. Сонымен криминалистиканың мына төменде көрсетілгендей негізгі міндеттері бар:
1. криминалистиканың ғылым ретінде дамуы;
2. заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін керекті жаңа криминалистикалық әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты техникалық құралдар жасау;
3. алдын ала тергеудің ұйымдық, тактикалық негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекетінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы оның нәтижелігін арттыру;
4. жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемелерін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;
5. қылмысты болдыртпау үшін криминалистикалық сақтық шараларды құқыққорғау органдарына ұсыну.
Сот-сарапшылық баллистикалық зерттеу көбінде адамның жеке басына карсы, бейбітшілік пен адамзаттын қауіпсіздігіне қарсы, конституциялык құрылыс негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне карсы, меншікке қарсы, қоғамдық кауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы, халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондайақ әскери қылмыстар бойынша жүргізіледі. Криминалистік тұрғыдан қарағанда, нысананы тікелей снарядпен, жарқыншакпен не фугастық, термикалық не өзге де әсер ету арқылы зақым келтіруге арналған, дәрінің немесе тұтанғыштык кұрылғысы бар басқа да жарылғыш заттың жа-рылысы нәтижесінде және өзінің нысананы закымдауда накты-лы мумкіндікті камтамасыз ететін кұрылымы мен заряд қуаттылығы бар бір реттік әрекет ететін құралдар (заттар) оқ-дәрілерге жатқызылады. Криминалистикалыктехника криминалистиканың бір бөлімі ретінде қылмыстык іздерді табу, бекіту, алу, жинауға колданы-латын және тергеліп отырған окиға мәліметтерін қалпына келтіріп қайта өндеуге бейімделген ғылыми-техникалық кұрал-дар мен әдістерді теориялық ережелер және қағидалар түрғы-сынан өндеп жетілдіру, сондай-ақ кылмыстардың адцын алу әдістері мен техникалық қүралдардың жүйесі болып табылады.
Криминалистикалыктехника - криминалистикадағы алғаш-қы пайда болған түсінік, оның күрылу кезіндегі негізгі бөлім. ?
Криминалистикалықтехникатермині, біріншіден -- крими-налистика ғылымының бір бөлімін, ал екіншіден -- техникалык қүралдардың жиынтығын білдіреді, яғни кұрылғылар, аппарат-тар, күралдар, сот өндірісіндегі дәлелдемелерді зерттеу мен жинауға қажетті баска да қүралдар.
Криминалистикалық техниканың негізгі міндетіне -- кыл-мыскерлердің жеке басы туралы, оның колданған қаруы, олар-ды колдану және жасалған кылмыстын өзге де жағдайлары жөнінде мәліметтерді алу максатымен кылмыстың материалдык іздерін табу, бекіту, алу және зерттеу жатады.
Криминалистикалыктехниканын карастыратын мәселелері-нін көптігіне байланысты оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады.

1 КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ
0.1 Сот баллистикасының түсінігі мен мақсаты

Криминалистикалық техника термині, біріншіден -- криминалистика ғылымының бір бөлімін, ал екіншіден -- техникалык қүралдардың жиынтығын білдіреді, яғни кұрылғылар, аппарат-тар, күралдар, сот өндірісіндегі дәлелдемелерді зерттеу мен жинауға қажетті баска да қүралдар.
Криминалистикалық техниканың негізгі міндетіне -- кылмыскерлердің жеке басы туралы, оның колданған қаруы, олар-ды колдану және жасалған кылмыстын өзге де жағдайлары жөнінде мәліметтерді алу максатымен кылмыстың материалдык іздерін табу, бекіту, алу және зерттеу жатады.
Криминалистикалык техниканын карастыратын мәселелерінін көптігіне байланысты оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады.
Криминалистикалық техника теориялық жағынан кримина-листиканын бір бөлімі ретінде келесі мәселелерді қарастырады:
* жалпы жасалған кылмыстык, іске қатысты кандай нысандар, кандай іздер қалдырылады және олардын қандай касиеттері, сипаттары бар;
* криминалистикалық техниканы дамыту.
Сонымен қатар, тәжірибелік маңызына карай арнайы мәсе-лелерді зерттейді:
-- қылмыстын ізін қалай және қандай техникалык, қүраддардың көмегімен табуға болатындығын;
* олар дәлелдеме болуы үшін, оларды калай және кандай техникалық кұралдармен тауып, бекітуге болатындығын;
* бұл дәлелдемелерді, калай және қандай техникалык кұралдардың көмегімен алуға болатындығын. Мысалы, қылмыс ісіндегі саусактың калдырған ізін криминалистер XXғасырда ұнтактын көмегімен табуға болатынын, оны дактопленкаға бекітіп, бирка жасап, сол пленканы дәлелдеме ретінде алуға болатынын анықтаған;
-- бұл дәлелдемелер қалай және қандай тәсілмен анықталғанын қарастьірады, бірак көбінесе бұл мәселені экспертология шешеді;
* қылмыстык іс, қолданылған кару, қылмыскерлер, калдырылған іздер және т.б. мәселелер жайлы мәліметтерді калай және кандай тәсілдер арқылы жинауға болатындығын;
* кандай техникалык кұралдар қылмыс жасауға кедергі жасайтындағын.
Аталған мәселелер арнайы болып табылады, ал осылардың әркайсысында накты мәселелер бар және әлі де бола береді.
Яғни, бұл накты мәселелер: нысаннын түрлеріне, атылатын немесе суық қару, қолдың немесе автокөліктің іздері және т.с.с. қылмыс іздеріне байланысты болады.
Табылған іздер бойынша объектілердің ішінен кажетті же-келенген іздерді немесе оларға қатысты объектілердін түрін, тегін анықтау мәселелері туындайды. Іздерді калдырған деп та-былған объектілерді аныктау мәселелері идентификацияның көмегімен шешіледі.
Криминалистикалык техника идентификациямен тығыз бай-ланысатын басқа да идентификациялык. емес (диагностикалык, классификациялык, ситуациялык) мәселелерді шешеді. Олар-дың қатарына іздердін пайда болу механизмін аныктау жатады. Бұзу іздері арқылы іздердің пайда болу механизмі, кұраддар-дын козғалыс бағыты, бөгет пен қарым-кдтынаска түсу бұры-шы, басу күші және т.б. аныкталады.
Кей жағдайларда іздің пайда болу механизмі туралы мәселе тергеу барысында өзіндік мағынаға ие болады. Әсіресе, іздің пайда болу жағдайлары: із каддырушы объектінің әсер ету ба-ғыты, күші, арақашыктығы, жылдамдығы, іздердін пайда болу уакыты мен кезектілігі (мысалы: ату ара қашықтығы мен бағы-ты, жәбірленушіге жаракдт салудың кезектілігі, көлік қүралда-рынын козғалыс жылдамдығы мен бағыты). Сонымен катар, із калдырушыларды зерттеу механизмі кейде іздін калыптасуына әсер ететін тікелей себепті әрекетгі аныктау мәселелерін де карас-тырады, мысалы: әйнектегі ойык тас лақтырудан ба, әлде оқтан пайда бодцы ма; киімдегі закым жыртылудан, әлде кесуден пайда болды ма; аңшы кару окпаныньвд жарылу себебі неде және т.б.
Жоғарыда көрсетілген криминалистикалық техниканың карастыратын негізгі мәселелерін төмендегідей бөліп көрсету-ге болады:
1. Идентификациялық:
а) жеке тепе-тендігін аныктау (идентификация); ә) объектілердің кай топқа жататындығын аныктау.
2. Идентификациялықемес:
а) қылмыстың материалдық іздерін табу, бекіту және алу;
ә) іздердін пайда болуына әкеп соқкдн әрекеттердін жағда-йын, механизмін, себептерін аныктау және т.б.
Карастырылған мәселелерді шешу мақсатывда криминалис-тикалык техниканын әдістерін тергеуші, маман, сарапшы колдана алады. Бүл криминалистикалық техниканын тұтастығын көрсетеді. Сондықтан тергеу және сараптамалык. криминалис-тикалык техниканы жеке ғылыми пән ретінде қарастырып өңдеуді талап ететін немесе криминалистикалык сараптаманы криминалистикадан бөліп карастырғысы келетін авторлармен келісе алмаймыз.
Бірақта, бір жағынан тергеуші мен маманнын криминалис-тикалықтехниканы қолдану, екінші жағынан сарапшының кри-миналистикалыктехниканы колдану ерекшелігін ескерген жөн.
Сонымен, криминалистика ғылымывдағы криминалистика-лық техника бөлімі өте маңызды бөлім.
Криминалистикалык техника қылмысты тергеу мақсатында накты жаратылыс және техникалық ғылымдарды пайдалану негізінде қалыптасып пайда болған. Олар, қылмыстық сот өндірісі мәселелерін шешу мен заттай дәлелдемелерді зерттеу-ге бейімделген - физика, биология, химия, математика және басқа да ғылымдардың әдістерін қолданудан тұрады. Сонымен катар, криминалистиканың өзінін жеке колданылатын арнайы әдіс-тәсілдері мен техникалык кұраддары бар. Криминалистика ілімі шенберінде кылмыстың алдын алу мен тергеуге арнайы бейімделіп жасалған накты (жаратылыс) және техникалык, ғылым әдістерінің жиынтығы калыптаскдн.
Заттай дәлелдемелермен жұмыс жасау және оларды зерт-теудің жеке типтік мәселелерін шешуге бағытталған әдістемелік жүйенің күрделілік деңгейіне байланысты әр түрлі техникалык, әдістер қолданылады. Мысалы: құжатгарды карау кезінде жа-рыкты қиғашынан түсіру аркылы жарыктандыру әдісін колда-нуға болады.
Тергеу әрекетінің жүйесіндегі техникалық тәсілдер такти-калык әдістермен тығыз байланысты. Олар тергеу әрекеті кұра-мындағы қылмысты тергеу мен оны ашу максатында колданы-лады. Үрлык, болған жерден қолдың көрінбейтін іздерін табу мәселесін шешу үшін үрлық болған жердегі қылмыскердін әрекетінің мазмүны мен оны жасау кезектілігін алдын ала анык-тап, объектіні бүзу механизмін модельдеу қажет. Бүларды анык,-тамай із жеткізушілерді (тасымалдаушыларды) табу мүмкін емес. Тергеу және сараптама кызметіндегі колданылатын техникалык. тәсілдер сонымен бірге криминалистикалык әдістемеден де көрініс табады. Олар нақты сараптамалык немесе тергеу мәселелерін шешуге арналған.
Криминалистикалык техниканың ерекшелік сипаты - оның заңға сәйкес колдануы болып табылады.
Криминалистикалық техника занда керсетілген тергеу әре-кеттерінде қолданылады. Олар Кылмыстык іс жүргізу кодек-сінде қарастырылған - карау, тінту және басқа да тергеу әре-кеттерін жүргізу (фотосуретке түсіру, елшеу, үлгі алу, калып жасау және т.б.) кезінде колданылады.
Тергеу әрекеті барысында колданылған криминалистикалық техника ол міндетті түрде хаттамаларында бекітілуі кажет. Хаттамасында кандай объект фотосуретке түсірілгендігі, ол кан-дай нүктеден және кандай әдіспен түсірілгендігі накты көр-сетілуі тиіс.
Криминалистикалық техниканы тергеу әрекеттерін жүргізу барысында заңмен белгіленген тәртіп ережелерін сактамай кол-данылған жағдайларда, оның нәтижелері дәлелдемелік күшін жоғалтады.
Криминалистикалык. техниканын әдістері кылмыстық про-цесс шегінен тыс, баскд да, атап айтканда - аныктама органынын жедел-іздестіру кызметі кезінде, сондай-ак, қылмыстың алдын алу шараларын жүргізуде де колданылады.
Криминалистикада ғылым мен техниканың жетістіктері кеңінен колданылуы криминалистикалык техниканын дамуы-на әкеліп, қазіргі кезде келесідей негізгі салалары калыптаскан:
* криминалистикалыктехниканыңжалпы ережелері;
* криминалистикалык фотофафия, дыбыс- және бейнежазба;
* трасология (іздер жөніндегі ілім);
* криминалистикалыкбаллистика;
* криминалистикалык қолжазбатану және автортану;
* құжаттарды техника-криминалистикалык. зерттеу;
* суык қаруды криминалистикалық зертгеу;
* криминалистикалықжарылыстану;
* заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу;
* одорология;
* фоноскопия;
* адамдарды сыртқы бейне белгілері бойынша тендестіру (габитология);
:: криминалистикалык тіркеу және есепке алу. Криминалистикалықтехникаәдістерімен зертгелетін: іздер, атыс карулары, күжаттар және басқа да заттай дәлелдемелер -- жоғарьща аталған сала тізімдері криминалистикалык. Техниканың жүйесі негізіндегі кағидалардан түрады.
Криминалистикалықт ехниканы әдіс бойынша жүйелендіру мен мамандандыру оны кеңінен өндеп жетілдіруді қажет етеді.
Криминалистикалык техниканы тағайындау әдістерін келесі-дей топтарға бөліп көрсетуге болады:
1. Заттай дәлелдемелерді табу, бекіту және алудық әдістері мен тәсілдері. Бүл әдістемелердің тобы дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуде үлкен мағынаға ие болады, мысалы: қылмыс болған жерден колдың, аяқтың, көлік құралының, атыс қүралының іздерін, өзге де объектілер мен жерлерден микроіздер және бөлшектерді табу мен алу тәсілдері.
2. Заттай дәлелдемелерді зерттеу әдістерімен тәсілдері. Бұл әдістер тобын тергеуші мен маман тергеу әрекетін жүргізу барысында колданулары мүмкін, бірақбүл әдіс-тәсілдер негізінен криминалистикалық сараптама жүргізу кезінде заттай дәлелдемелерді лабораториялық зерттеу үшін арналған. Олардын катарына адамдарды, жануарларды, бүзу қүралдарын, ату қаруын, заттардын шығу тегін және т.б. идентификациялау әдісі жатады
Криминалистикалык, техниканын әдістері, олардың табиғи негізінде жатқан кұбылыстар мен кай ғылыми топка жататын-дығы бойынша жүйеленеді. Атап айтканда: а) физикалык; ә) химиялык; б) физика-химиялык; в) ботаникалык; г) физио-логиялык; д) математикалык; е) логикалык; ж) биологиялық.
Криминалистикалык техника жалпы ғылым, сондай-ак ар-найы әдіс ретінде кодданылады. Ғылым бөлімі ретінде крими-налистикалык техника жеке техникалык кұраддар мен крими-налистикалык техника әдісі мен тәсілдерін камтиды. Табиғи және техникалық ғылымның криминалистикалык жағдайдын интеграциясы, накты техникалык кұралдардың курделігі, сон-дай-ақ күрделі технологиялык операцияларды колдану әдіс-терінің өрлеуі мен дамуы тек қана криминалистикалык, техни-каны айтып кана коймайды, сонымен қатар технологияны да атап өтуін кажет етеді, әсіресе бұл әр түрлі кылмысты зерттеу кезіндегі әдіс тактикамен, техникамен байланысты сұрақтарды шешкенде байкалады.
Криминалистикалыктехниканын қүралы, әдісі мен тәсілінін қайнар көзі мен кылмыстык. сот өндірісіне кажеттілік кабілетінін дәрежесіне байланысты үш топка бөлінеді: бірінші топты басқа ғылым мен техникада қолданылатын кұралдар, әдіс пен тәсілдер кұрайды. Бүларға мысалы, фотоаппараттар, жалпы тұрғыдағы бейне- және дыбысжазба аппараттары, микроскоптар, спектро-метрлер, хроматографтар және баска да іздестіру және зерттеу күралдары.
Екінші топка -- баска ғылымда өндеп жетілдірілген кұрал-жабдыктар мен әдіс-тәсілдердің криминалистикаға бейімде-лінген тобы кір"еді. Олар кылмысты ашу және тексеру максаты-на арналған кұралдар. Оларға мысалы, суретке түсіру немесе фото қондырғыларының арнайы әдістері.
Ал үшінші топты қылмысты ашу және зерттеу максатында арнайы криминалистикамен өндеп жасалған күрал, әдіс пен тәсілдер құрайды. Оларға мысалы, салыстырмалы микроскоп-тар, дактилоскопиялық тіркеуді немесе суреттердің жинағын қүрайтын жүмыс орнын компьютерлендіру және т.б. жатады.
Қазіргі кезенде атыс қаруы, суық қару, сонымен бірге жарылғыш заттар сиякты қару-жарақтың көптеген түрлерін пайдалану арқылы жасалған кылмыстардың саны ұлғайып, күн сайын өсіп отыр. Осындай қылмыстарды ашу және тергеу барысында туындайтын сұрақтарға жауап беруге криминалистиканың тарауы баллистика көмектеседі. Баллистика -- бұл снарядтың козғалысы туралы әскери-техникалық ғылым. Ол ішкі және сыртқы баллистикаға бөлінеді. Ішкі баллистика -- ствол каналының ішіндегі снарядтың козғалысын зерттейді, ал сыртқы баллистика -- ствол каналынан ұшып шаққаннан кейінгі снарядтың козғалысын зерттейді. Сондықтан да криминалистік баллистика деген терминнің шартты - баяндалатын мәліметтердің бағытын анықтауға мүмкіндік береді.
Криминалистикалық баллистиканың теориясын құруға жалпы баллистиканын ережелері мен тағы басқа да әскери ғылымдардың мәліметтері негіз болып отыр.

1.2 Сот баллистикасы объектілерінің сипаттамасы

Криминалистикалықбаллистикамен зерттелетін объектілер:
1.Қолдан атылатын атыс қарулары және оның бөліктері.
2. Қолдан атылатын атыс қаруының оқ-жарақтары, әрі патронның компоненттері, оның ішінде атылып шыққан оқтар, атылған гильзалар, бытыра, картечь және т.б..
3. Басқа да оқ-жарактар -- жарылғыш заттар (мысалы, гранаталар, миналар, жарылғыш кондырғылар), олардың бөліктері және қолданғаннан қалған іздері.
4. Қолдан атылған атыс қаруын қолдану нәтижесінде калған (пайда болған) жарақат іздері.
Баллистикалық зерттеу кезінде идентификациялық және диагностикалық мәселелер шешіледі. Идентификациялықта: атылған оқтары, гильзалары бойынша кай қарудан атылғанын анықтау; қай топқа жататынын анықтау, оның ішінде оқ-дәрілердің, олардың компоненттерінің, бөліктерінің шыққан жері; беліктері бойынша бүтіндігін (тұтастығын) анықтау арқылы идентификациялау (окты және гильзаны, кағазды және т.с.с.) жатады.
Диагностикалыққа мыналар жатады:
1. Объектінің берілген сипаттамасына сай келетіндігін анықтауға байланысты сұрактар: осы объект атыс қаруы болып табылады ма; атыс қаруы түзік пе және атуға жарамды ма; осы қару шүріппесін баспаса да өздігінен атылуы мүмкін бе; осы объект жарылыс кондырғысы болып табыла ма және т.б..
Оқиғаның тетігін аныктау бойынша сұрақтар: ату бағыты мен қашықтығын анықтау; атқан адамнынтұрған орнын анықтау, жарылыс болған жерді анықтау және т.с.с. Қолдан атылатын атыс қаруының криминалистік тәжірибе үшін жеткілікті және тиімді жіктелуі бар. Осыған сәйкес атыс қаруларын былайша жіктеуге болады:
- әскери қарулар;
-аңшы мылтықтар;
-оқу-спорттық;
- криминалды.
Әскери қару -- заводтық, жалғыз ұңғы (стволды), көп зарядты, ойықты оқпанмен, әдетте жылжымалы затвормен (қақпақ) оқтарды атуға арналған қару. Ұңғылы ұзындығына байланысты әскери қаруларды кысқа окпанды, орташа оқпанды және ұзын ұңғылы деп бөлуге болады. Қысқа окпанды қарудың окпанының ұзындығы -- 20 сантиметрге дейін болады. Оларға жартылай автоматтандырылған тапаншалар мен револьверлер жатады.
Орташа оқпанды қаруларға окпан ұзындығы -- 20-дан -- 40 сантиметрге дейінгіні жатқызамыз, мысалы, пистолет -- пулеметтер, автоматтар және карабиндер.
Ұзын ұңғыларға - оқпан ұзындығы - 40 сантиметрден асатындар: винтовкалар, карабиннің кейбір түрлері және қолды пулеметтерді жатқызамыз.

Әскери қарулардың негізгі сипатына ұңғы арнасының (каналының) ішіндегі ойықтарының барын жатқызуға болады. Қарулардағы окпанның ішіндегі ойықтар баллистика үшін алдыңғы деңгейлі маңызы бар.
Әскери көп зарядты қару: автоматтандырылмаған, жартылай автоматтандырылған (өздігінен оқталатын) және автоматтандырылған (өздігінен оқталып ататындар) болып бөлінеді.
Автоматтандырылмаған қаруда оқты кайтадан оқтау үшін қақпалы атқышты колмен козғалтады. Автоматтық емес қаруларға, мысалы, револьверді жаткызуға болады. Жартылай автоматтандырылған және автоматтандырылған қаруларда қайта окталу жұмысы оқ-дәрі (порох) газдарының әсерінен жүзеге асырылады. Жартылай автоматтандырылғанда ату үшін тек қана шүріппеге жіберіп барып басу керек, ал автоматтандырылған қаруларда шүріппені бір рет кана басып тұрып, қарудағы барлық патрондарды атуға болады (пистолет-пулеметтер, автоматтар) Аңшы қаруларын -- заводтарда жасап шығарады және олар ұзын ұңғылы, бытыралы (картечті), оқты және комбинацияланған болады. Әдетте оқтың аңшы қаруларда жалғыз ғана ұңғылы каналының ішінде ойыктар болады.
Бытыралық аңшы қаруы жалғыз тегіс ұңғынын немесе көлденеңінен, не тігінен орналасқан екі немесе бірнеше ұңғылы болып жасалады (біратар, қосауыз мылтықтар). Бұлар бытыра немесе картечпен атуға икемделген.
Комбинацияланған аңшы қаруы әрі бытырамен, әрі оқтармен атуға арналған, сондықтан ол бір ұнғылы ойықталған болады.
Оқу-спорттық қаруларға: оқу қарулары, спорттық және пневматикалық қарулар жатады.
Криминалды қаруға: әдетте, кысқа үңғылы өзгертілген қарулар жатады. Оларды төмендегіше жіктеуге болады:
1) қолдан жасалғандар, яғни толыктай немесе заводтан дайындалған кейбір бөліктерді қолданып жасалғандар. Бұларға ұнғысынан оқталатын тапаншалар, колдан жасалған біратарлар кейде автоматтандырылған қаруларды жаткызамыз. Қолдан жасалған қарулардың ствол ұнғыларының іші, әдетте, тегіс ұңғылы болады. Кейде криминалды қарулар тұрмыстық заттар-а ұқсатылып автокалам зонт және баска заттар сиякты жасалады; 2) шолақ мылтыктар (обрездер) -- әскери, аңшы немесе оқу қарулардың үңғыларын кысқарту арқылы жасалады;
3) снарядтарды ату үшін кайта жасау арқылы дайындалған арнайы қондырғылар (дабыл беретін тапаншалар мен револьверлер, газдық, кұрылыс-монтаждық тапаншалар);
4) басқа патрондармен атуға қайта жасалған заводтық қарулар.
Зерттеу объектілері болып патрондардағы, гильзалардағы, оқтардағы және басқа да компоненттердегі бейнелеуші іздер, сонымен қатар оқ-дәрілердің кұрамына кіретін заттар табылады.
Атыс қарудың түріне қарай патрондарды әскери, спорт, аңшы патроны деп беледі. Әскери патрондарға винтовкалық тапаншалық, револьверлік және екі аралықтағылар жатады (тапаншалық пен винтовкалық араларында орташа орын алатындар
Қазіргі әскери қаруға арналған бірыңғай патрон: гильзадан, капсюльден, оқ-дәріден және снарядтан, яғни октан тұрады. Гильзалар металдан дайындалады және цилиндрлік, конустық және шөлмек тәріздес қалыпты болады. Кіші калибрлі оқтардың шөлмек гильзасына баскаларға қарағанда көп көлемді оқ-дәрімен октауға мүмкіншілігі бар. Гильза ұңғыдан, корпустанжәне қалпақшадан тұрады. Гильзаның ұңғысына оқ бекітіледі, сондықтан оның ішкі диаметрі оқтың сырткы диаметрімен және қару калибрімен шамалас сәйкес болады (оқтын диаметрі ствол калибрінен 0,02 мм. үлкен). Октың гильзаға бекітілуі әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: қысу аркылы немесе тығыздап тығындау арқылы т.с.с.
Гильзаның корпусына ок-дәрі ұстағыш орналастырылады. Казіргі әскери қаруда түтінсіз оқ-дәрі (әдетте пироксилиндік) колданылады.
Калпақшаның күрылымына сәйкес гильзалар жиекті және жиексіз гильзаларға бөлінеді. Жиекті гильзалардың қалпакшаларының диаметрі гильзаның корпусының диаметрінен үлкенірек (корпусынан шығыңқы) болады, ал жиексіздерде қалпақша тұсында сакиналық ойық болады. Жиек пен сақиналық ойық гильзаларды патронниктен шығару максатында соған ілініп ұстап қалу үшін кызмет атқарады.
Гильза калпакшасының үстінде калибр, завод не фирма, шығарылған жылы және шартты символдар (маркілік) белгілері басылады. Әскери қаруға арналған патрондардың оқтары қапталған және жартылай қапталғандарға бөлінеді. Тәжірибеде қапталмаған да оқтар кездеседі, олар ескі құрылымдағы винтовкалар мен револьверлерге арналған қорғасын оқтар. Әдеттегі оқ болат металды өзекшеден (сердцевина) оның айналасын коршап тұрған қорғасын жамылғыдан және оны жауып түрған болат металды бүркеніштен тұрады. Бүркеніш болаты ұңғы каналын құртпау үшін жұмсақ металдардан, әдетте томпақ немесе латуньмен бекітіледі. Жартылай капталған оқтарда оқтың бас жағы капталмайды.
Ату іздерінің сыртқы белгілері қолданылған қарудың және оқ-дәрінің түріне, атылған тосқауыл материалына және ату қашықтығына байланысты болады. Ату қашықтығын анықтай отырып, оны былайша бөледі:

1. Тақап ату (толықтай тақау, жартылай такау).
2. Жақын қашықтықтан ату.
3. Алыс қашықтықтан ату
Атудың негізгі іздері снарядтың тосқауылға тікелей әсерінен пайда болады. Нәтижесінде тесіктер (өтпелі тесік немесе бітеу тесіктер), жапырулар (катты, көбіне металдық заттарда) және рикошет ізі болып табылатын жаңқаланулар мен жарықшалар (ағашта, басқа да соған ұқсас тосқауылдарда) пайда болады. Қосымша іздер жақын атумен бірге жүретін факторлар әсерінен пайда болады. Олардың қатарына: ату кезінде ұңғы арнасында пайда болатын газдардың динамикалық және термикалык іздері; күйенің және жанып үлгермеген ұнтақтардың бөліндісі; ұңғы арнасын майлау заттарының бөлінділері. Атыс қаруы жарақаттары белгілерінің криминалистикалық зерттеуі негізінде атыс қаруын қолдану фактісі, қарудың және оқ-дәрінің түрі, кіру және шығу тесіктері, ату бағыты мен қашыктығы анықталады.
Снарядтың үшу бағыты мен кіру тесігін анықтау үшін келесі белгілер қолданылады. Тосқауылға тиген оқ заттың белгілі бір бөлігін шығарып оны оқтың ұшу бағытымен итереді. Сондықтан кіру тесігінің бірден-бір белгісі болып зат бетінің кішкене бөлігінің жоқ болуы табылады. Оқ жұмсақ пластикалық материалдарға тигенде келтірілген ақау нашар көрініп немесе мүлдем көрінбейді (резеңкеде, ағаштың жаңа жаңқасында, кейбір маталардың беттерінде).
Әйнектегі, пластмассадағы және соған ұқсас материалдардағы атыс қаруының жарақаты үңгір тәріздес (конус тәріздес) октың шыққан жағына карай кеңейеді.
Кіру тесігінің белгісінің бірі -- бұл тесік жандарының оқ бағытына карай шығып калуы. Текстилдік маталарда -- снарядтың қозғалу бағытына карай жіптердің шығуы, шыныларда -- үнгір тәріздес тесік, қаңылтырларда оқтың ұшу бағытына карай жиектерінің қайырылуы, ағаштарда -- снарядтың шыққан жағында жаңқаланудың болуы.
Егер тақап аткан болса, онда кіру тесігінің жандарында қарудың ұңғысынын ізі қалады, оны штанцмарка деп атайды.
Жалпы атыс іздеріне ок, гильза, және олардың үстінде қалған қару бөлшектерінің іздері (порох ұнтактары, тығын калдықтары, бытыра, окпанның ұңғысының ішіндегі атыстан кейін калған өнімдер, тосқауылдарға тиген октың, бытыраның, ок-дәрінін т.б.)
Жарылғыш заттарды криминалиапикалық зерттеу деп жарылыс және жарылу себебінен қалған іздердің пайда болу заңсиымдылықтарын, осы кылмыспен байланысты қолданатын криминалистік құралдар мен әдістерді айтамыз. Жарылғыш заттар дегеніміз -- арнайы оқ-дәрілер, яғни миналар, фугас, снарядтар, бомбалар және т.с.с. Жарылғыш заттар тірі күш пен техниканы зақымдауға арналған. Бұлардың құрамына:
- жарылатын заттар заряды;
- іске косатын құрал;
- жарғыш;
- қорап (корпус) кіреді.
Кейбір миналардың түрлері корапсыз да болуы мүмкін. Жарылғыш заттарды кейінгі кезде колдан да жасайды, олар арнайы жасалып, күнделікті колданылатын заттарға ұқсатылып жасалады, мысалы, портфель, әлемдеме, қол электрфонары, термос т.с.с.
Мұндай заттарды тасымалдауға ыңғайлы және ұмытылып кеткен зат сияқты тастап кетуге де болады.
Жарылғыш заттар құрылымы бойынша контактылы немесе контактысыз болуы мүмкін.
Жарғыштар -- соғылып жарылатын немесе басылып жарылатын және дистанциялық (механикалық немесе электр күш қуаты арқылы). Жарылғыштар: контактысыз (вибрациялық, акустикалық, радиолокациялық) немесе орындаушы (шартты дабылға әсер етіп жарылатын) болып бөлінеді.
Жарғыштың әсерінен негізгі (басты) жарылғыш зат жарылып жалпы жарылыс процесі өтеді, яғни үлкен көлемді күш куат энергияның қысқа мерзім уақыт ішінде босатылуы етеді. Мұндай жарылыстардың арқасында объектілерге механикалық әсер етіп, үлкен зақым келтіріледі.
Көрсетілген арнайы жарылғыш заттарда химиялық қосындылар қолданылады, яғни аз уақыт мерзімде химиялық реакцияның арқасында жарылып, үлкен келемді энергия күш қуатты туындап және сан түрлі газ бен жылу энергиясы белініп, оған қосыла детонацияның арқасында ұрғыш толқын күш қуаты да пайда болатын өте қауіпті қару болып табылады. Ондай жарылғыш заттарға мыналарды жаткызса болады:
- тринитротолуол; -тетрил;
- гексоген, оксоген;
-нитроглицерин.
Жарылғыш заттарды қолданудан кейін пайда болған іздерді зерттеудің үлкен мағынасы бар және оларды караудың, іздеудің, бекітудің арнайы әдістерін білген жөн.
Бұл мәселе кейінгі кездегі кылмыстарды жасауда жарылғыш заттар мен жарылғыш қондырғыларды жиі колдануына байланысты кайтадан туындады. Жарылғыш объектілер мен жарылыс іздерін зерттеудің әдістемелік негіздері құрылып, кажетті білім жүйесі калыптасуда. Бұл үшін азаматтық жарылғыш техниканың, әскери ғылымның, химияның, физиканың және баска ғылымдардын ілімдері қолданылып отыр.
Суық қару және оны пайдалану іздерінің криминалистикалық зерттеуі.
Суық қару деп тікелей механикалық дене жарақаттарын түсіру үшін арнайы жасалған, шабуылдау немесе белсенді корғану максатына арналған және тікелей өндірістік немесе тұрмыстық шаруашылық кажеттілігі жоқ заттарды атайды. Суық қару жасалынатын кұрылымы, өлшемдері және олар жасалған материалдары, шабуылдау немесе белсенді қорғанудың мақсатына жетуді қамтамасыз ету керек. Суық қару дәлелдемелік зат ретінде мынадай жағдайларда есептеледі, егер ол кісі өлтірудің немесе дене жаракаттарын түсірудің қаруы болса, сонымен катар қорқыту күралы болып табылса. Суық қаруды колдану фактісі болмағанда да суық қаруды жасауға, алып жүруге, сатуға байланысты ол (суық қару) -- криминалистикалық зерттеудің объектісі бола алады, өйткені осы әрекеттердің барлығы кылмыстық жазаланатын әрекет құрамын құрайды (Қазақстан Республикасынын ҚК-нің 251 және 252-баптарына сәйкес). Барлық айтылған және соған ұқсас жағдайлардың бәрінде суық, қару болып табылатындығын және қарудың қандай түріне жататындығын анықтау туралы сұрақтарды шешуге тура келеді. Суық қарудын жіктелуі өте күрделі бола тұра, олардың мақсаттарына байланысты іс-әрекеттерімен, кұрылыстарына байланысты, жасалу әдісіне байланысты және т.с.с. тұрады.

Іс-әрекеттеріне байланысты суық, қару:
- түйрейтін;
- кесетін;
- шабатын;
- кесіп-түйрейтін;
- шауып-түйрейтін;
- ұрып-жаратын;
- комбинациялық болып бөлінеді.
Бұлар өз алдына жүзді (клинковый) және жузсіз болып бөлінеді.
Арналуы бойынша суық, қарудың барлығы келесіше жіктеледі:
- әскери суық қару;
- аңшылық суық қару;
- азаматтық суық қару.
Әскери суық қару штатты бола тұра жакын ұрыстарда адамның денесіне жаракат салуға арналған оларға штыктар, қылыштар және т.с.с. жатады.
Аңшылық суық қаруларға ан аулау кезінде пайдаланатын аңдарды пышақтауға, союға, етін жіліктеуге, басқа да косымша шаруашылыктық тұрмыстық жұмыстарды орындауға арналған саймандар жатады.
Азаматтық суық қару -- азаматтық тұлғалармен бейбітшілік уақытында өздерін корғау максатында немесе тұрмыстық мақсаттарда қолдану үшін (ұлттық пышақтар, кинжалдар және т.с.с.) жасалған қару деп білуіміз керек.
Жасалу әдісі бойынша суық қарулар келесілерге бөлінеді:
1) заводтық (стандарттық, фабрикалық, фирмалық);
2) ұсталық, қару жасау шеберлерімен кәсіби дәстүрлерді ескеріп жасалатындар;
3) қолдан жасалғандар -- қару шеберлері болып табылмайтын жеке адамдармен жасалғандар.
Жүзі бар қарулар олардың кұрылыстық ерекшеліктері мен конфигурациясына, өлшемдеріне байланысты қолға ұстау ыңғайлары бойынша жіктеліп бөлінеді. Осыны ескере отырып, оны шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
- тұтқалы жүзді қару (кылыштар, шпагалар, ятагандар, кинжалдар, пышактар, кортиктер, жүзді штыктар және т.с.с);
- ұзын сапты жүзі бар қару (мысалы, найзалар, дротиктер, айбалталарт.с.с);
- сабы да, түтқасы да жоқ бірақ ұзын ұңғылы атыс қаруларға бекітілу үшін
Криминалистика тәжірибесінде ең кең тарағаны -- сапты жүзді қару болып отыр. Оған: кинжалдар (әскери, азаматтық, аңшылық) пышақтар (әскери, азаматтық, оның ішінде ұлттық, аңшылық) жатады.
Ұрып-жаратын қаруларға: шоқпарлар, шабуыл қамшылар, кастеттер, арнайы қол сақиналар және алақанға киіп ыңғайланған суық қарулар жатады.
Тұрмыстық заттар ретінде жасырын түрде жасалған қарулар, мысалы кол таяктың ішінде, қолшатыр ішінде, қамшы т.б. қарулар.
Қондырғылары бар жүзді суық қару (жүзді штыктар).
Қару жүзінің ұзындығы бойынша: қысқа жүзділерге және ұзын жузділерге бөлінеді. Қысқа жүзділерге - қанжарлар, аңшылық, ұлттық пышақтар және т.с.с. жатады. Ұзын жүзділерге -- қылыштар, рапиралар жөне т.с.с. жатады.
Жүзінің түрі бойынша: тік жүзді және қисық жүзді қаруға бөлінеді.
Түйрейтін жүзді қаруларға: кортиктер, қырланған штыктар, шпагалар, рапиралар жатады.
Шабатын жүзді қаруларға: кылыштар, балталар; ал түйреп-шабатындарға ятагандар жатады.

2. БАЛЛИСТИКАЛЫҚ ІЗДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕТІГІ
2.1 Сот баллистикасының объектілерін табу және қарау

Оқиға болған жерді қарау кезінде келесідей сұрақтарды шешу үшін: а) атыс қарулары шын мәнінде қолданылған ба? э) қандай қару және оқ -дәрілер қолданылған? б) қандай объектілерде ату іздері бар? в) атылған оқтың бағыты мен ара қашықтығы қандай? г) қаруды атқан тұлғаның ату үстінде ықтималды тұрған жері? д) өзін-өзі ату фактілеріне жата ма? е) қарудың атылу жағдайы қандай, ол қүлау, бір нэрсеге соғылу нәтижесінде атылып кеткен жоқ па және басқа да сұрақтарды анықтап алу қажет.
Қаруды қарау. бекіту және алу. Оқиға болған жерде табылған қару-жарақты қарау кезінде міндетті түрде төмендегідей тәртіп талаптары сақталуы тиіс:
:: қаруда қалған іздер: қол іздері, қан тамшылары мен басқа да дененің ұсақ бөлшектері (тері, мый және т.б.) өшіп қалмас үшін оқпанның ауызғы бөлігінен (оқ шығатын) ұстауға болмайды, сонымен қатар, өзінің қол іздерінің қару бетіне түсіп қалмауы үшін қаруды кедір-бүдір жерінен немесе шетінен,болмаса қолға қолғап киіп ұстау қажет;
:: қарудың оқпанын өзіне немесе қоршаған ортадағы адамдарға каратып устауға болмайды, оны жоғары қаратып үстау қажет;
:: қару оқпанына қандай да бір заттарды кіргізуге, тығуға, салуға болмайды, бірақ оқпанның ішіндегі күйе, порох және т.б. бөлшектерді жоғалтып алмас үшін оқпан ұңғысына абайлап қалпақ кигізу керек.
:: міндетгі түрде қарудан оқты алып тастау қажет;
:: қару оқпанын ешқандай затқа тақауға болмайды;
:: шаппалы күршекке, атқыш ілмекке тиісуге болмайды;
:: қаруды құлатуға болмайды.
Қару табылған жағдайда, ең алдымен туйінді және детальды фототүсірілім ережелері сақталына отырып масштабты сызғышты қолдану арқылы фотосуретке түсіріледі. Фотосуретке қарудың түрі мен оның табылған жері ғана емес, сонымен қатар оның жеке бөлшектерінің: оқпан, серіппе (курок), бекітпе (затвор) және т.б. жағдайлары көрсетіле отырып түсірілуі қажет. Қару соққысының немесе оның құлау іздерін табу мақсатында қоршаған ортадаги барлық объектілердің - еденнің, құмның беткі қабаттары қаралады. Содан кейін екі бағыттағы жьшжымайтын объектіге және мәйіттің қолына дейінгі арақашықтық анықталады.
Қаруды қарау үшін оны таза қағаздың үстіне қойып тексеру қажет. Хаттамада қандай да бір бөгде объектілердің (қол, шаш, мый, тері бөліктері және т.б. іздерінің) табылған жерлері туралы мәліметтер жазылады. Тергеуге қажетті объектілер арнайы пакеттерге салынып буылып-түйіледі. Қарудан магазин! ажыратылады, ал патрон салғыштан патрондар алынады. Хаттамада магазин ішіндегі қалған патрондардың саны мен олардың маркілік және т.б. белгілері бекітіледі. Аңшы мылтықтарынан оның оқпаны ажыратылады. Бұл тәртіп ережелері револьверді буып-түйю кезінде қолданылмайды. Өйткені олардық каморалары атылған гильзалардан да, патрондардан да ажыратылмайды. Себебі олардың каморалардан атылған гильзалар да, патрондар да шықпайды, Маркілік белгілері бойынша хаттамада қандай камора (немесе патрон) оқпанға қарсы орналасқандығы жөнінде белгіленеді және каморадағы гильзалар мен патрондардың орналасу жүйесі жазылып бекітіледі. Қарудың оғын алып тастағаннан кейін оның маркілік белгілері, жеке қү-рылымдық (конструкциялық) ерекшеліктері аныкталады.
Қылмыскерлер қарудың оқпанына, эсіресе аңшы мылтығьшьщ оқпаныш тазарту жасаған жағдайларда, тергеуші алғашқы кезде сарапшының алдына қандай сү.рақтар қою керек екендігін білмейді. Тазартудан кейін, мысалы, ен соңғы атылған оқтардың түрін анықтау мүмкіндіктері жойылады. Қарудьщ атылу мерізімі жөніндегі сұрақтарды анықтау қажет болған жағдайларда оны тазартуға, сүртуге болмайды. Аталған және басқа да сұрактарды шешу мақсатында қару оқпандары жабыстырғыш ленталар арқылы бекітілген қағаз қалпақшаларымен жабылуы қажет. Қарудың мерзімін анықтауға байланысты зерттеулер жүргізу үшін олар сараптамаға жедел түрде жеткізілуі тиіс. Себебі олар қару табылған алғашқы 5 тәулігі ғана - бұл сұрактарды дү^ыс әрі нәтижелі шешудің кепілі бола алады.
Сонымен, оқиға болған жерде табылган атыс кұралына қарау жүргізіп, оны сипаттау кезінде хаттамада келесідей мәліметтер міндетті түрде көрсетіліп жазылуы тиіс:қарудың табылған жері, оның жағдайы мен оқпан ұңғысы қай тұсқа қарай бағытталған;
:: зауыттық немесе қолдан жасалған ба;
:: моделі, калибрі мен немері;
:: металының және басқа да сыртқы қабатының түсі, жағдайы, тұгқасында және оқпанында зақымдану іздері бар ма, жоқ па;
:: механизм жағдайы (сақтандырудың, бекітпенің, серіппенің);
:: магазиндегі, патрон салғышта патронның бар-жоғы және саны;
:: оқпан ойығының бағыты мен саны;
:: оқпан ұңғысының күй-жайы (май жағылу, күйік, коррозия, металдың мүжілген жері,);
:: оқпан ұңғысынан күйік иісі сезіле ме және басқа да бөгде зат іздерінің болуы (қан, мый бөлшектері, құм және т.б.).
Оқиға болған жерді қарау кезінде атыс қаруының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот баллистикасы объектілерінің сипаттамасы
Сот баллистикасының түсінігі, маңызы мен объектілері
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Қылмыс. Криминалистика
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Криминалистикалық баллистика
Криминалистикалық баллистика жөнінде
Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Пәндер