Нейронның анатомиялық құрылысы және рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырудағы теориялық ұғымдар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І Жүйке жүйесінің дамуы және оның маңызы
1.1 Жүйке жүйесіне жалпы шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Нейронның анатомиялық құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Нейронның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.5 Нерв жүйесінің рефлекторлық әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.6 Рефлекстердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ Нейрон мен рефлекторлық доға туралы түсінік қалыптастырудағы теориялық ұғымдар
2.1 Нейронның анатомиялық құрылысын оқытудағы теориялық ұғымдар ... ...
2.3 Рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырудағы теориялық ұғымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Біз өз эмоцияларымызды жүрекпен емес, ми арқылы сеземіз. Сонымен қатар ми арқылы ойлау қабілетін, қимыл-әрекетімізді және оларды бақылауды жүзеге асырамыз. Миға үнемі жүйкелік импульстар түсіп, одан жұлын және адам денесінде электрлік сымдарға ұқсас таралған жүйкелер арқылы шығып тұрады. Осы импульстардың жұмысын бақылап, реттеп тұратын миды кейде компьютермен салыстырады, бірақ ондай салыстыру бұрыс.
Мидың миллиардтаған жүйкелік жасушаларының арасындағы байланыс химиялық және электрлік сигналдар арқылы жүзеге асады. Дәл осылай бізге алкоголь және дәрілік заттар заттар әсер етеді. Жүйкелік жасушалар арасындағы күрделі байланыстар жетіліп, дами алады, сондықтан біз сыртқы ортаның көптеген құбылмалы әсерлеріне бейімделіп, жауап қайтара аламыз. Мидың даму және жетілу қабілетімен ешқандай компьютерді салыстыруға келмейді. Бірақ ми өте нәзік құрылым – жарақат немесе ауру нәтижесінде зақымдалған жүйкелер өздігінен қалпына келе алмайды. Мидың қызметін түсіну әлі де болса зерттелу үстінде, бірақ қазіргі кездегі биохимиялық зерттеулер мен сканерлеу әдістері оның жұмысын түсінуге жол ашып, салдану. Альцгеймер ауруы және ісіктер сияқты аурулардың табиғатын анықтауға м.мкіндік берді.[10]
Адам анатомиясы мен физиологиясы медицина ілімінің негізі болып саналады. Анатомия гректің «anatemno» «кесу, бөлшектеу» деген мағынадағы сөзінен шыққан. Адам анатомиясы дененің пішінін, мүшелердің құрылысын, өсуін және оның сыртқы ортамен ара қатынасын зерттейді.[4]
Қазақстанда медицина ғылымының ішінде морфологияның өсу жолдары, республикадағы медициналық жоғары оқу орындарының ашылуына байланысты. Ең тұңғыш медицина институты 1931 жылы Алматыда ашылды.[2]
Жүйке жүйесі дененің сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін және дененің біртұтас қалпында оның әсерінің іске асуын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің қызметін реттейді. Сондай-ақ мүшелерді бүкіл өмір бойы олардың жұмысын өзгертіп отыратын сыртқы ортаға бейімдейді.
Жүйке жүйесінің құрылыс бірлігі нейрондар. Сыртқы немесе ішкі орта тітіркенулерін қабылдауға және пайда болған тітіркеністерді орталыққа немесе жұмысшы мүшелеріне өткізуге қабілетті жоғарғы дифференциалды жасушалар мен олардың өсінділерін «нейрондар» деп атайды.
Нейрондар – домалақ, сопақ, алмұрт, жұлдызша пішінде болады. Нейронның екі өсіндісі бар. Олардың бір ұзын өсіндісі – «аксон» деп, ал тармақталған қысқа өсінділері – «дендриттер» деп аталады. Нейронның өсінділерінен барлық мүшелеріне өткізеді. Нейронның тітіркеністері қабылдайтын ұшын «рецепторлар», ал екіншісін «эффекторлар» деп атайды.
Адам жүйке жүйесі еңбекпен айналысуына байланысты өте күрделі және жоғары дәрежеде дамыған. Ол ой ағзасына айналған.
1. Керімбеков Е. Адам анатомиясы: Тәнтану. ІІ-бөлім. – Алматы: Рауан, 1992.
2. Рақышев Алшынбай. Адам анатомиясының атласы = Атлас анатомии человека [Мәтін]/Рақышев, А. – Алматы: Кітап баспасы, 2006.
3. Мырзаханов Н.М. Лимфа айналымы: Оқу құралы/Н.М.Мырзаханов. – Алматы: Ғылым, 2001.
4. Бегімқұлов Б. Молекулалық генетика және биотехнология негіздер: Оқу құралы/Б.Бегімқұлов. – Алматы: Білім, 1996.
5. Қалиев Әбдіраман Рсаұлы. Жүректің оң бөлігінің пульмонэктомиядан кейінгі қызметі мен морфологиясы: автореферат/Әбдіраман Қалиев. – Алматы, 2005.
6. Жексенбаева Ү.Б. Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Әдістемелік нұсқау.
7. Дайырбекова М. Адам анатомиясы: Оқулық/М.Дайырбекова. – Алматы: Медицина, 2002.
8. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. Қазақстан мектебі. – 2001. №2.
9. Төленбек Исатай. Нерв жүйесінің физиологиясы: Оқу құралы. – Алматы: Ана тілі, 1992.
10. Адам денесі [Мәтін]: суретті анықтамалық, организмнің құрылысы, қызметтері және аурулары/Тони Смит. – Алматы, 2006.
11. Жаңа технология. Оқытудың интерактивті әдістер арқылы сабақтарды оқыту және басқару.
12. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы 2004.
13. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық педагогика принципі.
14. Өстеміров К., Айтбаев А. Қазіргі білім беру технологиялары. Алматы, 2006
15. Валиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу – тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. Әдістемелік нұсқау- Алматы, 2002

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Курстық жұмыстың тақырыбы: Нейронның анатомиялық құрылысы және
рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырудағы теориялық
ұғымдар. Курстық жұмыс 30 беттен құралған. Курстық жұмыста 5 кесте мен 7
сурет бар.
Кіріспе бөлімінде анатомия пәнінің тарихына қысқаша түсінік
берліген.
Жүйке жүйесінің дамуы және оның маңызы бөлімінде жүйке жүйесі,
нейрон және рефлекторлық доға туралы жалпы жазылған.
Нейрон мен рефлекторлық доға туралы түсінік қалыптастырудағы
теориялық ұғымдар бөлімінде нейронның анатомиялық құрылысы мен
рефлекторлық доға тақырыптарын сабақта өтуде көмектесетін тірек-сызбалар
келтірілген.
Курстық жұмыс қорытындыдан және 15 пайдаланылған әдебиеттерден
тұрады.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І Жүйке жүйесінің дамуы және оның маңызы

1.1 Жүйке жүйесіне жалпы
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Нейронның анатомиялық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Нейронның
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..
1.5 Нерв жүйесінің рефлекторлық
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.6 Рефлекстердің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..

ІІ Нейрон мен рефлекторлық доға туралы түсінік қалыптастырудағы теориялық
ұғымдар

2.1 Нейронның анатомиялық құрылысын оқытудағы теориялық ұғымдар ... ...
2.3 Рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырудағы
теориялық
ұғымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
2.4

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Біз өз эмоцияларымызды жүрекпен емес, ми арқылы сеземіз. Сонымен қатар
ми арқылы ойлау қабілетін, қимыл-әрекетімізді және оларды бақылауды жүзеге
асырамыз. Миға үнемі жүйкелік импульстар түсіп, одан жұлын және адам
денесінде электрлік сымдарға ұқсас таралған жүйкелер арқылы шығып тұрады.
Осы импульстардың жұмысын бақылап, реттеп тұратын миды кейде компьютермен
салыстырады, бірақ ондай салыстыру бұрыс.
Мидың миллиардтаған жүйкелік жасушаларының арасындағы байланыс химиялық
және электрлік сигналдар арқылы жүзеге асады. Дәл осылай бізге алкоголь
және дәрілік заттар заттар әсер етеді. Жүйкелік жасушалар арасындағы
күрделі байланыстар жетіліп, дами алады, сондықтан біз сыртқы ортаның
көптеген құбылмалы әсерлеріне бейімделіп, жауап қайтара аламыз. Мидың даму
және жетілу қабілетімен ешқандай компьютерді салыстыруға келмейді. Бірақ ми
өте нәзік құрылым – жарақат немесе ауру нәтижесінде зақымдалған жүйкелер
өздігінен қалпына келе алмайды. Мидың қызметін түсіну әлі де болса зерттелу
үстінде, бірақ қазіргі кездегі биохимиялық зерттеулер мен сканерлеу
әдістері оның жұмысын түсінуге жол ашып, салдану. Альцгеймер ауруы және
ісіктер сияқты аурулардың табиғатын анықтауға м.мкіндік берді.[10]
Адам анатомиясы мен физиологиясы медицина ілімінің негізі болып
саналады. Анатомия гректің anatemno кесу, бөлшектеу деген мағынадағы
сөзінен шыққан. Адам анатомиясы дененің пішінін, мүшелердің құрылысын,
өсуін және оның сыртқы ортамен ара қатынасын зерттейді.[4]
Қазақстанда медицина ғылымының ішінде морфологияның өсу жолдары,
республикадағы медициналық жоғары оқу орындарының ашылуына байланысты. Ең
тұңғыш медицина институты 1931 жылы Алматыда ашылды.[2]
Жүйке жүйесі дененің сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін және дененің
біртұтас қалпында оның әсерінің іске асуын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі
денедегі мүшелердің қызметін реттейді. Сондай-ақ мүшелерді бүкіл өмір бойы
олардың жұмысын өзгертіп отыратын сыртқы ортаға бейімдейді.
Жүйке жүйесінің құрылыс бірлігі нейрондар. Сыртқы немесе ішкі орта
тітіркенулерін қабылдауға және пайда болған тітіркеністерді орталыққа
немесе жұмысшы мүшелеріне өткізуге қабілетті жоғарғы дифференциалды
жасушалар мен олардың өсінділерін нейрондар деп атайды.
Нейрондар – домалақ, сопақ, алмұрт, жұлдызша пішінде болады. Нейронның
екі өсіндісі бар. Олардың бір ұзын өсіндісі – аксон деп, ал тармақталған
қысқа өсінділері – дендриттер деп аталады. Нейронның өсінділерінен барлық
мүшелеріне өткізеді. Нейронның тітіркеністері қабылдайтын ұшын
рецепторлар, ал екіншісін эффекторлар деп атайды.
Адам жүйке жүйесі еңбекпен айналысуына байланысты өте күрделі және
жоғары дәрежеде дамыған. Ол ой ағзасына айналған.
Анатомия ғылымы органимзді жан-жақты зерттеуіне байланысты бірнеше
салаға бөлінеді. Олар сипаттамалы, топографиялық, мүсіндік (пластикалық),
функционалды, дене қимылы, антропологиялық, салыстырмалы және
микроскопиялық анатомия деп аталады.
Психология мен педагогика ғылымдары да анатомияның жетістіктеріне
сүйенеді. Себебі әрбір педагог анатомиялық білім берумен бірге оқушылардың
дене дамуы мен гигиеналық қағидалардың сақталуын және дәрігерлік көмек бере
білуін де қажет етеді.[8]
Курстық жұмыстың мақсаты – сабақта нейронның анатомиялық құрылысы және
рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырып, толық
зерттеу, олардың құрылысымен, қызметімен, түрлерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеті: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру және ойлау қабілетін дамыту, білімдерін бір жүйеге түсіру.

І. Жүйке жүйесінің дамуы және оның маңызы

1.1 Анатомия – медицина ғылымдарының негізі

Адам денесінің пішінін, құрылысы мен атқаратын қызметін және оны
қоршаған ортаға байланысты дамуын зерттейтін ғылымды анатомия деп атайды.
Ескі сипаттамалық анатомия өзінің алдына адам денесі қалай құрылған
деген бір-ақ сұрақ қойды. Ол тек адам құрылымын сипаттаумен ғана, оларды
атқаратын қызметіне байланыссыз зерттеді де, организмнің даму заңдарын
ашуға ұмтылмады, яғни метафизикалық ғылым болды. Ескі сипаттамалық анатомия
үшін сипаттау тек мақсат болып табылады. Қазір де анатомия үшін сипаттау
құрылымды зерттеудегі әдістердің біріне айналып отыр.
Қазіргі анатомия фактілері сипаттап қана қоймай, оларды қорытындылауға,
организмнің қалай құрылғанын айтып қана қоймай, оның неліктен бұлай
құрылғанын белгілеп организмнің, оның мүшелері мен жүйелерінің құрылысы мен
даму заңдылықтары қандай екенін анықтауға тырысады. Онымен қатар ол
организмнің ішкі, сондай-ақ сыртқы байланыстарын зерттейді.
Диалектика метафизикадағыдай емес табиғаттағының барлығы өзара
байланысты деп үйретеді. Сондықтан анатомия организмді қоршаған ортаға
тәуелсіз, өзін құрайтын бөлшектердің тек жай механикалық қосындысы емес,
тіршілік ету жолындағы бірліктегі тұтас жүйе ретінде зерттейді.
Диалектика табиғаттағының барлығы өзгереді және дамиды деп үйретеді.
Адам организмі де әлдебір қатып қалған, аяқталған бір формаға құйылған
нәрсе емес, ол үнемі пайда болғаннан бастап өлгенге дейін өзгеріп отырады.
Сонымен қатар, адам түр ретінде жануар формаларымен туыстық белгілері
байқалатын ұзақ эволюцияның өнімі болып табылады. Сондықтан анатомия
қазіргі кездегі ересек адамның құрылысын зерттеп қана қоймайды, сонымен
бірге тарихи даму барысында адам оргнизмі қалай қалыптасқанын да зерттейді.
Демек, осы мақсатпен:
1. Жануарлар эволюциясының дамуына сәйкес адамзаттың өсіп жетілуі –
филогенез зерттеледі. Филогенезді зерттеу үшін түрлі жануарлар мен адамның
құрылыстарын салыстыратын салыстырмалы анатомия деректері пайдаланылады.
Бұл жағдайда эволюцияның қозғаушы күштерін және организмді қоршаған ортаның
нақты жағдайларына бейімделудегі құрылымдық өзгерістерді ашатын эволюциялық
морфология принциптері де ескеріледі.
2. Қоғамның дамуымен байланысты адамзаттың қалыптасуы және даму процесі
– антропогенез зерттеледі. Ол үшін салыстырмалы және эволюциялық
морфологиямен қатар, көбіне антропологияның – адамзат туралы ғылымының
деректері пайдаланылады.
3. Индивидтің жеке даму процесі – онтогенез оның бүкіл өмір бойы:
жатырдағы (эмбриогенез) және жатырдан тыс, постэмбриональдық, немесе
постнатальдық, яғни туғаннан өлгенге дейінгі кезеңдер қарастырылады. Осы
мақсатта эмбриологиялық дамудағы мағлұматтарды пайдаланады. Онтогенездің
соңғы кезеңі жас келіп қартаю геронтология ғылымының зерттеу объектісі
болып табылады.
Сондай-ақ дене мен оны құраушы мүшелердің формасы, құрылысы және
жыныстық айырмашылықтар, сол сияқты олардың топографиялық өзара қатынасы
ескеріледі. Анатомия адам денесін ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерімен
белгілі бір заңдылықтар негізінде эволюциялық тұтас тұлға ретінде
зерттейді. Адам организмі құрылысын бұлай зерттеу анатомияның эволюциялық
белгісі болып табылады.
Диалектикалық материализм форма мен функция бірлікте болады және
бірімен-бірі байланысты болады деп үйретеді. Органимзде қайсыбір функция
атқармайтын құрылым болмайды, сол сияқты қайсыбір құрылыммен байланыссыз
функция да болмайды. Әрбір мүше едәуір дәрежеде өзі атқаратын жұмыстың
өнімі болып табылады. Сондықтан анатомия организмді және оның жеке
бөілктерін, мүшелерді олардың функциясымен ажыраспас байланыста зерттейді,
ал бұл оның функционалдық белгісін құрайды.
Адам анатомиясын зерттеудің барлығы өзіндік жеке мақсат емес, олар
теория мен практиканың бірлігі принципіне негізделген медицина мен дене
тәрбие ғылымдарына қызмет етеді.
Сипаттамалық, эволюциялық және функционалдық белгілер бірегей
анатомияның әр түрлі жақтары болып табылады. Анатомияның ең басты белгісі
оның әрекеттілігі, яғни жайбарақат көріп-қарау және организм құрылысын
сипаттау емес, адамның қолайлы және үйлесімді дамуына қажетті бағытта әсер
ету жолында осы заңдылықтарды меңгеру болып табылады.
Адам денесін зерттеудің қиындығынан, оны алдымен жүйелерге бөліп
тексереді. Сондықтан жүйелік (систематикалық) анатомия деп аталады.
Организмді жүйелер бойынша қарастыра отырып, біз талдау әдісін пайдаланып,
оны жасанды түрде бөліктерге бөлшектейміз. Алайда тірі организмде денені
құрайтын жеке бөлшектер мен элементтер (жүйелер, мүшелер, тканьдер, т.б.)
оқшау тұрмайды, өздерінің пайда болуы, дамуы және тіршілік әрекетінде бір-
бірімен әрекеттесіп, бір-біріне форматүзушілік әсер етеді. Сондықтан
организмді тұтас күйінде түсіну үшін синтез әдісін де пайдалану керек.
Анатомиялық білімді синтездеу бүкіл анатомия курсын өту процесінде мүшенің
функциямен байланысын ашу және құрылымды оның сыртқы және ішкі факторлардың
әсерімен дамуы тұрғысынан зерттеу жолымен жүргізіледі. Бұл кезде олардың
өзара қатынасына және әсіресе организмді біртұтас етіп біріктіретін нерв
жүйесінің қатынасына назар аударылады.[2]
Жүйелік анатомиядан басқа дененің түрлі жерлеріндегі мүшелердің
кеңістіктік ара қатынасын қарастыратын және клиника, әсіресе практикалық
хирургия үшін тікелей қолданбалы маңызы бар (сондықтан оны хирургиялық
анатомия деп те атайды) топографиялық анатомия да бар.
Дене тәрбиесі институттарында қозғалыстың құрылысын ғана емес, оның
динамикасын да зерттейтін тірек-қимыл аппаратыныңғ функциональдық
анатомиясына ерекше назар аударылады және сондықтан оны динамикалық
анатомия деп атайды. Суретшілер мен мүсіншілер анатомиядан дененің сыртқы
формалары мен пропорцияларын ғана зерттейді. Анатомияның аталған түрлері
адам денесін әр тұрғыдан зерттейді, оны өлі және тірі организмде (тірі адам
анатомиясы) зерттеуге болады. Тірі адам анатомиясы әсіресе адамды емдеумен
айналысатын дәрігерге өте-мөте қажет. Оның жетістіктері тірі адам
организмінің барлық мүшелері мен жүйелерін түгел дерлік көруге мүмкіндік
беретін рентгенологиялық зерттеу әдістерінің жедел дамуына байланысты, ол
қазіргі кездегі анатомияның рентгендік анатомия деп аталатын ажырамас
бөлігі болып табылады. Анатомия ғылымының бұл түрлері адам анатомиясының
түрлі аспектілері болып табылады.
Адам тірі материя дамуының ең жоғары өнімі болып табылады. Сондықтан
оның құрылысын түсіну үшін тірі табиғаттың пайда болуы және дамуы
заңдылықтары туралы ғылым ретіндегі биологияның деректерін пайдалану қажет.
Адам тірі табиғаттың бөлігі сияқты, оның құрылысын зерттейтін ғылым, яғни
анатомия да биологияның бөлігі болып табылады.
Организмнің құрылысын форма мен функцияның байланысы тұрғысынан түсіну
үшін анатомия организмнің тіршілік әрекеті туралы ғылым – физиологияның
деректерін пайдаланады.
Анатомия мен физиология сол бір ғана объектіні – тірі жанның құрылымын
қарастырады, бірақ әр тұрғыдан: анатомия – тірінің құрылысын, ал физиология
– оның атқаратын қызметін тексереді.
Медициналық білімнің әліппесі болып табылатын бұл туыстас екі пәннің
өзара қатынасы осындай.
Анатомияның өзі мүшелердің сыртқы ғана емес, ішкі формасын да,
құрылымын микроскоптың көмегімен зерттейді (микроскопиялық анатомия).
Анатомия тканьдердің құрылысы мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін ғылым –
гистология , сондай – ақ тканьдер мен мүшелерді құрайтын әр түрлі
клеткалардың құрылысы, дамуы мен қызметі заңдылықтарын зерттейтін клетка
туралы ғылым – цитологиямен тығыз байланысты.
Электрондық микроскоптың ойлап табылуымен байланысты тірі материяның
субмикроскопиялық құрылымдарын және тіпті молекулаларын зерттеуге мүмкіндік
туады. Цитология мен химияның түйіскен жерінде жаңа ғылым – цитохимия дами
бастады. Соның нәтижесінде қазіргі адам организмінің құрылысы түрлі
деңгейде зерттеледі: 1) мүшелер жүйелері мен мүшелер деңгейінде: а) жай
көзбен; б) үлкейіткіш шыны көмегімен; 2) тканьдер деңгейінде: а)
стереоскопиялық микроскоптың көмегімен (гистотопография); б) микроскоптың
көмегімен (гистология); 3) клеткалар деңгейінде (цитология): а) жарық
микроскопының көмегімен: б) электрондық микроскоптың көмегімен; 4) тірі
материяның молекулалары деңгейінде: а) электрондық микроскоптың көмегімен;
б) биохимиялық әдістермен.
Анатомия, гистология және цитология зерттелу деңгейі мен техникасы
жағынан қазіргі кезде осылай бөлінеді.
Анатомия, гистология және цитология және эмбриология барлығы қосылып,
организмнің формасы, құрылысы мен дамуы туралы морфология (moprhe - форма)
деп аталатын жалпы ғылымды құрайды.

1.2 Жүйке жүйесіне жалпы шолу

Жүйке жүйесі (systema nervosum) ағзада тарихи ұзақ даму нәтижесінде
қалыптасқан. Эволюциялық даму кезеңінде де жануарлар сияқты адамдар
ағзасындағы жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі сыртқы ортаның түрлі
құбылыстарына байланысты өзгеріп, күрделеніп отырған. Өйткені ағзаның
сыртқы ортаға үнемі бейімделуі қажет болды. Осыған байланысты кез келген
тірі мақұлықтың тіршілік етуі үшін өзінің айналасындағы сыртқы және ішкі
ортамен, яғни, денедегі мүшелердің қызметтерімен тығыз байланыста болуы
керек. Сонымен бірге олардың мүшелері мен ұлпалары өзара тұрақты байланыста
болып, күрделі физиологиялық жұмыс атқаруына тура келеді. Бұл жағдайлар
сөздің пайда болуына байланысты адам баласы да өте жоғары дәрежеге
көтерілген, Адамдар көрмесе де сөз арқылы сол нәрсенің бейнесін, мазмұнын
түсіне білді. Олар естігенін есте сақтауға бейім болады.
5-сурет

Әрбір мүше, әрбір мүше жүйелері өз алдына бет-бетімен, тәртіпсіз қызмет
етпеуі үшін адам денесінде оларды бір мақсатта ретке келтіріп, басқарып
тұратын арнаулы жүйе қалыптасқан. Бұл – жүйке жүйесі.
Жүйке жүйесінің маңызы мұнымен бітпейді, ол адамның қимылын реттеп,
адамның психологиялық құбылысын да басқарады. Ес, ақыл, ой, қалау, ынта,
талап, құмарлық, күйіну, сүйіну, қайрат, көңіл және сана, ерік, көргенді
білу, сөзге түсіну, әр түрлі әдеттердің қалыптасуы, өмір-тұрмыс өзгерісіне
бейімделу деген секілді жағдайлардың барлығы да жүйке жүйесінің үлесіне
тиестін іс-әрекет.
Денедегі көптеген мүшелердің бағзы біреуінің жұмысы жүйке жүйесімен
басқарылмай қалса, сол үлескіде ауру пайда болады. Мысалы, бауырдың
қызметін алайық. Бауыр – негізінде өт бөледі. Өт ұлтабарға құйылып, астағы
майды ыдыратып, оның уытталуына жәрдем ететінін жоғарыда баяндадық.
Адам өте майлы ас жегенде жүйке жүйесінде қандай құбылыс болатынын
қарастырып көрейік. Әр түрлі рецепторлардың жәрдемімен мидағы асқорыту
орталығына бауырдың өтті мол бөлуі хабарланады. Ал бауырдың кенеттен мол өт
бөлуге мүмкіндігі болмай қалады, сондықтан қарындағы майлы ас (мысалы
қуырдақ) қорытылмағандықтан денеге сіңбейді. Бауырдың іс-әрекеті бұзылып,
ауруға шалдығады. Жүйке жүйесінің мүлтіксіз қызмет атқара алмауынан денеде
басқа да аурулар, міне осылай дами береді.
Адам айналасындағы табиғатпен де жүйке жүйесі арқылы байланыс жасайды.
Жүйке жүйесі сыртқы табиғи әсер мен ағзада болып жататын әр түрлі
өзгерістерді сезім мүшелері арқылы адамның талдап түсінуіне мүмкіндік
туғызады.

6-сурет

Жүйке жүйесінің қызметтері бұзылса, адам айналасындағы жүниені түсіне
алмайды. Ондай адамдар кейде сал ауруларына ұшырап, қимылсыз қалады.
Адамдардың кейде жақсы мен жаманды, алыс пен жақынды ажырата алмауы,
ұятсыздыққа баруы, кейде тамақ ішудің қажеттігін түсінбей қалуы – ми
қызметінің бұзылуы нәтижесі. Бұл – қауіпті жүйке ауруы. Халық ондай адамды
ақылынан азған, есалаң немесе жынды дейді.
Жоғарыдағы қысқаша шолудан-ақ жүйке жүйесінің адамның барлық тіршілігін
ішкі және сыртқы ортаның өзгерулеріне лайықты бейімдеп, ретке келтіретінін
білдік. Ағзаны сыртқы ортамен байланыстырып, оған бейімдеп отыратын жүйке
жүйесінің әрекеті жүйке жүйесінің жоғарғы дәрежелі қызметі болып табылады.
Ал тек қана денедегі мүшелердің қызметін ғана реттеп, келістіретін және
басқаратын жүйке жүйесінің әрекеті жүйке жүйесінің төменгі дәрежелі қызметі
деп аталады. Жүйке жүйесінің мұндай қызметтері физиология пәнінде толық
өтіледі.
Жұлын, ми және жүйке талшықтары аса күрделі жұмыстарды басқарып,
реттейтін жалпы жүйке жүйесі болып табылады. Жүйке жүйесі морфологиялық
құрылысы мен қызметтеріне қарай, сондай-ақ дененің қай мүшелерін
жүйкелендіруіне байланысты үш бөлімге бөлінеді.[1]

1.3 Нейронның анатомиялық құрылысы

Жүйке жүйесі барлық ағзалардың тұтас организмнің жұмыс әрекетін
басқарып, күрделі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз
етеді. Мәселен, бұлшық еттердің жиырылуы, жүректің соғуы, бездердің сөл
бөлуі, зат алмасу процестерінің дұрыс жүріп отыруы. Сонымен қатар әртүрлі
ағзалардың атқаратын қызметы бір-бірімен тығыз байланысты болады. Ішкі,
сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты не күшейеді, не нашарлайды. Бір ағзаның
өзгеруіне байланысты басқа ағзалар қызметі де өзгереді. Мәселен, бұлшық
еттердің жиырылуына байланысты қоректік заттар мен оттегіне мұқтаждығы
артады. Осыған байланысты жүрек пен өкпе жұмысын күшейтіп, бұлшық еттерді
қанмен қамтамасыз етеді. Зат алмасу процесін арттырып, организмде жылу
пайда болады. Оның сыртқа бөлінуінен тері бездері мен несеп шығару
ағзаларының жұмысы да күшейеді. Осы сияқты организмнің сыртқы және ішкі
орталықтары тұрған әсерлері мен өзгерістеріне бейімделуі оның тіршілік
етуінің негізі болып саналады. Осы жағдайдың бәрі – жүйкенің реттелуімен
іске асады (4-сурет).

Жүйке жүйесі ми мен жұлыннан және олардан тарайтын жүйкелерден тұрады.
Ми мен жұлынның орталық жүйке жүйесі, олардан тарамдалған жүйкелерді шеткі
жүйке жүйесі деп атайды. Жалпы жүйке жүйесі мен жүйке тінінен нейрондар мен
нейроглиядан т.б. тіндерден түзілген. Нейроглия жүйке жасушасының тірегі
болумен бірге оған белгілі бір пішін беріп, оларды қоректендіру
(трофикалық) жұмысына қатынасады.
Нейрон – толық келген негізгі бөлімінен, денесінен және одан
тарамдалған ұзынды-қысқалы өсінділерден түзілген. Денесі сұр түсті
протоплазма мен ядродан тұрады. Қысқа тарамдалған өсінділерін дендриттер,
ал ұзын өсіндісін аксон (нейрит) деп атайды (1-сурет).

Аксон өсінділері жүйке серпінін жасуша денесінен шығарып отырса,
дендриттер керісінше, жасуша денесіне жеткізіп отырады. Осы жүйке
жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды.
Нейрон жүйке жүйесінің құрылыстық-іс-әрекеттік бірлігі болып саналады.
Жүйке жасушалары бір-бірімен жалғасып, нейрондар тізбегін құрады. Мұндай
жағдайда бір жасушаның екінші жасушамен байланысқан жерін түйіспе деп
атайды. Нейрон бойындағы жүйке қозуы жасушаның дендрит-дене-аксон бағыты
бойынша өтеді. Жалпы қозу (жүйке серпіні) сезімтал жүйке арқылы шеттен
(рецепторладан) жүйке жүйесінің орталығына, ал одан қозғалтқыш жүйке арқылы
шеткі (бұлшық еттерге, бездерге т.б.) ағзаларға өткізіледі.[7]

1.4 Нейронның жіктелуі

Әр түрлі нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны бірдей
болмайды. Осыған орай оларды униполярлы, псевдоуниполярлы, биополярлы және
мультиполярлы деп бөледі. Униполярлы нейрондарда бір ғана өсінді болады.
Мұндай нейрондар омыртқасыз жануарларда және омыртқалы жануарларда
эмбриональдық даму кезеңінде кездеседі. Псевдоуниполярлық нейрондарда да
бір өсінді болады, бірақ ол одан әрі екіге тармақталып кетеді. Биополярлық
нейрондарда екі өсінді бар. Мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан,
ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады. Бұлардың үлкендігі, пішіні,
атқаратын қызметтері, орналасқан жерлері алуан түрлі болады.
Нейрондардың ең басты үш типін айырады: афференттік, қондырма (аралық,
контактылық) және эфференттік. Алғашқы афференттік (рецепторлық) нейрондар
биополярлы болады. Олардың ұзын тармығының ұшы тиісті шекті органдарда
қабылдаушы (рецепторлық) аппарат ролін атқарады. Мұнда туған қозуды клетка
денесіне жеткізеді. Ал одан әрі екінші өсінді ол қозуды жұлынға немесе
сопақша миға жеткізіп, ол жерде қондырма нейрондармен немесе эфференттік
нейрондармен байланысқа түседі. Афференттік нейрондар орталық нерв
жүйесінен тыс (жұлын ганглийлерінде, ми нервтері, түйіндерінде, т.б.) және
орталық нерв жүйесінің шеңберінде де (мыс, көру төмпешіктерінде) орналаса
береді. Эфференттік нейрондар аксондары әдетте импульстерді орталық нерв
жүйесінен түрлі шеткі органдарға, тканьдерге жеткізеді (мысалы қаңқа
еттерін жабдықтайтын мотонейрондар). Бірақ, көптеген эфференттік нейрондар
сигналдарды шетке бірден өздері емес, басқа, келесі нерв клеткалары арқылы
жеткізеді. Мәселен, ми қыртысының моторлық зонасының моторлық, руброжұлын,
ретикуложұлын және вестибуложұлын нейрондары импульстерді жұлындағы тиісті
мотонейрондарға жеткізеді. Ал соңғылар оларды одан әрі органдарға қарай
бағыттайды. Вегетативтік нерв жүйесінің эфференттік нейрондары орталық нерв
жүйесінен тыс, вегетативтік ганглийлерде орналасады. Аралық (қондырғы)
нейрондар афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады.
Саны жағынан орталық нерв жүйесіндегі клеткалардың ең көбі деп есептеледі
(3-сурет).

Нейрондарды тудыратын эффектілері бойынша да жіктеуге болады. Мысалы,
қозғағыш (моторлық), секреторлық, трофикалық, тежеуші, қоздырушы т.б. Кейде
аксонның ұзындығына қарай қысқа, ұзын аксонды нейрондар деп те айырады.
Пішіндеріне қарай нейрондарды- пирамида тәрізді, жіп тәрізді, жұлдыз
тәрізді, корзинка тәрізді, триангулярлық, бұта тәрізді т.б. деп те атайды.
Нерв клеткаларының қалыпты қызметтерінің іске асуында маңызды рольді
нейроглия атқарады. Нейрондарды барлық жағынан қоршай орналасқан нейроглия
клеткалары (астроциттер, олигодендроциттер т.б.) және оның өсінділері –
олар үшін бір жағынан механикалық функция – тірек қызметін атқарады; екінші
жағынан, нерв клеткаларында электрлік изоляцияны қамтамасыз етеді. Сондай-
ақ нерв клеткаларындағы зат алмасу процесін реттеуге қатысады деп те
есептеледі.

1.5 Нерв жүйесінің рефлекторлық әрекеті

Организмнің орталық жүйке жүйесінің қатысуымен өтетін және ішкі-сыртқы
тітіркендіргіштерге қайтаратын жауабын рефлекс деп атайды. Мәселен, төрт
басты еттің сіңірін, тізеден төмедеу жерден балғамен жайлап ұрсақ, еттің
жиырылуы нәтижесінен аяқ тізе буынынан дереу жазылады. Жарық көзге түссе,
көздің қарашығы дереу кішірейеді, ауызға бір нәрсе түссе, сілекей бөлінеді.
Рефлекстің (жүйке серпінің) жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды (2-
сурет).

Рефлекторлық доға бес бөлімнен түзілген: бірінші – ағзалардан сезім
мүшелерінен басталатын рефепторлар (сезімтал нейрондар ұштары), екінші –
сезімтал жүйке нейрондарының афференттік жүйке талшықтары, үшінші –
рефлекстің орталығы болып саналатын жұлын мен мидағы жүйке жасушаларының
шоғыры, төртінші – қозғалтқыш нейрондардың жүйке талшықтары, бесінші –
қызметке енетін ағзаларда аяқталатын эффекторлы жүйке ұштары.
Рефлекторлық доғаны жай және күрделі деп екіге бөлеміз. Жай доға
құрамында (көп жағдайда) үшінші қосымша нейро қатысады. Ол жүйке серпінін
сезімтал нейроннан қозғалтқыш нейронға беріп отырады. Осы жай доғадан да
басқа ми бөлімдерінен өтетін, кейде ми қыртысына дейін баратын, көп
нейронды рефлекторлық доғалар да болады.[7]
Сонымен, қорыта айтқанда, бүкіл жүйке жүйесін (функциональды жағдаймен
қарағанда) үш туынды элементтермен қарастырамыз.
1. Рецепторлар (қабылдағыштар) афференттік (орталыққа тепкіш) сезімтал
нейрондармен байланысты, олар пайда болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы
Жүйке жүйесінің гистологиясы - оқу құралы
Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен дәрістер
Нерв системасының физиодогиясы
Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы
Орталық жүйке жүйесін әлсірететін заттар
Жүйке жүйесінің маңызы
«Психофизиология» пәннің оқу әдістемелік кешені
Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
Пәндер