Қазіргі кезеңдегі білім кеңістігінде этнопедагогиканың рөлі



Жоспар.

I. Кіріспе.

II. Қазіргі кезеңдегі білім кеңістігінде этнопедагогиканың рөлі.
1. Білім мазмұңы арқылы жас жеткіншектерді ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
2. Мектептерде халқымыздың салт.дәстүрі мен әдет.ғұрыптарын, тарихи ескерткіштерін терең насихаттау арқылы тәрбиелеу.
3. Білім мен тәрбие мазмұнын орта мектебі жағдайында жүйелеп құру.
4. Этнопедагогикаға негізделген іс.шаралардың тұлғаны дамытуға әсері.

III. Қорытынды.

1. Этнопедагогиканы ескере отырып қол жеткізген табыстарымыз.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың жері, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».
ӘЛ-Фараби
Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжрибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс тәсілдердің негізгі-адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.
Тәрбиенің негізі-ұлттық тәлім-тәрбие.
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы-мәдениеттің құнды бөлігі. Қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерін бүкіл оқу-тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыру. Өнегелі, тәрбие ісін дүниежүзілік ғылыми және рухани қазынаны ұлттық мұрамен ұщтастыру арқылы жүзеге асыру.
Дас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу. Балалар мен жастарды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімдіеңбек етуге бейімдеу.
Ата-ана мен бала, тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынастың өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу.
Тәрбие барысында психологиялық жағынан жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне деген сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту. Тәрбие жүйесінің барлық буынында ана тілін пайдалану. Ұлттық мектептің тәрбиесіне қойылатын өте маңызды және күрделі талаптардың бірі-Егеменді Елдің Азаматын тәрбиелеу. Егеменді Ел болғандықтан оның төл Елтаңбасы, Әнұраны, Туы бар. Егеменді Елдің Азаматы болғандықтан, өз Елінің Байрағына, Әнұранына, Елтаңбасына да ерекше сүйіспеншілігі, мақтаныш сезімі қалыптасуы керек. Бұл тұрғыда біз әлі де болса баяу жұмыс істеп келеміз. Қазақ елінің Азаматы, Қазақстан Азаматы деген атаққа лайық болатын Адам тәрбиелеу-біздің басты міндетіміз. Бұл бағытта атқаратын жұмыс өте көп. Ерекше атап кететін мәселелер оқушылардың:
-тарихи сананың негізінде ұлттық сана-сезімін ояту, қалыптастыру;
-ұлттық мәдениетке көзқарасын қалыптастыру. Қазіргі тұрған қалада, отырған үйде оның ішіндегі дүние-мүліктер, ыдыс-аяқтар мен тұтынатын заттарда, киген киімдерде, тіпті ішетін тамақтар да ұлттық белгі жоқтың қасы. Осы бағытта ұлттық мектептің берері мол.
- Дінге дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Бұл жерде дінмен мектептің арақатынасын дұрыс бағытқа қою қажет. Дінді бір жақты тек дінді уағыздау мүлдем жарамайтын жағдай. Есте сақтайтын жайт: негізгі заңның 58 бабында былай делінген: «Діне бірлестіктер мемлекеттен бөлінген мемлекет қандай да болсын дінге немесе атенизмге артықшылық бере алмайды». Дегенмен де оқушыларды «Дін тарихымен» таныстыру, сол арқылы диалектикалық көзқарасын қалыптастыру бүгінгі күннің талабы. Ең бастысы, оқушылар басқа дінді уағыздаушы-миссионерлердің «жетігіне» ілесіп кетпеуі, өзіндік берік, шынайы көзқарасының қалыптасуына ықпал жасау басты міндет. Оқушыларды ислам дінінің негіздерімен таныстыруда ата-аналардың рөлі ерекше зор, шын мәнінде бұл жұмыс ата-аналардың негізгі міндеті.
Мектептегі тәрбие арнайы пәндер және баланың жеке шығармашылық қабілетін, жалпы адамзаттық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл мазмұнын сабақтастыра отырып, бірін-бірі толықтыратын күрделі де үздіксіз процесс бір тұтас жүйе кез-келген мектептің тәрбие жүйесі мақсаттар тізбегін іске асырады. Барлық тәрбие жүйелеріне артық нәрсе: тәрбие ісіндегі мақсаттар жиынтығы, негізгі жетекші іс-әрекет түрі, әр түрлі жастағы балалардың ынтымақтастығы, қоршаған ортамен әрекеттесуі, тәрбиелік орталықтың болуы, оқыту мен тәрбие процесі бір-бірімен ұштасып, бірін-бірі үнемі толықтырып отыруы.
Тәрбие жүйесін құруда ең алдымен мақсатты белгілеу ісінің маңызы зор.
Қазіргі мектептің ұлттық тәрбие жүйелерінің мақсаттары:
- бір тұтас әлем туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру;
- оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарға тарту, сол құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;
Мектептің ұлттық тәрбие жүйесінің негізі, оның мазмұнының өзегі, түп қызығы ретінде мына құндылықтарды аламыз;
Туған жер, Отан, Отбасы, Еңбек, Ұлттық мәдениет, Ана тілі, Ұлттық өнер, Ғылым, Ұлт тарихы, Дін, Білім, Бейбітшілік, Біртұтас әлем, Адам, Азамат, Ұлттық салт дәстүр.
Мектептін қабырғасынан бастап, оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиені ұлттық салт пен дәстүрге негіздеп, ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру. Туысқандық қарым-қатынастардың әлеуметтік рөлдерімен тығыз байланысты екендігін түсіндіру барысында қазақтың «Үш жұрты» туралы ұғымға баса назар аудару қажет. Аталған талапты жүзеге асыруда мектептің тәрбие жүйесіндегі отбасының алатын орны ерекше. Халықтық тәрбие дәуірдін кейбір қатал сынынан өтіп, жаңарып, болаттай ширығып бізге толыққанды болып жеткен баға жетпес бай мұра. Ұлттық тамырлары тарихтың терең қойнауларында жатқан, ал қазір жан-жақты көп ұлттық тамырларымен ұласқан бүгінгі отаншылдығымыз, еліміздегі оқу-тәрбие процесін заман талабына сай икемдеп, ескі біржақты сарыннан алып шығу бағытына түстік. Этнопедагогикалық ғылымы-білімнің байырғы саласы десек, оны сонымен қатар жаңа сала деуге болады. Байырғы болатыны адам қоғамы пайда болған кезден бастап, тәртіп, талғам, салт-дәстүр қалыптасып әр тайпаның, рудың, келе-келе халықтың ұлттық болмысының шарықтау көзіне айналған. Ал жаңа сала дейтініміз күні кешеге дейін дәстүрлі тәлім-тәрбие, білім беру саласында тежеліп келгені. Яғни халқымыздың сан ғасырлар бойы тірпектен жинаған осынау бай мұрасымен мектептеріміз мол сусындай алмады.
Бала тәрбиесіне орай әр халықтың өзіне ғана тән ұлттық ерекшеліктері бар екені ақиқат.
Соңғы кезде республика мектептерінде бұл салада біраз игі істер атқарылып келеді. Бұл орайда «Білім туралы заң» мен Қазақстан Республикасының этникалық мәдени білімнің тұжырымдамасы халқымыздың білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі мақсаты халқымыздың ұлттық тарихи болмысын толығырақ көрсетіп қоймай, халықтың рухани өрлеуін жалпы адамзаттық, өркениеттік кеңістікке шығару болып табылады.
Ұлттық педагогикамыздың асыл мұралары шешендік сөздер мен ақыл, өнеге жеткіншектерімізді тәрбиелеуде таптырмас құнды қазына болып отыр. Ұлттық игілік пен көне мұра сабақтастығын сақтай отырып, әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына жағдай жасау ұлт педагогикасының даналық мектебінен өткен, жан дүниесі рухани бай ұстаздардың еншісінде десек, бұдан отбасын бөліп қарауға болмайтыны анық. Халықтың тарихи мінез-құлқының рухани жинақтаушысы, осы қалыптасқан мінез-құлықтың игі дәстүрлерін сақтаушы және дамытушы жас ұрпақ екені даусыз. Бірақ та, халық педагогикасының атқарар рөлі «ата-бабаларымыздың тәлімдік дәстүрлерімен таныссақ, осы жетіп жатыр» деп тақмейілсісек жансақтық болар еді.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. (17 маусым 1999 ж).
2. Қазақстан Республикасының «Этникалық мәдени білім тұжырымдамасы».
3. Ж. Наурызбаев «Ұлттық мектептің ұлы мұраты». Алматы 1995 ж.
4. К.Ж.Қожахметов «Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары». Алматы 2000 ж.
5. Концепция этнокультурного образования 1996 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

I. Кіріспе.
II. Қазіргі кезеңдегі білім кеңістігінде этнопедагогиканың рөлі.
1. Білім мазмұңы арқылы жас жеткіншектерді ұлтжандылыққа,
отансүйгіштікке тәрбиелеу.
2. Мектептерде халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, тарихи
ескерткіштерін терең насихаттау арқылы тәрбиелеу.
3. Білім мен тәрбие мазмұнын орта мектебі жағдайында жүйелеп құру.
4. Этнопедагогикаға негізделген іс-шаралардың тұлғаны дамытуға
әсері.
III. Қорытынды.
1. Этнопедагогиканы ескере отырып қол жеткізген табыстарымыз.

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген
білім-адамзаттың жері, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.
ӘЛ-
Фараби
Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжрибесі мен
ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы
қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-
құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі
оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,
еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды
тәрбиелеу.
Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс тәсілдердің негізгі-
адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.
Тәрбиенің негізі-ұлттық тәлім-тәрбие.
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы-мәдениеттің құнды бөлігі. Қазақ
халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерін бүкіл оқу-тәрбие жүйесінің
тірегіне айналдыру. Өнегелі, тәрбие ісін дүниежүзілік ғылыми және рухани
қазынаны ұлттық мұрамен ұщтастыру арқылы жүзеге асыру.
Дас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу. Балалар мен
жастарды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру,
өнімдіеңбек етуге бейімдеу.
Ата-ана мен бала, тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасындағы
қарым-қатынастың өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріне сый-
құрметпен қарауға негіздеу.
Тәрбие барысында психологиялық жағынан жайдарылық, үйлесімділік ахуал
туғызу, жас азаматтың өзіне деген сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін
дамыту. Тәрбие жүйесінің барлық буынында ана тілін пайдалану. Ұлттық
мектептің тәрбиесіне қойылатын өте маңызды және күрделі талаптардың бірі-
Егеменді Елдің Азаматын тәрбиелеу. Егеменді Ел болғандықтан оның төл
Елтаңбасы, Әнұраны, Туы бар. Егеменді Елдің Азаматы болғандықтан, өз Елінің
Байрағына, Әнұранына, Елтаңбасына да ерекше сүйіспеншілігі, мақтаныш сезімі
қалыптасуы керек. Бұл тұрғыда біз әлі де болса баяу жұмыс істеп келеміз.
Қазақ елінің Азаматы, Қазақстан Азаматы деген атаққа лайық болатын Адам
тәрбиелеу-біздің басты міндетіміз. Бұл бағытта атқаратын жұмыс өте көп.
Ерекше атап кететін мәселелер оқушылардың:
-тарихи сананың негізінде ұлттық сана-сезімін ояту, қалыптастыру;
-ұлттық мәдениетке көзқарасын қалыптастыру. Қазіргі тұрған қалада, отырған
үйде оның ішіндегі дүние-мүліктер, ыдыс-аяқтар мен тұтынатын заттарда,
киген киімдерде, тіпті ішетін тамақтар да ұлттық белгі жоқтың қасы. Осы
бағытта ұлттық мектептің берері мол.
- Дінге дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Бұл жерде дінмен мектептің
арақатынасын дұрыс бағытқа қою қажет. Дінді бір жақты тек дінді уағыздау
мүлдем жарамайтын жағдай. Есте сақтайтын жайт: негізгі заңның 58 бабында
былай делінген: Діне бірлестіктер мемлекеттен бөлінген мемлекет қандай да
болсын дінге немесе атенизмге артықшылық бере алмайды. Дегенмен де
оқушыларды Дін тарихымен таныстыру, сол арқылы диалектикалық көзқарасын
қалыптастыру бүгінгі күннің талабы. Ең бастысы, оқушылар басқа дінді
уағыздаушы-миссионерлердің жетігіне ілесіп кетпеуі, өзіндік берік, шынайы
көзқарасының қалыптасуына ықпал жасау басты міндет. Оқушыларды ислам
дінінің негіздерімен таныстыруда ата-аналардың рөлі ерекше зор, шын мәнінде
бұл жұмыс ата-аналардың негізгі міндеті.
Мектептегі тәрбие арнайы пәндер және баланың жеке шығармашылық қабілетін,
жалпы адамзаттық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс
жұмыстар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл мазмұнын сабақтастыра отырып,
бірін-бірі толықтыратын күрделі де үздіксіз процесс бір тұтас жүйе кез-
келген мектептің тәрбие жүйесі мақсаттар тізбегін іске асырады. Барлық
тәрбие жүйелеріне артық нәрсе: тәрбие ісіндегі мақсаттар жиынтығы, негізгі
жетекші іс-әрекет түрі, әр түрлі жастағы балалардың ынтымақтастығы,
қоршаған ортамен әрекеттесуі, тәрбиелік орталықтың болуы, оқыту мен тәрбие
процесі бір-бірімен ұштасып, бірін-бірі үнемі толықтырып отыруы.
Тәрбие жүйесін құруда ең алдымен мақсатты белгілеу ісінің маңызы зор.
Қазіргі мектептің ұлттық тәрбие жүйелерінің мақсаттары:
- бір тұтас әлем туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру;
- оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарға тарту, сол
құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;
Мектептің ұлттық тәрбие жүйесінің негізі, оның мазмұнының өзегі, түп
қызығы ретінде мына құндылықтарды аламыз;
Туған жер, Отан, Отбасы, Еңбек, Ұлттық мәдениет, Ана тілі, Ұлттық өнер,
Ғылым, Ұлт тарихы, Дін, Білім, Бейбітшілік, Біртұтас әлем, Адам, Азамат,
Ұлттық салт дәстүр.
Мектептін қабырғасынан бастап, оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере
отырып, тәрбиені ұлттық салт пен дәстүрге негіздеп, ұлтжандылық,
отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру. Туысқандық қарым-қатынастардың
әлеуметтік рөлдерімен тығыз байланысты екендігін түсіндіру барысында
қазақтың Үш жұрты туралы ұғымға баса назар аудару қажет. Аталған талапты
жүзеге асыруда мектептің тәрбие жүйесіндегі отбасының алатын орны ерекше.
Халықтық тәрбие дәуірдін кейбір қатал сынынан өтіп, жаңарып, болаттай
ширығып бізге толыққанды болып жеткен баға жетпес бай мұра. Ұлттық
тамырлары тарихтың терең қойнауларында жатқан, ал қазір жан-жақты көп
ұлттық тамырларымен ұласқан бүгінгі отаншылдығымыз, еліміздегі оқу-тәрбие
процесін заман талабына сай икемдеп, ескі біржақты сарыннан алып шығу
бағытына түстік. Этнопедагогикалық ғылымы-білімнің байырғы саласы десек,
оны сонымен қатар жаңа сала деуге болады. Байырғы болатыны адам қоғамы
пайда болған кезден бастап, тәртіп, талғам, салт-дәстүр қалыптасып әр
тайпаның, рудың, келе-келе халықтың ұлттық болмысының шарықтау көзіне
айналған. Ал жаңа сала дейтініміз күні кешеге дейін дәстүрлі тәлім-тәрбие,
білім беру саласында тежеліп келгені. Яғни халқымыздың сан ғасырлар бойы
тірпектен жинаған осынау бай мұрасымен мектептеріміз мол сусындай алмады.
Бала тәрбиесіне орай әр халықтың өзіне ғана тән ұлттық ерекшеліктері бар
екені ақиқат.
Соңғы кезде республика мектептерінде бұл салада біраз игі істер атқарылып
келеді. Бұл орайда Білім туралы заң мен Қазақстан Республикасының
этникалық мәдени білімнің тұжырымдамасы халқымыздың білім беру саласындағы
мемлекеттік саясатының негізгі мақсаты халқымыздың ұлттық тарихи болмысын
толығырақ көрсетіп қоймай, халықтың рухани өрлеуін жалпы адамзаттық,
өркениеттік кеңістікке шығару болып табылады.
Ұлттық педагогикамыздың асыл мұралары шешендік сөздер мен ақыл, өнеге
жеткіншектерімізді тәрбиелеуде таптырмас құнды қазына болып отыр. Ұлттық
игілік пен көне мұра сабақтастығын сақтай отырып, әрбір шәкіртті жеке тұлға
деп санап, оның жан-жақты дамуына жағдай жасау ұлт педагогикасының даналық
мектебінен өткен, жан дүниесі рухани бай ұстаздардың еншісінде десек, бұдан
отбасын бөліп қарауға болмайтыны анық. Халықтың тарихи мінез-құлқының
рухани жинақтаушысы, осы қалыптасқан мінез-құлықтың игі дәстүрлерін
сақтаушы және дамытушы жас ұрпақ екені даусыз. Бірақ та, халық
педагогикасының атқарар рөлі ата-бабаларымыздың тәлімдік дәстүрлерімен
таныссақ, осы жетіп жатыр деп тақмейілсісек жансақтық болар еді.
Қазақ халқы:
Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды.
Ұстаз-шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды деп парасатты бағыт ұсынады.
Өнегесіз өсу жоқ деген қазақ үлгіні ең алдымен ұсынатын кім деген
сұраққа - , Ұстаз дейді. Ұстазға асқан білік, ұсталық қажет.
Қазақтың кемеңгер ұлт ақыны Мағжан Жұмабаев Бала тәрбиесі бір өнер, өнер
болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер деген
екен. Бүгінгі уақыт талабы ұстаздар қауымынан осындай тың ізденіс пен батыл
іскерлікті талап етеді. Бала тәрбиелеу ісіне тек мектеп, отбасы ғана емес
бүкіл жұртшылық болып жұмылуға тиіс. Меніңше тәрбие жұмысы бүкіл ел, халық
болып жұмылған сәтте ғана ойдағыдай нәтиже бермек.
Қазақстандық патриатизм ең алдымен қазақтардың ұлттық рухын көтеріп,
халықтың қасиеттерін жетілдіруде деп білемін.
Бұл арада бірінші кезекте намысты ұстау мәселесі тұр. Ерді намыс, қоянды
қамыс өлтіреді деп қазақтардың алдымен намысын ояту қажет. Патриотизмнің
бір белгісі қазақ жерін мекендеген халықтардың ортақ мүддеде бас біріктіре
алуында жатыр. Бұл бағытта ұлт өкілдерінің көтерер жүгі ауыр. Киіз кімдікі
болса, білек соныкі. Елдің көркеюі, салт-дәстүрдің сақталуы, әдет-ғұрыптың
жалғасуы, болашағымыздың бет-бейнесі өзімізге, өз ұлтымыздың рухани
деңгейіне байланысты.
Ұлтымыздың мақтанышы ұлы Абай.
Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де
ақымақтық деген екен. Ендеше өркениетке ұмтылған жастарды ата-баба
дәстүрінің озық тәжірибесін жалғастырушы, халықтың қадір-қасиеттерін
арттырушы, көзі ашық қоғам мүшесін тәрбиелеуде этнопедагогиканың маңызы
зор.
Педагогика ғылымының доктары Жұмағали Наурызбаев: Егер біз білім берудің
өзіндік гүл шашқан, әрі жеміс беретін ағашқа айналуын қаласақ, онда оны
ұлттық топыраққа этникалық қоректік ортаға отырғызамыз керек. Өмірлік аса
қажетті екі тасқын – ұлттық дүниенің жалпы-адамзаттық дүниенің ұлттық
дүниеге қарай тасқыны басталады-дейді. Этнопедагогика болашаққа бастайтын,
бірден-бір лайықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздері
Этнопедагогиканың дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттары
Қазақ педагогикасының тарихы
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасы
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
Пәндер