Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында



Жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі. ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастады. 1907-1912 жылдардың өзiнде ғана елдiң еуропалық бөлiгiнен 2 млн. 400 мың адам әкелiп қоныстандырылды. Отарлау Қазақстанда да кең көлемде жүзеге асырылды. Патша өкiметi 1916 жылға карай қазақтарды 40 млн. га шұрайлы жерiнен айырып, қоныстану қорын құрды. Қазақтар шөл дала мен тауларға тықсырылды. Оларға бөлiнген жердi жобалау үшiн тағайындалған жоғары шендi чиновниктердiң бiреуi өзiнiң «су да, жер де көрмегенiн», өйткенi ондағы бүкiл жер таулардың құз-жартастары екенiн баяндаған. Сонау Столыпин реформасының бас кезiнде-ақ, «Санкт-Петербургские ведомости» газетi былай деп жазуға мәжбүр болды:
«Егер мемлекет мүдделерi қырғыздарды құрбан етудi талап етсе, бұған карсы шығудың керегi жоқ..., бiрақ екiншi жағынан, бiр қолымызбен жасай отырып, бiздiң екiншi қолымызбен күйретiп жатқанымызға көздi жұма қарамай, кайта ашық мойындауымыз керек».
1917 жылға қарай Қазақстанда қоныстану учаскелерiне, ормандағы саяжайларға, қазақ әскерлерiне, помещиктiк имениелерге, монастырьлық учаскелерге, қалалар мен темiр жолдар үшiн бөлiнген өңiрлерге ең жақсы егiстiк жерлер мен жайылымдардың 45147765 десятинасы тартып алынды.
ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында, Хиуа мен Бұхараны қоспағанда, бұрынғы Түркiстан шегiнде 941 қоныстанушылар поселкелерi пайда болды. Түркiстанда әрбiр келiмсекке орыс поселкелерiнде З,17 десятина, ал байырғы халықтың әрбiр жанына (қазаққа, өзбекке, қырызға және

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстан азаматтық
қарсыластық жылдарында

Жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі. ХХ ғасырдың бас кезінде
Ресей азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастады.
1907-1912 жылдардың өзiнде ғана елдiң еуропалық бөлiгiнен 2 млн. 400 мың
адам әкелiп қоныстандырылды. Отарлау Қазақстанда да кең көлемде жүзеге
асырылды. Патша өкiметi 1916 жылға карай қазақтарды 40 млн. га шұрайлы
жерiнен айырып, қоныстану қорын құрды. Қазақтар шөл дала мен тауларға
тықсырылды. Оларға бөлiнген жердi жобалау үшiн тағайындалған жоғары шендi
чиновниктердiң бiреуi өзiнiң су да, жер де көрмегенiн, өйткенi ондағы
бүкiл жер таулардың құз-жартастары екенiн баяндаған. Сонау Столыпин
реформасының бас кезiнде-ақ, Санкт-Петербургские ведомости газетi былай
деп жазуға мәжбүр болды:
Егер мемлекет мүдделерi қырғыздарды құрбан етудi талап етсе, бұған
карсы шығудың керегi жоқ..., бiрақ екiншi жағынан, бiр қолымызбен жасай
отырып, бiздiң екiншi қолымызбен күйретiп жатқанымызға көздi жұма қарамай,
кайта ашық мойындауымыз керек.
1917 жылға қарай Қазақстанда қоныстану учаскелерiне, ормандағы
саяжайларға, қазақ әскерлерiне, помещиктiк имениелерге, монастырьлық
учаскелерге, қалалар мен темiр жолдар үшiн бөлiнген өңiрлерге ең жақсы
егiстiк жерлер мен жайылымдардың 45147765 десятинасы тартып алынды.
ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында, Хиуа мен Бұхараны
қоспағанда, бұрынғы Түркiстан шегiнде 941 қоныстанушылар поселкелерi пайда
болды. Түркiстанда әрбiр келiмсекке орыс поселкелерiнде З,17 десятина, ал
байырғы халықтың әрбiр жанына (қазаққа, өзбекке, қырызға және басқаларға)
0,21 десятина өнделетiн жер тидi. Орасан көп көлемде қырғыз-қазақ
батырақтары пайда болды. Жетiсу губерниясында барлық қоныстанушылар
шаруашылықтарының 98 %-ына дейiнi жылдама еңбектi пайдаланды. Қазақтардың
жерін жаппай тартып алу көшпендiлер мен орыс-украин қоныстанушылары
арасындағы қатынастарды қиындата түстi 1899 жылдан кейiн қазақтар мен
орыстар арасындағы этникалық жанжалдар (қақтығыстар) даладағы өмiрдiң
сипатты белгiсiне айналды деп Т. Рысқұлов өте дұрыс жазған едi.
Ресей Ғылым академиясының академигi П.В. Волобуев
Т. Рысқұловтан кейiн 65 жыл өткен соң былай деп жазды:
Қоныстандыру саясаты көшiп келушiлердi шаруашылықтың мүлде өзгеше
укладының өкiлi болған және жерге олардан әсте де кем мұқтаж болмай отырған
шет аймақтардың (Орта Азияның, Қазақстанның, Сiбiрдiң) байырғы халқымен
қақтығыстарға ұрындырды. Демек, аграрлық шиеленiс елдің орталықтарынан шет
аймақтарына таралды.
Өлкенi талап-тонау бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында бұрынғысынан
да жеделдете жүргiзiлiп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан орасан көп
мөлшерде арзан бағамен мал сатып алынды. Патша армиясы үшiн киiз үй мен
киiз бұйымдар жиналды. 1916 жылдың өзiнде ғана шайқасып жатқан армияға
Түркiстаннан 40899244 пұт мақта, 38 мың шаршы аршын киiз, 3 млн.
пұттан астам мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473928 пұт
балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе жөнелтілдi. Батыраққазақтарды кулактар
шаруашылықтарына, кәсiпорындарға ерiктi түрде жұмысқа тарту жүргiзiлдi.
1916 жылы патша әкiмшiлiгi славян отаршылдары үшiн жаңадан жер тартып алуды
ойластырды. Қазақ ұлтының өмiр сүруiнiң өзi проблемаға айналды, — деп
жазды А. Байтұрсынов сонау 1913 жылдың өзiнде.
Соғыс елде өнеркәсiптiң қожырауын, ауыл шаруашылығының құлдырауын,
тасымал дағдарысын, ашаршылық туғызды. Жергiлiктi чиновниктердiң алымы күрт
көбейiп, ұлтаралық араздық тұтанды. 1917 жылға қарай Ресей 2 млн.
адамынан өлiдей айырылды. Елде терең экономикалық, әлеуметтiк және саяси
дағдарыс пiсiп-жетiлдi. Ресейде қалаларда- пролетарлардың революциялық,
деревняда-шаруалардың аграрлық, армияда соғысқа карсы қозғалыс күшейдi.
Ұлттық шет аймақтардағы ұлт-азаттық қозғалыс дербес тасқыш болды. Қазақ
даласында да дағдарыс пiсiп-жетiлдi, ол жалпы ресейлiк дағдарыс пен
дүниежүзiлiк отаршылдық жүйеге қарсы ұлт-азаттық қозғалыстық бiр бөлiгi
едi.
Соғыс ауыртпалықтары Қазақстанда жұмысшы және шаруалар қозғалысының
өрiстеуiне түрткi болды. 1915 жылғы маусымда Екiбастұз кенiштерiнiң, Спасск
мыс руднигiнiң және Орынбор-Ташкент темiр жолының жұмысшылары ереуiл
жасады. Қалалар мен деревняларда солдаттардың әйелдерi мен қала
кедейлерiнiң наразылығы күшейiп, соғысқа, қымбатшылыққа және жақындап келе
жатқан ашаршылыққа қарсы шықты. 1916 жылғы каңтарда Верныйда, Семейде
осындай толқулар болды. Ақбұлак поселкесiнiң (Орынбор облысы) және Лепсi
уезiнiң бiрқатар селоларының солдат әйелдерi мен село кедейлерiнiң толқуына
қатысушылар жергiлiктi көпес-алыпсатарлардың дүкендерiн қиратты. Қоғамдағы
тайталас барған сайын неғұрлым табанды және бұқаралық сипат ала түстi.
Отаршылдыққа карсы соғыстың басталуы және оның жалпыұлттық сипаты.
Жалпыұлттық бой көрсетуге соғысып жатқан армиялар ауданында қорғаныс
құрылыстары мен әскери қатынастар орнату жөнiндегi жұмыстар үшiн Орта Азия
мен Қазақстанның және басқа да бiрқатар облыстардың бұратаналарын алу
туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы себеп болды. Ұлт-азаттық
қозғалысының бiрiншi себебi отаршылдық, жердi жаппай тартып алу, патша
өкiметiнiң орыстандыру саясаты, бұқараға сансыз көп қасiрет, ашаршылық, аш-
жалаңаштық, iндеттер әкелген империалистiк соғыс еді. Қара жұмысқа 19
жастан 43 жасқа дейiнгi еңбекке жарамды барлық халық алынуға тиiс едi. Сол
аркылы патша үкiметi көптеген орыс солдаттары мен
жұмысшыларын неғұрлым көнбіс және арзан жұмыс күшi ретiнде
реквизицияға бұратаналармен ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен
басқа да тыл жұмыстарынан босатқысы келдi. Түркiстан мен Дала өлкесiнен 500
мыңнан астам жiгiт алу көзделдi.
Патша жарлығына жауап ретiнде орасан зор аймақтың - Қазақстан мен
Түркiстанның халқы стихиялы түрде бiр мезгiлде дерлiк көтерiлдi. Жергiлiктi
патша әкiмшiлiгiнiң анықтамасы бойынша, далада бiреуi жұмысшылар бергiсi
келмейтiн... екiншiсi бұйрықты орындауға келiсетiн екi партия кұрылды. Ат
төбелiндей азғантай байлар, жергiлiктi отаршыл әкiмшiлiк - болыс
басқармалары, ауыл старшындары патша жарлығын жақтап шықты.
Ұлт-азаттық қозғалыстың ауқымды әлеуметтiк негiзi болды. Оның негiзгi
қозғаушы күшi - ұлттық шаруалардың қалың топтарынан, қазақ жұмысшылары мен
қолөнершiлерiнен құралды.
Жалпыұлттық идеяға ұласқан ұлттық тәуелсiздiк идеясы қазақ шаруалары
мен жұмысшыларының түрлi топтарын, қалыптасып келе жатқан, орыс және шетел
капиталымен бәсекеге түскен ұлттық буржуазиясын, даланың феодалдық
қатынастарды өзгерiссiз қалдыруға ұмтылған дәстүрлi ақсүйектерiн
бiрiктiрдi. Олардың бәрi азаттық қозғалысына белсене араласты, бұл орайда
олар өздерiнiң көбiнесе, бiр-бiрiне қайшы келетiн мүдделерiн көздедi. Тұтас
ауылдар, болыстар, уездер көтерiлiс жасаған, өздерiмен бiрге барлық мүлiк
пен малды алып, дала қойнауына тереңдеп кеткен аудандарда көтерiлiсшiлерге
байлар да қосылуға мәжбүр болды. Басқа - дүнген, ұйғыр, өзбек, қырғыздар да
көтерiлiсшiлердi жақтап шықты.
Ұлттық зиялылардың көзқарасы қайшылықты болды. Оның бетке шығар бөлiгi
- қазақ қоғамының ауқатты топтарынан шыққандар, отаршылдық аппараттың
қызметшiлерi шақыруды қолдау қажет деп санады, жiгiттердi патша жарлығына
мойынсұнуга үгiттедi, бүлiк шығарған халықты тыныштандыруға бағытталған
ұсыныстар жасап, хабарламалар жазды, окоп жұмыстарына адам алуды
мүмкiндiгiнше жақсы дайындау мақсатымен отаршыл әкiмшiлiкпен келiссөз
жүргiздi. Сонымен бiрге зиялылардың батыл бөлiгi негiзiнен алғанда,
халыктың төменгi топтарынан шыққандар (Т. Рысқұлов, Т. Бокин, Ә. Майкөтов,
С. Сейфуллин, С. Мендешев, Б. Алманов, Ә.
Жангелдин және басқа да көптеген адамдар) көтерiлiсшiлерге қосылды.
Сонымен қатар ХХ ғасырдың басында отаршылдыққа қарсы идеологтар деп
саналған қазақ революцияшыл демократиялық зиялыларының ұйытқысы (Ә.
Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалар) қазақтардың
метрополияға қарсы ұлт-азаттық күресi шырқау шегiне жеткен кезенде патша
өкiметi тарапынан жазалау жүргiзiлуi мумкiн екендiгiн тусiнiп, адам алуды
кейiнге қалдыруды ұсынды. Олардың көбi iс жүзiнде қарусыз халық осы
заманғы, техникамен жарақтандырылған армияға қарсылық көрсете алмайды деп
санады. Тындаңыздар, қан төкпеңiздер, қарсыласпаңыздар, — деп жазды
олар, 1916 жылғы қазандағы үндеу хатында. Сонымен, алаш зиялыларының
басшылары отаршыл империямен парасатты ымыраласу тактикасын ұстанып,
халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақктау идеясын алдынғы
қатарга ұсынды. Дүмпуден кейiн iле-шала жүргiзiлген қанкұйлы жазалау,
Қазакстан мен Орта Азияның жүз мындаған тұрғындарының қаза табуы бұл
қауiптенудiң көпшiлiгi орынды болғанын растады.
Қазақ қоғамында даланың бетке ұстарлары — бұрын жоңғарларға, ресейлiк
отаршылдық режимiне қарсы азаттық күресiнің дәстүрлерiн ұстанып келген
батырлар, хандар мен билердiң ұрпақтары өздерiн ықпалды саяси күш ретiнде
көрсеттi. Мұсылман дiнбасыларының да iс-әрекетi бiрдей болған жоқ. Орал
губерниясындағы қозғалысқа белсене қатысушылардың бiрi Балтабай былай деп
еске алған: Дін басылары ешбір жағдайда жiгiттер берiлмесiн деп үзiлдi-
кесiлдi түрде “фатва” (түсiндiрме) бередi. Патша әскерлерiмен шайқаста
өлуге болады, ал майданға бармау керек. Қаза тапқан мұсылмандар шейіт(ақ
өлiм) болады, шариғатта осылай делiнедi.
Азаттық қозғалысының барысында әр түрлi топтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Қазақ саяси партиясы
Саяси жанжалдар
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы жайында
Саяси қақтығыстар және әлеуметтік тәртіп
Қазақстанның жағдайына әсер еткен оқиғалар
Ұйымдағы қақтығыстарды басқару
Балалардағы жүрек пен тамырлардың ерекшеліктері
Зорлық зомбылықтың психологиялық мәнісі.
Пәндер