Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясының жағдайын, Мұстафа Кемал Ататүріктің түрік тарихында сондай-ақ халықаралық сахнадағы орнын танып білу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ КЕЛІСІМДЕР КЕЗЕҢІ
1.1 Соғыс қорытындысы Мондрос келісімінің жасалынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Елде орын алған жаулаушылық соғыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Басқыншылық кезіндегі Ыстамбұл үкіметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСТЕР КЕЗЕҢІ
2.1 Ұлттық топтардың ортаға шығуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2 Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
2.3 Басқыншылыққа қарсы ұлттық майдандар күресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
3 БЕЙБІТШІЛІК КЕЗЕҢІ
3.1 Мудания келісімі және Сұлтандық биліктің жойылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
3.2 Лозанна бейбіт келісімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
3.3 Түркия Республикасының жариялануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
Диплом жұмысының өзектілігі. Биылғы жыл Түркия Республикасының құрылып, тәуелсіздік алғанына 92 жыл толып отыр. Бірінші дүниежүзілік соғыс Осман империясының Антанта елдері арасында бөліске түсуіне себепші болды. Осман империясының территориясын басқыншылардың басып алуындағы Ыстамбұл үкіметінің іс-әрекеттеріндегі жіберілген қателіктерді және 1918-1923 жылдар аралығында мемлекеттегі орын алған жағдайларды танып білу тақырыптың диплом жұмысының өзектілігі болып табылады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі орын алған жаулаушылық соғыстарға қарсы түрік халқының азаттық күресінің тарихта алатын орны ерекше. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы халықаралық дипломатия және саясатта жаңа жолдың басталуына түрткі болды. Соғыста «жеңгендер» мен «жеңілгендер» арасында дипломатиялық шиеленістер мен қайшылықтар төңірегінде саяси «ойын» басталып, Осман империясының территориясыны бөлісіп алуға жан-жақты тырысты.
Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жерінің елеулі бөлігінің басып алынуын, басқыншыларға қарсы ұлт-азаттық соғысын, сұлтандық жүйеден толық ажырау мен империяның күйреуін бастан кешірді. Осман империясы соғыс пен ішкі қарама қайшылықтар әлсіреткен мемлекет еді. Соғыстың кесірінен алып Осман империясы шығыс Анатолияның барлығы дерлігін, Месопотамияны, Сирияны, Палестинаны жоғалтты. Әскерге үш миллиондай ерлер шақырылды, соның салдарынан экономикамен ауыл шаруашылығы күрт құлдырады. Осы жылдары жаңа Түркияны құру қажеттілігі қалыптаса бастады. Тіпті бірінші дүниежүзілік соғыс барысында Осман империясының территориясыны бөліске салған Ыстамбұл келісімі, Лондро келісімі, Сайкес-Пикот келісімі және Мек Махон келісімі сияқты құпия келісімшарттар жасалынып Осман империясының күш қуатын әлсіретуді көздеді [1,3].
Соғыс аяқталғаннан кейін жеңіліс тапқан мемлекеттермен жеңген мемлекеттер арасында жеке-жеке келісішарттар жасалынды. Осман империясымен жасалынған келісімшарттар империяның біртұтастығын жойды. Осман империясы 1918 жылдың 30 қазанында өте ауыр шарттарды өз ішіне алған Мондрос келісіміне қол қоюына тура келді. Бұл келісімде Англия, Франция, Италия мемлекеттері мен соғыста жеңіске жеткен мемлекеттердің теңіз флоттарына бұғаздардың ашылуы, Осман теңіз флоттарының жеңген мемлекеттерге қайтарып беруі, Осман әскерлерінің тез арада демобилизациялануы, байланыс пен ақпарат құралдарының жеңген мемлекеттердің бақылауына өтуі тиісті екендігі және осы сияқты көптеген ауыр үкімдер шығарылды.
1. Смайыл С. АТАТҮРІК: Танымдық өмірбаян.-Алматы: «ҚАЗақпарат», «Жас Түркістан» басылымдары,1.1998
2. Selahattin Tansel, Mondros’tan Mudanya’ya Kadar, Başbakanlık Basımevi, C. 1, Ankara 1973
3. Ali Türkgeldi, Mondros ve Mudanya Mütarekelerinin Tarihi, Ankara 1948
4. Mahmut Goloğlu, Erzurum Kongresi, Ankara 1968
5. Kemal Arıburnu, Sivas Kongresi, Ankara 1997
6. SERTOĞLU, Mithat, “Amasya Protokolünün Tam ve Gerçek Metni”, Belgelerle Türk Tarihi Dergisi, No: 3 Aralık 1967
7. Cahit Kayra, Sevr Dosyası, Istanbul 1997
8. Lozan Barış Konferansı, Tutanaklar Belgeler, Takım I, Cilt 1, Kitap 1 (Çeviren: Seha L. Meray), Ankara 1969
9. Tevfık Bıyıkoğlu, Mondros Mütarekesi ve Tatbikatı, TİH, C. I, Ankara 1962
10. Fahir Armaoğlu, 20.Yüzyıl Siyasi Tarihi, Alkım yay, İstanbul, 1995
11. Sina.Akşin, (2010). İstanbul Hükümetleri ve Milli Mücadele, C. I., İstanbul,1992, Türkye İş Bankası Yayınları
12. Güneş, Ihsan. (2012). Meşrutiyetten Cumhuriyete Türkiye’de Hükümetler, Programları ve Meclisteki Yankılar› (1908-1923), Istanbul: Türkiye Іş Bankası Yayınları
13. Tülay Âlim Baran, “Kuvayi Milliye Örgütlenmesine Karşı Damat Ferit Hükümetleri”, Ankara Üniversitesi Türk Іnkılâp Tarihi Enstitüsü Dergisi, Mayıs 1999, Yıl:12, S.23’den Ayrıbasım, Ankara Üniversitesi Basımevi, Ankara 2003
14. Hüseyin Kazım Kadri, Meşrutiyet’ten Cumhuriyet’e Anılarım, Yayına Hazırlayan: Ismail Kara, Iletişim Yayınları, İstanbul 1991
15. Tarık Zafer Tunaya, Devrim Hareketleri içinde Atatürk ve Atatürkçülük, İstanbul 1981
16. Türkiye Cumhuriyeti ve Türk devrimi.Prof.Dr.A.AFETİNAN.4 baskı. Türkiye tarih kurumu basımevı-Ankara 1998
17. Cevat Dursunoğlu, “ Erzurum Kongresi Sırasında Atatürk’ün Düşünceleri “, Atatürk Konferansları, Türk Tarih Kurumu Yayınları, Ankara 1964
18. Fahrettin Kırzıoğlu, Bütünüyle Erzurum Kongresi, Ankara 1993
19. Temuçin Faik Ertan, « Erzurum Kongresi Kararlarının Ulus-Devlet Sürecine Etkisi» Uluslar arası Sempozyumu, Erzurum 2002
20. Uluğ İğdemir, Sivas Kongresi Tutanakları, Türk Tarih Kurumu Basımevi, Ankara 1986
21. M. Tayyib Gökbilgin, Milli Mücadele Başlarken I, Ankara 1959
22. Sarıhan Zeki; Kurtuluş Savaşı Günlüğü 3, TBMM’den Sakarya Savaşı’na, Ankara 1986
23. Mustafa Küçük, Birinci TBMM’nin Yapısı ve Faaliyetleri, Yayınlanmamış Doktora Tezi, Іstanbul Ü. Sosyal Bilimler Enstitüsü, Istanbul 1999
24. A. Ender Gökdemir, Cenub-i Garbi Kafkas Hükümeti, Ankara, 1988
25. M. Kemal Öke, Ermeni Meselesi, Іstanbul, 1986
26. Yahya Akyüz, Türk Kurtuluş Savaşı ve Fransız Kamuoyu 1919-1922, TTK., Ankara. 1988
27. Bige Yavuz, Kurtuluş Savaşı Döneminde Türk-Fransız İlişkileri, Fransız Arşiv Belgeleri Açısından 1919-1922, TTK, Ankara. 1994
28. Yücel Aktar, “Yunanistan’ın Osmanlı Devleti ve Türkiye Cumhuriyeti’ne Yönelik Geleneksel Politikalarında Temel Yaklaşımlar”,Askeri Tarih Semineri-Türk Yunan İlişkileri, Ankara 1986
29. Fahri Belen, Türk Kurtuluş Savaşı, 2. Baskı, Ankara Ankara 1983
30. Іsmail Soysal, Türkiye’nin Siyasi Antlamaları, C. I, Ankara 1983
31. Yücel Özkaya, Türk Іstiklal Savaşı ve Cumhuriyet Tarihi, Ankara 1981
32. Veysi Akın, Trakyanın Türklere Devir Teslimi, Ankara 1996
33. Mim Kemal Öke, Belgelerle Türk-İngiliz İlişkilerinde Musul ve Kürdistan Sorunu 1918-1926, Ankara, 1992
34. Adamof, Çarlık Belgelerinde Anadolu’nun Paylaşılması, Çev: Hüseyin Rahmi, Kaynak yay, 4. baskı, İstanbul 2001
35. TÜRKİYE CUMHURİYETİ SİYASİ TARİHİ. Yrd.Doç.Dr. Murat BURGAÇ (Ünite 1) Editör Doç.Dr. fiaduman HALICI. ESKİŞEHİR, Ekim 2013
36. İsmail Özçelik, Nuri Yavuz.Atatürk ilkeleri ve inkılap tarihi.6 Basım, Eylül 2011
37. Türk İstiklal Harbine Katılan Tümen ve Daha Üst Kademelerdeki Komutanların Biyografileri, Ankara, 1972
38. Ataturk yolu.Ankara 1995y,Ataturk kultur,dil ve tarihi yuksek kurumu Ataturk.Arastirma Merkezi
39. Bekir Sıtkı Baykal, Heyet-i Temsiliye Kararları, Türk Tarih Kurumu Basımevi, Ankara 1974
40. Kamuran Gürün, Türk-Sovyet Іlişkileri (1920-1953), Ankara, 1991
41. ATASE ArĢ., Klasör: 401, Dosya: 3, Fihrist: 42; Nuri Köstüklü, a.g.e.,
42. Genelkurmay başkanlığı, Türk İstiklal Harbibbe Batı Cephesi. C II, 2. Kısım, Ankara 1999
43. Dursun Ali Akbulut, Saltanat, Hilâfet ve Milli Hakimiyet, Samsun 1994, s. 2
44. Falih Rıfkı Atay, Çankaya, Ankara 1980
45. Іsmet Іnönü, Hatıralar, 2. Kitap, Ankara 1987, s. 49-50, Ali Naci Karacan, Lozan, Іstanbul 1977
46. Mazhar Müfit Kansu, Erzurum’dan Ölümüne Kadar Atatürk’le Beraber, I. Cilt, Ankara 1986
47. Anadolu’da Yeni Gün, 24 Eylül 1923’ten aktaran Faruk Alpkaya, Türkiye Cumhuriyeti’nin Kuruluşu
48. Розалиев. Ю. И Новая и Новейшая история стран Азии и Африки м. 1987

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ КЕЛІСІМДЕР КЕЗЕҢІ
1.1 Соғыс қорытындысы Мондрос келісімінің
жасалынуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..9
1.2 Елде орын алған жаулаушылық
соғыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Басқыншылық кезіндегі Ыстамбұл
үкіметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

2 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСТЕР КЕЗЕҢІ
2.1 Ұлттық топтардың ортаға
шығуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

2.2 Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
2.3 Басқыншылыққа қарсы ұлттық майдандар
күресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .40

3 БЕЙБІТШІЛІК КЕЗЕҢІ
3.1 Мудания келісімі және Сұлтандық биліктің
жойылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
3.2 Лозанна бейбіт
келісімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..53
3.3 Түркия Республикасының
жариялануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
61

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Биылғы жыл Түркия Республикасының құрылып,
тәуелсіздік алғанына 92 жыл толып отыр. Бірінші дүниежүзілік соғыс Осман
империясының Антанта елдері арасында бөліске түсуіне себепші болды. Осман
империясының территориясын басқыншылардың басып алуындағы Ыстамбұл
үкіметінің іс-әрекеттеріндегі жіберілген қателіктерді және 1918-1923 жылдар
аралығында мемлекеттегі орын алған жағдайларды танып білу тақырыптың диплом
жұмысының өзектілігі болып табылады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі орын алған жаулаушылық соғыстарға
қарсы түрік халқының азаттық күресінің тарихта алатын орны ерекше. Бірінші
дүниежүзілік соғыстың аяқталуы халықаралық дипломатия және саясатта жаңа
жолдың басталуына түрткі болды. Соғыста жеңгендер мен жеңілгендер
арасында дипломатиялық шиеленістер мен қайшылықтар төңірегінде саяси ойын
басталып, Осман империясының территориясыны бөлісіп алуға жан-жақты
тырысты.
Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жерінің елеулі
бөлігінің басып алынуын, басқыншыларға қарсы ұлт-азаттық соғысын, сұлтандық
жүйеден толық ажырау мен империяның күйреуін бастан кешірді. Осман
империясы соғыс пен ішкі қарама қайшылықтар әлсіреткен мемлекет еді.
Соғыстың кесірінен алып Осман империясы шығыс Анатолияның барлығы дерлігін,
Месопотамияны, Сирияны, Палестинаны жоғалтты. Әскерге үш миллиондай ерлер
шақырылды, соның салдарынан экономикамен ауыл шаруашылығы күрт құлдырады.
Осы жылдары жаңа Түркияны құру қажеттілігі қалыптаса бастады. Тіпті бірінші
дүниежүзілік соғыс барысында Осман империясының территориясыны бөліске
салған Ыстамбұл келісімі, Лондро келісімі, Сайкес-Пикот келісімі және Мек
Махон келісімі сияқты құпия келісімшарттар жасалынып Осман империясының күш
қуатын әлсіретуді көздеді [1,3].
Соғыс аяқталғаннан кейін жеңіліс тапқан мемлекеттермен жеңген
мемлекеттер арасында жеке-жеке келісішарттар жасалынды. Осман империясымен
жасалынған келісімшарттар империяның біртұтастығын жойды. Осман империясы
1918 жылдың 30 қазанында өте ауыр шарттарды өз ішіне алған Мондрос
келісіміне қол қоюына тура келді. Бұл келісімде Англия, Франция, Италия
мемлекеттері мен соғыста жеңіске жеткен мемлекеттердің теңіз флоттарына
бұғаздардың ашылуы, Осман теңіз флоттарының жеңген мемлекеттерге қайтарып
беруі, Осман әскерлерінің тез арада демобилизациялануы, байланыс пен
ақпарат құралдарының жеңген мемлекеттердің бақылауына өтуі тиісті екендігі
және осы сияқты көптеген ауыр үкімдер шығарылды.
Сөйтіп, Мондрос келісімі жасалынып парламентте талқыланған кезде, сыни
бағаланды. Мемлекет бұл кезеңде әскери және саяси күш-қуаты жағынан елдің
тәуелсіздігін қорғай алмайтындай жағдайда болып, Ыстамбұл үкіметінің
Одақтас елдерге қарсы шығуға дәрменсіздігін көрсетті.
Мондрос келісімінен кейін елде орын алған жаулаушылық соғыстарға қарсы
жер-жерде қозғалыстар басталды. Анадолыға әскери топтардың бет алуынан
аймақтық әрекеттерінің қатысуымен ұлттық күресу әрекеті қалыптасты.
Басқыншылыққа қарсы қоғалыстарды басынан аяғына дейін сәтті жүргізген
Мұстафа Кемал Паша болды. Мұстафа Кемалдың 1919ж 25 мамырда Хавзаға баруы
тәуелсіздік жолындағы жаңа талпыныстың пайда болуына себепкер болды. Амасия
жарлығы ұлттық күрестің іргетасы, мақсат пен басқаруды алғаш рет бекіткен
тәуелсіздік жолындағы алғашқы жарлық болды. Ұлттық күрес мақсаттары
Эрзурум және Сивас конгрестерінің қарарларында анықталды. 1920ж 23 сәуірде
Анкарада жаңа атпен Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі деген атаумен мәжіліс
құрды, ең маңыздысы тарихта алғаш рет Түркия атауы осы мәжіліс арқасында
дүниеге келді. Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі өзін елдегі жалғыз заңды билік
деп мәлімдейді. Оның төрағасы Мұстафа Кемал болды. Анкарада ТҰҰМ-нің
ашылуымен түрік ұлтының тарихында жаңа мемлекеттің іргетасы қаланды. Бұл
мемлекет Осман жүйесіне мүлдем ұқсамады. 1920 жылғы 10 тамызда Севрде
Антанта державалары мен Сұлтан үкіметінің арасында бейбіт шартқа қол
қойылып, келісім ауыр шарттарды өз ішіне алды. Елдегі орын алған
басқыншылықта түрік халқы бірлесу қажеттілігіні түсініп ұлттық күрес
жолына түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі орын алған бұл соғыстар
кезеңінде Шығыста армяндар, Оңтүстікте француздар және Батыста гректермен
күрделі соғыстар жүрді. Шығыстағы және Оңтүстегі күрестер ұзақ уақытты
алмады. Батыс майданында болса, соғыс ұзақ уақытқа созылып нәтижесінде
Грекия толық талқандалды. Түрік әскери күштерінің жеңісінен кейін Антанта
елдері түріктермен жаңа келісім жасауға асықты. Бұдан кейінгі орын алған
жағдайлар Мудания келісімімен жалғасып, келісім бойынша Түркия
территориясында қалған грек әскери күштері бір ай ішінде шығарылатын
болды [2,27].
Лозанна бейбіт келісімшартының тарихи маңызы аса зор. Бұл келісім Осман
империясының жойылғанын заңды түрде көрсете отырып, қазіргі Түркия аумағын
белгілеп, Түркияның жаңа шекараларын бекітті. Дегенмен шешімін таппай
қалған мәселелерде болды. Түркия Республикасы жарияланып, шешімін таппаған
мәселелер Мұстафа Кемал Ататүріктің мемлекетті басқару кезеңінде өз шешімен
тапты, тек Хатай жері Ататүріктің қайтыс болуынан кейін Түркия құрамына
өтті. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясында орын алған
жағдайларға байланысты көптеген тарихшылар пікірлер айтып еңбектер жазған
болатын.
Дегенмен өткен күндерге тарих биігінен қараған сайын, біз зерттеу
тақырыбы етіп алып отырған мәселеге жаңа қырынан қарау, қайта тарих
елегінен өткізу қажеттілігі туады, диплом жұмысының өзектілігі де осы
қажеттеліктермен анықталып отыр.
Зерттеу жұмысының нысаны. 1918-1923 жылдар аралығындағы Осман
империясының ыдырау процесін, Түркия Республикасының құрылуын, Мұстафа
Кемал Ататүріктің сіңірген еңбегін қарастыру,
талдау болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні – соғыс барысында жасалынған Вильсон принциптері,
Мондрос келісімшарты, Амасия жарлығы, Эрзурум, Сивас конгрестері, Амасия
келіссөздері, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің құрылуы, Севр келісімі,
Мудания келісімі, Лозанна бейбіт келісімі дипломатиялық күрес пен
қайшылықтар, оның механизмдері мен ерекшеліктері, сонымен қатар оның
негізгі кезеңдері мен эволюциясы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазуда алдымызға қойған
мақсатымыз — бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясының
жағдайын, Мұстафа Кемал Ататүріктің түрік тарихында сондай-ақ халықаралық
сахнадағы орнын танып білу болып отыр. Мұнда соғыстан кейінгі ұлы
державалардың Осман империясымен жасасқан келісімшарттарының Осман
империясы үшін тиімсіз жасалынғандығына мән береміз. Сонымен қатар Мұстафа
Кемал Ататүріктің Түркия Республикасын құру жолында жасаған жиналыстар мен
күрестерді анықтау басты мақсаттарымыз болмақ.
Осындай күрделі мәселерді қарастыру жағдайында алдымызға мынадай
міндеттер қойдық:
• Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жеңімпаз елдердің
Осман империясымен жасаған келісімшарттарын талдау;
• Бұл келісімшарттардың Осман империясы үшін тиімсіздігіне
анализ жасау;
• Осман империясының территориясын жеңген елдердің бөлісуі
соғыс барысында жасалынған Вильсон принциптеріне сәйкес
келместігін талқылау;
• Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығымен шақырылған Сивас,
Эрзурум конгрестерінің жұмыстарына баға беру;
• Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ашылуының негізгі 
мақсатын  көрсету;
• Тәуелсіздік жолындағы күрестер мен соғыстарды талдай отырып,
маңызын  анықтау;
• Түркия Республикасының тәуелсіздігін бекіткен Лозанна бейбіт
келісімшартының маңызы мен қорытындыларын талдау;
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысын жазуда көптеген арнаулы
зерттеулер мен оқу-құралдары, деректік материалдар мен мерзімдік
басылымдар, арнаулы зерттеулер пайдаланылды.
Бұл бітіру жүмысын жазуда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман
империясының жағдайына қатысты жазылған бірқатар деректерді мысалға келтіре
кетсек болады. Айта кету керек, диплом жұмысына тікелей қатысты конференция
келісімдерімен құжаттар: Mondros ve Mudanya Mütarekelerinin Tarihi [3],
Erzurum Kongresi [4], Sivas Kongresi [5], Amasya Protokolünün Tam
ve Gerçek Metni [6], Sevr Dosyası [7] және Lozan Barış Konferansı
[8] тағы басқа көптеген еңбектер жарық көрген. Осы құжаттық еңбектер
негізінде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясымен жеңімпаз
елдер арасындағы жасалынған келісімшарттар жайлы және ұлттық күрес
жылдарында түрік зиялылары тарапынан тәуелсіздік жолында жасаған іс-
әрекеттері туралы көптеп мағлұматтар алуға болады.
Сондай-ақ, бұл еңбекетерде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
жеңімпаз мемлекеттермен жасалынған келісімшарттардың үкімдерімен толық
танысуға болады. Ал енді арнаулы зерттеулерге жеке-жеке тоқталып өтетін
болсақ, Осман империясының бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңілісімен
алдағы өміріні бекітіп берген Мондрос келісімі жайлы Тевфик Бийиклиоғлу
[9], Фахир Армаоғлу [10] еңбектерінің орны ерекше. Бұл ғылыми зерттеулерде
Осман империясының ХХ ғасырдағы саяси жағдайы айтылған. Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуалына кең тоқталып, Мондрос
келісімшартының жасалуында ағылшындармен түріктер арасындағы дипломатияда
қайшылықтар туындағандығын, әр екі тараптыңда өз ұсыныстарын енгізуге
тырысуы осындай қайшылыққа әкеп соқтырғандығына анықтама жасаған. Сонымен
бірге Мондрос келімсімшарты толығымен Осман империясының территориясын
жаулап алу мақсатында жасалынғандығы, әсіресе келісімшарттың 7-бабы
жеңімпаз мемлекеттердің бүтін Осман империясының территориясын болып алуға
мүмкіндік бергендігі, азшылықты құрайтын ұлттардың тәуелсіз мемлекет құруға
жол ашқандығын талдаған. Дегенмен, келісімшарттың күшке енуімен орын алған
басқыншылыққа қарсы Ыстамбұл үкіметінің дәрменсіздігі де, жеңімпаз елдердің
өз ойларын іске асыруына жол ашып бергендігі айқын көрініс тапқан. Осы
мәселе жөнінде ғалымдар Сина Акшин [11], Ихсан Гунеш [12], Тулай Алим Баран
[13], Хусейн Казым Кадри [14] ғылыми еңбектерінің орны ерекше. Авторлар өз
ғылыми еңбектерінде басқыншылық кезеңінде Ыстамбұл үкіметінің үнсіздігіне,
айрықша ұлттық күресті басып жаншуға тырысқан Дамат Ферит үкіметінің
жіберген қателіктеріне үлкен мән берген. Шындығында да, олардың әрекеті өз
ұлтымен халқына жасаған қастандығы іспеттес болды.
Дегенмен ұлттық күреске қарсы бағытталған іс-әрекеттерге қарамастан
ұлттық топтың ортаға шығуымен Мұстафа Кемал төңірегіне жиналып конгрестерге
белсене қатысуы түрік халқының тәуелсіздікке деген сенімінен көрініс тапты.
Бұл жөнінде: З.Туная [15], А.Афетинан [16], Ж.Дұрсыноғлу [17], Ф.Кырзыөғлу
[18], Т.Ф.Ертан [19], У.Игдемир [20], М.Т.Гөкбилгин [21] сынды ғалымдар өз
еңбектерінде баян етеді. Бұл зерттеулерден өз елін басқыншылырадан азат ету
жолын іздестірген түрік зиялыларының бүкіл халықты бірігіп басқыншыларға
қарсы күресуге шақырғандығын, осы мақсатта конгрестер ұйымдастырып
жалпыхалықтық үндеулер тастағаны қарастырылған. Әр конгресте алдағы
жасалынатын қауіп-қатердің алдын алу басты мақсат болды. Сонымен қатар
Ыстамбұл үкіметініде жат жерлік басқыншыларға қарсы күш жұмылдыруға
шақырды. Авторлар еңбектерінен тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық күрестің
бастамасынан көптеп мағлұматтар алуға болады. Осындай белсенді әрекеттердің
арқасында Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі құрылып, елдегі жалғыз билік
екендігін жариялады [22]. Анкарада Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің
ашылуымен түрік ұлтының тарихында жаңа мемлекеттің іргетасы қаланды.
Сонымен қатар Атазаңмен мемлекет тұтастығын бекітті [23].
Тәуелсіздік жолында ұлттық майдандар құрылып басқыншыларға белсене қарсы
тұрды. Шығыста армяндармен, оңтүстікте француздармен және батыста
гректермен күрделі соғыстар жүрді. Бұл майдандардың ішінде әсіресе Батыс
майданындағы басқыншыларға қарсы күрес ұзаққа созылды. Жалпы алғанда
Ұлттық майдандардағы соғыстар жайлы А.Эндер [24], М.Кемал Өке [25],
Я.Акюз [26], Б.Йавуз [27], Й.Актар [28], Ф.Белен [29], И.Сөйсал
[30], Й.Өзкая [31], В.Акын [32] ғылыми еңбектерінен қарастыруға болады.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі. Дипломдық жұмыстың мерзімдік шегі 1918-
1923жылдар аралығын қамтиды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан
кейінгі Осман империясының территориясын жеңімпаз елдердің жаулап алу
күресімен басталып, Мұстафа Кемал Ататүріктің төңірегіне түрік халқының
бірігуінің арқасында жат жерлік басқыншылардан өз елін азат етіп, Осман
империясының орнына Ататүрік принциптеріне негізделген Түркия
Республикасының құрылуына дейінгі мерзімді диплом жұмысының хронологиялық
шеңбері ретінде алынды.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Жүйелеу, сыни-талдау,
логикалық қорыту, тарихи-салыстыру, проблемалық-хронологиялық әдістерін
қолдану мәселені зерттеуде объективтілікке қол жеткізудің басты шарттары
ретінде алынды. Аталған ғылыми-теориялық әдістер проблеманы терең
қарастыруға, объективті қорытынды жасауға зор мүмкіндік берді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
• Жеңімпаз елдердің Осман империясымен жасаған
келісімшарттарының Осман империясы үшін тиімсіздігіне анализ
жасалды;
• Осман империясының территориясын жеңген елдердің бөлісуі
соғыс барысында жасалынған Вильсон принциптеріне сәйкес
келместігі талқыланды;
• Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығымен шақырылған Сивас,
Эрзурум конгрестерінің тәуелсіздік жолындағы жасалынған,
бүкіл халықты бірігуге шақырған конгресс деген баға
берілді;
• Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ашылуындағы негізгі 
мақсаты Тәуелсіз Түркия мемлекетін құру екендігі дәлелденді;
• Түркия Республикасының тәуелсіздігін бекіткен Лозанна бейбіт
келісімшартының тарихи маңызы зор құжат екендігі талқыланды;
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, тармақшалар,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде жұмыс
тақырыбының өзектілігі және тарихнамаға шолу жасалды.
Бірінші тарауда — бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман
империясының жағдайы, Мондрос келісімінің жасалынуы және күшке енуімен
орын алған жаулаушылық соғыстар, басқыншылық кезіндегі Ыстамбұл үкіметінің
Одақтас елдермен бірлесе жұмыс атқару мәселелелері қарастырылды.
Екінші тарауда — Тәуелсіздікке қол жеткізу мақсатында ұлттық топтардың
ортаға шығуымен жасалынған конгрестер және бұл конгрестердің мақсаттары,
Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің құрылуы, тәуелсіздік жолындағы соғыстар
жан-жақты қарастырылды.
Үшінші тарауда — Тәуелсіздік жолындағы соғыстардың нәтижелері, Сұлтандық
биліктің жойылуымен мемлекеттің біртұтастығын бекіткен Лозанна бейбіт
келісімімен Түркия Республикасының жариялануы қарастырылды.

1 БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ КЕЛІСІМДЕР КЕЗЕҢІ

1.1 Соғыс қорытындысы Мондрос келісімінің жасалынуы

1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен Германия жағында
соғысқа кірген Осман империясы жаңа бір қараңғы кезеңге аяқ басты. Төрт
жылға созылған бірінші дүниежүзілік соғыс Осман мемлекетінің
біртұтастылығын жойды. Осман империясының бірінші дүниежүзілік соғысқа
кіруі Англия мен Франция кемелері неміс кемелеріне (Бреслав, Гобен) қарсы
күрескен кезде, неміс кемелері Чанаккале бұғазынан өтіп, Ыстамбұл аймағына
келуімен басталады. Осы кезде Англия Осман империясынан неміс кемелерін
тапсыруды талап етеді, Осман империясы бермеу мақсатында кемелерді сатып
алғандығын айтады. Кемелер капитаны Шансон соғыс министрі Енвер пашаның
жасырын бұйрығымен екі ел арасында одақ құру түралы құпия келісім жасалынып
Осман әскери күшімен бірігіп соғысады. Соғыстан Осман империясының
одақтастарымен жеңіліске ұшырап шығуымен Англия мен Франция Тракияда жеті
дивизиядан тұратын әскери күш жинауға тырысып жатты. Бұл күштердің Ыстамбұл
және бұғаздардан өтуіне кедергі жасауды қалаған осы кезеңде Ыстамбұл
үкімтін басқарған Иззет Паша келісім жасау жұмыстарыны жеделдетті. Тіпті,
1918ж 5 қазанда бейбіт келісім жасау мақсатымен Америка Құрама Штаттарының
президенті Вудро Вильсонға хат жібереді, алайда жағымды жауап алмайды.
Ахмет Иззет Паша 1918ж 19 қазанда Мәжілісте оқыған үкімет бағарламасында
жасалынатын келісім негізін талқылайды. Ахмет Иззет Паша: Америка мемлекет
басшысы тарапынан жарияланған теңдік құқықпен әділетті негізге ала отырып
бейбітшілікті адал ниетпен қабылдаймыз - деп, Вильсон принциптері
негізінде бейбіт келісім жасай алатындығын жеткізеді. Ахмет Иззет Паша
үкіметі келісім жасау жолдарын іздестірді [3,48].
Ағылшын Генералы Товнсхенд бірқанша уақыттан бері танитын Әскери Флот
басқарушысы Рауф Бейге хат жолдайды. Ол Осман мемлекетінің Англиямен
келісім жасаған кезінде Осман үкіметіне көмектесетіндігін айтады. Ағылшын
генералының былай айтуы Осман үкіметі үшін қайта келмейтін бір мүмкіндік
ретінде көрініс тапты. Өйткені үкімет келісім жасау үшін әртүрлі жолдарды
қарастырғанымен де, бірде бір жағымды нәтижеге қол жеткізе алмаған болатын.
Мондрос келісімі бойынша делегация төрағасы Әскери флот басқармасында
қызмет атқарған Рауф Бей ағылшын генералы Товнсхендпен келісім шарттарын
талқылайды. Бұл бойынша Осман мемлекетінің бейбітшілік шарттары мынадай:
• Ағылшындармен достасуды қалаған Осман мемлекеті бұл
мемлекеттің қамқорлығын қалайды;
• Ағылшындарға қарсы әскери әрекетін тез арада тоқтатады;
• Ыстамбұл үкіметінің Одақтас елдермен бірлесе жұмыс атқару
мәселелелері қарастырылды;
• Осман үкіметі Антанта елдерінің оккупациялануына дейінгі
аймақтарда Зати Шахапе құқығы негізінде автаномия берілуі
қарастырылады;
• Түркия қаржы және саяси тәуелсіздікке ие болады;
• Қажеттілік жағдайларында мәселелерді шешу үшін Түркияға
қаржылай көмек беріледі;
Бұл шарттарға қарсы Генерал Товнсхенд мынадай шарттарды алға тартады:
• Чанаккале бұғаздарының ағылшын кемелеріне ашылуы;
• Ирак пен Сирияға автономия берілуі;
• Еуропа мен Түрік шекараларының тіпті 1913 жылдағыдай етіп
өзгертілуі;
• Ағылшын тұтқындарының босатылуы;
Бұл шарттар Рауф Бей тарапынан келісілінеді. Ал, бас уәзір Иззет
Паша қорқыныш үреймен қарсы алады. Товнсхенд 1918 жылдың 20 қазанында
ағылшындардың Ақ теңіз эскадросының командирі Адмирал Галтроп пен
кездеседі. Адмирал Галтроп келісімнің өкілдігіне ие болғандықтан
келісімшарттарды көру мақсатымен Түркияға телеграф арқылы хабар жіберіп,
түрік делеганттарымен кездесуді ұйымдастырады. Осылайша, Рауф Беймен бірге
Харижийе Мустешари Хикмет және Курмай подполковник Садуллах Бейлер
делегант ретінде жіберіледі.
Түрік делеганттарына мынадай нұсқаулар мен тапсырмалар беріледі:
1. Бұғаздардан Мармараға енген соғыс кемелері бұл жерлерде екі күннен
артық қалмауы тиіс;
2. Келісімге қол қойған күннен бастап аймақтардағы агрессия тоқтатылады;

3. Осман мемлекетінің басқаруына араласпау және Түрік территорияларына
әскер түсірмейді;
4. Англия, Франция, Италия мемлекеттері Түркияға қаржылай көмектесуге
әрекет жасайды;
5. Келісімнен кейінде еркін сауда жасалына береді;
6. Ұлттық намысына теріс әсер тигізетін ешбір нәрсе қабылданбайды;
Делеганттар 1918ж 26 қазанда Измирден жолға шығады. Адмирал Галтроп
келісімшартқа кейбір шарттар енгізуді қалайды, алайда түрік
делеганттарының өз тапсырмалары бойынша келсімшартқа өзгертулер енгізуге
тырысуына байланысты екіжақты мәселе туындайды. Бұл орайда түрік
делеганттарыда Адмирал Галтроптың өзгертулерінің дұрыс еместігін айтады.
Одақтас мемлекеттер атынан ұсынылған мәтін шарттарының өте ауыр
болғандығына қарамастан ағылшындар түрік делеганттарының өзгертулерін
қабылдамауынан шарттарды мойындауға мәжбүр болды. Адмирал Галтроп келісімге
1918ж 30 қазанында не қол қоюды, не бас тартуды талап
етеді. Бес отырыс негізінде болып өткен кездесулер нәтижесінде 1918ж 30
қазан жұмыс аяқталынып Мондрос келсімі Агамемнон ағылшын крейсерінің
портында кешкі сағат 20.00 де қол қойылды. 1918ж 30 қазан Антанта
мелекеттері атынан Адмирал Галтроп пен Осман мелекеті атынан Рауф Бей,
Сыртқы істер министрі Решат Хикмет және подпалковник Садуллах Бейлердің қол
қойған Мондрос келісімі 25 баптан тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғысты
аяқтаған бұл келісім шын мәніндеде өте ауыр шарттарға және Осман
империясыны әлсіретуге бағытталған келісім болды. Әсіресе, Мондрос
келісімінің 7-бабы жеңімпаз мемлекеттердің бүтін Осман империясының
аумағын бөліп алуына мүмкіндік берді [9,15].
Мондрос келісімшартының негізгі талаптары:
1-бап. Чанаккале, Ыстамбұл бұғаздарының ашылуы, Қара теңізге еркін енуді
және Чанаккале мен Қара теңіз қамалдарының жеңімпаз елдер тарапынан жаулап
алынуын қамтамасыз етілуі;
2-бап. Осман теңіздеріндегі барлық өзі жүретін су асты миналары мен
патрон гильзалардың орналасқан жерлерін көрсетуі және бұларды сүзіп отуы
сондай-ақ тоқтатылуы үшін көмек көрсетілуі;
3-бап. Қара теңіздегі өзі жүретін су асты миналары туралы мәлімет
берілуі;
4-бап. Одақтас мемлекеттердің барлық тұтқындары, армян тұтқындарына мән
бермей Ыстамбұлда қайтарып берілуі;
5-бап. Шекаралардың тыныштығы және ішкі қауіпсіздіктің қамтамасыз ету
мақсатында Осман әскері тез арада демобилизацияланауы;
6-бап. Осман соғыс кемелері қайтарылып берілуі және Осман порттары
бақылауға алынуы;
7-бап. Жеңген мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайға
дейін жеткен Түркия аумағындағы кез келген стратегиялық бекетті басып алуға
құқылы болуы;
8-бап. Осман темір жолдарынан Одақтас мемлекеттерінің пайдалануы және
Осман сауда кемелері одақтас мемлекеттердің қолында болуы;
9-бап. Одақтас мемлекеттер Осман империясының порттарындағы құралдарды
пайдалануға;
10-бап. Торос тунеллдерінің Одақтас мемлекеттер тарапынан жаулап алынуы;
11-бап. Иран және Кавказда орналасқан Осман империясының қарулы күштері
жаулап алған жерлерінен кері шегінуі;
12-бап. Үкіметтің байланыс құралдары радио, телеграфқа Одақтастардың
бақылау орнатуы;
13-бап. Әскери, сауда және теңізбен байланысты болған қару-жарақтардың
талқандалуы;
14-бап. Одақтас мемлекеттерді көмір, мазут және май өнімдеріні түрік
жерінен қамтамасыз етуі;
15-бап. Барлық темір жолдарды Одақтас мемлекеттер тарапынан бақылау
орнатылуы;
16-бап. Хижаз, Асир, Йемен, Сирия және Ирактағы әскери күштер ең жақын
Одақтас мемлекеттердің қолбасшысына берілуі;
17-бап. Траблус және Бингазидағы Осман офицерлері ең жақын орналасқан
Италия горнизондарына тізе бүгуі;
18-бап. Траблус және Бингазиде Осман жаулап алуында болған порттардың
Италияға тізе бүгуі;
19-бап. Қызметі әскери немесе әскери болмаған Германия және Австрия
азаматтығындағылар бір ай ішінде Осман территориясынан кетуі;
20-бап. Әскер, қару-жарақтар, Осман әскерлерінің демобилизациялануы және
жүк тасу құралдарымен Одақтас мемлекеттерге берілуіне байланысты
бұйырылатын кез-келген бұйрықтың тез арада орындалуы;
21-бап. Одақтас мемлекеттерге қандайда бір мүше жұмыс істеп бұл
мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз етуі;
22-бап. Түрік әскери тұтқындарын Одақтастардың қарауына қалдыра отырып,
Одақтас державалардың құзырындағы адамдар арасынан әскери тұтқындарды
қарсылықсыз қайтару;
23-бап. Осман үкіметінің Орталық мемлекеттермен барлық байланыстары мен
қарым-қатынастарын үзуі;
24-бап. Вилаят-сите деп аталатын алты аймақтың (Эрзурум, Ван, Элазиз,
Диярбакир, Сивас және Битлис) біреуінде тәртіпсіздік орын алған жағдайда
оны одақтастардың басып алуына келісуі;
25-бап. Одақтастармен Осман мемлекеті арасындағы соғыс 1918ж 31 қазан
күні жергілікті сағатпен түстен кейін аяқталынуы;
Келісімінің өте ауыр үкімдерінің бірі 24-бап бойынша одақтастар Вилаят-
сите деп аталатын Диярбакир, Эрзурум, Ван, Сивас, Битлис, және Элазизты
жаулап алуға үлкен мүмкіндік алды. Бұл аудандар армяндардың тәуелсіз бір
мемлекет құруындағы қалауларын өз ішіне алатын аймақ болды және бұған сай
осы сәттен бастап Анадолының шығысындағы жерлер Арменстан мемлекеті
ретінде қабылданды [11,138].
Грекияның жеңімпаз мемлекеттер құрамында болып келісімге қатысуында
айрықша Осман мемлекетіне байланысты маңызды қалаулары болды. Мұны
делеганттардан Рауф Бей өте жақсы білді, келісімнің орындалуында
гректердің араласпауын алға тартты. Өйткені грек әскерлерінің түрік жеріне
енген жағдайда оларды кері шегіндіру өте қиын екендігін білді. Дегенмен
Рауф Бейдің ұсынысы орындалмады. Тек адмирал Галтроп өз атынан Рауф Бейге
хат береді. Хатта мынадай делінді:
- Чанаккале және Қара теңіз бұғаздарының тек Англия және Франция
мемлекеттері тарапынан ғана жаулап алынады;
- Жаулап алушы әскерлердің құрамында Түрік әскери күштерініңде болуы
үкіметке хабарландырылады;
- Ыстамбұл және Измирге грек әскерлерінің жіберілуі жөнінде Түрік
үкіметіне хабарлайды;
- Осман үкіметінің қауіпсіздігін қорғау мақсатымен Ыстамбұл жаулап
алынбайды;
- Осман мемлекеті мен Англия арасындағы достық қатынастар орнату жөнінде
ықылас танытқандығымен бұл хатты Падишах және бас уәзірден басқа ешкімге
көрсетпеуі түралы өтінеді;
Ағылшындарға болған сенімділігімен Рауф Бей келісімге еш күмәнсіз қол
қояды. Шын мәнінде бұл хатта Мондрос келісімінің баптары мүлдем айтылған
жоқ. Рауф Бей Ыстамбұлға келгенінде келісім ынтымақтастық пен бейбітшілік
мақсатымен жасалынғандығын, Ыстамбұлға бірде-бір дұшпан әскерлерінің
кірмейтіндігін айтады. Мондрос келісімі күшке енгеннен бастап Одақтас
мемлекеттер түрік ұлтыны езуге, тәуелсіздігінен айыруға қолдары жетіп,
жаулап алушылық соғыстарын бастайды. Бұдан кейінгі оқиғалар жеңімпаз
державалардың империяның аумағын бөлісуге кірісуімен жалғасты [2,27].

1.2 Елде орын алған жаулаушылық соғыстар

Мондрос уақытша келісімі күшке енгенен бастап Одақтас мемлекеттер түрік
ұлтыны езуге, тәуелсіздігінен айыруға қолдары жетіп, жаулап алушылық
соғыстарын бастайды. Әсіресе әскери күштердің таратылуымен келісімнің
7-бабымен Антанта елдері өздерінің қалауларын орындауға тырысты. Шығыс
Анадолы мен Оңтүстік Анадолы Түркияның айрықша ұлттық күрес жылдарындағы
Одақтас елдердің ең көп ойындар ойнаған жерлер аралығы болды. Одақтас
мемлекеттер Мондрос уақытша бітіміне қол қойылғаннан бастап жаулап алушылық
соғыстарын бастап жібереді. Осман территориясын қарсылық көрсете
алмайтындай етіп жаулап алу үшін алғашында Осман әскери күштерінің
таратылуын қалады. Ахмет Иззет Паша үкіметі әскер басшыларына жіберген
бұйрықтармен еш қарсылық көрсетпеуіні қалайды. Бұл жаулап алулар жасырын
бөлісу есептері бойынша жүзеге асырылды. Адана, Урфа, Мараш пен Антепте
Франция әскерлері; Ескишехир, Афион, Мерзифон мен Самсунда ағылшын
әскерлері; Анталия мен Конияда Италия әскерлері жүрді. Италияндықтар
Анталья, Мармарис пен Бурдурға басып кіреді.
1918ж 1 қарашада ағылшындар түрік емес халықтарға зорлық-зомбылық, қысым
көрсетілуде деген сылтаумен Мосулдың 20 км оңтүстігіндегі Хамамаликты
басып алады. 1918ж 2 қарашасында Мосулдағы 6-ші әскер басшысы Али Ихсан
Пашаға ағылшын генералы Мосул жеріне кіретіндігін және қан төгілместігі
үшін қарсылық көрсетпестігін айтады. Түрік әскери күштерінің Нусайбинге
дейін кері шегінуіні талап етеді. Ағылшындар келісімнің 7-бабын алға
тартады және әскердің Одақтас мемлекеттеріне тізе бүгуін талап етеді. Осы
аймақта болған Али Ихсан Пашаның басқыншылыққа тез арада қарсылық
көрсетуіне байланысты ағылшын әскери күштері басып алуды жалғастырып 1918ж
3 қарашасында Мосулды жаулап алады. Түрік әскерлері ағылшындарға тізе
бүгуіден басқа амалы қалмайды. 1918ж 8 қарашада ағылшын әскерлері Мосулда
әрекетке көшіп түрік байрағының орнына ағылшын байрағын іледі.
Ағылшындардың басқыншылығына қарсылық көрсеткен Али Ихсан Пашаны Ыстамбұлға
шақырып, қызметінен алынып тұтқындалып біраз уақыттан кейін басқа
тұтқындағылармен қоса Мальтаға сүргін етеді [33,139].
Мосулдан кейін Искендурунға әскер шығарылуыны және қаланы жаулап
алатындығын білген Мұстафа Кемал Паша оларға қарсылық көрсетті. Бас Уәзір
Ахмет Иззет Пашаға жіберген телеграфтарында, бұл жаулаушылықтың құқықсыз
екендігіні, Искендурунға жіберілетін ағылшын күштеріне қарсы күресетіндігін
хабарлайды. Бұған алаңдаған Иззет Паша ағылшындармен қақтығыстың туындамауы
үшін Йылдырым Әскери тобыны таратады. Билігінен, лауызымынан айырылған
Мұстафа Кемал Паша Қорғаныс қызметіне қойылып Ыстамбұлға шақырылады.
1918ж 9 қарашада Искендерунды басып алады және Антеп, Мараш
уәлияттарымен жаулап алушылық соғыстарын жалғастырады. 1918ж 10 қараша
күнні ағылшындар Чанаккалеге кіріп, қаланы жаулап алды. 9-12 қараша
аралығында Франция, Италия, Грекия, Англияның 61 соғыс кемесінен құралған
эскадро Чанаккале бұғазынан өтіп, 13 қараша Ыстамбұл маңына келеді және
Долмабахче жанында тоқтады. Бұл флоттан қажетті деп білген аймақтарға 3300
кісілік әскери күш шығарды. Хайдарпашадан Андолыға созылған теміржолға
келісім мемлекеттерінің әскерлері орналастырылады. Османлы үкіметінің
қарсылығы еш нәтиже бермейді. Осылайша Осман мемлекетінің астанасы болған
Ыстамбұл Одақтас елдердің әскерлеріне толы болды. Англия, Франция, Италия
әскери орталық құрып Османлы үкіметіні қысымға ала бастады. Мондрос
келісіміне қол қойған Осман мемлекеті бұл келісімнің орындалуында еш
қарсылық көрсете алмайды.
Одақтас мемлекеттердің теңіз флоты Измир порты маңына келіп, Измирдегі 8-
Түрік әскер басшысы Нуреттин Паша қарсыласу үшін күштері күшейтілуіні
Ыстамбұлдан көмек сұрайды. Көмек көрсетілмеуінен күштері таралып кетті.
Измирге енген Антанта теңіз флоттары бұл жерде Қоршау Басқармасыны құрды.
Ағылшын әскери күштері 1919ж қаңтарда Араппинар және Сифтек теміржол
станцияларын тартып алады. Ағылшындар 200 адамдық жасақпен Самсунға келіп,
Урфаны басып алады. Сайкес-Пикот құпия келісімінде Антеп, Мараш және
Урфамен Мосул аймақтарының Францияға берілуіне қарамастан ағылшындардың бұл
жерлерді басып алуының басты себебі бұл жерлерде мұнай болғандығында еді.
Ағылшындардың Антеп, Мараш, Урфа және басқа да жерлерді жаулап алуына нақты
себеп болмағандықтан олар басып алу себебі ретінде жоғарыда атап өткендей
уақытша келісімнің кейбір баптарын алға тартады [34,135].
Мондрос келісім баптарының анық нақты болмағандығы Одақтас
мемлекеттердің жаулаушылық соғыстарыны кеңейте түсуіне мүмкіндік берді.
Келісім үкімдеріне Бакуда болған Кавказ ислам әскери күштері және Сирия
майдандарында орналасқан Йылдырым әскери күштер тобының бір бөлігі бағынып,
тізе бүкпейді. Кавказ әскери күштерінің басшысы Казим Карабекир Паша
бағынбағандықтан оны Трабзонға жібереді. Біршама уақыттан кейін грек
кемелері Ыстамбұлға келіп қалаға билік жүргізе бастайды. Порттарды бақылау
Англия, Франция және Италия мемлекеттерінің қолына өтеді. Ыстамбұлда
орналасқан Одақтас елдердің әскери күштері түріктердің ғасырлардан бері
христиандарға зұлым көрсетті деп, италян және армяндарға тұрғын үйлермен
қызметтер беріп оларды Ыстамбұлдың басқарушысы дәрежесіне дейін көтереді.
Армяндардың Одақтас мемлекеттермен бірлесе жұмыс атқаруы олардың Шығыстағы
6 уәлияттан басқа Карс және Ардаханды алуы және мұндай жағдайларға
ағылшындардың бейтараптылығы толығымен Мондрос уақытша бітіміне қарсы еді.
Ал, түрік халқы бұл келісімді мүлдем басқа жағдайда АҚШ президенті
В.Вильсонның 1918 жылғы 8 қаңтарда жасаған ұлттық татулық принциптеріне
сай болуына үміттенген болатын. Антанта елдерінің басқыншылық әрекеттері
Вильсон принциптерінің бірінші және он екінші бабына сәйкес болған жоқ, бұл
баптарда былай делінген:
1-бап. Жеңген елдер жеңілген елдерден ешқандай жер және соғыс ақшасын
талап етуге құқысы жоқ;
12-бап. Осман империясының біртұтастығы сақталына отырып, тек қана басқа
ұттар көп шоғырланған аймақтар ғана автаномия алуға құқылы;
Яғни Осман мемлекетіні негізге ала отырып түріктерге өз территориясында
бейбіт өмір сүру құқығын берген болатын. Жеңімпаз мемлекеттер Анадолының
ең маңызды орталықтарыны өз бақылауына алды. Уақыт өткен сайын жеңімпаз
елдер Самсун және тіпті Анкара сияқты ірі маңызды қалаларды өз басқаруына
алуға тырысумен болды. Жеңімпаз елдердің басқыншылық әрекеттерінің Вильсон
принциптеріне сай еместігіні талқылау алдағы Париж бейбіт конференциясына
қалдырылды [10,132].
Англияның жаулап алған аймақтары:
1918ж 3қараша
Мосул;
1918ж 6-12
қараша Чанаккале бұғаздары;
1918ж 9 қараша Искендерун;

1918ж 7 желтоқсан Антакия;
1918ж 24 желтоқсан
Батум;
1918ж 27 желтоқсан Килис;

1918ж желтоқсан Анкара теміржол станциясы;
1919ж 1қаңтар Айинтап;

1919ж 3 қаңтар Кераблус;

1919ж 15 қаңтар Хайдарпашша теміржол станциясы;
1919ж 22 қаңтар
Кония теміржол станциясы;
1919ж 1 ақпан Тургутлу-Айдын теміржолдары;
1919ж 22 ақпан Мараш;

1919ж 27 ақпан Бирежик;

1919ж 9 наурыз Самсун;

1919ж 16 наурыз Харабназ және Телебяз;

1919ж 24 наурыз Урфа;

1919ж 30 наурыз
Мерзифон;
1919ж 13 сәуір Карс;

Францияның жаулап алған аймақтары:
1918ж 9 қараша Шығыс Тракия
теміржолдары;

1918ж 6-12 қараша Чанаккале бұғазы;
1918ж 11 желтоқсан Дөртйол;

1918ж 17 желтоқсан Мерсин;
1918ж 27 желтоқсан
Торос тунельдері, Адана және Позанти;
1919ж 15 қаңтар Шығыс теміржолдары;
1919ж 1 ақпан Тургутлу-Айдын
теміржолдары;
1919ж 3 ақпан Чифтехан және Ақкөпір;
1919ж 16 сәуір Афйон теміржол
станциясы;
Италияның жаулап алған аймақтары:
1919ж 28 наурыз
Анталия;
1919ж 26 сәуір Кония теміржол
станциясы;
1919ж 4мамыр Кушадасы;
1919ж 11 мамыр Фетхийе,
Бодрум;
1919ж 11 мамыр Мармарис;

1919ж 14 мамыр Ақшехир;
1919ж 21мамыр Афйон;

1919ж 27 мамыр Малкара;

1919ж 28 маусым Бурдур;
Грецияның жаулап
алған аймақтары:
1919ж 9 қаңтар Ұзынкөпрі-Хадымкөй теміржолы;

1919ж 15 мамыр Измир;

1.3 Басқыншылық кезіндегі Ыстамбұл үкіметі

1918ж 30 қазанында Мондрос келісіміне қол қойылғаннан 1922ж 11 қазанында
Мудания келісімі жасалғанға дейінгі төрт жылға созылған кезеңге Келісімдер
кезеңі деген атау берілген. Осылайша Мондрос келісіміне қол қойылғаннан
бастап Келісімдер кезеңі деп аталатын кезеңге бастау алды. Бұл кезең өте
жоғары дәрежеде қарсылыққа толы кезең болды. Келісімдер кезеңінде билік
Мехмет Вахдеттиннің қолында болды. Соғыста жеңіліске ұшыраған соң, елден
қашқан Иттихат және Теракки партиясының жетекшілері мемлекеттен қашып басқа
жерлерге кеткеннен кейін елдің тағдыры Хурриет ве Итилаф партиясының
қолында болды. Мехмет Вахдеттин Сұлтан Решадтың қайтыс болуынан кейін 1918ж
3 тамызында таққа отырып, 1922ж Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) 1
қарашасында Сұлтанат және Халифат ты бір-бірінен ажыратып, Сұлтанат
жойылуына дейін билік жүргізді.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін орын алған жағдайлармен басқыншылық
соғыстар кезеңінде Мехмет Вахдеттиннің алдында екі таңдау болды: соғысу
немесе тізе бүгу; Мехмет Вахдеттин екінші таңдауды жасады. Бірінші
дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Османлы бас уәзірі Талат паша 1918ж
3 қыркүйек Еуропаға барған сапарында Одақтас елдердің бейбітшілік жөніндегі
ойларын үйренуге тырысады, бірақ бұл әрекетінен ешбір нәтиже алалмайды.
Вахдеттин 1918ж 21 желтоқсанында Межлиси Мебусан депутаттар мәжілісін
таратып, Тевфик Паша үкіметіне бейбітшілік болмағанға дейін сайлау болмауы
туралы қарарды алдыртады. Сондай-ақ, жаңа сайлаулардың төрт ай ішінде
жасалынатындығы айтылды. Мондрос келісімі жасалынып парламентте талқыланған
кезде, сыни бағаланады. Мұндай сұрақтарға берілген жауаптары басқа жеңілген
мемлекеттердің жасаған келісімдері бұданда, ауыр екендігі алға сүрілді.
Мемлекет бұл кезеңде әскери және саяси күш-қуаты жағынан елдің
тәуелсіздігін қорғай алмайтындай жағдайда еді [35,222].
Бұл кезеңде тез-тез кабинеттер ауыстырылды. Бас уәзірге үміткерлікке
Тевфик Паша мен Дамат Ферит Паша ортаға шығып отырды. Талат Паша үкіметі
1918ж 8 қазанында өз жұмысын тоқтатқаннан кейін Сұлтан Вахдеттин үкімет
құруды Тевфик Пашаға тапсырады, алайда ол тез арада үкімет жұмысын
бастамағаннан кейін, үкіметті құру Ахмет Иззет Пашаға бұйырады. Бұл кезеңде
құрылған үкіметтер көбінесе жаулап алушылық пен басқыншылыққа қарсы саясат
іздеді. 1918ж 11 қазан-1918ж 8 қарашасындағы Ахмет Иззет Паша кабинетінің
жобасы бойынша үкіметтің басқыншылыққа қарсы күресіндегі алғашқы әрекеті
бейбіт келісімге қол қою, ішкі және сыртқы бейбітшілікті нығайту болды. Бұл
орайда ол Вильсон принциптерін алға тартты. Ахмет Иззет Паша мемлекет
ішінде орын алған қиын-қыстау кезеңді көріп уақытты жоғалтпай бар күш-
жігермен бейбіт келісімге келуге тырысады. Дегенмен бірінші дүниежүзілік
соғысты аяқтаған Мондрос келісімі өте ауыр шарттарға және Осман империясыны
әлсіретуге бағытталған келісім болды.
1918ж 3 қарашада Мосулды жаулап алғаннан кейін Искендурунға әскер
шығарылуыны және қаланы жаулап алатындығын білген Мұстафа Кемал Паша
басшылығындағы әскер оларға қарсылық көрсетуге тырысады. Бас уәзір Ахмет
Иззет Пашаға жіберген телеграфтарында бұл жаулаушылықтың заңсыз екендігіні,
Искендурунға жіберілетін ағылшын күштеріне қарсы күресетіндігін хабарлайды.
Бұған алаңдаған Иззет Паша ағылшындармен қақтығыстың туындамауы үшін
Йылдырым Әскери тобыны таратады. Билігінен айырылған Мұстафа Кемал Паша
Қорғаныс қызметіне қойылып Ыстамбұлға шақырылады.
Иззет Паша кабинетінен кейін 1918ж 11 қараша-1919ж 3 наурыз аралығында
Тевфик Паша үкіметінің жобасы алдыңғы жобаларға ұқсас болды. Мұстафа Кемал
Антанта елдерінің қалауларымен Ыстамбұлға 1918ж 13 қарашада келгенде Тевфик
Паша үкіметі құрылған еді, бірақ әлі сенім вотумыны алмаған болатын. Ахмет
Иззет Паша үкіметімен көптеген жұмыстар жасауға болатындығын түсінген
Мұстафа Кемал Иззет Пашамен кездеседі. Бұл кездесуде: жаңа бас уәзір Тевфик
Пашаның мәжілістен сенім вотумыны алмауы үшін тырысуыны және Ахмет Иззет
Пашаның бас уәзірлікке оралуыны жоспарлайды және осы күннің өзінде Мұстафа
Кемал Вахдеттинмен алғашқы кездесу өзкізеді. Бірақ бұл әрекеттерінен нәтиже
шықпайды, бас уәзірлік қызметіне Тевфик Паша тағайындалады. Тевфик Паша
тұсында Париж бейбіт келісіміне жіберілетін делегация құрылады.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың қорытындысын жеңiлген елдермен бейбiт
келiсiмдермен бекiту және соғыстан кейiнгi дүниежүзiнiң құрылым мәселесiн
шешу үшiн 27 елдің өкілдері 1919ж 18 қаңтарында Париж бейбіт
конференциясына жиналып, конференцияны ашты. Париж бейбіт келісімінде
жасалынатын бейбіт келісім Осман мемлекеті үшін қорытынды жақсы нәтиже
шығаруын қалады. Дегенмен басқа мемлекеттердің де өз қалаулары болып, осы
қалауаларыны Париж бейбіт келісімінде ресми түрде бекітуге белсене
атсалысты. Тіпті армяндардың халық уәкілі Богом Нубар 1919ж ақпанда Париж
бейбіт конференңиясына ұсыныстар жасады. Ол бойынша армяндарға Ван, Битлис,
Диярбакир, Харпут, Сивас, Эрзурумнан және Трабзоннан тұратын шығыс аймақты,
оңтүстік-шығыста Мараш және Козанмен Османийе, Искендерун аймақтарымен
Адананы беруді сұрады. Дегенмен соғыс жылдарында жасалған құпия
келісімдерде армяндарға ешбір жерді бөліп бермеген болатын. Соғыстан
кейінге дипломатияда жеңімпаз мемлекеттер армяндарды Осман мемлекетінің
территориясын иеленуде басты құрал ретінде яғни Осман мемлекетінің ішінде
қарсылық туғызумен әлсіздендіру үшін пайдаланды. Мұндай көріністі Севр және
Лозанна келісімдерінен айқын көруімізге болады. Севрде армяндарға ешбір
аймақты бермеуімен, ал Лозанна келісімінің мәтінінде армяндар жайлы сөзде
айтылмады [36,76].
Англия мен Францияны бәрінен бұрын Осман иелігінің жағдайына қатысты
мәселе мазаландыра түсті, яғни ол 1916 жылы мамыр айында Сайкес-Пикодағы
құпия келісім бойынша бекітілуі тиіс болатын. Танымал болғандай, италян
құпия келісімі туралы естіп бір жылға жуық уақытқа дейін өзін Осман иелігін
бөлу операциясына қатыстыруды талап етумен болды.
Грек тарихшыларымен мемлекет қайраткерлері грек империализмының мақсаты
болған Ұлы Грекия идеясы барлық грек ұлтыны бір аймақта топтастыру
саясаты болып, Византия империясыны қайта жандандыруды көздеді. Ал бұл
Грекия патшалығы Батыс Анадолыдан Қаратеңізге дейін созылып, Тракия,
Анадолы аймақтарымен Ыстамбұлды қамтитындығын көрсетті. Бұдан көретініміз
грек басқыншылығы дәл осы мақсаттар негізінде жүзеге асты. Яғни, Грекия тек
Измир үшін ғана емес тіпті Қаратеңізге дейін Понтус мемлекетін құру үшін
күрес жүргізді. Венезилос грек қалауыны ресми орындау үшін 1919ж 3-4 ақпан
Париж бейбіт конференциясына қатысты. Ол Батыс Анадолыны Осман мемлекетінен
ажыратуға тырысты.
Конференция барысында ірі мемлекеттер өз мақсаттары жолында қарсылыққа
тап болды. Париж бейбіт конференция Измирді Грекияға беруде мемлекеттер
арасында қарсылықты туғызды. Дегенмен Грекия көп ұзамай 1919ж 15 мамырда
Одақтас мемлекеттердің теңіз флотына сүйене отырып Измирге әскер енгізеді.

Осман империясында бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі орын алған
ұлттық күрес жылдарында бас уәзірлердің тез-тез ауысып тұруы және олардың
ұстанған бағытының әртүрлі болуы ұлттық күрестің жеңіске жетуіне кедергі
жасады. Тевфик Пашаның бірінші үкімет құруынан кейін 1919ж 4 наурызымен-
1919ж 16 мамырына дейін жұмыс атқарған Дамат Ферит Паша үкіметі түгелдей
басқыншыларға тізе бүгуді қолдады. Осындай бағытына қарамастан үкіметте
әжептеуір уақыт қызметте болды. Дамат Ферит Паша үкіметі Вахдеттин падишах
кезінде 1919ж 4 наурыз-1919ж 30 қыркүйек аралығында үш рет, 1920ж 5 сәуір-
1920ж 18 қазан аралығында екі рет жалпы бес рет үкімет құруды жалғастырып
отырды. Осы орайда Дамат Ферит Пашаның жеке өміріне мән беретін болсақ, ол
1885ж Сұлтан Абдулмежидтің қызы Мадина Сұлтанға үйленіп, 1887ж уәзір
дәрежесіне көтеріліп Паша лауазымын иеленеді. Оның саяси беделі қайны
Сұлтан Мехмет VI Вахдеттин кезеңінде өрлей түсті. Дамат Ферит Паша құрған
үкіметтері ұлттық күресті біле тұра көптеп елге зиян келтірді. Дамат Ферит
Пашаның пікірінше, Мондрос келісіміне көнуден басқа ешқандай амал жоқ,
басқыншылыққа қарсы шығу Антанта елдерінің ашуына тиіп басқыншылықты
күшейтуіне себеп болады деп ойлады. Әрі, падишах Вахдеттиннің ойыда дәл
осылай болды. Жаңадан құрылған Дамат Ферит Паша үкіметі Антанта елдерінің
сеніміне ие болу үшін бұрыңғы Иттихат лидерлеріні тұтқындай бастады.
Тұтқындалғандардың ішінде Мұстафа Кемал - Рауф - Фетхи үштігі деп
сипатталынатын отансүйер-ұлтжанды құрамнан Фетхи Бейде бар еді. Ыстамбұл
үкіметімен бірлесуге тырысқан Мұстафа Кемал Пашамен оның достарының қаншама
әрекеттері нәтижесіз болып, ақыр соңында Анадолыға жол тартуына, үкімет
және Антанта елдерінің байланыспай басқа жерде Отан үшін күресуден басқа
амалы қалмады. Ыстамбұлда Мұстафа Кемал Паша орын алған саяси мәселелерді
шешуге тырысады және Шишлидегі жақын таныс достары мен жасалынатын істерге
жоспар жасайды. Олардан Исмет Инөну, Февзи Чакмак, Фетхи Окяр, Али Фуат
есімдерін айтуға болады. Олар Анадолыға жол тартуға бет бұрды. Дамат Ферит
1919ж 30 наурызында Ыстамбұлдағы ағылшын жоғары комиссары адмирал Галтропты
Падишах Мехмет Вахдеттинның атынан барып кездесу өткізеді және оған Осман
мемлекетінің ағылшындарға тізе бүгіп, мойынсұнуыны айтады. Дамат Ферит
1919ж 30 наурызында Ыстамбұлдағы ағылшын жоғары комиссары Адмирал Галтропты
Падишах Мехмет Вахдеттинның атынан барып кездесу өткізеді және оған Осман
мемлекетінің ағылшындарға тізе бүгіп, мойынсұнғандығын айтады. Вахдеттин
мен Дамат Ферит Паша үкіметі Мондрос келісімінің жүзеге асырылуы үшін
қолдарынан келгенін аямады.
Тевфик Паша мен Дамат Ферит Паша үкіметіне өз айтқанын орындатқызған
ағылшындар Анадолыдағы ұлттық әрекеттің күшеюіне және елдегі ұлттық
күрестің өршуіне жол бермеу үшін бақылау орнатты. Ағылшындармен жақындасу
және айтқанын істету Дамат Ферит Паша үкіметі кезінде жоғары дәрежеде дами
түсті. Сұлтан Вахдеттин және Дамат Ферит Паша үкіметі ағылшын комиссары
Адмирал Галтроппен төмендегі шарттарды негізге ала отырып қорғанысты
нығайтпақшы болады:
1.Ағылшындарға сұлтанның қол астындағы Азия және Еуропа аймақтарындағы
керекті деп білген жерлерді, Түркияның басқыншыларға қарсы тәуесіздігіні
қорғау және ішкі тыныштықты сақтау мақсатымен 15 жыл жаулап ала алады;
2. Арменстан ағылшындардың қалауы бойынша тәуелсіз дербес мемлекет
болады;
3. Қаратеңіз және Чанаккале бұғаздары ағылшындар тарапынан алынады;
4. Ағылшындарға керек орталықтарда немесе аймақтарда қаржы бақылауы
болады;
Дамат Ферит Пашаның алғашқы үкіметі 1919ж 16 мамырында жұмысын
тоқтатып, 1919ж 19 мамыр-1919ж 20 шілдеде екінші үкімет жұмысын
жалғастырады. Дамат Ферит Паша үкіметі Измирдің жаулап алынуынан кейін де,
ағылшындардың саясатын жүргізе берді. Оның үстіне жаулап алушылықтан кейін
елде орын алған, айрықша 1919ж 25 мамырында Бейазит және Бесіктаста орын
алған наразылық шерулеріне тиім салынуыны дұрыс деп бағалайды. Сондай-ақ,
халықтың жаулап алушылыққа қарсы болмауыны және қарсылықта көрсетпеуіні
қалады. 1919ж 20 шілдеде екінші Дамат Ферит кабинеті жұмысын тоқтатып,
1918ж 21 шілде – 1918ж 30 қыркүйек аралығында үшінші рет өз үкіметін
жинақтады. Бұл кезеңде де ағылшындармен бірлесе жұмыс атқарып, Анадолыдағы
ұлттық әрекеттерді басып жаншуға тырысты [11,95].
Ұлттық күрес қозғалысыны түсінбейтін, қолдамайтын адамдардың бірі Дамат
Ферит Паша болып, оның үкіметі Сивас конгресі болуының алдында Мұстафа
Кемалды қызметінен шеттетіп, тұтқынға алынуыны және Сивас конгресінің болып
өтуіне кедергі жасауға тырысты. Дамат Ферит Паша үкіметіне жақындығымен
көзге түсетін Кайсери ұлт уәкілі офицер полковник Али Бей Элазигге уәкіл
ретінде жіберіледі және оған құпия міндет жүктелінеді. Бұл құпия міндет
Сивас Конгресіне кедергі жасау және айрықша Мұстафа Кемал Паша мен Рауф
Бейды ұстап тұтқынға алу, ол өз міндетін орындау үшін Ыстамбұл үкіметіне
бірнеше шарттар қояды және бұл шарттар қабылданғаннан кейін ғана өз жұмысын
бастайды. 1919ж 3 қыркүйекте Ыстамбұл үкіметінен алынған нұсқауда:
күрттерден құрылатын 100-150 кісілік бір күшпен Сивасты басып алуы,
конгресті тоқтатып ұлттық әрекетке қатысушылар мен байланысы бар адамдарды
Ыстамбұлға жіберуді ұйымдастырады. Сол кездерде ағылшын тыңшысы майор
Едуард Ноел Малатяға келіп сол жерлерде басшылармен күрттік насихат
жүргізеді.
Сивасты алу және Мұстафа Кемалмен оның достарын ұстау Али Бей мен бірге
ағылшын майоры Ноелге жүктеледі. Али Бейдің Ыстамбұл үкіметімен жасаған
құпия телеграф жазбаларында Эрзурумда болған Казым Карабакир Паша тарапынан
үйреніліп Сиваста ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ататүрік және оның түрікшілдік идеясы
Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлт топтастырудағы саяси қызметтері арқылы саяси лидерлік феноменін талдау
Ататүрік – саяси келбеті
Мұстафа Кемал Ататүрік
Мұстафаның жастық шағы
Түрік республикасында Ататүрік реформасының модернизациялау нәтижесі
Ататүрік
Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғыста
Мұстафа Ататүрік Өмірбаяны
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасысының қарым-қатынасы қазіргі заманғы өркениетті мемлекеттер байланысының үлгісі (М.К.Ататүріктен – Н.Ә.Назарбаевқа дейін)
Пәндер