Еуразиялық экономикалық қоғамдастық



ЖОСПАР

Кіріспе 2

Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі 3

Қорытынды 10

Әдебиеттер тізімі 13
Кіріспе

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.
Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат көзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.
Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық – құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік – экономикалық және валюталық – қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда – экономикалық және өндірістік – технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.
Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайлардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық ролі мен орнын, жаңа құрылымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі.
Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариялаған болатын. Содан бері жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда.
Әдебиеттер тізімі

1. Барковский А.Н., Краснов Л.В., Рыбаков О.К. СНГ На пути к экономическому союзу. Москва, 2000.
2. Гаврилов В. Интеграции в СНГ и национальные интересы. Москва, 1993.
3. Евразийское пространство интеграционный потенциал и его реализации. Ответственный редактор Тажин М.М. Алматы, 1994.
4. Исингарин Н. Проблемы интеграции в СНГ. Алматы, 1998.
5. Исингарин Н. Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции. Алматы, 2000.
6. Исингарин Н. 10 лет СНГ. Проблемы, поиски, решения. Алматы, 2001.
7. Кушкунбаев С. Центральная Азия на пути к интеграции: геополитика, этничность, безопастность. Алматы, 2002.
8. Лаумулин М. Казахстан в современных международных отношениях: безопастность, геополитика. Алматы, 2000.
9. Мацнев Д. Интеграционная стратегия для стран СНГ. Москва, 1997.
10. Назарбаев Н.А. Евразийский союз идеи, практика, перспективы 1994-1997. Алматы, 1997.
Назарбаев Н.А. Сын

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі 3
Қорытынды 10
Әдебиеттер тізімі 13

Кіріспе

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі
Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі
оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ
империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922
жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін
тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып
құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен
шығындармен жүруде.
Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар:
қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе
Батыстың шикізат көзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық
Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік
аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.
Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің
халықаралық – құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік
– экономикалық және валюталық – қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ
Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар.
Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық
кешен қирады, көптеген сауда – экономикалық және өндірістік – технологиялық
байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы
отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық
мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.
Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің
құрылуынан кейінгі жағдайлардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық ролі мен
орнын, жаңа құрылымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру
жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын
қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік
қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және
ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет
ретінде әлемге әйгілі.
Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде
өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар
арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді
белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен
ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы
желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариялаған болатын. Содан бері
жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда.

Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі

Көпжақты, сондай-ақ екі жақты үлгідегі ТМД елдерінің өзара
қарым–қатынастары негізінде экономикалық ынтымықтастық жатыр. Өйткені,
Достастық елдерінің экономикасы бұрынғы КСРО-ның бір кезде біртұтас халық
шаруашылығы кешенінің құрамдас бөлігі болатын. Қазір ТМД мемлекеттерінің
алдында балама тұр: олар бірлесіп индустриалды дамыған елдердің қатарына
қосылуды немесе мұнай, газ, арзан жұмыс күшін жеткізушілер ретінде әлемдік
экономиканың бір қалтарысында қалады.
Тұтас аймақтар мен құрлықтардың өсе түсіп отырған интеграциясы XX
ғасырдың аяғына тән сипат болып табылады. ТМД елдері осы негізгі үрдістен
шет қала алмайды. Әлемдік даму жолына тұру үшін Достастық елдерінің ең
алдымен экономикалық тұрғыдан интеграциялануы қажет. Кәсіпорындар
арасындағы өндірістік техникалық және кооперациялық байланыстар, олардың
ұйымдық және халықаралық құрылымдарын құрудың ұқсас жүйесі, жаңа тәуелсіз
мемлекеттердің біртұтас ғылыми технологиялық базасы – олардың бұрынғы
біртұтас халық шаруашылық кешенінде болғандығына байланысты туындайды.
Істің шын мәнінде осы фактор елеулі деңгейде ТМД-ғы интеграциялық
процестердің дамуын айқындайды.
Түрлі жағдайларға байланысты ТМД елдерінің басшылары Достастық
мақсаттары мен міндеттерін бір мәнді қабылдай алмады. Біреулерге Достастық
КСРО шеңберіндегі республиканың мәртебесінен толық дербестік жолындағы
аралық кезең сияқты көрінді. Мұндай елдер ТМД-ғы шартты мүшелігін сақтай
отырып, барлық күш-жігерін басқа мемлекеттермен экономикалық және саяси
ынтымақтастыққа бейімдеуге бағытталды. Достастық елдер арасындағы қарым-
қатынаста сенім білдірушіліктің болмауы белгілі бір деңгейде ТМД-ң тиімді
жұмысына кедергі келтірді деп айтуға болады. Ресейдің зор экономикалық,
адамдық және әскери әлеуетінің болу фактісі оның басқа мемлекеттермен тең
құқықты қарым-қатынас құру ниетінің шынайылығына бірқатар елдердің күмәнін
туғызды. Көп жағдайда мұндай күдіктің орын алуына жекелеген ресейлік
саясатшылардың жауапсыз, кейде тіпті арандату сипатындағы сөздері себепші
болды:
Тәжірибе көрсетіп отырғандай аймақтық экономикалық интеграциялық
үрдісі өте күрделі ол өзіне келісім, бағыт, сыртқы сауда, салық, бюджет,
кеден және де басқа экономикалық аймақтағы бірлікті қамтиды. Интеграциялық
үрдістің дамуы белгілі бір эволюцияны қажет етеді. Экономикалық интеграция
жолындағы ең бірінші шешуші адым – қатысушы мемлекеттер арасындағы тауар,
қызмет, капитал, жұмыс күші қозғалысы жолындағы кедергілер мен кедендік
барьерлерді шектеу. Экономикалық шекаралардың алынып тасталынуының
нәтижесінде біртұтас рыноктік кеңістік құрылады, бұл кеңістіктің шеңберінде
біраз да болсын еркін, бәсекелестік болады, территориялық және салалық
жаңа, әрі эффективті еңбек жүйесі құрыла бастады. Келесі саты жалпы рынок.
Мұнда түрлі факторлардың ауысуында өндірістік шектеулер қысқартылады, ал
бұл мүше мемлекеттердің экономикалық өзара байланысын күшейтеді.[1]
ТМД мемлекеттерінің басшылары Кедендік Одақ құруды, кедендік
тарифтерден бірте–бірте босатуды, кез келген тарифтік емес шектеулерді алып
тастауды Экономикалық Одаққа барар жолдағы таяудағы міндет ретінде
белгіледі. Бұл орайда шаруашылық жүргізудің нарықтық нысандарын енгізуге,
келісілген стратегиялық экономикалық реформаларды жүргізуге, белсенді
әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға деген ұмтылысты жақтап пікір білдірді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде құрылатын Экономикалық Одақ
КСРО-да үстемдік құрған СЭВ-тің көшірмесі емес, Еуропалық Қоғамдастыққа
ұқсас – егеменді, экономикалық тең құқықтық Мемлекеттердің Одағы болуы тиіс
деп атап көрсетті.[2]
Бірлескен жұмыстағы келесі қадам деп 1993 жылы қыркүйекте Экономикалық
Одақ құру туралы шартқа қол қоюды айтуға болады. Аталған Одақты тиісті
мемлекеттердің ерікті түрде қатысуы, егемендікті, аумақтық тұтастықты
құрмет тұту, құқықтар теңдігі, сондай-ақ шарттың ережелерін іске асырудағы
өзара жауапкершілік негізінде құру жоспарланды. Тұңғыш рет ТМД шеңберінде
осы шартқа қатыспайтын бір мемлекеттің немесе бірнеше мемлекеттердің
тарапынан Уағдаласушы Тараптардың кез келгеніне қатысты экономикалық
агрессия жүзеге асырылған жағдайда позицияларды үйлестіру және шаралар
қабылдау мақсатында өзара консультациялар өткізу қажеттігі қуатталды.
Экономикалық Одақтың негізгі мақсаттары мыналар:
• Уағдаласушы Тараптар халықтардың тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында
олардың экономикасын тұрақты дамытуға жағдайлар туғызу;
• Нарықтық қатынастар негізінде кезең-кезеңімен ортақ экономикалық
кеңістік құру;
• Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін тең мүмкіндіктер туғызу
және кепілдіктер беру, экологиялық мәселелерді бірлесе отырып шешу,
сондай-ақ табиғи зілзала мен апатттардың салдарын жою.[3]
ТМД мемлекеттердің басшылары Экономикалық Одақ интеграцияны
кезең–кезеңімен тереңдету, экономикалық реформаларды жүзеге асыруда іс-
қимылдарды үйлестіру арқылы құрылады деп келісті. ТМД-ң он бір елдерінің
арасында Экономикалық Одақтастық құру туралы шарт экономикадағы
интеграциялық процестерді практикалық іс-қимылға көшіруге негіз қалады.
Дегенмен интеграция процесі баяу жүріп жатты. ТМД институттары жеткілікті
түрде тиімді жұмыс істемеді. Осы тұрғыда Ресейге тұңғыш ресми сапары
барысында Н. Назарбаевтың 1994 жылы 29 наурызда МГУ-ң
профессорлық–оқытушылық құрамы алдында сөйлеген сөзі интеграциялық саясатты
қисынды түрде дамытуға арналады.
6 қаңтар 1995 жылы Ресей Федерациясы мен Беларусия Республикасы, кейін
20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Кедендік Одақ туралы келісімге қол
қойды.[4] Іс жүзінде, үш мемлекет ұйымдық түрде, көптен бері ойлаған
нәрселерін бекітті, бірақ мұны Достастықтың барлық 12 мемлекеті жүзеге
асырмады. Бұл қадам экономикалық интеграцияны тереңдетудегі келесі қадамды
білдіреді. Бұл одаққа 1996 жылы наурызда Кеден Одағына Қырғызстан
Республикасы қосылды. 1996 жылы 26 ақпанда Тәжікстан Республикасы оның
толық құқықты мүшесі болды.
Кеден Одағының құрудағы басты мақсат болып мыналар жарияланды:
• Шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін экономикалық
қарым–қатынасына теріс әсерін тигізетін кедергілерді ысыру жолымен
мемлекеттердің әлеуметтік–экономикалық прогресін қамтамасыз ету;
• Тұрақты экономикалық дамуды, еркін тауар айналымын және шынайы
бәсекелестікті қамтамасыз ету;
• Жалпы экономикалық кеңістікті құруда жағдай жасау;
• Кеден Одағына мүше–мемлекеттердің әлемдік рынокқа белсенді шығуына
жағдай жасау;
Кеден Одағы мынадай қағидаларға негізделетін экономикалық бірлестік
ретінде:
а) Кеден Одағына мүше–мемлекеттердің біртұтас кедендік территориясының
болуы;
б) Бірыңғайландырылған заң шығару және рыноктық шаруашылығына
негізделген, біртипті экономикалық механизмін реттеудің болуы;[5]
Кеден Одағында атқарушы органдар ретінде төрт мемлекеттің
интеграциясын басқарудың бірлескен органдары – Мемлекетаралық Кеңес пен
Интеграциялық Комитет құрылды. Парламентаралық комитет алдына біртұтас
экономикалық кеңістіктегі өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бірегей
заңнаманы әзірлеу міндеті қойылды.
Жылдамдығы әртүрлі интеграция үрдісіне тиісті серпін беруге ұмтыла
отырып, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан
Республикасының және Ресей Федерациясының Президенттері 1996 жылы 29
наурызда экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету
туралы шартқа қол қойды. Оның басты мақсаты – тауарлардың, көрсетілген
қызметтің, капиталдардың және жұмыс күшінің еркін қозғалысына, шаруашылық
жүргізуші субьектілердің тікелей байланыстарын нығайтуға, ортақ ақпараттың,
білім беру және гуманитарлық кеңістікті құруға қажетті алғышарттар болып
табылады.[6]
Интеграциялық ынтымақтастық одан әрі 1996 жылы 2 сәуірдегі Беларусь
пен Ресейдің қауымдастық құру туралы келісіммен тереңдей түсті. Бұл -
келісім жалпы транспорттық және біріккен энергетика жүйесінде қысқа
мерзімде іс-шаралар жасау; ақша–кредиттік және бюджет жүйелеріндегі
бірыңғайлық, жалпы валютаны енгізуге алғы-шарттар жасау, әлеуметтік
жағдайларды бірыңғайлау т.с.с. шарттарды қарастырады. 1997 жылы 2 сәуірде
Ресей мен Беларусь арасында Одақтық келісімге қол қойылады, ал бұл өз
кезегінде осы мемлекеттер арасындағы интеграцияның жан жақты тереңдеуіне
алып келеді.
Атап айтуымыз керек, жалпы ТМД мемлекеттермен экономикалық
байланыстарды реттеуде үлкен іс-шаралар жасалынды. Әрине, кейбір келісімдер
бірінші кезеңде жүзеге асырылмай өз өмірін тоқтатып жатты. Егер де,
екіжақтық келісімдер, әдетте байланыстардың құқықтық реттеуіне
қажеттілікпен айқындалса, көпжақты келісімдер, тек өзара қатынастар емес,
қалаулы қатынастар үшін жаңа формалар іздеу қажет болды. Осы жерден ТМД
мемлекеттері арасындағы экономикалық көпжақты келісімдерге тән теріс сипат:
бір келісімнен екінші келісімге бірыңғай ережелер мен декларациялар көшіп
жүреді, олар кредитті-қаржы саясаты, сауда – экономикалық дамуға ықпал ету,
жағдай жасау т.с.с. Нәтижеде, жылдар бойы ТМД-ғы ынтымақтастық тағы
біртұтас экономикалық кеңістік құрудағы прогресс аз байқалады, Достастықтың
кейбір мемлекеттері жүктелген міндеттерін өздерінен аулақ ұстауды дұрыс деп
шешеді, интеграция саласындағы деструктивті саясат, ішкі рынокты қоршау
ұлттық ағымы әлі де күшті.[7] Президент Н. Назарбаев 1998 жылдың басында
тағы бір бастамамен шықты, бұл бастама “Қарапайым адамдарға қарапайым он
қадам жасайық” атты бастамасы[8] осы бағдарламалық құжатта Достастық
халықтарының күнделікті өмірін жеңілдетіп, олар бір елден екінші елге өткен
жағдайда, азаматтық алғанда, басқа да құқықтарын жүзеге асырған жағдайда
проблемалар туғызбайтын шаралар қабылдау туралы әңгіме болды. Мемлекет
басшысының ұсынысы шын мәнінде ТМД-да біртұтас гуманитарлық және ақпараттық
кеңістік құруға бағытталған болатын. Президент Н. Назарбаев “Қарапайым
адамдарға қарапайым он қадам туралы” мәлімдемесі Кеден Одағы үкіметтерінің
басшылары қол қойған, келісімдер мен жобалардың оның қамтиды. Мәлімдеменің
негізгі мазмұны мыналарды құрайды:
Құжаттардың кейбіреуі практикалық тұрғыдан жүзеге асты. 1998 жылы 24
қарашада Алматыда Кеден Одағына қатысушылардың (Беларусь, Қазақстан,
Қырғызстан және Ресей) кезекті кездесуі болды. “Төрттік” үкіметтерінің
басшылары білім, ғылыми дәрежелер және атақтар туралы құжаттардың өзара
танылатындығы және барабарлығы туралы, сондай-ақ мемлекеттердің
азаматтарына оқу орындарына түсу үшін тең құқықтар беру туралы келісімге
қол қойды.
Ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұйымдық, техникалық және
экономикалық шараларды жүзеге асыруда, телевизия және радио бағдарламаларын
өзара тарату үшін қолайлы жағдайлар туғызуда үкіметтер өздеріне
міндеттемелер алуға келісті. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
жөніндегі келісілген саясатты жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қабылданған бірлескен бағдарлама салық салу, материалдық өндіріс, ауыл
шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында, сондай-ақ инвестициялық салада
шағын бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде жеңілдіктер
орындауды көздеді.
1998 жылы сәуірде Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей
Президенттері саяси шешім қабылдады, осы шешім аталған елдердің
интеграциялық бірлестігіне Тәжікстанның кіруіне жол ашты. “Төрттік” кеңеюі
оның тиімділігі туралы, демек, осы интеграциялық ұйымның тартымдылығы
туралы куәландыратын процесс еді. Кіші аймақтық бірлестіктің ТМД шеңберінде
жұмыс істеуі, егер олар о баста оқшаулықты мақсат тұтпаса, интеграцияға
теріс ықпал ететін тенденцияларды туғызбайды, қайта керісінше Достастықтың
бүкіл жүйесінің тұтастығын нығайтады.
Кеден Одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары 2000 жылы қазанда
Астанадағы саммитттің барысында Еуразилық Экономикалық Қоғамдастықты құру
туралы мәлімдемеге және шартқа қол қойды.[9] Бұл жаңа халықаралық бірлестік
және ол Кеден Одағымен Достастықтағы басқа мемлекеттер мен бірлестіктерден
ұйымдық құқықтық айырмашылығы бар. Оларға мыналар жатады:
• Белгілі, дәл механизмнің, бұрынғы міндеттер мен мақсаттарды жүзеге
асыру. 2000 жылы 10 қарашадағы жаңа құжат – Еуразиялық Экономикалық
Қоғамдастықты құру туралы келісім (ЕурАзЭқ) жарияланған мақсаттарды
жүзеге асыруды қарастыруды, Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің
экономикалық интеграциясына және жақындасуына негізделген халықаралық
ұйым альянс ретінде құрылады. Қауымдастықтың ақтық мақсаты
мемлекеттердің экономикалық дамуы, халықтардың өмір сүру деңгейінің
өсу қарқынын жылдамдату және тұрақты даму;
• Жаңа ұйымның анық көрсетілген халықаралық статусы ЕурАзЭқ халықаралық
құқықтық субъектік статусы бар ұйым, ал Кеден Одағы болса өзіндік
халықаралық ұйым болған емес. ЕурАзЭқ Қауымдастық мемлекеттердің
мүдделерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразиялық экономикалық қауымдастық
Жаһандану концепциясын ғылыми талдаудың кейбір теориялық мәселелері
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық туралы
Еуропалық одақтың әлеуметтік саясаты
Тмд-нің құрылу тарихы. Тмд-нің даму бағыттары
Евразиялық экономикалық бірлестік
Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтағы Қазақстан
Қазақстан және жаһандану
Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық үрдісі мен даму тарихы
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі
Пәндер