Дақпырт пен шындық



ЖОСПАР.

І.Кіріспе.

Желтоқсан оқиғасының қозғаушы күштері.

ІІ.Негізгі бөлім.
1. Тоталитаризмді тұңғыш тітіреткен.
(Тарихи орны мен сабақтастығы туралы)
2. Нағыз атауы мен нағыз бағасын алмаған көтеріліс.
3. Желтоқсан көтерілісі толыққанды саяси бағасын
алды ма?
4. Оқиғаны кім ұйымдастырды?

ІІІ.Қорытынды.

Бір түйін ой.
Дақпырт пен шындық

Тарих дегеніміз – кесек-кесек айтулы оқиғалардың жиынты- ғы.1986 жылғы желтоқсан айында дүниені өзіне жалт қаратқан үш күн оқиғасының тек қазақ ұлты тағдырында ғана емес, күллі әлемдік, қалыптық ой-сана қозғалысында иеленер орны ерекше .
Желтоқсан оқиғасын Д.А. Қонаевты бірінші хатшы қызметі-
нен босатқан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылғы 16 желтоқсандағы Пленумы тұтандырды.Саяси Бюро аты- нан КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.П. Разумовский шығып сөйледі. Сол күннің кешінде қалалық Ішкі істер басқарма- сы мен республикалық Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне жер- гілікті халық өкілдері арасынан Пленум шешіміне қарсылық біл- дірушілер туралы хабарлар түсе бастады .
Жұрт Г.В. Колбиннің сайлауына қарсылық білдіріп, Д.А.Қона- евтің ел көзіне көрінуін талап етті , ауыр әлеуметтік- тұрмыс жағ- дайы, тұрғын үй, жұмыс тапшылығы , ана тілінің қолданылуы ақсының шектеулілігі өткір сөз болды . Бұл талаптар орыс және қазақ тілдерінде жазылған ; «Ешбір ұлтқа артықшылық берілме-
сін!» «Лениндік ұлт саясатының принциптерін құрметтеуді талап етеміз» . «Ленин идеясы жасасын !». «Әр республиканы өз көсемі басқарсын!». «Қазақстан жасай берсін !» сияқты ұрандарда көрініс тапты . Жұрт Ленин портреттерін көтеріп ән шырқап, қарусыз ке- ле жатты. Басқа халықтардың намысына тию, мемлекеттік құры- лысты құртуға шақыру , бұзақылық көріністер болған жоқ.
Желтоқсан 1986 - халықтың жас ұрпақтың ұлттың қозғалысы . Ол айдарына қарғыс таңбасы басылған М.Горбачевтің «Қайта құру» бағдарламасын шын мәніндегі жаңғырту заманы екен деп ал- данған ұлттың жас өкілдері еді .
Желтоқсан қозғалысы қаһарлы да қасіретті үш күн кезінде бір- неше сатыдан өтті.
Бірінші саты, желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түрі Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойын- ша, сол күні түні қаланың алты оқу орындарыны және С.М.Киров заводының 8 жатақханаларында театр көркем инстутының 12 студенттері «арандатуға бағытталған іріткі салу жүмысын жүргізді» . Олар жастарды шеру (манифестация) жасауға көндірді , арандатуға бағытталған ұрандар мен плакаттар даярлап , көшеге алып шықты . Ол бір түнде болған қимыл- әрекет 1979 жылы маусым да Ақмолада (Целиноградта) неміс автономиясына қарсы өткен акцияны еріксіз көз алдыңа әкеледі.
Желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түні толқу Ақмоладағы сияқты студент, жұмысшы жастардың жатақханаларында бастал- ды . Желтоқсанның 17-сі күні таңертең алаңға толқын – толқынмен жиналу әдісі де Ақмола оқиғасымен үндесті. Қалай болғанда да сол бір түнгі үрдістің босталу, өрбу динамикасын қалпына келтіру Желтоқсан тарихының ең бір қиын сәті екендігін мойындау керек . Желтоқсан қозғалысының сол бір түні жастар үшін толқу, тербеліс, үміт кезеңі болатын .
Көтерілістің екінші сатысы –желтоқсанның 17-сі сағат 7-8ден 18 сағатқа дейінгі кезең ,бұл 200-300 адамның шағын митингілер- ден мыңдаған адам қатынасқан митингілер , наразылық демонстр- ациясы шеру , демонстраттар мен комсомол, партия басшылары- ның жоғары оқу орындарының ректорлары мен декандарының , билік -әміршіл күштерінің өкілдерімен диалог болған кезең .
Көтерілістің екінші сатысында болған оқиғаларға зерттеушілер әртүрлі көзқарас білдіреді . Осы бір жүйемен көтерілісшілермен бетпе-бет келген сәтке тепе-тең диалогы болмау себебін жастарға артушылық жиі кездеседі . Шындығында, билеуші топ Алаңға шығушылармен біріншіден өздерін тең санаған жоқ. Жастарды салған жерден экстримистер деп қарады .Екіншіден,диаогқа бетпе-
бет кездескен екі жақ екі тілде сөйледі : Бірі билеуші жақ тек жас- тарды Алаңнан таратып ,«тәртіпсіздікті» тез жоюды көздеді.Ал,
көтерілісшілер Орталықтан ұлы державалық өктемдіктен жүргізіп отырған саясатты қайта қарауды талап етті . Комиссияның төрағасы М.Шаханов өзінің бір сұхбатында осы бір ситуация туралы былай деп әділ түйіндейді:
«Тарихта тіпті үлкен соғыс өрті тұтанғалы тұрған сәтте екі жақ- тың ақылды, өнерлі азаматтары жүйелі сөзге тоқтасып , тарқасқан мысалдар аз емес . Алысқа бармай-ақ өзіміздің дана билер, көсем хандардың , көнекөз қарттардың басуымен талай дау-дамай бейбіт жолмен шешіліп , келгенін еске алсақ та жеткілікті . Сондықтан Желтоқсан оқиғасын ушықтырмай әбден шешуге болар еді .
Рас, жастардың алаңға жиналу мақсатын білмей жатып мили- ция ,әскер күштерін асығыс шақырғанымен , республика басшыла- ры демонстранттармен диалог жасауға тырысып көрді. Бірақ, ол ешқандай нәтиже бермеді.Неге?себебі,мінберге шыққандар қазақша сөйлегенмен , екі жақ екі тілде сөйлескендей болды , бір- бірін түсіне алмады. Шығып сөйлеген басшылар бұлайша жиналудың ақылға сыймайтындығын және заңсыз екендігін қайта-қайта еске салып тарқауды талап етті. Демонстраттардың өкілдеріне жағдайды орталық Комитетте , болмаса басқа «тыныш» ортада түсіндіруді ешкімге де қажет деп таппады . Ондаған жылдар бойы әміршіл -әкімшіл басқару жүйесіне еті үйреніп кеткен ескі апарат қайта құрудыңұшқындары алдымен жеткен жастардың саяси талап тірегін түсінгісі келмеді . Мұндай жағдайда халық пен жұмыс істеудің нақты әдіс –тәсілдерін білмейтіндіктен , «еске түскен» ескі әдіс –күшпен басып тастау ғана болды. Сол кездің өзінде жастардың жаңаша ойлауы , азаматтық санасы үлкендерден көш ілгері озып , республика басшылығына оның экономикасы,мәдениеті, тарихынан хабарсыз адамды отырғызуға болмайтындығын дәлелдеуге тырысты . Бірақ ол кезде күш теңелмес еді . Милицияның сойылы мен солдаттардың сапер күрегі , партанпараттардың шылауында тырп ете алмаған заң органдарының күшімен демонстранттар тек саяси жеңіліс тауып қана қоймай , соңынан әртүрлі жазаға тартылып, заңсыз қуғындауға түсті.
Үшіншіден , бейбіт пиғылдағы жастардың шеруіне «бұзақы- лық» сипаты бірден таңылды . «Балалар бақшасын қиратты»
«Балалар әлемін» талқандады , «орыстарлы ұрды» деген әр өсектер жастарға провокациялық әдістермен таңылды. Сөйтіп, жүйе бірден күш қолдануға сынықтан сылтау іздеді .
Төртіншіден , жастар арасына «тіс қаққан», «әккі» қулар жіберілді , міне солар қызба жастарды провокация жасауға итермеледі . Тастүйін ұйымшылдықты көрсеткен шерушілер Алаңға келіп шашырағанда көтеріліс лидерлері шашырағанда қимыл-әрекеттерге ықпал жасай алмай қиналды .
Адам аулауға шыққан қаражүзділіктерді келімсек Г.Колбин ұялмай – қызармай «жасақшылар» отряды деп атады. Сөйтіп ол көтеріліске қатысқан қазақтарға орыс жұмысшыларын қарсы қоюы ұлтшылдықтың ең барып тұрған шыңы еді. Бұл 1905-1907 жылы патша охранкасы құрған қаражүзділіктер –черносотенцы сияқты ұстаныммен құрылып . Г.Колбиннің охранка тәжірибесін жақсы білетінін көрсетсе керек . Қалай болса да Орталық оның бірден- бір өкілі көктұқыл Г.Колбин патша заманасының ұлт саясатының ең жексұрын түрін осылай жандандырды . Бұны біз түгілі , бола- шақ ұрпақтарымыз білуі абзал .
Жазалаушылар қатарының 7 пайыз қазақ . Ал Ішкі істер әскерінің милиционерлердің саналы толы іштей күреске бел байлаған жастар жағында болды. Кейбір жерде ұлттық ұстаным- мен белгілеген жазалаушылар арасында қақтығыстар болды. Автобусқа мініп тұрған жастарды қазақ милиционерлері қалтарыста шығарып жәбірлегені туралы деректерді ел аузынан да жиі естуге болады . Жастар арасында арандатушы «жансыздар» көп болды , олардың кейбірі орысқа ұрандар тастады . Еліріп қозған жастардың кейбір тобы жатақханаларға , аудиторияларға басакөктеп кіріп , күшпен жастарды көшеге шығарды . Бұл жағдай билеуші топтардың қолында желеу болды , олар зорлық- зомбы- лықты , ұрып- соғуды , мертіктіруді үстемелеп жасауға әкелді.Жазаушылар көшеде бейсауыт келе жатқан қазақтарды ұстады,аулаларда ойнап жүрген жас өспірімдерді машиналарға тиеп,дүре соғатын,жазалайтын,не айыптайтын пункттерге тасыды.
«Ұлттық белгімен адамдарды аулау» етек алғаным Қазақ КСР Мем-
лекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы генирал В. М.Мирашник кеңінен мойындады.
Демонстрация бейбіт саяси қарсылық тұрғысында болатын.
Жұртшылық Г.В. Колбин сайлауына риза еместігін білдірді, өз алдарына Д.А. Қонаевты шығаруды талап етті , өмірдің ауыр әлеуметтік жағдайларын , тұрғын үй алудың , жұмысқа тұрудың қиындықтарын , ана тілінің қолданылу ауқымының тарылып бара жатқанын айтып реніштерін білдірді . Адамдар қолдарына Лениннің портретін ұстап, халық әндерін айтып қарусыз жүрді . Басқа халықтарға қарсылық байқалмады , мемлекеттік құрылысқа нұқсан әрекеттер болған жоқ .

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ДАҚПЫРТ ПЕН ШЫНДЫҚ.

ЖОСПАР.

І.Кіріспе.
Желтоқсан оқиғасының қозғаушы күштері.

ІІ.Негізгі бөлім.
1. Тоталитаризмді тұңғыш тітіреткен.
(Тарихи орны мен сабақтастығы туралы)
2. Нағыз атауы мен нағыз бағасын алмаған көтеріліс.
3. Желтоқсан көтерілісі толыққанды саяси бағасын
алды ма?
4. Оқиғаны кім ұйымдастырды?

ІІІ.Қорытынды.
Бір түйін ой.

Дақпырт пен шындық

Тарих дегеніміз – кесек-кесек айтулы оқиғалардың жиынты-
ғы.1986 жылғы желтоқсан айында дүниені өзіне жалт қаратқан үш күн
оқиғасының тек қазақ ұлты тағдырында ғана емес, күллі әлемдік, қалыптық
ой-сана қозғалысында иеленер орны ерекше .
Желтоқсан оқиғасын Д.А. Қонаевты бірінші хатшы қызметі-
нен босатқан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылғы 16
желтоқсандағы Пленумы тұтандырды.Саяси Бюро аты- нан КОКП Орталық
Комитетінің хатшысы Г.П. Разумовский шығып сөйледі. Сол күннің кешінде
қалалық Ішкі істер басқарма- сы мен республикалық Мемлекеттік
қауіпсіздік комитетіне жер- гілікті халық өкілдері арасынан Пленум
шешіміне қарсылық біл- дірушілер туралы хабарлар түсе бастады .
Жұрт Г.В. Колбиннің сайлауына қарсылық білдіріп, Д.А.Қона- евтің
ел көзіне көрінуін талап етті , ауыр әлеуметтік- тұрмыс жағ- дайы,
тұрғын үй, жұмыс тапшылығы , ана тілінің қолданылуы ақсының шектеулілігі
өткір сөз болды . Бұл талаптар орыс және қазақ тілдерінде жазылған ;
Ешбір ұлтқа артықшылық берілме-
сін! Лениндік ұлт саясатының принциптерін құрметтеуді талап етеміз .
Ленин идеясы жасасын !. Әр республиканы өз көсемі басқарсын!.
Қазақстан жасай берсін ! сияқты ұрандарда көрініс тапты . Жұрт Ленин
портреттерін көтеріп ән шырқап, қарусыз ке- ле жатты. Басқа халықтардың
намысына тию, мемлекеттік құры- лысты құртуға шақыру , бұзақылық
көріністер болған жоқ.
Желтоқсан 1986 - халықтың жас ұрпақтың ұлттың қозғалысы . Ол
айдарына қарғыс таңбасы басылған М.Горбачевтің Қайта құру бағдарламасын
шын мәніндегі жаңғырту заманы екен деп ал- данған ұлттың жас өкілдері
еді .
Желтоқсан қозғалысы қаһарлы да қасіретті үш күн кезінде бір-
неше сатыдан өтті.
Бірінші саты, желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түрі Қазақ
КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойын- ша, сол күні
түні қаланың алты оқу орындарыны және С.М.Киров заводының 8
жатақханаларында театр көркем инстутының 12 студенттері арандатуға
бағытталған іріткі салу жүмысын жүргізді . Олар жастарды шеру
(манифестация) жасауға көндірді , арандатуға бағытталған ұрандар мен
плакаттар даярлап , көшеге алып шықты . Ол бір түнде болған қимыл-
әрекет 1979 жылы маусым да Ақмолада (Целиноградта) неміс автономиясына
қарсы өткен акцияны еріксіз көз алдыңа әкеледі.
Желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түні толқу Ақмоладағы сияқты
студент, жұмысшы жастардың жатақханаларында бастал- ды . Желтоқсанның
17-сі күні таңертең алаңға толқын – толқынмен жиналу әдісі де Ақмола
оқиғасымен үндесті. Қалай болғанда да сол бір түнгі үрдістің босталу, өрбу
динамикасын қалпына келтіру Желтоқсан тарихының ең бір қиын сәті екендігін
мойындау керек . Желтоқсан қозғалысының сол бір түні жастар үшін толқу,
тербеліс, үміт кезеңі болатын .
Көтерілістің екінші сатысы –желтоқсанның 17-сі сағат 7-8ден 18
сағатқа дейінгі кезең ,бұл 200-300 адамның шағын митингілер- ден
мыңдаған адам қатынасқан митингілер , наразылық демонстр- ациясы шеру ,
демонстраттар мен комсомол, партия басшылары- ның жоғары оқу орындарының
ректорлары мен декандарының , билік -әміршіл күштерінің өкілдерімен
диалог болған кезең .
Көтерілістің екінші сатысында болған оқиғаларға зерттеушілер
әртүрлі көзқарас білдіреді . Осы бір жүйемен көтерілісшілермен бетпе-бет
келген сәтке тепе-тең диалогы болмау себебін жастарға артушылық жиі
кездеседі . Шындығында, билеуші топ Алаңға шығушылармен біріншіден
өздерін тең санаған жоқ. Жастарды салған жерден экстримистер деп қарады
.Екіншіден,диаогқа бетпе-
бет кездескен екі жақ екі тілде сөйледі : Бірі билеуші жақ тек жас-
тарды Алаңнан таратып ,тәртіпсіздікті тез жоюды көздеді.Ал,
көтерілісшілер Орталықтан ұлы державалық өктемдіктен жүргізіп отырған
саясатты қайта қарауды талап етті . Комиссияның төрағасы М.Шаханов
өзінің бір сұхбатында осы бір ситуация туралы былай деп әділ түйіндейді:

Тарихта тіпті үлкен соғыс өрті тұтанғалы тұрған сәтте екі жақ- тың
ақылды, өнерлі азаматтары жүйелі сөзге тоқтасып , тарқасқан мысалдар аз
емес . Алысқа бармай-ақ өзіміздің дана билер, көсем хандардың , көнекөз
қарттардың басуымен талай дау-дамай бейбіт жолмен шешіліп , келгенін
еске алсақ та жеткілікті . Сондықтан Желтоқсан оқиғасын ушықтырмай әбден
шешуге болар еді .
Рас, жастардың алаңға жиналу мақсатын білмей жатып мили- ция
,әскер күштерін асығыс шақырғанымен , республика басшыла- ры
демонстранттармен диалог жасауға тырысып көрді. Бірақ, ол ешқандай
нәтиже бермеді.Неге?себебі,мінберге шыққандар қазақша
сөйлегенмен , екі жақ екі тілде сөйлескендей болды , бір- бірін түсіне
алмады. Шығып сөйлеген басшылар бұлайша жиналудың ақылға сыймайтындығын
және заңсыз екендігін қайта-қайта еске салып тарқауды талап етті.
Демонстраттардың өкілдеріне жағдайды орталық Комитетте , болмаса басқа
тыныш ортада түсіндіруді ешкімге де қажет деп таппады . Ондаған жылдар
бойы әміршіл -әкімшіл басқару жүйесіне еті үйреніп кеткен ескі апарат
қайта құрудыңұшқындары алдымен жеткен жастардың саяси талап тірегін
түсінгісі келмеді . Мұндай жағдайда халық пен жұмыс істеудің нақты әдіс
–тәсілдерін білмейтіндіктен , еске түскен ескі әдіс –күшпен басып тастау
ғана болды. Сол кездің өзінде жастардың жаңаша ойлауы , азаматтық санасы
үлкендерден көш ілгері озып , республика басшылығына оның
экономикасы,мәдениеті, тарихынан хабарсыз адамды отырғызуға болмайтындығын
дәлелдеуге тырысты . Бірақ ол кезде күш теңелмес еді . Милицияның
сойылы мен солдаттардың сапер күрегі , партанпараттардың шылауында тырп
ете алмаған заң органдарының күшімен демонстранттар тек саяси жеңіліс
тауып қана қоймай , соңынан әртүрлі жазаға тартылып, заңсыз қуғындауға
түсті.
Үшіншіден , бейбіт пиғылдағы жастардың шеруіне бұзақы- лық сипаты
бірден таңылды . Балалар бақшасын қиратты
Балалар әлемін талқандады , орыстарлы ұрды деген әр өсектер жастарға
провокациялық әдістермен таңылды. Сөйтіп, жүйе бірден күш қолдануға
сынықтан сылтау іздеді .
Төртіншіден , жастар арасына тіс қаққан, әккі қулар жіберілді ,
міне солар қызба жастарды провокация жасауға итермеледі . Тастүйін
ұйымшылдықты көрсеткен шерушілер Алаңға келіп шашырағанда көтеріліс
лидерлері шашырағанда қимыл-әрекеттерге ықпал жасай алмай қиналды .
Адам аулауға шыққан қаражүзділіктерді келімсек Г.Колбин ұялмай –
қызармай жасақшылар отряды деп атады. Сөйтіп ол көтеріліске қатысқан
қазақтарға орыс жұмысшыларын қарсы қоюы ұлтшылдықтың ең барып тұрған шыңы
еді. Бұл 1905-1907 жылы патша охранкасы құрған қаражүзділіктер
–черносотенцы сияқты ұстаныммен құрылып . Г.Колбиннің охранка
тәжірибесін жақсы білетінін көрсетсе керек . Қалай болса да Орталық оның
бірден- бір өкілі көктұқыл Г.Колбин патша заманасының ұлт саясатының ең
жексұрын түрін осылай жандандырды . Бұны біз түгілі , бола- шақ
ұрпақтарымыз білуі абзал .
Жазалаушылар қатарының 7 пайыз қазақ . Ал Ішкі істер әскерінің
милиционерлердің саналы толы іштей күреске бел байлаған жастар жағында
болды. Кейбір жерде ұлттық ұстаным- мен белгілеген жазалаушылар
арасында қақтығыстар болды. Автобусқа мініп тұрған жастарды қазақ
милиционерлері қалтарыста шығарып жәбірлегені туралы деректерді ел
аузынан да жиі естуге болады . Жастар арасында арандатушы жансыздар
көп болды , олардың кейбірі орысқа ұрандар тастады . Еліріп қозған
жастардың кейбір тобы жатақханаларға , аудиторияларға басакөктеп кіріп ,
күшпен жастарды көшеге шығарды . Бұл жағдай билеуші топтардың қолында
желеу болды , олар зорлық- зомбы- лықты , ұрып- соғуды , мертіктіруді
үстемелеп жасауға әкелді.Жазаушылар көшеде бейсауыт келе жатқан қазақтарды
ұстады,аулаларда ойнап жүрген жас өспірімдерді машиналарға тиеп,дүре
соғатын,жазалайтын,не айыптайтын пункттерге тасыды.
Ұлттық белгімен адамдарды аулау етек алғаным Қазақ КСР Мем-
лекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы генирал В. М.Мирашник кеңінен
мойындады.
Демонстрация бейбіт саяси қарсылық тұрғысында болатын.
Жұртшылық Г.В. Колбин сайлауына риза еместігін білдірді, өз алдарына
Д.А. Қонаевты шығаруды талап етті , өмірдің ауыр әлеуметтік жағдайларын
, тұрғын үй алудың , жұмысқа тұрудың қиындықтарын , ана тілінің
қолданылу ауқымының тарылып бара жатқанын айтып реніштерін білдірді .
Адамдар қолдарына Лениннің портретін ұстап, халық әндерін айтып
қарусыз жүрді . Басқа халықтарға қарсылық байқалмады , мемлекеттік
құрылысқа нұқсан әрекеттер болған жоқ .
Қанды қырғынға қазақтар ұшырады . Сонымен көшеге демон- страцияға
шыққан ұлттық жас балауса өкілі бостандықты аңсады , ұлттардың өз еркімен
жақындасуын қалады, ұлттың өзін-өзі билеу құқын жақтады . Ұлыдержавалық
, империялық өктемдікке қарсы шықты. Билеуші топ , одан қалды барша жүйе
оларды күстаналап , ұлтшылдыққа ұрынған бұзақылар деп айыптап , қанға
бөктірді. 1905 жылғы қанды жексенбінің кебін Алматы жастары киді.
М.Горбачевтың қайта құру идеясына алданып сеніп қалған жас- тар замана
өзгерген екен, демократия орнаған екен деп жапа шекті.
Сонымен 1986ж –Желтоқсанда реформаторының пиғылдағы жастарды жүйе
амалсыз өкіметке ,партияға қарсы шығуға мәжбүр етті. Жазалаушы экспедиция
әубас дегеннен көздегені жастарды шектен шығару еді, сөйтіп қанды қырғын
жасау еді.
Жүйе өз мүддесіне осылай жетті . Бірақ, Алматы желтоқсаны жүйенің
де түбіне жетер күн алда еді.
Желтоқсан 1986 – жастар қозғалысы болашаққа үміт артқан ұрпақ
қозғалысы,бұл бір,олардың құрамында жұмысшылар,қыз-
меткерлер , жоғары және арнайы орта білім алу жүйесінде оқитын студенттер
бар, көтерілісшілер қазақ қауымының қалыбы сияқты, ұлтымыздың 80 пайызы
ауылда тұратыны белгілі, Декабристер де солардан шықты. Ендеше ,
Желтоқсан 1986 қозғалысының қоз- ғаушы күші – халық , демос . Бұл екі.
Желтоқсан 1986- қозғалысы
тек қазақтардың ғана әрекеті емес. Шеруге шыққандар қатарында орыс, ұйғыр ,
қырғыз, татар ,шешен, армян , түркімен, башқұрт халықтарының өкілдері бар.
Әрине, он- он бес мың адамның ішінде олар аз, бірақ бар. Осы бір факт ,
ұлттық қозғалыстың демократиялық пиғылдағы басқа халықтардың өкілдеріне де
ықпалы бар екендігін байқатады . Бұл үш.
Сонымен , 1986 жылғы Желтоқсанда демократиялық – ұлттық қозғалыс
өрбіді. Оның қозғаушы күші демократиялық рухты басшылыққа алған ұлттың
барша тобынан шыққан реформатор жас буын еді. Бұл қозғалыс қоғамның даму
барысында қалыптасып , пісіп- жетілген-ді. Оның шығу, өрбу себебі- жүйенің
шала дүмбі- лездігінде, оның империялық, тоталитарлық , казармалық
табиғатында жатыр. Кейбір авторлар Д.А. Қонаевты бірінші хатшылықтан алып
тастау ұлттың қабырғасын қайыстырып , кө- шеге жастар сол үшін
шықты,-дегендей, пікірлер айтады . Сөз жоқ,
Д.А. Қонаевқа жасалған қатігездік елді тебірентті . Бірақ ол жараны тек
ушықтырған оқиға еді, зерттеушілердің бір тобы себеп пен сылтауды , жебеуді
орын ауыстырып қателеседі, шын мәнінде қозғалыс империяға, оған тән
мерездерге қарсы болған-ды. Қозға-
лыс- демонстрация , манифестация, бейбіт диалог түрінде өрбіп, соңғы
сәтінде- көтеріліске ұласты, бес қаруы сай қарулы күштің иесі мен жүйе
қаражүздіктердің әдісімен ешбір күнәсі жоқ жастар- дың қанын жосадай
ағызды , сондықтан қозғалысты Желтоқсан 1986-көтерілісі деп атауға әбден
болады .
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей , желтоқсан қозғалысы ұлт
-азаттық тарихында ерекше орын алады .
ХХ ғасырда ұлт-азаттық қозғалысының жаңа сайысы басталды. Оның басы
–қасында Оян,қазақ ұранымен шыққан, демократиялық Ресейдің құрамында
қазақ елін европалық жолмен дамытуды , жаңартуды көксеген реформатор
(Әлихан Бөкейхан ,
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М.Шоқай) бастаған ұрпақ еді.
Бұл – ұлттық рухтың жаңғыру,қайта түлеу кезеңінің басы еді.
1916-1937 жылдардағы қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының сергелдең
кезеңіне түсті,ұлт қырғынға ұшырады,оның рухының қаймағы, маңдай алды
өкілдері жойылды . Ұлт-азаттық қозғалысы өз қанымен тұншықты . Алайда халық
өзінің жауынгерлік рухын жоғалтпады . 1916, одан қалды шаруаларды күшпен
зорлап ұжым- дастыруға қарсы 370-тен астам көтеріліске шықты , соғыстан
кейін халық өзінің жарасын жазды, күшін жинады , біртіңдеп ояна баста- ды
. Бұл үрдістерді рухани өмірдің көсемі –зиялы қауым басқарды.
Желтоқсанның дүбірі кезінде Алматы құрылыс –энергетика техни-
кумының үшінші курсының студенті Жамбыл Тайжұмаев жандыр- ған машинаның
қасында І.Есенберлиннің Көшпенділерін көтеріп тұрғанын жазады .
Шындығында да М.Әуезовтың Абайы , С.Мұқановтың Мөлдір махаббаты,
Жұмбақ жалауы , Балуан Шолағы, О.Сүлейменовтің Азиясы,Ғ.Мүсіреповтың
өшіп бара жатқан қазақ тілін қорғап жасаған баяндамасы,Ж.Молдағалиевтің,
М.Мағауиннің,Ә.Кекілбаевтың шығармалары,Е.Бекмахановтың
Қазақстан ХІХ ғ.20-40 жылдарында,т.б.еңбектері жастарды оят-
ты,ұлттық сана-сезімін қалыптастырды.
Жас ұрпақ ұлттың басына түскен геноцидті түсіне бастады.
1930-1962 жылдардағы Европа бөлігінен шұбырған 3 млн 950 мың
халықтың қазақ жерін басып кеткенін көрді.Коммунизмнің ұлы құ-
рылыстары,тың көтеру желеуімен іс жүзінде ұлтты орыстандыру жүрді,өз елінде
халық жаттаққа,өз отаны--өгей елге айналды.Елдің
өндіргіш күштері тек шикізат өндіру бағытындадамыды,қазақ мем-
лекеттігі Ахмет Байтұрсынов айтқандай қуыршақ республика дәрежесінде
қалды.Орталық қазақ сахарасының саяси-экономика-
лық,экологиялық өміріне ұлыдержавалық тұрғыдан қарады.Арал-
дың құрғауы,Балқаштың суалуы,Семей полигоны,қазақ даласының
ядролық,бактериологиялық,химиялық полигонға айналуы...Қазақ елін ұзақ
жылдарға созылған қасіретке батырды.Қазақ елінің Оң-
түстігін Өзбекстанға беруі,Каспий жағалауына Түркменияны дәме-
лі етуі,тың өлкесін Ресейге қосуға әрекеттенуі,Қарашығанақ мұнай-
газ конденсаты бар Гурьев,Орал облстарын Орынборға қосып,ірі-
ленген экономикалық аудан жасауға талпыныс—осының бәрі қазақ мемлекеті
жерінің тұтастығына сұғанақтық жасаудың сан түрлі зы-
мияндық жопарының біз білетін ғана бөлігі болатын.Ж.Қуаныша-
линнің желтоқсан қозғалысы тамыры тарих қойнауында екендігін өте орынды.Шын
мәнінде жас ұрпақ –жаңаруды,жаңғыртуды ар-
мандаған күрескерұрпақ орыс халқына қарсы болған жоқ,ол өз хал-
қына деген сүйіспеншілігін,ұлттық орнын,бостандығын қорғауды,
оны күн тәртібіне қойып,Одақтың шеңберінде демократиялық жол-
мен шешуге шақырды.Міне,осылай ұлт-азаттық қозғалысының жа-
ңа сатысы өрбіді.Бұл қозғалыс 1986 жылы желтоқсан толқынымен
Одақ көлемінде басталды да,Одақтың құлап,ыдырап,республика-
лардың егемендігімен аяқталды.Сөйтіп,Қазақстан желтоқсанына
айналды,республика шеңберінен шығып,Евразиялық сипат алды.
Бүгінгі күннің еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағды-
рындағы алатын орны ерекше.
Иә,осыдан 20 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
дүниеге келген еді.
Осы жылдардың ішінде бұл жолдың сорабын алдымен Түркі
қағанатын,кейіннен Қыпшақ конфедерациясы мен Қазақ хандығы құрған өзіміздің
ұлы бабаларымыздың бұдан мың жарым жылдан
астам уақыт бұрын тартқанын біз есімізден шығарған емеспіз.
Ойлансақ,армандағанымыз , аңсағанымыз осы емес пе еді ?
Көне Күлтегін ескерткішіжазуында:Елін елдікті етті,жа-
уын бейбіт етті,деген сөздер бар екен.Осыдан мың жылдан көп
бұрын айтылып,тасқа қашалған бұл сөздер біздің басымыздағы бұл
жағдайға тікелей қатысы бар сияқты.
Ендеше біз ,ең алдымен,осы жылдар ішінде шындығында осындай
билікке көтеріле алдық па,барлық жағынан да еркіндікке жете алдық па
дейтін ең салмақты ашық жауап қайтаруымыз керек.
Біз ғасырлар бойы сан ұрпақтың санасына сарапталып сіңісті болып кеткен
бодандық сезімінен,тоталитарлық жүйенің әбден бойымызды меңдеп алған
енжарлық масылдың дертінен ақыр аяғына дейін аршыла алдық па?
Бір жәйттің басы ашық.Біз осы жылдар ішінде,сөз жоқ,талай
ондаған жылдарға татырлық жолдан өттік.Біз еркін тыныстайтын, еңсе жазатын
күйге көштік.Біздің санамызды,зейін-зердемізді,жа-нарым ызды тұмшалап
келген бірталай көнерген сарқыншақтардан,
теріс пайым-ұғымдардан арыла алғанымызға да күмән жоқ.
Тәуелсіздік дегеніміз не және ол бізге не берді?Біз қандай бол-
дық? Біздің нені сақтауымыз керек, неден арылуымыз керек?Ақы-
ры бізді алдымызда не күтіп тұр?
Бұл сауалдардың күрделі болатын себебі,оларға қайтарылатын жауап
біздің әрқайсысымызға,сөйте тұра біздің бәрімізге--ортақ тағдыр
біріктірген халыққа,Қазақстан азаматтарына арналуы ке-
рек.Біз өз қолымызбен тұрғызып жатқан елдің азаматтарына ар-
налып отыр.Ақыры,біз бүгін КСРО ол мен оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘБІЛХАЙЫР МЕН АБЫЛАЙ
Жастар қозғалысының тарихи маңызы
Шәңгерей Бөкеев шығармалары
1986 жыл. 16 желтоқсан
1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасы
Маңғыстау фразеологиялық ономастикасы: адай этнонимі
Қазақ тарихы
Арал теңізі туралы
Мектепте тарих пәнін оқытудың әдістемелік негіздері
Бекет ата
Пәндер