Қора өзенінің бастауындағы мұздықтардың туристік-рекреациялық маңызы



І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І.Тарау.Қора өзенінің бастауындағы мұздықтардың туристік.рекреациялық маңызы
1.1. Қора өзенінің бастауында туризмді дамытудың табиғи алғышарттары ... ... ..4
1.2. Қора өзенінің бастауындатау туризмін дамыту мүмкіндіктері ... ...12
1.3.Қора өзенінің бастауындағы мұздықтар мен моренналы көлдерді оқып үйренуді көздейтін көп күндік бағыттар ... ... .19
ІІ.тарау.Қапал ойысы мен Бүркітті Бүйен өзенінің
бастауында туризмді дамытудың маңызы
2.1.Қапал ойысы мен Бүркітті Бүйен өзенінің бастауында туризмді дамытудың алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.2. Бүркітті Бүйен өзенінің бастауындағы
мұздықтадың туристік.рекреациялық
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.3.Баянжүрек тауының табиғат ескерткіштерінің оқу.танымдық туризмді дамытудағы маңызы ... ...41

ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ...57

V. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Орографиялық рекреациялық ресурстардың ішінде таулы алқаптардың табиғат байлықтары жетекші орын алады. Қора өзені аңғарының табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартылымдылығымен қатар 2500-3300 метр биіктегі тау мұздықтары шоғырланған биік таулы бөлігіндегі экстримальды қолайсыз жағдайларының өзі рекреациялық іс әрекетте асқан шеберлік пен ептілікті қажет ететін спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Халық жиі қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Жетісу Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің табиғат байлықтарын рекреациялық тұрғыдан тиімді пайдалану Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі халыққа жолдауына сәйкес туризм кластерін құруды жүзеге асыра отырып, шетелдік және отандық туристерді тартуға мүміндік береді.
Бітіру жұмысының өзектілігі: Өлкетану-ізденіс жұмысы халық жиі қоныстанған өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған Талдықорған -Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Қора өзенінің бастауындағы тау мұздықтары мен эстетикалық тартылымдылығымен ерекшеленетін моренналы көлдерді рекреациялық тұрғыдан игерудің ғылыми-танымдық, спорттық, бұқаралық сипаттағы сауықтыру, альпенизммен тау туризмін дамыту мүмкіндіктерін анықтауымен өзекті
1.Закон О туристской деятельности в Республике Казахстан: Закон
Республики Казахстан от 13 июнья 2001. №211-ІІ. стр.4-5.
2.О концепции развития туризма в Республике Казахстан.
Постоновление Правительство Республики Казахстан от 6 марта
2001. №333. стр.7-8 .
3.Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі Қазақстан халықына
жолдауы. //Егемен Қазақстан. 2005, ақпан.
4.В.С.Преображенский. Географические проблемы
организации туризма и отдыха.- М.:Мысль,1980, стр. 21-30.
5.Г.А.Ким.Рекреационная оценка территорий и развитие туризма вКазахстане.- Алматы: Рауан, 1999, стр.13-38 .
6.В.И.Попов,Т.С.Гуляева,Ю.Абулхатаева, Н.В.Пиманкина,
Н.П.Гасанова, С.Ф.Буланин.Рекреационное оценка
горных территорий Казахстана.-Алматы:Евро,2003.стр. 8-15.
7.И.В.Попов. Ркреационная оценка горных территории. –Алматы: Евро,2000, 98-106стр.

8.Ю.С.Накатков.История развития туризма в Казахстане.- Алматы: Евро,2004, стр.72-84.
9. Л.К.Диденко-Кислицина.Кайназой Юго-Восточного
Казахстана.-Алматы:2001, стр. 7-10.
10.В.М.Чупахин. От пустын до снежных вершин . Алма-Ата: Казахстан , 1966, стр.124-146.
стр.165-186.
11.В.М.Чупахин.Физическая география Казахстана.- Алама-
Ата:Мектеп , 1968, стр 135-144.
12.Физическая география Республики Казахстан/Под.Ред.
Жаналиевой.-Алматы: Қазақ университеті,1998,стр. 210-230 .
13.В.И.Попов, Т.С.Гуляева, А.Ю.Абулханова. Методические особенности рекреационной оценки горных территорий //Проблема развития туризма и возрождение исторической значимости Шелковго пути: сб.- Шимкент,.
14.В.М.Чупахин. Высотныее геосистемы гор Южного
Казахстана и Средней Азии . Алма-Ата: Наука, 1974
15. Пузырева. Климатическая районирования Южного
Казахстана. –АлмаАта: Наука,1975, стр.174-180. Н.А.Гвоздецкий. Высотно-зональный закономерности ландшафтный
диференциаций горных стран.Алма-Ата:Наука,1975,стр.55- 63.
16. Л.П.Чубков,Ю.Н.Шварева. Основные черты климата в погодах //Климат Казахстана.-Л.:Гидрометеоиздат.,1969 стр. 75-90.
17.Афанасьева, Л.Н.Бондаренко, Т.C.Рустаманов. Метеорологические условия климатотерапии и отдыха вКазахстане втеплое времия года//Вопросы географии. Вып.89:Климат и человек.-М.:Мысль ,1972. стр.79-96.
18.И.А.Афанасьева.Климато-Рекреационная оценка место
массового отдыха предгорных и горных районах Заилиского Алатау //Горные системы: Тезисы докл. Всесоюзного симпозюма «Горные геосистемы внутриконтинентальных пустын и полупустын». –Алматы: МФГО, 1982.
19.Н:И:Рубцов.Растительный покров Джунгарского Алатау.-
Алма-Ата:Изд. А.Н. КАЗ ССР 1948, стр. 78-85.
20.Климат Казахстана./под редакцией А.С.Утешев -Л.: Гидрометеоиздат.,1959, стр. 51- 79.] (3- кесте)
21.И.С.Соседов, Л.Н.Филатова. Водны баланс и водные
ресурсы северного склона Джунгарского Алатау.-Алматы: Ғылым, 1978, 67-88 стр.18-35.
22. В,П,Благовещинский, Т.С.Гуляева, Высотная поясность стихиных экзогенных процесов в Жунгарском Алатау // Геоэкологические проблемы горных и межгорных систем:сб.- Алматы: Қазақ университеті,2001(материалы международной конференции) .

23.И.В.Северский, В.П.Благовещенский. Лавиноопасные районы Казахстана. – Алматы: Ғылым, 1990, стр. 106-115. 34 И.С.Соседов, А.Н.Филатова. Водный баланс и водные ресурсы северного склона Джунгарского Алатау. Алматы: Ғылым, 1984, стр. 36-78.
24.А.Р.Медеуов, М.Т.Нурланов. Селовые явления сейсмоактивныных территорях Казахстана. – Алматы: Қаржы-Қаражат,1996 18-73стр.
25.Гировка Н.Н. Туристско-Рекреационные ресурсы Семиречья иопасные экзогенные процесы. – Алматы: Санат,1996, стр. 31-48.
26.Грудзинский М.Дорога в горы. Алма-Ата: Мектеп , 1965, стр 65-83.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 І-Тарау.Қора өзенінің
бастауындағымұздықтардың
туристік-рекреациялық маңызы
1. Қора өзенінің бастауында туризмді дамытудың
табиғи алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Қора өзенінің бастауындатау туризмін дамыту
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3.Қора өзенінің бастауындағы мұздықтар мен
моренналы көлдерді оқып үйренуді көздейтін
көп күндік бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ІІ-тарау.Қапал ойысы мен Бүркітті Бүйен өзенінің
бастауында туризмді дамытудың маңызы
2.1.Қапал ойысы мен Бүркітті Бүйен өзенінің бастауында
туризмді дамытудың алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.2. Бүркітті Бүйен өзенінің бастауындағы
мұздықтадың туристік-рекреациялық
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 4
2.3.Баянжүрек тауының табиғат ескерткіштерінің
оқу-танымдық туризмді дамытудағы маңызы ... ...41

ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... .57

V. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Орографиялық рекреациялық ресурстардың ішінде таулы алқаптардың табиғат
байлықтары жетекші орын алады. Қора өзені аңғарының табиғат жағдайларының
алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартылымдылығымен қатар 2500-3300 метр
биіктегі тау мұздықтары шоғырланған биік таулы бөлігіндегі экстримальды
қолайсыз жағдайларының өзі рекреациялық іс әрекетте асқан шеберлік пен
ептілікті қажет ететін спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Халық
жиі қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан
Жетісу Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің табиғат байлықтарын
рекреациялық тұрғыдан тиімді пайдалану Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі
халыққа жолдауына сәйкес туризм кластерін құруды жүзеге асыра отырып,
шетелдік және отандық туристерді тартуға мүміндік береді.
Бітіру жұмысының өзектілігі: Өлкетану-ізденіс жұмысы халық жиі қоныстанған
өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған Талдықорған -Текелі
өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Қора өзенінің бастауындағы тау
мұздықтары мен эстетикалық тартылымдылығымен ерекшеленетін моренналы
көлдерді рекреациялық тұрғыдан игерудің ғылыми-танымдық, спорттық,
бұқаралық сипаттағы сауықтыру, альпенизммен тау туризмін дамыту
мүмкіндіктерін анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері:
• ғылыми жазба дерек көздеріне талдау жасай отырып, Қора шатқалының жер
бедерінің геоморфологиялық ерекшеліктері мен оның бастауындағы
тау мұздықтарының туризм мен демалысты дамытумүмкіндіктерін
анықтап,оған әсер ететін табиғи алғы шарттарын ашып көрсету;
• өзен бастауындағы мұздықтар мен моренналы көлдердің
спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық және экстрималды туризмді дамытудағы
алатын орны мен адам ағзасының қалыпты жұмысын қамтамассыз етудегі маңызын
ашып көрсету.
Бітіру жұмысының теориялық-әдістемелік негіздемелері: бітіру жұмысының
теориялық негізі ретінде В.С.Преображенскийдің Географические проблемы
организация туризма и отдыха, И.С.Соседов пен Л.Н. Филатованың Водные
балансы и водные ресурсы северного склона Джунгарщского Алатау,
С.Е.Ердавлетовтың География туризма Казахстана, атты еңбектеріндегі
ғалымдардың ой пікірлері басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, камералық
өндеу әдістемелері қолданылды. Дәйекті материалдар ретінде суреттер, сызба-
нұсқалар,карталар қолданылды.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы:
Ұсынылған жұмыстағы дерек көздері карталар мен графиктік кестелер география
пәнінің мұғалімімен жоғарғы сынып оқушылары, география мамандығының
студенттері мен туристік фирмалардың мамандары қажетті білім көзі ретінде
пайдалана алады. Өлкетану-Ізденіс жұмысындағы деректер Жетісу Алатауында
туристік бағыттар мен соқпақтарды құрып, туристік инфрақұрылымды
қалыптастыруда маңызы зор.

І-Тарау.Қора өзенінің бастауындағы мұздықтарды
туристік-рекреациялық маңызы
1.1. Қора өзенінің бастауында туризмді дамытудың
табиғи алғышарттары
Географиялық қабықтың ғана емес, техносфераныңда базисі болып
табылатын жер бедері Жетісу Алатауының рекреациялық сиымдылығы мен
тартымдылығын, алуан түрлілігі мен қолайлығын айқындауға мүмкіндік береді.
Табиғат кешендерінің құрамдас бөлігі болып табылатын жер бедері кез келген
аумақтың табиғат жағдайын айқындайтын маңызды ақпараттық ресурс болып
табылатындықтан Қора шатқалымен оның бастауындағы тау мұздықтары аталған
аумақтың рекреациялық мамандануын айқындайтын алғышарттардың бірі болып
табылады.
Халық тығыз қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданында
демалыс пен туризмді ұйымдастырып, адамдардың денсаулығы мен еңбеке
қабілеттілігін қалпына келтіруге, рухани-эстетикалық қажеттілігін өтеуде
Жетісу Алатауының солтүстік-батыс бөлігіндегіҚоңыроба таулы алқабы мен
Мыңшұңқыр, Жаманкөл, Қойтас жоталарының аралығындағы Қора шатқалының
беткейінің абсолют биіктігі, көлденең қимасының пішіні, жер бетінің жалпы
кескіні, көлбеулігі сияқты жер бедерінің морфометриялық көрсеткіштері
рекреанттардың жекелеген топтары үшін альпенизм, бұқаралық сипаттағы
спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық тау шаңғысы,альпенизм мен тау туризмін
дамытуға мүмкіндік береді. 1
Қора шатқалы мен оның бастауындағы тау мұздықтары мен моренналы көлдерді
ірі туризм орталығына айналдыруға жер бедерінің бірқатар көрсеткіштері
әсер ететініне Қора шатқалына ұйымдастырылған оқу-танымжорығының барысында
көзжеткіздік.
Бітіру жұмысы жұмысымына 2005 жылы маусым- шілде айларының аралығында
геолгиялық- геогроморфологиялық далалық оқу-тәжірибе жұмысының барысында
Қора өзенінің Сапожников, Алтынсарин, Асубай мұздықтарынан бастау алатын
Бұрқанбұлақ саласындағы гранитті алқаптағы биіктігі 60-70 метрге жететін
сарқрамаға оқу-таным жорығын ұйымдастырунегіз болды. Оқу-танымдық жорық
барысында Қора өзені аңғары мен оның бастауындағы тау мұздықтарының тау
туризмін дамытуға мүмкіндік беретін төменде көрсетілген табиғи және
әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын анықтадық:
• ішкі эндогендік күштердің әсерінен түзіліп, экзогендік үрдістердің
бұзушы әрекетінен өзгеріске ұшыраған ерекш эстетикалық тартымдылығымен
көзге түсетін табиғат ескрткіштерінің жеткілікті болуы;
• Қаратал өзенінің алабында халықтың ежлден қоныстанғанын айғақтай
тарихи-археологиялық және мәдени-сәулет ескерткіштерінің қорының
жеткілікті болуы;2
• Отандық және шетелдік туристерді тартаотырып,тау туризмін дамытуға
мүмкіндік беретін еліміздің оңтүстік-шығысындағы Қытай халық
республикасымен шектесетін халықаралық магистральды жолдарға жақын
жатқан аймақтың қолайлы экономикалық-географиялық жағдайы;
• Туризммен демалысты дамытуға мүмкіндік беретін гипсометриялық,
климаттық, ландшафтлық, эстетикалық, гляциологиялық (қар жамылғысы,
мұздықтары, сел әрекеті мен қар көшкіні), инженерлік-физикалық
(сейсмикалық, жылысу құбылыстарының) қасиеттері мен әлеуметтік-
экономикалық (көліктік қатынасқа қолайлығы, туристік
инфрақұрылымдармен қамтамассыз етілу дәрежесі) және тарихи-өлкетану
нысандарының болуы;
• Тартылымдылығын арттыратын бірегей тетоникалық-морфоқұрылым ретінде
табиғаттың алуан түрлілігі;

• Жер бедерінің басқа аумақтарда кездеспейтін бірегей пішіндерінің кең
таралуы;
• Жер бдерінің аумақтық табиғат кешендерімен үйлесуі;
• Биік таулы микроклиматтың озоға байшырша жапырақтарынан бөлінетін эфир
майларына қаныққан таза ауасының адамның мінез-құлқына, сезімі мен
денсаулығына тигізтін қолайлы мінезқұлықтық-физикалық әсері;
• Тау беткейлерінің көлбетінің экологиялық сипатының тартымдылығы;
• Жауын-шашынның мол түсуіне орай тау беткейлерінде қардың қалың түсуіне
байланысты су қорымен жеткілікті қамтамассыз етілуі;3
• Тауалды шөлейтті даласынан нивальды гляциальды белдеуге дейінгі барлық
табиғат кешендерінің алмасуы;
• Тау аңғарына теңіз деңгейімен біртіндеп биіктеуіне байланысты Қора
өзенінің жоғарғы ағысына дейін автокөлікпен баруға мүмкіндіктің болуы;
• Тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдарды дамытуға
қолайлылығы;
• Халықтың тығыз қоныстануы мен облыс орталығына жақын орналасуы мен жол
қатынасының қолайлылығына орай бұқаралық сипаттағы оқу-танымдық ,спорттық
экологиялық және тау туризмдерін дамытуға қолайлы әсер ететініне
көзжеткідік. 4
Қора өзені мен оның бастауындағы эстетикалық тартымдылығымен көзге
түсетін таумұздықтарының туризмді дамытудағы алатын орынын ашып көрсетуге
мүмкіндік берген бір аптаға созылған оқу-таным жорығынан соң Жетісу
Алатауының солтүстік батысында орналасқан Қора,Қаратал, Көксу өзендерінің
бастауындағы тау мұздықтары мен эстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін
моренналы көлдердің рекреациялық мақсатта игерілу тарихын анықтау
бағытында ізденіс жұмыстарын жүргіздік.Нәтижесінде жиырмасыншы ғасырдың
қырқыншы-елуінші жылдарынан бастап Қора өзенінің жоғарғы ағысындағы тау
мұздықтарының қарқынды игеріле бастағанын анықтадық.

Қора шатқалының туристік-рекреациялық тұрғыдан
игерілуі.Жоғарыда атап өткендей Алматы облсы мен Талдықорған-Текелі
өнеркәсіпті ауданыында демалыс пен туризм индустриясын дамытуға қолайлы
болашағы зор аудандарының бірі Қора өзені мен оның бастауындағы тау
мұздықтары болып саналады. Еліміздің халықаралық маңызы бар сыртқы сауда
жолы өтетін оңтүстік- шығыс бөлігімен Алматы облысының геогсаяси және
әлеуметтік-экономикалық жағдайының маңызының артуына орай аймақты
рекреациялық тұрғыдан игеру қажеттігіне қызығушылық соңғы жылдары күннен-
күнге арта бастады. Көршілес орналасқан Қытай халық республикасымен мәдени,
сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстардың күшейіп достық
қарым-қатынастың жақсаруы шекара аралық халықаралық туризмді дамытуға
қосымша мүмкіндік тудырдырды. Жетісу Алдатауының солтүстік батыс бөлігін
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында П.П.Семенов-
Тянь-Шанский, А.И.Шренк, Г.С.Карелин, В.В.Сапожников, В.И.Линиский,
А.И.Безсонов, С.Е.ДмириевИ.В. Мушкетов, И.Н.Пальгов, М.Тынышбаев,
Ш.Ш.Уәлиханов сыяқты оқымысты саяхатшыларды қызықтырды 3.
ХХ ғасырдың екіші жартысында П.А.Черкасов, В.М.Чупахинсыяқты ғалымдар
зерттеді.
Жазба дерек көздеріне талдау жасай отырып,эстетикалық тартымдылығымен
ерекшеленетін Қора өзені аңғарының табиғи-рекреациялық ресурстары баяу
игеріілгеніне бірқатар себептер әсер еткенін анықтадықсебептері бар. Олар:

- Қазақстан Республикасының ірі қалаларынан шалғайлығы;
- ұзақ жылдар бойы туристердің кеулін шектеген шекара режимі;
- аймақтың туристік-рекреациялық мүмкіндігі туралы ақпараттың аздығы;
- орташа биік және биік таулы белдеуде туризм мен демалыстың
инфрақұрылымының болмауы;
- жол қатынасының нашарлығы.
Қора өзені мен оның бастауындағы тау мұздықтарына спорттық мақсатпен
келген алғашқы туристердің бірі Қазақстанда бұқаралық сипаттағы альпенизмді
ұйымдастырып дамытушы В.М.Зимин болды. Ол 1947,1950 жылдар аралығында Қора
өзенінің бастауындағы күрделігі 1-2 дәрежелі Асубай, Ы.Алтынсарин
мұздықтары орналасқан туристік тұрғыдан бұрын белгісіз болып келген
аймақтың үлкен мүмкіндіктерді бар екенін атап өтті.5
1950 жылдардың соңында Жетісу Алатауының солтүстік – батысына
А.Н.Марьяшев пен Ю.В Кавешниковтың басшылығымен Қоғалы орта мектебінің
оқушылары мен мұғалімдеріҚора шатқалына жаяу жорық ұйымдастырды. 1959 жылы
Ю.С Накатковтың басшылығымен Алматының туристері Қапалдан Жаркентке
күрделігі екінші дәрежелі көп күндік жорықтар ұйымдастырды. Қазақ
политехникалық институты мен ҚазМУ-дың туристері 1962 жылы Текелі-Қора
өзендерініңң жоғарғы ағысы мен Қапал бағытында шаңғы жорығын ұйымдастырды.
Жорық барысында топ жетекшісі А.Н.Марьяшевпен қатысушылар Қора шатқалы мен
Баянжүрек тауынан қола дәуірнің бұрын белгісіз болған тастағы суреттерін
тапты.
Қазақстанға танымал турист Ю.С Накатковтың еңбектеріндегі жазба
деректерге сүйенсек Жетісу Алатауының таулы аумақтарын игеруге
В.А.Рацкихтің басшылығымен Текелі қаласының туристері қарқынды түрде
атсалысты. Сонымен Талдықорған қаласындағы облыстық және Сарқан
қаласындағы жас туристер станциясының мамандары Қора өзенінің аңғарында
спорттық туризмді, спорттық бағдарлауды дамытуға өз үлестерін қосқан.6
Жетісу Алатауының тау мұздықтарын зерттеген танымал гляциолог ғалым
П.А.Черкасовтың еңбектеріне сүйене отырып, 1950-1960 жылдары Қора өзенінің
бастауындағы тау мұздықтары мен асуларды игеруге Д.Н.Казанли сындытанымал
ғылымдармен қатар Б.А.Студенин, С.С.Адамбаев, Н.Н.Ларионов, Г.Н.Федотов
сақты туристер мен топографтар зор еңбек сіңірген. Санкт-Петербургтық
турист А.И.Тишениновтың деректері бойынша 1960 жылдары Қазан қаласының
альпенистері, 1963 жылы М.И.Гантманның басшылығымен Москва спорты клубының
спортышылары Жетісу Алатауының орталық бөлігіндегі Көксу-Қаратал алабындағы
шыңдарға бір қатар онша күрделі емес шығулар ұйымдастырды. 1968 жылдан
бастап аталған аумақта Санкт-Петербургтың содан соң Мәскеу мен Тверьдің тау
туристері күрделі биік таулы бағыттарды игере бастады.
Туризмді басқарудың бұрынғы жүйесінің жойылуына байланысты Қора өзені
аңғарына соңғы 10-15 жылда келгендердің саны ғана емес, жергілікті және
сырттан келген туристердің жүріп өткен бағыттары туралы нақты деректер алу
қиындап кетті. Қазақстанға танымал тәжірибелі шыңға шығушы С.П.Бегманның
басшылығымен 1999 жылы Халықаралық Хантәңірі альпенистік лагерінің
альпенистері Ұлы Британияның туристерімен бірлесе отырып Басқан өзенінің
бастауындағы бір қатар шыңдарға шықты. Жорықтың кеңесшісі аймақтың тау
мұздықтарың 40 жыл зерттеген белгілі гляциолог ғалым география ғылымдарының
докторы П.А.Черкасов болды. 7
Бүгінгі таңда Қора шатқалы мен оның бастауындағы тау мұздықтарында
туризмді дамытуға Талдықорған қаласындағы жастехниктер бекетінің жанындағы
оқушылардың Жоңғария туристік клубы зор үлес қосуда

1.2.Қора өзенінің бастауындағы мұздықтардың
туризмді дамыту мүмкіндіктері
Алматы облысының орталығымен оған жақын жатқан елді-мекендердің
халқының бұқаралық сипаттағы демалысымен ішкі және сыртқы туризмді дамытуға
мүмкіндік беретін маңызды туристік бағыттың бірі Қора өзенімен оның
бастауындағы Троноов, Алтынсарин,Сапожников. Асубай, Аюсай мұздықтарының
абляция аймағындағы моренналы көлдер болып табылады.
Географиялық ғылыми әдебиеттер мен Жетісу Алатауының 1:200000
масштабты картасының деректеріне сәйкесҚора шатқалы Жетісу Алатауының
солтүстік-батысындағы Мыңшұңқыр, Қора, Қаратау,Жаманкөл жоталарының
аралығын бөліп жатқан терең тектоникалық аңғарда орналасқан.аңғар арқылы
Қаратал өзенінің оң жақ саласы болып табылатын өзі аттас өзен ағады. Қора
шатқалы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталып 70 шақырымға созылып
жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-батысында Мыңшұңқыр, солтүстігінде Қаратау,
оңтүстігі мен оңтүстік-батысында Қора жоталарымен шектеседі. 1:50000 ірі
масштабты картаның деректеріне сай Қора және Қаратау жоталарының түйіліскен
жерінде теңіз деңгейінен 3500-3600 метр биіктікте Алтынсарин, Сапожников,
Безсонов, Троновсыяқты аңғарлық мұздықтары бар. Олардан Салдыртас,
Қасқабұлақ, Аралтөбе, Мұқан және Бұрқанбұлақ салалары бастау алады. 8
Асубай мұздығынан бастау алатын Бұрқанбұлақта Қазақстанның ең көрікті әрі
биік сарқырамаларының бірі бар.
2005 жылғы оқу-танымжорығы барысында Қора өзенінің Қараталға құяр
сағасындағы аласа таулы бөлігі өзінің ерекше көліктілігімен көзге түсетінін
анықтадық. Геологиялық әдебиеттердеі жазба дерек көздеріне сүйенсек 1000-
1100 метр биіктіктегі Текелі қаласының маңында миндаль мұзбасуының абляция
аймағында түзілген соңғы моренналық төбелер мен сел әрекетінен түзілген қой
тастар бар. Кен-байыту комбинатының өндіріс қалдықтарын төгуінен түзілген
террикондармен бедленттер Талдықорған мен Текелі қаласындағы жоғары, орта
арнайы оқу орындары мен мектеп оқушылары үшін жаппай бұқаралық спорттың
және тау туризмдерін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды нысандар болып
табылады. Тау аралық тектоникалық аңғар біртіндеп биіктейтіндіктен өзеннің
Қараталға құяр сағасынан 57 шақырым қашықтықтағы сол жақ саласы
Қасқабұлаққа дейін автокөлікпен баруға болады. 9
Теңіз деңгейінен биіктіктің біртіндеп артуына байланыстыҚора шатқалын
үш белдеуге бөліп қарастыруға болады.
Аласа таулы белдеу шатқалдың 1000-1600 метр биіктікке дейінгі бөлік
қамтиды. Қора өзені ағатын сайдың табаны мен Қора, Мыңшұңқыр жоталарының
арасындағы өзара биіктік беткейлердің көлбеулігі 15-25º аралығында
ауытқиды. Аңғардың табаны солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай
біртіндеп биіктейді. Тау жоталарының бағытына сәйкес жылу мен ылғалдың
тарауына батыс пен солтүстік-батыстан енетін ауа массалары әсер етеді.
Қыста инверсия құбылысы байқалатындықтан қаңтардың орташа температурасы 3-
5ºС төмен түспейді. Суық арктикалық ауа массалары енгенде -15-20ºС дейін
төмендейді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері етегінде 500, жоғары
бөлігінде 600 мм дейінгі мөлшерде ауытқиды. Тұрақты қар жамылғысы қазанның
соңы мен қарашаның ортасында қалыптасып наурыздың соңы мен сәуірдің бірінші
он күндігіне дейін 160-170 күн сақталады. Ылғалды жылдары 48-60
сантиметрден аса құрғақшылық жылдары 30-40 сантиметрден аспайды. 10
Шаңғы, шанамен еркін сырғанау сияқты қысқы рекреацияны қарқынды дамытуға
қолайлы Қора шатқалының беткейлерінде қар 5 айға дейін сақталады. Шаңғымен
серуендеуге қажетті қардың қалыңдығы желтоқсанның үшінші он күндігінде
қалыптасады. Қар кескіндеу жұмыстарының деректеріне қарағанда 30
сантиметрлік қардың қалыңдығы наурыздың бірінші он күндігінен бастап бұзыла
бастайды. Теріс және оң реакциялық баланстардың алмасуына байланысты жауын-
шашынның басым бөлігі сәуір мен маусымның аралығында түседі. Жер бетінің
қатты қызуына байланысты шілденің екінші жартысы мен қыркүйектің бірінші он
күндігінде ашық жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.
Ашық қоңыржай жылы жаз Қора шатқалының аласа таулы бөлігінде
сауықтыру-серуенің, жаппай бұқаралық сипаттағы демалысты, емдік-сауықтыру
бағытындағы туризмді дамытуға қолайлы кезең болып табылады.
Қора өзенінің Қараталға құяр сағасындағы малтатасты-сазды
жыныстардағы алювиальды-проалювиальды таудың қызғылт-қоңыр және қара
топырағындағы шалғынды-дала, бұталы-шалғынды өсімдіктер өсетін 1000-1400
метрге дейінгі белесті-жалды аласа таулы бөлігі бұқаралық сипаттағы
спорттық-сауықтыру туризмі мен демалысты жыл бойы ұйымдастыруға ең қолайлы
аумақ болып табылады.
1400-1600 метр биіктік арасындағы Қора шатқалының табаны мен тау
жоталарының теріскей беткейлеріндегі әктаста-алевромитті және құмтасты-
қиыршық тасты жыныстардағы таудың қызғылт қоңыр және қара топырағында
алмаағашты- мойылды- көктеректі тоғайлар мен бұталы шалғынды белесті-жалды
белдеуде орналасқан. Өзен аңғарындағы алмаағашты- көктеректі-мойылды
тоғайлар мен бұталы-шалғындардың хош иісті озонға бай мөлдір таза ауасы
демалушылардың көңіл күйіне жағымды әсер етіп, псикофизикалық жағдайын
қалпына келтіруге мүмкіндік бертін ең қолайлы аудан болып табылады.
Сондықтан таза ауада серуендеу, күн және ауа ваннасын қабылдау, сауықтыру
шомылу, тау шаңғысы, тау велосипеті, атпен серуендеу сияқты туризм мен
демалыстың бұқаралық сипаттағы түрлерін жыл бойы дамытуға болады.11
Жауын-шашынның азайып, температураның артуына байланысты туризмнің
жоғарыда аталған түрлерін дамытуға ең қолайлы мезгіл шілде тамыз айлары
болып табылады. өйткені бұл мезгіл тәуліктік орташа температура 20ºСдейін
көтеріліп, бірнеше күндік турларды ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
1600-2800 метр биіктік аралығын қамтитын Қора шатқалының орташа
биіктіктегі таулы бөлігі биіктік айырмасы 800-1000 метрге жететін терең
сайлар торымен тілімделген. Аласа таулы белдеуден бірінші айырмашылығы
жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Асубай, Тронов мұздықтарынан бастау
алатын Қасқабұлақ, Аралтөбе, Бұрқанбұлақ, Мұқан сияқты ағыны қатты тау
өзендерінің суының бұзушы әрекетінен түзілген жер бедерінің алуан түрлі
эрозиялықпішіндері басым.
Екінші айырмашылығы экзогендік әрекеттермен қатар неоген төрттік
дәуірлеріндегі неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен жүрген көтерілулер
нәтижесінде түзілген ерекше тартымдылығымен көзге түсетін бірегей
қайталанбас табиғи мүсін болып табылатын алып жартастар тау
беткейлерінің келбетіне көрік беріп тұруында.
Орташа биік таулы белдеулердегі беткейлердің орташа көлбеулілігі 30º
құрайды.12
1600-2600 метр биіктік аралығындағы қаңтардың орташа температурасы
-10º болса шілденің орташа температурасы +10º артпайды. Жауын-шашынның
басым бөлігі сәуір, маусым айларында түседі. Оның мөлшері 6000-10000 мм.,
шамасында. Жауын-шашынды мен бұлтты күндердің көп болуына байлынасты шілде,
тамыз айларындағы туризм мен демалысты ұйымдастыруға метеорологиялық
қолайлылығы орта биіктіктегі таулы белдеуде 34% құрайды. Орташа биіктіктегі
таулы белдеуде ашық күндердің санының артуына байланысты жартасқа өрмелеу,
альпенизм, сноуборд, тау велосипеді қысқа мерзімді сауықтыру серуені, күн
және ауа ваннасын қабылдау, жеміс-жидек теру сияқты туризм мен демалыстың
жеке түрлерін дамытуға ең қолайлы мерзім шілденің екінші жартысы мен тамыз
айы ең қолайлы болып табылады.
Бұл кезеңде 2000-2600 метр биіктік аралығының өзінде күндіз
температура +20-25ºС болса, түнде 5-6ºС төмен түспейді. 13
Әктасты-құмтасты шөгінді жыныстардан тұратын жалды-жонды болып
келетін орта биіктіктегі таулы белдеудегі шатқалдың табанымен тау
беткейлеріндегі таулы шалғынды және таулы орман топырақтарында аққайынды-
көктеректі-шетенді жалпақ жапырақты және май қарағайлы-шыршалы ормандармен
астық тұқымдас әр түрлі шөптесін өсімдікті шалғындар тараған қылқан
жапырақты ормандардың жапырағынан бөлінетін эфир майларының хош иісінен
озонға бай салқын таза ауасы адамның физикалық күш қуатын қалпына келтіріп,
мінез-құлықына қолайлы әсер етеді.
Қора шатқалының орташа биіктіктегі таулы белдеуінде орманшылар мен
омарташылардың үйлерінің болуы қар көшкіні мен сел қауіпіне қарамастан тау
шаңғысы базасын салуға қолайлы орын болып табылады. Қазіргі кезеңде Қора
шатқалында тау туризмін дамытуға Талдықорған қаласындағы оқушылар
шығармашылығы үйіндегі Жоңғария туристік клубы зор үлес қосуда,
Қора шатқалынындағы 2800-3500 метр биіктіктегі биік таулы бөлігі
Қора, Қаратау, Жаланкөл, Арасан жоталарының түйлісетін бөлігін қамтиды.
Теңіз деңгейінен биікте орналасуына байланысты эрозиялық-денудациялық және
тік беткейлі альпілік жер бедері басым. Жауын-шашынның мол түсуінің
әсерінен қазіргі мұзбасулардың ірі орталығы болуына байланысты екінші және
үшінші дәрежелі альпенизмді, ғылыми-танымдық туризді дамытуға мүмкіндік
береді жер бедерінің ерекшелігі мен жол қатынасының қолайлылығы. 14
Теңіз деңгейінен 2400-2900 метр биіктікте ежелгі пенепленденген
құмтасты, кварцитті, гранитті жыныстардағы биік таулы шалғынды топырақтарда
теңге жапырақты-әр түрлі шөптесін өсімдікті-аршалы субальпілік шалғындар
тараған. оны 2900-3550 метр биіктіктегі салқын қатаң климат жағдайында
жатаған астық тұтымдас әр түрлі шөптесін өсімдіктерден тұратын альпілік
шалғындар белдеуі алмастырады.
Мұздықтардың бетінде ауа температурасының төмендігіне байланысты орта
биіктіктегі таулы белдуге қарағанда желдің жылдамдығы артады. Ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы, ашық күндердің саны, инсоляцияның мәнінің
жоғарлығы сияқты рекреациялық ресурстардың жетклікті болуы туризм мен
демалысты дамытуға мүмкіндік береді.

2.3.Қора өзенінің бастауындағы мұздықтар мен
моренналы көлдерді оқып үйренуді көздейтін
көп күндік бағыттар
Күрделілігі төменгі, орташа дәрежедегі альпенизм мен тау туризмін, тау
шаңғысы хелликсиді ,ғылыми-танымдық туризмді дамытуға ең қолайлы ауданның
бірі Қора, Қоржынтау, Жаманкөл, Арасан, Шыжы, Көксу өзендерінің суайрығы
болып табылатын Аралтөбе, Безсонов, Тронов, Аюсай, Сапожников, Лагерный,
Алтынсарин мұздықтары болып табылады. Жоғарыда аталған тау жоталарының
түйліскен жерінің төбесі текшелі болып келуі мен ерекшеленетін жер бедері
мен жауын-шашынның мол түсуі (1600 мм) тау мұздықтарының таралуына қолайлы
жағдай туғызады. 15
Жылы ашық жауын-шашынсыз күндердің көп болуына байланысты тау
мұздықтарында альпенизм мен ғылыми-танымдық туризмді дамытуға ең қолайлы
кезең шілденің екінші жартысы мен тамыздың соңына дейінгі аралық болып
табылады. Жылдың бұл мезгілінде 3000-3500 метр биіктіктегі нивиальды
–гляциальды белдеудің өзінде күндізгі температура +22 ...+24ºС жетсе, түнде
+4 ...+6ºС төмен түспейді. Қаратау, Жаманкөл, Арасан, Қора, Қоржынтау
жоталарының түйліскен жері жоғарғы палеозойдың тілімделген гранитойдтарынан
тұратын төбесі текшелі таулы алқап болып табылады. Көлбеулігі 12-15º
аспайтын беткейлерінде аңғарлық, аспалы және қалқан тәрізді мұздықтар
тараған. Орта биіктіктегі таулы белдеуден айырмашылығы Қора, Шыжы, Көксу
өзендерінің бастауында қазіргі мұзбасулардың әсерінен түзілген жер
бедерінің экзорациялық-денудациялық пішіндері ысырынды моренналы төбелер
мен циркті көлдердің, кар аңғарларының желдің, температураның әсерінен
жүретін жер бедерінің дефляциялық-корразиялық пішіндерінің кең тарауы
эстетикалық тартымдылығын арттырады. 16
Жетісу Алатауындағы қазіргі мұзбасулар жүріп жатқан ең ірі ауданның
бірі саналатын бірегей тектоникалық-морфоқұрылым болып табылатын Қора,
Көксу, Шыжы өзендері бастау алатын таулы алқаптың гипсометриялық және
гляциологиялық ресурстарын тиімді пайдалану қажет. Аталған мәселені шешу
үшін Текелі қаласынан 57 шақырым қашықтықтағы Қасқабұлақ өзенінің Қораға
құяр сағасында болашақта европалық стандартқа сай келетін туризмнің қысқы
түрлерін дамытуға мүмкіндік беретін альпенистік лагер немесе тау шаңғысының
базасын салудың қажеттілігі туыпотыр. Тау туризмнің инфрақұрылымын
қалыптастыру үшін Текелі мен Қасқабұлақ арасын байланыстыратын автомобиль
жолын қалпына келтіріп, туристер күндіз демалатын, түнде қонатын орындар
даярлап арнайы соқпақтармен бағыттар құру мәселелерін шешу қажет. Жоғарыда
аталған туристік нысан тау шаңғысы Хелликси, сноуборд сияқты рекреацияның
қысқы түрлерін дамытуға жол аша отырып, отандық және шетелдік туристерді
тартуға мүмкіндік береді. Тау туризмін жаңа бастаған туристік туристер
үшін күрделілігі 1,2,3 дәрежелі ұзақтығы 6-8 күнге созылатын Қасқабұлақ-
Аралтөбе мұздығы-Тронов мұздығы-Валентина асуы-Безсонов мұздығы-Сапожников
мұздығы-Алматы асуы-Алтынсарин мұздығы-Бұрқанбұлақ бағытында альпенистік
саяхат ұйымдастыруға болады. Туристік бағыт басталатын ұзындығы 15,5
шақырымға жететін Қасқабұлақ өзенінің үшінші сол жақ саласы болып табылады.
Ол Қора тауының оң жақ және сол жақ жоталар тармағының араларын бөліп
тұрған ені 300-400 метрге жететін тар шатқал арқылы ағады. Сағасынан 9
шақырым қашықтықтан бастауына дейін аңғарлық мұздықтың тілі тоқтаған
жрлерінде түзілген диаметрі 20-30 сантиметрге жететін малта тастармен
қиыршық тасты-сазды жыныстардан тұратын бес моренналы төбелер бар. Бірінші
күні Қасқабұлақ өзенінен 10 шақырым қашықтықтағы сол жақ жағалауындағы ашық
алаңға қонып, Туристр Қора тауының солтүстік беткейінде мұздықтан бастау
алатын шағын бұлақтың бойындағы моренналы көлдермен, теңге жапырақты әр
түрлі шөптесін өсімдікті аршалы субальпілік шалғын мен таныса алады.17
Екінші күні Қасқабұлақтың оң жақ жағалауын бойлай көтеріліп, сағасынан
12,5 шақырым қашықтықта орналасқан моренналы төбелерді басып өтіп, ысырынды
төблердің аралығындағы екі циркті көлмен таныса алады. Бірінші көлдің
ұзындығы 250, ені 150, тереңдігі 1,5 метр. Бірінші және екінші көлдің
арасын шағын моренналы жал бөліп жатыр. Екінші көлдің ұзындығы 500, ені
50, тереңдігі 3 метр. Екеуіде бір деңгейде орналасқан. Көлдің суы сел
әрекетінен түзілген ысырынды малта тастардың арасындағы санылау арқылы
ағады. (1-сурет)
13 шақырымда биіктігі 60-70 метрге жететін моренналы ысырынды төбелермен
бөглгн үшінші және төнртінші көл бар. Үшінші көлдің диаметрі 30, тереңдігі
1,5 метр. Төртінші көлдің ұзындығы 50, ені 30 метр. (2-сурет)
44 шақырымда биіктігі 50-60 метрге жететін ысырынды жыныстардан
тұратын төртінші моренналы төбе бар. Ол біртіндеп тау мұздығының тіліне
ұласады. Бағытты бойлай қозғалу барысында Қасқабұлақтың сағасынан 10-14
шақырым қашықтықта орналасқан тау мұздығының қозғалу барысында түзілген
моренналы төбелер бір-бірінен шамамен 800-1000 метр қашықтықта
орналасқанына алып баспалдақ тәрізді текшелі болып келетініне мән бере
отырып, олардың аңғарлық мұздықтың пішінің қозғалу барысында түзілгенін
ашып көрсетуі тиіс. Бірінші, екінші күнгі жорық кезінде тау туризмі мен
альпенизмді жаңа бастаған демалушылар ерекше эстетикалық тартымдылығы мен
көзге түсетін алып баспалдақ тәрізді моренналы ысырынды жыныстан тұратын
төбелер мен текшелердің, циркті көлдер мен қар аңғарларының түзілу
заңдылықтарын анықтап, мұздықтардың экзорациялық әрекетінен түзілетін жер
бедерінің морфомүсіндік пішіндерімен таныса алады. Қасқабұлақ өзенінің
бастауындағы мұздықтармен танысқан соң оның етегін бойлай шығысқа
бағытталып 6 шақырым жол жүріп, Аралтөбе мұздығын кесіп өтіп, шалғынды
алаңға орналасып түнейтін лагерді орналастыру қажет. 18
Үшінші күн. Таңертең өзеннің суының шығынын өлшеу, мұздықтың ұзындығы
мен енін анықтау жұмыстарын жүргізуге болады.
Аралтөбе мұздығы Шегірбұлақ және Қасқабұлақ өзендерінен бөліп тұрған
оңтүстіктен солтүстікке бағытталып созылып жатқан абсалют биіктігі 3748
метрге жететін жоталардың аралығындағы кар алаңында түзілген ені 800-1000,
ұзындығы 1200 қалыңдығы, 5-6 метрге дейін жетеді. Үшінші күні таңертең
Шегірбұлақ өзені бастау алатын Тронов мұздығын өтіп, шығысқа бағытталып
Лагерный 3, Лагерный1 мұздықтарының оңтүстік шетіндегі жалды жалдап,
оңтүстік шығыс бағытқа бағытталып 4,5-5 шақырым жол жүріп, теңіз деңгейінен
3685 метр биіктіктегі Валентина мен Май асуларын асып, 1 шақырым жол
жүрген соң тынығып алып, Безсонов мұздығының батыс шетін бойлай
солтүстікке бағытталып 2-3 шақырым жол жүріп Қора өзенінің сол жақ
жағалауындағы ашық алаңға лагерді орналастырып түнеу үшін тоқтау керек.(3
сурет)
Төртінші күні Сапожников, Алтынсарин мұздықтардың аралығындағы ашық
алаңды бойлай 3,5-4 шақырым жол жүріп 167 және 168 мұздықтың аралығын,дағы
3600 метр биіктіктегі Алматы асуынан асып тынығып алған соң 1-1,5 шақырым
жол жүріп Бүйен және Қора өзендерінің бастауындағы моренналы көлдермен
танысып мұздықтардың ені мен ұзындығын, оның тау бағытындағы өлшеу жұмыстар
жүргізуге болады. Біраз тынығып демалған соң солтүстік-батысқа бағытталып
тау мұздықтарының етегін бойлай 1,5-2 шақырым жол жүріп 3800 метр
биіктіктегі Шығыстанушылар асуынан асып, оңтүстік-батыс бағытқа бағытталып
2,5-3 шақырым жол жүріп, Бұрқанбұлақ бастау алатын циркті көлдердің маңына
қонған қолайлы. 19
Бесінші күні. Бұрқанбұлақ сарқырамасын бойлай оңтүстік батысқа
бағытталып 2,5-3 шақырым жол жүріп, Қора өзенінің оң жақ жағалауын бойлай
көш жолмен 5-6 шақырым жол жүріп Шегірбұлақ өзенінің Қораға құяр сағасына
түнеп, жетінші күні бастапқы нүктеге келіп тоқтаймыз. (4сурет)
Жалпы ұзындығы 56-60 шақырымға созылатын Қасқабұлақ-Аралтөбе-Тронов
мұздығы-Безсонов мұздығы-Валентин асуы-Сапожников мұздығы- Алматы асуы-
Бұрқанбұлақ-Шегірбұлақ-Қора өзені бағытымен қозғалу барысында туристер 8
моренналы циркті көлмен, 13 тау мұздықтарымен танысып, 6 асудан асып, 20-
дан астам өткелдерден өтеді. Күрделілігі 1-3 дәрежелі асулардан асу
барысында Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жоталар тізбегі қар сызығына
дейінгі биіктік геожүйелерінің алмасуы өзіне тән климатының алуан түрлілі
болуының себептерін, өзен аңғарлары мен тау беткейлерінің әр түрлі
экспозициясына тән аумақтың табиғат кешендерімен таныса отырып, рухани күш-
қуаттарын қалпына келтіре алады. 20
Сонымен қатар басқа жерде кездеспейтін Алтынтамыр, күлсала, марал оты,
балдырған, шырғанақ сияқты дәрілік өсімдіктеріді көздеріменкөре алады.
Қайтарда Қора өзенінің төртінші сол жақ саласын өрлеп Қора жотасынан
асып, Кіші Шыжы өзенін бойлай қозғалып Текелі қаласына көш жолмен жаяу
жетуге де болады.

2.1.Қапал ойысы мен Бүркітті Бүйен өзенінің бастауында
туризмді дамытудың алғышарттары
Жетісу Алатауының Туризмді дамытуға мүмкіндік беретін маңызды
аудандарының бірі Қапал-Құрымбел ойысы мен Бүркітті Бүйен өзені бастау
алатын Қора,Жаманкөл,Қаратау жоталарының солтүстік беткейі болып табылады.
Аталған аумақта ғылыми-танымдық,экологиялық және тау туризмін дамытуға
төмендегі факторлар әсер етеді:
-Мұздыбұлақ таулы алқабы мен Құрымбел ойысында қазба жұмыстары жүргізіліп
жатқан қола, сақ-ғұн, түркі кезеңдерінің тартымдылығымен ерекшеленетін
тарихи-археологиялық ескерткіштердің болуы;
-Қапал ойысында шипажайлық-сауықтыру туризмін дамытуға
мүмкіндік беретін тектоникалық жарықшақты минералды су көздерініңқорының
болуы; 21
-Қаратау, Қора, Жаманкөл жоталарының солтүстік беткейларінің абсолют
биіктіг мен жер бетінің жалпы кескіні, көлбеулігі сияқты жер бедерінің
морфометриялық көрсеткіштері рекреанттардың жекелеген топтары үшін
альпенизм, спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық тау шаңғысы, туризмдерін
дамытуға мүмкіндік беруі;
• ежелгі және қазіргі мұзбасулардың экзорациялық әрекеті мен
селдің,желдің ауа температурасының әсерінен түзілген бірегей табиғат
ескерткіштердіңмолдығы;
• Жер бедерінің аумақтық табиғат кешендерімен үйлесуімен эстетикалық
тартымдылығы;
• Тау беткейлерінің микроклиматтың адамның мінез-құлқына, сезімі мен
денсаулығына тигізтін қолайлы әсері;
• Жауын-шашынның мол түсуіне орай тау беткейлерінде су қорымен
жеткілікті қамтамасыз етілуі;
• Тауалды шөлейтті дала зонасынан нивальды- гляциальды белдеуге дейінгі
барлық табиғат кешендерінің алмасуы;
• Тау беткейінің теңіз деңгейінен біртіндеп биіктеуіне байланысты
Бүркітті Бүйен өзенінің жоғарғы ағысына дейін автокөлікпен баруға
қолайлылығына байланысты туристік инфрақұрылымдарын дамыту
мүмкіндіктерінің болуы.
Талдықорған – Қапал – Баянжүрек - Бүркітті Бүйен - Қапал-Арасан -
Талдықорған бағытының жалпы ұзындығы 173 шақырым Оның 42 шақырымы жаяу
қалған 231 шақырымыавтобуспен немесе тауда жүруге бейімделген көліктің
басқа түрлерімен жүзеге асырылады.Туристік бағыттың негізгі мақсаты:
-студенттер мен жоғарғы сынып оқушыларын,сонымен қатаррухани күш-қуатын
қалпына келтіруге келген отандық және шетелдік туристерді Жетісу
Алатауының солтүстік-орталық жотасының табиғи ландшафтларының алмасу
заңдылықтарын анықтау;
-Қора, Жаманкөл Қаратау жоталарының солтүстік беткейінң Қапал, Құрымбел
ойыстарының гпсометрялық, гидроклиматтық ландшафтлық-эстетикалық
,инженерлік-физикалық жағдайлары мен тарихи және әлеуметтік-
экономикалық алғышарттарын ескере отырып, ғылыми- танымдық, бұқаралық
сипаттағы серуендік сауықтыру,шипажайлық- емдік сонымен қатар тау туризмін
дамыту;
-Баянжүрек тауы мен Мұздыбұлақ алқабындағы қола ,ерте темір, сақ-ғұн
кезеңдерінің қорғандарымен ,ерте орта ғасырлық Баласаз қалашығымен
таныстыру;
-Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасындағы гранитті алқаптардың
миллиондаған жылдар ішінде сыртқы экзогендік күштердің бұзушы әрекетінен
түзілген бірегей табиғат ескерткіштеріді, тектоникалық жарықтардағы
радонды минералды ыстық бұлақтардың түзілу жолдарын айққындау.
Туристік саяхаттың ұзақтығы 5-6 күн.
Бүйен өзені бастау алатын субендік және ендік бағытқа созылып жатқан
Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының орталық бөлігін қамтиды.
Батстан шығысқа бағытталып созылып жатқан абсолют биіктігіи 3878 метрге
жететін Қора,Қаратау(3289м) жоталары солтүстігінде төртік дәуірдегі
неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен болған көтерілулер мен төмен
түсулердің нәтижесінде түзілген теңіз деңгейінен биіктіктері 1200-2300 метр
аралығында ауытқитын үш деңгейлі тау аралық криптодепрессиялық Қапал,
Құрымбел, Мұздыбұлақ тау аралық ойыстарына ұласады. Жоғарыда аталған
жоталардың біліктік бөлігінің ірге тасы каледон мен герцинің
гранитойдтарынан тұратын ірі антиклинорилі құрылымдар болып табылатындықтан
Сыртқы күштердің әсерінен өзгерістерге ұшыраған эстетикалық тартымдылығымен
ерекшеленетін табиғат ескерткіштеріне өте бай.22
Тауаралық ойыстар ментау алды белесті жазықтары геологиялық тұрғыдан
біршама жас төрттік дәуірдің мұзбасулары және мұзбасу аралық кезеңде шөккен
моренналы, сазды-құмды жыныстарынан тұрады.Жер бедерінің ерекшеліктері
туристерге ежелгі миндаь,рисс,вюм мұзбасуларының және сел әрекетінен
түзілген жер бедерінің морфомүсіндік пішіндерімен таныстыруға қолайлы.
Таубеткейлерінің біртіндеп көтерілуіне байланысты мұздықтардың тіліне дейін
жетуге мүмкіндіктің болуы ежелгі және қазіргі мұзбасулардың экзорациялық
әрекетінің терең әрі тік беткейлі тар шатқалды терең өзен аңғарлар ментерең
сайлы кар аңғарларынын қалыптастырудағы алатын орынын анықтауға мүмкіндік
береді23
Қапал және Құрымбел ойыстарының аралықтарын Абсолют биіктігі 2079
метрге жететін сыртқы күштердің әсерінен бұзылған іргетасы гранитті,
жыныстардан тұратын неотектоникалық қозғалыстардың әсері баяу байқалған
аридті климат жағдайында күшті денудацияланған Баянжүрек және
Сарытау(2073м) таулары бөліп жатр. Тау баурайындағы жер бетіне шығып жатқан
пермьнің қызыл сары гранитті жыныстардың ежелгі төрттік мұзбасулардың
экзорациялық әрекетінен жұмырланып, температураның, жауын-шашын мен желдің
үйлесімді әрекетінен жүретін дефляция, корразия үрдістерінен ерекше ғажайып
пішінге ие болған эстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін табиғат
ескерткішіне бай.Аталған таулы алқаптағы морфомүсінді бейнелер туристер
мен жергілікті жердің табиғатының ерекшелігін зерттеп насихаттайтын
өлктанушылар үшін таптырмайтын нысан болып табылады. Баянжүрек тауына
келген туристерге жолбасшылар жер бетіне шығып жатқан пермь граниттердің
құрамына енетін тығыздығы біршама төмен ксенолиттер мен
кварциттідиориттерің сыртқы күштердің әсерінен бұзылып, желдің үрлеуі
нәтижесінде табиғи морфомүсінді бейнелердің түзілетіні жөнінде жан-жақты
түсінік береді.
Қаратау,Жаманкөл, Қора жоталарының солтүстік беткейлерінің 1000-1400
метр биіктікке дейінгі бөлік аласа таулы бөлігінің беткейлерінің
көлбеулігі 15-25º аралығында ауытқиды. Аңғардың табаны солтүстіктен
оңтүстікке қарай біртіндеп биіктейді. Тау жоталарының бағытына сәйкес жылу
мен ылғалдың тарауына солтүстік-батыс пен солтүстіктен енетін ауа массалары
әсер етеді. Қыста инверсия құбылысы байқалатындықтан Жан-жағын тау жоталары
қоршап жатқан Қапл, Құрымбел ойыстарында қаңтардың орташа температурасы
–7...-10ºС төмен түспейді. Суық артикалық ауа массалары енгенде –20 ...-
30ºС дейін төмендейді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері етегінде 330
жоғары бөлігінде 450 мм дейінгі мөлшерде ауытқиды. Қысқы үш айда жылдық
жауын-шашынның 10-15% құрайды.Қаттыкүйінде түсетін жауын-шашынның көп
жылдық орташа мөлшері 75-100 мм шамасында.Тұрақты қар жамылғысы қазанның
соңы мен қарашаның ортасында қалыптасып, наурыздың соңы мен сәуірдің
бірінші он күндігіне дейін 160-170 күн сақталады. Ылғалды жылдары қардың
қалыңдығы 30-40 сантиметрден аса, құрғақшылық жылдары 20-25 сантиметрден
аспайды.Қапал-Арасанға қарай еңіс болып келетін Баянжүрек тауының солтүстік
беткейі шаңғы, шанамен еркін сырғанау сияқты қысқы рекреацияны қарқынды
дамытуға қолайлы.24
Қора, Мыңшұңқыр тауларының солүстік беткейінің аласа таулы бөлігі мен
Қапал, Құрымбел ойыстарында қар 4,5-5 айға дейін сақталады. Шаңғымен
серуендеуге қажетті қардың қалыңдығы желтоқсанның үшінші он күндігінде
қалыптасады.Көп жылдық метеорологиялық бақылаулардың деректеріне қарағанда
30 сантиметрлік қардың қалыңдығы наурыздың бірінші он күндігінен бастап
бұзыла бастайды. Теріс және оң радяциялық баланстардың алмасуына байланысты
жауын-шашынның басым бөлігі сәуір мен маусымның аралығында түседі. Жер
бетінің қатты қызуына орай шілденің екінші жартысы мен қыркүйектің бірінші
он күндігінде бұлтсыз ашық жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.25
Ашық қоңыржай жылы жаз тарихи-археологиялық және табиғат
ескерткіштерінің қоры жеткілікті Қапал,Құрымбел ойыстарымен бүркітті Бүйен
өзені аңғарының аласа таулы бөлігінде экологиялық, ғылыми-танымдық ,емдік-
сауықтыру туризм мен сауықтыру-серуені сыяқты жаппай бұқаралық сипаттағы
демалысты дамытуға қолайлы кезең болып табылады.
Аталған аумақтағы малтатасты-сазды алювиальды-проалювиальды
жыныстардағы таудың қызғылт-қоңыр және қара топырағындағыастық тұқымдас
әртүрлі шөптесін өсімдікті шалғынды-дала, бұталы-шалғынды өсімдіктер өсетін
1000-1400 метрге дейінгі белесті-жалды аласа таулы бөлігі бұқаралық
сипаттағы спорттық-сауықтыру туризмі мен демалысты жыл бойы ұйымдастыруға
ең қолайлы аумақ болып табылады.
1400-2000 метр биіктік аралығндағы Қора және Қаратау тауларының
солтүстік беткейінің аласа таулы бөлігі біршама тегісәрі біртіндеп
көтерілуімен ерекшеленеді.Негізінен пермьнің қызыл-сары түсті биотитті
граниттері мен тақтатасты алевролитті жыныстардан тұрады. Жауын-Шашынның
таралу ерекшелігіне сай гранитті, тақтатасты-алевролитті және құмтасты
қиыршық тасты жыныстардағы таудың қызғылт қоңыр және қара топырағында
бұталы-шалғынды әртүрлі шөптесін өсімдікті белдеу таралған.Жоғарғы
бөлігінде гранитті, тақтатасты-алевролитті және құмтасты қиыршық тасты
жыныстардағы тауллы шалғын топрағында өсетін теңге жапырақты әртүрлі
шөптесін өсімдікті субаьпілік шалғындар таралған. Өзен аңғарындағытаралған
көктеректі-мойылды, шыршалы тоғайлар мен бұталы-шалғындардың хош иісті
озонға бай мөлдір таза ауасы демалушылардың көңіл күйіне жағымды әсер етіп,
психофизикалық жағдайын қалпына келтіруге мүмкіндік бертін ең қолайлы аудан
болып табылады. Сондықтан таза ауада серуендеу, күн және ауа ваннасын
қабылдау, сауықтыру шомылуы, тау шаңғысы, тау велосипеті, атпен серуендеу
сияқты туризм мен демалыстың бұқаралық сипаттағы түрлерін жыл бойы дамытуға
болады. Жауын-шашынның азайып, температураның артуына байланысты туризмнің
жоғарыда аталған түрлерін дамытуға ең қолайлы мезгіл шілде тамыз айлары
болып табылады. өйткені бұл мезгілде тәуліктік орташа температура 20ºС
дейін көтерілетіндіктен, бірнеше күндік турларды ұйымдастыруға мүмкіндік
туады. 26
2000-2600 метр биіктік аралығын қамтитын Қора шатқалының орташа
биіктіктегі таулы бөлігі биіктік айырмасы 800-1000 метрге жететін терең
сайлар торымен тілімделген. Аласа таулы белдеуден бірінші айырмашылығы
жауын-шашынның мол түмуіне байланысты Аболин,168, 169,170171,172,173 және
Аюсай мұздықтарынан бастау алатын Бүркітті Бүйен, Орта Бүйен ,Тасты Бүйен
сияқты ағыны қатты тау өзендерінің суының бұзушы әрекетінен түзілген жер
бедерінің алуан түрлі эрозиялық пішіндері басым.
Екінші айырмашылығы экзогендік әрекеттермен қатар неоген төрттік
дәуірлеріндегі неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен жүрген көтерілулер
нәтижесінде түзілген ерекше тартымдылығымен көзге түсетін бірегей
қайталанбас табиғи мүсін болып табылатын алып жартасты дайкалар, ысырынды
моренналы төбелер,терең тілімделген кар аңғарлары мен циркті көлдер,соңғы
вюрм мұзбасуының қайтуы кезіндегі сел әрекетәнеен түзілген қойтастар тау
беткейлерінің келбетіне көрік беріп тұрады. 27
Орташа биік таулы белдеулердегі беткейлердің орташа көлбеулілігі 30º
құрайды. Қора шатқалының 1600-2600 метр биіктік аралығындағы орташа
биіктіктегі таулы бөлігіндегі қаңтардың орташа температурасы -10ºС болса
шілденің орташа температурасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тау туризмі
Жетісу Алатауы көлдерінде туризмді дамыту
Талдықорған өнірінің туристік рекреациялық ресурстар жағдайы
Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турлар ұйымдастыру жолдары
Қазақстандағы қар мен мұз ресурстары
Су туризмі
Туризм – мүмкіндігі мол сала әрі қаржы көзі
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
ҚР - дағы су туризм маңыздылығы және дамуы
Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы
Пәндер