Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)



КІРІСПЕ
1. «Шетел қазақтарының қалыптасу тарихы»
2. «Шетелдегі қазақтардың орналасуы және этнодемографиясы»
3. «Шетелдегі қазақ диаспорасының отанға оралуы және бейімделу мәселелері»
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз ұлттық идеяны қалыптастыру мақсатында шетелдердегі қандастарымыздың этникалық тарихын, дәстүрлі мәдениетінің сақталуын, өзгерісін, бөгде ортадағы этникалық және этномәдени үдерістерін ғылыми талдауды маңызды міндет етіп қояды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүние жүзі қазақтарының ІІ құрылтайында жасаған баяндамасында: «Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы – барша қазаққа тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да – бөліп-жаруға жатпайтын ортақ байлық. Сондықтан сырттағы қазақтың әдебиеті, мәдениеті, өнері деген қолдан жасалатын шекара болмауға тиіс. Тағдырдың жазуымен туған топырақтан шеттеп кетуге мәжбүр болған ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны ата-жұртта және барша әлемге таныстыру аса маңызды шаруа»,- деп көрсетті 1, 8-б. Өзімізді танып білу, жоғымызды іздеу тек еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін мүмкін болғаны белгілі. Қазіргі әлемдік өркениет жағдайында болып жатқан түбегейлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістер Шетел аймағындағы елдерге де тікелей қатысты болып отыр. Себебі, сырттағы қазақтардың тарихи даму үрдісі де, этникалық және этномәдени үдерістері де қазақ этносы дамуының тұтас бір бөлігі. Олай болса, зерттеу аумағындағы жергілікті халықтар ықпалындағы қазақтардың қалыптастырған дәстүрлі мәдениетіндегі ерекшеліктерді, ұқсастықтарды сараптау тарих пен этнология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
Шетел диаспорасының үлкен бір қауымын қазақтар құрайтындығы белгілі. Өз республикасынан тыс, шет жерлер мен шет елдерге таралу жағынан да қазақтар алдыңғы орындарда тұр. Халқымыздың 5,5 миллионға жуығы төл ортадан жырақта өмір сүруде. Соның ішінде саяси-экономикалық құрылымы әртүрлі елдерде өз қандастарынан бөлек ортада өмір сүріп отырған қазақтардың үлкен бір қауымын шетелдегі қазақтар құрайды. Мәселен, Қытайда 1.462.588 (2010), Өзбекстанда 800.000 – 1.100.000, Ресейде 647.732 (2010), Моңғолияда 101.526, Түркіменстанда 98.000, Қырғызстанда 42.657, Түркияда 30.000, Канадада 7.000, АҚШ-та 3.000, Германияда 1.000 қазақ болғанын көрсетеді 2. Қандастарымыздың шет жерлерге таралу тарихы да баршамызға аян. Елбасы Н.Назарбаев қазақ халқының басынан өткізген қиын да ауыр тағдыры жөнінде былай дейді: «...өз жерімізде өзіміз қуғынға түстік. Мыңдаған жандар қырылып, мыңдаған жандар ата жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1932-1933 жылдары қазақ даласында болған адам айтса нанғысыз ашаршылық, 6 миллиондай халықтың 2,2 миллионы айдың күні аманында опат болғаны, сталиндік репрессия жылдарында аяулы да абзал азаматтарымыздың жойылғаны - большевизмнің бетіне басылар қара таңба, біздің ғасырлар бойы ұмытпайтын қасіретіміз», - деп көрсетті 3, 8-б. Тақырыптың өзектілігі міне, осы сырттағы қазақтардың төл Отанынан жырақта жүру себептерін және бөгде ортадағы дәстүрлі мәдениетінің сақталуы, жалғастылығы мен өзгерісін талдаумен сипатталады.
1. Назарбаев Н.Ә. Дүние жүзі қазақтарының ІІ-құрылтайында жасаған баяндама // Дүние жүзі қазақтарының шежіресі. – ІІ кітап. – Алматы: Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, 2005. – 71 б.
2. Итоги Всесоюзной переписи насления 1989 г. Национальный состав. М: ЦСУ, 1991. – 356 с.; Демографический ежегодник Узбекистана. – Ташкент: Государственный Статистический комитет РУ, 2006. – 191 с.; Статсборник население Кыргызстана. – Бишкек, 2000. Кн. 11. – Часть. 1. – 272 с.; Население Республики Таджикистан. – Душанбе, 2000. – 155 с.
3. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.
4. Шалекенов У.Х. Казахи низовьев Аму-Дарьии. К истории взаймоотношений народов Каракалпакии в ХVІІІ – ХХ вв. – Ташкент: Фан, 1966. – 336 с.
5. Камалов С.К. Каракалпаки в ХVІІІ – ХІХ вв.(К истории взаймоотношений с Россией и среднеазиатскими ханствами). – Ташкент: Фан, 1968. – 327 с.
6. Шаниязов К. К вопросу расселения и родовых делении канглы //
7. Этнографическое изучение быта и культура узбеков. – Ташкент, 1972. – С. 5–10.; Шаниязов К. Основные отрасли животноводства в дореволюционном Узбекистане // Хозяйственные - культурные традиций народов Средней Азии и Казахстана. – М, 1975. – С. 188–192.
8. Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма. – Москва: Наука, 1986. – 243 с.
9. Козыбаев М.К. История и современность. – Алматы: Ғылым, 1991. – 254 с.
10. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. – Алматы: Ғылым, 1997. – 261 с.; Мендикулова Г.М. Казахская диаспора: История и современность. – Алматы: Реиз, 2006. – 343 с.
11. Алимбай Н., Аргынбаев Х., Муканов М. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов (очерки теорий и историй). – Алматы: Ғылым, 1998. – 234 с.
12. Жолдасбаев С. Қазақтардың жартылай отырықшылық мәдениеті (ХVІ – ХVІІІ ғғ). (Жетісу аймағының материалдары бойынша) – Алматы,1998. –157 б.; Жолдасбайұлы С. Жетісу тарихы (XVI – XVIII ғғ. тарихи және палеоэтнологилық зерттеу). Алматы, 1996. – 298 б.
13. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 288 б.
14. Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ – начало ХХ вв). – Алматы: Ғылым, 1991. – 214 б.
15. Ажигали С.Е. Традиционная система скотоводческого поселения казахов (в историческом развитии) // Этнографо- археологические комплексы: Проблемы культуры и социума. – Новосибирск, 2002. – Т. 5. – С. 143–190.
16. Қыдыралин У. Маңқыстау қазақтары. – Алматы, 1998. – 165 б.
17. Тохтабаева Ш. Шедевры Великой степи. – Алматы: Дайк Пресс 2009. – 237 с.
18. Артыкбаев Ж. Казахское общество: традиции и инновации. – Астана: Парасат Әлемі, 2003. – 290 с.; Артыкбаев Ж.О. Материалы к историй правящего дома казахов. – Алматы: Ғылым, 2001. – 204 с.
19. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов (Этнографические очерки). – Алматы: Казахстан, 1998. – 184 с.
20. Мустафина Р. Представления, культы, обряды у казахов. – Алматы, 1991. – 163 с.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ 94(575+574):39 Қолжазба құқығында

Илимова Айгерим

Шетел қазақтары
(тарихи-этнологиялық зерттеу)

6М020300 - Тарих

Магистрлік диссертацияның авторефераты

Қазақстан Республикасы

Түркістан – 2015

Диссертация Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшісі: тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Абдраманов Е.С.

Ресми оппоненті: тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің доценті
Егембердиев М.Ш.
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз ұлттық идеяны қалыптастыру мақсатында
шетелдердегі қандастарымыздың этникалық тарихын, дәстүрлі мәдениетінің
сақталуын, өзгерісін, бөгде ортадағы этникалық және этномәдени үдерістерін
ғылыми талдауды маңызды міндет етіп қояды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүние
жүзі қазақтарының ІІ құрылтайында жасаған баяндамасында: Дүниеде қазақ
деген ұлт біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы – барша
қазаққа тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да – бөліп-жаруға жатпайтын
ортақ байлық. Сондықтан сырттағы қазақтың әдебиеті, мәдениеті, өнері деген
қолдан жасалатын шекара болмауға тиіс. Тағдырдың жазуымен туған топырақтан
шеттеп кетуге мәжбүр болған ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ
жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны ата-жұртта
және барша әлемге таныстыру аса маңызды шаруа,- деп көрсетті (1, 8-б(.
Өзімізді танып білу, жоғымызды іздеу тек еліміз тәуелсіздігін алғаннан
кейін мүмкін болғаны белгілі. Қазіргі әлемдік өркениет жағдайында болып
жатқан түбегейлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени
үдерістер Шетел аймағындағы елдерге де тікелей қатысты болып отыр. Себебі,
сырттағы қазақтардың тарихи даму үрдісі де, этникалық және этномәдени
үдерістері де қазақ этносы дамуының тұтас бір бөлігі. Олай болса, зерттеу
аумағындағы жергілікті халықтар ықпалындағы қазақтардың қалыптастырған
дәстүрлі мәдениетіндегі ерекшеліктерді, ұқсастықтарды сараптау тарих пен
этнология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
Шетел диаспорасының үлкен бір қауымын қазақтар құрайтындығы белгілі.
Өз республикасынан тыс, шет жерлер мен шет елдерге таралу жағынан да
қазақтар алдыңғы орындарда тұр. Халқымыздың 5,5 миллионға жуығы төл ортадан
жырақта өмір сүруде. Соның ішінде саяси-экономикалық құрылымы әртүрлі
елдерде өз қандастарынан бөлек ортада өмір сүріп отырған қазақтардың үлкен
бір қауымын шетелдегі қазақтар құрайды. Мәселен, Қытайда 1.462.588 (2010),
Өзбекстанда 800.000 – 1.100.000, Ресейде 647.732 (2010), Моңғолияда
101.526, Түркіменстанда 98.000, Қырғызстанда 42.657, Түркияда 30.000,
Канадада 7.000, АҚШ-та 3.000, Германияда 1.000 қазақ болғанын көрсетеді
(2(. Қандастарымыздың шет жерлерге таралу тарихы да баршамызға аян. Елбасы
Н.Назарбаев қазақ халқының басынан өткізген қиын да ауыр тағдыры жөнінде
былай дейді: ...өз жерімізде өзіміз қуғынға түстік. Мыңдаған жандар
қырылып, мыңдаған жандар ата жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1932-1933
жылдары қазақ даласында болған адам айтса нанғысыз ашаршылық, 6 миллиондай
халықтың 2,2 миллионы айдың күні аманында опат болғаны, сталиндік репрессия
жылдарында аяулы да абзал азаматтарымыздың жойылғаны - большевизмнің бетіне
басылар қара таңба, біздің ғасырлар бойы ұмытпайтын қасіретіміз, - деп
көрсетті (3, 8-б(. Тақырыптың өзектілігі міне, осы сырттағы қазақтардың төл
Отанынан жырақта жүру себептерін және бөгде ортадағы дәстүрлі мәдениетінің
сақталуы, жалғастылығы мен өзгерісін талдаумен сипатталады.
Бөлек этникалық ортада өмір сүріп отырған барлық диаспораның
атамекенінде мемлекеті бар, ол сол халықтың дамуының этникалық кеңістігі
болып саналады. Сондықтан да шет жерлерде төл ортадан бөлек өмір сүріп
жатқан қандастарымыздың этникалық, мәдени-рухани дамуына мемлекетіміз бар
мүмкіндігінше қамқорлық жасауда. Қазақстан Республикасы шетелдердегі
отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, оларды
мүмкіндігіне қарай елге қайтару не ұлттық сана сұранысына қарай жағдай
жасауда. Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы да шетелдердегі қазақтармен
байланыс жасауда маңызды іс-шаралар мен қызметтер етуде. Осыған байланысты
шет жерлерде тұрып жатқан қандастарымыздың да тұрмысын зерттеп, әлеуметтік-
экономикалық және мәдени рухани тыныс тіршілігіндегі мәселелерді де талдап
ұлт бірлігін нығайту тарихшы-этнологтардың бірден - бір міндеті.
Сондықтанда шет жерлерде мекен етіп отырған қандастарымызды тарихи-
этнологиялық тұрғыдан зерттеу ұлт бірлігін нығайтып, ұлтымыздың дамуына,
жандануына ғана әкеліп қоймай басқа елдердің аз санды халыққа деген қатынас
тәжірибесін анықтап, зерттеуге де мүмкіншілік береді. Шет елдердегі
қазақтардардың этно-әлеуметтік мәселелері және этнологиялық болмысы бүгінгі
күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, шетте жүрген
қандастарымыз қазақ этносының бір бөлігі, қазақ халқының тұтастығын
көздейтін болсақ, олардың дәстүрлі мәдениетімен қазіргі жағдайдағы
этномәдени үдерістеріндегі мәдени мұраларының сақталуы мен жалғастылығын
зерделеу қажет. Сондай ақ шет жерлердегі қандастарымызды тарихи-
этнологиялық тұрғыдан зерттеу олардың мәдени қажеттілік сұраныстарын
қанағаттандырып қана қоймай, халқымыздың мәдени мұраларын жоғалтпай, қайта
тірілтуге, жандандыруға, мәдениетіміздің озық үлгілерін насихаттауға
мүмкіндік береді. Шетелдегі қазақтардың этникалық тарихын, этнологиялық
ерекшелігін зерттеу халқымыздың тұтастығы мен этникалық бірлігін сақтауда
өзекті тақырыптардың қатарына жатады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақ диаспорасы тақырыбының ғылыми
тұрғыдан зерттелуі ХХ ғ. 90 жылдарынан басталады. Дегенмен де, Қазан
төңкерісіне дейінгі және Кеңес өкіметі жылдарындағы жарық көрген тарихи-
этнологиялық еңбектерде Шетел қазақтары жөніндегі мәліметтер кездеседі.
Мәселен, Шетел қазақтарының ХІХ ғ. саны, этникалық құрылымы, тұрмысы мен
мәдениеті жөнінде П. Паллас, И. Фальк А.И. Макшеев, П.И. Пашино,
М.А.Терентьев, Ю.Я. Янсон, Л.Ф. Костенко, А.В. Каульбарс, В.И.
Масальскийдің т.б. еңбектерінен көптеген мағлұматтар алуға болады. Қазан
төңкерісіне дейінгі Шетел халықтарының орналасу аумақтары, халқының саны,
этникалық құрамы, шаруашылығы, мәдениеті жөніндегі мәліметтер әр жылдардағы
Материалы для статистики Туркестанского края, Обзор Сырдарьинской
области, Обзор Семиреченской области, Обзор Закаспийской области, т.б.
басылымдарда жан-жақты беріледі. Сырдария облысы қазақтарының шаруашылығы
А.К. Геинс, Н.А. Маев, И.И. Гейер, Н.Н. Александров, Н. Дингельштет, т.б.
еңбектерінде берілсе, ХIХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. бас кезеңінде қазақ
отбасына байланысты жазылған этнологиялық материалдар Н.И. Гродеков, Р.
Карутц, Ә. Диваевтың еңбектерінен кездестіреміз. Кеңес өкіметінің алғашқы
жылдарындағы мәліметтер Сельское хозяйство в Туркестанском крае, Отчет
Сырдаринского экономического Совещания за 1921-1922 гг. хоз. год, т.б.
еңбектерде кездеседі.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы Түркістан өлкесін
аудандастырумен байланысты қалыптасқан халықтардың сандық құрамы, этникалық
аумақтары жөнінде Н.И. Балашев, Материалы по районированию Узбекистана,
И.И. Зарубин, Н.Б. Архипов т.б. еңбектерінде баяндалса, 1924-1926 жж.
шетелдегі қандастардың этникалық шекарасын межелеу нәтижесі, оның халықтар
дамуындағы орны Т.А. Жданко, Х.Т. Турсыновтың еңбектерінде көрсетіледі. ХХ
ғ. 30 жылдарында ұйымдасқан Хорезм археологиялық-этнологиялық кешенді
экспедиция С.П. Толстовтың, Т.А. Жданконың басшылығымен ұзақ жылдар Хорезм
аумағындағы өзбек, қарақалпақ, түрікмен және қазақтардың этнографиясын
зерттеп, құнды мәліметтер қалдырды. Осы экспедицияның құрамында зерттеу
жұмысын жүргізіп, Қарақалпақстан қазақтарының тарихы мен этнографиясын және
олардың қарым-қатынасын мұрағат деректерімен далалық зерттеулер негізінде
жазған У.Х. Шалекеновтың (4(, Хиуа хандығындағы қазақтар мен
қарақалпақтарды С.К. Камаловтың (5(, Өзбекстандағы халықтардың мәдениетін
салыстырмалы қарауда К. Шаниязовтың (6(, аумақтағы қазақтардың сандық
құрылымы жөніндегі мәліметтер Н.Е. Бекмаханованың (7(, т.б. еңбектерінде
жан-жақты қарастырылады. Жалпы, 1983–1984 жж. ҚазҰУ археология және
этнология кафедрасы ұжымы алғаш рет т.ғ.д. профессор Ә.Т. Төлеубаевтың
жетекшілігімен Орынбор, Астрахан облыстарындағы қазақтардан этнологиялық
материалдар жинақталған болатын, соның негізінде 13 баспа табақ ғылыми есеп
пен монография жазылды.
Тікелей тақырыппен байланысты шетелдегі қандастардың саны, этникалық
құрамы, өсу, кему динамикасы Х. Салимовтың, И.Р. Муляджановтың,
Б.Қалшабаеваның т.б. еңбектерінде қарастырылады. Түркіменстандағы қазақтар
жөніндегі мәліметтерді Ш. Кадыров, М.Г. Гапуров, А. Оразов, т.б.
еңбектерінен, Қырғызстандағы халықтардың этникалық сандық құрылымы жөнінде
К.К. Кронгардтың, А.С. Кочкуновтың, В.С. Желоховцева, т.б. еңбектерінен
алдық. Сол сияқты Н.А. Ахмадиевтің, Т.Мирхаликовтың т.б. еңбектерінен
Тәжікстандағы қазақтар жөнінде мәліметтер алынды. Тәуелсіздікке қол
жеткізген Қазақстан үшін қазақ диаспорасы мәселесі тек 1991 жылдан бастап
ғылыми проблема ретінде қазақ диаспорасының қазіргі жағдайы мен болашағы
жөнінде мәселелер көтеріле бастады. Соның бірі 1999 жылы 14 қыркүйекте
өткен Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, Ұлттық Ғылым академиясының
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен
Қазақ диаспорасы тарихын зерттеудің келелі мәселелері атты ғылыми
тәжірибе конференциясында да диаспора мен оралмандардың саяси әлеуметтік
жағдайы және рухани мәдениетін насихаттау жөнінде көптеген келелі ұсыныстар
айтылды. М.Қ Қозыбаев Қазақ диаспорасының тарихын зерттеудің келелі
мәселелері атты ғылыми-практикалық конференцияда жасалған баяндамада:
Ғылымның диаспорология деген ұғымы қалыптасты. Біз біртұтас ұлт, халық
боламыз десек ғылымның сол саласын әлі де зерттей түсуіміз керек – деп
атап көрсетті (8(. Отандық тарихшылардың ішінде қазақ халқының сандық
құрылымын салыстырмалы түрде қарауда М.Х.Асылбековтың, біздің зерттеу
жұмысымыздың кейбір тұстарын ашуда С.Мадуановтың, У.Х.Шалекенов пен
М.У.Шалекеновтың және т.б. еңбектерінде жергілікті халықтар арасындағы
өзара байланыс пен ықпалдылық мәселелері қарастырылды. Қазақ диаспорасын
теориялық-әдіснамалық тұрғыда талдап, алыс шет елдік отандастарымыз жөнінде
келелі тұжырымдар жасаған белгілі ғалым Г.М. Меңдіқұлованың еңбектерінің
маңызының жоғары екендігін айта кеткеніміз жөн (9(. Шет жерлердегі
қандастарымыздың тарихы мен этнографиясы жөнінде көптеген ғалымдарымыз
қалам тартты. Мәселен, Алтай қазақтарының этникалық тарихы жөнінде белгілі
ғалым, этнолог-антрополог О.Смағұлов, Монғолиядағы қазақтардың тарихы мен
этнографиясы жөнінде ғалым З.Қинаятұлы, қазақ-қытай қарым қатынастары
жөнінде Н. Мұхамедханұлы т.б. Шетелдегі қазақтардың заттай мәдениетін
салыстырмалы түрде зерттеуде арқау болған Н.Алимбай, Х.Арғынбаев,
М.Мұқановтың (10(, қазақ халқының баспана құрылыстарын Шетел халықтарымен
салыстыра зерттеуде белгілі ғалым С.Жолдасбаевтың еңбектері құнды (11(.
Аумақтағы қазақтардың отбасы және отбасылық қатынастарындағы әдет ғұрып,
салт дәстүрлерін зерттеуде Х.Арғынбаевтың (12(, Ә.Т.Төлеубаевтың (13(
еңбектерін негізге алсақ, қазақтың қоныстары, ғұрыптық кешендері жөнінде
түрікмен, қарақалпақ халықтарымен салыстыра талдап, зерттеген археолог-
этнограф С.Әжіғалидың (14( еңбектерінің орны ерекше. Сондай-ақ Маңқыстау
қазақтарын зерттеген Ү.Қыдыралиннің (15(, қазақ этнографиясын аумақтық
салыстыруда Ж. Артықбаевтың (16(, қазақ қолөнерінің шетел халықтарымен
ұқсастығы мен ерекшелігін зерттеуде Ш.Тохтабаеваның (17(, Н.Шаханованың
(18(, Р.Мустафинаның (19(, т.б. еңбектері де жұмысымыздың кейбір тұстарын
айқындауда арқау болды. Диссертациямыздың Өзбекстандағы қазақтарға
байланысты тарихи жағын зерттеуде К.И. Кобыландиннің (20( еңбектерінің
маңыздылығын атап көрсеткіміз келеді. Соңғы кезеңдерде сырттағы қазақтарды
тарихи -этнологиялық тұрғыдан кешенді түрде зерттеуде Ш. Уәлиханов атындағы
тарих және этнология институты ғалымдарының Өзбекстан мен Қарақалпақстанға,
Монғолияға жүргізген кешенді экспедицияларының маңызы зор.
Жұмыстың деректік негізі. Зерттеу жұмысының деректік негіздерін әр
кезеңдердегі санақтар мен статистикалық жылнамалар, материалдар, мемлекет
қаулылары мен көші-қон агенттігі, далалық материалдар құрайды.
Деректік материалдардың бір тобын әр жылдардағы санақтар мен
статистикалық мәліметтер құрайды. Оған: Материалы для статистики
Туркестанского края, Статистический ежегодник 1917–1923 гг.,
Хозяйственный план Туркреспублики на 1923–1924 гг., 1917, 1920 жж.
Бүкілресейлік халық санақтары, 1926, 1936, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жж.
Бүкілодақтық халық санақтары, ҚР статистикалық агенттігі. 1999, 2009 ж.
халық санағының қорытындысы, т.б. материалдар енеді.
Зерттеудегі деректік материалдардың екінші бір тобын 1992 ж., 2002 ж,
2005 ж., 2011 ж. дүниежүзі қазақтарының құрылтайы материалдары, Қазақ
диаспорасы көші-қон жөніндегі мемлекет қаулылары мен көші-қон агенттігінің
статистикалық материалдары құрайды.
Жұмыстың мақсаты. Шетелдегі қазақтардың қоныстану тарихын, олардың
орналасуын, санын, рулық құрамын, тұрмысы мен мәдениетіндегі этнологиялық
ерекшеліктерін бөгде ортадағы өзара ықпалдастықтың ұлттық мәдениетке
тигізген ықпалын ғылыми талдау, қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-
экономикалық себептермен қазақ диаспорасының елге оралу проблемаларын
сараптау, жұмыстың кешенді зерттеуі болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сай шетелдегі қазақтардың тарихи және қазіргі
этникалық жағдайына байланысты тарихи этнологиялық аспектілерін зерттеуге
бағытталған төмендегідей міндеттер шешіледі:
- Шетелдегі қандастардың аумақтық-әкімшілік басқару құрылымының тарихи
жүйесін көрсету;
- Шетелдегі қазақтардың қалыптасу, қоныстану тарихы жөніндегі
мұрағаттық, құжаттық деректер мен зерттеулерді сараптау, ғылыми
талдау;
- Шетелдегі қазақ диаспорасы мен ирредентінің қалыптасуы мен қоныстану
кезеңдері, ирредент, диаспора статусына енуінің обьективті және
субьективті себептерін айқындау;
- Шетелдің әкімшілік-аумақтары бойынша қазақтардың рулық құрамы мен
ондағы кейбір рулардың ежелгі тайпалармен сабақтастығын саралап,
зерттеп, шоғырланған орталықтарын анықтау;
- Статистикалық мәліметтер мен әр кезеңдерде жүргізілген санақтар
негізінде ХІХ ғ. екінші жартысынан қазірге дейінгі Шетелдегі
қазақтардың сандық құрамы мен демографиялық өсу, кему динамикасын
зерделеу;
- Шетелдегі қазақтардың этно-экономикасындағы негізгі дәстүрлі
шаруашылығы мен қосалқы кәсіптерінің сақталуын, дамуын, жалғастылығын
және жергілікті ортаның ықпалы мен байланыстылығы негізіндегі өзгерісі
мен ерекшеліктерін көрсету;
- Шетелдегі қазақтардың отбасы және неке, отбасылық әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлердің дәстүрлілігі мен жаңашылдығын, жергілікті ортаның аз
санды қазақтардың дәстүрлі мәдениетіне ықпалы мен әсерін айқындау;
- Шетелдегі қазақтардың тарихи Отанға оралу себептері мен олардың елде
шоғырлана қоныстану орталықтары және төл ортаға бейімделу
проблемаларын көрсету.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Магистрлік диссертацияда шетелдегі
қазақтардың ХVІІІ ғасырдан бастап ХХІ ғасырдың бас кезіне дейінгі көші-
қоның тарихи-этнологиялық аспектіде қарастырамыз. Қазақтардың шетелдегі
бүгінгі жай күйіне байланысты тарихи Отанға оралуы және бейімделу
мәселелері зерттеледі.
Жұмыстың теориялық және методологиялық негіздерін теориялық және
практикалық тәсілдер мен қабысатын қазіргі заманғы кешенді зерттеу әдістері
құрайды. Аталған жұмысты орындауда тарих ғылымының мынадай жалпы теориялық
принциптері басшылыққа алынды: қажетті деректерді табу және оларға
сипаттама берудегі тарихи таным, оқиғалар мен жағдайларды зерттеуде тарихи
обьективтік нақтылық, танымдағы жан-жақтылық және диаспора, ирредент,
этномәдени үдерістер т.б. теорияларында көтерілген концептуалдық
мәселелер өткен және қазіргі кезеңдегі байланыстық мағына дәрежесінде
пайдаланылды. Еңбекте анализ, синтез, тарихи жүйелілік, тарихи-салыстыру,
хронологиялық және басқа да әмбебаптық жалпыға мәлім зерттеу әдістемелері
қолданылды. Осыған байланысты шетелдегі қазақтардың этномәдени үрдістері
мен үдерістеріндегі бағыттар республика аралық көлемде салыстырылып,
жүйеленді.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: алғаш рет отандық тарихнамада шетелдегі
қазақтардың этникалық тарихы, тұрмысы мен мәдениетіндегі этнологиялық
ерекшеліктері, бөгде ортада дәстүрлі мәдениеттің сақталуы мен өзгерісі
мәселелеріне талдау жүргізіліп, кешенді түрде зерттелді.
- Шетелдегі қазақ диаспорасы мен ирредентінің қалыптасуы мен қоныстану
тарихының кезеңдері айқындалды;
- Қазақстанмен шекаралас аудандардағы кейбір территориясы шетел
қазақтарының ежелден тұрақтаған ата-мекені екендігі және шетелдің ұлттық-
территориалдық шекарасын межелеудегі территориалдық даулардың себептерін
көрсететін мұрағат деректері мен зерттеулер топталып, талданды.
- Жақын шетелдегі аумақтар бойынша қазақтардың рулық құрамы мен ондағы
кейбір рулардың ежелгі тайпалармен сабақтастығы нақты деректермен
негізделіп, шоғырланған орталықтары нақтыланды.
- ХІХ ғ. ІІ жартысынан қазірге дейінгі шетелдегі қазақтардың сандық
құрамы, өзгерісі, жергілікті халықтардың санымен салыстырылып,
демографиялық өсу, кему динамикасы статистикалық мәліметтер және әр
кезеңдерде жүргізілген санақтар негізінде зерделенді;
- Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық түрлері, ондағы дәстүрліліктің
сақталуы мен дамуы және жергілікті халықтардың этноэкономикасымен ұқсастығы
сараланып, өзара ықпалдылық негізінде қабылдаған шаруашылықтағы кейбір
еңбек бейімделігінің ерекшеліктері көрсетілді;
- Отандық және шетелдік ғалымдарының зерттеулері негізінде қазақтардың
заттай мәдениетінде ұлттық болмысымызды айқындайтын дәстүрлі элементтердің
сақталуы мен бөгде ортаның ықпалдастығы нәтижесінде қазақ тұрмысына
этноэволюциялық жолмен енген заттай мәдениет белгілері: баспана, киім,
тағамындағы ерекшеліктер айқындалды;
- Статистикалық және баспасөз материалдар негізінде қазіргі кезеңдегі
шетел елдеріндегі қазақтардың тарихи Отанға оралуының негізгі саяси-
әлеуметтік себептері мен орналасу аймақтары және төл ортаға бейімделу
проблемалары көрсетілді.
Жұмыстың практикалық маңызы шет елдердегі қазақ диаспорасының
этникалық тарихы мен мәдениетін зерттеу Қазақстан тарихының бөлінбес бір
бөлшегі ретінде қазақ халқының тұтастығын көрсетуге бағыттала отырып,
халқымыздың бірлігі елімізде ұлттық идеяны қалыптастырып, еліміздің тұрақты
дамуына ықпал етеді.
Зерттеудің практикалық нәтижелері қазақтардың дәстүрлі мәдениеті мен
отбасылық қатынастарын зерттеумен айналысатын орталықтарда, Шетел
кеңістігінде қазақ диаспорасының этникалық, этномәдени даму үдерістерін
дамытуда нақты бағдарламалар мен жобалар және халықаралық саясатта
стратегиялық бағыттар жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге зерттеудің негізгі нәтижелері мен ережелері Жоғары және
арнайы оқу орындарында Шетел қазақтары тақырыбында арнайы курстар оқуға,
ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар өздерінің педагогикалық қызметтерінде
пайдалана алады. Еліміз халықаралық қатынастарға байланысты мәселелерде осы
зерттеудегі тұжырымдар мен қорытындыларды басшылыққа ала алады.
Жұмысының сыннан өтуі. Зерттеудің негізгі мазмұны, ғылыми нәтижелері
мен қорытындылары ізденушінің ғылыми мақалалары мен баяндамаларында жарық
көрген. Диссертация бойынша Бабалар сөзі: тарих, дерек, жәдігер атты
республикалық ғылыми-теориялық конференция мен Жеңістің 70 жылдығына
арналған Халықаралық конференцияда 2 жарияланымы жарық көрген.
Жұмыстың құрылымы кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланылған деректер
мен қосымшадан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде магистрлік диссертация жұмысының өзектілігі негізделіп, оның
зерттелу деңгейі талданды, мақсаты мен міндеттері айқындалып, ғылыми
жаңалықтары зерделенді, теориялық-методологиялық негіздері, хронологиялық
шеңбері, практикалық маңызы көрсетілді.
Шетел қазақтарының қалыптасу тарихы атты тарауда шетелде қазақ
диаспорасы мен ирредентасының қалыптасу тарихы, қазақ репатриациясының
себептері мен салдары жан-жақты қаралады.
Тарихымызды таразылап, ақтаңдақтары мен кем-кетікті тұстарын толтыру,
ұлттың тарихи санасын метрополия ықпалымен күштеп орнықтырған жасанды
мазмұн, жалаң пішіннен арылту жұмыстары баяу болса да ілгерілеп жүргізіліп
келе жатқандығы анық. Әлемдегі күллі қазақтың саны шамамен 15 млн-дай
болса, соңғы санақтың алдын-ала қорытындысы  бойынша 10 млн.-нан астамы
Қазақстанда, 5 миллиондайы 40-қа жуық шетелдерде өмір сүріп жатыр және осы
5 млн.-ның 4 миллионнан астамы ирредент, қалған   бөлігі диаспора болып
табылады.
Ұлан-ғайыр өлкелерде тұрып жатқан қазақтар өздерін атам заманнан бері
сол жердің тұрғылықты тұрғынымыз деп есептейді және осы өңірлерде қазіргі
қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына аса зор үлес қосқан көптеген айтулы
тұлғалар мәңгілік тыныс тапқан. Мысалы, Ташкент, Нұратадағы Төле, Әйтеке
билер, Жалаңтөс баһадүрлер, Астрахандағы күй атасы Құрманғазы, Ангрен
бойындағы Күлтөбеде күнде кеңес жасаған би бабаларымыз, Әбілмәмбет ханнан
тараған, Майлы-Жайырды еркін жайлаған Көгедай ұрпақтары, кешегі Ақыт
ақындар  бір замандар өткенде жат елдің шегінде қалармыз, сол жерді
мекендеген ұрпағымыз оралман деген ресми атауды иеленіп, тәуелсіздік
алған қара шаңыраққа ат басын шегіне бұрар деп ойламады. Бұл жердегі
айтылар түйін -  ирреденттер – шеттегі қазақтардың негізгі бөлігі дегенді
әрдайым есте тұтуымыз қажет. Осы ретте айта кететін бір жайт - оралман -
деген ресми биліктің тауып берген ресми атауының шетелдерден келіп жатқан
қазақтардың тарихи табиғатын толық танытпайтындығын, оны өзге атаумен
алмастыруды Елбасы  Н.Ә.Назарбаев та бірнеше рет қадап айтқан болатын.
Біздіңше, қазақтардың біраз бөлігін, диаспора деп тануға болады. Қазақ
диаспорасы кім, оларға кімдер жатады дегенге келетін болсақ,  олар – ата
қонысынан түрлі саяси науқандар мен нәубеттердің, түрлі соғыстардың,
бертінгі замандарда табыс пен білім көзін іздеушілерден пайда болған қазақ
көшінің нәтижесінде алыс-жақын шетелдерге кеткен қазақтар. Қазақ
диаспорасының  қалыптасу тарихына үңілетін болсақ,  көбінесе  ұлтымызды
өзіне еріксіз бағынышты еткен алып державалардың күштеп мәжбүрлеуінің басты
фактор екендігіне көз жеткіземіз.
Үлкен державалардың үлкен ойыны салдарынан екі жүз жылдан астам
уақытқа созылған қазақ-ойрат соғысының ауыр зардаптары салдарынан көптеген
қазақтар Орта Азияның ішкері бөліктеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Қазіргі таңдағы Моңғолия
Әлемдік мәдениет пен өркениет
Шетел Азиясының халықтары
Қазақтың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығы
Публицист шығармаларындағы этнотарих мәселесі
Моңғолияның тәуелсіздік үшін күресі
Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде)
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары
ХIX–XX ғ. басындағы тарбағатай өңірінің қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)
Пәндер