Жастар арасында рухсыздықтың жайылуы, мектеп балалары арасында бұзақылықтың тыйылу орнына асқындауы



1. Жастар арасында рухсыздықтың жайылуы, мектеп балалары арасында бұзақылықтың тыйылу орнына асқындауы.
2. Жезөкшеліктің қалыпты жағдайға айналуы.
3. Жетімдер үйінде қазақ ұлтынан жетімдердің және қарттар үйінде қариялардың пайда болуы.
4. Гендерлік саясат және жас отбасылар арасында ажырасудың көбеюі.
5. Діндегі толеранттық түсінігі.
Алланың алдында да, адамның алдында да, бала үшін жауап беретін –алдымен ата-ана. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов та былтыр Төлебиде өткен «Ырыс алды ынтымақ» форумында өз ойын ашық айтты: -Әйтсе де, кейінгі жылдары ескінің бәріне ежірейе қарап, жөн- жосықсыз жаңашылдыққа жаппай ұмтылудың салдарынан дәстүрден біраз жаңылдық, ұрпақ тәрбиелеуден ұтылдық деп айтуға болады. Бәз бір қиын жылдарда басты байлыққа баланы емес, басқаны қоюдың салдарынан жас буынның бойынан көпті түңілдірер жағымсыз қасиеттер қалыптасты. Елбасының облысымыздағы өкілі осылай дабыл қағып отырғанда, әрине, біз, қоғам өкілдері, ел азаматтары, қолдауға тиіспіз. Бүгінгі күн мектеп тәрбиесіне ұлттық реңк берітн уақыт келді. Бүгінгі бала тәрбиесіне жауап беруде приоритет берілген «мектеп, полиция, психолог, видеокамера» - жүйесінен «ата-ана, әулет, имам, ақсақал» жүйесіне көшу қажет. Тәрбие жұмысын бүгінгі ғалымдарымыз шығарып жатқан «ұлттық тәрбие негіздері» арнасына бұру қажет. Оқу-тәрбие процесінен орыс-европа- америка ділінен қабылданған элементтерді біртіндеп жою қажет. Тым болмаса өз облысымыз аумағында жұмыс істейтін телеарналар жұмысын ұлттық діл арнасында, қазақтың ұлттық-рухани қажеттіліктері арнасында ұйымдастыру қажет. Бүгінгі күн «Айғақ» телеарнасы ұлттық телеарнаның үлгісі бола алады. Әр ауылда ауыл ақсақалының басшылығымен комиссия құрылуы қажет. Комиссияның жұмысы – қазақтың қасиетті «түгендеу» мәселесін еске түсіріп, өмірге енгізіп, іске асыру. Аталмыш ауылдың қанша ұлы мен қызы шетте? Немен айналысып жүр? Оқуда ма, жұмыста ма? Нанын қалай тауып жеп жатыр? Кіммен дос? Кешке қайда барады, қайда және кіммен ұйықтайды? Не оқып, не көріп жатыр? Осының бәрі ауыл тарапынан, туыстар тарапынан бақылауға алынуы тиіс. Ал бақылау болса, жастар өз амалдары мен қөадамдарына жауапкершілікпен қарай бастайды, бейсауат жүруді азайтады, нәтижесінде өз өміріне байсалдылықпен қарау, дұрыс жүруге ұмтылу күшейеді. Осылай өз жолымызбен, бабалар жолымен жүрсек, бас-аяғы бір-екі жылда жезөкшелік те, бұзақылық та, экстремизм де, көшеде жастардың белін ашып жүруі де, азаяды, бауырлар. Облыстық мәслихат депутаты Ө. Мелдеханов Кентау қаласында айтқандай, «бүгінгі қазақ малын түгендеуді жақсы меңгеріп алды, жанын түгендеуді қашан бастаймыз?». Осы ұсыныстар бойынша Кентау қаласының ел ағалары аталмыш комиссияны құру үстінде.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
НЕГІЗДЕМЕ
1. Жастар арасында рухсыздықтың жайылуы, мектеп балалары арасында
бұзақылықтың тыйылу орнына асқындауы.
2. Жезөкшеліктің қалыпты жағдайға айналуы.
3. Жетімдер үйінде қазақ ұлтынан жетімдердің және қарттар үйінде
қариялардың пайда болуы.
4. Гендерлік саясат және жас отбасылар арасында ажырасудың көбеюі.
5. Діндегі толеранттық түсінігі.
Мемлекет және қоғам тарапынан осы құбылыстарға қарсы бағытталған бүгінгі
күндегі шаралардың нәтижесіздігі. Соңғы жылдардағы Жахандану процесінің
жойқын шабуылы мен еліміздегі жалпы ұлттық идеологияның болмауы –жоғарыда
аталған құбылыстардың асқынуына әкелуде және мұның арты – ұлттың рухани
деградациясы. Деградация дәл бүгінгі күні толық қарқынмен жүруде. Біз,
мемлекет және қоғам қайраткерлері, жиналып, осы ұлтымызды құрдымға сүйреп
бара жатқан заманның суық лебінен бүгін қорған таппасақ, ертең кеш болатыны
көрініп тұр. Сондықтан, өкпе, наз, жеке және корпоративтік мүддені,
стереотиптік ойды ысырып, осы Жобаға шын жүрекпен назар аударуларыңызды
өтінеміз.
Жастар арасында рухсыздықтың жайылуы, мектеп балалары арасында
бұзақылықтың тыйылу орнына асқындауы.
Алланың алдында да, адамның алдында да, бала үшін жауап беретін –алдымен
ата-ана. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов та былтыр Төлебиде өткен Ырыс алды
ынтымақ форумында өз ойын ашық айтты: -Әйтсе де, кейінгі жылдары ескінің
бәріне ежірейе қарап, жөн- жосықсыз жаңашылдыққа жаппай ұмтылудың
салдарынан дәстүрден біраз жаңылдық, ұрпақ тәрбиелеуден ұтылдық деп айтуға
болады. Бәз бір қиын жылдарда басты байлыққа баланы емес, басқаны қоюдың
салдарынан жас буынның бойынан көпті түңілдірер жағымсыз қасиеттер
қалыптасты. Елбасының облысымыздағы өкілі осылай дабыл қағып отырғанда,
әрине, біз, қоғам өкілдері, ел азаматтары, қолдауға тиіспіз. Бүгінгі күн
мектеп тәрбиесіне ұлттық реңк берітн уақыт келді. Бүгінгі бала тәрбиесіне
жауап беруде приоритет берілген мектеп, полиция, психолог, видеокамера
- жүйесінен ата-ана, әулет, имам, ақсақал жүйесіне көшу қажет. Тәрбие
жұмысын бүгінгі ғалымдарымыз шығарып жатқан ұлттық тәрбие негіздері
арнасына бұру қажет. Оқу-тәрбие процесінен орыс-европа- америка ділінен
қабылданған элементтерді біртіндеп жою қажет. Тым болмаса өз облысымыз
аумағында жұмыс істейтін телеарналар жұмысын ұлттық діл арнасында, қазақтың
ұлттық-рухани қажеттіліктері арнасында ұйымдастыру қажет. Бүгінгі күн
Айғақ телеарнасы ұлттық телеарнаның үлгісі бола алады. Әр ауылда ауыл
ақсақалының басшылығымен комиссия құрылуы қажет. Комиссияның жұмысы –
қазақтың қасиетті түгендеу мәселесін еске түсіріп, өмірге енгізіп, іске
асыру. Аталмыш ауылдың қанша ұлы мен қызы шетте? Немен айналысып жүр? Оқуда
ма, жұмыста ма? Нанын қалай тауып жеп жатыр? Кіммен дос? Кешке қайда
барады, қайда және кіммен ұйықтайды? Не оқып, не көріп жатыр? Осының бәрі
ауыл тарапынан, туыстар тарапынан бақылауға алынуы тиіс. Ал бақылау болса,
жастар өз амалдары мен қөадамдарына жауапкершілікпен қарай бастайды,
бейсауат жүруді азайтады, нәтижесінде өз өміріне байсалдылықпен қарау,
дұрыс жүруге ұмтылу күшейеді. Осылай өз жолымызбен, бабалар жолымен
жүрсек, бас-аяғы бір-екі жылда жезөкшелік те, бұзақылық та, экстремизм де,
көшеде жастардың белін ашып жүруі де, азаяды, бауырлар. Облыстық мәслихат
депутаты Ө. Мелдеханов Кентау қаласында айтқандай, бүгінгі қазақ малын
түгендеуді жақсы меңгеріп алды, жанын түгендеуді қашан бастаймыз?. Осы
ұсыныстар бойынша Кентау қаласының ел ағалары аталмыш комиссияны құру
үстінде.
Жезөкшеліктің қалыпты жағдайға айналуы.
Облысымыздың барлық дерлік қалаларында жезөкшелік ешкім таңданбайтын
құбылысқа айналды. Біздің бұл бағытта жасайтын ұсынысымыз –ешқандай жаңалық
емес. Ұлтымыздың бойынан алынған, өз салт-дәстүрінен алынған жол. Бұл
мәселеде жезөкшелікті полицияның мойнына артып қоя салу ешқандай нәтижесіз
екенін көрсетті. Ал расында әрбір жезөкшелікпен айналысатын қыз заты –
біреудің қарындасы, біреудің әпкесі, біреудің қызы, біреудің туысы. Бұл
жерде баяғы рулық намысты қолдану қажет. Әрбір жезөкше – аспаннан түскен
жоқ, оның руластары да бар. Ал жезөкше –сол рудың намысына басылған таңба.
Осы жолмен жүрсек, насихаттасақ, әрбір отбасы, әрбір ру өздерінің шетте
жүрген қыздарын түгендей бастаса, әп-сәтте кімнің немен айналысып жүргені
белгілі болады және сол қыздарды отбасы, немесе олардың шамасы жетпесе,
руластары алып кетеді, тәрбиелейді, жезөкшелікке жібермейді. Рулық
қатынасты көтердің деп кейбіреулер бетімізге салық етуі мүмкін. Рулық жүйе
–қазақтың ұлттық конструкциясы екенін естен шығармайық, онсыз қазақ жоқ.
Рулық жүйеге қорқа, жиіркене қараудың өзі – бұрынғы отаршылдық идеологияның
сарқыншақтары. Бүгінгі күн рулық жүйе қоғамның көптеген кеселдерін емдеуге
мүмкіндік берсе, оны пайдалану керек. Бізсіз-ақ әлдеқашан рулар өз
кесенесін, өз қорын, өз мешіттерін, өз ата-бабаларының ескерткіштерін
тұрғызып, құрғызып, ру ретінде өмірін сүріп-ақ жатыр. Мұны басқа емес,
сайлау процесінен қарастырсақ, рулардың әлдеқашан мәдени ғана емес, саяси
өмірге де тереңдеп кіріп кеткенін кімнен жасырамыз? Біздің мақсат – сол
рубасыларының бетін әдеттегі тойдан, ас пен бастан қоғамның шынайы
қажеттіліктеріне бұру. Жезөкшелікті, бауырлар, басқа жолмен жеңе алмаймыз.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам еңбегінің Қазақстандықтардың
өмірінде өзін-өзі ұйымдастыру, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару
органдары бастауын дамытып, азаматтардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге
асыруда нақты тетік болуы тиісті азаматтық қоғам институттарын заманалыққа
айналдыру керек – деп айтылған сөздерін ескерсек те, аталмыш жобаның осы
елбасы сөзімен үндес, сол сөздерді орындаудағы ұсынылған механизм деп
түсінсек болады. Бұл тек ұсынылған жобаның мемлекеттік ауқымда маңызды
екенін білдіреді деп ойлаймыз.
Жетімдер үйінде қазақ ұлтынан жетімдердің және қарттар үйінде
қариялардың пайда болуы.
Жетімдер үйі түсінігінің өзі – қазақ ұлты үшін жат нәрсе. Ұлттық
менталитетімізде бұл құбылысқа жауап әлдеқашан бар – тек қана орыс,
американ, ағылшын, француз болғымыз келмей, қазақ болғымыз келсе, онда
қазақ тарихи жадына үңілейік. Жетімі мен жесірін сыртқа тастамау. Міне,
бір-ақ сөйлеммен анықталған қазақтың қасиетті формуласы. Балаға әкесі өлсе,
інісі әке. Болмаса, туыстары бар, руластары бар. Асырап алатын болған.
Шеттетпеген, шетке жібермеген. Жетімдер үйіндегі сәбилерге бүгінде барлық
жағдай жасалған. Бірақ бала азамат болып өсу үшін оған қарны тоқтық емес,
әкенің қаттылығы мен шешенің мейірімі керек, өзі туылған, қаны бір
туыстарының ортасы керек. Бүгінгі қазақша ойлайтын қазақтың ешқайсысына бұл
сөздер жат емес. Сондықтан тым болмаса облыс аумағында жетімдер үйіндегі
қазақ сәбилерін олардың өз туыстары еркі бойынша асырап алуына мүмкіндік
жасап, осы мәселені насихаттау керек. Бұл ұсынысты ел бірауыздан қолдап та
жатыр, тек билік құжаттар рәсімдеу жағын жеңілдету арықлы жәрдемін берсе
болғаны. Қарттар үйіндегі қариялар мәселесі де осылай шешіле алады.
Гендерлік саясат және жас отбасылар арасында ажырасудың көбеюі.
Бүгінгі орыс-европа мәдениетінен көшіріліп алынған гендерлік саясат
ұлтымызды шаршатып, әлсіретіп, құртуға айналды. Табиғатта еркек пен әйелдің
теңдігі деген сөз болуы мүмкін емес. Себебі екі жынысты Алланың өзі әртүрлі
етіп жаратты. Ал еркектің құқығы және әйелдің құқығы десек, онда мәселе
түсінікті болады. Европа боламыз деп, жапа-тармағай соларға еліктеп,
солардың артынан ес-түс жоқ, шауып барамыз. Тоқтайықшы. Ойланайықшы. Европа
қайда шауып бара жатыр, не бар екен ол жақта, бізге керекті ол жақта не
бар екен? Мүмкін, біз басқа жаққа бет алуымыз керек шығар? Елбасымыз
ұлтымыздың санын 20 миллионға жеткізуді мемлекет мүддесі деп тапты. Бірақ,
жігіттерінің пәленбай пайызы көгілдір, қыздары лесбиян болып жатқан европа
өркениетінен, халықтарының саны өсудің орнына өшіп, керек жұмысшыны түрік
пен арабтан, африкадан тасыған европа өркениетінен, бала орнына ит асырауды
артық көретін, қарттарын қарттар үйіне тапсырғанды ұят демейтін европа
өркениетінен гендерлік саясатты көшіріп алып, біз қалай жиырма миллион
болмақшымыз? Тоқтайық. Мүмкін, білімі мен технологиясын алып, гендерлік
саясатын шекте ысырармыз? Көбейгіміз келсе, халық саны өшіп жатқан емес,
өсіп жатқан Өзбектің, Тәжіктің, Иранның гендеріне қарармыз? Күні бүгін
қаламыздың көшелерінде машинаның жартысына жуығын әйелдеріміз айдап жүр.
Базардың саудасын жүргізіп 99 пайыз әйелдеріміз отыр. Әйелдер жұмыс
істейтін бюджеттік мекемелерді қосыңыз. Ал қызметтегі немесе күйеуге
тимегендерді былай қойғанның өзінде, қалыпты семьялардың негізі бүгінгі күн
бір-екі баланы мәре деп жүрген жоқ па? Тумау үшін кедейді көбейткім
келмейді деген жалған принципті ұстанудың өзі біздің ұлтымыздың Алла
жолынан қаншалықты алыстап, құдайсызға айналғанын көрсетіп тұрған жоқ па?
Айтыңыздаршы, Қазақта кім сонда бала туып, кім балаларымызды тәрбиелейді?
Кім айтты детсадтың тәрбиесі ана тәрбиесін ауыстыра алады деп? Кімге он
бала туғызып, жиырма миллион болмақшымыз, әйелдеріміз көшеде өріп жүрсе?
Әлде Ауған мен Қырғыздан, Тәжік пен Ираннан бүгінгі сиыр тасығандай,
пойыздап туатын әйел тасимыз ба? Әрине, қазақ әйелдері арасынан әулие
де, батыр да, ғалым да шыққан. Бірақ осы мәселеде еврогендерлік жапа-
тармағайлыққа көшіп, өз ұлтымыздың отын сөндіруге өзіміз теңге төлеп, өз
қолымызбен құрдымға жіберуге жанталаса асыққанымыз қалай? Әйелдің Алла
берген қасиетті функциясы – дүниеге ұрпақ әкелу және оны тәрбиелеу емес пе?
Дәл осы әйел затының бәрі тірлікпен айналысып, балаларының тәрбиесінен
қол үзгендіктен, мектептердегі балалар бұзақылығы өсіп жатқан жоқ па?
Аналар балаларын түгендеп, солардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ұғымы
Қазақстан Республикасында бұзақылықпен күресуін зерттеу
Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Кәмелетке толмағаңдардың қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері
Мінез-құлықтың ауытқуы күнделікті өмірдің психопатологиясы ретінде
Жастар субмәдениетінің ерекшелігі
Тәрбие бастауы - отбасынан
Маскүнемдік пен девианттық мінез - құлық мәселелерін алдын алу шаралары мен әдістері
Шиит ағымының ішіндегі Батыния бағыты
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалаудың теориялық мәселелері
Пәндер