Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру



Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1) Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары.
2) Жарақаттар түрі.
3) Бас жарақаттары.
4) Суға бату кезіндегі алғашқы көмек.
5) Күннің өтуі кезіндегі медициналық көмек.
6) Газбен улануын алдын.алу.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

1. Авариялық шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру.
2. Сұрапыл табиғи апаттар мен өндірістік апаттар кезінде халықтың жасайтын әрекеттері.
3. Радиоактивтік, химиялық заттардың әсерін азайту үшін адамдарды жасақтарға жеткізу.
Жау шабуылының зардаптарын жоюдағы барлық жұмыстар құтқару және күттіруге болмайтын аварияны түзету болып бөлінеді. Олардың негізгі мақсаты жаппай қарудан зақымданудың әсерінен адамдарды тез құтқару.
Адамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады. Радиацияның және өрттің жайын анықтау; қорғану құрылым жайында анықтау; азап шеккендерді іздеу; өртті таратпау; жою және құлаған үйінділерден өтетін жол жасау; бүлінген баспаналар мен панажайларды үйінділердің астынан жанып жатқан үйден, газ бен түтін толған бөлмеден азап шеккендерді шығарып алу; оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіп, қала сыртындағы емханаларға жіберу; радиациямен зақымданған және радиоактивті заттар жайылып кеткен аудандардан ауыл тұрғындарын шығару; адамдарды санитарлық қараудан өткізу және олардың киімдерін залалсыздандыру; территорияны дезинфекциялау.
Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.
Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою.
Әрбір жасақтың зақымданған жерге және құтқару жұмыстарын жүргізетін объектіге баратын маршруттарын күні бұрын анықтайды.
Жаудың ядролық соққысынан кейін алғаш құтқару жүмыстарын жүргізетін объектідегі және маршруттағы радиацияның дәрежесін қорғану құрылыстарының күйін, зақымданған объектілермен орналасқан жерін, оларды құтқару жағдайларын, оларға жақындайтын барлау бөлімшесін жібереді.
Барлаудан соң әрбір маршруттағы жол қатынасы қамтамасыз ететін отрядтар құрылады. Ол әдетте инженерлік техникамен жабдықталған әскери бөлімдердің немесе құтқару, медициналық және өрт сөндіру жасақтарының құрамына кіреді. Олар өртті тоқтатын көпірлер мен жолдарды жөндейді; үйінділерден өтетін жолдарды жасап, залалсыздандырады. Әрбір маршруттағы жол қамтамасыз ететін отрядтың соңынан 1 – 2 алғашқы дәрігерлерге жол көрсететін отряд жүреді.
Объектілердегі барлаушылар тобы барлау жүргізуден басқа азаматтық қорғаныстың арнайы қызметшілері радиациялық, химиялық, өртті сөндіру, инженерлік, медициналық, бактериялық барлау ұйымдастырылады.
Зақымданған жерлердегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыратын жетекші бастық барлаудан соң зақымдалған жерде болып, жағдайды көзімен көріп, адамдарды құтқару жұмыстарының ретін және көлемін белгілейді, жасақтардың міндетін айтады және басшылық етеді.
Құтқару жұмыстарын жүргізу туралы міндеттеме алғаннан кейін жасақтар командирлер құрамындағы адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізетін белгіленген жерге шығаруды.
Зақымданған жердегі адамдарды құтқару жұмыстарын құтқарушы отряды жүргізеді.
Әрбір халық шаруашылығындағы объектілердегі мұндай отряд бірнешеу және олардың әрқайсысы бірнеше қорғаныс құрылыстарында құтқару жұмыстарын жүргізуге міндеттер алады.
Қолданылған әдебиеттер:

1) Қ.С.Қалжігітов, А.М.Төлемісова, Н.Г.Приходько, К.Ш.Исаев.
«Өмір тірішілік Қауіпсіздігі». Оқулық. Алматы 2004 ж.-256 б.
2) С.Тайжанов. “Өмір Қауіпсіздігі негіздері”. Оқу-әдістемелік
құрал. Алматы. –2004 -254 б.
3) Ю.В.Репин, Р.Шабунин. “Тосын жағдайда адам өмір
қауіпсіздігін сақтау”. Алматы, Демеу, 1994 .

Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1) Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары.
2) Жарақаттар түрі.
3) Бас жарақаттары.
4) Суға бату кезіндегі алғашқы көмек.
5) Күннің өтуі кезіндегі медициналық көмек.
6) Газбен улануын алдын-алу.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

1. Авариялық шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру.
2. Сұрапыл табиғи апаттар мен өндірістік апаттар кезінде халықтың жасайтын әрекеттері.
3. Радиоактивтік, химиялық заттардың әсерін азайту үшін адамдарды жасақтарға жеткізу.
Жау шабуылының зардаптарын жоюдағы барлық жұмыстар құтқару және күттіруге болмайтын аварияны түзету болып бөлінеді. Олардың негізгі мақсаты жаппай қарудан зақымданудың әсерінен адамдарды тез құтқару.
Адамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады. Радиацияның және өрттің жайын анықтау; қорғану құрылым жайында анықтау; азап шеккендерді іздеу; өртті таратпау; жою және құлаған үйінділерден өтетін жол жасау; бүлінген баспаналар мен панажайларды үйінділердің астынан жанып жатқан үйден, газ бен түтін толған бөлмеден азап шеккендерді шығарып алу; оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіп, қала сыртындағы емханаларға жіберу; радиациямен зақымданған және радиоактивті заттар жайылып кеткен аудандардан ауыл тұрғындарын шығару; адамдарды санитарлық қараудан өткізу және олардың киімдерін залалсыздандыру; территорияны дезинфекциялау.
Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.
Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою.
Әрбір жасақтың зақымданған жерге және құтқару жұмыстарын жүргізетін объектіге баратын маршруттарын күні бұрын анықтайды.
Жаудың ядролық соққысынан кейін алғаш құтқару жүмыстарын жүргізетін объектідегі және маршруттағы радиацияның дәрежесін қорғану құрылыстарының күйін, зақымданған объектілермен орналасқан жерін, оларды құтқару жағдайларын, оларға жақындайтын барлау бөлімшесін жібереді.
Барлаудан соң әрбір маршруттағы жол қатынасы қамтамасыз ететін отрядтар құрылады. Ол әдетте инженерлік техникамен жабдықталған әскери бөлімдердің немесе құтқару, медициналық және өрт сөндіру жасақтарының құрамына кіреді. Олар өртті тоқтатын көпірлер мен жолдарды жөндейді; үйінділерден өтетін жолдарды жасап, залалсыздандырады. Әрбір маршруттағы жол қамтамасыз ететін отрядтың соңынан 1 - 2 алғашқы дәрігерлерге жол көрсететін отряд жүреді.
Объектілердегі барлаушылар тобы барлау жүргізуден басқа азаматтық қорғаныстың арнайы қызметшілері радиациялық, химиялық, өртті сөндіру, инженерлік, медициналық, бактериялық барлау ұйымдастырылады.
Зақымданған жерлердегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыратын жетекші бастық барлаудан соң зақымдалған жерде болып, жағдайды көзімен көріп, адамдарды құтқару жұмыстарының ретін және көлемін белгілейді, жасақтардың міндетін айтады және басшылық етеді.
Құтқару жұмыстарын жүргізу туралы міндеттеме алғаннан кейін жасақтар командирлер құрамындағы адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізетін белгіленген жерге шығаруды.
Зақымданған жердегі адамдарды құтқару жұмыстарын құтқарушы отряды жүргізеді.
Әрбір халық шаруашылығындағы объектілердегі мұндай отряд бірнешеу және олардың әрқайсысы бірнеше қорғаныс құрылыстарында құтқару жұмыстарын жүргізуге міндеттер алады.

Негізгі бөлім
Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары.
Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде.
Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:
көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;
жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;
апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;
құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;
оларды шығару;
зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;
адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;
территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.
Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.
Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады:
ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;
апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;
бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;
қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;
көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.
Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс.
Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:
құтқару;
арнаулы (жедел);
қосалқы.
Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:
басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);
зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;
өрт сөндіру ;
коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
осал құрылыстарды күшейту.
Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:
халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;
барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;
тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;
құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;
төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;
зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;
құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;
төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.
Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.
Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі.
Құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.
Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс.
Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды қатыстыру керек.

Жарақаттар түрі
Жарақаттар -- бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себеп-тердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механика-лық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін.
Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).
Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық зақымдану - бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы). Ашық зақымдану бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).
Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады.
Кез-келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы).
Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
Талықсу -- адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу.
Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).
Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінесе аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда сырқат құлайды.
Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету.
Талықсу кезінде сырқатты оның басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миын қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті. Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофеин кордиамин енгізеді.
Жарақаттан естен тану туралы түсінік.
Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары естен тану болып табылады.
Естен тану-орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай.

Екі кезеңнен тұрады: Бастапқы кезең. Өте қысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы тән, сырқат бір орында тұрмайды, айғайлайды, бұл жағдайда сырқаттың бет әлпеті өзгереді, ерін көгереді тамыр соғысы жиілейді. Бұл кезең жедел екінші сатыға көшеді.
Екінші кезең. Орталық нерв жүйесі қызметінің әлсіреу басталады, көмек сұрамайды, есі толық болса да ол төңірегіндегілерге селқос, оның денесі суық, беті ағарған, тамыр соғысы әлсіз, дем алысы зорға білінеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлардағы зақымдану ошақтары және құтқару жұмыстары
Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу ұғымы
Апаттық құтқару және басқа кауырт жұмыстар жүргізу және ұйымдастыру
Апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының міндеттері туралы
Техносфералық қауіпсіздігінің ұйымдастыру және теоретикалық негіздері
Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстарының түрлері
Жер асты өрттерін өшірудің ерекше жағдайлары
Төтенше жағдайда қорғау
Пәндер