Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастар қағидаларының жүйесі



КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
“Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың қағидаларының жүйесі"
“ Қазіргі құқық жүйесінде сақтандыру қызметі туралы нормалардың алатын орны және рөлі”
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистрлік диссертациялық зерттеу егеменді Қазақстанда нарықтың қалыптасу және даму жағдайында сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартының құқықтық мәселелерін зерттеуге арналған. Жұмыста сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі мен мазмұны ашылған, осы қатынастардың субъектілері мен объектілерін анықтаудың тұжырымдамалық мәселелері талданған, берілген қатынастардың субъектілерінің құқықтық жағдайларының ерекшеліктері анықталған, сақтандыру саласындағы құқықтық қатынастарының негізгі қағидаларына сипаттама берілген. Зерттеу нәтижесінде қолданыстағы заңнама және оны қолдануды жетілдіруге байланысты теориялық тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі және бастаған реформаларды тереңдетуге бағытталып қабылданған стартегиялық құжаттар елдің ішкі қорын және өзінің инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму үшін маңызды салаларының бірі болып қазіргі күнде сақтандыру табылады.
Біздің елімізде көптеген онжылдықтар бойы сақтандыру мемлекеттік монополия негізінде дамыды, және сақтандыру мәселелері бір күшті орталықтандырылған ұйымның (КСРО Мемсақтандыру) қызметінің жағдайларына қатысты дамыды. Сондықтан, көпжылдық мемлекеттік монополия және жоспарлы экономикадан кейін, тәуелсіздік алған соң, Қазақстанның алдында экономиканың негізгі салаларын дамытумен қатар халықтың мүдделерен, меншіктің барлық нысандарының ұйымдасуын, және мемлекеттің мүдделерін қорғайтын ұлттық сақтандыру нарығын дамыту қажеттілігі пайда болды.
Ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастырудың алғашқы кезеңі Қазақстанның жеке өзіндік мемлекет ретінде қалыптасуының қиын жағдайларында болды. Осы жылдар ішінде сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметін жүзеге асыру саласында тәжірибе жинады.
Қазіргі кезде сақтандыру нарығын дамыту қоғам мен мемлекеттің алдына қойылған міндеттерінің бірі болып табылады.
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігінің алдына жаңа міндеттер қойды: мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек.
«Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы да жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет, ҚБА және Ұлттық банк тәуекелдерді басқарудың икемді де сенімді жүйесін құруы керек». Осы міндетті шешуде сақтандыру қызметі де өз орнын алатыны байқалады.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы. - 2012. - 14 желтоқсан.
2 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2014 жыл 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
3 Худяков А.И. Страховое право Республики Казахстан. – Алматы, 2008. – 456 с.
4 Гвозденко А.А. Основы страхования. – М., 1998. – С. 23-27.
5 Худяков А.И. Страховое право РК. – Алматы, 1997. - 245 с.
6 Смирнова М.Б. Страховое право. – М., 2005. - 107 с.
7 Шахов В.В. Страхование. – М., 1999. – 312 с.
8 Серебровский В.И. Избранные труды по наследственному и страховому праву. - М., 1999. - 434 с.
9 Государственная программа развития страхования в Республике Казахстан на 2000-2002 годы // Казахстанская правда. – 2000, декабря-5.
10 Жайлин Г.А. Гражданское право РК. Часть особенная. – Алматы, 2001. – 426 с.
11 Шиминова М.Я. Государственное страхование в СССР. – М., 1997. - С. 25-29.
12 Ожегов С.И. Словарь русского языка. – М., 2008. – 640 с.
13 Агеев Ш.Р., Васильев Н.М., Катырин С.Н. Страхование: теория, практика и зарубежный опыт. - М., 1998. - 350 с.
14 Идельсон В.Р. Страховое дело. – М., - 1997. –219 с.
15 Крутик А.Б., Никитина Т.В. Организация страхового дела. – СПб.:

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия
шартының құқықтық негіздері
6М030100- Құқықтану

Магистрлік диссертацияның авторефераты

Қазақстан Республикасы
ТҮРКІСТАН ,2013ж .

Магистрлік диссертация Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ “Азаматтық құқық және
іс жүргізу ” кафедрасында орындалған.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистрлік диссертациялық зерттеу егеменді
Қазақстанда нарықтың қалыптасу және даму жағдайында сақтандыру қызметі
субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартының құқықтық
мәселелерін зерттеуге арналған. Жұмыста сақтандыру қызметі саласындағы
құқықтық қатынастардың түсінігі мен мазмұны ашылған, осы қатынастардың
субъектілері мен объектілерін анықтаудың тұжырымдамалық мәселелері
талданған, берілген қатынастардың субъектілерінің құқықтық жағдайларының
ерекшеліктері анықталған, сақтандыру саласындағы құқықтық қатынастарының
негізгі қағидаларына сипаттама берілген. Зерттеу нәтижесінде қолданыстағы
заңнама және оны қолдануды жетілдіруге байланысты теориялық тұжырымдар мен
ұсыныстар жасалынды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі
және бастаған реформаларды тереңдетуге бағытталып қабылданған стартегиялық
құжаттар елдің ішкі қорын және өзінің инвестициялық мүмкіндіктерін
пайдалануды көздейді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму үшін
маңызды салаларының бірі болып қазіргі күнде сақтандыру табылады.
Біздің елімізде көптеген онжылдықтар бойы сақтандыру мемлекеттік
монополия негізінде дамыды, және сақтандыру мәселелері бір күшті
орталықтандырылған ұйымның (КСРО Мемсақтандыру) қызметінің жағдайларына
қатысты дамыды. Сондықтан, көпжылдық мемлекеттік монополия және жоспарлы
экономикадан кейін, тәуелсіздік алған соң, Қазақстанның алдында
экономиканың негізгі салаларын дамытумен қатар халықтың мүдделерен,
меншіктің барлық нысандарының ұйымдасуын, және мемлекеттің мүдделерін
қорғайтын ұлттық сақтандыру нарығын дамыту қажеттілігі пайда болды.
Ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастырудың алғашқы кезеңі Қазақстанның
жеке өзіндік мемлекет ретінде қалыптасуының қиын жағдайларында болды. Осы
жылдар ішінде сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметін жүзеге асыру
саласында тәжірибе жинады.
Қазіргі кезде сақтандыру нарығын дамыту қоғам мен мемлекеттің алдына
қойылған міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты атты Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігінің алдына жаңа
міндеттер қойды: мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі
де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық
рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек.
Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы да
жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет, ҚБА және Ұлттық
банк тәуекелдерді басқарудың икемді де сенімді жүйесін құруы керек. Осы
міндетті шешуде сақтандыру қызметі де өз орнын алатыны байқалады.
Бірақ қоғам, көптеген кәсіпорындардың (ұйымдар, мекемелер)
басқарушылары, жеке кәсіпкерлер, және де әртүрлі билік пен басқару
органдарының өкілдері сақтандыру немесе оның жеке түрлерінің рөлін, сонымен
қатар сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігі мен
маңызын қажетті деңгейде бағаламайды. Нәтижесінде нарық жағдайында
сақтандыруды дамыту ойына күмән тудыртады, ал сақтандыру көптеген дамыған
нарықтық мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік өмірінің негізгі
құрамдас бөлігі болып табылады.
Экономиканы нарыққа бағыттау, Республиканың саяси және экономикалық
тәуелсіздігі, халықаралық қатынастардың дамуы сақтандырудың орны, рөлі мен
сипатына жаңа көзқараспен қарауды мәжбүрледі. 1992-1995 жж. елдің
сақтандыру нарығындағы ретсіздіктен кейін кейінгі жылдары сақтандыруды
дамыту қажеттілігі туындады. Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
пікірінше, сақтандыру бизнесі арнайы реттеуді талап етпейтін қызмет туралы
ойдан арылу қажет. Сақтандыру ұйымдары – банктер, брокерлік компаниялар
және зейнетақыны басқару ұйымдары сияқты қаржылық делдалдар және солар
сияқты мемлекеттік реттеу объектісі болулары тиіс [1].
Сондықтан, стратегиялық мақсаттарды белгілеген кезде, біз азаматтан
бастап мемлекеттің мүдделерімен аяқтап өміріміздің барлық жағдайын
қамтитындай барлық қол жетімді шараларды қолдана отырып әртүрлі келеңсіз
жағдайлардан бір уақытта сақтандырылуымыз қажет. Яғни, объективті
заңдылықтары бар нарықтың билігі кезінде тәуекел орын алады, демек
сақтандыру қызметінің қажеттілігі туындайды.
Сақтандырудың өзекті мәселелері нақтырақ Қазақстан Республикасының
президенті Н.Ә. Назарбаевтың VI Қазақстан қаржыгерлер конгресінде сөйлеген
сөзінде айтылған (Астана қ., 15 қараша 2006 жыл). Ол, қаржылық сектор
құрылған күш, кәсіптілік және батылдылық төмендемеу керек. Құрылғандарға
сүйене отырып, біз ары қарай стратегиялық мақсатымызға жылжуымыз қажет –
Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіруі деп
атап өтті.
Ол, отандық қаржы секторының дамытудың негізгі міндеттерінің бірі
ретінде сақтандыру нарығын кеңейтуді көрсетеді. Сақтандыру нарығы үлкен
әлеуетке ие халықтың сақтандыру ұйымдарына деген сенімін, сонымен қатар
сақтандыру қатынастарының субъектілерінің сақтандыру мәдениетін арттыру
қажет. Міндетті сақтандыру жүйесі жетілдіруді талап етеді. Халықтың
әлеуметтік қорғану құралы ретінде өмірді сақтандыруды дамыту қажет [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2014 жыл 17
қаңтардағы Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты
Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында да ауыл өндірушілерінің
қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру және
міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн деп атап
өткен болатын [2].
Қазақстанның Ұлттық банкінің жанындағы қаржы нарығын реттеу және
қадағалау комитетінің хабарлауынша, 2013 жылғы қаңтардың біріне шаққанда
елде 35 сақтандыру компаниясы бар болды. Олардың жиынтық активтерді 442
млрд. 647 млн. теңгені құрап отыр. 2012 жылдың 12 айында жиналған
сыйақылардың ауқымы 9,7 пайызға артып, 159 млрд. 75 млн. теңгеге жетті.
Өмірді сақтандыру бойынша, көрсеткіштер 52 млрд. 438 млн. теңге болды, бұл
өткен жылғыдан 72 пайызға артық. 
Көріп отырғанымыздай, сақтандыру мәселелері өзектілігін жоғалтпайды.
Бүгінде сақтандыру пайда табу мақсатында капиталы мен өз күшін салатын
негізгі сала ретінде кәсіпкерлерді қызықтырады. Екінші жағынан, сақтандыру
халықтың әртүрлі топтарын қызықтырады – әртүрлі апаттардан, болжауға
келмейтін қоғамдық құбылыстардан болатын зиянның орнын толтыруға, өз
коммерциялық қызметінің сәтсіздіктері, коммерция бойынша контрагенттік
міндеттемелерді орындамау, банктердің дәрменсіздігі кезінде салымдарды
жоғалтпауға кепіл беретін жүйе ретінде әртүрлі тауар өндірушілер,
тұтынушылар, шаруаларды да қызықтырады.
Шаруашылық айналымның дамуына қарай азаматтық-құқықтық мәмілелер
бойынша құқықтар мен міндеттердің еркін айналыс мәселелері тым өзекті
сипатқа ие болуда. Бұл тұрғыда сақтандыру шарты да өзгеше бола алмайды, бұл
салада цессия институты әзірге біршама сирек қолданылады. Заттардың бұндай
жаағдайы белгілі бір дәрежеде келісілетіні сонда, сақтандыру мәмілесі бұл
мағынада сақтандыру міндетемелері бойынша талап ету құқығын шартты түрде
беру туралы мәселелерді арнайы игеру қажеттілігін туғызатын біршама маңызды
ерекшеліктерге ие.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 345-бабына сәйкес талапты
беру деп міндеттеме негізінде несие берушіге тиесілі құқықтың (талап)
мәміле бойынша басқа тұлғаға өтуі түсіндіріледі. Құқық беретін кредитор
цедент, ал жаңа кредитор – цессионер аталады.
Сақтандыру қатынастарындағы цессия шарты негізінде ауысатын құқық
субъектілері, құқықтарды тапсырудағы мүдде сақтанушыда сақтандыру жағдайы
басталғанға дейін де, сақтандыру оқиғасы өткеннен кейін де сақтандыру
мәмілесінің әрекет ету кезеңінде пайда болуы мүмкін. Бірінші вариантта
шарттық цессияның мақсаты сақтанушының барлық құқықтар кешені болуы мүмкін.
Құқықтарды шарттық беруден цессияны ҚР АК 840- бабының тәртібі бойынша
ажырата білу керек, сақтанушының құқығы немесе пайда алушының құқығы заң
күші бойынша сақтандырылған мүлікке құқығы өткен жаңа несие берушіге
ауысады. Сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін шарттық цессия көбінесе
басқа тұлғаға сақтандыру төлемін өндіруге күш салу мақсатында жасалады,
осыған байланысты басқа бөлімдерде сақтанушы өзінің мәміле тараптары
мәртебесін сақтап қалады. Жағдайлар қатарынан бұндай мүдде сақтандыру
сыйлықақыларын төлеуді талап етуді үшінші тұлғаға беруге қатысты
сақтандырушыда да бар болуы мүмкін.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сақтандыру құқығы ғылымындағы
ғалымдарымыздың ғылыми ізденістегі жеткен жетістігін бағалай отырып,
сонымен бірге оның нарықтық жолындағы көптеген теориялық мәселелері
айтарлықтай зерттеліп, шешімін таппағандықтан сақтандыру құқығы әлі де
ғылыми зерттеу жұмыстарының табандылықпен жүргізіле беруін талап
ететіндігін мойындауымыз қажет.
Қазақстандық ғалым-заңгерлердің сақтандыру қызметі субъектілерінің
құқықтық қатынастарындағы цессия шартының құқықтық негіздері әртүрлі
қырларынан ашуға негіз болған көптеген құнды ғылыми еңбектері бар. Олардың
ішінен сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастарынының түсінігі,
объектілері мен субъектілері, қағидалары, қайта сақтандырудың түсінігі мен
түрлеріне байланысты Ю.Г. Басин, А.И.Худяков, Г.А.Жайлин, М.К. Сулейменов,
А.Г. Диденко, М.Б.Смирнова, В.В.Шахов, В.А. Белов, В.И.Серебровский, 
Ю.Б.Фогельсон, В.В. Байбак, Бремер, М.И.Брагинский, Д.А. Братусь, М.
Винавер, Е.Б. Осипов, И.А.Покровский, Б.В. Покровский, В.В. Почуйкин, Ф.
Релельсбергер, В. Ровный, Ф.К. Савиньи, Н.Г. Сарсенов, Е.А. Суханов, В.И.
Сенчищев, Н.Г. Сарсенов, Самонд, В.С. Толстой, Б. Хаскельберг, З.М.
Черниловский, Л.А. Чеговадзе, Б.Б. Черепахин, Г.Ф. Шершеневич, Е.Е.
Шевченко, Л. Эннекцерус , Б.А. Жұмаділов және т.б. ерекше атауға болады.
Зерттеудің пәні болып Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметі
субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартын құқықтық реттеу
тетігі табылады.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты. Сақтандыру қызметі субъектілерінің
құқықтық қатынастарындағы цессия шартын кешенді түрде зерттеу, осы саладағы
заңнаманы жетілдіру және оны қолдану тәжірибесіне байланысты тұжырымдамалық
негіздер, теориялық ережелер, тұжырымдар, тәжірибелік ұсыныстар дайындау
және негіздеу.
Диссертацияда зерттеудің мақсатына негізделген міндеттер қойылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеудің міндеттерін мыналар құрайды:
- сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастарынының құқықтық
табиғатын талдау, заңдылықтарын және нарық жағдайында олардың
ерекшеліктерін анықтау;
- сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастарынының
қағидаларының жүйесін талдау;
- Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия
шартының түсінігі мен түрлерін анықтау және мазмұнын ашу;
- Қайта сақтандырудың цессиядан, ретроцессиядан айырмашылығына жалпы
сипаттама беру.
Зерттеудің әдістемелік негіздері. Зерттеу пәнін кешенді зерттеу
негізінде, зерттеу танымның жалпы ғылымдық әдістері, қоғам мен табиғаттың
ара-қатынасының тұжырымдамасына сүйенді, қисынды-заңдылық, құрылымдық-
функционалдық және салымтырмалы-құқықтық әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық негіздері. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді
орындау жолында ғылыми зерттеудің әдістемелік негізін жалпы диалектикалық
танымдық әдістермен қатар, заңи логикалық, жүйелік, тарихи, салыстырмалы,
әлеуметтік ғылыми әдістер қолданылды.
Магистрлік диссертациялық зерттеудің қайнар көздерін Қазақстан
Республикасының Конституциясы, ұлттық және шетел сақтандыру заңнамасы,
басқа құқық салаларының нормалары, сақтандыру қатынастарын реттеуде
қолданылатын халықарарлық шарттар мен келісімдер құрайды.
Магистрлік диссертацияның ғылыми жаңалығы. Магистрлік диссертациялық
зерттеуде ғылыми жаңалығы зерттеудің мақсаты және міндеттерімен тығыз
байланысты. Ұсынылып отырған жұмыс Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартының құқықтық
негіздеріне арналған кешенді түрде алғаш рет зерттелген еңбек болып
табылады.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Жүргізілген зерттеу негізінде
қорғауға мынадай ережелер мен тұжырымдар ұсынылады:
- сақтандыру саласындағы мемлекеттік ретеудiң рөлi мен мағынасын
айкындау кажет;
- әлеуметтiк, медициналық және экологиялық салаларда міндетті
мемлекеттiк сақтандыруды енгiзудiң делелдемесiн айқындау және олардың
нормативтiк-құқықтық базасын казiргi заман талаптарына сай болатындай етiп
құру қажет;
- сақтандыру және кайта сақтандыру ұйымдарының каржылық орнықгылығын
және төлем қабiлеттiлiгiн қамсыздандыру, ұйымдық құқықтық нысандарын,
жарғылық капиталдары мен өз қаражаттарының ең аз мөлшерiн калыптастыруды
заң жүзiнде көздеу, сақтандыру қызметiн жүзеге асырушыларды лицензиялау,
сақтандыру ұйымдары мен басқа да катысушыларына мiндеттi пруденциалдық және
өзге де нормативтер мен лимиттердi белгiлеу, инспекциялау, сақтандыру
кадағалауын жүзеге асыру, санкциялар қолдану мемлекеттік ыкпал ету шаралары
ретiнде қарастырылды;
- сақтандыру қатынастарының және сақтандыру құқықтық қатынастарының
өздерiне тән белгiлерi мен ұғымдары жаңадан калыптастырылды;
- Сақтандыру қьгзметi туралы Қазақстан Республикасы заңының
қабылданылуына байланысты жүзеге асыру шаралары мен механизмдерi заң
жүзінде айқындалмаған міндеттi сақтандыру түрлерi бойынша Ұлттық Банк пен
басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қатысуымен әзiрленiлетiн заң
жобаларын жасауға кажетті ұсыныстар берiлді;
- сақтандыру құқықтық қатынастары сақтандыру резервтерiн қалыптастыруға
және пайдалануға байланысты экономикалық сақтандыру қатынастарын, сондай-ақ
сақтандыру iсiн ұйымдастырып, дамытуға байланысты ұйымдастырушы сақтандыру
қатынастарын құқықтық реттеу нәтижесiнде туындайды деп тұжырымдалған;
- сақтандыру саласында туындайтын шарттарға негiзделген сақтандыру
қатынастарын азаматтық құқық нормалары реттесе, ал мемлекеттiк - өктем
талаптарға негiзделген қаржылық- сақтандыру қатынастарын қаржылық құқық
нормаларын реттейдi;
- сақтандыру құқықтық қатынастары Ұлттық Банктің Сақтандыруды қадағалау
департаментi мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары -
сақтандырушылардың арасындағы лицензия беруге, сақтандыру резервтерiн
қалыптастыру және орналастыру ережелерiн белгiлеуге, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының қаржылық көрсеткiштерi мен есеп беру нысандарын
белгiлеуге, сақтандыруды тоқтатып қоюға немесе шектеуге, сондай-ақ
лицензияны қайтарып алуға байланысты туындайтын қатынастар.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті заң факультетінің Азаматтық құқық және іс
жүргізу кафедрасында дайындалды.
Зерттеу нәтижесінің негізін қалаушы басты ғылыми тұжырымдар мен
тәжірибелік ұсыныстары әртүрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, ғылыми
хабарламаларда баяндалды. Магистрлік диссертацияның зерттеу бағыты бойынша
жасалған тұжырымдар магистрдің “Сақтандыру полисінің тұтвнушылары арасында
міндеттемелрді ауыстыру аспектісі” атты мақала Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысында және “Сақтандыру
заңнамасы бойынша цессия шартын қолдануды экологиялық таза ауаға әсері”
атты мақала Халықаралық ғылыми-теориялық конференция еңбектерінің жинағында
жарық көрді.
Дисертацияның құрылымы мен көлемi Магистрлік диссертация көлемі 80
бетті құрайды. Магистрлік диссертацияның құрылымы зерттеудің негізгі мақсат
міндеттеріне сай. кіріспеден, сегіз бөлімшені қамтитын екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаттамасы,тақырыптың өзектілігі,зерттеу
жұмысының мақсаты,зерттеу жұмысында қорғауға ұсынылатын
тұжырымдар,тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу жұмысының ғылыми
жаңалығы,жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы қамтылған.
Диссертациялық зерттеудің “Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық
қатынастардың теориялық негіздері” деп аталатын бірінші бөлімі төрт
бөлімшеден тұрады.
“Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі және жалпы
сипаттамасы” деп аталатын бірінші бөлімшесінде сақтандыру қызметінің жалпы
түсінігіне талдау жасалынады.
Сақтандыру деген сөз "сақтан" не үрей деген сөзден шыққан.
А.И.Худяковтың пікірінше, сақтандыру термині үрей деген сөзден пайда
болды. Кез келген саналы адам өзінің тіршілік жағдайлары мен шарттарының
нашарлауынан қорқады (өмір жағдайының, өндіріс шарттарының және т.б.) және
өзінің келешектегі қамын ойлай барынша өзін қауіпсіздендіруге ұмтылады
(сақтандырады) [3, 7 б.].
Сонымен қатар, сақтандыру деген сөз (сақтандыру, сақтандырылу) қандай
болмасын істе кейде сүйеу мағынасында қолданылады, қай кезде де сәттіліктің
кепілдіктері және т.б. Қазіргі уақытта осы терминді барлық жеке және заңды
тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау құралы ретіндегі мағынада жиірек
қолданылады.
Сақтандырудың алғашқы түрлері ерте заманда пайда болды. Қазіргі
уақыттағы қайнар көздерге сүйенсек, сақтандыру сипаты бар келісімдер құл
иеленушілік қоғамда да кездескен. Бұл келісімдер жылжымайтын мүлікке,
саудаға, қарыз шарттарына, сонымен қатар теңізде кеме жүзуде кездеседі.
Келісімдердің ең басты мәні болып, теңіз кемелері және теңіз жүктерін
тасуға байланысты мүмкін болатын зиянның тәуекелін осы келісімдерге мүдделі
тұлғалар арасындағы бөлу. Сақтандырудың ең ертедегі ережелерінің бірі
Талмуд кітаптарыда баяндалған. Егер бір малшының малы жоғалып кетсе,
Талмуд басқа малшыларға жоғалған малдың орнына тек мал беруге бұйрық берді,
бірақ не болса да ақша емес. Сол кезде негізгі қағидалар қаланған болатын:
сақтандыру – тәуекелден сақтану, ол еш жағдайда байытуға қызмет ете
алмайды.
Сақтандыру қызметі саласындағы қатынастың ұғымын сипаттай келе, біз
келесідей анықтама ұсына аламыз:
Сақтандыру қатынасы - бұл келісім-шартта немесе заңнамада қарастырылған
сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтандырылған тауар өндірушілерге
мүліктік және мүліктік емес мүдделерін қорғау ретінде сақтандырушымен
өндірілген сақтандыру сыйақысын төлеу және басқа да төлемдер төлеу бойынша
сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Сақтанушы – сақтандырушыға сақтандыру қорғанысын алу мақсатында
сақтандыру төлемін төлейтін тұлға.
Сақтандырушы – сақтандырылған тұлғаға сақтанушыдан сақтандыру төлемі
есебі негізінде сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ететін тұлға.
Сақтандырылған – оның мүддесі сақтандыру объектісі болатын тұлға.
Біздің жағдайымызда сақтандырылғандар болып ауыл шаруашылық тауар
өндірушілер табылады. Сақтанушы мен сақтандырылған бір адам ретінде орын
алуы мүмкін, алмауы да мүмкін (егер сақтанушы басқа бір тұлғаның мүддесін
сақтандырса).
Сақтандыру төлемі - жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған,
сақтандыру жағдайының келіп түсуінде немесе мерзімнің келіп түсуіндегі
сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандырушымен сақтанушыға (пайда алушыға)
төленетін ақша сомасы. Сөйтіп, сақтандыру төлемі сақтандырушы іс жүзінде
төлетін ақшалай сомасы болып келеді.
Сақтандыру жағдайы – сақтандыру шарты сақтандыру төлемін қарастыратын
жағдай. Сақтандыру жағдайы табиғи әсер, техногенді сипат және нақта адам
әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар,
сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және
ықтималдық белгілерін иемдену керек. Сақтандыру жағдайының түсу
ықтималдығының деңгейі шарт тараптарымен өз бетінше бағаланады, сонымен
қатар жағдайдың болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, егер соңғысы
орын алса ол жағдай кездейсоқтық болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы
мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша
қарастырылатын жағдайларға қолданылмайды. Сақтандыру жағдайларының түрі заң
актілерімен (сақтандыру міндеті болып келген кезде) және шарттармен
(сақтандыру ерікті болып келген кезде) анықталады.
Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажеттi төлем
қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылық деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында
сақтандыру жəне қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiнiң
экономикалықматематикалық есептеулерiн жүзеге асыруға байланысты қызметтi
атқаратын жеке тұлға.
Сатып алу сомасы – жинақтаушы сақтандыру шарты қолдану мерзiмiнен бұрын
тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.
Сақтандыру ережелерi – белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды
жүзеге асыру талаптарын айқындайтын сақтандыру ұйымының құжаты.
Қайта сақтандырушы (цедент) – өзi қабылдаған сақтандыру тəуекелдерiн
қайта сақтандыруға берудi жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта
сақтандыру ұйымы.
Қайта сақтандыру – сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап,
кейiннен өздерiнiң арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сəйкес қайта
сақтандыру ұйымына сақтандыру тəкеуелдерiнiң бəрiн немесе бiр бөлiгiн
беруге байланысты қызмет жəне соған байланысты туындайтын қатынастар.
Сақтандыру сыйақысы – сақтандырушының сақтандыру шарты мен аннуитетте
анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыру төлемiн жүргiзудiң соңғы
мiндеттемелерiн қабылдау үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы. Сақтандырушыдан
алынған сақтандыру сый ақылары сақтанушының меншiк құқығына жатады.
Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған жəне сақтандыру
жағдайының пайда болуындағы жауапкершiлiктiң шектеулi көлемiн ұсынатын ақша
сомасы. Сақтандыру төлемi – жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған,
сақтандыру жағдайының келiп түсуiнде немесе мерзiмнiң келiп түсуiндегi
сақтандыру сомасы мөлшерiнде сақтандырушы мен сақтанушыға төленетiн ақша
сомасы. Сөйтiп сақтандыру төлемi сақтандырушы iс жүзiнде төлейтiн ақшалай
сома болып келедi. Осыдан сақтандыру төлемнiң сақтандыру сомасынан
айырмашылығы көрiнедi.
Сақтандыру объектісі сақтандыру қорғанысына (яғни, сақтандыру неге
бағытталған) жататын сақтандырылғанның мүдессі болып табылады.
Сақтандыру пәні – сақтандыру объектісі болып табылатын материалды
құндылықтар, сондай-ақ жеке мүліктік емес құқықтар.
Сақтандыру құқықтық қатынастар – азаматтық құқықтық қатынастардың бір
түрі болғандықтан оларға жалпы және арнайы белгілері тән болады. Оларды
құқықпен реттелетін қатынастар ретінде атауға болатын жалпы белгілер
ретінде келесілерді жатқызуға блады:
- сақтандыру құқықтық қатынас жігерлі сипатта болады;
- ол салыстырмалы қатынас болып табылады, оған әрқашан нақты тараптар
қатысады;
- заңи және фактілік іс-әрекет сақтандыру құқықтық қатынастың объектісі
болап табылады;
- субъективті азаматтық құқықтардың және заңи міндеттемелердің болуы.
Ғылыми және оқу әдебиеттерінде азаматтық құқықтық қатынастардың басқа
да жалпы белгілері көрсетілген.
Сақтандыру құқықтық қатынастардың ерекшелігі кез келген құқықтық
қатынастардың (субъективті құрам, объект және мазмұны) дәстүрлі элементтер
призмасы арқылы көрінеді. Алайда осы ( жалпы ) қасиетпен қатар сақтандыру
құқығы мен сақтандыру бизнесінің теориясы мен тәжірибесі сақтандыру
құқықтық қатынастары үшін сақтандыру мүддесі, сақтандыру жағдайы,
сақтандыру тәуекелі, сақтандыру төлемі және т.б. секілді негізгі
элементтерді өңдіріп шығарды.

“Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың объектілері мен
субъектілері” деп аталатын екінші бөлімшесінде объект ұғымын субъектінің
(тұлғаның) кез келген қызметі (тәжірибелік не танымдық) бағытталған құбылыс
немесе зат ретінде түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасынының сақтандыру заңдылығына сәйкес, мүліктік
және жеке сақтандыру объектісі азаматтардың, заңды тұлғалардың, шаруа және
фермерлік шаруашылықтардың жеке мүліктік емес мүдделерімен тығыз байланысты
кез келген мүліктік мүдделер болуы мумкін.
18 желтоқсан 2000 жылғы ҚР Сақтандыру қызметі туралы Заңында
сақтандыру объектісі ұғымы көрсетілмеген. Жалпы талқылау 1999 жылдың 1
шілдесінен ҚР–ның Азаматтың кодексінің 807-бабында көрсетілген [23]. Онда
азаматтардың және заңды тұлғалардың кез келген мүліктік мүдделері мүліктік
және жеке сақтандыру объектілері болуы мүмкін екені айтылған, соның ішінде:
1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында
белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде
белгілі бір оқиғалардың басталуына;
2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың
салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне;
3) мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне;
4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу
салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез келген мүліктік
мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.
Берілген анықтамада кемшілік жоқ емес, мұнда тек сақтандыру объектілері
атап көрсетілген, бірақ жалпы теориялық ұғым берілмеген. Сонымен қатар,
мұнда азаматтардың және заңды тұлғалардың тағы да тек мүліктік мүдделері
көрсетілген және олармен тығыз байланысты жеке мүліктік емес мүдделер
көрсетілмеген. Барлық субъектілер қамтылмаған - шаруа және фермерлік
шаруашылық шетте қалған.
Жалпы сақтандыру құқығының мәселелерінің бірі сақтандыру объектісінің
анықтамасын беру мәселесі болып табылады.
Сақтандыру объектісі өзіндік субъективтік көрінісінде - өзіндік
материалдық жағдайына (өзіндік бар болу шарттары туралы) немесе өзге
тұлғаның материалдық жағдайына сақтандыру арқылы ұйымдасқан қамқорлық
жасау.
Сақтандыру объектісінің өзіндік материалды көрінісі - сақтандыру
сомасымен және сақтандыру затымен айқындалатын сақтанушының
(сақтандырылғанның) оның бар болу жағдайын көрсететін мүліктік мүддесі.
Сақтандыру объектісі өзіндік экономикалық көрінісінде - бұл сақтандыру
сомасымен және сақтандыру затымен анықталған сақтанушының (сақтандырылған
тұлға) қорғану жағдайы бойынша сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы
қатынас.
Экономика саласындағы ғалымдарың көзқарасы бойынша, мүлікті
сақтандырудың жіктелуі ерекшелігі өзара иерархиялық байланысы жоқ
қауіптерді ажырату болып табылады:
- өрттен мүлікті сақтандыру;
- ауылшаруашылық егістерін құрғақшылық пен басқа да табиғат апаттарынан
сақтандыру;
- жануарларды жаппай қырылудан және еріксіз союдан сақтандыру;
- көлік құралдарын апаттан, алын қашудан және т.б. қауіптерден сақтандыру.
Сақтандыру объектісінің құндылығы болып сақтандыру сомасы табылады.
Сақтандыру объектісі өзіндік құқықтық көрінісінде - сақтандырушы заң
немесе келісім шарт бойынша сақтандыру жағдайы орын алғандағы сақтандыру
қорғанысын қамтамасыз етуіне қатысты сақтандыру сомасы мен сақтандыру
затымен анықталатын сақтанушының бар болуы шарттары [3, 70-71 бб].
Сақтандыру объектілері сақтандыру саласына байланысты ерекшеленуі
мүмкін: өмірді сақтандыру немесе жалпы сақтандыру. Өмірді сақтандыру
саласында сақтанушы мүліктік мүдде сақтандырылғанның өміріне немесе
денсаулыққа келтірілген зиян мүмкін келтіру жағдайына шығындарды қамтамасыз
ету болып табылады. Сонымен, өмірді сақтандыру саласындағы сақтандыру
объектісі - бұл адамның өмірі мен денсаулығы.
Жалпы сақтандыруда сақтанушының мүліктік мүддесі оның мүддесі
келтірілген зияндардан шегетін шығындарды жабуға қамтамасыз етілу болып
табылады. Мысалы, автомобиль көлігін сақтандыруда сақтандыру объектісі
көлік құралының өзі болып табылса, ал көлік құралдарының иелерінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруда сақтандыру объектісі жол-
оқиғасы орын алғандағы оның жауапкершілігі болып табылады.
Сақтандыру объектісі - сақтанушының кейбір мүліктерді жоғалтуға әкелуі
мүмкін мүдделерді қорғау.
Сақтандыру пәні - сақтандыру қорғанысының объектісі болып табылатын
материалды құндылықтар.
Сақтандырудың негізгі шарты сақтандыру жағдайы туралы шарттар болып
табылады.
Сақтандыру жағдайы – басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру
өтемдерінің төленуін көздейтін оқиға (ҚР АК 817–бабы).
Сақтандыру жағдайының қандай белгілері бар?
Ең алдымен, сақтандыру жағдайы - бұл ықтимал болатын, кездейсоқ оқиға.
Сақтандыру қатынастарына сақтанушы, сақтандырушы, сақтандырылған тұлға
және пайда алушылар қатысады.
Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан
Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін
сақтандыруды тек қана сақтандыру ұйымы – Қазақстан Республикасының
резиденті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымдарымен жұмыс,
оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары
жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен – Қазақстан Республикасының
резиденттерімен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болу
кезеңіне ғана сақтандыру шарттарын жасасуға жол беріледі.
Сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Сақтанушы
ретінде азаматтар да, заңды тұлғалар да танылуы мүмкін.
Сақтандырушы – сақтандыру қызметін жүзеге асыратын, сақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға
(пайда алушыға) шартта белгіленген сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру
төлемін жасауға міндетті заңды тұлға.
Сақтандырушы болып тек қана сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және
сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға ғана
танылады.
Сақтандыру ұйымдары – сақтандыру және басқа да қызметтерді жүзеге
асыруда ресурстарының толықтай оқшауланғанын және өзіндік қызмет атқаруын
білдіретін сақтандыру нарығының құрамдас негізі, экономикалық оқшауланған
жүйе.
Сақтандыру ұйымдары құралдарына байланысты өзара сақтандырудың
акционерлік, жеке түрлеріне бөлінеді. Қазақстан Республикасының Сақтандыру
қызметі туралы заңының 22-бабына сәйкес:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны
акционерлік қоғам болып табылады.
3) Акционерлік сақтандыру ұйымы – бұл сақтандырушы ретінде акционерлік
қоғам туріндегі жеке капитал болатын мемлекеттік емес уйымдасқан
нысан. Акционерлік сақтандырушының жарғылық капиталы акциядан және
басқа да бағалы қазаздардан құрылады, яғни ол қаражат шектеулі
болғанда, сақтандыру ұйымының қаржылық жағдайын айтарлықтай
жоғарылатады. Сақтандырушылардың акционерлік нысаны дамыған елдердің
сақтандыру нарығында жақсы жетілген.
Ұлттық сақтандыру нарығы – жеке мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының
қызмет ету   сферасы. Институционалды     түрде     ұлттық    
сақтандыру    нарығы   сақтандыру ұйымдарынан, арнайы қайта сақтандырушы
ұйымдардан, сақтандыру брокерлері мен агенттерінен тұрады. Ұлттық
сақтандыру нарығындағы барлық қызмет ұлттық сақтандыру заңы шегінде
жүргізіледі. Бұл заңның орындалуын бақылау мемлекеттік сақтандыруды бақылау
органына жүктелген. Ең ірі ұлттық сақтандыру нарықтары АҚШта,
Ұлыбританияда, Германияда және басқа да бірқатар елдерде қалыптасқан.
Ұлттық сақтандыру нарығында Үкіметте, бұқаралық ақпарат құралдарында,
халықаралық келіссөздерде  сақтандыру ұйымдарының ұжымдық мүдделерін
ұсынатын ұлттық сақтандыру ассоциациялары қызмет етеді.
Аймақтық сақтандыру нарығы өзара интеграциялық байланыстармен
байланысушы жеке аймақтардың сақтандыру ұйымдарын, ұлттық нарықтарын
біріктіреді. Ең ірі аймақтық нарық болып Солтүстік американ сақтандыру
нарығы (АҚШ, Канада) саналады. Еуропалық экономикалық одастастықтың
сақтандыру нарығында терең интеграциялық процесстер жүруде. Бұл “Еуропалық
экономикалық одақтастықтың ортақ сақтандыру нарығын” құру туралы жоспарды
жүзеге асырумен байланысты. Еуропалық экономикалық одақтастықтың ұлттық
сақтандыру заңдарын толық сәйкестендіру көзделген.
Халықаралық сақтандыру нарығы – бұл ұлттық және аймақтық сақтандыру
нарықтары жиынтығы. Мұндай мағынада халықаралық сақтандыру нарығы ретінде
халықаралық сақтандыру операцияларының едәуір үлес салмағымен сипатталатын
жергілікті сақтандыру нарықтары қарастырылады (Нью-Йорк, Лондон, Цюрих).
Сақтандырылған тұлға – сақтандыру келісімі сол тұлғаның пайдасына
жасалған тұлға.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандырушы да бола алады.
Пайда алушы – сақтандыру шартына және міндетті сақтандыру туралы
заңнамалық актіге сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.
Олар заңды тұлға да, жеке тұлға да болуы мүмкін.
Сақтандырылушы мен пайда алушының ерекшелігі болып олардың тиісті құқық
қатынасында құқық субьектілері ретінде танылулары жатады.
Сақтандыру құқықтық қатынасының субьектілеріне Қазақстан
Республикасының заң актілерінде құқықтық қатынастарға түсетін ерекше заңды
қасиет-құқықсубьектілік танылған. Құқықсубьектілік екі элементтен тұратын
күделі заңи қасиетке ие: құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік.
Сақтандыру құқығының субьектілері ретінде меншік құқығына, шаруашылық
иеленуіне немесе оқшауланған мүлігін жедел атқаруға және осы мүліктерге өз
міндеттемелері бойынша жауап береді, өз атынан тұтынады және мүліктік және
мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелерді атқарады, сотта шағым жасай
алады немесе жауап береді.
Заңды тұлғаның өзінің жеке балансы мен сметасы болуы керек.
Заңды тұлғаның өз атауымен мөрі болады (ҚР АК., 33-бабы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 34-бабына сәйкес, өз
қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтірді көздейтін (коммерциялық
ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза
табысын қатысушыларырына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды
тұлға бола алады.
Сақтандыру нарығының тауары – сақтандыру өнімі. Сақтандыру өнімінің
сомасы сақтандыру қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты. Сақтандыру
өнімінің бағасы сақтандыру өтелумен немесе сақтанудың қамтамасыз етілуімен
анықталады, сондай-ақ қызмет шығынымен және сақтандырушының табыс көлеміне
байланысты болады. Барлық бағалар секілді, ол сұраныс пен ұсынысқа
байланысты.
Сақтандыру нарығының қызмет етуі болып тәуекелдер мен залалдарды кәсіби
бағалаушылардың қарауында.

“Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың қағидаларының
жүйесі" деп аталатын үшінші бөлімшесінде белгілі саладағы қоғамдық
қатынастардың арнайы қағидаларының бары туралы ой пікір қағидаларды
сақтандыру құқықтың кешенді интеграцияланған құқық саласы ретінде бөліп
көрсетудің негізгі белгісі ретінде танудың субъективті тәртібінің
факторлары ретінде тану туралы зерттеулерді негіздейтін басты ереже болып
табылады. Шынымен, сақтандыру қатынастардың аз деңгейінде де арнайы
қағидалардың болуы осы қатынастардың жекеленгендігін көрсетеді.
Құқық қағидаларының негізгі белгісі олар тек қатынастарды ғана
сипаттамайды, сонымен қатар қоғамның дамуының дамушы тенденцияларын
сипаттайды, сондықтан бағдарламалық талаптар, бастапқы ой-міндеттерді өзіне
енгізеді.
Өзара сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5
шiлдедегi Заңының 3-бабында өзара сақтандыру қағидалары көрсетілген, олар
мыналар:
1) қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгi;
2) қоғам мүшелерiн өзара қорғау және олардың өзара жауапкершiлiгi [28].

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2003
жылғы 1 шiлдедегi Заңының 4-бабында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандырудың негiзгi қағидаларыi аталған. Олар:
- жәбiрленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн осы Заңда белгiленген көлемде
және тәртiппен қорғауды қамтамасыз ету;
- өзiнде тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi
сақтандыру полисi болған жағдайда тасымалдаушының жолаушыларды және олардың
мүлкiн тасымалдауды жүзеге асыруы;
- тараптардың тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты
бойынша өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуi болып табылады
[29].
Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңның 4-бабында (ал міндетті
экологиялық сақтандыру ауыл шаруашылығындағы экологиялық тәуекелдерді
сақтандыру бөлігіндегі аграрлық сақтандырудың бір түрі болып табылады)
міндетті экологиялық сақтандырудың келесі қағидалары белгіленген:
- шығындарды өтеудiң кепiлдiгi;
- тараптардың мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты бойынша өз
мiндеттемелерiн атқаруын қамтамасыз етуi;
- қоршаған ортаның авариялық ластануының алдын алуды экономикалық
ынталандыру болып табылады [31].
В.Ю. Абрамовпен сақтандыру құқықтық қатынастарға жүйелі түрде әсер
ететін және олардың жүзеге асуына толық кепілдеме беретін сақтандырудың
негізгі қағидаларының жүйесі жасалынған. Берілген жүйе сақтандыру
заңдылығының жалпы бастамасы және мағынасын анықтайтын жалпы және арнайы
қағидалардан тұрады.
Жалпы қағидалар: заңдылық, жариялылық, ұйымдастыру бірлігі.
Арнайы қағидалар: жоғары адалдылық, эквиваленттік, келтірілген
зиянның орнын толтыру, әлсіз жақты қорғау.
Жалпы қағидалар сақтандыру заңнамасының әртүрлі нормаларын қолдану мен
талқылауда біркелкілікті қамтамасыз етеді, сонымен қатар сақтандыру
қатынастарының қатысушыларының құқықтық жағдайындағы теңдестікті қамтамасыз
етеді.
Олар сақтандыру қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыруға байланысты
сақтандыруды қадағалау органдары мен сақтанушының арасындағы қатынастар,
сақтандыру және қайта сақтандыруға байланысты сақтанушылардың арасындағы
қатынастар, сонымен қатар сақтандыру шартындағы әлсіз жақ – сақтанушы мен
шартта күштірек жақ болып табылатын – сақтандырушы арасындағы қатынастар.

Арнайы қағидалар сақтандыру тәуекелін бағалау және сақтандыру төлемін
төлеу кезінде сақтандыру шартының қатысушыларының өзара сеніміне
негізделген жеке-құқықтық сақтандыру қатынастарына арналған [32, 19 б].
Г.М. Тлебаева заң жүзінде экологиялық сақтандырудың ерекшелігін
анықтайтын бес негізгі қағидаларды бекітуді ұсынады
а) сақтандыру тәуекелінің орын алуы қағидасы;
б) зиянды қайта бөлу қағидасы;
в) зиянның орнын толтырудың кепілденген қайнар көздерін құру қағидасы;
г) алдын алу шараларын қаржыландыруға арналған сақтандыру резервтік
қорларын құру қағидасы [25, 17 б].
Ал , біздің пікіріміз бойынша, сақтандыру қағидаларын жалпы және арнайы
деп бөлуге болады.
Жалпы қағидаларға мыналар жатады: заңдылық, жариялылық, қол
жетілімділік, эквиваленттік сақтандыру жағдайы болған кезде келітірілген
зиянның орнын толтыру міндеттілігі; заңмен белгіленген шекте сақтандыру
шартының еркіндігі; сақтандыру шарты субъектілерінінің заңи теңдігі;
сақтандыру құқықтық қатынастарының қатысушылардың бұзылған құқықтарын сот
арқылы қорғау қағидасы; сақтаныдру тәуекелінің болуының ықтималдылығы және
кездейсоқтылығы қағидасы.
1.Заңдылық қағидасы. Бұл қағида құқықтық талаптардан ауытқымай құқық
нормаларында бекітілген жүріс тұрыс ережелерін жүзеге асыру қажеттілігін
білдіреді. Сақтандыруда заңдылық қағидасында бекіту сақтандыру ісінде
субъектілеріне қатысты сақтандыруды қадағалау органдарының лауазымды
тұлғаларының жағынан билік құзіретін асыра пайдалануды болдырмау
қажеттілігімен, сонымен қатар сақтанушы, пайда алушы және сақтандырылған
тұлғаларға қатысты сақтандырушы жағынан сақтандыру заңдылығын бұзуды
болдырмауға негізделеді [32, 32 б].
2. Жариялылық қағидасы. Жариялылық қағидасының мазмұнына
сақтандырушыға сақтандыру түрі бойынша сақтандыру құқықтық қатынасқа түсу
туралы шешім қабылдау үшін сақтанушының қаржылық жағдайы, ол туралы
қажетті, шынайы және толық ақпараттарды алуға жағдай жасайтын ақпараттар
мен мәліметтерді жария түрде алу кіреді. Сақтандыру кезінде жариялылық
қағидасын қолданбау қаржылық – тұрақты сақтандырушыны таңдау кезінде
сақтанушы, пайда табушы және сақтандырылған тұлғалардың мүліктік
құқықтарының бұзылуына жағдай жасайды [32, 32 б].
3. Қолжетілімділік қағидасы кедергісіз және қажетті мерзімде кез келген
сақтанушыға сақтануға жағдай жасайтын сақтандыру жүйесін құрумен қамтамасыз
етіледі.

4. Эквиваленттік қағидасы. В.Ю. Абрамовпен ұсынылған қағида қажет:
сақтандыру заңдылығының нормаларында эквиваленттік қағидасының бекітілуі
сақтандырушылардың сақтандыру төлемін жүзеге асыру және сақтандыру ісін
жүргізуге кеткен шығындарының орнын толтыру үшін сақтандыру міндеттемесін
алу сомасы мен белгілі уақыт кезеңінде сақтандыру сыйақыларын жинау
арасындағы теңдікті сақтамау мен байланысты мәселені шешеді [32, 33 б].

Сонымен қатар, сақтандырудағы эквиваленттіктің маңызы, автордың пікірі
бойынша, сақтандырушыны қаржылық тұрақтылыққа және сақтанушылардың
алдындағы міндеттемені адал орындауға итермелейді.

5. Сақтандыру жағдайы болған кезде келітірілген зиянның орнын толтыру
міндеттілігі қағидасы заң жүзінде бекітілуі қажет. Өйткені, көп жағдайда
сақтандырушы осындай міндеттемеден жалтаруға тырысады.
6. Заңмен белгіленген шекте сақтандыру шартының еркіндігі қағидасы.
Берілген қағида сақтандыру құқықтық қатынастарының субъектілеріне
сақтандыру шарты бойынша серіктестерін таңдау және сақтандыру шартының
түрін және оны жасасу шарттарын таңдау еркін білдіреді. Осы қағиданы бекіту
заң шығарушының шартты тараптарға міндетті жоспарлы – әкімшілік актілер
негізінде жасасуды міндеттеуден бас тартуын білдіреді.
7. Сақтандыру шарты субъектілерінің заңи теңдігі қағидасы.
Субъектілердің заңи теңдігі олардың азаматтық айналымға қатысу
мүмкіндіктерінің теңдігін тану және сақтандыру шарты бойынша құқықтар мен
міндеттерді орындамауға байланысты мүліктік жауапкершілігінің теңдігі
арқылы қамтамасыз етіледі.
8. Сақтандыру құқықтық қатынастарының қатысушылардың бұзылған
құқықтарын сот арқылы қорғау қағидасы. Сақтандыруға байланысты даулар
құзыретіне сәйкес соттармен шешіледі.
9. Сақтаныдыру тәуекелінің болуының ықтималдылығы және кездейсоқтылығы
қағидасы. Көзделіп отырған сақтандыру жағдайы орындалуы мүмкін болуы керек.
Егер жағдайдың орын алуы мүмкін емес болса сақтандыру құқықтық қатынастары
мүмкін болмайды, бұл кезде берілген жағдайдың орын алуы мүмкіндігімен
мүмкін еместігін анықтайтын белгілері қиындық тудырады. Ол субъективтік
негізге сүйенуі мүмкін: Сақтандыру құқықтық жағдайына түскен тараптардың
(қатысушылар) тараптардың өздері осы жағдайдың орын алу мүмкіндігіне жағдай
жасау қажет және жеткілікті.
Сақтандырумен көзделген жағдай кездейсоқ болу керек, яғни оның орын
алуы сақтандыру құқықтық қатынасының қатысушыларының кінәлі әрекеттерімен
себепті байланыста болмауы тиіс.

“ Қазіргі құқық жүйесінде сақтандыру қызметі туралы нормалардың алатын орны
және рөлі” деп аталатын төртінші бөлімшеде нарықтық қатынастар жағдайында
сақтандыру құқығы жүйесі қатты өзгерді. Көптеген құқықтық институттардың
мазмұны өзгерді, өз алдына жаңа институттар қалыптасып жатыр. Заңдылық
және құқық жүйелері сыртықы ортаның әсерінен өзінің ішкі ұйымдасуын өзгерте
алатын біртұтас құрылымдарды білдіреді. Құқық жүйесі қоғамның объективті
қажеттіліктерін көрсететіндіктен, оған жаңа құқықтық институттар,
салалармен өзгерту және толықтырумен сипатталатын орынды динамизм тән [33,
199 б].
Құқық жүйесі – заңи нормалардың біртұтастығымен ішкі келісімін,
сонымен қатар олардың сәйкес сала мен институттарға бөлінуін сипаттайтын,
экономикалық және әлеуметтік құрылыммен негізделген құқық құрылымы [34,
231 б].
Ғалымдар құқық нормаларының мынадай негізгі белгілерін көрсетеді:
1. жалпыға міндеттілік – адамдардың мүмкін және тиісті жүріс-тұрысына
байланысты мемлекет өктемдігін білдіреді;
2. формальды анықтылық – ресми құжаттарда жазбаша нысанда көрініс
табады;
3. мемлекетпен байланыс – мемлекеттік органдармен ұйымдастырылады және
мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі.
4. өкілеттілік-міндеттемелік сипат – ол субъектілерге құқықтарды беріп
қана қоймай, басқа субъектілерге міндет жүктейді, өйткені міндетсіз
құқықты, құқықсыз міндетті жүзеге асыру мүмкін емес [37, 51 б].
С.С. Алексеев көзқарасы бойынша, әлеуметтік нормалардың бір түрі
ретінде құқық нормаларына барлық әлеуметтік нормаларда бар нормалар тән:
олар қоғамдағы адамдардың жүріс – тұрыс ережелерін білдіреді; жалпы
сипаттағы жүріс – тұрыс ережелері; саналы ерікті қызметтің нәтижесі болып
табылады, әлеуметтік – экономикалық құрылыммен негізделеді....
Демек, сақтандыру туралы норма сақтандыру қызметі саласындағы
субъектілерінің мемлекетпен бекітілген жалпыға бірдей міндетті жүріс –
тұрыс ережесін білдіреді және ол осы саладағы қайталанатын жағдайларға көп
рет қолдануға бағытталады.
Құқықтық институт құқық саласының жекелеген бөлігін құрайды, оған мына
белгілер тән:
а) мазмұнынның біртұтастығы – әрбір институт жеке қатынастар тобын
немесе адамдардың әрекеттерін реттеуге бағытталған;
б) құқықтық нормалардың заңи теңдігі. Құқықтық институтқа кіретін
нормалар біртұтас кешенді құрайды, арнайы құқықтық түсініктер, құқық
қағидалары жалпы ережелерде сипатталады, ол берілген қатынастар түрлеріне
тән ерекше реттеудің құқықтық режимін құрайды;
в) оқшауланған нормативтілік, яғни құқықтық институтты құрайтын
нормалардың тарауларда, бөлімдерде, бөліктерде және өзге де заң немесе
нормативтік құқықтық актілік бөлімдерінде оқшаулануы;
г) қатынастарды реттеудің толықтығы. Құқық институты реттелетін
қатынастардың толықтай реттеуді қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығынан
тұрады [38, 169 б].
Құқықтың дамуы қазіргі күні құқықтық институттардың тұрақты
біртұтастығын көрсетпейді, олардың ішінде бірқатар құқықтық нормалар кіші
топтарға – субинституттарға бірігуі мүмкін.
С.С. Алексеев пікірі бойынша, субинституттар - институт ішінде
қалыптасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы
Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартын кешенді түрде зерттеу
Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні
Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы
Сақтандыру қызметінің құқықтық негіздері және оның түрлері
Валютаның әлемдік тәжірибедегі нарығы
Жедел іздестіру қызметінде қоданылатын техникалық құралдар. Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің нәтижесінде алынған мәліметтерді қолдану
Азаматтардың табысына салынатын салық
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі саласында заңнаманың қалыптасу және даму кезеңдері
Пәндер