Ауыл шаруашылығы жануарлары денесінің микрофлорасы



Мазмұны

1. Кіріспе

2. Әдебиетке шолу

2.1 Жылқы шаруашылығы

2.2 Жылқы күту ережелері

2.3 Ауыл шаруашылығы жануарлары денесінің микрофлорасы

3. Өзіндік зерттеулер

3.1 Зерттеу материалы мен әдістемесі

3.2 Базарға сипаттама

3.3 Өзіндік зерттеулердің нәтижесі
31
4.Еңбекті қорғау
36
5. Қорытынды
37
6. Практикалық ұсыныс
38
7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

8. Қосымша
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Малдардың еті әртүрлі микроорганизмдердің өсіп-көбею және сақталуы үшін ең қолайлы орта болып табылады. Олар еттің сапасын төмендетіп, бұзып қана қоймай, адамдарда әртүрлі ауруларды шақыруы мүмкін. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының таралу көздері ауру адамдар мен малдар және микроб тасушылар болып табылады. Зардапты, жартылай зардапты микроорганизмдер көп мөлшерде сыртқы ортаға тамшы-тозаң және зәрмен нәжіс арқылы бөлінеді. Бөліністер көбейген сайын объектілерге зардапты микробтардың түсуі де көбейе түседі. Адамдардың тамағы үшін ет ештеңе тең келмейтін тағам. Балғын таза еттер өте пайдалы. Малдардың еті әртүрлі микроорганизмдердің өсіп-көбею және сақталуы үшін ең қолайлы орта болып табылады.
Олар еттің сапасын төмендетіп, бұзып қана қоймай, адамдарда әртүрлі ауруларды шақыруы мүмкін.
Бактериялардың туыстары Escherichia (энтерозардапты штаммдары), Salmonella, Proteus, Clostridium, Staphylococcus, Streptococcus, термофильдер және басқалары тағамдық бактериотоксикоздарының және токсикоинфекциялардың даму себептілері болып табылады. Малдардан алатын өнімдерді өндіру кезінде, оларды өңдеуде, сақтауда, базарда сатуда ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өтеді. Санитарлық сапасы жоғарғы тағамдар мен мал өнімдерін дайындауда ветеринариялық-санитариялық бақылау кезінде дұрыс ұйымдастырып жүргізілуі керек, бұл жағдай малдар мен адамдарға ортақ жұқпалы аурулардың таралуынан сақтайды.
Кейінгі кезде мал өнімдері оларды дайындалатын тағамдар базардан сырт сатылып жүр, ветеринариялық бақылаудан өтпейді. Бұл жағдай адамдардың арасында жұқпалы аурулардың кенеттен пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Осының өзі мал өнімдерінің сапасын базарлар арқылы сатылатын ветеринариялық-санитариялық бақылауды күнделікті, тыңғылықты жүргізуді керек етеді:
Жұмыстың мақсаты: Еламан базары арқылы сатылатын (жылқы етінің) сапасын жақсартуда ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бақылауды күшейте отырып бактериологиялық, биохимиялық сынама жолдарын алға апару.
Осыған байланысты, жұмысымыздың ерекшелігіне сай, алдымызға мынадай сұрақтарды қойдық:
1. Еламан базары арқылы сатылатын жылқы етіне бактериологиялық әдіс арқылы баға беру. Бұл үшін микроорганизмдердің 1г еттегі жалпы санын, Грам әдісі бойынша оңға боялатын бактерияларды табу және санитарлық маңызы бар (ішек таяқшасы, стафилококктер, стрептококктер, энтерококктер, протейлер) бактерияларды анықтау;
2. Еттің сапасын органолептикалық және биохимиялық көрсеткіштері арқылы анықтау;
3. Базар арқылы сатылатын етке органолептикалық, бактериологиялық көрсеткіштер арқылы ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан баға беру.
Органолептикалық және микробиологиялық әдістерді қолдана отырып жоғарыдағы сұрақтарды шешкенде базар арқылы сатылатын жылқы етінің сапасын жақсартып көтере түсуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Асонов Микробиология. Москва ВО –Агропромиздат-1989-с.318-332.
2. Абдель-Салам З.К. –Выделение клостридии перфрингенс из мышц и внутренних органов животных.-М.:- «Ветеринария».-1977.-4.-с.107-108.
3. Абылкасымов М.П.- Ветеринарная и биологическая оценка мяса молодняка крупного рогатого скота, выращенного на промышленной основе. Автореф.канд.дисс.-М.:-1980.-22с.
4. Бутк М.П.-Люминесцентно-серологический и санитарно бактериологический анализ продуктов убоя животных при сальмонеллезе и листериозе. Автореф.докт.дисс.-М.:-1977.-26с.
5. Бегімбетова Г.С., Жүнісов А.М. Жылқы шаруашылығы (Оқу құралы). Алматы.-2006.
6. Гольцева И.М., Ширяева А.П., Шемякин Г.В.-Влияние величины навески мяса на выживаемость микробов-М.:-«Ж.Ветеринария». 1973.-4-с.100.
7. Загаевский И.С. –Ветеринарно-санитарный контроль продуктов убоя животных в промышленных сельскохозяйственных комплексах.-Киев.:-1975.-94с.
8. Загаевский И.С. –Экспертиза туш при сальмонеллоносительстве.-М.:-«Ж.Ветеринария». – 1978-5.-с.95-97
9. Лукина К.В.-Обсемененность мясных туш микрофлорой.Сб.работ Ленинградского ветеринарного института.-Л.:-1977.-вып.36-с.25-31
10. Мазур Н.Н.-Санитарно-микробиологические показатели мяса при первичной переработке крупного рогатого скота. Автореф. канд.дисс.-М.:-1973.
11. Макаров В.А. –Рекомендации по ветеринарно-санитарному осмотру продуктов убоя крупного рогатого скота.-М.: «Агропромиздат»-1989.
12. Макаров В.А., Фролов В.П., Шуклин Н.Ф. –Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства.-М.:-«Агропромиздат»-1991.
13. Нецепляев С.В., Панкратов А.Я.-Лабораторный практикум по микробиологии пищевых продуктов животного происхождения.-М.:-ВО «Агропромиздат».-1990.-223с.
14. Носкова Г.П. –Микробиология мяса при холодильном хранении.-М.: «Пищевая промышленность» .-1972.-98с.
15. Моисеева Е.Л. –Микробиология мясных и молочных продуктов при холодильном хранении.-М.:-«Агропромиздат».-1988.-223 с.
16. Панкратов А.Я. –Микробиология.-М.:-«Колос»-1971.
17. Паунксмене М.В.-Изучение реактивных и числа микроорганизмов рубца (с разработкой радиотелеметрического метода) у крупного рогатого скота. –Автореф.канд.дисс.-Львов.:-1981.-23с.
18. Пак С.Г., турьянов М.Х., Пальцев М.А. –Сальмонеллез.-М.:-«Медицина».-1988.-304с.
19. Петровский К.С. –Гигиена питания.-М.: -«Медицина».-1975.-339с.
20. Подалкин И.Я.-Обсеменение мяса клостридиями перфрингенс.-М.:- «Ж.Ветеринария».-1970.-8.-с.103-104.
21. Подалкин И.Я. –Санитарно-гигиеническая характеристика мяса, доставляемого хозяйствами на мясокомбинат и возможности его использования.-Автореф.канд.дисс.-Воронеж.:-1973.-23с.
22. Радчук Н.А.-Ветеринарная микробиология и иммунология.-М.:ВО «Агропромиздат».-1991.-384 с.
23. Раковский З.Л.-Обсеменение мышц и органов крупного рогатого скота сальмонеллами, кишечной палочкой, клостридиями перфрингенс при некоторых заболеваниях и индикация их методом флюоресцирующих антител.-Автореф.канд.дисс.-Одесса.:-1976.-22с.
24. Сидаренко Г.И.-Пищевые токсикоинфекции, вызываемые клостридиями перфрингенс типа «А» и их лабораторная диагностика.-В кн.тр.2-го медицинского института.-М.:-1974,-Т.32.-вып.2.-с.63-71.
25. Степаненко В.Ф.- исследование мяса на наличие сальмонелл.-М.: «Ж.Ветеринария».-1970.-4.-с.19.
26. Сабаншиев М., Сулейменов Т., Карамендин О., Шабдарбаева Г., Жанторе М.- Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. Алматы, КазуптАгру.-2003 –460 б.
27. Толысбаев Б.Т., Шоқанов Н.К., Булашев А.К., Бияшев К.Б.-Малдәрігерлік микробиология.-Алматы. «Алатау баспасы».-1999.- 368 с.
28. Толысбаев Б.Т., Бияшев К.Б. Микробиология және иммунология.-Алматы, «Нұр-Принт».-2006.
29. Хейфец М.А.- Рациональные методы микробиологического анализа мяса и мясопродуктов.-Автореф.канд.дисс.- М.:-1953.-27с.
30. П.А.Федотов. Коневодство.-Москва ВО «Агропромиздат» 1989.
31. Шуклин Н.Ф. –Ветеринарно-санитарная экспертиза, стандартизация и сертификация продуктов.-Алматы. издат. «СКЕДО»- 2003-1012с.
32. Юрков К.П. Инфекционные болезни лошадей.-М.: Росагропромиздат, 1991, с.134.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Беттер
1. Кіріспе 3
2. Әдебиетке шолу 5

2.1 Жылқы шаруашылығы 5

2.2 Жылқы күту ережелері 9

2.3 Ауыл шаруашылығы жануарлары денесінің микрофлорасы 13
3. Өзіндік зерттеулер 19

3.1 Зерттеу материалы мен әдістемесі 19
3.2 Базарға сипаттама 30

3.3 Өзіндік зерттеулердің нәтижесі 31
4.Еңбекті қорғау 36
5. Қорытынды 37
6. Практикалық ұсыныс 38
7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39

8. Қосымша 42

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Малдардың еті әртүрлі микроорганизмдердің өсіп-
көбею және сақталуы үшін ең қолайлы орта болып табылады. Олар еттің сапасын
төмендетіп, бұзып қана қоймай, адамдарда әртүрлі ауруларды шақыруы мүмкін.
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының таралу көздері ауру адамдар мен малдар
және микроб тасушылар болып табылады. Зардапты, жартылай зардапты
микроорганизмдер көп мөлшерде сыртқы ортаға тамшы-тозаң және зәрмен нәжіс
арқылы бөлінеді. Бөліністер көбейген сайын объектілерге зардапты
микробтардың түсуі де көбейе түседі. Адамдардың тамағы үшін ет ештеңе тең
келмейтін тағам. Балғын таза еттер өте пайдалы. Малдардың еті әртүрлі
микроорганизмдердің өсіп-көбею және сақталуы үшін ең қолайлы орта болып
табылады.
Олар еттің сапасын төмендетіп, бұзып қана қоймай, адамдарда әртүрлі
ауруларды шақыруы мүмкін.
Бактериялардың туыстары Escherichia (энтерозардапты штаммдары),
Salmonella, Proteus, Clostridium, Staphylococcus, Streptococcus,
термофильдер және басқалары тағамдық бактериотоксикоздарының және
токсикоинфекциялардың даму себептілері болып табылады. Малдардан алатын
өнімдерді өндіру кезінде, оларды өңдеуде, сақтауда, базарда сатуда
ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өтеді. Санитарлық сапасы жоғарғы
тағамдар мен мал өнімдерін дайындауда ветеринариялық-санитариялық бақылау
кезінде дұрыс ұйымдастырып жүргізілуі керек, бұл жағдай малдар мен
адамдарға ортақ жұқпалы аурулардың таралуынан сақтайды.
Кейінгі кезде мал өнімдері оларды дайындалатын тағамдар базардан сырт
сатылып жүр, ветеринариялық бақылаудан өтпейді. Бұл жағдай адамдардың
арасында жұқпалы аурулардың кенеттен пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Осының өзі мал өнімдерінің сапасын базарлар арқылы сатылатын
ветеринариялық-санитариялық бақылауды күнделікті, тыңғылықты жүргізуді
керек етеді:
Жұмыстың мақсаты: Еламан базары арқылы сатылатын (жылқы етінің)
сапасын жақсартуда ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бақылауды күшейте
отырып бактериологиялық, биохимиялық сынама жолдарын алға апару.
Осыған байланысты, жұмысымыздың ерекшелігіне сай, алдымызға мынадай
сұрақтарды қойдық:
1. Еламан базары арқылы сатылатын жылқы етіне бактериологиялық әдіс
арқылы баға беру. Бұл үшін микроорганизмдердің 1г еттегі жалпы
санын, Грам әдісі бойынша оңға боялатын бактерияларды табу және
санитарлық маңызы бар (ішек таяқшасы, стафилококктер,
стрептококктер, энтерококктер, протейлер) бактерияларды анықтау;
2. Еттің сапасын органолептикалық және биохимиялық көрсеткіштері арқылы
анықтау;
3. Базар арқылы сатылатын етке органолептикалық, бактериологиялық
көрсеткіштер арқылы ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан баға беру.
Органолептикалық және микробиологиялық әдістерді қолдана отырып
жоғарыдағы сұрақтарды шешкенде базар арқылы сатылатын жылқы етінің сапасын
жақсартып көтере түсуге болады.

2. Әдебиетке шолу
2.1 Жылқы шаруашылығы

Қазақстанда жылқы шаруашылығы мал шаруашылығының ішіндегі дәстүрлі және
көп сырлы салаларының бірі. Мемлекеттік және ерекше шаруашылықтардағы
жылқылардың мал басының саны 2006 жылы 1 млн 160 мың болды,соның ішінде
мемлекеттік шаруашылықтарда 63,6 мың бас немесе 5,5 пайыз,фермерлік және
шаруа қожалықтарында-179,1 мың бас немесе 15,4 пайыз,халықтардың
жекешелігінде-917,3 мың бас немесе 79,1 пайыз.
Республикадағы жылқылардың жергілікті тұқымдарын өсірудің негізгі әдісі
шығынды аз талап ететін технология болып саналады,бұл жылқы шаруашылығынан
арзан сүт, қымыз, ет және тері өнімдерін өндірудің қосымша көзі.Сонымен
қатар Қазақстан Республикасында ат спортының классикалық және ұлттық
түрлері, ат туризм қарқынды дамуда.
Шаруашылықтардың жаңа түрлерінің құрылуы мен нарық экономикасының
сұранысына байланысты жылқылар жекеменшік,фермерлік,серіктестік,ша руа
қожалығы және басқа да ұжымдарда көлік малы,жұмыс күші ретінде
пайдаланылады.Сонымен қатар мемлекеттік қарулы күштерінде де әсіресе шекара
қорғауда және халық полициясында жылқы малы осы күнге дейін мініс көлігі
ретінде өзінің маңызын жоғалтқан жоқ.
Бұл саладан өндірілетін бағалы тағамдармен қатар жылқы қаны биологиялық
өнеркәсіптерде шипалы қан сарысуын,асқазан сөлін және емдік өнімдерді
алудың шикізаты болып табылады.
Қазақстандағы жылқы шаруашылығының өзінің тарихи дәстүрлігіне байланысты
ауыл шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда тек ішкі ғана
емес,сонымен қатар әлемдік рынокта бәсекелестік жағдайда кеңінен бар.
Жылқының ет өнімділігі сойғаннан кейінгі алынған еттің мөлшері мен
сапасына қарай анықталады. Ет мөлшері малдың көлеміне және тез
жетілгіштігіне, жайып семірту және бордақылаудағы қабілеттілігіне,
қоңдылығына және сойғаннан кейінгі таза еттің салмағына байланысты.
Еттің сапасы оның жеуге жарамды (ет,май) және жеуге жарамсыз (сүйек,
сіңір) бөліктердің қатынасуымен, колориясымен, дәмдік қасиеттерімен және
май жинау ерекшеліктерімен анықталады.
Жылқының қоңдылығы мен жасына байланысты, оның етінің колориясы белгілі бір
мөлшерде ауытқып отырады. Мысалы, егер семіз жылқы етінің колориясы 3000б.к
және одан да көп болса, онда қоңдылығы орташа жылқы етінің колориясы 2500
б.к., ал арығында-800-1000б.к.
Елімізде мемлекеттік стандарт бойынша (ҚРСТ 20079-74) союға арналған
жылқыларды үш топқа бөледі:
1.Құлын-1 жасқа дейінгі құлындар,тірі салмағы 120 кг кем емес.
2.Жас жылқылар-1-ден 3 жасқа дейінгі тай-дөнендер.
3.Ересек жылқылар.
Алғашқы алты айда құлындар тәулігіне 2 кг-ға дейін қосымша салмақ
қосады.Тебінді жылқылардың жергілікті тұқымының немесе енелерінің қасында
өскен 6 айлық құлындардың салмағы 180-200 кг-ға дейін тартады, ұшасының
салмағы 1 ц жетеді.Ал ауыр жүк тартатын жылқылардың құлындарының салмағы
250-300 кг болады, ұшасының салмағы 1,5 ц болады. Ересек жылқылардың
ұшасының салмағы қоңдылығына байланысты,тірідей салмағының 45-60 пайызын
құрайды, ұсақ жылқыларда 150-230 кг, орташасында 250-300кг, ауыр жүк
тартатын жылқыларда 300-350 кг аралығында болады.Жылқыларды қоңдылығына
қарай екі категорияға бөледі: Бірінші және екінші, ал құлындарды тек қана
бірінші категорияға жатқызады.
1-категория.Қоңдылығы бар жылқылардың еттері жақсы өсіп жетіледі, жоны
жұмыр болып келеді, жауырыны мен саны етке жақсы толығады, арқа, белдеме
сүйектері мен қабырғасы білінбейді, жалына қол батпайды.
2-категория.Қоңдылығы бар жылқылардың бұлшық еттері орташа жетіледі, жоны
жұмырланбайды, жауырыны мен саны нашар толығады, қабырғасы білініп тұрады,
арқасы мен белдеме сүйектері шодырайып шығып тұрады, жалы бос болады.
Жылқы етінің химиялық құрамы және оның калориялығы жағынан ірі қараның
етінен кем түспейді.Жылқы етінің диеталық үлкен қасиеттері бар. Оның
құрамында 18-25 пайыз белок, 10 пайыз және одан да көп тез ерігіш қоректік
майлар бар.
Қазақстандағы жылқы етін көп өндірудің резервтерінің бірі тебінді жылқы
шаруашылығы болып табылады.
Етті жылқы шаруашылығының өнімділігін арттыруды шешу жолының бірі-
жылқыны табиғи жайылымдарға жайып семірту мен бордақылау.
Жылқыларды жайып семіртудің екі жолы бар: көктемде және күзде.
Қыстан ортадан төмен қоңдылықпен шыққан жылқылар 50-70 күннің ішінде
көктемгі табиғи жайылым көгінің қаулап өсу кезеңінде 75-100 кг
(тәулігіне)салмақ қосып, жоғарғы қоңдылыққа жетеді.
Жылқылардың күздегі табиғи жайылымдарға жайып семіртуді қоңыр салқын
түскенде және күздің жаңбырлары басталған кезде кіріседі де, қыстың қатты
суығы түскенде ғана аяқталады.Әдетте жылқылар күздегі табиғи жайылымдағы
жайып семіртудегі салмақты май жинау есебінен қосады.
Тебінді жылқы шаруашылығында үйірдегі жылқыларды күзде жайып,семіртуді-
шайландыру деп тегін айтпаған.Жылқыларды 60-70 күннің ішінде жылқының
қосқан салмағы 45-60 кг жетеді.
Жылқыларды бордақылауды күзде және қыста,ал мал бордақылайтын
шаруашылықтарда жаздың екінші жартысында ұйымдастырады.
Орта және ортадан төмен қоңдылықтағы жылқыларды өте қысқа мерзімнің ішінде
(35-40 күн)жедел бордақылаған тиімді.Жылқыларды бордақылау кезінде орта
есеппен тәуліктегі қосатын салмағын 1-1,5 кг шамасында жоспарлау
керек.Жылқылардың осындай салмақ қосулары үшін белгіленетін рационның
құрылысын 10 кг тірідей салмаққа 2,5-2,7 азық өлшемімен өлшеуі тиіс.
Жас жылқылар мен ортадан төмен қоңдылықтағы жылқыларды бордақылау үшін
рационның бір азық өлшемінде 100-110 г,ал орташа қоңдылықтағы жылқыларды
бордақылау үшін 70-90 г қорытылған протеин
қажет.Бордақыланатын жылқылардың азық рационы шаруашылықтағы жем-
шөп қорына сәйкес жасалынады.

Жылқының ұшасының құрамы

Жастары ұшаның Етінің Ұшадағы Сүйегі,кг Сіңірі,кг
орташа салмағы,кг майдың
салмағы,кг салмағы,кг

128,50 93,6 1,68 28,32 4,9
2 145,53 105.86 2,78 31,21 4,68
3 180,16 131,59 3,59 38,24 6,77
4 63,50 112,40 3,35 32,21 4,96
5-тен
жоғары

Жылқылардың сойыс шығымдылығы

Қоңдылығы, Аш ұстаудан Ет пен майдың Сойыс шығымдылығы,
Кг кейінгі орташа шығымдылығы, пайыз
салмағы, кг
Кг
Семіз 385,6 212,0 40%
Ортадан жоғары 367,0 193,7 35%
Орташа 344,0 163,0 20%
Ортадан төмен 333,4 146,0 15%

Жылқыларды бордақылау нәтижесі

Тұқым топтары Борда- Тірідей салмағы, Бордақылау
Қылау уақыты, ай кг нәтижесі
Қазақтың 2 430,7 510,6
жергілікті
жылқылары
Дон-қазақ 2 456,0 522,1
жылқыларының
буданы
Желістік-қазақ 2 460,5 525,3
жылқыларының
буданы
Ауыр жүк 2 500,4 574,2
тартатын-қазақ
жылқыларының
буданы

2.2 Жылқы күту ережелері

Жылқы мінезін ескере отырып, оған батыл әрі жылы шыраймен қарай білген
жөн. Жақындаған кезде жылқыны үркітіп алмау үшін дыбыстап (құру-құрулап)
шақырады. Кермеде тұрған жылқыға артынан баруға болмайды, оны алдынан барып
кермеден артқа алып шығады.
Жылқыны тазарту үшін жылқы тазартқыш щетка, мауыт (түкті шүберек), ат
тарақ (шетканы тазалау үшін), ағаш қалып (ат тарақты тазалау үшін), үгілген
сабан (қатып қалған ласты тазалау үшін), ағаш пышақ немесе тұяқты
тазалайтын ілмек және тұяқтарын тазалау үшін 3-4 жылқыға бір шелек қажет.
Жылқыны қысқа ағашқа байлап, сол жағынан бастап тазалай бастайды, ол
үшін щетканы сол қолға ұстап, ал тарақты терісінен жоғары қаратып оң қолға
ұстайды. Сонсоң оң қолдың ортаңғы саусағымен ноқтаны жылқының құлағына
қарай шегіне жеткенше апарады да иек қайысты қоса алып, жылқының құлағына
жетпейтіндей етіп ноқтаны тартып ұстайды.
Жылқының басын желкеден төмен қарай тазалайды, сосын барып құлағы мен
көзінің айналасын тазалайды. Көзін зақымдап алмау үшін шетканы абайлап
жүргізу керек.
Бастың сол жағын тазалап болып, мойынның сол жағына, сол жақ аяқтарын,
кеудесін, сауырын және артқы аяқтарын тазалауға кіріседі. Сол жақ аяқтарын
тазалауды иық және иық алдынан бастап, содан соң алдыңғы сираққа көшеді.
Жылқының мойыны мен кеудесін тазалағанда аяқтарын жерге нық қойып,
жылқыға бетімен қарап тұрады. Бұл қырынан тұрған жылқының көп қозғалмай
денесінің біраз бөлігін тазалауға мүмкіндік береді. Мойын не кеуде
бөлігімен қолды кең сермеп щетканы жайлап түгіне қарсы, ал содан кейін оның
бойымен күш түсіре қозғайды. Әр қозғағанда бір жерін қайта-қайта үйкелемей,
терінің жаңа бөлігін алып отырады.
Щетканы жылқы түгінен 3-4 рет өткізгеннен соң ат тарақпен тазалайды.
Жылқыны тазалар алдында щетканы қарсы бағытта тазалап отырады. Ат тарақтағы
жиналған шаң мен ласты ағаш жаңғырыққа жеңіл ғана соғу арқылы түсіреді. Ат
тарақтың шаңын ұрып тазалайды (кермеге, астауға соғып түсіруге болмайды).
Сол жағын түгел тазалап болғансоң, оң жағына көшеді, енді щетканы оң
қолына, ал тарақты сол қолына ұстайды, щетканы тазалап болған соң, жылқының
терісінде қалған шаң мен қайызғақты дымқыл түкті шүберекпен сүртіп алады.
Шүберекті жалға қарсы және жалдың бағытына щетка секілді жүргізеді.
Шүберекті мауытты сумен бірнеше рет жуып шелекке сығады.
Соңынан жылқыны тағы да дымқыл шүберекпен сүртіп, жылтырап тұруы үшін
тарақпен тарайды. Жылқының терісін жауып тұрған түктерін тазалап болған соң
жал, құйрық, кекіл сяқты қорғаныш мүшелерін тазалауға кіріседі.
Жал мен құйрықты тазалау үшін тарақты пайдалануға болады. Жал мен
кекілді тазалауды қылдарын саусақтармен айырудан бастайды. Сол қолмен
жалдың бір бөлігін алып, жабысқан қылдарын біртіндеп айырады. Қыл
талшықтарын дымқыл әрі таза шүберекпен дұрыстап сүртеді. Жал мен кекілдің
басқа бөліктерін де осылай айырып тазалайды. Сонан соң жалды щеткамен
қылдардың бойымен жоғарыдан төмен қарай тарайды.
Құйрықты соңғы құйрық омыртқасынан ұстап тұрып, шаңы кету үшін бірнеше
рет сілкиді. Құйрықты да жал сияқты айырады. Айырып болған соң оның
қылдарын түбінен бастап дымқыл шүберекпен сүртеді, щеткамен тазалайды,
сосын қайта сүртеді.
Жылқыны электр жүйесі бар шаңсорғышпен немесе стационарлық вакуум
қондырғыларын пайдалана отырып тазалауға болады.
Механикалық тазалау жылқының жұмысын жеңілдетеді, оның қылдарының
жиналуын көбейтеді, жылқы күтімінің гигиеналық жағдайын жақсартып, ат
қораларын таза ұстауға мүмкіндік береді. Пневматикалық тазалау және түлеген
кездерінде түсетін шаш болмай, қайызғақ ауамен темі тарақ және резинка
түтік арқылы шаңсорғыштың вакуум шелегіне толтырады.
Механикалық тазалау кезінде пайдаланылатын темір тарақты жылқы
терісінің үстімен ептеп, қатты баспай жүргізеді. Жылқылар шаңсорғыштың
шуына, қолмен тазалағаннан гөрі тез үйренеді және қозғалмай тұрады. Одан
кейін тазалау сапасы жақсарып, түктері жұмсақ әрі жылтыр болып қалады.
Механикалық тазалауға арналған жабдық, қажетті жағдайда жылқының
миозит ауруын емдеуге тиімді, әрі массаж жасауға мүмкіндік береді.
Тұяқтарды тазалап, оны қарау үшін жылқыны қысқа ағашқа байлайды, содан
соң алдымен-алдыңғы, содан соң артқы аяқтарын көтеріп тазалайды жән мұқят
тексеріп қарайды.
Сол жақ алдыңғы аяғының тұяғын тазалап, оны қарау үшін жылқының
иығының астына қарй бетімен бұрылып тұру қажет, сол қолмен жылқының иығынан
тіреп, оң қолмен аяғын жоғарыдан төмен сипап отырып, бақайды ұстап, тізелік
буыннан бүгіп, аяғын көтереді.бүгілген аяғын сол қолына алып, ағаш пышақпен
немесе ілмешекпен тұяғының жүрекше таптарының балшығын тазалайды. Сосын
барып тағасын қағады.
Сол жақ артқы аяғының тұяғын тазалап, оның тағасын қарау үшін жылқының
басына жақын келіп, мойнын, арқасын және сауырын жәймен сипайды және оң
аяғын жылқының артқы аяғына қарсы қойып, сол аяғын орнында қалдырады. Ары
қарай сол қомен жылқының жамбасына сүйеніп, ал оң қолмен жамбасын төмен
қарай сипап отырып, бақайдан ұстап аяғын көтереді. Содан соң сол аяғын алға
шығарып, оған тұсау буыны тізеден жоғары асып кетпейтіндей етіп жылқының
аяғына салады. Бұдан кейін тұяғын тартып оның тағасын қағады.
Жылқының оң жақтағы артқы және алдыңғы аяқтарын да осыған ұқсас етіп
тазалайды.
Тұяқ мүйізінің бетін ұшты нәрсемен тазалауға немесе май жағып, әр
түрлі әдіспен жылтыратуға болмайды, өйткені ол мүйізінің бұзылуына әкеп
соқтырады. Тағаны қарағанда оның бетінің беріктігін, тісімен шегелерінің
бүтіндігін ескерген жөн. Сонымен қатар таға шегелерінің шеттері тұяқ
мүйізінің бетінде тегіс жатыр ма, тұяғының сынық жерлерінің бар жоқтығына
көңіл аудару қажет. Тағаны қарап, тазалағаннан кейін оны сумен жуып,
шүберекпен мықтап сүртеді.
Жұмыс қабілеттілігін арттыру үшін жылқыны дұрыс азықтандыру, суғару
және бағып күтудің маңызы зор. Жылқыны азықтандырғанда оның құндылығы мен
атқаратын жұмысының ауырлығын ескереді. Жұмыс аттары жарық, құрғақ, ауасы
ауысатын қорада ұсталулары керек.
Ат қоралары жарық болуы үшін – биіктігі екі метрден кем емес
терезелері оңтүстікке қаратып, ауасы жеткілікті болуы үшін – бір басқа
келетін аумағын отыз шаршы метрден кем бомастай, қабырғасының биіктігін үш
метрден асырып салады.
Терезесінің көлемі еден көлеміне 1:15 арақатынасынан кем болмауға
тиіс. Еден саз балшықтан не асфальттан салынғаны жөн. Керме қоршаудың
өлшемі 1,75x3м , аумағы -5,25 шаршы м, күндізгі тұратын бөлмелерінің көлемі
– 3x3,5м аумағы – 10,5 шаршы м етіп жасалады.
Жылқы төлін әр басына 5 шаршы м келетіндей жалпы бір бөлмеде ұстайды.
Ат қоралары жемшөп салатын астауларымен, суарғыштармен, жылқы
байлайтын сәкілермен жабдықталуы керек. Онда жемшөппен төсенішті, ат
жабдықтары, инвентарларды, құрал-саймандарды сақтайтын бөлмелер
жабдықталып, жас-жыныстық тобына байланысты жылқы басын азықтандру, тұяқ
пен тағаны тазалау мерзімі белгіленген күнтізбе ілініп тұруы тиіс.

2.3 Ауыл шаруашылығы жануарлары денесінің микрофлорасы Микробтардың
белгілі бір түрлері малдар дененсінің тұрақты тұрғындары болып табылады,
олар былайынша айтқанда организмнің қалыпты микрофлорасын құрайды; енді
біреулері топырақтан, ауадан, судан және шөптен жұғып, организмде уақытша
өмір сүреді.
Тері микрофлорасы- олар теріде өне-бойы қоныстанған, шар тәрізді
формалар, стафилококктар, сарциналар, микрококкалар.Таяқша тәрізді
түрлерінен ішек іріңдеткіш, жалған дифтерия және шөп таяқшасы бактериялары
кездеседі. Олар негізінен тері және оның астыңғы қабатынан бөлінген
заттармен қоректенеді. Теріде кейде топырақтан түскен кездейсоқ аэроб,
анаэроб бактерияларды да кездестіруге болады. Малды дұрыс күтпеген уақытта
оның терісінің 1 шаршы см бетінде 1-2 млрд микроб торшалары табылған.
Организм белгілі бір себептермен нашарлағанда немесе тері зақымдалғанда
микроорганизмдер түрлі аурулар қоздыруы мүмкін.
Желін микрофлорасы. Сау мал желіннен алынған сүтте микробтар саны да
көп болмайды. Онда стрептококктар, коли-бактериялар және сарциналар
кездеседі. Ауру қоздырғыш патогендік микробтар желінде өте сирек болады.
Осымен қатар микробтар аз мөлшерде болсада: стафилококктар, стрептококктар,
сарциналар, микоплазмалар, микрококкалар, ашытқыш және зең
саңырауқұлақтары көздің шырыш қабынан табылған.
Тыныс жолдарының микрофлорасы. Жаңа туған төлдердің тыныс жолдарына
микробтар, актиномицеттер, ашытқыш және зең саңырауқұлақтары ауамен келіп
түседі. Тыныс жолының тұрақты мекендеушілері- стрептококктар,
стафилококктар, микрококкалар. Организмнің қорғаныш- күші әлсірегенде тыныс
жолында тіршілік ететін сол тұрақты мекендеушілер түрлі ауруларды қоздыруы
ықтимал.
Ауыз қуысының микрофлорасы. Температураның тұрақты, ортаның сілтілі,
азықтық түрлі қалдықтарының болуы, міне осының бәрі әртүрлі
микроорганизмдердің ауыз қуысында тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасайды.
Ауыз қуысына тән микроорганизмдерге диплококктар, стафлококктар,
сарциналар, микрококкалар, ацидофиль таяқшалары, вибриондар, спирохеталар,
микоплазмлар, ашытқыш саңырауқұлақтар жатады. Ауыз қуысы аурулары мен тіс
аурулары бұнда микроорганизмдер саныынң молаюына жағдай жасайды.
Ішек-қарын микрофлорасы. Азық жеген сәттен бастап төлдердің ішек-
қарындарына микроорганизмдер қоныстана бастайды. Әрине, ондағы
микроорганизмдердің саны мен сапасы жануардың айы-күніне, түріне,
азықтандыру тәсіліне және азықтың химиялық құрамына байланысты. Төлдің жас
кезінде сүт қышқылы бактериялары басым болады. Мал сақайған кезде оның
азықтанатын азығының түріне қарай ішек-қарын микрофлорасы да өзгеріп
отырады. Мәселен, рацион құрамында көмірсуы көп азықтар басым болса, ішек-
қарында қышқыл түзуші микроорганизмдер топтарының саны басым болады. Ас
қорыту аппаратының әртүрлі бөлімдерінде микробтардың тек саны ғана емес,
түрі де бірдей болмайды.
Қарын микрофлорасы микробтарға кедей келеді. Өйткені ондағы бөлінетін
қарын сөлі және қышқылдық (тұз қышқылы түзіледі) реакция микроорганизмдерге
жойқын әсер етеді. Қарында тек спора түзуші, қышқылға төзімді бактериялар,
сарциналар, электрококкалар, сүт қышқылы бактериялары, ашытқыш және зең
зең саңырауқұлақтары тіршілік ете алады. Қышқылдың дәрежесі төмендегенде
қарында шіріту бактериялары, ашытқыш саңырауқұлақтар көбейе бастайды.
Шошқа қарнынан сүт қышқылы бактериялары және әртүрлі коккалар, жылқы
қарнынан микрококкалар, целлюлозаны ыдыратушылар, май қышқылы, шіріту
бактериялары, актиномицеттер, ашытқыш саңырауқұлақтар табылған.
Патогендік микроорганизмдерден қарында қышқылға төзімді Mycobacterium
tuberculosis кездеседі. Қарын сөлінің бөлінуі кейбір себептермен
нашарлаған кезде орта бейтарап реакциялары болады да, онда шіріту
бактерияларына қолайлы жағдай туады. Әрине бұндай бактериялардың дамуы
нәтижесінде қарында түрлі улы заттардың түзілуі бізге мәлім нәрсе.
Күйіс малының ас қорытуы ерекше. Барлық желінетін азық алдымен
жануардың түрлі микроорганизмдерге бай үлкен қарнына келіп түседі.
Сондықтан да үлкен қарынды мекендейтін микроорганизмдер күйіс малы белок,
көмірсу және май сияқты зат алмасуында шешуші роль атқарады. Клетчатка
көмірсуларының ішінде қорытылуы жағынан ең бір күрделі қосылыс болып
есептеледі. Ал үлкен қарында оны жәй қосылыстарға, көмірсуларға ыдырата
алатын микроорганизмдер бар. Өсімдік тектес белоктар үлкен қарынға
түсісімен-ақ микробтардың протеиназаларының әсерінен гидролизденеді. Бұнда
түзілген амин қышқылдарының бірқатары аммиакка дейін ыдырағанның өзінде
үлкен қарында микробтар көмегімен түзілген белок өсімдік тектес белоктарға
қарағанда қоректілігі жағынан анағұрлым артық және оның құрамында
алмастырылмайтын амин қышқылдары кездеседі. Ал И және К тобындағы
витамндерге жануарлардың мұқтаждығы түгелімен дерлік осы микроорганизмдер
көмегімен қанағаттандырылады. Осымен қатар қарын микробтары басқа да
заттардың алмасуына белсене қатысады. Соңғы жылдары малды азықтандыруға
ұсынылған карбамидті (мочевина) үлкен қарын микробтары сіңіріп, микроб
белогын түзетіні анықталды.
Осымен қатар үлкен қарында түрлі қарапайым организмдер де көп
кездеседі. Жалпы үлкен қарыннан алынған 1 г сұйығында 3-4 миллиондай
болады.
Клетчатка ыдырағанда одан май және көмір қышқылы, сутегі бөлінеді.
Көмірсулар ашығанда сірке, янтарь, құмырсқа қышқылдары және көмір қышқылы
мен күкірт сутегі бөлінеді. Үлкен қарынға азықпен түскен қанттар (глюкоза,
фруктоза, ксилоза және т.б.) ондағы микроорганизмдер әсерінен ашып,
ақырында органикалық қышқылдар, көмір қышқылы, этанол сутегі және метан
түзіледі. Бұлардың ішінде сірке қышқылы организмдегі зат алмасуына қатысып
малға қажетті энергияның көзі және сүтте май түзілуіне бірден бір көмегін
тигізеді.
Үлкен қарын микроорганизмдерінің бірқатары (strep.bovis, Ruminococcus
flavefaciens және басқалары) күкірті бар амин қышқылдарын түзу үшін ортада
цистин, метионин немесе гомоцистин деп аталатын дайын амин қышқылдарын
қажет етеді.
Малдың аш ішегінде микроорганизмдер көп болмайды. Ондағы кездесетіндер
өтке төзімді энтерококкалар, ішек және ацидофиль таяқшалары, спора
түзушілер, актиномицеттер, ашытқыш саңырауқұлақтар (дрожжлар). Ал тоқ ішек
микроорганизмдерге бай келеді. Оны мекендейтіндерге – энтеробактериялар,
ашытқыш саңырауқұлақтар, көптеген шіріту бактериялары және кейбір ауру
қоздырғыш патогендік бактериялар жатады (cl.sporogenes, cl.putrificus,
cl.perfingens, cl.tetani). Өсімдікпен қоректенеетін жануарлардың 1г
нәжісінен 3,5 млрд әртүрлі микроорганизмдер табылған. Тоқ ішекте
клетчатка, крахмал, пектин заттары одан әрі ыдырайды.
Жыныс ағзаларында жатыр, тұқым қабы, жұмыртқа (көбінесе)
стрептококкалар, стафилококкалар, дифтероидтар, Mycobacterium smegmataes
микоплазмалар кездеседі. Қынапта көбінесе сүт қышқылы, ішек таяқшасы
бактериялары, Halmophilus varginales vulgare және басқалары тіршілік
етеді. Әрине организмде бір физиологиялық өзгерістер болғанда әсіресе түрлі
аурулармен зақымдалғанда (эндометрит, мертит, жұмыртқаның қабынуы) түсік
тастау кезінде ондағы микроорганизмдердің саны ғана емес сапасы да
өзгереді. Организмде біршама тұрақты мекендеген микроорганизмдер шіріткіш
және патогендік микроорганизмдерге антагонистік әсер етеді. Мәселен ішек
таяқшасы бактериялары – топалаң, туберкулез қоздырғыштарына,
Cl.sporogenes, Cl. tetani және тағы басқа микроорганизмдерге антагонистер
(қосылыстары) болып табылады.
Микроб тасушы және ауырған малдардың өнімдерінен дайындалған тағамдар
(дұрыс өңдемегенде) бактериотоксикоздар мен токсикоинфекциялардың адамда
дамуына әкеп соғады. Осы проблемалар туралы әдебиетте көптеген мәліметтер
келтірілген Бегімбетокова Г.С., Жүнісов А.Н. Жылқы шаруашылығы, 2006,
(Панкратов А.Я., 1971; Мазур Н.Н. 1973; Подалкин И.Я., 1970,1973; Лукина
К.В., 1974; Загиевский И.С., 1973, 1978; Хейфец М.А., 1953; Степаненко
В.Ф., 1970; Шапогынкова Т.М., 1971; Носкова Г.П., 1972; Гольцева И.М.,
1973; Абуелд-Салом З.К., 1977; Бутк М.П., 1977; Сидаренко И.М., 1974;
Паунксмене М.В., 1981; Абулкасымов М.П., 1980; Макаров В.А., 1989; Макаров
В.А., Фролов В.П., Шуклин Н.Ф., 1991; Радчук Н.А., 1991; Толысбаев Б.Т.,
Шоқанов Н.К., Булашев А.К., Бияшев К.Б., 1999; Сабаншиев М., Сулейменов Т.,
Карамендин О., Шабдарбаева Г., Жанторе М., 2003; Шуклин Н.Ф. и др., 2003).

3.Өзіндік зерттеулер
3.1 Зерттеу материалы мен әдістемесі

Еламан базарына келіп түскен жылқы ұшаларын ветеринариялық құжаттарын
тексеріп оларды лаборатория журналына тіркегеннен кейін, еттің балғындығын
анықтадық. Еттің балғындылығын анықтау үшін, зерттеуді жылқының 10 ұшасына
жүргіздік. Еттің балғындығы органолептикалық және лабораториялық
тәсілдермен анықталады. Еттің балғындығын тексеру үшін алдымен
органолептикалық зерттеулер жүргіздік. (1,2-ші суретті қараңыз)
Органолептикалық зерттеу арқылы еттің сыртқы түрін, түсін, еттің және
майдың спецификалық иісін анықтадық (сыртқы қабығының кебуі, жабысқақ болуы
т.б.), бұлшық еттің консистенциясын басу арқылы анықтадық. Сонымен қатар
қосымша еттің иісін, дәмін және сорпаның тұнықтылығын анықтау үшін, қайнату
сынамасы қойылды. Балғын ет кебінкірегенде ақшыл – қабық пайда болады.
Кескен кезде ет тығыз, шпательмен басқан кезде ойыс тез түзеледі. Еттің
иісі өзіне тән, ет сорпасы тұнық. Етті қайнатқанда сорпа тұнық өзіне тән
иісі бар.
Жылқының ұшасынан тексеруге алынған бұлшық еттер және ішкі ағзалар
Еламан базарының ветеринариялық бактериологиялық лабораториясында Қарасай
ауданы, Каменка ауылы сараптау жүргізу кезінде алынды.
Қараша және желтоқсан айларында 2006 жылы 10 жылқының ұшасы зерттелді.
Жамбыл облысы Қордай ауданына, Алматы облысынан, Талдықорғаннан келіп
түскен. Ет бөлігі массасының көлемі 8х6х4см ұшаның аяқтарынан фасциясымен
кесіліп алынды. Сынама залалсыздандырылған (стерильді) шыны банкілерге
салынып микробиология зерттеулер жүргізу үшін микробиология, вирусология
және иммунология кафедрасының зертханасында жеткізілді.
Етті микробиологиялық жолмен зерттегенде оның жалпы микробтармен және
ауру қоздырғыш микробтарымен ластануы және оның тағамға жарайтындық
дәрежесін анықтадық. Ол үшін еттің сақталу дәрежесін қарай жағынды даярлап
микроскоппен қарадық және Ет пептон сорпасына, Ет пептон агарына себінді
жасалды.
Микроскопиялық зерттеу. Еттің балғындығын анықтау үшін алынатын сынама.
Әр еттің сынамасынан сыртқы және кесіп ішкі жағынан 2-3 жағынды даярлайды.
Еттің сыртқы қабатынан жағынды даярлау үшін пинцетпен ұстап тұрып,
стерильді қайшымен немесе скальпельмен, 2-3 грамдай кесіп алып алдын ала
дайындаған жағынды шыныға жағамыз. Еттің ішкі жағынан жағынды даярлау үшін
сынамаға алынған еттің сыртын залалсыздандырады. Ол үшін қыздырылған
шпательмен еттің сыртын күйдіреді. Стерильді пинцетпен көлемі 2 х1,5 х 2,5
см еттен кесіп алып шыны әйнекке жағынды даярлайды.
Дайын болған жағындыны ауада кептіріп, спирт білтесімен бекітіп, Грам
әдісімен бояйды. Әр дайын болған препаратты микроскоптық имерсионды
объективпен кем дегенде 25 әр түрлі микроскоптың алаңында қарайды.
Микроскопиялау кезінде микроб клеткаларының санын анықтадық. Кокктер,
таяқша тәрізділер, дрождардың санын анықтап, сонан соң бір микроскоптың
көру аймағындағы орта санын таптық. (3 суретті қараңыз)
Балғын еттен дайындалған жағынды да, микроскоптың көру аймағында микроб
клеткалары жоқ немесе бірен-саран кокктер, дрожждар (10-ға дейін). Ет
тканьдерінің ізі қалмайды. Жартылай бұзылуға жақындаған етте микросокптың
көру аймағында, 30-ға дейін кокктер, дрождар және таяқша тәрізді
бактериялар клеткасы кездеседі. Бұзылған еттен даярланған жағындыда
микроскоптың көру аймағында, көптеген бактериялар клеткасы, 30-дан астам,
көбінесе таяқша тәрізді бактериялар көп байқалады. Ет тканьдерінің ыдырауы
кезінде, ядро көрінбейді, ет талшықтары байқалмайды.
Бактериологиялық зерттеу. Тағам токсикозы және токсикоинфекцияларын
және зооантропонозды аурулардың қоздырғыштарын анықтау үшін етке
бактериологиялық зерттеу жүргізіледі. Ветеринариялық-санитариялық тексеру
ережесіне сәйкес етті бактериологиялық зерттеу сібір жарасына, шошқа
тілмесіне, листериозға және басқа инфекциялық ауруларға күдік туған кезде
жүргізіледі. Сонымен қатар бактериологиялық зерттеу малдарда лажсыздан
сойған кезде, оның себебіне байланыссыз және малдың түріне қарамай,
уланған кезде, улануға күдік туған кезде жүргізіледі;
Ішек-қарын ауруларына, қатты өтетін тыныс жолдарының ауруларында,
септикалық-пиемиялық ауруларда шошқаның сірлі-фибринозды қабыну ауруларында
ошақты күйген кезде және сальмонеллараға күдік туған кезде жүргізіледі.
Аурудың түріне қарай бактериологиялық зерттеуге ұшаның алдыңғы және
артқы аяғының жиырылу, созылу бұлшық еттерінен ұзындығы 8 см кем емес
немесе басқа бұлшық еттен көлемі 8 х 6 х 6 см; кем емес сынамалар алынады.
Лимфа түйіндері – мойынның үстіңгі сөл түйіндері – lun.cervicals
syperficiales-ның буынының алдына орналасқан ұсақ дәнекер, тоқыма мен сөл
түйіндері маймен қоса алынады.
Сібір жарасына бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қан лимфа
түйіндерін, өкпе, бауыр, көк бауыр, бүйрек шошқаларда сонымен қатар жақ
асты лимфа түйіндерін алады.
Листериозға бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін миын, бауыр және
бүйрек бөлігін алады. Жартылай, немесе ұшаның төрттен бірін тексерген кезде
бұлшық еттен кішкене кесіп алады, лимфа түйінін сонан соң жілік сүйегін
алады.
Етті бактериологиялық зерттеу жағындыны микроскоппен көруден басталады.
Сыртын ыстық шпательмен күйдіріп алғанан соң, зарарсыздандырылған қайшымен
зерттелетін еттің сынаманың ортасынан кесіп алып, зарарсыздандырылған
пинцетпен заттық әйнектің бетіне жағынды жасайды. Лабораторияда
паренхималық ағзалардан, бауыр, көкбауыр, лимфа түйіні, немесе бұзылған
ағзалардан 2-ден 10-ға дейін жағынды даярланды. Препаратты ауада кептіріп
бекітіп, Грам әдісімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ, су, ауа, жануар денесінің, нәжістің, азықтың, сүттің микрофлорасы
Жүннің құрылымы
Жануарлардың ішкі аурулары кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмек
Жануарлар организміне ауа ылғалдылығының әсері
Балық, бал микрофлорасы
Жануар тектес азықтар. Азықтық қосындылар және құрамажем
Жемшөпте витаминнің қоректілік бағасы
Гидросфераға антропогендік факторлардың әсері
Мигроорганизмдер
Қазақстан Республикасының жалпы физикалық географиясы, жануарлар дүниесі
Пәндер