Ядролық қауіпсіздік – бүкіл адамзаттың ортақ ісі



Ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша Вашингтон қаласында болып жатқан сәуір саммиті қарсаңында ресейлік «Известия» газетінде жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік» атты мақаласы Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау және осы жойқын қарусыз әлем құру ұстанымдарын жақтайтынын тағы да дәлелдеді. Қырып-жоятын қаруларды таратпау жөніндегі жаһандық бастамаларға қатыса отырып, еліміз жай ғана бақылаушы болып қалмай, әлемді бұрынғыдан гөрі қауіпсіз етуге ұмтылған әлемдік қоғамдастықтың белсенді де ілкімді мүшесі болып келеді.
Қазақстанның бұл орайдағы қадамдары халықаралық ахуалды оңды өзгертуге және Ядролық қаруды таратпау туралы шартты жүзеге асыру ісіне қосылатын нақ-ты үлес болмақ. Өйткені, біздің экономикалық жағынан қуатты және саяси салмағы бар еліміз алғашқы болып ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бұл акті арқылы Қазақстан халық-аралық қоғамдастыққа өзінің сыртқы саясатының ашықтығын, зомбылықтан және әскери қауіптен ада бейбітшілікті жақтайтынынын көрсетті.
Баршаға белгілі, қазақ жері жарты ғасыр бойы осы алапат қарудың сұмдығын басынан кешірді. Қазақстан аумағында 456 ядролық және термоядролық жарылыстар жасалды, бұл ядролық зарядтардың жиынтық қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түседі. Елу жылға таяу уақыт қазақ жерін дүр сілкіндірген ядролық сынақтар халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірді. Мамандардың бағалауынша, топырақтың өнімді әлеуетін қайтадан қалпына келтіру үшін кемінде 300 жыл уақыт қажет көрінеді.
Қазақстан тәуелсіздік алған сәтте әлемдегі ең ірі ядролық держава болуға мүмкіндігі бар еді, өйткені, республикада қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсенал мұраға қалған болатын. Қазақстанда құрлықаралық баллистикалық зымырандарға арналған 1216 оқтұмсық және ауыр бомбардирлердің зарядтары, жаппай қырып-жоятын заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған ядролық стратегиялық күштер кешені болды. Ядролық арсеналда сонымен қатар 1400 ядролық оқтұмсықты стратегиялық 104 Р-36М зымырандары сақадай сай тұрды. Қазақстанда, сонымен қатар, құрлықаралық зымырандарды ұшыратын 148 шахталық қондырғылар шоғырланды, сондай-ақ, ауыр МБР СС-18 оқ-зарядтардың үштен бірі, Байқоңыр ғарыш айлағында баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізетін маңызды нысандар жұмыс істеп тұрды. Сонымен қатар, Қазақстанда өз ядролық қаруын жасауға қажетті барлық ғылыми-зерттеу, өндіру және өндіріс инфрақұрылымы болды.
Алайда Қазақстан Украина мен Беларустан әлдеқайда бұрын ядролық тактикалық қаруларды өз аумағынан шығарды, бұл еліміздің ядролық қарусыз мемлекет болуға ұмтылысының айқын дәлелі еді. Әрине, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тап болған экономикалық проблемаларға қарамастан, ядролық арсеналын ұстап тұруға шамасы жетер еді. Бірақ Қазақстан ядролық мемлекет мәртебесінен өз еркімен бас тартқан тарихи шешім қабылдады. Бұл жерде Елбасы Н.Ә.Назарбаевты ядролық қаруды және оның компоненттерін әлдебір экономикалық артықшылықтарға айырбас жасауға үгіттегендер де аз болмады. Тіпті, кейбір мұсылман елдерінің тарапынан ұдайы қысымдарға қарамастан Елбасы жағдайды тұрақсыздандыру жолына баспады. Оның орнына Қазақстанның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жойқын қару қорларын жою жөнінде тағдырлы шешім қабылдап, Қазақстанды аймақтағы тұрақтандырушы күшке айналдыруға бекінді. Бұл тәуелсіз мемлекеттің саналы түрде қуатты ядролық әлеуетінен бас тартудың әлемде бұған дейін бұрын-соңды болып көрмеген тарихи қадам еді.
Қазақстанның саяси шешімі әскери ядролық бағдарламаларын дамытуға тырысып отырған, бұрын-соң-ды халқы ядролық сынақтар зұлматын басынан кешпеген елдерге үлгі болуы тиіс.

Ядролық қауіпсіздік – бүкіл адамзаттың ортақ ісі
13 Сәуір 2010
Ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша Вашингтон қаласында болып
жатқан сәуір саммиті қарсаңында ресейлік Известия газетінде жарияланған
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік
атты мақаласы Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау және осы
жойқын қарусыз әлем құру ұстанымдарын жақтайтынын тағы да дәлелдеді. Қырып-
жоятын қаруларды таратпау жөніндегі жаһандық бастамаларға қатыса отырып,
еліміз жай ғана бақылаушы болып қалмай, әлемді бұрынғыдан гөрі қауіпсіз
етуге ұмтылған әлемдік қоғамдастықтың белсенді де ілкімді мүшесі болып
келеді.
Қазақстанның бұл орайдағы қадамдары халықаралық ахуалды оңды өзгертуге және
Ядролық қаруды таратпау туралы шартты жүзеге асыру ісіне қосылатын нақ-ты
үлес болмақ. Өйткені, біздің экономикалық жағынан қуатты және саяси салмағы
бар еліміз алғашқы болып ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бұл акті
арқылы Қазақстан халық-аралық қоғамдастыққа өзінің сыртқы саясатының
ашықтығын, зомбылықтан және әскери қауіптен ада бейбітшілікті жақтайтынынын
көрсетті.
Баршаға белгілі, қазақ жері жарты ғасыр бойы осы алапат қарудың сұмдығын
басынан кешірді. Қазақстан аумағында 456 ядролық және термоядролық
жарылыстар жасалды, бұл ядролық зарядтардың жиынтық қуаты 1945 жылы
Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түседі. Елу
жылға таяу уақыт қазақ жерін дүр сілкіндірген ядролық сынақтар халықтың
денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірді. Мамандардың
бағалауынша, топырақтың өнімді әлеуетін қайтадан қалпына келтіру үшін
кемінде 300 жыл уақыт қажет көрінеді.
Қазақстан тәуелсіздік алған сәтте әлемдегі ең ірі ядролық держава болуға
мүмкіндігі бар еді, өйткені, республикада қуаты жағынан әлемдегі төртінші
ядролық арсенал мұраға қалған болатын. Қазақстанда құрлықаралық
баллистикалық зымырандарға арналған 1216 оқтұмсық және ауыр бомбардирлердің
зарядтары, жаппай қырып-жоятын заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған
ядролық стратегиялық күштер кешені болды. Ядролық арсеналда сонымен қатар
1400 ядролық оқтұмсықты стратегиялық 104 Р-36М зымырандары сақадай сай
тұрды. Қазақстанда, сонымен қатар, құрлықаралық зымырандарды ұшыратын 148
шахталық қондырғылар шоғырланды, сондай-ақ, ауыр МБР СС-18 оқ-зарядтардың
үштен бірі, Байқоңыр ғарыш айлағында баллистикалық зымырандарды сынақтан
өткізетін маңызды нысандар жұмыс істеп тұрды. Сонымен қатар, Қазақстанда өз
ядролық қаруын жасауға қажетті барлық ғылыми-зерттеу, өндіру және өндіріс
инфрақұрылымы болды.
Алайда Қазақстан Украина мен Беларустан әлдеқайда бұрын ядролық тактикалық
қаруларды өз аумағынан шығарды, бұл еліміздің ядролық қарусыз мемлекет
болуға ұмтылысының айқын дәлелі еді. Әрине, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан
кейін тап болған экономикалық проблемаларға қарамастан, ядролық арсеналын
ұстап тұруға шамасы жетер еді. Бірақ Қазақстан ядролық мемлекет
мәртебесінен өз еркімен бас тартқан тарихи шешім қабылдады. Бұл жерде
Елбасы Н.Ә.Назарбаевты ядролық қаруды және оның компоненттерін әлдебір
экономикалық артықшылықтарға айырбас жасауға үгіттегендер де аз болмады.
Тіпті, кейбір мұсылман елдерінің тарапынан ұдайы қысымдарға қарамастан
Елбасы жағдайды тұрақсыздандыру жолына баспады. Оның орнына Қазақстанның
көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жойқын қару қорларын жою жөнінде
тағдырлы шешім қабылдап, Қазақстанды аймақтағы тұрақтандырушы күшке
айналдыруға бекінді. Бұл тәуелсіз мемлекеттің саналы түрде қуатты ядролық
әлеуетінен бас тартудың әлемде бұған дейін бұрын-соңды болып көрмеген
тарихи қадам еді.
Қазақстанның саяси шешімі әскери ядролық бағдарламаларын дамытуға тырысып
отырған, бұрын-соң-ды халқы ядролық сынақтар зұлматын басынан кешпеген
елдерге үлгі болуы тиіс.
Сол кезде Қазақстанның ядролық мәртебені сақтап қалуына да дәлелдер
жеткілікті болатын, дегенмен Президент Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қару әлеуе-
тін сақтауға қарсы айқын көзқарасы болды, оның негізінде қазақстандықтардың
мүддесі бәрінен жоғары қо-йылды. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен
өмірлік маңызды мүдделелерін көздей отырып, Президент күрделі келіссөздер
барысында тағдырлы шешім қабылдады. Сөйтіп, оның пікіріне құлақ түретін
әлемдік деңгейдегі ең беделді саяси қайраткер ретінде қалыптасты. Сондықтан
да Мемлекетіміздің басшысы Вашингтонда өтетін ядролық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат
Жаhандық проблемалар және заманауи саясат
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттарға қосылуы мен осы мәселеде БҰҰ, ЕҚЫҰ және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы
Бірікен ұлттар ұйымының жүйесі
Халықаралық ұйымдар шегіндегі адам құқықтарының халықаралық-құқықтық негізінің құрылуы
Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығын қарастыру
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құрылымы
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі
Қазақстан – халықаралық құқықтың объектісі ретінде: маңызы, мақсаты және міндеттері
Пәндер