Иондардың табиғи судағы мөлшері. Судың кермектілігі



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлімі
А) Судың кермектілігі
Б) Суды жұмсарту
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Cудың кермектігі— құрамында кальций (Са2+) мен магний (Мg2+) иондарының (негізінен карбонат түрінде) болуынан қалыптасатын судың қасиеті.
Cудың кермектігі көрсеткіші 1 литр судағы миллиграм-эквивалентпен (мг-экв/л), кей елдерде градуспен өлшенеді. Табиғи сулардың кермектігі өте кең ауқымда ауытқиды: тайга мен тундра белдеміндегі өзен, көлдерде 0,1-0,2 мг-экв/л-ден кейбір жер асты сулары мен мұхит, теңіз суларында 80-100 мг-экв/л-ге дейін. Кермек су тұщы болса да, нашар сабындалады, бу қазандықтарының қабырғаларына тат түзеді, қант, былғары және басқа да көптеген өнеркәсіп салаларында пайдалануға жарамайды.
Cудың кермектігі анықтамасы бойынша: жалпы, уақытша (жойылатын), тұрақты, карбонаттық, қалдық болып бөлінеді. Жалпы кермектік суда кальций мен магнийдің барлық тұздарының болуынан қалыптасады. Уақытша және карбонаттық кермектік онда кальций мен магнийдің тек гидрокарбонаттық (HCO3)және карбонаттық (СО32~) тұздарының болуымен байланысты. Мұндай кермектілікті суды қайнату арқылы кетіруге болады. Тұрақты (жойылмайтын) кермектік жалпы және жойылатын кермектіктердің айырымына тең. Қалдық (бейкарбонаттық) кермектік жалпы және карбонаттық кермектіктердің айырымына тең. Біздің елімізде судың кермектігі 1 дм3 судағы Са2+мен иондарының миллиграмм-эквиваленттік мелшерімен көрсетіледі. Кермектіктің бір мг-экв-ті 20,04 мг/дм3 кальций мен 12,16 мг/дм3 магнийдің косындысына тең. Шетелдерде cудың кермектігі неміс (H°), француз (F°), ағылшын және американ (А°) градусымен өлшенеді. Осы өлшемдермен салыстырғанда 1 мг-экв - 2,8 Н°, 5,0 F°, 3,5 А° ағылшын, 50,0 А° американ градусына тең. Табиғи сулар кермектік дәрежесіне қарай бес топқа бөлінеді: өте жұмсақ су (1,5 мг-экв-ке дейін), жұмсақ су (1,5—3,0 мг-экв), орташа кермек су (3,0—6,0 мг-экв), кермек су (6,0—9,0 мг-экв) және өте кермек су (9,0 мг-экв-тен жоғары). Қазақстанда ауыз су ретінде жалпы кермектігі 7—20 мг-экв болатын жер асты сулары пайдаланылады.
1 Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл. Экология (оқулық) - Алматы, 2008
2 БАЕШОВА А. Қ. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ: ОҚУ ҚҰРАЛЫ. - АЛМАТЫ:

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Кафедра: Жалпы гигиена және экология
Дисциплина: Қоршаған ортаның адам ағзасына әсер етуін бағалау
Тақырыбы: Иондардың табиғи судағы мөлшері. Судың кермектілігі

Орындау тәсілі: мәнжазба

Ақтөбе 2016ж

Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлімі
А) Судың кермектілігі
Б) Суды жұмсарту
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Cудың кермектігі -- құрамында кальций (Са2+) мен магний (Мg2+) иондарының (негізінен карбонат түрінде) болуынан қалыптасатын судың қасиеті.
Cудың кермектігі көрсеткіші 1 литр судағы миллиграм-эквивалентпен (мг-эквл), кей елдерде градуспен өлшенеді. Табиғи сулардың кермектігі өте кең ауқымда ауытқиды: тайга мен тундра белдеміндегі өзен, көлдерде 0,1-0,2 мг-эквл-ден кейбір жер асты сулары мен мұхит, теңіз суларында 80-100 мг-эквл-ге дейін. Кермек су тұщы болса да, нашар сабындалады, бу қазандықтарының қабырғаларына тат түзеді, қант, былғары және басқа да көптеген өнеркәсіп салаларында пайдалануға жарамайды.

Cудың кермектігі анықтамасы бойынша: жалпы, уақытша (жойылатын), тұрақты, карбонаттық, қалдық болып бөлінеді. Жалпы кермектік суда кальций мен магнийдің барлық тұздарының болуынан қалыптасады. Уақытша және карбонаттық кермектік онда кальций мен магнийдің тек гидрокарбонаттық (HCO3)және карбонаттық (СО32~) тұздарының болуымен байланысты. Мұндай кермектілікті суды қайнату арқылы кетіруге болады. Тұрақты (жойылмайтын) кермектік жалпы және жойылатын кермектіктердің айырымына тең. Қалдық (бейкарбонаттық) кермектік жалпы және карбонаттық кермектіктердің айырымына тең. Біздің елімізде судың кермектігі 1 дм3 судағы Са2+мен иондарының миллиграмм-эквиваленттік мелшерімен көрсетіледі. Кермектіктің бір мг-экв-ті 20,04 мгдм3 кальций мен 12,16 мгдм3 магнийдің косындысына тең. Шетелдерде cудың кермектігі неміс (H°), француз (F°), ағылшын және американ (А°) градусымен өлшенеді. Осы өлшемдермен салыстырғанда 1 мг-экв - 2,8 Н°, 5,0 F°, 3,5 А° ағылшын, 50,0 А° американ градусына тең. Табиғи сулар кермектік дәрежесіне қарай бес топқа бөлінеді: өте жұмсақ су (1,5 мг-экв-ке дейін), жұмсақ су (1,5 -- 3,0 мг-экв), орташа кермек су (3,0 -- 6,0 мг-экв), кермек су (6,0 -- 9,0 мг-экв) және өте кермек су (9,0 мг-экв-тен жоғары). Қазақстанда ауыз су ретінде жалпы кермектігі 7 -- 20 мг-экв болатын жер асты сулары пайдаланылады.

Табиғи сулар кермектік дәрежесіне қарай:
*
* өте жұмсақ су (1,5 миллиграм-эквивлентке дейін)
* жұмсақ су (1,5-3,0 миллиграм-эквивлентті)
* орташа кермек су (3,0-6,0 миллиграм-эквивлентті)
* кермек су (6,0-9,0 миллиграм-эквивлентті)
* өте кермек су (9,0 миллиграм-эквивленттен жоғары)
болып бес топқа бөлінеді. Қазақстанда ауыз су ретінде жалпы кермектігі 7-20 миллиграм-эквивлентті табиғи сулар пайдаланылады.
Судың көктенуі - су қоймалардың беткі су қабатында балдырлардың жаппай дамуынан болатын құбылыс. Жасыл балдырлар -- жасыл "көктену", диатомдылар -- сарғыш-қоңыр "көктену", Кызыл балдырлар -- қызыл "көктену" көріністерін қалыптастырады.

Су кермектігін жою немесе төмендету суды жұмсарту деп аталады. Жұмсақ су құрамында кальций мен магний карбонаттары аз, кермектік мөлшері 3,0 мг-эквл-ден төмен шаманы көрсететін су. Жұмсақ су тобына жаңбыр, еріген қар және мұз сулары жатады. Термиялық өндеу Осы тәсілдің мәні суды алдын-ала 70 - 80 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыз су, өндірістік сулар
Ауыз су. дистильденген су
Химия-технологиялық процесс туралы түсінік
Зоогигиена. Ауа ортасының гигиенасы
Ауыз суды және тазартылған сарқынды суларды зарарсыздандыру
Магний Алюминий
Негізгі және қосымша топшалардың металдарын оқыту
Тік тұндырғыштар
Ауыз су. Өндірістік су туралы ақпарат
Алматы қаласындағы АлЭС 1-ЖЭО-ғы су дайындау қондырғыларының жұмысын қайта өзгерту және тиімді ету
Пәндер