Биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру



Кіріспе 3
1 Биологияда оқу.тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру 5
1.1 Биологияда оқу.тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру түрлері 5
1.2 Биология пәнін оқытуда көрнекі құралдар 7
2 6 сыныптың биология курсында бөлме өсімдігін көрнекілік құрал ретінде пайдаланудың әдістемесі 11
2.1 Бөлме өсімдіктері көрнекілік құрал ретінде 11
2.2 Бөлме өсімдіктерімен зерттеу жұмыстарын жүргізу 15
2.3 6 сыныпта жаңа инновациялық технологиялар арқылы бөлме өсімдіктері тақырыбын оқыту әдістемесі 18
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 25
Тақырыптың өзектілігі. Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі.
Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және төрбиелеу процестерінің жүйесі туралы ғылым. Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту едісі, биологиялык мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескре отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді өдістерін үйретеді. Қысқаша айтқанда методика-оқу пәнініц мазмұнын және оқыту формалары мен тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Методиканың аталган бөлімдері бірін-бірі толықтырады және тығыз байланыста, бірлікте болады. Оқыту жүмыстарының қүралдарымен жабдықтарында анықтайтын осы методика. Қорыта айтқаида, методика дегеніміз биологияны қалай окыту керек, иені үйретіп қалай төрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? - деген сүрақтарға жауап береді.
Биология - оку пәні ретінде - оқыту әдістерінің озіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (есімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылысгары мен дамуын оқытады. Бүл ерекшеліктер оқыту жүмыстарын үйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жүмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жүмыстар т.б.). Сонымен бірге оқыту әдістері-практикалык жүмыстар, лабораториялық жүмыстар, эксперименттep, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану аркылы жүргізіледі.
Биология пәнінің мазмұны жөне оның озіндік ерекшеліктері, окытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның төрбиелік мүмкіндіктерінде аныктайды.
Тірі ағзалардың иақты фактілерін, табигат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі табиғаттың даму эволюциясының заңдылыктарын оқып-білу оқушылардьщ ғылыми, диалектикалық-материалистік козқарастарын қалыптастырады.
Биологиялык білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табигатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын, қоғамдық және жеке еңбектің ги-гиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.
Атақты педагог К.Д. Ушинский айтқандай «Оқушылардың ақыл-ойын, логикасын дамыту үшін, жаратылыстану тарихын оқыту тиімді - деп есеитеймін». Себебі тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, анықтау, эксперименттер кою, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуын қамтамасыз етеді.
1. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы, Алматы 2001, 280 б.
2. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы, Алматы 1994, 118 б.
3. Абдрахманов О.А. Өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2003.
4. Ә. Аметов. Ботаника . Алматы Дәуір 2005ж.
5.Мухитдинов Н.М. Қазақстан биоресурстары Алматы. «Қазақ университеті» 2009, 296 б.
6. Қалекенов Ж.Ө. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 2004. 456 б.
7.Е. Ағелеуов, К. Дөненбаева, К. Агитова, С. Иманқұлова. Ботаника: Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы - Санат, 1998.
8.Н. Мухитдинов, Ә. Бегенов, С. Айдосова. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы - Республикалық баспа кабинеті, 1993.
9. Интернет жүйесі: http://www.yandex.ru
10. Интернет жүйесі: http://www.wiki.kz
11. Интернет жүйесі: http://www.google.k
12. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттық негізі. 2006. №6, 39-40 б
13. Бозбаева Г. Әдіс тәсілдерінің тиімділігі. Биология және салауаттылық негіз. 2006. №5, 48 - 51 б.
14. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттылық негіз. 2006. №6, 39 - 40 б.
15 Исманбетова М. Модульді оқыту. Биология және салауаттылық негіздер. 2006. №3, 30 – 34 б.
16. Кеңесбаев С.М. Жоғарғы педагогикалық білім беруге болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттың технолгияны пайдасына білуге даярлаудың педагогикалық негіздері. Автореферат канд. дисс., Түркістан 2006.
17 Меңжанова А.К. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі. 1996ж. 160 б.
18. Г. Жүнісқызы. Биология оқыту әдістемесі. Биология және салауаттылық негіз. 2003. №4, 9 – 17 б.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру 5
1.1 Биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру түрлері 5
1.2 Биология пәнін оқытуда көрнекі құралдар 7
2 6 сыныптың биология курсында бөлме өсімдігін көрнекілік құрал ретінде пайдаланудың әдістемесі 11
2.1 Бөлме өсімдіктері көрнекілік құрал ретінде 11
2.2 Бөлме өсімдіктерімен зерттеу жұмыстарын жүргізу 15
2.3 6 сыныпта жаңа инновациялық технологиялар арқылы бөлме өсімдіктері тақырыбын оқыту әдістемесі 18
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 25

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі.
Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және төрбиелеу процестерінің жүйесі туралы ғылым. Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту едісі, биологиялык мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескре отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді өдістерін үйретеді. Қысқаша айтқанда методика-оқу пәнініц мазмұнын және оқыту формалары мен тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Методиканың аталган бөлімдері бірін-бірі толықтырады және тығыз байланыста, бірлікте болады. Оқыту жүмыстарының қүралдарымен жабдықтарында анықтайтын осы методика. Қорыта айтқаида, методика дегеніміз биологияны қалай окыту керек, иені үйретіп қалай төрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? - деген сүрақтарға жауап береді.
Биология - оку пәні ретінде - оқыту әдістерінің озіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (есімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылысгары мен дамуын оқытады. Бүл ерекшеліктер оқыту жүмыстарын үйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жүмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жүмыстар т.б.). Сонымен бірге оқыту әдістері-практикалык жүмыстар, лабораториялық жүмыстар, эксперименттep, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану аркылы жүргізіледі.
Биология пәнінің мазмұны жөне оның озіндік ерекшеліктері, окытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның төрбиелік мүмкіндіктерінде аныктайды.
Тірі ағзалардың иақты фактілерін, табигат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі табиғаттың даму эволюциясының заңдылыктарын оқып-білу оқушылардьщ ғылыми, диалектикалық-материалистік козқарастарын қалыптастырады.
Биологиялык білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табигатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын, қоғамдық және жеке еңбектің ги-гиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.
Атақты педагог К.Д. Ушинский айтқандай Оқушылардың ақыл-ойын, логикасын дамыту үшін, жаратылыстану тарихын оқыту тиімді - деп есеитеймін. Себебі тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, анықтау, эксперименттер кою, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуын қамтамасыз етеді.
Жұмыстың мақсаты: Оқу-тәрбие жұмысының барысында биология курсының әр түрлі салаларынан оқушыларға бөлме өсімдіктерінен әр түрлі тақырыптарында сабақ өту әдістемесіне методикалық өңдеулер жасау.
Жұмыстың міндеттері:
- бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру;
- өсімдіктану пәні бойынша бөлме өсімдіктері тақырыбын өту методикасы
- бөлме өсімдіктері және оның құрылысы, оқыту методикасы
- бөлме өсімдіктері тарауы бойынша методикалық білім қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Мектеп биология пәндерін оқыту барысында оқушыларға бөлме өсімдіктері көрнекі құрал туралы методикалық білім қалыптастыру. Оқушылардың білімін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.
Зерттеу болжамы - егер, оқушыларға бөлме өсімдіктері тақырыбын оқыту келесі реттегі бағыттармен жүзеге асырылса, нәтижелі болады:
- білім беру үрдісінде жаңа инновациялық технологиялар арқылы сабақтарды жиі өткізетін болса;
- сабақ өткізген кезде үнемі көрнекі құралдарды пайдалану ескерілсе;
- білім беру барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары жүзеге асырылса.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.
Зерттеу нысаны: орта мектептердегі биология курсын оқыту процесi.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Курстық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

1 Биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру

1.1 Биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру түрлері

Оқытудың формалары.
Биологияның пәндерін оқытудың оқушыларға тиянақты жемісті білім беру мен оқытып - тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің оқушылармен бірігіп жүргізетін бір бағыттағы іс - әрекеттеріне байланысты.
Биология пәндерін оқыту барысындағы мұғалімнің негізгі міндеті оқушылардың бойына жүйелі түрде, бірізділік пен биологиялық түсініктерді, ғылыми көз қарасты, өздігінен ойлау процесі мен практикалық жұмыстарды орындау икем дағдыларының біртұтастығын үздіксіз дамыту болып табылады.
"Система" - дегеніміз грек тілінде белгілі бір логикалық тәртіпте құбылыстарды, заттарды іс әректтерді топтастыру деген мағынаны білдіреді екен. Жүйе бір - біріммен байланыстағы бөліктердің дамуының заңдылықтарының орналасу тәртібі.
Ал "методика" (әдістеме) "жүйе" түсінігі тәрбиелеп - оқытудың присптерінің біртұтастығы, оның элементтерінің өзара қарым - қатынасы мен бірлігі.
Мектепте оқушыларды тәрбиелеп оқытудың алуан түрлі формаларын ұйымдастыру қолданылады. Оқыту формалары дегеніміз - оқушылардың оқып білім алу, іздену әректтерін ұйымдастыру, мұғалімнің мұғалімнің оқу процесі кезінде әр түрлі жағдайларды, іс - әрекетті пайдалануы.
Қазіргі кезде мектептегі оқытудың негізгі формасы - сабақ.
Сабақтың алғашқы жобасын жасаған неміс педагок И Штурм, дамытып, теорялық негізін қалаған, іс жүзінде қолдану технологиясы жасаған А Я Коменский. Сабақта мемлекеттік оқыту бағдарламасына сай материялдардың мазмұны оқытудағы тақырыптың негізінде мазмұндап , оқушыларға білім және тәрбие қалыптастырады. Әр бір лқушы сабаққа қатысуға міндетті. Кластағы оқушылар сагы тұрақты жас шаралар бірдей, білім деңгейлері де бірақ қалыпты болу керек. Сабақ барысында жетекші, негізгі ролі мұғалім атқарады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдердің, формаларын қолданады. Деңгеймен сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде орын жоғарылатпайды.
Мектептегі биология пәндерін оқыту барысында оқытудың басқада формалары қолданады. Сабақтардың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін топ серуендер (экскурция), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар міндетті немесе кластан тыс жұмыстық, мен тірі табиғат үйірмесінде биология бөлмімінде орындалатын жұмыстар.
Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық Әдіс - тәсілдерін қолданады.
Өсімдіктермен жануарлар демократияларда зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың ішкі және сыртқы құрлыстарымен таныстырады.
Тірі ағзалардың тіршілігін, дамуын, бір - бірімен қарым - қатнастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытуың басқа формасы қолданылады ол сбақ оқыту формасын толықтырады.
Сапалы сабақ өткізудің талаптары өте күрделі:
1. Сабақты оқытудың дидактикалық присптері толық қамтамасыз етіледі.
2. Ғылымның, педагогикалық іс - тәжрибенің озық жетістіктерін пайдаланады.
3. Оқушылардың танымдық іс - әректтерімен пәнге қызығушылығын арттыру.
4. Пәнарқылы байланыстарын қамтамасыз ету.
5. Өткен сабақтарда алған білімдеріңді негізінде, оқушылардың білім деңгейін одан әрі дамыту.
6. Әр бір сабақта оқушылардың ойлау әрекетін дамыту.
7. Мұғалімнің сабақ жоспарының дұрыс түзілуімен сабақты рационалды түрде өткізу т.б.
Сабақтың негізгі мақсаттары, білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Білім беру мақсатын орындау үшін төмендегідей дидактикалық мәселелерді қамтыған жөн.
o Сабақтың білімдік мақсатын ашатын ақпараттармен қамтамасыз ету.
o Табақ жаңа технологиялық әдістермен өткізу.
o Сабақтардың құрлымымен оны ұйымдастыруда шығармашылық таныта білу.
o Сабақ барысында ұжымдық және жекеше ізденіс формаларын жүзеге асыру.
o Сабақтың мазмұнын түсіну, игеру деңгейін анықтау, бағалау.
Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім беру саласындағы кызметкеркерлердың іс-әрекеті қоғамның басқа да саласында жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаттарымен, міндеттерімен айқындалады. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелілік мақсаттарынан шығады, өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Алайда, тәрбиенің мақсатын анықтау барысында белгілі қиындықтар бар: тәрбиенің қоғамдық мақсаты, белгіленген жан-жақты қалыптасу, үйлесімді дамыған жеке тұлға, қол жетпейтіндей шынайы, сол үшін де идеальды.
Қазіргі заманғы ізденістер бойынша тәрбиенің мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді. Тәрбиенің мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкін
. Биология пәнінен оқытудың әдістері және олардың жүйеленуі. Оқыту әдістері және жүйеленуі.
Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, оқушыларға білім мен тәрбие беру үшін, пәннің мазмұны мен құрылымы және сабақ өткізу үшін пайдаланылатын көрнекіліктер мен қажетті материялдардан басқа, мұғалімнің қолданатын оқыту әдістерінің үлкен маңызы бар. Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясын ескере отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдап алғанда ғана, оқушыларға сапалы білім беруге, тәрбие қалыптастыруға болады.
1963 жылғы философиялық сөздікте " метод" немесе "әдіс" дегенімізді белгілі бір алға қойған мақсатқа жетудің тәсілі, реттелген іс- әрекет деп түсіндірілген. Демек "іс әрекетті" дидактикалық принсптер тұрғысында алатын болсақ, жасөспірімдерге білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мұғалімнің алдына қойған мақсатына жету ұшін жасайтын, пайдаланылатын тәсілдері деп қарастырамыз.
Қорыта келгенде, оқыту әдісі дегеніміз - мұғалім нің оқушыларға білім мен тәрбие беру тәсілдері және оқушылардың білімді қабылдау барысындағы іс әрекеттері - деп айтуға болады. Екі жақты бір - бірінетығыз байланыстығы, бір мақсатқа жету үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы. Оқыту, білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті түрде оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады.
Биология пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқаны белгілі және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.

1.2 Биология пәнін оқытуда көрнекі құралдар

Көрнекілік - педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі - көру түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы қабылданған ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді. К-тің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады. К. құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. К-ті чех педагогі Я.А. Коменский (1590 - 1670) 17 ғ-да енгізді. Одан кейін педагогтер швейцар И.Г. Песталоцци (1746 - 1827), неміс А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д. Ушинский (1824 - 187071), т.б. К-ті оқу пәндерінің мазмұнына бейімдеп (ана тілі, арифметика, табиғаттану, т.б.), дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды. К-тің үлгілерін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп, "Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін" мақсат етіп қойды. Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, график. материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т.б. едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану үшін түрлі кабинет, арнайы жұмыс орындары - кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптик. аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу машиналары, т.б. көрнекі құралдар қолданылады.
Көрнекілік әдісін педагогиканың көрнекілік принмптерімен шатастырмау керек. Бұл екі түрлі түсінік, бірақ бір - бірімен тығыз байланыста.
Көрнекіліктер биология сабақтарының барлығында қолданылады, бірақ бұл сабақтарды көрнекілік әдісімен өткізу деген түсі нік емес.
Сөздік әдістерін қолдануда алуан түрлі суреттерді, таблицаларды көрсету арқылы мұғалімнің сөзін дәлелдеу үшін қолданады. Мысалы: өсімдіктер мен жануарлар туралы әңгімелеуде, табиғи обеътілерді қолдануға, суреттерін көрсетуге болады. Сондайақ ғалымдардың өмір жолын, ашқан жаңалықтарын баяндаукезінде суреттер, таблицалар т.б. қолданады. Бұл кезеңдерде оқушылардың білім алу көзі, мұғалімнің сөзі, баяндауы, лекциясы немесе түсіндіруі. Ал қолданылған көрнекілігі қосымша материял ретінде сабақтың мазмұнын әсерлеу үшін қажет.
Ал сабақты көрнекілік әдіспен өткен кезде, пайдаланылған көрнекіліктің сипаты өзгереді жасалған тәжрибелер, көрсетілген тірі обеъктілер, кинофилмдер, таблицалар, бейнетаспалар - оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі екінші ретте көмекші құрал ретінде көрініс алады.
Көрнекіліктер мен обеътілерді демонстрациялау барысында оқушылар өз бетінше бақылап немесе мұғалімнің жетекшілігімен қортындылар мен тұжырымдар жасап, жаңа білім алады.
Көрнекілік әдәсін қолдану, оқушылардың хаңа мазмұнды қабылдау және ойлау қабілетін дамытады.
Биология сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер 2 топқа бөлінеді.
1. Табиғи түріндегі (Табиғи тірі объектілер және препраттар)
2. Бейнелеу құралдары ( таблицалар сызбанұсқалар, мульяждар, бейнефилмдер т.б.)
Әсіресе табиғи объектілерді демонстрациялау пәнді оқытуды тиімділігі өте жоғары. Оқушылар өсімдіктер мен жануарлар жайында нақты ұғымдар қалыптастырады. Өсімдіктер тіршіліктану пәндерін оқытуда өсімдіктерді демонстрациялауға мүмкіншіліктері мол өсімдіктері алдын-ала табиғаттан тірі табиғат жүйесінен, т.б. дайындауға болады.
Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар - атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі - жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:
:: көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
:: көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану;
:: демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
:: иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
:: құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
:: демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
:: көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.
Өсімдіктану пәнінен жапырақтардың түр өзгерісі "тақырыбында, суды аз мөлшерде буландыру үшін жапырақтардың экологиялық ортаға беймделуін олардың түк қабаттары мен шаңданған қабаттарын, жапырақ тақталарының көлемінің кішірейун бөлме өсімдіктерінен көруге болады, оқушылар тірі обеъктілерден беймделуді көреді, мысалы: Монстера (Бразиляның ылғалды тропик ормандары), Камелия (Оңтүстік қытай) Алое (Оңтүстік африканың Калахари тахыры), Кактустар (Мексика шөлейті), шыршаның иелерінен, сексеуілдің жапырақтарынан, жантақтың теңге жапырақтарынан, т..б. көрсетуге болады.

2 6 сыныптың биология курсында бөлме өсімдігін көрнекілік құрал ретінде пайдаланудың әдістемесі

2.1 Бөлме өсімдіктері көрнекілік құрал ретінде

Ботаника курсы бойынша табиғи көрнекі құралдар болып арнайы таңдап алынған бөлме өсімдіктері, жатады.
Оқушылар ботаника курсын нақты және терең білу үшін оларға өсімдік дүниесі объектілері мен құбылыстары жөнінде дұрыс түсінік беру керек, ол үшін оқыту процесінде білімнің алғашқы бұлағына -- тірі табиғатты тікелей көруге көңіл аударылады, ол сабақты көрнекі оқыту арқылы жүзеге асырылады. Ботаниканың әр сабағын тірі және арнайы әзірленген табиғи материалдармен қамтамасыз ету қиын емес, өйткені оны жинау, дайындау, сақтау іс жүзінде женіл, және оған әр мектептің мүмкіндігі бар.
Табиғи құралдарды сабақ үстінде көрсету үшін ғана емес, оқушылардың жұмыс істеуіне, яғни лабораториялық сабақта оқушыларға үлестіріліп беруге жететіндей болуы керек. Өсімдікті әр оқушыға беру қажеттігін мұғалім әрқашан да есінен шығармауы керек. Тірі объектілерді тікелей бақылау, олармен жұмыс істеу, эксперимент жасау оқушылардың толық және нақты түсінік алуына мүмкіндік жасайды. Бұның өзі өсімдік организмінің құрылысы мен тіршілік процестері туралы дұрыс және саналы түсінік қалыптасуын қамтамасыз етеді, бұл мектеп ботаника курсының алдындағы оқу тәрбиелік маңызды міндеттердің бірі.
Ботаника сабағында табиғи объектілерді, әдетте, басқа топтағы құралдармен бірге пайдаланады, өйткені осындай жағдайда ғана оқушылардың түрлі өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылыстарының және тіршілігінің, олардың систематикасының заңдылықтарын білуге ең қолайлы жағдай туады. Өйткені көрнекі құралдың әр түрінің оқушылардың білім алу әрекеті мен ынтасын арттыратын өзіндік дидактикалық мүмкіншіліктері бар. Сондықтан белгілі бір сабақта көрнекі құралдарды таңдауда ескерілетін жағдай: міндеттерді орындау үшін белгілі сабақтъң мақсаты, міндеті және материалына байланысты түрлі көрнекі құралдар педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалану керек.
Ботаника сабақтарының қажетті оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілуі ең алдымен мұғалімнің өзінің инициативасы мен белсенділігіне байланысты. Ботаниканы оқытуға қажетті көрнекі құралдарды мұғалім жоспарлы түрде жыл сайын жинайды, олардан көрнекі құралдар дайындайды. Сабақ үстінде көрсететін және оқушыларға үлестіріліп берілетін материалдарды дайындау маусым айына байланыстылығын ескере отырып, мұғалім өсімдіктерді жинау және олардан көрнекі құралдар әзірлеудің календарлық жоспарын жасайды, жоспарда табиғи жағдайда табылатын, мектеп-тәжірибе учаскесінде, жергілікті колхоз егістігінде болатын материалдар, сондай-ақ оқушылардың, практикалық жұмыстарының, өсімдіктің дамуы мен өсуінің сатысы және фазасы бойынша жеке кезеңдерінде сұрыпталған объектілерге жасалған тәжірибелер нәтижесінде алынған материалдар ескеріледі. Оқушылар жазда болған жерлерінен көптеген қызықты материалдар жинап әкеледі. Мұғалім олардың сабаққа қажеттерін таңдап алады. Материалдар әзірлеу жоспары объекті тізімі тәрізді болады, әр объектіні карточкаға жазған қолайлы, содан кейін бұл карточкаларды жинау мерзіміне, жеке оқушыларға берілген тапсырмаға және т. б. сәйкес бөлу керек. Әр карточкаға, объектінің атынан басқа, оны дайындау жағдайы мен мерзімі, сақтауға, күтімге, тиісті сабаққа әзірлеуге және пайдалануға қойылатын талаптар көрсетіледі. Бірте-бірте ботаниканы оқытуға қажет барлық материалды көрсететін толық картотека жасалады. Көрнекі құралдарды мұғалімнің тікелей басшылығымен окушылар ретке келтірулері керек.
Өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысы, олардың, тіршілігі жөніндегі мәселелермен танысу үшін біздің, кәдімгі бөлме өсімдіктеріміздің маңызы үлкен. Оларды мектепті безендірумен қатар, ботаника курсының белгілі тақырыптары мен жеке мәселелерін өткенде пайдалануға болатындай етіп өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысымен, олардың биологиясымен танысу үшін, тәжірибе жасау, бақылау жүргізу үшін, систематика топтарын анықтау үшін -- таңдап алу керек. Бөлме өсімдіктерінің декоративтік және мөлшері жөніндегі сапасын да ескеру қажет. Мысалы, ірі фикустар, драцендер, барқытшөп, циперустар көп қиыншылық тудырады, өсімдіктердің аласа түрлері болғаны жақсы. Кейбір бөлме өсімдіктерін қалемшелеу жөніндегі практикалық жұмыстарда пайдалануға болады.
Бөлме өсімдіктерін қою үшін тіректер, кішкене столдар, аспалы ұстағыштар, тіреулер, трельяждар және т. б. қолданылады.
Блме өсімдіктері
Кактустер (зигокактустер, эпифиллюмдерді), рипсалистер және т.б., сүттігендер (ашық сүттіген, жапырақсыз сүттіген, басқа да формалары), монстера, агава, ағаштәрізді алоэ, амаралис, аспарагустер, бальзамин, бегония, Дегремон бриофиллюмы, германтус, етті гойя, колеус, қазтамақ, пеларгония, сансевьера, сенполия немесе узабар шегір-гүлі, алтын сциндапсус, традесканция (түрлі формалары), шоқты хлорофитум, циперус немесе папрірус; гүлді аквариумдық өсімдіктер (оралмалы валлиснерия, каролиндік кабомба, пистия, пузырчатка, ряска, канадалық элодея); споралы аквариумдықтар (жүзуші риччия, фонтииалис немесе су мүгі, төрт жапырақты маргилея, жүзгіш сальвиния, хара немесе топляк және т.б.).
- Үй өсімдігі ауырып тұрғанда не істеу керек? Басқа бөлмелерде өзін нашар сезінетін өсімдіктерді жинап, жуыну бөлмесін емхана ретінде пайдаланыңыз. Көптеген түрлеріне ыстық пен ылғал ем ретінде әсер етеді. Көптеген өсімдіктер емханадан кейін 3 - 6 айда қайта қалпына келеді. Жуыну бөлмесінде тұрған өсімдіктерге суды көп құюға болмайды, өйткені олар ылғалды ауадан алады. Және де бөлмені желдетіп тұру керек. Похожая статья: Биология курсында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі
- Бенджамин фикусының жапырағы сарғайып түсіп қалды. Ол қандай ауру? Қыс және күз айларында фикус жапырақтары шамамен 10 - 20 % түседі. Ол қалыпты жағдай. Оның орнына көктемде жаңадан жапырақтар шығады. Егер көп мөлшерде жапырақтар түссе, онда қалай суарып жүргеніңізді тексеріңіз. Фикус өсімдігінің бұл түрі үшін қыс айында күндізгі температура 18ºС аспауы керек.
- Өсімдіктер неліктен әлі жасыл, бірақ сәл бүріскен жапырақтарын жоғалтады? Бұл жағдай ылғалды ауаның төмен болуынан және суды дұрыс құймағандықтан немесе субстраттың кедейлігінен болады. Күнделікті өсімдікке суды бүркіп тұру керек және құмыраны ылғал майда қиыршық тас қабатының үстіне қою керек. Суаруды реттеп немесе қайта отырғызу керек. Өсімдіктің бұтақтарын қыс айында кесіп тұру керек. Сонда жас жапырақшалар тез шығады.
- Өсімдіктердің бүр жарып келе жатқан гүлдері себепсіз неліктен түседі? Егер өсімдік салқын жерде тұрған жағдайда, құйылған су салқын болғанда немесе жаңа сатып алынған өсімдікті дұрыс тасымалдамағанда гүл бүршіктері түсіп қалады. Өсімдікті гүл бүршіктері енді қалыптаса бастағанда қайта отырғызса да гүлдері түсе бастайды. Гүл бүршіктерінің түсуіне күн мен түннің температурасының арасындағы айырмашылық көп болса да ықпал етеді. Сол үшін гүлдейін деп тұрған өсімдіктерді 18ºС та және ауа ылғалдылығы 60 % кем болмайтын өте жұмсақ климатта ұстау керек. Өсімдікті жиі суару керек, тыңайтқыштың концентрациясын төмендету керек. Өсімдік бүр жарғанда оны суару үшін де орнынан қозғауға болмайды.
- Жайнап өсіп тұрған өсімдіктің солмай жатып неліктен гүлдері себепсіз түсе бастайды? Бөлмеде температура өте жоғары болса және де ауа құрғақ болған жағдайда, өсімдік жел өтінде тұрсан немесе аз суғарылса гүлдері түсе бастайды. Сол үшін күндізгі температура 20ºС, түнде 15ºС аспау керек. Суықты жақсы көретін өсімдіктер -- азалия, қоңыраугүл, цинерарри, цикламен, примулдар 12ºС-15ºС температурада да көп уақыт гүлдеп тұра береді. Гүлдеп тұрған өсімдікке суды шашып себуге болмайды, өйткені жапырағына тигенде кішкентай су тамшыларының өзі жапырақтарын ағартып жібереді де, түсіріп тастайды Похожая статья: Цитология курсында студенттерге химиялық білім берудің негізгі түсініктері
- Өсімдіктерге дәруменнің жетіспеушілігін қалай білуге болады? Егер өсімдіктердің жапырақ беті бозарып және сарғайып кетіп, ал талшықтары жасыл күйінде қалса темір мен хлороз жетіспеушілігінің белгісі. Азот жетіспеушілігінен талшықтарда сары түсті ореолдар пайда болады. Ересек жапырақтарда калий жетіспеушілігінен сары дақтар пайда болады. Өсуі мен гүлденуі тежеледі. Минералды заттарды қажетті мөлшерде ала алмауы салдарынан өсімдіктерде дәрумен жетіспеушілігі дамиды. Құрамында әк ерітіндісі бар су қоспасын бөлме өсімдіктеріне пайдалануға болмайды. Себебі хлороз ауруын тудыру қаупі бар. Әр өсімдіктің өз түріне қарай субстратқа балдыр мен көң негізінде жасалынған органикалық тыңайтқыштың 5 және 20 % қосу керек.
- Жапырақтардың ұштары құрғап қараяды. Жиектерінде үлкен қызыл қоңыр бөлiктер пайда болады, олар біртіндеп қурап солады. Өсімдік біртіндеп жансызданып шіри бастайды. Нелiктен? Қурап қалуының себебі: ауа ылғал болуымен және салқын жерде тұруында. Ол күйiктiң зардабынан бола алады. Өсiмдiктердің субстраты өте нығыздалған немесе ауа өткiзбеуінен тамыры ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстары
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
Өзіндік жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырушы фактор ретінде
Биологияны оқыту процесінде ұйымдастырудың негізігі формалары
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Биология сабағында пәнаралық байланыс
БОӘ дамуына үлес қосқан Қазақстандық әдіскерлер және олардың еңбектері
Биология пәнінде тірек-сызбаны қолдану әдістемесі
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі
Биология ғылымының жаңа бағыттарындағы жетістіктері
Пәндер