Жақып Ақбаевтың өмірі мен тарихи - саяси көзқарастары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Тарау. Ж. Ақбаевтың өмірі мен қоғамдық.саяси қызметі
1. 1. Ж.Ақбаевтың саяси өмірбаяны ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1. 2. Ж. Ақбаевтың ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси күрес тарихындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

II. Тарау. Ж. Ақбаевтың тарихи.саяси көзқарастары.
2. 1. Ж. Ақбаевтың қазақ мемлекеті мен халқының пайда болу тарихына көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2. 2. Ж. Ақбаевтың саяси.құқықтық көқарастары ... ... ... ... ..43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін өз қолына алғаннан кейін «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» деп жариялауы қоғамдық ғылымдар: заң, саясаттану, философия, тарих ғалымдары алдына тың тұрпаттағы жаңа міндеттер жүктеді. Солардың бірі және бірегейі ретінде халқымыздың ұлт болып қалыптасуына, оның үлттық сана-сезімінің оянуына, өзінің дербес мемлекеттілігін жариялау жолындағы күресуінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы процестерге жетекшілік жасаған Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі мен тарихи қөзқарстарын зерттеу деп айтуға толық негіз бар.
Кешегі Кеңес Одағы дәуірінде осы тұрғыдағы тақырыптар терең зерттелмеді, зерттелген күннің өзінде комунистік идеология үстемдік еткен заманда маркстік-лениндік методология шеңберінде ғана қарастырылды. Сондықтан да ол кезде топтық және партиялық принциптер негізге алынып, ғылыми объективтілік мансұқ етілді. Сол сан салалы тарихи процестерді зерттеуде біржақтылықты, бір ғана идеология мен қоғамдық пікірді орнықтыруды мақсат етті.
Біз бұл арада кеңес дәуіріндегі зерттеушілерді кіналаудан аулақпыз. Себебі барлық баспа өнімдері цензураның «қырағы көзінің» мүмкін емес те еді. Сондықтан кеңес дәуіріндегі ғылыми еңбектердің басым көпшілігінде ел тарихының шешуші кезеңдерінде оның беталыс бағдарына үлкен әсер еткен көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлердің еңбегіне өз дәрежесінде лайықты баға берілмеді. Ендеше еліміз тәуелсіздік алған кезеңде Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол ХХ ғасырдың басында Европадағы саяси күрестің беталыс бағдарларынан әбден хабардар қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобының ішінде өзіндік орны бар бірінші өмірі мен мол мұрасын жаңа заманның биік талаптары тұрғысынан және ғылыми объективтілік принципімен зерттеу, бүгінгі тарих ғылымының алдындағы маңызды бір тақырыптардың қатарынан саналса керек.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Біз бұл еңбегімізде ХХ ғасырдың
4

бас кезіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басы-қасында жүріп, патшалық
Ресейдің отаршылдық саясатына ашықтан ашық өзінің күрескерлік рухтағы
тарихи-саяси көзқарастарын айтудан қорықпаған бірегей тұлғаларымыздың қатарындағы – Жақып Ақбаевтың өмірі мен қызметі не! Сол арқылы оның тарихи-саяси және құқықытық көзқарастарының қалыптасу эволюциясын арнайы зерттеуді мақсат еттік. Осы мақсаттың негізінде зерттеудің төмендегідей міндеттері шығады:
- Ж.Ақбаевтың қоғамдық, саяси және ғылыми қызметіне қатысты барлық зерттеулерді бүгінгі заман талаптары тұрғысынан саралап, ол туралы жанама түрде болса да пікір білдіру, қарастыру;
- Ғасырлар тоғысы мен ХХ ғасыр басындағы Ресейдегі саяси, қоғамдық-әлеуметтік процестердің қазақ зиялыларына, оның ішінде Ж.Ақбаевтың саяси қайраткер ретінде қалыптасуына және саяси күресте кәдеге жарағанын саралау;
- Ж. Ақбаевтың өскен ортасы, білім алған орны мен саяси күрестегі орыс және қазақ зиялылары арасындағы өмірін зерттеу, салыстыру арқылы оның дүниетанымы, тарихи-саяси және құқықытық көзқарасы эволюциясының ішкі мазмұнын, тарихи мәнін ашу;
- Патша өкметі құқық қорғау мекемелерінің 1903-1917 жылдар аралығындағы Ж. Ақбаев, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхановқа қарсы қозғаған қылмыстық, әкімшілік істерін талдау арқылы олардың құқықтық, саяси сипаты мен мазмұнын көрсетіп, қазақ даласын отарлаудағы жазалаушылық қызметінің құпиясын ашу;
- Ж. Ақбаев көзі тірісінде жарияланған және жарияланбаған еңбектерін ғылыми тұрғыдан талдау арқылы оның бірегей ұлттық тұлға ретінде қалыптасқан теориялық және саяси кемелдігін дәлелдеу.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің Ресейге бодандығының мейлінше күшейген кезеңінде “елім, жерім деп” саяси күреске шыққан Ж. Ақбаевтың туылғаннан, яғни Х1Х ғасырдың соңғ30-жылынан ХХ ғасырдың басына дейінгі 58-жыл аралықты қамтиды (1876-1934)

5

Тақырыпқа тарихнамалық талдау. Қазақстандық қоғамдық ғылымдар саласында әр жылдарда Ж. Ақбаев туралы қалам тартқан зерттеушілер мен бірлі-жарым зерттеу еңбектер болғанымен оның саяси қызметі мен тарихи көзқарастары, әсіресе қазақ ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде ролі түбегейлі түрде, жан-жақты зерттелген емес. Ол кешегі кеңестік идеологияның солақай саясатынан бір елі де таса қалмаған маркстік-лениндік методологияның зорлықпен таңған бағасы абсолютті ақиқат ретінде қабылданғандығымен түсінікті. Айталық, сол тұстағы бес томдық “Қазақ ССР тарихында”, 12 томдық Қазақ Совет Энциклопедиясында, мектеп оқулықтары мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне арналған іргелі зерттеу еңбектерінде, тіпті көркем әдебиет шығармаларында Алаш қозғалысы мен оның жетекшілерінің қызметіне, алдына саяси мақсаттар қойған ұлт-азаттық қозғалыстардың қайсысына болмасын үнемі теріс баға беріліп келді.
Осы орайда белгілі – тарихшы-ғалым, академик М. Қозыбаевтың: “Алаш партиясына топтасқан зиялылардың көзқарасы, идеологиясы, өмірлерінің әр сәті диалектикалық тұрғыдан әділдік таразысына салынғаны дұрыс”, - деген пікір жаңа ізденістерге батыл барып, еңбектер жазуды меңзесе керек.
Жалпы кеңес дәуірі кезінде жазылған еңбектерде зерттеушілердің кейбірі демей-ақ дені Алаш қайраткерлерінің бірде-бір еңбегін қолымен ұстап, көзімен көрмесе де, олар туралы ғайбат жазуды әдетке айналдырды. Екіншіден, Алаш қайраткерлерінің қазақ тіліндегі еңбектері кеңес тарихшыларының көпшілік бөлігі танымайтын араб әріпімен жазылған еді. Сондықтан Алашорданы қаралайтын зерттеушілер олардың еңбектерін оқымаса да, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқаевтардың, сондай-ақ Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрім сияқты әдебиет қайраткерлерінің есімдерін үнемі қара тізімге іліктіріп отырды. Болшевиктік тарихшылар жазған зерттеулерде олардың еңбектерін талдау, баға беру болмады, бола қалған күнде бір кітаптан екінші кітапқа көшіп жүретін цитаталармен шектелді.Жалпы Алаш тақырыбына 30-жылдарда шыққан Брайнин мен Шафироның “белгілі” еңбегінен басқа бірде –бір арнайы зерттеужазылмады десе де болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Абжанов Х. М., Гуревич Л. Я. Интеллигенция Казахстан: история, теория, современность. Алма-Ата: Ғылым, 1992
2. Амелин П.П. Интеллигенция и социялизм. Л.: Изд-во ЛГУ, 1970.
3. Асфендияров С. Д. История Казахстана (с древнейших времен). Второе издание. Под. ред. проф. А.С. Такенова. Алматы: Қазақ университеті, 1993.
4. Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. Алматы: Жалын, 1996.
5. Әбжанов Х.,Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы. Алматы, 1996.
6. Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции. Алма-Ата, А\О «Караван», 1992.
7. Жиренчин К. А. Политическое развитие Казакстана в ХІХ- начале ХХ веков. А., 1996.
8. Знаменский О. Н. Интеллигенция накануне Великого Октября. Л., 1988.
9. Казахстан в начале ХХ века: методология, историография, источниковеднение. Сборник статей. Алматы, 1993.
10. Кул-Мұхаммедов М. А. Жакип Акпаев. Патриот. Политик. Правовед. Алматы, 1995
11. Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Ж. Ақбаевтың саяси-құқылық көзқарастары. Алматы: Жеті жарғы, 1996.
12. Қозыбаев М.Қ. Ақтандақтар ақиқаты. Алматы, 1992.
13. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы, 1995.
14. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. Алматы: Атамұра, 1993
15. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995.
16. Тастанов Ш. Ю. Казахская советская интеллигенция (проблемы становления и развития). Алма-Ата: Наука, 1982.

64

Мерзімді басылымдардан
17. Ақиқат – Ұлттық қоғамдық саяси журнал.
18. Қазақ тарихы – Қазақстан мектебі журналының екі айда бір шығатын
қосымшасы.
19. Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің «Хабаршысы» тарих сериясы.
20. Қазақ ғылым академиясының «Хабаршысы».
21. Егемен Қазақстан - Ұлттық қоғамдық саяси газеті.
22. Жас Алаш-Ұлттық тәуелсіз қоғамдық саяси газет.
23. Ана-тілі 1990 жылдан шығатын тіл және елтану апталығы газеті.
24. Қазақ әдебиеті – Қазақстан жазушылар одағы органының газеті.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Жақып Ақбаевтың өмірі мен тарихи-саяси көзқарастары

1 Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Тарау. Ж. Ақбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі
1. 1. Ж.Ақбаевтың саяси өмірбаяны ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1. 2. Ж. Ақбаевтың ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси күрес
тарихындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

II. Тарау. Ж. Ақбаевтың тарихи-саяси көзқарастары.
2. 1. Ж. Ақбаевтың қазақ мемлекеті мен халқының пайда болу тарихына
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2. 2. Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық көқарастары ... ... ... ... ..43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...60

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

3

1

2 Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін
өз қолына алғаннан кейін өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет деп жариялауы қоғамдық ғылымдар: заң, саясаттану,
философия, тарих ғалымдары алдына тың тұрпаттағы жаңа міндеттер жүктеді.
Солардың бірі және бірегейі ретінде халқымыздың ұлт болып қалыптасуына,
оның үлттық сана-сезімінің оянуына, өзінің дербес мемлекеттілігін жариялау
жолындағы күресуінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы процестерге
жетекшілік жасаған Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі мен тарихи
қөзқарстарын зерттеу деп айтуға толық негіз бар.
Кешегі Кеңес Одағы дәуірінде осы тұрғыдағы тақырыптар терең
зерттелмеді, зерттелген күннің өзінде комунистік идеология үстемдік еткен
заманда маркстік-лениндік методология шеңберінде ғана қарастырылды.
Сондықтан да ол кезде топтық және партиялық принциптер негізге алынып,
ғылыми объективтілік мансұқ етілді. Сол сан салалы тарихи процестерді
зерттеуде біржақтылықты, бір ғана идеология мен қоғамдық пікірді
орнықтыруды мақсат етті.
Біз бұл арада кеңес дәуіріндегі зерттеушілерді кіналаудан
аулақпыз. Себебі барлық баспа өнімдері цензураның қырағы көзінің мүмкін
емес те еді. Сондықтан кеңес дәуіріндегі ғылыми еңбектердің басым
көпшілігінде ел тарихының шешуші кезеңдерінде оның беталыс бағдарына үлкен
әсер еткен көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлердің еңбегіне өз
дәрежесінде лайықты баға берілмеді. Ендеше еліміз тәуелсіздік алған кезеңде
Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол ХХ
ғасырдың басында Европадағы саяси күрестің беталыс бағдарларынан әбден
хабардар қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобының ішінде өзіндік орны
бар бірінші өмірі мен мол мұрасын жаңа заманның биік талаптары тұрғысынан
және ғылыми объективтілік принципімен зерттеу, бүгінгі тарих ғылымының
алдындағы маңызды бір тақырыптардың қатарынан саналса керек.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Біз бұл еңбегімізде ХХ ғасырдың

4

1

бас кезіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басы-қасында жүріп, патшалық
Ресейдің отаршылдық саясатына ашықтан ашық өзінің күрескерлік рухтағы
тарихи-саяси көзқарастарын айтудан қорықпаған бірегей тұлғаларымыздың
қатарындағы – Жақып Ақбаевтың өмірі мен қызметі не! Сол арқылы оның тарихи-
саяси және құқықытық көзқарастарының қалыптасу эволюциясын арнайы зерттеуді
мақсат еттік. Осы мақсаттың негізінде зерттеудің төмендегідей міндеттері
шығады:
- Ж.Ақбаевтың қоғамдық, саяси және ғылыми қызметіне қатысты барлық
зерттеулерді бүгінгі заман талаптары тұрғысынан саралап, ол туралы жанама
түрде болса да пікір білдіру, қарастыру;
- Ғасырлар тоғысы мен ХХ ғасыр басындағы Ресейдегі саяси, қоғамдық-
әлеуметтік процестердің қазақ зиялыларына, оның ішінде Ж.Ақбаевтың саяси
қайраткер ретінде қалыптасуына және саяси күресте кәдеге жарағанын саралау;
- Ж. Ақбаевтың өскен ортасы, білім алған орны мен саяси күрестегі орыс
және қазақ зиялылары арасындағы өмірін зерттеу, салыстыру арқылы оның
дүниетанымы, тарихи-саяси және құқықытық көзқарасы эволюциясының ішкі
мазмұнын, тарихи мәнін ашу;
- Патша өкметі құқық қорғау мекемелерінің 1903-1917 жылдар аралығындағы Ж.
Ақбаев, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхановқа қарсы қозғаған қылмыстық, әкімшілік
істерін талдау арқылы олардың құқықтық, саяси сипаты мен мазмұнын көрсетіп,
қазақ даласын отарлаудағы жазалаушылық қызметінің құпиясын ашу;
- Ж. Ақбаев көзі тірісінде жарияланған және жарияланбаған еңбектерін
ғылыми тұрғыдан талдау арқылы оның бірегей ұлттық тұлға ретінде қалыптасқан
теориялық және саяси кемелдігін дәлелдеу.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің
Ресейге бодандығының мейлінше күшейген кезеңінде “елім, жерім деп” саяси
күреске шыққан Ж. Ақбаевтың туылғаннан, яғни Х1Х ғасырдың соңғ30-жылынан
ХХ ғасырдың басына дейінгі 58-жыл аралықты қамтиды (1876-1934)

5

2

Тақырыпқа тарихнамалық талдау. Қазақстандық қоғамдық ғылымдар саласында
әр жылдарда Ж. Ақбаев туралы қалам тартқан зерттеушілер мен бірлі-жарым
зерттеу еңбектер болғанымен оның саяси қызметі мен тарихи көзқарастары,
әсіресе қазақ ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде ролі
түбегейлі түрде, жан-жақты зерттелген емес. Ол кешегі кеңестік идеологияның
солақай саясатынан бір елі де таса қалмаған маркстік-лениндік
методологияның зорлықпен таңған бағасы абсолютті ақиқат ретінде
қабылданғандығымен түсінікті. Айталық, сол тұстағы бес томдық “Қазақ ССР
тарихында”, 12 томдық Қазақ Совет Энциклопедиясында, мектеп оқулықтары мен
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне арналған іргелі зерттеу еңбектерінде, тіпті
көркем әдебиет шығармаларында Алаш қозғалысы мен оның жетекшілерінің
қызметіне, алдына саяси мақсаттар қойған ұлт-азаттық қозғалыстардың
қайсысына болмасын үнемі теріс баға беріліп келді.
Осы орайда белгілі – тарихшы-ғалым, академик М. Қозыбаевтың: “Алаш
партиясына топтасқан зиялылардың көзқарасы, идеологиясы, өмірлерінің әр
сәті диалектикалық тұрғыдан әділдік таразысына салынғаны дұрыс”, - деген
пікір жаңа ізденістерге батыл барып, еңбектер жазуды меңзесе керек.
Жалпы кеңес дәуірі кезінде жазылған еңбектерде
зерттеушілердің кейбірі демей-ақ дені Алаш қайраткерлерінің бірде-бір
еңбегін қолымен ұстап, көзімен көрмесе де, олар туралы ғайбат жазуды әдетке
айналдырды. Екіншіден, Алаш қайраткерлерінің қазақ тіліндегі еңбектері
кеңес тарихшыларының көпшілік бөлігі танымайтын араб әріпімен жазылған еді.
Сондықтан Алашорданы қаралайтын зерттеушілер олардың еңбектерін оқымаса да,
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқаевтардың,
сондай-ақ Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрім сияқты әдебиет қайраткерлерінің
есімдерін үнемі қара тізімге іліктіріп отырды. Болшевиктік тарихшылар
жазған зерттеулерде олардың еңбектерін талдау, баға беру болмады, бола
қалған күнде бір кітаптан екінші кітапқа көшіп жүретін цитаталармен
шектелді.Жалпы Алаш тақырыбына 30-жылдарда шыққан Брайнин мен Шафироның
“белгілі” еңбегінен басқа бірде –бір арнайы зерттеужазылмады десе де
болады.

6

3

Жақып Ақбаев туралы замандас алаштың ардагер қайраткерлері өз кезінде
қалам тартып, оның саяси күрестегі жетекшілік роліне лайықты баға беріп
отырған. Ол өзінің “Дала өлкесіндегі сайлау. Даладағы 17 қазан Манифесі”
деген мақаласында патша манифесінің байтақ қазақ даласына келіп жетуі,
жергілікті халыққа әсер етуі баяндалса, мақаланың қалған едәуір бөлігі сол
Ж. Ақбаевқа, оның манифестік құқықтың мән-мағынасын қандастарына қалай
түсіндіргеніне арнайды. Осы жерде алаштың тағы бір аяулы ұлы, көзі
тірісінде аты аталмастан қазақтың ақыны (А. Байтұрсынов) Ж. Ақбаевқа: “Яқұп
Ақбаев – ер, шешен,қызу юрист. 1905 жылы патшаға тіл тигіздің деп екі
үкімет сотқа беріп, неше ай абақтыда жатып ақталып шыққан. Онан кейін де
сан рет абақтыға жабылып, бес жылға жер аударылып, көп тепкі көрді”, -
деген бағаны “Қазақ” газетінің 1917 жылғы 14-қарашадағы “Алаш партиясы”
атты бас мақаласында берген. Бұл жазылғаннан кейін де Ә. Бөкейхан “Қазақ”
газетіндегі (1917, 4-шілде, №235) “Қазақ депутаттары” мақаласында Ж. Ақбаев
туралы біршама нәрселер жазады.
Міне, осыдан кейін жарты ғасырдай Ж. Ақбаев туралы ешкім қалам тартпайды.
Тек алпысыншы жылдардың “жылымығында” араға жарты ғасыр салып Ж. Ақбаевтың
туған қызы, заң ғылымының кандидаты Аспазия Жақыпова мен сол кездегі ғылым
кандидаты – бүгінде Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғайрат
Сапарғалиевтердің “Жақып Ақбаевтың қоғамдық-саяси қызметі туралы” атты
арнайы мақаласы жарық көрді. Аталмыш мақаланың бірнеше жаңалығы болды. Оның
авторлары әлі ешкім қалам тарта қоймаған тың тақырыпта түрен салды. Олар
Қазақстан мұрағатымен қатар, Ресей (Омбы қ.) мұрағатындағы құжаттарды да
қарастырып, ғылыми айналымға түсірді.
Бұдан кейінгі зерттеулерде Ж.Ақбаевтың қызметіне бірден бір әділ әрі
батыл баға берген ғалым академик С. Зиманов болды. Бұдан бөлек зерттеуші-
ғалым В.Г. Галиев қазақтың әдет-ғұрып заңдарын зерттеушілер қатарында Т.
Сейдалин, С. Жантуриндермен қатар Ж. Ақбаевтың да есімін атап өтеді. Алаш
тақырыбына еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін дендеп барып, толымды
зерттеулер жазған белгілі тарихшы-ғалым, академик Кеңес Нұрпейісов болды

7.

Ол өзінің “Алаш һәм Алашорда” атты монографиясында
Ж. Ақбаевтың саяси, күрескерлік қызметін мейлінше қарастырып,
тоқталады.Сондай-ақ қазіргі отандық тарихшылардың көшбасшысы
ретінде белгілі тарихшы,профессор М. Қойгелдиев те өз еңбегінде Ж.
Ақбаевқа ерекше назар аударды.Бүгінде Жақыптануда бірталай іргелі еңбектер
күн санап жарық көруде
1. Тарау.

1 Ж. Ақбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі

1.1. Ж. Ақбаевтың саяси өмірбаяны.
Жақып Ақбаев 1876 жылы 7 қараша күні Қарқаралы оязының Берқара
ауданындағы №3 ауылда, Төңіртектес алқабында туған, Қарқаралылық Батталғазы
ақсақалдың айтуы бойынша Ақбай әулетінің генеалогиялық тізбегі төмендегідей
болып келеді: "Жақаңның ұлы атасы - Жарас. Жарастан Киікбай туады. Ал
Киікбайдан жеті ұл туған. Олар: Едіге, Естемес, Есқұлы, Байқұлы, Құдабай,
Қызылбай, Сырлыбай туады. Ал Жақып Ақбайдан туған” (Орталық Қазақстан”, 24
тамыз, 1991 жыл). Жақыптың ара-тұра “Жандеркин” деген фамилияны
пайдалануының сыры атасының атынан келіп шықса керек.
Ақбай әулеті Қарқаралы өңіріне белгілі ауқатты, әлді тұқымдардың бірі
болған. Сондықтан Жақыптың өз қолымен толтырған өмірбаянында әкесін –
кедей, өзін жалшы ретінде көрсету бай біткеннің бәріне тас атылған заманның
ыңғайына қарай жазылған нәрсе ғана деп қараған жөн. Ақбайдың Ыбырай, Мәжит,
Жақып, Бек атты төрт ұлы, Шәмшіқамар есімді бір қызы болған.
Міне, осы Ақбайдың үміт еткен үшінші ұлы Жақып 1886 жылы Қарқаралы
қаласындағы орыс-қазақ мектебінің қазақ интернатына беріліп, оны
бітіргеннен кейін Омбы гимназиясына түсті, сонан соң Томск гимназиясына
ауысты. Томск гимназиясы берген кәмелеттік аттестатта Жақып Ақбаевтың Омбы
гимназиясында жеті жыл және Томск гимназиясында бір жыл оқығаны айтылып,
“оның Томск гимназиясында оқыған барлық уақытында жасалған
байқаулар негізінде мінез-құлық жалпы өте жақсы болды, сабаққа қатысуы мен
дайындалуы оңды, сондай-ақ жазбаша жұмыстарды орындауы, ұқыптылығы

8

4

жақсы және білуге құштарлығы мейлінше жеткілікті” деп атап өтілген.
Жас Жақып Томск гимназиясын 1898 жылы бітірді. Ол кезде Томск
Ресейдің ірі ағарту орталықтарының бірі ғана емес, сонымен қатар қазақ
жастары білім алған қала да болды. Осыдан Жақып гимназия бітірген жылы
кейіннен Алашорда жетекшілерінің бірі болған Әміре Айтбакин Томск
университеті медицина факультетінің бірінші курсына түскен еді. Қазан
төңкерісіне дейін (1917) мұндағы жоғары оқу орындарынан кейін белгілі
мемлекет және саяси қайраткерлері, ғалымдар Ысқақ Жақсылықов, Сәлімгерей
Нұралыханов, Асылбек Сейітов, Мұратбек Сейітов, Бөжей Мыңғашев, Бейсенбай
Тойсарин, Әлімхай Ермеков білім алды. Томск Жақып Ақбаевты да білім алуын
одан әрі жалғастыруына ынталандырды.
1898 жылы Жақып Ақбаев Санкт-Петербург унивеситетінің заң
факультетіне түсті.
Ол Ресейдің осындай беделді оқу орнының студенті болған екінші қазақ
еді. Студенттер саясатпен айналыспауға, қоғамдық ұйымдардың жасырындарына
да, жарияларына да қатыспауға тиіс болатын. Олар бұған қолхат беретін. Жас
Жақып Ақбаев та осындай қолхат берді. Сол қолхаттың тексті міне мынадай:
“Төменде қол қойып отырған мен 1898 жылы 3 қыркүйек күні өзімізнің
ИМПЕРАТОРЛЫҚ С. –Петербург университетінің студенттері немесе тыңдаушылары
қатарында болу кезімде қандай да бір құпия қоғамға кірмеуге осы қолхатты
беріп, әрбір жеке жағдайда ең жақын бастықтардың рұқсаты болмайынша, тіпті
заңда рұқсат етілген қоғамдарға да кірмеуге, сондай-ақ ешқандай да ақша
жинауға қатыспауға міндеттенемін; осы уәдемді бұзған жағдайда мен оқу
орнынан дереу шығарылып, өзім рұқсат етілмей жиналған ақшаға қандай да
болсын құқықтан айырылуға тиіспін.
Заң факультетінің студенті Жақып Ақбаев. Куәлік, билет және студенттерге
арналған ережелерді сақтауға міндеттеуші Жақып Ақбаев”.
Патша үкіметі зиялыларды саясаттан осылайша аулақ ұстамақшы болды. Бірақ
оқу орындары мен қоғам арасына қытай қорғанын орнату мүмкін емес еді.
Студенттердің алдыңғы қатарлы топтары білім алумен бірге оқу орнының

5 9

6

қабырғасынан тыс жерлерде таралып жатқан демократиялық идеяларды бойына
сіңіре берді. Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы Ресей үшін
революциялық қозғалыстың дамыған кезеңі болғаны мәлім. Кеңбайтақ Ресей
халықтарының барлық топтары арасында самодержавиелік құрылысқа наразылық
өрістей түсті. Ж. Ақбаев ешқандай ұйымға кірмеуге, қоғамдық қызметпен
айналыспауға міндеттеме алып, оны орындауға қаншалықты тырысқанына
қарамастан, ол бұл міндеттемені дегенмен де орындаған жоқ, мұны оған қарсы
Семей губернаторының қозғаған ісі дәлелдейді. Мұның өзі Ақбаевтың ыждағатты
да тәртіпті студент қана емес, демократиялық идеяларды жанына жақын
қабылдайтын жас болғанын да көрсетеді. Оның үстіне, біздің бұдан әрі
көретініміздей, Ақбаевтың бойында ұлттық демократиялық көзқарастар мен
идеялар қалыптасты. Ол демократиялық идеяларды абстрактілі түсінген жоқ,
қайта оларды отаршылдық езгідегі қазақ халқының тұрмыс жағдайына бейімдеуге
талпынды. Заң факультетінде оқи жүріп, Ж. Ақбаев мынадай курстарды тыңдады:
Рим құқығының тарихы, Рим құқығының догмалары, Орыс құқығының тарихы,
Мемлекеттік құқық, Шіркеу құқығы, Полиция құқығы, Саяси экономия,
Статистика, Азаматтық құқық, Сот ісін жүргізу, Сауда құқығы, Қылмыстық
құқық, Қаржылық құқық, Халықаралық құқық, Құқық энциклопедиясы, Құқық
философиясының тарихы.
Санкт-Петербург университетінің Ақбаев оқуға түскен заң факультеті сол
кезде Л.И. Петражицкий (құқық психологиясы), В. Милютин (орыс мемлекеттік
құқық), И. Ивановский (дипломатия), К.Неволин, К. Кавелин (азаматтық
құқық), Я. Баршев (орыстың қылмыстық және полициялық құқығы), В. Спасович
(қылмыстық құқық), В. Порошин мен И. Горлов (саяси экономия мен статистика)
және басқалар сияқты аса көрнекті ғалымдармен даңқы шыққан еді. Талантты
жас жігіт оқу басталысымен-ақ оқытушылардың назарын аударып, олар мұның
тамаша болашағы бар деп білді. Бұған мынадай мысал да айғақ бола алады:
магистрлік диссертация жазатын кезде Жақыптың ғылымдық
жұмысына жетекшілік етуге ректордың өзі, қабілетті студентке жылы қарайтын
құқықтанушы профессор А.Х. Гольмстен ықылас білдірді.Оның ғылыми

10

7

жетекшілік етуі, ізгілікпен білікті ақыл-кеңес беруі Ақбаевтың салиқалы да
іргелі еңбек жазып шығуына игі ықпал етті.
Жақыптың ынта-ықыласының жан-жақты, білімге құштар болғанын мынадай
факт айқын көрсетеді: 3-курсты бітіргеннен кейін, 1901 жылғы тамыз айынан
ол университеттегі оқуын жетекші акамедиялық оқу орындарының бірі
Археологиялық институтта дәріс тыңдаумен ұштастыра бастады, ал оған
негізінен басқа жоғары оқу орындарын бітіргендер қабылданатын. Оның
астанадағы оқу жылдарын жемісті пайдалануға, өзінің тарих жөніндегі
білімінің ауқымын кеңейтуге ұмытылуы университет басшылығынан қолдау тапты,
мұны ректор қол қойған мыныдай анықтама дәлелдейді:Бұл Императорлық Санкт-
Петербург университетінің студенті Жақып Ақбаевқа (сол кездегі құжаттарда,
соның ішінде біздің еңбегіміз кейіпкерінің өзі жазған құжатарда да оның
есімі мынадай нұсқада беріледі: Якуб(Якуп) Мурза Акпаев.- М. Қ. –М.) С.-
Петербург Археология институтына көрсету үшін оның аталған Институтта дәріс
тыңдауына бастықтар тарапынан кедергі жасалмайтынына беріліп отыр (№ 8418
анықтама, Ж. Ақбаевтың жеке ісінің 52-беті). Жақыпқа келесі жылы да нақ
осындай анықтама берілді (№5394), өйткені Археология институтында оқу
мерзімі екі жыл болатын, оның үстіне оқушылар оқу аяқталып, сынақтан
ойдағыдай өткеннен кейін институттың толық мүшесі дәрежесін алатын
студенттер мен осы шарттар сақталған жағдайда корреспондент-мүше дәрежесі
берілетін тыңдаушылар болып бөлінетін.Университет студенті Жақып институтта
тек тыңдаушы ғана бола алатын еді және оқуды бітіргенен кейін Ресейдегі
әйгілі ғылыми орталықтардың біріне корреспондент-мүше болды. Әлбетте,
болашақ заңгерлер университетте де тарих (орыс заңының тарихи және
басқалар) бойынша арнаулы курстарды оқитын, бірақ Археология институтында
Ақбаев тарихпен ғылым ретінде, былайша айтқанда, оның негізгі бөлімдерімен
және қолданбалы пәндерімен қоса таза күйінде танысты: ол археологияны,
архив ісін, палеографияны, нумизматиканы, метрологияны, психологияны және
т.б. оқып-зерттеді.

11

8

Заңгер студенттің тарихқа ден қоюы заңды еді және ол ақталды: құқылық
құжаттар нақты тарихи жағдайлардан туындайды, онда өз дәуірінің ізі қалады
және ол өз кезеңінде тарих барысына ықпал етеді, сонымен қоса тарихи
қайраткерлердің де, халық бұқарасының да құқылық сана-сезімі мен
психологиясын анықтайды. Ақбаевтың магистрлік диссертациясы тақырыбының
құқық пен тарихқа тоқайласып жатқандығын да осымен түсіндіруге болады. ХХ
ғасырда пәнаралық байланыстардың барған сайын бөлшектеніп маманданумен
қатар, ғылымның интеграциялануында объективті қажеттілікке айналғанын,
сөйтіп В.И.Вернадсийдің биосфера туралы ілімі, Н. Винердің кибернетикасы,
М.Блоктың, Л. Февр мен Ф. Бродельдің француздық тарихи Анналдар мектебі
және басқалар сияқты синтездік білім салаларын туғызғанын ескерте кеткен
жөн.
Бірақ мұндай синтездің қажет екенін ынтызар ақыл-ойлылар одан бұрын
да түйсік арқылы-ақ аңғарған еді. Петербург университетінде Жақып Ақбаев
жоғары білім, қамсыз өмір сүру мен қоғамда құрметтелуге кепілдік берген
беделді мамандық алып қана қойған жоқ.
Лекциялардан және алдыңғы қатарлы профессорлармен тікелей қарым-қатынас
жасаудан ол ізгі мақсатқа заңсыз амалдармен қол жеткізу мүмкін емес деген
басты қорытынды шығарды. Патша өкіметі мен оның отаршылдық саясатына кәміл
сеніммен қарсы болған Жақып сонымен бірге әрқашанда қантөгіс және жай
адамдарға қайғы-қасірет әкелетін революциялық зорлық-зомбылықты әсте де
жақтаған емес. Сондықтан ол тіпті ең өткір мәселелерді де өркениетті
жолмен, жүйенің кеселдерін ашық сынау, әшкерелеу, құқылық негізінде іс-
қимыл жасау жолымен шешу мейлінше қолайлы деп санады. Ақбаевтың отаршыл
өкімет орындарының жүгенсіздігіне қарсы күресі студенттік жылдардың өзінде-
ақ басталғандықтан мұны атап өту маңызды.
Оның саяси сенімсіздігіне алғашқы ресми айғақ нақ сол кезде жасалды, ол
Семей вице-губернаторының, Семей округтік соты прокурорының және Омбы
казначейлігі палатасы шенеунктерінің университет ректорына хабарламасы
болатын (1901, №1501), онда Ақбаевтың өз жерлестерін өкімет орындарына

12

9

бағынбауға шақырып жүргені айтылған. ( Бұл туралы тиісті бөлімде егжей-
тегжейлі айтамыз.) Ол оқиғаның мәні мынадай: отаршыл әкімшіліліктің
шенеуніктері жергілікті тұрғындардың жылқысын өз қажеттеріне үнемі
дөрекілікпен, ал кейде қорқытып тартып алатын. Осындай озбырлықты көзімен
көрген Жақып оларға іс-әрекеттерінің заңсыздығын дәлелдеді, ал жерлестеріне
олардың мұндай талаптарға бағынбауға құқылы екенін түсіндірді. Алайда
шенеуніктердің Ақбаев туралы мәліметтерінің ешқандай әсері болған жоқ,
мұның өзі университетте орын алған адамшылық ахуалды да, болашағы зор,
қабілетті студентке деген көзқарасты да барынша жақсы сипатайды. Жамандаған
хабар жолдаған ректор А. Х. Гольмстеннің, жоғарыда айтқанымыздай, екі
жылдан соң Жақыптың магистрлік диссертация жазған кезінде оған өз тілегімен
ғылыми жетекші болғаны да ерекше сипатталды.
Жақып Ақбаевтың болашақта өкімет орындарымен мұндай қақтығыстары көп
болды, бірақ олар бұлайша сәтті аяқталған жоқ. Сайып келгенде, бұл сирек
кездесетін жағдай еді, ал Жақып Ақбаев мәселенің нақты парақор-
шенеунктерінде емес, тұтас алғанда мызғымай қала берген жүйеге байлансты
екенін түсінді. Демек, ағаштың тасасынан орманды көрмей қалмау үшін ұлттың
өзін-өзі белгілеуі, ежелгі жердегі байырғы халықтың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету, отаршылдық жүйені жою және т. б. сияқты
іргелі проблемаларға шығу керек болды. Соларға жұртшылықтың назарын
аударып, оларды шешудің құқылық әдістерін әзірлеу керек еді, сондықтан
студент болып жүрген кезінде-ақ қазақ халқының сол кездегі жағдайына
байланысты ең өткір, көкейкестегі мәселелерді алға қою үшін баспасөзді,
бірінші кезекте астаналық баспасөзді мінбер ретінде пайдалана бастады.
Мәселен, оның Семей губерниясының Өскемен уезінен жолданып, бұрынырақСанкт-
Петербургские новости газетінде басылған мақалаға жазған түсініктемесі
(1901, № 69 ) осындай. Мақалада 1898 жылы күшіне енгізілген малға салынатын
салық жүйесі сөз етілген еді. Сол жүйеге дәлелді талдау
жасап, нақты фактілермен қуаттау Жақыптың ол жүйе инспектор-шенеунктер
тарапынан қиянат жасау үшін жол ашып қана қоймай, кедей шаруалардың

13

10

онсыз да ауыр жағдайын нашарлата түсіп, халықтың тұрмыс деңгейіне едәуір
төмендеуіне әкеп соғады деп пайымдауына мүмкіндік береді. Қортындысында
Жақып бұрынғы салық салу жүйесін сақтап қалуды ұсынды, өйткені, оның
пікірінше, пропорциялы салық салу кедей және қайыршылық халге түскен
қырғыздардың жеке басы бостандығының партиясы әрі игілігінің кепілі болып
табылады. Ақбаевтың бұл мақаласын сол жылы Дала уәлаяты газеті орыс және
қазақ тілдерінде көшіріп басты (1901, №12). Сөйтіп, Жақып өз халқының
мүдделерін студент болып жүрген кезінде – ақ қорғай бастаған. Сол жылдары
Петербургте Ақбаев Алашорда бойынша болашақтағы серіктері болған, кейінгі
қазақ халқының мақтанышына айналған Әлихан Бөкейханов, Барлыбек Сыртанов,
Райымжан Мәрсеков, Тұрлыбек Айдарханов, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан
Тынышбаев және басқалар оқыды.
Унерверситетті алтын медальмен тәмәмдап, қазақ халқынан тұңғыш право
магистрідеген ғылыми атаққа ие болған Жақып Ақбаев 1903 жылы туған еліне
оралды. Елге оралған соң әкеме ата-анасы, жора-жолдастары үйлендеп,
оқыған, мәдениетті, сымбатты жігітке өзіне лайық жар таңдатады. Таңдау сол
кезде Қарқаралыдағы ауқатты татар байларының бірі Халиолла Бекметовтың
бойжетіп отырған сұлу қызы Гүлбахорға түседі. Әкесі арқылы Халиолла байға
кісі жіберіп, сұрау салады. Болашақ қайын атасы қызы көнсе, өзінің қазақ
байымен құда болуға қарсы еместігін білдіреді. Мұны естіген Жақыпты бұрын
көрмеген қаланың ерке сұлуы қазаққа бармаймын деп қиғылық салыпты. Осы
кезде үйге Халиолла байдың рұқсатымен үстіне су жаңа фрак киіп, алтын
пенснесін жарқылдатып Жақып келеді. Көріп, көңілі әбден орныққан анамыз
әуелгі райынан қайтып, келісімін береді, - деп жазады өз естелігінде
Жақаңның үлкен қызы Аргуния апай әкесінің үйленуі туралы. Шындығында
Гүлбахор (ел арасында Жақаңның еркелетіп қойған атымен Гүлбіш деп атап
кеткен) жеңгеміз өте көрікті, келісті адам болыпты. Оны Гүлекеңнің жас
кезінде түсіп, әлі күнге дейін сақталған суреттері дәлелдей алады. Кейін
екеуі
Омбыдағы сауық кештердің сәні болып, Гүлбахор ең сұлу әйелге берілетін
жүлделерді алып отырған.

14

11

Жақып Ақбаев өмірбаянының келесі жолдарында: Мен 1903 жылы 9 маусымда
(Ескі санақ бойынша – 27 мамыр) Санкт-Петербург университетінің заң
факультетін бітіріп шықтым. 1903 жылы күзде Омбы сот палатасына қызметке
тұрып, 1904 жылдан бастап палатаның хатшысы болып істедім. 1905 жылдың
тамызынан бастап Омбы қаласындағы 2-учаскесінің мировой судьясы қызметін
атқардым, - делінген.
1903 жылдың күзінде Ж.Ақбаев Омбы сот палатасына қызметке кіріп, онда
палата хатшысы болып істеді. Ал 1905 жылғы тамыздан бастап Ж.Ақбаев Омбы
қаласындағы 2-учаскенің бітістіруші судьясының міндетін атқарушы болып
тағайындалды. Омбы Қазақстанның кең көлемді аймағы – Дала генерал-
губернаторлығының орталығы болатын. Ресейдің орталығында басталған
революциялық қозғалыс Омбыға, айтар болсақ, азды-көпті ірі елді мекендерге
дейін де жеткен еді. Ал Ақбаев болса қызмет парызы бойынша өзінің саяси
көзқарастарын жалпы жұртқа көрсетуден тартынуға тиіс болды. Мұның өзі
Ақбаевтың азаттық қозғалысында кездейсоқ жолбике болмағанын және ойлы
қоғамдық қайтаркер болып қалыптасқанын көрсетеді. Ж. Ақбаев өзінің Қысқаша
өмірбаянында бұл туралы былай деп жазады: 1905 жылғы қазан-қараша
айларында Омбы қаласындағы үкіметке қарсы митингілерде самодержавиені
құлату қажеттігі туралы сөздер сөйлеумен байланысты мен сот ведомствосынан
кеттім. Кезеңнің қоғамдық-саяси ағымы туғызған сезімдік серпіннің,
буырқанған шабыт пен ынта-жігердің күші мен жаршы-уағызшылар қатарына
қосылдым .
Әрине, Ж. Ақбаев революциялық оқиғаларға қатысқаннан кейін сот
ведомствосынан кеттім деген сөздерін дәл мағынасында түсінбеу керек.
Қолданылып жүрген заңдар мен самодержавиелік құрылысты қорғаған органда ол
қызметтен босатылды және босатылуға тиіс те еді. Ақбаев мұны жақсы түсінді,
сондықтан да сот ведомствосынан өзін судья қызметінен босатқанға дейін
кетіп дұрыс істеген. Бірақ ол өз мамандығы бойынша адвокат болып істей
аламын деп санады, бұл қоғамдық (дұрысырақ айтқанда, жекеше) қызмет және
мемлекеттік құрылымға жатпайды деп ойлайды. Алайда мұндай

15

12

самодержавиенің жартылай феодалдық, демократияға қарсы, монархиялық
мемлекетінде лауазымды адамдар тарапынан туындайтын наразылықтың тіпті
болмашы көрінісін де мемлекеттік механизмнің барлық буындары дұшпандық
әрекет деп қабылдайтын. Саяси сенімсіз болып шықпау үшін асқан сақтықпен
жұмыс істеу, патша шенеукінтерінің қызметін қопармау, қолданылып жүрген
заң ережелерін қиянат жасап пайдаланбау, үнемі бұзуға жол бермеу керек
болатын.
Бірақ адвокат болған соң Ж.Ақбаев әдеттегі шағым жазушы, заң жүзінде өтініш
жасаушы болып қалғысы келмейді. Қорғаушы кәсібіне ол жай ғана заңгер-
формалист ретінде қараған жоқ, қайта заң бұзылуының бастапқы себебін
табуға, нақты тәртіп бұзушыларды, сондай-ақ құқық бұзушылық субъектілері
басшылыққа алған жеке дәлелдерді анықтауға ұмтылды.Ж. Ақбаев жазған
құжаттарға (шағымдарға, өтініштерге және т.б.) жасалған талдау оның патша
заңдарын, соның ішінде Дала өлкесін басқаруға қатысты ережелерді терең
білетіндігін көрсетеді. Оның үстіне жазда ата – анасының қозысын, қыста
қойын бағып ауылда өскен Ақбаев өз руластарының, әрбір екі-үш жылда өтіп
тұратын сайлаулар кезінде қандай ұсақ саяси тартыс тұтынатынын, оларда ең
басты қатысушы кейіпкерлер уездік лауазымды адамдар, сондай-ақ ауыл
старшындары мен болыс қызметіне үміткерлер болып келгенін бала кезінен
көріп өскен. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ даласы үшін
“сайлаулар” бітіп болмас оқиғалар болып келді, өиткені сайлаудан кейін
сайлау туралы заң ережелерінің бұзылуына байланысты олардың нәтижелерінің
күшін жою жолындағы күрес басталатын. 1890 жылғы 17 наурыздан Әскери
министрдың атына жазылған бір жазбада Түркістан өлкесіндегі сайлау былай
суреттелген: “Жаңа сайлау уақыты туатын әрбір үш жыл өткеннен кейін бүкіл
халық өз кандидаттарын ұсынған нақ қандай партияның жеңіп шығатынын күтіп,
шиеленіскен мазасыз жағдайға көшеді. Мұндай жағдай халықты сыйлаудың өзін
өткізу кезінде ғана билеп қоймайды, одан әрі, сайлау нәтижелері қаралып,
түпкілікті бекітілгенге дейін де созылады... Осы уақыттың бәрінде жеңіліс
тапқан партиялар сайлаушылардың сатып алынғаны

16

13

және сайлау кезінде алуан түрлі қателіктерге жол бергені жөнінде толып
жатқан хабарлар, шығымдар және т. б. арыздар береді. Сайлаудың өзімен қоса
– қабат халық тарапынан тәртіпсіздіктер, тіпті орыс өкімет орындарына
бағанбаушылықтар орын алады. Осы жағдайлардың бәрі облыстық әкімшілік
тарапынан жауап алуға, ал сонан соң формальды тергеу тағайындауға мәжбүр
етеді...”.
Бұл арада бір маңызды жағдайды айта кеткен жөн. Сайлау кезінде және одан
кейін далада болған тәртіпсіздіктер үшін барлық кінәні отаршыл шенеуніктер
жергілікті халыққа жауып жүрді. Ал Дала ережесінде сайлаудың шелеуліктерге
халықты топтарға, партияларға бөлу үшін қолайлы жағдай жасайтын құқықтар
мен мүмкіндіктер беретін және оларды пара алу жолымен өздерінің баюы үшін
пайдаланатын тәртіп белгіленген еді. Алайда бұл адамдар тасада қала
беретін, өйткені далада, бір жағынан, халыққа Дала ережесінің отаршылдық
мән – мағынасын түсіндіретін, ал екінші жағынан, далада озбырлық пен
қылмыстың кең таралғанын қорықпай жаза алатын адам болмады. Отаршыл
шенеуніктердің аса зор өкінішіне орай, ХХ ғасырдың басында далада осындай
адамдар пайда бола бастады. Ж. Ақбаев сондай адамдардың бірі болды, білімі
терең және борынша батыл болған ол халықтың қанын сүліктей сорған
зорлықшыларға тау селіндей тасқындап шүйлікті. Ж. Ақбаев өз руластарына
билік жүргізуге жан салатын дала байларының періште емес екенін және
топшылдықты, ұсақ саяси тартыстар мен араздықты нақ орыс шенеуіктердің
тұтатып, қолдап отыратынын көрсетті. Бұл орайда олар екі мақсатты: 1) жеке
басының баюы; 2) қазақтардың ұлттық және саяси топтасуына жол бермеу
мақсатын көздеді. Ж. Ақбаев, оны қолдаған серіктері
осының бәрін халыққа түсіндіруге тырысты. Ж. Ақбаев өзінің өтініштері мен
шағымдарында негізінен шенеуніктердің қиянат жасауы мен парақорлығына назар
аударып, сонымен бірге ұсақ партиялық топтардың ұйымдастырылуына нақ
солардың себепші болып отырғанын атап көрсетті. Отаршыл шенеуніктер
Ақбаевтың өз қылмыстарына ғана қарсы күресіп жүрмегенін, оның отаршылдық
құрылысқа қарсы қоғамдық сананы қалыптастырып жүргенін

17

14

ұғынды да, түсінді де. Сондықтан да олар Ж. Ақбаевты үкімет орындарына тым
қауіпті адам деп, өздерінің арам пиғылын ашықтан-ашық дәрежеде жүзеге
асырды. Ж. Ақбаевтың 1907 жылдан кейінгі өмірі тек қана жер аударулардан,
қылмысты жауыпқа тартулардан, қуғыннан тұрады.
1.2. Ж. Ақбаевтың ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси күрес тарихындағы
орны.
1908 жылдан Жақып Ақбаев өмірінде азап пен жоқшылыққа толы кезең басталды.
Сол жылғы 29 қарашада Дала генерал – губернаторлығы кеңсесінің құпия
бөлімінде оған арнаулы іс ашылып, ол 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін
жүргізілді деуге болады. Бұл іс (“құпия” деген белгі соғылған) ерекше
тапсырмалар жөніндегі шенеунік Симоновтың 6 беттік хабарламасымен ашылған,
ол хабарламаны Семей губернаторы Тройницкий 1908 жылғы 17 қарашада Дала
генера-губернаторының атына жолдаған еді. Хабарламада Ж. Ақбаевтың Санкт-
Петербург университетін бітірген күнінен бастап барлық “ қылмыстары мен
күнәларі”, соның ішінде патша – ағзамға “тіл тигізіп”, сол үшін сотталғаны
да тәптіштеп тізіп келтірлген. А. Тройницкий хабарламасын әрбір жолынан Ж.
Ақбаев өте қауіпті және дөрекі, байырғы тұрғындардан қолдау тауып,
сүйіспеншілігіне бөленген, олардың ақыл – ойына бүлік, әкімшілік пен өкімет
орындарының алаңдаушылығы мен мазасызданғандығын туғызады деген ой көктей
өтеді. Атап айтқанда, хабарламаны “ Ақбаевтың үш жыл бойы жазасыз өтуі дала
халқының көз алдында өкімет әлсіздігінің күмәнсіз белгісі болып көрінеді”
деген сияқты жолдары көп нәрсені аңғартады. Ақбаевтің ісінде оның әрбір
басқан қадамы қадағаланып отырған, мысалы; оның Баянауыл почтасы арқылы Ә.
Бөкейхановқа ақша аударғаны айтылып, ал соңғы Выборг үндеуіне қол қойған “
қылмыскер” делінген. Шынында да, Омбы мен Қарқаралыда болған кезінде Ж.
Ақбаев Әлейхан Бөкейхановпен және Ахмет Байтұрсыновпен өте жақын, достық
қатынас жасаған еді бұл туралы архивтерде сақталған деректер бар. Істе Ж.
Ақбаевтің Санкт-Петербург университетінің профессоры Петражицкийге хатында
“ қазақ халқы қолына қару алып күресуге әзір” деп жазғаны да
хабарланған.Троиницкий жолдаған

18

15

хабарламада Ақбаевтің өміріне қатерлі рөл атқарды, ол генерал-губернаторға
мынадай өтінішпен аяқталған: “Жоғары мәртебелім, Мемлекеттік тәртіп пен
қоғамдық тыныштықты сақтау жөніндегі шаралар туралы ереженің 33, 34 және 36-
баптары негізінде Ақбаевті Сібірдің алыс губерниялары мен обылыстарының
біріне полицияның жария бақылауы мен 5 жылға жер аудару туралы Ішкі істер
Министрімен байланыс жасалу керек”.
А. Тройницкийдің өтініші аяқсыз қалған жоқ: 1908 жылғы 1 желтоқсанда Дала
Өлкесінің генерал-губернаторының өзінің №30 қаулысы мен Ақбаевті Ақиола
облысының Омбы уезіне этапппен жер аударды. Төрт күннен кейін ол Ішкі істер
министірлігінен Ақбаевті одан да әрі – Якут облысына жер аудару туралы
рұқсат алуға келіскендігі жөнінде қосымша хабарлайды. Көп кешікпей генерал-
губернатор Ішкі істер министірлігіне Ақбаевті Якутияға полицияның тұрақты
жария бақылауымен 5 жыл мерзімге дереу жер аудару туралы рапорт жазылған
Істе Жақыптың апасы Айғаным Ақбаеваның, енесі Фатима Бекметова мен әйелі
Гүлбахордың Омбыға жер аударылған Ақбевқа да кешірім жасауды өтініп генерал-
губернаторлыққа соққан жедел хатты да сақталған, онда оның денсаулығының
күрт нашарлағаны көрсетілген. Жеделхат мынадай сөздермен аяқталған: “
Жоғары мәртебелі Сізге Ақбаев белгіленген жазаны - әкімшілік жер аударуды
кешіруіңізді барынша бас ие отырып, Сізден жалбарына өтінеміз. Жоғары
мәртебелі Сіз Ақбаевты бейшара әйелдер –біздің жанымызда қалдырыңыз. Біз
рақым етіп, бізге, бақытсыз әйелдерге, адамшылық үшін қайырым жасаңыз”. 19
желтоқсанда өтініш қанағаттандырылмайды деген жауап қайтарылды.
Істің насырға шауып бара жатқанын аңғарған Жақып Ішкі істер министрлігіне
хат жазып, онда өзін жер аудару туралы Дала генерал-губернаторы қабылдаған
қаулының мүлде заңсыз екендігін заң жүзінде негіздеп дәлелдейді. Министр
жергілікті өкімет органдарының заңдарды өрескел бұзғанын көріп, Ерекше
кеңестің шешіміне сәйкес Дала Өлкесіне генерал-губернаторына: “Ақбаев
Астанадан басқа өзі қалаған тұрғылықты жерінде мерзімімен 1908 жылғы 22
желтоқсаннан бастап полицияның жария бақылауына бағындырылсын”, - деген

19

16

жауап қайтаруға мәжбүр болды. Соның нәтижесінде жер аударылу мерзімі бес
жылдан екі жылға дейін кемітілді, ал табиғат жағдайы қатаң Якутия өз қалауы
бойынша кез келген жермен ауыстырылды.
Ақбаевтың ісінде айдаудағы жеріне Жетісу облысының Қапал қаласын оның
өзі таңдап алғаны туралы мәлімет сақталған. Жақып ол жерге 1908 жылғы 22
желтоқсанда аттанып кеткен.
Уақыт табы өтіп, сарғайып кеткен архив материалдарының беттерін ақтарып
отырғанда оның бұлжымас рухы мен табандылығына қайран қаласың. Әрине, оны
қартайған ата-анасының, туыстары мен жақындарының жағдайы толғандырған еді,
бірақ ол өз халқының адал ұлы болатын, сондықтан да ол соның мүдделері мен
тағдырын тіршілігінің нәрі етті, туған өлкесінің тәуелсіздігі мен
бостандығы жолындағы күрестен бас тарта алмады.
Қапалда болған кезінде Жақып ішкі Ресейдің халақтық қозғалысының жаңа лебін
сезініп, өз мақсатын қазақ халқының азаттық күресін жаңа сатыға көтеруде
деп білді. Бұл үшін Қарқаралыда Ахмет Байтұрсыновпен қысқа уақытқа болса да
кездесіп, онымен іс-әрекет жоспарлары, күштерді біріктіру туралы ақылдасу
керек болды. Сондықтан ол анасы ажал ауызында, қызы Иммузия ауырып жатқан
Қарқаралыға бару үшін рұқсат сұрап генерал-губернатордың атына өтініш
берді. Осы өтінішіне (1909 жылғы 1 қазанда жазылған) Ақбаев анасы мен
қызының ауру екендігі туралы доктор Сәдуақас Шылымбековтің қортындысын қоса
тіркеген. Сәдуақас Варшава мал дәрігерлік институтын бітіріп, кейіннен
Алашорданың белгілі қайраткеріне айналған Әшірбек Шалымбековтің бауыры
болатын. Бұл өтініштен біз оның тұңғыш қызы Иммузияның есімін білеміз. Ол
туралы басқа еш жерден мәлімет кездеспейді, сондықтан оны бала кезінде
қайтыс болған деп санауға болады. Хат маржандай әдемі әріптермен жазылған,
астына Ақбаев өз қолын қойған. Әр түрлі құжаттар мен архив материалдарына
қарағанда, Жақыптың өз жазуы ірі, бірақ өте түсініксіз болған көрінеді.
Сондықтан оның ресми органдарға хаттарын жазуы жақсы, оңай оқылатын
адамдарға көшіртіп, өзі оларға қол қойып отырған.

20

17

Дала генерал-губернаторынан рұқсат алған Жақып Қарқаралыға дереу жүріп
кетеді. Вице-губернатор Останкиннің сол сапарға рұқсат еткен жеделхатының
астына күні 1909 жылғы 17 қазан деп көрсетілген. Ақбаевтың ежелгі дұшпаны,
Семей губернаторы А. Тройницкий оның Қарқаралыға сапарын елеусіз
қалдырмады. Ол генерал губернаторға дереу мынадай жеделхат
жолдады:Қарқаралы уезінде Ақбаевтың жақтастары қалды, бірақ олардың ең
бастыларының бірі- Қарқаралы орыс-қырғыз училищесінің бұрынғы меңгерушісі
Байтұрсынов жаз кезінде-ақ қамауға алынған еді. Соңғысының қылмысты
әрекетін тергеу үшін мен жандарм басқармасы бастығының көмекшісі ротмистр
Леваневскийді жібердім, оған жалпы алғанда Ақбаев пен Байтұрсыновтың
ықпалымен уезде орын алған пиғылды анықтау тапсырылды( № 251 құжат).
Ақбаев пен Байтұрсынов арасында жасалуы мүмкін саяси одақ алаңдатқан
Тройницский: “Осы себепті Ақбаевтың онда тіпті ең қысқа мерзімге болса да
баруы өте қажетсіз”, - деген қорытынды жасайды. Дала генерал-губернаторы
бұл ескертуді елеусіз қалдырмай, өз рұқсатымен күшін жойды ( 3 қарашадағы
№747 құжат). 13 қарашада полиция Жақыпты Қарқаралыда ұстап, оны Қапалға
қайтарып жіберді.
Ақбаев Байтұрсыновпен бұл жолы кездесе алмауына А. Тройницкийдің қалт
жібермей қадағалау ғана емес, Ахметтің сонау 1 маусымда-ақ Қарқаралыда
ұсталып, Семей түрмесіне отырғызылғаны себеп болған еді. 6 шілдеде нақ сол
Тройницкий өзінің Дала генерал-губернаторы атына жолдаған рапортында А.
Байтұрсыновтың қамалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасайды. Ал 15 шілдеде
жеделхат арқылы Ішкі істер министрінен де нақ соны өтінеді. Сөйтіп екі
күннен кейін министр оған рұқсат береді. Біздің, атап айтқанда,
Байтұрсыновқа егжей-тегжейлі тоқталып отырған себебіміз – Жақыптың
Қарқаралыға келуіне ол біраз күш салынған еді. Бұл да оның кінәсін
Терендете түскен факт болды. Істің №172 құжатында былай делінген:
“Қарқаралы қаласындағы орыс-қырғыз училищесінің бұрынғы меңгерушісі
Байтұтсыновтың әрекеті жөнінде айтар болсақ, аталған Байтұрсынов

21

18

Қарқаралы уезінің қырғыздары арасында үкіметке қарсы сеперативтік рухта
насихат жүргізген және Семей облысынан жер аударылған Жақып Ақбаевты
қайтару туралы келісім жасаған”.
Ахметтің түрмеге қамалуына амалсыздан кінәлі болғаны Жақыптың жанына қатты
батты. 1909 жылғы 6 желтоқсанда “Современное слово” газетінің 682-нөмірінде
“Қырғыздың халық ақыны түрмеде” деген мақала жарық көрді. Мақалаға
Ә.Бөкейханов пен Ж. Ақбаевтың тікелей қатысы болуы әбден мүмкін, өйткені
олар астана жұртшылығымен жақсы байланысын үзбеген еді. Мақалада Ахметке
кінә етіп тағылған бес “қылмыстың біреуі оның Ә. Бөкейхановпен және Ж.
Ақбаевпен таныстығы болғаны” айтылады. Мақала мынадай сөздермен аяқталады:
“Байтұрсыновтың отырғанына 5 ай. Оған айып та тағылмай, босатылмай да отыр.
Оның губернатор атына берген өтініштері жауапсыз қалуда” (“Современное
слово”,1909, №682).
Осы мақала жарыққа шығысымен-ақ Мемлекеттік думанның мүшесі Н. Скалозуб
Дала Өлкесінің генерал-губернаторы Е. О. Шмидке фактілерді тексеруді өтініп
хат жіберді. Өкінішке қарау, бұл тексеру сол баяғы А. Тройницкийге
тапсырылды. Ол, әрине, А. Байтұрсыновтың қамалуын ақтауға тырысқан. Ол
өзінің Е. О Шмидке 1909 жылғы 30 желтоқсанда жолдаған жауап хатында А.
Байтұрсынов заңды қамалғандығын мақұлдайтын мынадай үш "самақты" дәлел
келтірді: 1. Байтұрсынов бүлікшілер Ж. Ақбаев пен Ә. Бөкейхановтың тобынан;
2. Ол өкіметке қарсы Ж. Ақбаев ұйымдастырған саяси әрекеттерге қатысушы; 3.
Өлкеде соғыс жағдайын енгізуге қарсы. Осының бәрін тізіп келтіре отырып,
губернатор өзінің “досы” Жақыпты атап өтуді де ұмытпаған: “Үстіміздегі
жылдың қаңтарында Жақып Ақбаевты айдаудан қайтаруға өтініш жасалған келісім
пайда болды. Бұл кесімді Байтұрсынов жазды деген күдік туды. Байтұрсыновтың
іс-әрекетін тергеудің басталуына да осы жағдай себеп болды”.
“Семей жауызы” атанған губернатор А. Тройницкий даладағы ықпалды да
құрметті адам Байтұрсыновты түрмеде ұстау үшін барын салды, ал халық оның
айтқанын қалт жібермей құлақ асатын еді. Отаршыл әкімшілік шенеуніктерінің

22

19

қауіптенгені де нақ сол болатын, сондықтан олар қазақ қоғамының ықпалды
адамдарын оқшаулап тастауға тырысты. Ахмет пен Жақып ортақ мүдде бекіткен
тығыз достықпен байланысты болатын. Ахмет өзі де үнемі полицияның
бақылауында бола жүріп, Жақыпқа көмектесуге, қол ұшын беруге тырысады да,
сол үшін қамауға түседі.
1910 жылғы 17 қаңтарда нақ сол Тройницкий қудалауға ұшыраған бірқатар қазақ
зиялыларының тағдырын анықтауды сұраған Скалозубтың сауалына байланысты
Дала генерал-губернатора рапорт жібереді. Тройницкий Өскемен түрмесінде
Көлбай Төленгітов (кейіннен “Үш жүз” партиясын құрған, тарихта Көлбай
Тоғысов деген атпен алдыңғы қатарлы білімді адамдардың бірі ретінде мәлім)
пен Жаменей Жансүгіровтың отырғанын мойындайды. Бірақ рапортқа қарағанда,
Тройницкий оларды қамаудан босатуда гөрі, тұтқындарды еркіндікке шығаруға
тырысушыларды қамауға алуды дәлелдеу жайын ойластырады. Ол былай деп
жазады: “Скалозуб мырзаның беймәлім хабаршылары – жай ғана өсекшілер мен
өтірікшілер, сондықтан оларды өсек айтқаны үшін сот арқылы жауапқа тарту
мақсатымен Скалозуб мырзаны олардың есімдерін атауға мәжбүр ету өте пайдалы
болар еді.” Мемлекеттік Думанның мүшесі жөніндегі осы бір полициялық-
ұрдажық “мәжбүр ету” режимінің тіректерінің, тіреушітерінің және басқа да
шіріген сүйеніштерінің бірі “құқықтану” деңгейін өте айқын сипаттайды.
Қапалда айдауда жүрген кезінде-ақ, Ақбаев 1909 жылдың орта шенінде сенатор
граф Панелге хат жолдап, онда ХХ ғасырды басында отаршылдық құлдықта болған
қазақ халқының ауыр жағдайын суреттейді, дала халқының экономикасына,
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына қысқаша талдау жасайды ( Ж. Ақбаев ісінің
150-186 беттері). Хатта Ақбаевқа қарсы сот ісі суреттеліп, оның
заңсыздығына дәлелдер келтірілген. Онда Қарқаралы уездік басқармасының
бастығы полковник А. Цыловтың, Омбы сот палатасының төрағасы А.А.
Кобылиннің және басқа да отаршыл аппарат шенеуіктерінің ашықтан-ашық
озбырлығы мен зорлық-зомбылығы, ашкөздік әрекеттері көрсетілген. (Бұл
өтінішті біз басқа бөлімде қарастырамыз.)
23

20

Жақыптың граф Панелге хаты бірнеше шенеуніктің мансабын жойғанымен,
жалпы жүйеге ықпал ете алмады. Оның үстіне, әдетте айтылатынындай, қарға
қарғаның көзін шұқымайды. Осы тонаушы шенеуніктердің бүкіл сыбайластары су
жұқтырмай шығып, сайып келгенде Дала Өлкесі генерал-губернаторының міндетін
уақытша атқарушының 1910 жылғы ақпан айында Ішкі істер министріне рапорт
беріп, оның Жақыпты жер аудару мерзімін тағы да екі жылға ұзартуына қол
жеткізді.
Академик С. Зиманов Ж. Ақбаевтың сол кезендегі қоғамдық-саяси
қызметіне былай деп лайықты бағасын берді: “Деятельность Ақбаева в этот
период, во первых, была высшей ступенью, на которую мог подняться только
деятель передовой мысли живший в казахском обществе в начале ХХ века. Во-
вторых, его агитации в массах была революционной работой действовавшего в
одиночку человека, добивавшегося временного успеха”. Қазақ халқының
бостандығы мен тәуелсіздігі жолында Ж. Ақбаев, А. Байтұрсынов, Ә.
Бөкейханов, М. Дулатов жүргізген күрес өлкесінің тәуелсіздігіне
большевиктер сияқты күш қолдану құралдарымен, кантөгіс арқылы емес, заңды,
конституциялық жолмен, халықтың ұлттық сана-сезімін ояту жолындағы саяси
күрес арқылы жетуді жақтады. Жақыптың тағдырына одан кейін болған тартысқа
толы өзгерістер туралы А. Жақыпова мен Ғ. Сапарғалиев былай деп жазады: “ В
феврале 1910г Министерство внутренних дел вынесло постановление о
воспрещении Акпаеву, жительства в предалах Семиреченской и Тургайской
областей опять на два года. Я. Акбаев поселяется в Караганде”. Бұл
мәліметтерді нақтылаған кезімізде біз ғалымдар сілтеме жасаған архив
деректемелеріне жүгіндік. Л. А.Фалькевичтің 1907-1918 жылдардағы
Қарағандыдағы революциялық оқиғалар туралы бұрынғы Партия тарихы
институтының архивінде сақталған естеліктерінде былай делінген: “1911 жылы
рудникке Қарқаралыдан Ақбаев (кейіннен алашордашылар) келді. Ол қазақтар
арасында зор жұмыс жүргізді, сөйтіп ол Спасск пен Қарағанды да барлық қазақ
жұмысшыларының үш күндік ереуілін ұйымдастыра білді. Қазақтар жұмысқа
шықпады, полиция оларды жеркепелерден шығара бастады, олар киіз үйлерге
кетті”. Қарт

24

21

революционердің бұл хабарына мынадай себептермен сену қиын. Біріншіден,
Ақбаевтың әр қадамын қадағалап отырған полиция архивтерінде Л.А Фалькевич
суреттеген оқиғалар туралы материалдар (рапорттар, хабарламалар, шағымдар
және т.б.) жоқ. Екіншіден, Жақыптың ауыр науқас анасына баруына рұқсат
етпеген полиция оның жұмысшылар шоғырланған Қарағандыға баруына жол беруі
екіталай. Үшіншіден, естеліктер көп жыл өткен соң жазылған автордың,
әлбетте, қателесуі, ұмытып қалуы мүмкін. Төртіншіден, “Айқапта” жарияланған
мақаласында Ж. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық қызметі
Акбаев Жакып (1876–1934 ж. )
Бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси - құқықтық көзқарастар
«Қазақ» газетіндегі көтерілген оқу –тәрбие мәселелері
ХХ ғасыр Қазақстандағы саяси – құқықтық ойлар
Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы және отарлау саясатына қарсы күресі
Қазақтар аңықтамасы
Ж.Қасымбаевтың өмір тарихы мен ғылыми - педагогикалық қызметі
ХIX ғ. аяғы –XX ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-эканомикалық жағдай
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
Пәндер