Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы



Глоссарий
1 Бөлім. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы

1 тақырып. Ботаника курсының өсімдіктер систематикасы бөліміне кіріспе. Курстың пәні, негізгі бөлімдері.
2 тақырып. Прокариоттар. Бактериялар бөлімі. Көк.жасыл балдырлар бөлімі
3.тақырып. Эукариоттар. Балдырлар.
4 тақырып. Саңырауқұлақтар бөлімі.
5тақырып. Миксомицеттер бөлімі. Қыналар бөлімі
6.тақырып. Жоғары сатыдағы өсімдіктерге жалпы сипаттама. Мүк тәрізділер бөлімі
7.тақырып. Псилофиттер, плаун тәрізділер бөлімдері.
8тақырып. Қырық буындылар, папортник тәрізділер бөлімдері
9тақырып. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі.
10тақырып. Жабық тұқымдылар немесе Гүлділер бөлімі. Қос жарнақтылар класы. Магнолиидтер клас тармағы. Ранункулидтер клас тармағы.
11Тақырып. Қос жарнақтылар класы. Розидтер клас тармағы. Диллениидтер класс тармағы.
12Тақырып. Қос жарнақтылар класы. Ерінгүлділер немесе Ламиидтер класс тармағы. Астеридтер класс тармағы. Гамамелидтер класс тармағы.
13тақырып. Дара жарнақтылар класы.
14тақырып. Фитоценология негіздері.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР (ЗЕРТХАНАЛЫҚ ПРАКТИКУМ)
Саңырауқұлақтар бөлімі. Басқа өсімдік бөлімдерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеротрофты өсімдіктер. Саңырауқүұлақтардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден ) тұрады. Бұлар бір бірімен матасып мицелий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды. Спора түзудің негізгі белгілері, оның әртүрлілігі. Вегетативтік көбею. Саңырауқұлақтардың жынысты көбеюінің эволюциялық тенденциялары. Жоғарғы және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар туралы түсінік және оларды классификациялау. Жетілмеген саңырауқұлақтар. Хитридиевтар класы. Жыныссыз көбеюі. Жыныс процестері. Даму циклі. Хитридиевтар қатары, өкілдері: полифагус, ольпидиум, синхитридиум. Оомицеттер класы. Оомицеттер оогамия жыныс процесінің болуымен сипатталады. Оомицеттер класында эволюция – құрлықта тіршілік етуге қарай көшуіне бауланысты біртіндеп конидиялар арқылы жыныссыз көбеюге ауыса бастағандығы байқалады. Сапролегниялар қатары. Өкілдері: сапролегния, ахлия. Пероноспоралықтар қатары. Өкілдері: переноспора, фитофтора. Зигомицеттер класы. Зигомицеттер ерекше зигогамиялы жыныс прцесінің болуымен сипатталады. Мұнда жыныс процесі гаметаларға бөлінбеген екі гифаның көп ядролы гаметангия деп аталатын клеткаларының бір біріне құйылуы арқылы болады. Зооспора құрмайды. Қозғалмайтын эндогенді жолмен түзілген споралар немесе конидиялар арқылы жыныссыз көбейеді. Барлық зигомицеттер құрлықта тіршілік етеді. Мукорлар қатары. Мукор. Морфологиялық ерекшелігі. Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар класы. Бұлардың басты ерекшелігі – көп клеткалы мицелийінің және жыныс процесінің нәтижесінде түзілетін қалталарының (аскаларының) болуында. Олардың ішінде қалыпты жағдайда 8 эндогенді спора түзіледі, оларды аскоспоралар деп атайды. Аскомицеттердің жынысты көбеюімен бірге конидиялар арқылы жыныссыз көбею де көп тараған. Жыныссыз процесс қалталы саңырауқұлақтарда көбеюдің негізгі тәсілі болып есептеледі. Себебі жынысты қалта құру процесі даму циклінің аяғында, қолайсыз жағдайлар туғанда ғана болады. Жыныс органдары және оның процесі. Жалаңаш қалталылар немесе гемиаскомицеттер класс тармағы. Бұлар жемісті денелері мен аскогендік гифаларының болмауы және қалталылардың мицелийдің өзінде немесе жеке клеткалардан дамуымен сипатталады. Алғашқы қалталылар қатары. Ашытқы саңырауқұлақтары. Оларды өнеркәсіпте пайдалану, табиғаттағы маңызы. Аспергилдер қатары. Эуаскомицеттер немесе жемісті қалталылар класс тармағы. Басты ерекшелігі қалталары жемісті денелердің ішінде не ашық бетінде дамиды. Жыныс процесінің қандайд түрлері болмасын, аскогендік гифалар дикариондар түзеді және қалтада кариогамия процесі жүреді. Жемісті денелердің типі, пайда болу тәсілдері. Аспергилдер қатары. Өкілдері: аспергилл, пиницилл. Пиреномицеттер қатарының тобы. Эризифалар қатары. Ақ ұнтақтылар тұқымдасы, олардың морфологиялық және биологиялық негізгі белгілері. Паразиттікке бейімделуі. Күрес шаралары. өкілдері: микросфера, сферотека. Қастауыштар қатары. өкілдері: қастауыш, эпихлос. Базидиомицеттер класы. Базидиомицеттер, аскомицеттер сияқты, көп клеткалы бұтақталған мицелийлерден тұрады. Жыныс процесінің нәтижесінде түзілген кариогамия редукциялы жолмен екі рет бөлініп, 4 гаплоидты ядро түзеді. Ал клетканың жоғарғы ұшынан стеригма деп аталатын ерекше өсінділер өседі. Олардың ісінген ұштарынан протоплазма мен гаплоидты ядролар өтіп, одан базидиоспора түзіледі. Базидиоспоралар сырт қарағанда ұқсас болғанмен, жыныс айырмашылығы бар екені байқалады. Бір споралардан – аналық, екіншілерінен аталық жыныстық мицелийлер өсіп жетіледі.бірінші ретті мицелий аз уақыт өткен соң соңғы мицелий мен алмасады, бірақ ядро қосылмайды. Сөйтіп, дикарионды мицелий өседі. Көп базидиомицеттерде дикарионды мицелийден жемісті денелер пайда болады, олардың ішінде немесе үстінде базидий мен базидиоспоралар өседі. Холобазидиомицеттер класс тармағы. Гмиеномицеттер қатарындағы топ. Гименофора және жемістік денелер эволюциясы. Афиллофоралылар қатары. Үй саңырауқұлағы. Трутовиктер, олардың орман шаруашылығындағы ролі. Гастеромицеттер қатарындағы топ. өкілі: жаңбыршы. Фрагмобазидиомицеттер немесе гетеробазиодиомицеттер класс тармағы. Қара күйелер қатары. Қара күйемен өсімдіктің зақымдану жолдары, зияны, күресу жолдары. Тат саңырауқүлағының қатары. Көбеюі мен жұқтыру жолдары. Күресу жолдары. Жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Бұл клақа мицелийлері бар жоғарғы сатыдағы көп клеткалы саңырауқұлақтар жатады. Олардың айқын қалталы және базидийлі спора тасушы органдары болмайды, жыныссыз жолмен түзілетін конидиялар арқылы көбейеді. Біраз түрлері бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаға бөлінуі арқылы да көбейе алады. Таралуы, табиғаттағы маңызы. Саңырауқұлақтар экологиясы. Сапрофитизм. Паратизм. Микориза. Адам өміріндегі маңызы.
Негізгі әдебиет:
1. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Ботаника. Систематика растений. М., Просвещение, 1975
2. Шостаковский С.А. Систематика высших растений. М., 1971.
3. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы, 2003.
4. Гордеева Т.Н., Круберг Ю.К., Письяукова В.В. Практический курс систематики растений. М., 1986.
5. Жақыпова Н.У. Өсімдіктер систематикасының практикалық жұмыстары. Алматы, 1989.
6. Мәкенова М., Ботаника курсының практикумы, Алматы, 2002.
7. Әметов Ә.Ә., Мырзақұлов П.М. Архегониальды өсімдіктер систематикасы. Алматы, 1 бөлім. “Қазақ университеті”, 2000.
Қосымша әдебиет:
8. Курс низших растений /под редакцией М.В. Торленко/ М., 1981.
9. Мир растений. В 7-ми томах (под ред. А.Л.Тахтадяжна и др.) М., 1991
10. Рейвн П., Эйверт Р., Айкхорн С. Современная ботаника. В 2-х. М., 1990.
11. Шәріпханова А.С. Ботаника, Юнита № 1- Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы электрондық оқулық, 2007 ж. Өскемен.
12. Мырзағалиева А.Б. Геоботаника электрондық оқулық, 2007ж., Өскемен
13. Шәріпханова А.С. Биогеография, Юнита № 1 Өсімдіктер географиясы, электрондық оқулық, 2007ж., Өскемен.
14. Шәріпханова А.С. Өзіндік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау, 2007.
15. Шәріпханова А.С. «Тұқымды өсімдіктер» Юнита №3, Өскемен, 2009.
17. Хржановский В.Г., Пономоренко С.Ф. Ботаника. М.,1972.
18. Көптомдық Жизнь растений. Т. 1-6. М., 1974-1982.
19. Абдрахманов О. Альгология. Алматы, 1997.
20. Жуковский П.М. Ботаника. М., 1982.
21.Тахтаджян А.Л. Систематика магнолиофитов. Л., 1987.
22. Флора Казахстана. В 9-ти томах, А., 1956-1966№
23. Әметов Ә.Ә. Ботаника. РИК. 2000.
24. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники, М., 1982.
25. Тахтаджян А.Л. Основы эволюционной морфологии покрытосеменных.
М.Л., Наука, 1964.
26. Тахтаджян А.Л. Система и филогения цветковых растений. М.-Л., Наука, 1966.
27. Девина Р.Е. Репродуктивная биология семенных растений. М., 1981.
28. Курсаков Л.И., Комарницкий Н.А. Курс низших растений. М., 1945.
29. Федоров А.А., Артющенко В.Г. Атлас по описательной морфологии высших растений.М.,1975.
30. Серебряков И.Г. Экологическая морфология растений. М.,1957
31. Серебряков И.Г. Морфология вегетативных органов высших растений. М., 1972.
32. Эзау К. Анатомия семенных растений. Т.1,2. М., Мир, 1980.
33. Одум Ю. Экология. 1986
34. Чернова Н.И. Экология. М. 1998.
35. Мұсақұлов Т. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 1975.
36. Первухин Н.В. Проблемы морфологии и биологии цветка. Л., 1970.
37. Первухин Н.В. Околоцветник покрытосеменных. Л., 1979.
38. Фегри К., Вандер Пейл Л. Основы экологии опыления. М., 1982.
39. Федоров А.А., Кирпичников М.Э., Артюшенко З.Т. Атлас по описательной морфологии высших растений. М.-Л., Наука, т. 1-5, 1956-1985.
40. Козо-Полянский Б.М. Курс систематики высших растений. Воронеж, 1965.
41. О.А.Абдрахманов, Г.С.Айдарханова Лихенология Қарағанды-Алматы, 2003.
42. Ж. Сағындықов Өсімдіктер географиясы. Алматы-1997.
43. Н. Мухитдинов. Геоботаника негіздері. Алматы. 1994.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІС КЕШЕНІ

Глоссарий
Автоспоры – аналық клетканың ішінде мейоз жолымен пайда болатын бірнеше
әдетте төрт жас клеткалар.
Автотрофты – бейорганикалық заттардан (су, көмір қышқыл газы және минералды
тұздардан) өз организмінде органикалық заттар жіктейтін, түзетін
организмдер.
Агамогония – бөліну немесе бүршіктену жолымен жыныссыз көбею.
Агамоспермия - өсімдіктің партеногенез, апогамия немесе адвентивті эмбрион
жолымен жынысыз ұрықтанудан дамыған тұқыммен көбеюі.
Азигота – сырт пішінімен зиготаға ұқсас, кейбір саңырауқұлақтар мен
балдырлар спорасы.
Акинета – жасыл балдырлардың клетка қабықшасы қалыңдаған, құрамында
пигменттері, қорлық заттары көп мөлшердегі жіпшелері; көбеюге
қолайсыз жағдайға төзуге арналған вегетативті клеткадан
түзіледі.
Аллелопатия - өсімдіктердің әр түрлі заттар бөліп шығару арқылы бір-біріне,
басқа өсімдіктерге әсері.
Амитоз – кариокинезге сипатты ядроның структурасыз қайта ширатылуына
негізделген тікелей бөліну.
Андроспора – зооспорадан дамыған, тек антеридий қалыптастыратын дұрыс
жетілмеген өсімдік, бастама беретін жасыл балдырларда кездесетін
спора.
Андроцей – гүлдегі аталықтардың жиынтығы.
Антеридий – кейбір балдырлардың, саңырауқұлақтардың және усасырлардың,
сушырмауықтың, қырықбуынның, мүктердің аталық жыныс мүшесі.
Антеризоид – антеридияда қалыптасқан аталық гамета.
Апланоспора – кейбір балдырлардың жыныссыз көбейетін, мұртшасы жоқ қимылсыз
спорасы.
Апогамия – жұмыртқа клеикадан емес, гаметофиттің вегетативтік клеткаларынан
спорофиттің жыныссыз дамуы.
Апотеций – қалталы дискомицеттер қатарында, трюфельді саңырауқұлақтарда
қалыптасатын ашық, көпшілік ретте табақша тәріздес ашық жемісті
дене.
Аск – қалталы саңырауқұлақтарға тән, спора аскоспора қалыптастыратын қалта.
Аскогон жіпшелері – аскогоннан өсетін саңырауқұлақ жіпшесі.
Базидиоспора – базидийдің беткі жағында пайда болатын споралар.
Базидиокарп – базидиялы саңырауқұлақтардың жемісті денесі.
Гаметангий – қарапайым өсімдіктердің гамета қалыптасатын көп клеткалы
мүшесі.
Гаметогенез – жынысты клеткалар қалыптасатын процесс.
Гамета – ұрықтануда өзара қосылатын әр жынысты клеткалар.
Гаплоид – ядросында бір ғана хромосомалар жиынтығы болатын организм.
Гипотека – диатомды балдырлардың екі тасты қабыршақты жақтауының кішісі.
Гифтер – саңырауқұлақтардың денесін қалыптастыратын кәдімгі жіп шумақ
түзетін микроскопиялық жіңішке жіпшелер – мицелий.
Диатомин – диатомды балдырлардың қоңыр пигменті.
Диатомды балдырлар – сырты екі жармалы, оның сыртқысы кремнеземмен
безендірілген, өте берік тас қабықты, микроскопиялық ұсақ бір
клеткалы немесе колониалды сарғыш түсті балдырлар.
Зигоспора – кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтардың жынысты процесінің
өнімі.
Зигота – әр жынысты екі гаметаның өзара құйыла қосылуынан, ұрықтанғанынан
соң тұзілетін диплоидты клетка.
Зооспора – сулы ортада белсенді қозғалатын мұртшасы бар спора.
Зооспорангий – зооспора қалыптасатын мүше.
Идиобластар - өзін қоршаған ұлпа клеткаларынан пішіні, мөлшері, қызметі
жағынан өзгеше өсімдік клеткалары.
Изоспоралар – тең споралар.
Конидия – кейбір саңырауқұлақтарда кездесетін жыныссыз жолмен көбейетін
спора.
Конъюгация – конъюгаттар және диатомды балдырларында кездесетін жыныстық
процестің формасы.
Мегаспора - әр түрлі споралы күрделі өсімдіктердің ірі гаплоидты клеткасы.
Мейоз – клетканың бөлінуінің ерекше әдісі. Оның нәтижесінде клетканың
хромососмасының саны азайып, ол диплоидты күйінен гаплоидтыға
ауысады.
Микология – саңырауқұқлақтарды зерттейтін ғылым.
Микориза – саңырауқұлақты тамыр, саңырауқұлақ жіпшелерімен күрделі өсімдік
тамырларының селбесуі.
Мицелий – саңырауқұлақ жіпшелері, саңырауқұлақтың жіңішке тармақтанған
жіпшелерінен тұратын оның вегетативтік денесі.
Партеноспора – диплоидты ұрықтанбаған жұмыртқа клеткадан редукциялық
тәсілмен бөлінбей дамитын спора.
Партеногонидий – көк-жасыл балдырлар вольвокс денесінде қалыптасатын,
жыныссыз көбеюге арналған ірі клетка, ретпен бөліну нәтижесінде
балдырдың жаңа дарағына бастама береді.
Перитеций – пирономицет қатарындағы қалталы саңырауқұлақтарда қалыптасатын
жартылай жабық құмыра тәрізді жемісті дене.
Перитрофты микориза – микоризаның ерекше бір типі, мұнда саңырауқұлақ
жіпшумақтары тамыр ұлпаларына енбей тек оны қоршайды.
Пикниды – конидии немесе пикноспоралар дамитын қалталы және базидиальды
саңырауқұлақтардың құмыра пішінді мүшесі.
Пикноспора – пикнидиде дамитын дөңгелек бір ядролы спора.
Сапротрофтар – жануарлардың өлі денелерімен немесе олардың органикалық
қосындыларымен қоректенетін гетеротрофты организмдер.
Сапрофиттер - өлі органикалық заттармен қоректенетін өсімдіктер.
Спора – жыныссыз көбеюге маманданған аналық өсімдікте қалыптасатын арнайы
клеткалар.
Спорангий – спора қалыптасатын көп клеткалы қарапайым өсімдіктер мүшесі.
Спорангиоспора – конидияны алып жүруші құрам бетінде қалыптасатын,
конидиядан айрмашылығы – спорангияның ішінде дамитын
саңырауқұлақтар спорасы.
Спорогенез – редукциялық бөлінумен ере жүретін, көптеген қарапайым және
күрделі өсімдіктердегі спора қалыптасатын процесс.
Телейтоспора – тат саңырауқұлақтарының қысқы споралары.
Тека - өсімдіктердегі және жануарлардағы тегі әр түрлі қабықшалар.
Телом – псилофиттер сияқты өте ерте кезде өскен жоғары сатыдағы
өсімдіктердің жер бетіндегі алғашқы мүшесі.
Теций – қыналардың жемісті денесінің гименийі.
Хромотрофтар – көк-жасыл, диатомды, қоңыр және қызыл балдырлардың
клеткаларындағы белокты-липоидты строма және бірқатар
пигменттерден пайда болған, боялған әр түрлі формадағы денелер.
Цистид – кейбір базидиялы саңырауқұлақтардың қапшық тәріздес ұрпақсыз
клеткалары.
Цистокарпий – ұрықтанғаннан кейін қызыл балдырлардың карпогонынан пайда
болатын жемісті дене.
Цисталар – қолайсыз жағдайда басынан өткізуге қабілеті бар қалың қабықпен
жабылған тыныштық күйдегі споралар.

1 Бөлім. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы

1 тақырып. Ботаника курсының өсімдіктер систематикасы бөліміне кіріспе.
Курстың пәні, негізгі бөлімдері.

Дәріс мақсаты: Ботаника курсының Өсімдіктер систематикасы бөлімімен
таныстыру, өсімдіктерді жүйелеудің мақсаты мен мәнін көрсету;
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Курстың пәні, әдістері мен міндеттері.
2. Өсімдіктер систематикасының маңызы мен мақсаттары, міндеттері, басқа
ғылым саласымен байланысы.
3. Систематика тілі – таксономиялық номенклатура.
4. Ботаниканың дамуында төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер
систематикасының даму тарихы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Систематиканың кезеңдері. Жасанды системалар. К.Линнейдің бинарлық
номенклатурасы. Систематиканың дамуындағы эволюциялық теорияның маңызы.
Филогенетикалық системаны құрудың принциптері. Таксономиялық категориялар
туралы түсінік. Түр негізгі таксономиялық бірлік екендігі. Туыс, тұқымдас,
қатар, класс, бөлім, дүние. Органикалық дүниенің қазіргі заманғы системасы.
Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер туралы түсінік. Филогенетикалық
байланыстар.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
1. Өсімдіктерді жүйелеудің және филогенетикалық системаны құрудың негізгі
принциптерін дәлелде;

Әдебиеттер: [1],[2], [4-10]

2 тақырып. Прокариоттар. Бактериялар бөлімі. Көк-жасыл балдырлар бөлімі
Дәріс мақсаты: Прокариоттар мен эукариоттардың морфологиялық және
биологиялық сипаттамасымен, таралуымен, ерекшеліктерімен таныстыру;
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Бактериялар бөлімі
2. Бактерия клеткасының құрылысы. Морфологиялық типтері.
3. Патогендік бактериялар. Пигменттері.
4. Көк-жасыл балдырлар бөлімі
5. Қор заттары, көбеюі, өкілдері, экологиясы, таралуы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Ядросыз организмдер – оларға клеткалық құрылыс тән. Алайда олардың
клеткасы қоршаған ортадан клетка қабығы арқылы оқшауланып тұрады. Қабық
қызметін көбінесе цитоплазма атқарады. Ядросы белгілі бір пішінге ие
болмайды, сондықтан ядролық заттар (ДНК) молекуласы цитоплазмада шашырап
орналасады. Ядросыз организмдерге төменгі сатыдағы өсімдіктер –
бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады. Оларды прокариоттар деп атайды.
Бұлар – тіршілік орта жағдайларына бейімделген, кең таралған, сан жағынан
көп организмдер. Сондықтан прокариоттардан жануарлар мен өсімдіктердің әр
түрлі топтарының шығу және даму мүмкіндігі бар. Көк-жасыл балдырлар бөлімі.
Бір клеткалы, колониялы және көп клеткалы жіп тәрізді балдырлар. Бұлардың
талшықты қозғалғыш кезеңі, клеткада белгілі қалыптасқан ядросы және
хромотофорасы болмайды. Түсі атына сай көк-жасыл немесе сарғыш; крахмал
жиналмайды, жыныс процесі жоқ. Бір клеткалы көк-жасыл балдырлар
вегетативтік жолмен клетканың тең екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Көп
клеткалы жіп тәрізді формалары ерекше гормогония деп аталатын көп клеткалы
бөлшекке бөлініп кетуі арқылы көбейеді. Көк-жасыл балдырлардың клетка
қабықшасына жанаса өте ұсақ түйіршіктер түрінде азықтық қор қор заттары
жиналады, кейде май тамшылары да болады. Хроококкалар класына бір клеткалы,
не колониялы түрлері кіреді. Оның өкілі – хроококк тұщы суда және ылғалды
топырақты жерлерде аса көп тараған шар тәрізді бір клеткалы балдыр. Колония
құрайтын түріне қалың қабықшасы бар, шар пішінді глеокапса жатады.
Гормогониялар класына – колониялы және жіп тәрізді балдырлар
жатады.Эндоспора құрамайды, көпшілігінде гормогония түзіледі. Жіп тәрізді
көп клеткалы өкілі – осциллятория. Анабена клеткалары біркелкі емес,
жіптері жұмыр клеткалардан тұратын колония түзеді. Носток жіптері анабенаға
ұқсайды, бірақ жұмвр шар тәрізді клеткалар тізбегінің сыртында қоршап
жатқан кілегейі болады. Батпаққа айналып бара жатқан көлдерде жиі
кездеседі.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
1. Прокариоттардың клетка құрылысындағы негізгі ерекшеліктерін ата;
2. Эукариотты ағзаларға қандай ағзалар жатады?
3. Бактерия клеткасының кұрылысында қандай ерекшеліктер байқалады, осыған
байланысты қандай морфологиялық типтері ажыратылады?
4. Көк-жасыл балдырлар бөліміне қандай кластар жатады, негізгі өкілдерін
ата.
5. Көк-жасыл балдырлардың қор заттары, көбеюі, өкілдері, экологиясы,
таралуы туралы.
Әдебиет [1],[2], [3], [4], [12], [13]

3-тақырып. Эукариоттар. Балдырлар.

Дәріс мақсаты: Студенттерді балдырлар бөлімдерінің морфологиялық және
биологиялық сипаттамасымен, таралуымен, системасымен, теориялық маңызымен
таныстыру
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Эукариоттар туралы түсінік
2. Балдырлар бөлімдері: жасыл, хара, қоңыр, қызыл балдырлар Кластары,
өкілдері.
3. Балдырлардың морфологиясы, құрылысының ерекшеліктері мен жалпы
сипаттамасы.
4. Шығу тегі, эволюциялық байланысы, бөлімдердің филогенетикалық өз ара
байланысы, жіктелу принциптері, таралуы
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Эукариоттар – клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты
өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары:
біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т.б. органеллалары
морфологиялық, физиологиялық тұрғыдан анық жіктелген. Екіншіден, жынысты
көбеюі арнаулы клеткалар – гаметалар арқылы жүреді (изогамия, гетерогамия,
оогамия). Ядролық организмдерге көптеген бір клеткалық жасыл балдырлар,
диатомды балдырлар, сары жасыл балдырлар жатады.
Жер жүзіне кең тараған төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы –
балдырлар. Бұлардың барлығына ортақ белгі – қосымша пигменттерден басқа
жасыл пигмент – хлорофилдің болуы; басым көпшілігінің тіршілік ортасы су –
біртекті болуына байланысты, олардың құрылысы жоғары сатыдағымен
салыстырғанда қарапайымдау келеді. Балдырлардың бір клеткалы,
клеткаланбаған, колониялы, көп клеткалы түрлері бар. Олардың денесінде
жіктелген арнаулы мүшелері жоқ, солардың орнына тек талломдары ғана болады.
Балдырлар өздерінің құрылысы мен тіршілік етуінде бірнеше ортақ белгілері
болуына қарамастан, сыртқы пішіндері алуан түрлі болып келетін және әрбір
тобының жеке ерекшеліктері бар алуан түрлі организмдер. Балдырлардың
филогенезі сыртқы құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтарына байланысты
қарапайым формалардан күрделі формаларға қарай даму бағытында қалыптасқан,
оларды бірнеше ұқсас топтарға біріктіруге болады. Мұндай структура әрбір
систематикалық бөлімдерде қайталанып отырады, сөйтіп олардың дамуындағы
параллельдікті дәлелдейді.Балдырлардың хроматофораларының алуан түрлілігі.
Жыныссыз көбеюі. Жыныс процестері. Даму циклдары, варианттары: ұрпақ
алмаспай және ұрпақ алмасу арқылы. Изоморфты және гетероморфты ұрпақ
алмасу. Классификациялаудың жалпы принциптері. Пирофитті балдырлар
(Pyrrophyta) бөлімі. Жасыл балдырлар (Chlorophyta) бөлімі. Вольвокстар, тең
талшықтылар кластары. Вольвокстар, хламидомонадалар, хлорококтар,
улотрикстер, хетоформалар, сифондылар қатарлары. Өкілдері – гониум,
пандорина, эвдорина, вольвокс; хлорококк, хлорелла, педиаструм,
гидродикцион; улотрикс, ульва; драпанальдия, трентеполия, плеврококк,
бриопсис, кодиум, каулерпа. Конъюгаттар немесе тіркеспелілер класы.
Зигнемалықтар қатары. Өкілдері: спирогира, мужоция, зигнема. Десмидиялықтар
қатары. Өкілдері: клостериум, космариум, десмидиум. Хара немесе сәулелілер
класы. Диатомды балдырлар бөлімі. Кластар: Орталықты диатомды және
Қауырсынды диатомды балдырлар. Өкілдері: мелозира, циклотелла, пинулярия,
навикула, диатома, табиллярия. Қоңыр балдырлар бөлімі. Талломдар
структурасының варианттары, олардың өсіп-жетілу тәсілдері. Көбею жолдары,
жынысты процестері. Феозооспоралы класы. Эктокарпалықтар қатары. Эктакарпус
құрылысының өзіне тән ерекшеліктері, көбеюі, даму және ауытқу
мүмкіндіктері. Гетерогенераттылар класы. Ламинариялықтар қатары.
Спорофиттің морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Спора түзілуі және
маңызы. Гамотофиттің құрылысы, жыныстық процесс. Зиготаның өнуі.
Гетероморфты ұрпақ алмасуы. Циклоспоралықтар класы. Фукустылар қатары.
Қызыл балдырлар бөлімі. Таллома мен клетканың құрылысы. Жыныс процестері.
Даму циклдерінің варианттары. Кластары: Бангиалықтар және Флоридеялықтар.
Үш ұрпақтың алмасуы Балдырлар экологиясының негізгі белгілері.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
1. Эукариоттарға жалпы сипаттама бер
2. Балдырлардың негізгі бөлімдері: жасыл, хара, қоңыр, қызыл балдырлар
кластар өкілдеріне сипаттама бер
3. Балдырлардың шығу тегі, эволюциялық байланысы, бөлімдердің
филогенетикалық өз ара байланысы, жіктелу принциптері, таралуы.

Әдебиет [1],[2], [3], [4] [9],[10]

4 тақырып. Саңырауқұлақтар бөлімі.

Дәріс мақсаты: Студенттерді саңырауқұлақтар бөлімінің морфологиялық және
биологиялық сипаттамасымен, таралуымен, системасымен, теориялық маңызымен
таныстыру
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1. Саңырауқұлақтар бөлімі, классификациясы, өкілдері, таралуы мен маңызы.
2. Саңырауқұлақтардың шығу тегі, көбею ерекшелігі, саңырауқұлақтардың
қоректенуі, мицелийдің түр өзгерістері, қалта және жемісті дене
түрлері.
3. Ашыту.базидиомицеттердің жыныстық көбеюі.
4. Спора жасалу түрлері.
5. Жетілмеген саңырауқұлақтар. Кластары мен өкілдері

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Саңырауқұлақтар бөлімі. Басқа өсімдік бөлімдерінен басты айырмашылықтары
пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен
қоректенуге бейімделген гетеротрофты өсімдіктер. Саңырауқүұлақтардың
вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден )
тұрады. Бұлар бір бірімен матасып мицелий деп аталатын саңырауқұлақтың
денесін құрайды. Спора түзудің негізгі белгілері, оның әртүрлілігі.
Вегетативтік көбею. Саңырауқұлақтардың жынысты көбеюінің эволюциялық
тенденциялары. Жоғарғы және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар туралы түсінік
және оларды классификациялау. Жетілмеген саңырауқұлақтар. Хитридиевтар
класы. Жыныссыз көбеюі. Жыныс процестері. Даму циклі. Хитридиевтар қатары,
өкілдері: полифагус, ольпидиум, синхитридиум. Оомицеттер класы. Оомицеттер
оогамия жыныс процесінің болуымен сипатталады. Оомицеттер класында эволюция
– құрлықта тіршілік етуге қарай көшуіне бауланысты біртіндеп конидиялар
арқылы жыныссыз көбеюге ауыса бастағандығы байқалады. Сапролегниялар
қатары. Өкілдері: сапролегния, ахлия. Пероноспоралықтар қатары. Өкілдері:
переноспора, фитофтора. Зигомицеттер класы. Зигомицеттер ерекше зигогамиялы
жыныс прцесінің болуымен сипатталады. Мұнда жыныс процесі гаметаларға
бөлінбеген екі гифаның көп ядролы гаметангия деп аталатын клеткаларының бір
біріне құйылуы арқылы болады. Зооспора құрмайды. Қозғалмайтын эндогенді
жолмен түзілген споралар немесе конидиялар арқылы жыныссыз көбейеді. Барлық
зигомицеттер құрлықта тіршілік етеді. Мукорлар қатары. Мукор. Морфологиялық
ерекшелігі. Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар класы. Бұлардың
басты ерекшелігі – көп клеткалы мицелийінің және жыныс процесінің
нәтижесінде түзілетін қалталарының (аскаларының) болуында. Олардың ішінде
қалыпты жағдайда 8 эндогенді спора түзіледі, оларды аскоспоралар деп
атайды. Аскомицеттердің жынысты көбеюімен бірге конидиялар арқылы жыныссыз
көбею де көп тараған. Жыныссыз процесс қалталы саңырауқұлақтарда көбеюдің
негізгі тәсілі болып есептеледі. Себебі жынысты қалта құру процесі даму
циклінің аяғында, қолайсыз жағдайлар туғанда ғана болады. Жыныс органдары
және оның процесі. Жалаңаш қалталылар немесе гемиаскомицеттер класс
тармағы. Бұлар жемісті денелері мен аскогендік гифаларының болмауы және
қалталылардың мицелийдің өзінде немесе жеке клеткалардан дамуымен
сипатталады. Алғашқы қалталылар қатары. Ашытқы саңырауқұлақтары. Оларды
өнеркәсіпте пайдалану, табиғаттағы маңызы. Аспергилдер қатары.
Эуаскомицеттер немесе жемісті қалталылар класс тармағы. Басты ерекшелігі
қалталары жемісті денелердің ішінде не ашық бетінде дамиды. Жыныс
процесінің қандайд түрлері болмасын, аскогендік гифалар дикариондар түзеді
және қалтада кариогамия процесі жүреді. Жемісті денелердің типі, пайда болу
тәсілдері. Аспергилдер қатары. Өкілдері: аспергилл, пиницилл.
Пиреномицеттер қатарының тобы. Эризифалар қатары. Ақ ұнтақтылар тұқымдасы,
олардың морфологиялық және биологиялық негізгі белгілері. Паразиттікке
бейімделуі. Күрес шаралары. өкілдері: микросфера, сферотека. Қастауыштар
қатары. өкілдері: қастауыш, эпихлос. Базидиомицеттер класы.
Базидиомицеттер, аскомицеттер сияқты, көп клеткалы бұтақталған
мицелийлерден тұрады. Жыныс процесінің нәтижесінде түзілген кариогамия
редукциялы жолмен екі рет бөлініп, 4 гаплоидты ядро түзеді. Ал клетканың
жоғарғы ұшынан стеригма деп аталатын ерекше өсінділер өседі. Олардың
ісінген ұштарынан протоплазма мен гаплоидты ядролар өтіп, одан базидиоспора
түзіледі. Базидиоспоралар сырт қарағанда ұқсас болғанмен, жыныс
айырмашылығы бар екені байқалады. Бір споралардан – аналық, екіншілерінен
аталық жыныстық мицелийлер өсіп жетіледі.бірінші ретті мицелий аз уақыт
өткен соң соңғы мицелий мен алмасады, бірақ ядро қосылмайды. Сөйтіп,
дикарионды мицелий өседі. Көп базидиомицеттерде дикарионды мицелийден
жемісті денелер пайда болады, олардың ішінде немесе үстінде базидий мен
базидиоспоралар өседі. Холобазидиомицеттер класс тармағы. Гмиеномицеттер
қатарындағы топ. Гименофора және жемістік денелер эволюциясы.
Афиллофоралылар қатары. Үй саңырауқұлағы. Трутовиктер, олардың орман
шаруашылығындағы ролі. Гастеромицеттер қатарындағы топ. өкілі: жаңбыршы.
Фрагмобазидиомицеттер немесе гетеробазиодиомицеттер класс тармағы. Қара
күйелер қатары. Қара күйемен өсімдіктің зақымдану жолдары, зияны, күресу
жолдары. Тат саңырауқүлағының қатары. Көбеюі мен жұқтыру жолдары. Күресу
жолдары. Жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Бұл клақа мицелийлері бар
жоғарғы сатыдағы көп клеткалы саңырауқұлақтар жатады. Олардың айқын қалталы
және базидийлі спора тасушы органдары болмайды, жыныссыз жолмен түзілетін
конидиялар арқылы көбейеді. Біраз түрлері бүршіктену және мицелийдің жеке
клеткаға бөлінуі арқылы да көбейе алады. Таралуы, табиғаттағы маңызы.
Саңырауқұлақтар экологиясы. Сапрофитизм. Паратизм. Микориза. Адам
өміріндегі маңызы.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
1. Саңырауқұлақтар бөліміне қандай кластар, қатарлар жатады?
2. Саңырауқұлақтардың шығу тегі, көбею ерекшелігі, саңырауқұлақтардың
қоректенуі, мицелийдің түр өзгерістері, қалта және жемісті дене
түрлері туралы білу керек.
3. Саңырауқұлақтардың көбею түрлері, ерекшеліктері.
4. Жетілмеген саңырауқұлақтардың өкілдері, маңызы.
Әдебиеттер: [1], [4], [5],[6], [7],[10]

5тақырып. Миксомицеттер бөлімі. Қыналар бөлімі
Дәріс мақсаты: Студенттерді миксомицеттер және қыналар бөлімдерінің
морфологиялық және биологиялық сипаттамасымен, таралуымен, системасымен,
теориялық маңызымен таныстыру
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Миксомицеттер немесе кілегейлілер бөлімі.
2. Қыналар бөлімінің жалпы сипаттамасы.
3. Қыналардың классификациясы
4. Талломдарының құрылысының әртүрлілігі, анатомиялық
құрылысының ерекшеліктері, қына талломының компоненттері,
5. Қыналардың көбею жолдары, өкілдері, таралуы мен маңызы

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Миксомицеттер жануар текті кейбір белгілері бар төменгі сатыдағы
өсімдіктердің бір тобы. Миксомицеттер хлорофилінің болмауынан және спора
түзуінен біраз саңырауқұлақтарға ұқсайды. Сапрофитті және паразитті
миксомицеттер. Қыналар бөлімі. Қыналар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің
ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер
тобы. Бұлар – балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуінің
нәтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық және экологиялық өз
алдына жеке қасиеттері бар өсімдік. Қыналардың морфологиялық құрылысы мен
көлемі – алуан түрлі. Сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі: қабықты
(қаспақты), жапырақты, бұталы қына.қыналардың құрамына кіретін балдырлардың
көпшілігі жасыл және көк-жасыл балдырлар. Қыналардың құрамына кіретін
саңырауқұлақтардың басым көпшілігі аскомицеттердің ішіндегі пиреномицеттер
мен дискомицеттер. Тек тропикте өсетін он шақты қыналар түрлерінде ғана
базидиомицеттердің ішіндегі телефора туысы қатысады. Қыналардың анатомиялық
құрылысы – гомеомерлі және гетеромерлі деп екіге бөлінеді. Қыналар әр түрлі
жолмен көбейеді. Олардағы балдыр клеткалары жай екіге бөліну немесе
қозғалмайтын автоспоралар түзу арқылы көбейеді. Қыналардың құрамындағы
саңырауқұлақтар өздеріне сай спора құратын орган түзеді. Қыналар
қабаттардың үзіліп түсуі, сонымен қатар соредий және изидий деп аталатын
ерекше органы арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Бұндай көбею эволюция
процесінің нәтижесінде кейін пайда болған. Қыналардың классификациясының
негізіне саңырауқұлақтың жемісті денесі алынады. Қазақстандағы таралуы,
экологиясы, практикалық маңызы. өкілдері: эверния, уснея, пармелия,
ксантория, кладония.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
1. Миксомицеттердің биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері, көбеюі?
2. Қыналардың құрылыс ерекшеліктер?
3. Қыналардың морфологиялық типтері, өкілдері?
4. Табиғатта қыналардың маңызы?
Әдебиеттер: [1], [4], [5], [6] [7],[14], [36]

6-тақырып. Жоғары сатыдағы өсімдіктерге жалпы сипаттама. Мүк тәрізділер
бөлімі
Дәріс мақсаты: Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасымен танысу,
мүк тәрізділер бөлімінің морфологиялық, биологиялық, экологиялық
ерекшеліктерімен, классификациясымен танысу.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығы.
2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің көбею органдарының өзіндік
ерекшеліктері, даму циклі, бөлімдері, маңызы.
3. Мүк тәрізділердің шығу тегі, жалпы сипаттамасы, тіршілік
циклі.
4. Гаметофит пен спорофиттің айырмашылығы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Жоғары сатыдағы өсімдіктер патшалық тармағы 300 мыңнан кем емес өсімдік
түрлерін - мүктерден бастап жабық тұқымдыларға дейін біріктереді. Олардың
шығу тегі теңіз көп клеткалы балдырларының құрлыққа шығуымен байланысты.
Мүк тәрізділер бөлімі. Мүктер, мүк тәрізділер – Bryophyta жоғары
споралыларға немесе архегонийлерге жататын өсімдіктер. Қылқанды жапырақты
дымқыл ормандар мен шалғындықта өсетін аласа өсімдік. Құрылысы қарапайым:
тамыр болмайды, көпшілігінің денесінде жапырағы мен сабағы ғана бар.
Анатомиялық жағынан олардың денесі белгілі ұлпаларға жіктелмеген. Денесінің
вегетативтік бөлімдерінің ұшында көптеген жыныс мүшелері (антеридий,
архегоний) дамып жетіледі. Мүктердің ұрықтануы тек сулы ортада ғана жүзеге
асады. Мүктердің жыныс мүшесі орналасқан вегетативтік денесі мүктің жынысты
ұрпағы, ол гаметафит деп аталады, ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан спорогон
(спорогоний) дамып жетіледі. Спорогон мүктің жыныссыз ұрпағы болады да, ол
спорофит деп аталады. Мүктердің дамуында екі ұрпақ дұрыс ауысып отырады да,
бұлардың басым болып келетіні жынысты ұрпағы – гаметофит, ал жыныссыз
ұрпағы-спорофит бірнеше күн өсіп тұрады да, гаметофитке мүлде тәуелді
болады. Бауыр мүктер класы. Маршанциялар қатары. Талломдарының
ерекшеліктері. Жапырақ сабақты мүктер немесе мүктер класы (Musci,
Bryopsida). Сфагнум мүктер қатары. Сфагнум туысы. Экологиясы, таралуы,
маңызы. Жасыл мүктер қатары. Жасыл мүктердің алуан түрлілігі. Өкілдері:
көкек зығыры, фунария, дикранум.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар
1. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрылыстарындағы ерекшеліктер, жалпы
сипаттамасы.
2. Мүк тәрізділердің тіршілік циклындағы гаметофит пен спорофиттің орны,
басқа өсімдіктерден ерекшелігі
3. Мүк тәрізділер бөлімінің негізгі өкілдері
4. Табиғаттағы маңызы
Әдебиеттер: [3],[7], [8], [13] [14],[16], [17]- [22], [35]

7-тақырып. Псилофиттер, плаун тәрізділер бөлімдері.
Дәріс мақсаты: Өсімдіктер эволюциясындағы псилофиттердің орны, маңызы
туралы түсінік беру; плаун тәрізділер бөлімінің морфологиялық, биологиялық
ерекшеліктерімен таныстыру
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Псилофиттердің эволюциялық маңызы.
2. Плаун тәрізділердің өкілдері мен даму цикліндегі ерекшеліктері
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Псилофиттер бөлімі. Риниофиттғердің тіршілік еткен уақыты. Риниофиттер
жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым және ең көне тобы. өкілдері: риния,
хорнеофитон. Плаун тәрізділер бөлімі. Спорофиттік мүшелері – тамыры, сабағы
және спираль жиі орналасқан жасыл жапырақтары болады. әртүрлі споралылық.
Плаундар қатары. Түйреуіш тәрізді плаун тең споралы плаун. Селагинеллалар
қатары. әр түрлді споралы өкілі селагинелла. Полушниктер қатары.
Спорофитінің құрылысы. Плаун тәрізділердің шығу тегі және эволюциясының
негізгі бағыттары.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
1. Құрылыққа алғаш рет шыққан өсімдіктер?
2. Риниофиттердің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік еткен уақыты?
3. Плаун тәрізділердің өкілдері мен даму цикліндегі ерекшеліктері

Әдебиет [1],[5], [7], [8] [13],[14], [15], [16], [17]

8тақырып. Қырық буындылар, папортник тәрізділер бөлімдері

Дәріс мақсаты: Студенттерді қырық буындылар және папоротник тәрізділер
бөлімдері өкілдерінің құрылысымен, табиғатта таралуымен, шығу тегімен,
көбеюімен таныстыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Қырықбуындылардың негізгі өкілдері.
2. Папортник тәрізділердің шығу тегі.
3. Папоротниктердің спорангийлері, споралары, тең және әртүрлі споралылық
папоротниктер.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Қырық буындылар немесе бунақтылар бөлімі. Қырық буын сабағының буын аралығы
қамыстікі сияқты қуыс болады. Сабағы буын және буын аралықтарынан тұрады.
Спорангийлері спорангоифорларда болады,бұл спорофилдерге гомологты болып
табылады. Спорангийлерде споралар дамып жетіледі. Қырық буындылар қатары.
өкілі дала жылбұрыны немесе дала қырық буыны. Папортник тәрізділер бөлімі
немесе полиподиофиттер. Папортник тәрізділер – жоғары сатыдағы
өсімдіктердің ішіндегі ең көне тобы. Олар көбіне көлеңкелі, ылғалды
ормандарда және дымқыл жыраларда өседі. Папортник тәрізділердің қысқа
сабағы, жалпақ, қауырсынды жапырақтары және тамыры болады. Тең споралы және
әр түрлі споралы болып бөлінеді. Ужовниктер класы. Ужовник және гроздовник
құрылысының ерекшеліктері, қарапайым белгілері. Нағыз папортниктер класы.
Полиподиидтер қатары. Тіршілік формалары. Сорустар мен спорангийлер
құрылысы және орналасуының әр түрлілігі. Өскіншелер құрылысы. Өкілдері:
аталық папортник, орляк т.б. Сальвиниялықтар қатары.Сальвиния туысы.
Споракарпийлер, спорангийлер. Микро және мегаспоралардың өсуі. Өскіншелер
құрылысының ерекшеліктері. Ұрықтану. Ұрықтың дамуы. Папортник тәрізділердің
шығу тегі, эволюциясының негізгі бағыттары. Тең споралылықтан әр түрлі
споралыққа өтудің биологиялық маңызы.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
1. Қырық буындылардың биологиялық ерекшеліктері, негізгі өкілдері, көбею
жолдары, табиғатта тіршілік ету жағдайлары?
2. Папоротник тәрізділердің биологиялық ерекшеліктері, негізгі өкілдері,
көбею жолдары, табиғатта тіршілік ету жағдайлары?

Әдебиет: [1],[5], [7], [8] [13],[14], [15], [16], [17], [34], [35]

9тақырып. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі.
Дәріс мақсаты: Жалаңаш тұқымдылардың даму циклының ерекшеліктері,
систематикалық топтарымен танысу
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Жалпы сипаттама.
2. Саговниктер, Беннетиттер, Гинкголықтар, Қабыршақ тұқымдылар немесе
Гнеттықтар кластары.
3. Қылқан жапырақтылар класы. Өкілдері, географиялық таралу ерекшеліктері
мен маңызы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Жалаңаш тұқымдылар бөлімі. Жалаңаш тұқымдылар – тұқым мен тұқым бүрі жеміс
жапырақшасының үстінде жалаңаш (ашық) жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің
түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардікіндей аналық керегемен
қапталмайды. Сонымен қатар жалаңаш тұқымдыларда гүл серігі болмайды.
Саговниктер класы. Тұқымды папортниктер қатары. Папортниктерге ұқсас
белгілері және өзгеше ерекшеліктері. Тұқымды папортниктердің тіршілік еткен
уақыты. Саговниктер қатары. Саговниктер тұқымдасы, туысы, оның таралуы.
Стробилдер мен спорофилдердің құрылысы. Беннетиттер қатары. Стробилдерінің
құрылысының варианттары. Тұқымының құрылысының ерекшелігі. Гинкголықтар
класы. Гинкго туысы. Микро мен мегастробилдер. Тұқым бүрінің құрылысы.
Ұрықтану. Гинкго – реликт өсімдік.Қылқан жапырақтылар немесе бүрлілер
класы. Кордаиттар класы. Қарағайлар тұқымдасы. өкілдері: қарағай, шырша,
бал қарағай, самырсын. Кипаристер тұқымдасы. Қабыршақ тұқымдылар класы
немесе Гнеттықтар класы. Гнеттықтар қатары.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
1. Жалаңаш тұқымдылардың құрылысындағы ерекшеліктер, көбеюі?
2. Қандай кластар жатады, олардың негізгі өкілдері?
3. Қылқын жапырақтылар класының өкілдері, географиялық таралу
ерекшеліктері, маңызы?
Әдебиет: [1],[5], [7], [8] [18],[34]

10тақырып. Жабық тұқымдылар немесе Гүлділер бөлімі. Қос жарнақтылар класы.
Магнолиидтер клас тармағы. Ранункулидтер клас тармағы.

Дәріс мақсаты: Жабық және жалаңаш тұқымдылардың даму циклындағы
ерекшеліктермен, Қос жарнақтылар класының биологиялық ерекшеліктерімен,
классификациялаудың негізгі принциптерімен таныстыру; магнолиидтер мен
ранункулидтер клас тармақтарының негізгі өкілдерімен таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Гүлділердің әртүрлілігі, өсімдік жамылғысындағы ролі.
2. Гүл құрылысының ерекшеліктері
3. Қос жарнақтылар класы. Эволюциясының негізгі бағыттары.
4. Классификациялаудың негізгі принциптері.
5. Магнолиидтер клас тармағы. Негізгі қатарлар, тұқымдастары, түр өкілдері,
филогенетикалық байланыстары, маңызы.
6. Ранункулидттер класс тармағы. Негізгі қатарлары, тұқымдастары, түр
өкілдері.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер. Жабық тұқымды өсімдіктердің басты
ерекшелігі – гүлінің, жемісінің болуы, гүлінде аналықтың болуы.
Спорофиттегі споралар түрі өзгерген өркен – гүлдерде пайда болады.
Микроспоралар тозаңқаптағы тозаң ұясында, ал мегаспоралар аналық
түйініндегі тұқым бүрінде дамып жетіледі.споралар спорангий ішіндегі
гаметофиттерде өсе бастайды. Аталық гаметофит-тозаң – екі клеткадан, ал
аналық гаметофит-ұрық қалтасы – сегіз клеткадан тұрады. Жынысты көбеюдің
нәтижесінде тұқымбүрінен эндоспермді тұқым, оның хромосомы триплоидты болып
келеді. Ал аналық түйіннен және гүлдің басқа бөліктерінен – жеміс пайда
болады. Жабық тұқымды өсімдіктердің тіршілік түрлері – ағаш, лианалар,
бұталар, шөптесін (көп, екі және бір жылдық) болып бөлінеді. Жабық
тұқымдылар екі класқа бөлінеді: дара және қос жарнақты өсімдіктер болып.
Гүл, оның шығу тегі. Тозаңдану. Ұрық қалтасының құрылысы. Қосарынан
ұрықтану. Жеміс, оның биологиялық маңызы. Жабық тұқымдылардың шығу орны,
пайда болған уақыты. Гүлді өсімдіктердің әр алуандығы. Қос жарнақтылар
класына жалпы сипаттама. Эволюциясының негізгі бағыттары. Жабық
тұқымдылардың классификациясы.
Қосжарнақтылар немесе Магнолиописидтер класы (Dicotyledoneae
Magnoliopsida) Белгілі өсімдіктердің жартысынан көбі жабық тұқымдылар
бөліміне жатады. Олар тіршілік формаларының, вегетативтік органдарының,
гүлдерінің, жеміс және тұқымдарының алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Олардың алуан түрлілігін жүйелеу біздің эрамызға дейін ертеректе басталып,
осы күнге дейін жалғасып келеді. Қазіргі кездегі өсімдіктер әлемін жүйелеу
эволюциялық принциптерге негізделген. Жүйелікті құру барысында тек қана
көптеген белгілерінің ұқсастығын ғана емес, эволюциялық шығу тегінің
біркелкілігін ескеру қажет, ол эволюциялық даму жолдарына сай болады.
Гүлділердің эволюциялық үрдісінің дамуы негізінен келесідей бағытта жүрді.
Тіршілік формасы – ағаштардан бұталарға және олар арқылы шөптесінге. Сабақ
және жапырақ – бұтақтанбаған сабақтан бұтақтанғанға, трахеидті өткізу
жүйесінен түтіктерге және трахеидтерге, жай жапырақтан күрделіге,
мәңгіжасылдан жыл сайын жапырақ түсетінге.
Гүл – бір гүлдіден гүл шоғырына, насеком арқылы тозаңданудан желмен
тозаңдануға, актиноморфтылықтан зигоморфтылыққа, бурандалы орналасқан
гүлден шеңбер, дөңгеленіп орналасуға, олардың шексіз көп санынан аздаған
шектеулілікке, гүлдің бос бөліктерінен кірігуге, жоғарғы түціннен
төменгіге. Аталған критерийлердің барлығыда жабықтұқымдылардың жүйесіндегі
өсімдіктердің орны жайлы айтуға мүмкіндік береді.
Магнолиидтер класс тармағы (Magnoliidae), Магнолиялар тұқымдасы
(Magnoliaceae). Магнолиялар тұқымдасы 14 туыс, 240 түрді біріктіреді. Басым
түрде Солтүстік жарты шардың субтропикалық аудандарына тараған. Магнолилер
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Американың оңтүстік-шығысында,
Орталық Америка және Вест-Индияда басым түрде кездеседі. Кейбір түрлері
ғана Оңтүстік жартышарда кездеседі. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда
магнолиялардың көп түрі ғана емес, көптеген қарапайым туыстары мен түрлері
шоқталған. Тек қана Азияда тұқымдастың манглиетия туысы кездеседі.
Тіршілік формалары – ағаш, көбіне өте ірі, кейде бұталар. Кейбір
түрлерінің биіктігі 35-40 м., ал америкалық жауқазын ағашы (американское
тюльпанное дерево) – 75 м. Жапырақтары кезекті, жай, қауырсын жүйелі, мәңгі
жасыл немесе түсетін бөбе жапырақты. Магнолиялардың гүлдері ірі, (ірі
жапырақты магнолияның гүлінің диаметрі 32-46 см жетеді), ашық, ациклді
немесе спироциклді, қосжынысты немесе кей жағдайда біржынысты,
энтомофильді, жалғыздан. Магнолиялардың кейбір азиаттық түрлерінің гүлдері
ерте көктемде жапырақ түзгенге дейін ашылады (ақпанда), басқалары жапырақ
түзгенге немесе жапырақ жарғаннан кейін гүлдейді. Ерте гүлдейтін азиат
түрлері бақша өсіретіндерді қызықтырады. Өкілдері: Жауқазын ағашы
(тюльпанное дерево-Liriodendron tulipifera), азиаттық түрлері –
аромадендрон (аромадендрон поникающий-Aromadendron nutans), сингапур
талаумасы (татаума сингапурская-Talauma singapurensis), солтүстік
америкалық вирджинский магнолиясы (североамериканская магнолия вирджинская-
Magnolia virginiana).
Ранункулидтер класс тармағы (Ranunculidae) Ранункулидтер класс тармағы
негізінен тропикалық емес спираль тәрізді, гемициклді немесе циклді гүлді
шөптесіндерді біріктіреді. Класс тармағы 13 тұқымдас, 3 қатарды
біріктіреді.
Сарғалдақтар қатары (Ranunculales), Сарғалдақтар тұқымдасы
(Ranunculaceae)
Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) қоңыржай облыстарда және суық
климатты Солтүстік жартышарда басым тараған 2 мыңнан астам түрлерді (66
туыс) біріктіреді. Түрлердің көпшілігі – көп жылдық шөптесін, кейде
біржылдық және біренсаран жартылай бұта және лианалар (ломонос-Glematis).
Жапырақтары жай, әр түрлі дәрежеде тілімделген, бөбе жапырағы жоқ.
Алкалодтарды, кейде гликозидтер жинау тән, өсідіктер улы болып келеді де,
жас күйінде малдар жемейді. Гүлдері әртүрлі гүлшоғырлы, дара,
энтомофильді, қосжарнақты, ациклді және циклді, актиноморфты немесе
зигоморфты. Гүлсерігі әртүрлі, қарапайым немесе қосарлы, көп жағдайда
морфологиялық жағынан салыстырмалы, бұларға стаминоидтар тән –
стаминодиялар мен жапырақтарының арасында кезектескен шірнеліктер және
мүшелер. Аналығы көп немесе бірнешеу, олардың саны белгісіз, кейде 3-2(1).
Ұзарған осінде бос тұрған аталықтары өте көп. Түйіні 1-ұялы жоғарғы.
Жемістері бірнеше жапырақшалардан және жаңғақшалардан тұрады. Тұқымдары
эндосперммен және ұсақ ұрықтарымен болады. Тұқымжарнағы көбінесе 1. Алғашқы
археспориальды клеткалары бірнешеу. Өткізгіш шоқтары сирек жағдайда –
бірнеше шеңберлі. Түйіндері 3 – немесе көплаккунды.
Сарғалдақтар - өте кең тараған және гүлінің құрылысы бойынша әр түрлі
тұқымдас. Тұқымдасты әлдеқайда тура етіп көрсететін актиноморфты гүлдер
есептеледі, олар белгісіз санды бөліктен тұратын қарапайым гүлсерікті,
шығыңқы осте орналасқан көп санды аталықтар мен аналықтар. Бұған анық-сары
түсті гүлдері бар, саусақ-салалы жапырақты европалық купальница (Trollius
europaeus) мысал бола алады.
Сарғалдақтар гүліне әдетте мынадай формула тән K5 CN5 A∞ G∞ Мұндағы
гүлсерік мүшелерінің саны бекітілген, ал жапырақтарында шірнелік ұяшықтары
бар. Олар арнайы қабыршақтармен жабылған. Жапырақтары ешқандай да ноготок
пен пластинкаға бөлінбеген, ал шірнеліктерінің құрылымы өзінше
ерекшеленеді. Шірнелік-жапырақшалары шеңбер бойымен, ал гүлдің қалған
бөлігі спираль бойымен орналасқан. Сарғалдақтар қосқанаттылар мен қоңыздар
отрядының көптеген түрлерімен тозаңдана береді, яғни біз олардың
тозаңдануларын онша қалыптастырылмаған деп айтуға болады, алайда
сарғалдақтардың кейбір топтары апомиксиске ауысып кеткен, бұл сөзсіз екінші
ретті немесе қайталанбалы құбылыс болып саналады. Айқын гетеробатмия аконит
немесе бәрпі-борец, және тегеурінгүл-живокость сияқты түрлерге тән, себебі
олар тек жарғаққанаттылармен тозаңданады. Сарғалдақтардың көбі өте ерте
гүлдейді, тіпті қар астынан, тауда еріп жатқан қарлардың астынан да
байқауға болады. Аздаған өкілдері ғана жазды күні гүлдейді. Тұқымдастың
көптеген түрлері декоротивті. Бақтардан акониттерді, бәрпілерді, шөмішгүл-
водосборларды, немесе аквилегияларды, желайдарларды жиі кездестіруге
болады.
Сарғалдақтар сонымен қатар бірнеше қатар маңызды дәрілік өсімдіктерді
де береді. Мұнда ең басты айтып өтетін көктемдік адонис (Adonis vernalis) –
жүрек-қантамырларының тарылуына жақсы көмек болып табылады. Қазіргі таңда
бұл далалық өсімдіктің табиғи қоры өте азайған. Сондықтан оны қолдан өсіру
тәжірибесі бар. Сарғалдақтардың барлығы алколоидтарға өте бай, сол себепті
тұқымдас қатарында көптеген улы өсімдіктер бар. Кейбір акониттердің таулы
орта азиялық түрлері өте улы өсімдіктер қатарына жатқызылады.
Сарғалдақ туысы (лютик - Ranunculus) 600-дей түрі бар. Бұлардың
көпшілігі өте кең таралған және ылғалы мол жерлердің өсімдіктер жабынында,
ылғалы мол жайылымдарда, батпақтарда және т.б. жерлерде доминант болып
саналады. Сарғалдақтың түрлері барлық континенттнрде кездеседі. Бұрынғы
одақтас республикалардың территориясында 180-дей, ал Қазақстанда 57 түрі
бар. Оладрдың ішіндегі ең кең таралғандары күйдіргі сарғалдақ (лютик едкий
– r. acris) сарғылт сарғалдақ (лютик золотистый – R. auricomus), улы
сарғалдақ (лютик ядовитый – R. sceleratus) және басқалар. Барлық түрлері
негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу біржылдық , барлық
уақытта дерлік улы деп айтуға болады. Гүлінің формуласы: *Ca5 CO5 A∞ G∞

Көкнәр гүлділер қатары (Papaverales), Көкнәр тұқымдасы (Papaveraceae)
Көкнәр тұқымдасы 26 туыс, 250 түрді біріктіреді. Тұқымдастың өкілдері
қоңыржай және субтропикалық аудандарда негізінен Солтүстік жартышарда
тараған. Қазақстанда 8 туысы, 40 түрі кездеседі. Басым түрде бір- және көп
жылдық шөптесін өсімдіктер. Құрамында ақ, сары, тоқ сары түсті латекс
(млечный сок-өзек шырыны) болады. Жапырақтары кезекті, кейде супротивті,
жай, аздап немесе көптеп тілімделген, бөбе жапырақсыз. Гүлдері әртүрлі
типті жалғыздан немесе жоғарғы гүл шоғырында, жиі ірі және ашық түсті,
актиноморфты, кейде дұрыс емес, қосжынысты, гүл қоршауы қосарлы,
тостағаншасы екі мүшелі, гүл жарғанда түседі, күлтесі 4, кейде 6 күлте
жапырақты екі шеңберде орналасқан, аталығы көп, гинецейі паракарпты, 2-16
жемісжапырақтан, аналық аузы отырықты. Көкнәрлер негіщ\зінен насекомдармен
тозаңданады. Жемісі – паракарпты қорпша, жақтаулары немесе жоғарғы
бөлігіндегі саңылаулары арқылы ашылады. Тұқымдары сансыз көптеген, ұсақ,
кішкентай ұрығы және өте майлы эндоспермді.
Өкілдері: көкнәр-мак, сүйелшөп-чистотел, боккония, маклея. Көкнәрлердің
құрамында алколоидтар болады. Олардың ішінде тамақтық, дәрілік және әсемдік
өсімдіктері бар.
Қазақстанның Қызыл кітабына жұқа көкнәр (Papaver tenellum) – сирек түр,
эндемді, тек Шығыс және Орталық-Қазақстан бөліктерінде ғана кездеседі.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
1. Жабық тұқымдыларға қандай өсімдіктер жатады, олардың құрылыстарында
қандай ерекшелік байқалады?
2. Гүл көбеюге бейімделген, мамандандырылған мүше ретінде?
3. Гулдердің түрлері.
4. Қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің құрылысындағы
морфологиялық ерекшеліктерді ата.
5. Қос жарнақтылар класының классификациясының негіздері.
6. Магнолиидтер клас тармағына қандай қатарлар, тұқымдастар, туыстар
жатады, негізгі өкілдерін ата.
7. Ранункулидтер клас тармағына қандай қатарлар, тұқымдастар, туыстар
жатады, негізгі өкілдерін ата.

Әдебиет [1],[3], [5], [6] [7],[8], [11], [12], [13],[16], [17], [20],
[27],[30], [31]

11Тақырып. Қос жарнақтылар класы. Розидтер клас тармағы. Диллениидтер класс
тармағы.
Дәріс мақсаты: Қос жарнақтылар класының Розиддер және Диллениидтер клас
тармақтарының негізгі тұқымдастарымен, туыстарымен, өкілдерімен, олардың
маңызымен таныстыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Розидтер клас тармағы. Негізгі тұқымдастары, туыстары, өкілдері (Раушан
гүлділер, бұршақ гүлділер, шатырша гүлділер). Маңызы.
2. Диллениидтер клас тармағы, негізгі тұқымдастары, өкілдері (асқабақ
гүлділер қатарлары). Маңызы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Розидтер класс тармағы (Rosidae), Раушан гүлділер қатары (Rosales),
Раушангүлділер тұқымдасы (Rosaceae). Тұқымдас 100 туыс, 3000-3350 түрді
біріктіреді. ТМД-да 1200 түрден кем емес түр, 57 туысқа жатады. Қазақстанда
– 36 туыс. 197 түр кездеседі. Сонымен қатар, ТМД елдерінде көптеген түрлері
шет ел флорасынан интродуцияланған. Тұқымдасты гүлдерінің және жемісінің
құрылысына қарай төрт тұқымдас тармағына бөледі: тобылғылар (спирейные-
Spiraeoideae), раушандар (розовые-Rosoideae), алмалар (яблоневые-Maloideae)
және қара өріктер (сливовые-Prunoideae). Тұқымдастың өкілдері жер шарының
барлық жеріне, бірақ кейбір түрлерінің әртүрлері Солтүстік жартышардың
қоңыржай климатты аймақтарында байқалған. Раушангүлділердің ішінен мәңгі
жасыл және жапырақ түсіретін ағаш және бұталар, жартылай бұталар және
шөптесін түрлері белгілі. Жапырақтары кезекті, кейде супротивті, жай немесе
күрделі, бөбе жапырақты. Гүл шоғырлары цимозды немесе ботрикалық, соңғы
жағдайда гүл шоғыры шашақ (кисть) түрінде. Гүлдері дұрыс, қосжынысты, жиі
өте ірі, көптеген раушандардың декоративтік бағасын анықтайды. Гүл қоршауы
қосарлы, тостағаншасы 5, кейде 4 кіріккен тостағанша жапырақтан, кейде
тостағанша астымен қаматамасыз етілген. Күлтелерінің де саны 5 немесе 4,
еркін, аталығына бекінген тәрізді, гипантийдің шетіне – раушандардың
гүлдерінің ерекше бір бөлігі, тостағанша жапырақтардың негіздерінің,
күлтелер және аталықтардың гүл негізінің ұлпаларымен біріккенінен пайда
болған. Гипантийдің пішіні әртүрлі болуы мүмкін: тостағанша тәрізді,
қоңырауша, тостаған. Итмұрындар түрлерінде гипантий тән, олар жеміс
жасалуына қатысады.
Бұршақ гүлділер қатары (Fabales), Бұршақ гүлділер тұқымдасы (Fabaceae)
650 туыс, 17 000-18 000 түрді біріктіреді. ТМД-да 180 туысқа жататын
2000-дай түр кездеседі. Қазақстанда 42 туыс, 669 түр өседі. Тұқымдасты үш
тұқымдас тармағына бөледі: цезельпиндер, мимозалар, бұршақтар. Ірі тұқымдас
тармағы - бұршақтар. Тіршілік формалары ағаш, бұта, лиана, шала бұта,
көпжылдық және бір жылдық шөптесіндер. Тұқымдас өсімдіктерінің шаруашылық
мәні зор. Бағалы азық-түлік және жемшөптік дақылдар болып саналады.
Қазақстанда егістік және көкөністік мәдени бұршақтардан: асбұршақ,
үрмебұршақ, соя, жамбас бұршақ өсіріледі. әсемдік өсімдіктер: сары қараған,
ақ қараған, жұпар бұршақтар. Жапырақтары бірнеше кішкене жапырақтардан
құралатын қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ; қатар салалы, үш құлақты,
саусақ салалы.
Гүлі дұрыс құрылмаған-зигоморфты, гүл қоршауы, күлтежапырақшасының
мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланған, біріккен тостағанша
жапырақтардан – 5 тостағанша, күлтежапырақшадан -5 күлте түзіледі.
Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы
күлтежапырақша – желкен, бүйіріндегісі – ескек, төменгі біріккен екі күлте
жапырақша – қайықша деп аталады.
Қайықша күлтесінің ішінде 10 аталық, бір аналық болады. Аналықтың бір
ғана ұялы түйіні және бірнеше тұқым бүрлері болады. Андроцейдегі аталық
құрылысы туыстарында әртүрлі. Ақмия (софора), тентекмия (термопсис)
туыстарында андроцейдегі 10 аталығы да бірікпеген бос болады, ал бөрібұршақ
(люпин), бекіш (дрок) туыстарында андроцейдегі 10 аталықтары да жіпшелері
арқылы бірігіп кетеді. Бұршақ, жоңышқа, сиыржоңышқа (вика), әйкен (чина)
туыстарының түрлерінде 10 аталықтың 9 бірігіп, 1 бос болады. Күлтенің түсі
әртүрлі: ақ түстен қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Гүл шоғырлары
шашақ гүл, шатыршагүл, жұмыргүл. Жемісі – бұршаққап.
Бұршақтардың дәнінің ерекшелігі – қауыздың көп болуында. Барлық бұршақ
тұқымдастардың тамырынан жуандаған жерінде, яғни тамыр түйнектерін ауадағы
бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады, оларды түйнек
бактериялары деп атайды.
Бұршақ гүлділер тұқымдасының өкілдері: беде-клевер, жоңышқа-люцерна,
түйежоңышқа-донник. Тамақтық маңызды өкілдері: асбұршақ-горох посевной,
жасымық-чечевица, атбасбұршақ-конские бобы, соя, үрмебұршақ-фасоль
обыкновенная, жержаңғақ- земляной орех немесе арахис, және т.б..
Аралия қатары (Araliales), Шатырша гүлділер тұқымдасы (Apiaceae) немесе
(Umbelliferae)
70 туыс, 850 түрді біріктіреді. ТМД елдерінде 7 туысқа жататын аралиялардың
12 түрі өседі. Панакс туысы біздің елде женьшень деген атпен белгілі.
Олардың басым көпшілігі тропикада және субтропикада, түрлердің
әртүрлілігінің орталықтары – Үнді-Малайзия және тропикалық Америкада өседі.
Қазақстанда мәдени түрлері ғана кездеседі.
Аралиялар – кішігірім ағаш немесе бұталар, сирек лианалар және көп жылдық
шөптер. Жапырақтары көпшілігіне қынапты, кезекті, саусақ немесе
қауырсынкүрделі. Олар түскен соң орнында жырық қалады. Шатырша гүлділер 300
туыс, 3 000 түрден тұрады. Жер бетінің барлық жерінде, бірақ көп бөлігі
қоңыржай және субтропикалық облыстарда кездеседі. Қазақстанда – 79 туыс,
227 түр кездеседі. Көпжылдық, екі жылдық немесе бір жылдық шөптесін
өсімдіктер, сирек бұталар. Сабағы мен тұқымының құрамында эфир майлары және
шайыр жолдары бар секреторлы каналдары бар. Жапырақтары жай, бөбе
жапырақсыз, қатты тілімделген, сирек бүтін, сағақтан шыққан қынабымен.
Гүлдері ұсақ, дұрыс, қос немесе дара жынысты, дара күлтелі, дұрыс, қос
үйлі, ботрикалық, жиі ірі гүл шоғырынан. Гүл шоғыры күрделі шатырша, сирек
шоғырбас
Өкілдері: сәбіз (морковь). Жемісі – қостұқымша (вислоплодник). Тұқымы майлы
эндоспермді және кішкентай ұрығымен. Шатыршалардың әртүрлі бөліктерінің
құрамында эфир майлары, шайыр, кумарин, сапониндер, кейде алколоидтар
болады.

Диллениидтер класс тармағы (Dilleniidae) өте ірі класс тармақтың бірі 97
тұқымдасты біріктіреді. Тіршілік формасы әртүрлі, гүлдерінің типтері де
алуан түрлі, қос гүл қоршаулы және ценокарпты гинецейі бар. Практикалық
маңызы зор өкілдерінің бірі шай тұқымдастарының түрлері- қытай шайы.
Актинидиевтар тұқымдасының ағаш лиана актиния туысы дәрумені мол, шырынды
жемісі мен белгілі. Субтропикалық аудандарда киви деген атпен өсіріледі.
Асқабақ тұқымдасы (Cucurbitaceae)
90 туыс, 700 түрді біріктіреді. ТМД елдерінде табиғи 29 және мәдениетті
түрлерінен 5 туыс түрлері, Қазақстанда – 4 туыс, 6 түр өсіріледі.
Асқабақтар ылғалды және қоңыржай құрғақ Азия, Африка және Американың
тропикаларында өседі. Қоңыржай климатты елдерде шектеулі түр сандары
кездеседі, олар асқабақ, қияр, қауын сорттарының түрлерімен белгілі.
Асқабақтар - өрмелегіш өсімдіктер, жапырақтары кезекті, жай, саусақ
салалы жүйкеленген. Әрбір жапыраққа сол буыннан қарама-қарсы бұтақталған
немесе бқұтақталмаған шығу тегі сабақ мұртшалары қандай да бір тіректі
шырмала өседі.
Гүлдері актиноморфты, дара жынысты, бір үйлі, кейде қос үйлі. Гүл
қоршауы қосарлы, бес мүшелі, тостағаншасы азды көпті кіріккен; күлтелері
біріккенкүлте. Аталық гүлдерінде андроцейі 2 аталықтан, олардың 4-нің жібі
жұбымен өседі. Аналық гүлде аталықтары редукцияланған. Гинецейі ценокарпты,
3 кіріккен жемісжапрақшадан түзілген. Түйіні төменгі, бір ұялы, үш
қабырғала плаценталы. Тұқымбүрі көптеген. Бағаналары кіріккен, бірақ аналық
аузы жемісжапрақшаларының санына тең.
Көптеген асқабақтардың құрамында әртүрлі физиологиялық әсері бар
кукурбитацин заты болады. Тұқымдас жемісі тамаққа қолданылатын бақшада
өсетін түрлерімен бағалы. Өкілдері: қарбыз, қауын, асқабақ, люффа.
Көкөністік өкілі – қияр

Әдебиет: [1],[3], [5], [6], [16], [17], [20], [27],[30], [31]

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
1. Розиддтер клас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу-дала практикасы
Өсімдіктер систематикасын зерттеген ғалымдар
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta
Саңырауқұлақтардың топтануы
Микроорганизмдер
Хара балдырлар бөлімі
Балдырлар туралы
Бактериялар систематикасы
Саңырауқұлақтар жайында
Жапырақты сабақты мүктер
Пәндер