Жергілікті өзін-өзі басқару ұғымы



1 Жергілікті өзін.өзі басқару ұғымы
2 Әкімшілік.аумақтық құрылым және жергілікті басқару органдары
3 Жергілікті басқару органдарының құрылу тәртібі, құрылымы мен қызметінің ұйымдастырылуы
Біздің ойымызша жергілікті басқару шетелдердің құқықтық институттары ішіндегі, біз қарастырып отырған конституциялық құқықтар жүйесіндегі, ең күрделісі болып табылады. Сондықтан да әр түрлі елдердің конституциялық институттарының негізгі анықтамаларын, мейлі ол құқық саласы не оқу пәні болғанына қарамастан, белгілі бір құқық жүйесі ретінде қарастыруға болатын болса, ал жергілікті өзін-өзі басқаруды белгілі бір құқықтық институтқа телу қиынның-қиыны. Өйткені, жергілікті басқару әр алуан субъектілер (мысалы, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың заңды құрылымдары, сол секілді жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымдары) тарапынан жүзеге асырылады. Біз жергілікті өкілетті және атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын біртұтас деп қарағанның өзінде, жергілікті қару бір жағынан мемлекеттік органдар, екінші жағынан жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатынына куәміз. Сонда бұл екі орган арасына қандай шек қоюға болады?
Әрине, конституциялық құқык саласын ғылым ретінде де, оқу пәні ретінде де қарай отырып, төмендегідей тұжырымдарға келуімізге болады:
- өкілетті мемлекеттік органдар арқылы жергілікті маңызға ие істерді басқару деп біз белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғындарды жергілікті мемлекеттік басқаруды айтамыз.
- жергілікті өзін-өзі басқару деп, өздеріне тән аумақта мемлекеттік өкімет міндетіне кірмейтін, жергілікті маңызға ие мәселелерді заңда көрсетілгендей сайлау тәртібімен өз өкілдіктерін пайдалана отырып жүзеге асырушы органды айтады (әрине, жергілікті мәселелерді шешуде меклекеттік органдар тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жәрдем көрсетілетінін естен шығармауымыз керек).

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰҒЫМЫ
Біздің ойымызша жергілікті басқару шетелдердің құқықтық институттары
ішіндегі, біз қарастырып отырған конституциялық құқықтар жүйесіндегі, ең
күрделісі болып табылады. Сондықтан да әр түрлі елдердің конституциялық
институттарының негізгі анықтамаларын, мейлі ол құқық саласы не оқу пәні
болғанына қарамастан, белгілі бір құқық жүйесі ретінде қарастыруға болатын
болса, ал жергілікті өзін-өзі басқаруды белгілі бір құқықтық институтқа
телу қиынның-қиыны. Өйткені, жергілікті басқару әр алуан субъектілер
(мысалы, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың заңды құрылымдары,
сол секілді жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымдары) тарапынан
жүзеге асырылады. Біз жергілікті өкілетті және атқарушы органдар мен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарын біртұтас деп қарағанның өзінде,
жергілікті қару бір жағынан мемлекеттік органдар, екінші жағынан жергілікті
өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатынына куәміз. Сонда бұл
екі орган арасына қандай шек қоюға болады?
Әрине, конституциялық құқык саласын ғылым ретінде де, оқу пәні ретінде
де қарай отырып, төмендегідей тұжырымдарға келуімізге болады:
- өкілетті мемлекеттік органдар арқылы жергілікті маңызға ие істерді
басқару деп біз белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғындарды
жергілікті мемлекеттік басқаруды айтамыз.
- жергілікті өзін-өзі басқару деп, өздеріне тән аумақта мемлекеттік
өкімет міндетіне кірмейтін, жергілікті маңызға ие мәселелерді заңда
көрсетілгендей сайлау тәртібімен өз өкілдіктерін пайдалана отырып жүзеге
асырушы органды айтады (әрине, жергілікті мәселелерді шешуде меклекеттік
органдар тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жәрдем
көрсетілетінін естен шығармауымыз керек).
Дегенмен, бұл жергілікті басқару институттары белсенді жұмыс істеулері
үшін төмендегі ең қажетті өкілеттіктерге ие болулары керек:
- ресми түрде тұрғандардың нақты әкімшілік-аумақтық бірлігі (аумағы)
болуы;
- жергілікті маңыздағы істерді белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлік
(аумақ) шеңберінде өзі басқаруы;
- өзінін жеке атқарушы аппараты болуы;
өзінің жеке материалдық базасы (соның ішінде муниципальдық меншік түрінде)
болуы;
- жергілікті салықтарды белгілеп әрі оны жинауы, сондай-ақ белгіленген
тәртіпте нормативтік актілер шығаруы.
Міне, осы айтылғандарға сүйене отырып, жергілікті (немесе
муниципальдық) басқарудың шетелдердегі анықтамасын былайша айтуға әбден
болады. Бұл жергілікті маңызға ие істерді басқкаруды сайлау жолымен не
болмаса заңда бекітілген басқадай тәртіппен құрылған органдар арқылы
басқару болып табылады.
Ол — өзіне тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының өкілетті
өкілі.
Ескерту. Шетелдердің бірқатарында жергілікті басқару мемлекеттік
басқарудың ең маңызды бір бөлшегі болып есептеледі. Мысалы, АҚШ-та
муниципальдық қызметте мемлекеттік қызметтің жалдамалы қызметкерлерінің
жалпы санының 50 процентке таяуы бар. Ал, ФРГ-да мемлекеттік
қызметкерлердің 30 проценттен жергілікті басқару органдарында жұмыс
істейді.
Оның үстіне, жергілікті басқарудағы сайланбалы органдар көптеген
мемлекеттердің (мысалы, Ресей, Индия, Түрікменстан, Испания, Жапония)
өкілдік жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады.
Жергілікті басқаруды конституциялық құқық шеңберіндегі оқулық пәні
ретінде ғана қарап әңгімеледік әрі олардың көзге көрініп тұрған жақтарына
әсіресе жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың
айырмашылықтарына назар аудардық.

Әкімшілік-аумақтық құрылым және жергілікті басқару органдары
Ашығын айтсақ, мемлекеттік әкімшілік-аумақтык құрылымы мемлекеттің
өзінің белсенді қызметін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтыны құпия
да, жаңалық та емес.
Унитарлық мемлекеттерде әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері, сөз
жоқ, тек белгілі бір елдің жоғарғы мемлекеттік органдары құзырында болса,
ал федеративтік елдерде — олардың субьектілері құзырында болады.
Кез келген елдердің әкімшілік-аумақтық құрылымына көз жүгірткенде
нақты жайларды көруге болады. Мысалы, Франция аумағы 95 департаментке
бөлінеді, Италия — 20 облыстан, Жапония —47 префектурадан (олардағы
тұрғындар саны 500 мыңнан 12 млн.дейін) тұрады. Әрине, бұл айтылған
елдердің бәрінде де өте майда әкімшілік-аумақтық бірліктер де бар.
"Өзбекстан Республикасы — делінген бұл елдің Конституциясының 68-
бабында,—облыстардан, аудандардан, поселкалардан, қыстақтардан, ауылдардан
және сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасынан тұрады". Қарақалпақстан
Республикасының, облыстарының, қалаларының, аудандарының шекараларын тек
Өзбекстан Республикасы Президенті Өзбекстан Республикасы Ұлы Мәжілісі
келісімімен ғана өзгерте алады.
Ал, Армения Республикасында әкімшілік-аумақтық бірліктер болып
облыстар және қауымдастықтар (қала, қыстақ) табылады.
Молдова Республикасының Конституциясына сәйкес бұл елдің аумағы
әкімшілік тұрғыдан аудан, қала және қыстақтарға бөлінеді. Заңда
көрсетілгендей кейбір қалалар муниципия деп танылуы мүмкін. Көпшілікті
басқару өкіметін қыстақтар мен қалалардағы сайланбалы жергілікті кеңестер
мен примарлардан тұратын жергілікті автономия жүзеге асырады.
Заңға сәйкес жергілікті кеңестер мен примарлар жеке басқарушы өкімет
ретінде әрекет етіп, қыстақтар мен қалалардағы қоғамдық істерді шешеді.
Шетелдердегі жергілікті басқару органдарының міндеттері заң тәртібімен
(мысалы, АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Болгария, Молдова Республикасы,
Литва, Түркия, Түрікменстан және т.б. бірқатар елдерде) шешіледі. Сондықтан
бірқатар шетел мемлекеттері заңдары жергілікті басқару органдары
өкілеттігін міндетті және міндетті емес деп те бөлетінін айта кеткеніміз
жөн. Мұндағы бірінші топқа жататын мәселелер көбіне, жалпы мемлекеттік
маңызға ие болады, ал міндетті емес топка жергілікті басқару органдарының
өз қараулары бойынша жүзеге асырылатын мәселелерге өкілеттіктері айтылады.
Шетелдердің заңдары жергілікті басқару органдарының негізгі қаржылық
қайнар көздерін де анықтап береді. Олар негізінен өз табыстарынан, елдің
мемлекеттік бюджетінен берілетін дотациядан және тұрғындардан алынатын әр
түрлі салықтар мен жинаулардан тұрады. Табыстың негізгі бөлігін
қозғалмайтын мүлікке салынатын салықтар құрайтынын ескерте кетеміз.
Жергілікті басқару органдарына үкімет тарапынан берілетін субсидия
тәжірибеде өте кең тарап отыр. Көп елдерде мұндай жәрдемнің көлемі
муниципалитеттің барлық табыстарының 15-тен 60 процентке дейінгі мөлшерін
камтиды.

Жергілікті басқару органдарының құрылу тәртібі, құрылымы мен қызметінің
ұйымдастырылуы
Көптеген шетелдерде жергілікті басқару сайлау органдары мен атқарушы
аппараттар арқылы жүзеге асырылады. Әдетте, жергілікті басқару органдарын
(ЖБО) сайлау реттері заңмен белгіленеді. Әрине, мұндай жағдайда әрбір елде
кандидаттарды ұсыну мен оларды сайлаудың өзіне тән ерекшеліктері болады.
Мысалы, АҚШ-та муниципальдық кеңеске сайлау өткізуде бірмандатты және
көпмандатты округтер құрылады. Ал, Ұлыбританияда графтар кеңесі мүшелері
бірмандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Францияда департаменттердің
бас кеңестері екі турда өтетін мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. Ал,
енді, айталық, Италияда жергілікті басқару органдарының сайланатын
мүшелеріне сайлаушылар міндеттер жүктей алмайды.
Муниципальдық кеңестер әр түрлі мерзімге сайланады. Мысалы,
Ұлыбританияда — төрт жылға, Францияда — алты жылға, Италияда — бес жылға,
Жапонияда — төрт жылға, т.с.с., сайланады. Беларусь Республикасында
жергілікті кеңес депутаттары төрт жыл мерзімге сайланады.
Муниципальдық кеңестер саны жағынан да әр түрлі. Мысалы, АҚШ-та — 5
-тен 50 -ге дейін, Францияда —9 -дан 165 -ке дейін, Италияда — 15 -тен 80
-ге дейін, Жапонияда — 12 -ден 120 -ға дейін, Ұлыбританияда — 70 адам
шамасында.
Муниципальдық кеңестердің негізгі жұмыс түрі отырыс болып табылады.
Бұл отырыстар сессиялық тәртіппен өткізіледі.
Мысалы, Франция мен Жапонияда бұл сессиялар жылына 4 реттен кем
өткізілмесе, АҚШ-та айына 1 -ден 4 ретке дейін өткізіледі.
Бұл арада біз (ЖБО) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Сайлау құқығы жайлы
Жергілікті өкілді органдар қызметінің принциптері
Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Муниципалдық құқық
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі. ҚР Азаматтық құқығы туралы жалпы ұғым
Сайлау органдары
Пәндер