Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу



Кіріспе
1 1.Тарау. Қазақстан Республикасында жер қатынастарын реформасы
2 2.Тарау. Жер кадастрінің негіздері
3 3.тарау. Қазақстан республикасының жер қоры
4 4.тарау. Жер кадастры барысында мәліметтерді алу, өндеу және талдау әдістері
5 5.тарау.Топырақтарды бонитеттеу және ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау
6 6.тарау. Жер нарығының қалыптасуы
7 6.1 Жерді кадастрлық аймақтау және санаттар бойынша бағалау әдістері
8 6.2 Жерді пайдаланудың ақылылығы, салық салу және жалға беру төлемі
7. Жерге төлем ақыны айқындау әдістемесі.
9 8.тарау. Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
10 9.тарау. Жер учаскелерін тіркеу мен жерледі есепке алу, есеп беруді құрастыру және ақпаратты беру жұмыстарын автоматтандыру
11 Қолданылған әдебиеттер
12 Қосымша
Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала /Астана және Алматы/ арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи – шаруашылық аумақ пен 2 табиғи – шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл /112,2 млн га/, шөлейт /37,3 млн га/ және дала /62,4 млн га/ аумақтарында болып отыр. Барлық жер қоры жеті санатқа бөлінеді, оның ішінде – 34,4 ауыл шарашылық мақсатындағы жерлер, 43,9 мемлекеттік запастағы жерлер, 7,5 елді мекендердің жерлері, 4,1 өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер, 4,0 орман, 1,3 су қорлары, ал ерекше қорғалынатын табиғи аумақтардың жерлері 0,55 пайыз құрайды. Республикада 161 әкімшілік аудан, қалалар мен поселкелердің саны – 302, ал ауылды елді мекендердің саны 7164 құрайды. Бұл көрсеткіштер республика жер қорының мол болуын, ал табиғи шаруашылықты жағдайының бірдей еместігін және әкімшілік бөлімдерінің көптігін көрсетеді.
Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін түсіну үшін оқулықта жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық жағдайларына мол көңіл бөлінді. Ғылыми еңбектерге сүйеніп, Қазақстан территориясында тұрған халықтардың жер қатынастарының дамуы көне заманнан Ресейге қосылғанға шейін сарапталды. Қазақстандағы көшпелі қалықта ұзақ мерзімде феодалдық жеке және феодалдық-рулық /тумалық/ жер /жайлым және шабындықтарға/ меншіктік формалары дамыды, ал суармалы егістік жер учаскелеріне /егіншілік оазистерде, оңтүстік аумақтарда/ көне заманнан бері жеке меншік орнатылған. Ресейге қосылғаннан кейін, 1917 жылға дейін Қазақстанда Ресейдің жер қатынастары орын ала бастады және колониалдық жер саясаты мақсаты орындалды. Совет үкіметі уақытында барлық республиканың жерлері мемлекеттік меншікке ауысты, азаматтар мен мемлекеттік заңды тұлғалар ғана жерді пайдалануға құқықты болды.
1. Конституция Республики Казахстан - Алматы: Казахстан, 1995.
2. "О земле" Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 22 декабря 1995г., №2718. Земельное законодательство Республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов//. - Алматы: Жети жаргы, 1998. - с.7-77.
3. Земельный кодекс Республики Казахстан – Астана, Казахстанская правда от 23.06.2003.
4. Архипов И. Г. Земельное право Республики Казахстан-. Алматы, Борки, 1997.
5. Временная методика по определению нормативной цены сельскохозяйственных угодий - Алматы: Госкомзем, 1995.
6. Государственный (национальный) доклад «О состоянии и использовании земель Республики Казахстан на 1 ноября 2003 годаң. - Астана: Государственное агентство по управлению земельными ресурсами, 2003.
7. Земельное законодательство республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов (с комментариями)// - Алматы: Жети жаргы, 1998.
8. Подольский Л.И. Научные основы оценки земель. «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстанаң, Ж., НИЦ «Бастауң, Алматы, 1997. -с.29-36.
9. Порядок купли-продажи гражданами и юридическими лицами Республики Казахстан права пожизненного наследуемого владения, права пользования либо права аренды земельных участков. Земельное законодательство Республики Казахстан - //Сб. нормативно-правовых актов. -Алматы: Жети жаргы, 1998.- с.93-99.
10. Руководящие принципы управления земельными ресурсами. - Европейская экономическая комиссия. ООН.- Нью-Йорк, Женева, 1996.
11. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр Казахстана. - Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2000.
12. Сейфуллин Ж.Т. Управление земельными ресурсами.- Алматы.: КазНАУ, 2004.
13. Эккерт Д.К. Оценка земельной собственности. - К., Красная гора, 1993.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

әл – Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану
факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

Сейфуллин Ж.Т., Сейтхамзина Г.Ж.

ЖЕРДІ КАДАСТРЛЫҚ АЙМАҚТАУ, БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖЕР САЛЫҒЫН САЛУ

Электрондық оқу құралы

Алматы

2011

Сейфуллин Ж.Т., Сейтхамзина Г.Ж. Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және
жер салығын салу (электрондық Оқу құралы) – Алматы: 2011 – 188 бет.

Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу оқулығы
мамандық бойынша мемлекеттік стандартқа және типтік бағдарламаға сәйкес
дайындалған және республикада тұңғыш рет шығарылып отыр. Оқулықта Қазақстан
Республикасы мемлекеттік жер кадастры жаңа жүйесінің ғылыми-әдістемелік
негіздері баяндалады. Онда Қазақстандағы жер қатынастарының тарихи,
құқықтық және экономикалық даму негіздері, жер реформасының жүйелілігі мен
мазмұны, республика жер қорының құрамы мен жағдайы туралы айтылады. Қазіргі
заманғы нарықтық жағдайда автоматтырылған жаңа қүрылыпжатқан жер кадастрдың
жүйесінің мақсаттары мен мәселелері, объектісі, принциптері және құрамды
бөліктері, жерді есептеу, кадастрлық аймақтау,бағалау, салықтандыру және
жер учаскелерін мемлекеттік тіркеуді жүргізу мен мемлекеттік жылдық жер
есебін дайындаулар әдістері баяндалған. Жер кадастрының автоматтандырылған
ақпаратты жүйесі ААЖ және жер нарқының құрылуына, жер учаскелерімен
нарықтық операциялар жүргізуге үлкен орын бөлінген.

Оқу құралы басылымға география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасымен
ұсынылған (протокол № 1, 22. 08. 2011 ж.), География және табиғатты
пайдалану факультетінің Ғылыми кенесімен ұсынылған (протокол №1 22. 08.
2011 ж.).

Мазмұны

Кіріспе 6
1 1-Тарау. Қазақстан Республикасында 8
жер қатынастарын реформасы
2 2-Тарау. Жер кадастрінің негіздері 46
3 3-тарау. Қазақстан республикасының 70
жер қоры
4 4-тарау. Жер кадастры барысында 80
мәліметтерді алу, өндеу және талдау
әдістері
5 5-тарау.Топырақтарды бонитеттеу және97
ауыл шаруашылық алқаптарды
экономикалық бағалау
6 6-тарау. Жер нарығының қалыптасуы 113
7 6.1 Жерді кадастрлық аймақтау және 113
санаттар бойынша бағалау әдістері
8 6.2 Жерді пайдаланудың ақылылығы, 132
салық салу және жалға беру төлемі
7. Жерге төлем ақыны айқындау 137
әдістемесі.
9 8-тарау. Жер кадастрының
автоматтандырылған ақпараттық жүйесі144
10 9-тарау. Жер учаскелерін тіркеу мен 155
жерледі есепке алу, есеп беруді
құрастыру және ақпаратты беру
жұмыстарын автоматтандыру
11 Қолданылған әдебиеттер 163
12 Қосымша 164





КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі
мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс
және 2 қала Астана және Алматы арасында бөлінген. Республиканың
территориясында 8 табиғи – шаруашылық аумақ пен 2 табиғи – шаруашылық облыс
бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл 112,2 млн га, шөлейт
37,3 млн га және дала 62,4 млн га аумақтарында болып отыр. Барлық жер
қоры жеті санатқа бөлінеді, оның ішінде – 34,4 ауыл шарашылық мақсатындағы
жерлер, 43,9 мемлекеттік запастағы жерлер, 7,5 елді мекендердің жерлері,
4,1 өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес
жерлер, 4,0 орман, 1,3 су қорлары, ал ерекше қорғалынатын табиғи
аумақтардың жерлері 0,55 пайыз құрайды. Республикада 161 әкімшілік аудан,
қалалар мен поселкелердің саны – 302, ал ауылды елді мекендердің саны 7164
құрайды. Бұл көрсеткіштер республика жер қорының мол болуын, ал табиғи
шаруашылықты жағдайының бірдей еместігін және әкімшілік бөлімдерінің
көптігін көрсетеді.
Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін түсіну үшін оқулықта жер
қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық жағдайларына мол көңіл
бөлінді. Ғылыми еңбектерге сүйеніп, Қазақстан территориясында тұрған
халықтардың жер қатынастарының дамуы көне заманнан Ресейге қосылғанға шейін
сарапталды. Қазақстандағы көшпелі қалықта ұзақ мерзімде феодалдық жеке және
феодалдық-рулық тумалық жер жайлым және шабындықтарға меншіктік
формалары дамыды, ал суармалы егістік жер учаскелеріне егіншілік
оазистерде, оңтүстік аумақтарда көне заманнан бері жеке меншік орнатылған.
Ресейге қосылғаннан кейін, 1917 жылға дейін Қазақстанда Ресейдің жер
қатынастары орын ала бастады және колониалдық жер саясаты мақсаты
орындалды. Совет үкіметі уақытында барлық республиканың жерлері мемлекеттік
меншікке ауысты, азаматтар мен мемлекеттік заңды тұлғалар ғана жерді
пайдалануға құқықты болды.
1990 жылдан бастап Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі басталды,
Қазақ ССР-нің жаңа Жер кодексі еңгізілді, "Меншік туралы", "Қожалық
шаруашылығы туралы", "Қазақ ССР-де жер реформасы туралы" т.б. заңдар
қабылданды. Республика Конституциясында 1995ж. мемлекеттік жер меншігімен
қатар жеке меншік еңгізілді. "Жер туралы" 1995ж. Президент Жарлығында,
2003 жылғы ҚР жер кодексінде, мемлекеттік және жерге жеке меншік
орнатылуының ережелері мен заңдылықтары бекітілген, жер реформасы
мақсаттарын орнатудың заңды жолдары көрсетілген, жер ресурстарын басқарушы
органдардың жерді үйлестіру және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі
мен ережелері бекітілген.
Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу пәнінің
типтік оқу багдарламасы бойынша: студент осы пәнді оқып мынадай
тақырыптарды білу керек - Қазақстанда, Ресейде және басқа мемлекеттерде жер
кадастрының даму тарихын, жер кадастрдың, жер учаскелердін мемлекеттик
тіркеу және жерді есепке алу, жерді аймақтау, бағалау және жер салығын салу
жумыстарының негізін, мемлекеттік жер кадастрдың басқа пәндермен және
ғылымның салаларымен байланысын.
Пәнді оқығыннан кейін студент мынадай білім алу керек: жер
учаскелерді мемлекеттік тіркеуының процессін, негізгі және күнділікті жер
есебін жүргізуының әдістерін,жерді аймақтау мен бағалау, жер сағын салу,
оған қолданатын күжаттарды, олардың толтыру әдістерін және ол жумыстарды
компьютерлік технологиямен жасауын, жиналған мәліметтерді зерттеу, талдау,
және сақтауын қарастыру мен жылдық ауданның (облыстын) мемлекеттік жер
есебін (балансын) жасауды үйрену.
Бул, жер кадастрлық жумыстарды жақсы уғу үшін студент жаңа әдістер
мен технологияларды, компьютерлік бағдарламаларды жақсы менгеру керек.
Сонда ғана оқушы, бакалавр дипломын алғанда, мемлекеттік көп функционалдық
ақпараттық жер кадастры жүйесін менгеріп жер учаскелерді мемлекеттік тіркеу
және жерді есепке алу жумыстарын жақсы денгейде жаса алатын болады.
Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер сағын салу пәңді жақсы
менгеру үшин студент мынадай пәңдерді білу керек: топырақ тану, геодезия,
жер қуқығы, картография, информатика, жерге орналастыру жэне жалпы жер
кадастрын.

Дәрістер мен лабораториялық жұмыстардың ұсынған тақырыбы

Жер қатынастар түсінігі, олардың Қазақстанда дамуының тарихы,
құқықтық және экономикалық ерекшеліктері. Қазақстандағы жер реформасы, оның
мақсаты, ерекшелігі, қазіргі жетістігі, дамуы. Мемлекеттік жер кадастры,
оның дамуының ерекшелігі, тарихы, қазіргі жағдайы. Мемлекеттік көп
функционалдық ақпараттық жер кадастрын құру процессы, ол жүйенің құрамы,
принціптері, методикалық әдістері, құқықтық және экономикалық негізі.
Мемлекеттік жер кадастрының жумысын жүргізу әдістері мен ерекшелігі,
кадастрлық, ақпаратты жинау, талдау, топтастыру, түрлеріне болу. Жер
кадастрының базалық құжаттары, жоспарлар мен картографиялық құжаттар,
оларды қолдану әдістері. Қазақстанның жер қоры, оның сипаттамасы,
санаттары, казіргі жағдайы, меншік пен пайдаланушыларға бөлінуі. Жерге
меншіктің және жерді пайдаланудың түрлері, олардың ерекшеліктері мен
құқықтық негізі. Мемлекеттік жер учаскелерді тіркеу, олардың меншігі мен
пайдалану түрлері бойынша, бұл жумыстардың технологиясы, тәртібі, құжаттар,
олардың орны мен толтыруы тәртібі, бул жұмыстарды автоматтандыру.
Жер есебінің түрлері мен мақсаты, Сандық жер есебі, алаптардың
түрлері, олардың сипаттамасы, есептін жүргізу әдістері мен технологиясы.
Сапалық жер есебі, жерді сапасымен топтауы, сапалық есептің керектігі мен
орны. Топырақтардың сапалық сипаттамасы, механикалық, физикалық құрылымы,
шабындықтар мен жайлымдардың сапалық сипаттамасын есепке алу. Жерді
санаттарына бөліп кадастрлық аймақтау, жер учаскелерді нарықтық бағалау
және жер салығын салу.
Республикада жер реформасы даму жағдайында жер ресурстарын басқару
жаңа жүйесінің құрылуы өте қажетті. Кәзіргі уақытта, барлық мемлекеттік
органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын
орындайтын республикалық жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесіне кіріп
отыр. Жерді үйлестіру, мемлекеттік басты жер қатынастарын өзгерту құрал
болып саналады, бірақта реформа жағдайында оның функциялары мен жүргізу
әдістері өзгерді. Жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің негізі болып
мемлекеттік жер кадастры саналады. Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда
көпфункционалдық, ғылыми-техникалық және ақпараттық жүйе болып қалыптасып
келеді. Жер кадастрының ішінде үш блок қалыптасты - құқықтық, қаржылық және
көпфункционалдық. Ал көпфункционалдық кадастрдың ішінде атқарушы, орталық
негізі болып автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қалыптасты, бұл жүйе
республикалық жер туралы ақпараттық банк рөлін атқарады.
Сондықтан, жер кадастрының жаңа жүйесі негіздерін, оның ішінде жер
учаскелерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу,жерді кадастрлық аймақтау,
бағалау және жер салығын салу жумастарын ғылыми дәлелдеп көрсеткен оқулық,
жоғары және орта, оқу орындары студенттеріне, мұғалімдерге, магистрлерге,
аспитранттарға және жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесі, мемлекеттік
жергілікті атқару органдары мамандарына керекті құрал болады деп сенеміз.
Оқулықты жазған авторлардың үлесі мынадай – Сейфуллин Ж.Т. Кіріспе, 1, 2,
3, 4, 5-тараулар, Сейтхамзина Г.Ж. 6, 7, 8, 9-тараулар.

1- ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ

Қоғам өміріне қажетті материалдық жағдайлардың ішінде жер негізгі
орын алады, ол экономикалық әрекеттер төңірегінде маңызды қызметтерді
атқарады. Ауыл шаруашылығында жер-өндірістің басты бөлігі, өндірістік және
басқа әлеуметтік істердің негізі. Табиғи объектісі және адамзат
әрекеттерінің кеңістік орны ретінде жер қызметтерінің әмбебаптығынан жерді
меншіктеу мәселе көпжақты, күрделі, бір мағыналы емес болып келді. Жерге
меншік қатынастарын реформалау мәселелері жер қатынастарының іргелі
бастауын қамтиды.
Меншіктік қатынастарды өзгерту мағынасы келесі фактілермен
себептеледі. Ескі меншік қатынастарын өзгерту, нарықтық экономикаға көшу
шартты нарықтық қатынастарының міндетті қасиеті, белгісі болып келеді.
Сонымен қатар бірыңғай мемлекеттің меншігінде болған республиканың аса көп
жер қоры өте-мөте азған,тозған күйде. Жерлердің басым бөлігі, әсіресе
егіндік жерлер құнарлығын жоғалтты, ал сондай-ақ көптеген жер алқаптары
былғанып, зиянды, соның ішінде радиоактивтік заттармен ластанды. Осы
экологиялық қауіпті қатерлердің шын аумағы тек қана мамандарға белгілі.
Республикамыздың барлық халық шаруашылық кешені жүйелі жағдайда аграрлық
бөлімдегі жекеленудің іс-әрекеттері жер пайдалануды жақсартуға әкелген жоқ.
Керісінше кей жағдайда жыртылған құнарлы учаскелер және суармалы ауыл
шаруашылық жерлері айналымнан шығып қалды.
Қазақстанда халықтың көпшілігі, нарықтық экономиканың барысын дұрыс
түсініп, кіші және орта бизнес, соның ішінде аграрлық бизнестік іске
кірісіп кетті. Нарық қатынастарында өз орнын тауып жатқан әр саланың
кәсіпорындар саны күннен күнге өсіп келеді.
Жер қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігі нарықтық экономиканың
туындап, дамуымен себептеліп отыр. Бірақ, мұнда жерге жеке меншік құқығын
тек қана жариялаумен шектелмегені жөн. Мұнда жеке меншіктікті енгізе отыра,
жалпы мемлекеттік, ұлтық, әр жеке азаматтың мүддесі ескерілуі және жер
қатынастары дамуында әділеттік принцип іске асырылуы керек. Республика
ерекшеліктерін ескере отыра, санатқа нысаналы арналуына, жерге меншік
құқығының субъектісіне жерлерді жеке меншікке беру шартын, негізін,
тәртібін, құқықтық режімін жеке зерттеу қажет. Осы мәселелер дұрыс және
әділетті шешілсе, жерлерді жекешелендіруден туындауы мүмкін қолайсыздықтар
азаяды және тіпті жойылады. Мұндайда заң актілерінде жерге мемлекеттік және
жеке меншік түрлерінің теңдік және қатарлық принципі сақталуы керек. Кейін,
аздап жеке меншік түрі кеңейтілгені жөн. Сөйтіп, жерлерді қайта құруға
эволюциялық сипат беру керек.

1.1. Қазақ Республикасында жерге меншік құқығының түсінігі
Меншік құқығы Қазақстан құқық салаларының негізгі институты болып
табылады. Нарық қатынастарының дамуымен, жерге жеке меншік құқығы
қалыптасуымен байланысты жер құқығында бұл институт мағынасы өсіп отыр.
Адамзаттың өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктің жалғыз қайнар
көзіне қоғамдық өндіріс процесі жатады. Бірақ жердің өзіне ғана тән
ерекшеліктері болады. Мысалы, жер адам еңбегінің нәтижесі, өнімі емес, ол
табиғаттың бір бөлігі, жер беті көлемін адам өзінің қажеттілігі үшін
өзгерте алмайды. Табиғаттан материалдық игілік алу үшін, адамдар бір-
бірімен өзара қатынастарға түседі қоғамдық қатынастар. Ол қатынастардың
мәні – сол материалдық игіліктерді өздеріне меншіктеп алу. Меншік -
қоғамдық қатынастардың бір түрі. Мұнда бір тұлға белгілі заттарға иелік
жүргізіп, басқа тұлғаларды осы билікке араластырмайды. Меншіктің барлық
түрлеріне бірдей құқық құзыреті тән, олардың мазмұндары және аумақтары әр
түрлі.
Жерді иемдену құқығы - Қазақстанның жер учаскесін немесе жер қорының
белгілі бөлігіне заң негізінде нақты қожалық ету мүмкіндігі.
Заңға сыйса, меншік иесі емес те жерге ие бола алады. Қарсы жағдайда,
жерге өз еркімен иелік жасау, басып алу немесе өз еркімен жерді беру, заң
жүзінде жауапкершілікке тартылады.
Кәдімгі мүлікті меншік иесі өзінің қажетіне қарай оларды ауыстыруға
мүмкіндігі бар басқа мекенге апару, қоймаға жабу және т.б.. Ал жерді
иемдену дегеніміз - белгілі шарттылық ұғым, жерді басқа жерге ауыстыруға
болмайды, сондықтан оған қожалық жасау шектеліп отырады. Жерді иемдену
жерді үйлестіру жобасын натураға көшіру-жер учаскесі шекараларын бекіту
жолдарымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар жерлерді аймақтарға бөлу, бас
жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және мекендерде қала
салу құжаттардың басқа түріне сәйкес пайдалану жолымен оларды иемденуге
болады.
Жерді пайдалану құқығы – жерлерді шаруашылық және басқа пайдаға
асыру, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру мақсаты үшін оның пайдалы
қажеттерін алу заң жүзіндегі мүмкіндік. Бұл құқық екі негізгі түрлерде
байқалады:
а) жер учаскесін пайдалану бойынша меншік иесінің құқығы және жер
иесінің құқығын іске асыруға болатын тәсіл;
б) құрылыс, ғимараттар салу және мелиоративтік жүмыстар жүргізу
жолымен жерде еркін шаруалау.
Жерге билік ету құқығы – осы нысаны заңдық тағдырын заң жүзімен
анықтау.
Меншік иесі емес жалға алушы жер иесінде бұл құқық жоқ немесе ол
шектелген және тек қана меншік исінің келісуі бойынша ғана жүзеге асады.
Жерге билік етудің үш негізгі түрі болады:
а) жердің жер учаскесінің нақты жай-күйінің өзгеруі;
оның, әсіресе жердің заңдық статусының өзгеруі;
б) жерлердің құқықтық тәртібінің өзгеруі жерді меншік
иесінің сатуы;
в) жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын тұлғалар құрамындағы
өзгерістер.
Осы аталған жерге меншік құқығының жерді иелену, пайдалану және билеу
құқылылық субъективтік мағынада құқықтың әр-түрлі сапалары нормаларында
кездеседі:
1 мемлекеттік құқық нормаларында;
2 әкімшілік құқық нормаларында мемлекеттік кәсіпорын басқару бойынша
министрліктердің және ведомстолардың құқылықтары;
3 азаматтық құқық нормаларында жерді мұра етіп қалдыру, сату, сатып алу,
кепілдікке беру және жермен басқа операциялар жасау құқықтарын жүзеге асыру
тәртібі бекітілген;
4 қаржылық құқық нормаларында жерлерді пайдалану бойынша шараларды
қаржыландыру және жер учаскелеріне меншік қатынастарын жүзеге асыру
қолданатын қаржы-құқылық жазалау шараларын қолдану ережелері анықталады;
5 қылмыстық құқық нормаларында жер учаскелерін өз еркімен алып қою,
жерлерді иемдену, пайдалану және жер учаскелерімен мәміле жасаудағы
ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленеді.
Жер қатынастарын жерге жеке және басқа нысандағы меншігіне
негізделінген мемлекеттік реттеу әртүрлі өзгерісте барлық дамыған шет
мемелкеттерге тән. Мемлекеттің даму деңгейі жоғары болған сайын, онда жерге
жеке меншіктікті реттеу қатаңдай түседі.

1.2. Шет елдегі АҚШ, Англия, Франция жерге меншік құқығы
АҚШ-ғы жерге меншік құқығы. АҚШ жерге меншік құқығын талдауда Америка
континентін ағылшын отарлау дәуіріндегі тарихи жерге жеке меншіктің пайда
болғанын ескеру керек. Гомстед аттылы 1862 ж. американ заңы бойынша әр
американ азаматы босалқы жерлерден жер учаскесін алуға құқығы болған. Бос
жерлер жергілікті үндіс тайпаларын жүйелі түрде қыру және шөлейт, құнарсыз
жерлеге ығыстырумен алынып отырған. Ауыл шаруашылық аудандардың көбісі ірі
егіншілік қожалықтар қолында отыр. Жерлердің барлық көлемінің 38%
мемлекеттік меншік құрады 62% жер жеке меншігінде. Жерлерді пайдалану
үшін жерлердің жарамдылығы аз тау, құм, тундра штаттарда олардың 50-75%
мемлекеттің меншігінде, ал Аляска штатында - 100% жер мемлекет қолында
отыр.
Бос және ешкім мекендемеген жерлерді мемлекеттік меншіктеу құқығы
федералдық заңда жазылған . Осы елде мұндай жерлерді публикалық домэн
Publіc Domaіn деп атайды. Бұл жерлер босалқы жер қорын құрады. Ал қор
федералдық үкімет билігінде болады. Жер иесіз қалса, ол мемлекетке
аударылады.
АҚШ президентіне өз қарауы бойынша кез келген гидроэнергетика,
ирригация және басқа пайдалы мақсаттар үшін қажетті жерлерді мемлекеттік
қордан алу құқығы табысталған. Бос жерлерге мемлекеттік меншік құқығы заң
бойынша жеке кәсіпкер мүддесіне нұқсан келтірмеу керек. Әсіресе су, жер
қайнауларын пайдалану мәселесінде ерекше қаралған. Сондықтан барлық жер
қоры ізденістер және пайдалы кендерді барлау үшін ашық, қол жетерлік болуға
тиісті. АҚШ тау заңдарына сәйкес жеке тұлғалар жер қойнауларын пайдалану
мақсатымен сол жерлерді сатып алуға мүмкіндігі бар. Басқа жағынан, егер
мемлекеттің ирригациялық және басқа мақсаттар үшін алған жерлері сол
мақсаттар үшін керек болмай қалған жағдайда, ішкі істер министірлігі сол
жерлерді бағалап, ашық сауда арқылы АҚШ азаматтарына сатуға құқылы.
Мемлекет жерлері қойнауларының құқықтық тәртібін анықтаушы жалпы
ереже бойынша барлық жағдайда пайдалы кеңдері мен құнды жерлерді сатуға
болмайды заңда арнайы көрсетілген жағдайлардан басқа.
Федералдық үкімет жағынан суға билік ету құқығы барлық бос жерлерге
меншік құқығына негізделеді. Сонымен қоса штаттар өзінше бос су түсінігін
анықтап, сол суларды пайдалану тәртібін белгілейді. Бір штаттарда су бос
деп жарияланып, мемлекеттің басқаруымен жалпы пайдалануға берілді. Басқа
штаттарда, жағалаулық құқықы бойынша жеке меншіктегі сулардан басқа барлық
сулар бос деп саналады. Бұл жағдайлар Аризона, Айдахо, Солтүстік Дакота,
Калифорния, Колорадо, Нью-Мехико штаттарында байқалады. АҚШ жер заңында
жерге, қойнауларға, суға жеке меншіктің басымдылығы айқын көрінеді.
Заңдарда, кодекстерде, статустарда жерге ең жоғарғы меншік мемлекеттік деп
көрсетілсе де, жер қатынастарының басты принципі ретінде жерге абсалюттік
жеке меншік бекітілген.
АҚШ жер меншіктерінің нысандарын түсіну үшін ағылшын-американдық
институттар үшін ең негізгі "estate" деген сөзді ұғыну қажет. "Estate"
иеліктегі немесе иелік болатын, ұзақтығымен өлшенетін жерге құқық деген
ұғым. Сондықтан "estate" сөзі тек қана жерді иемдену құқығына қатысты
қолданады.
Жерді иемдену құқығы екі түрге бөлінеді:
1. Еркін
2. Еркін емес.
Иемденген еркін жерлер – меншік, ал еркін емес
жерлер – жалға берілген аренда болып саналады.
Жалға беру ұзақтығы бойынша жалға алудың келесі
түрлері болады:
1 қысқа мерзімді 1,2,3 жыл – штат заңдарына сәйкес;
2 ұзағырақ 10 жылға дейін;
3 ұзақ мерзімді 15-20 жылдарға дейін;
4 қайталанатын аренда;
5 мерзімсіз.
Американдық құқық бойынша жер меншігі еркін жерді
иемдену-frecholot estate үш түрде болады:
1. Шартсыз меншік – абсалютты феод нысандағы жерді иемдену estate іn free
sіmpl absolute;
2. Өмірлік меншік - өмір бойы жерді иемдену estate yor lіfe;
3. Заповедтік меншік - estate іn free taіl.
Шартсыз жеке жер меншігі – американдық федерал құқығында жеке тұлғаға
қарайтын, мұралыққа қалдырылатын әлеуметті мерзімсіз немесе міндетті түрде
болатын мерзімі белгілі болуы міндетті емес жағдайға қарай тоқталатын
иелінген жер деп анықталады. Бұл меншік кейбір штаттар конституцияларында
немесе статустарында бекітілген. Оның құқығын белгілеуші статустар 39
штатта және Колумбия округінде бар. Бұл меншік кейбір штаттарда бірдей
реттеледі. Әдетте шартсыз меншік мәміле нәтижесінде құрылады, егер жерді
беру құжатында басқа түрін құру ниеті немесе жерді иемденудің азырақ құқығы
көрсетілмесе, кейбір штаттар заңдары бойынша шартсыз меншікті мұрагерлік
немесе азаматтық-құқықтық мәміле бойынша алуға болады.
Өмірлік жер меншігі американ құқығы бойынша – мұрагерлікке жатпайтын,
бір немесе бірнеше адам өмірінің ұзақтығына созылатын, бір белгілі немесе
есепке алуға болатын мерзімдер, сондай-ақ осы жерді берушінің ерігімен
аяқталмаушы иемдеген жер. Бұл жер меншік түрі қолхат, мұра бойынша немесе
заң осы құқықтың пайда болуын байланыстыратын жағдайлар арқылы пайда
болады. Өткізу қолхатын абсалютты меншік иесі ғана құрастыра алады. Жерді
өмірлік меншікке беруші бұл қолдың күшін жоя алмайды.
Заповедтік меншік - мұрагерлікке ауысуда кәдімгідей шектелген
иесізделмейтін иемденген жер. Бұл меншік нысаны тек қана төрт штатта
сақталған – Делавэр, Мэн, Масачусетс және Род-Айленд.
АҚШ жеке меншіктің арнайы нысаны ретінде жанұялық меншік Homsfeads
айрықша орын алады. Жер меншігінің бұл түрі заңды мәнде 1962 ж.
белгіленген. Кәзіргі уақытта гомстеттік заң бойынша 21 жасқа толған және
жанұя басы болған азамат жанұя меншігі ету мақсатымен 160 акр жер алуға
құқықты. Гомстед жанұялық меншік ретінде меншік құқықтық объектісіне,
меншік иесінің құқықтық объектісіне, азаматтық айналымға қатысуына,
мұрагерлікке қалдыруға қатысты бір қатар арнайы ерекшеліктермен
сипатталады.
Мемлекеттік және жеке меншік иелерінің барлық құқықтары және
міндеттері американ заңымен қорғалады.
Англиядағы меншік құқығы. Англияда баяғыдан қалыптасқан жерді
иемдену және пайдаланудың құқықтық институты бар. Америка заңындағыдай 1925
ж. қарапайымдалынған "estate" түсінігі болған. Мемлекеттік жер меншігі 23%
құрайды. Мемлекет әскери базаларға, мемлекеттік маңызы бар жолдарға,
әкімшілік жерлерге порттар, вокзалдар, әкімшілік үйлер астындағы жерлер
иелік жүргізеді.
Англияда жеке жер меншік құқығының мысалдары келесі негізгі топтарға
бөлінеді:
1 шартсыз меншік;
2 өмірлік меншік;
3 заповедтік меншік;
4 дербес сенімді меншік.
Жер меншігі құқығының негізгі түрі болып шартсыз
меншік estate іn fee sіmple absolute іn possessіon саналады. Кәзіргі
ағылшын құқығында бұл жерге толық жеке меншік буржуазиялық құқығы 1290 ж.
жойылған "қарапайым феод" түсінігінен шығып, 1925 ж. жаңа заңда негіз
алған.
Estate іn fee sіmple меншік құқығын жазып отырып, ағылшын заңгерлері
меншіктің бұл нысанында меншік иесі және басқа тұлғалар жерге меншік
құқығын ескерген. Жер иесі жерін сата алады және еркін сатып ала алады.
Мысалы, жеке меншік жерлер үстінен өту, мал жаю. Ағылшын құқығы бойынша жер
иесіне жер қойнауына, қоршаған ортаға құқық берілген. Әуеде ұшу туралы акті
бойынша меншікті жер үстімен жер иесінің құқығын бұзбайтын жылдамдық пен
биіктікте ұшақтардың ұшуына болады. Жер иесі жер бетінің иесі бола тұра,
жер қойнауын немесе қойнаудың кез келген қабатын өзіне меншіктеуге құқықты.
Англияда су құқығына қатысты "жаға құқығы" бойынша жер иесінің үстінен
өтетін су ағымын сол учаскенің иесіне меншіктеуге құқықты. Егер су ағыны
жер учаскесінің шегарасы бойымен өтсе, онда жер иесі су ағынның жағадан
ағын ортасындағы сызыққа дейін иелік етуге құқықты. Сондықтан суды
пайдалану үшін жер иесінен рұқсат алу керек.
Жер меншігі мүліктік құқықтармен ауыртпалықтануы мүмкін, оларды 1925
ж. заңға сәйкес, "алқаптар" және "олжалар" деп атайды. Біріншісі пайдалану
құқығы өту құқығы, екіншісі – тұтыну құқығы. Бірінші жағдайда жер құқығын
"қызметтік ұстау" дейді. Мұнда әңгіме сервитуттармен жер меншігін
ауыртпалықтау туралы. Ол кепілдік беру арқылы да ауыртпалықтануы мүмкін.
Меншік құқығы туралы заң кепілдік құқықтарды кеңейтті. Мұнда кепілдік
алушыға мерзімді ұстау құқығы және жәй ауыртпалықтарды құру құқығы
берілген, ал жерге құқық кепіл беруші қолында сақталады.
Англиядағы меншік құқығының екінші түрі – ол "өмірлік меншік".
"Өмірлік меншік" "шартсыз " меншік иесінің разылығы негізінде бекітіледі.
Өмірлік құқықтар әдетте жанұялар актлері бойынша құрылады. "Өмірлік меншік
иесі" иелену мерзіміне шартсыз меншік иесі сияқты құқықтары бар. "Өмірлік
меншік иесі" қойнауларды, пайдалануға және қазба орындарын ашуға, орман
пайдалануға құқықты. "Өмірлік меншік иесінің" құқықтары жанұялық актлер
бойынша бекітілгенде, олар егер шектен тыс болмаса тозуға жауап бермейді.
Заң бойынша жер учаскесінің тек қана бір заңды иесі болуы керек.
Меншіктің үшінші түрі – заповедтік меншік құрылтай актсі бойынша
құрылады. Заповедтік меншік иесі қайтыс болғаннан соң мұрагерлікке келесі
жолдармен қалдырылады:
- тікелей мұрагеріне;
- өсиет бойынша;
- әйелі белгілеген;
- күйеуі белгілеген;
- ері немесе зайыбы жағынан белгіленген.
Ағылшын құқығы бойынша ерлі-зайыптылар арасында
"жанұялық меншік" құру туралы шарт жасауға болады. Мұндағы мақсаттар:
- өсиеттік билік етуді шектеу;
- заңды мұрагерлерді мұрадан құр қалдырудан сақтау.
"Сенімді меншік" ағылшын құқығындағы төртінші меншік құқығының дербес
түрі. Сенімді меншік қатынасы – ол фидуциалдық қатынас. Мұнда бір тұлға
сенімді меншік иесі басқа тұлға құрылтайшы – траст бенефицианты берген
мүлікті басқарып, үшінші тұлғалармен сол мүліктің иесі ретінде қатынастарға
түседі. Бұл тұлға траст бенефицианты алдында жауапты.
Мемлекет аграрлық қатынастарға араласуға талай әрекеттер жасады. 1954
ж. жергілікті үкімет органдарының жерді сатып алу міндеттілігі туралы заңы
шыққан. Бұл заң жерді міндетті түрде сатып алумен және кейбір жағдайда
жерді пайдалануға тыйым салумен байланысты, меншік иесіне төленетін орнын
толтыру түрлерін, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру тәртібін белгіледі.
Англияда жалға алудың беру келесі түрлері бар:
1. Мерзімсіз;
2. Қысқа мерзімді; жылма-жылдық;
3. Бір жылдан аз мерзімді;
4. Ұзақ мерзімді;
5. Келісімсіз жалғасатын.
Франциядағы жерге меншік құқығы жерді ұтымды пайдалануға бағытталған
күрделі, көпсатылы механизм болып табылады. Азаматтық кодекстің 544 бабында
жер меншігі деп заттарды абсолютты, бірақ заңды тәсілмен пайдалану және
билік ету құқығы көрсетілген. Жер мешігі келесі түрлерде болады: -
амемлекеттік-30%, онын ішіндегі - департаменттік, - көпшілік
мекемелердікі; б қаумдық - 28%, вжеке меншіктік-42%-ке бөлінген.
Жер меншігінің абсолютті сипаты Азаматтық кодекстің 552 бабында
көрсетіледі. Онда:
- жер меншік ұғымына сол жермен оның ауаны, қойнауы құқы кіреді;
- меншік иесі өз жерінде әртүрлі екпелерді, құрылыстарды сала алады;
- "Сервитуттар және жер міндеттіліктері туралы" титулында белгіленгеннен
басқаларды.
Ол өз жері астында ғимараттар салуға, қазуға, ондағы заттарды шығаруға
заңдағы шектеулерді сақтай отырып құқықты.
Жер құқығымен жер учаскесіндегі немесе жер асты, немесе шектес сулар
құқығы да байланысты. Соңғысы – тек жеке су ағыны бөлігіне ғана қатысты.
Көпшіліктік су ағындары, соның ішінде сал ағызу, кеме қатынауына
жарайтындары мемлекеттік меншікте 538 бап, мемлекет рұқсатынсыз оларды
ешкім де, тіпті жағалық жер меншік иелері де пайдалана алмайды. Ортақ
өзендер, көлдер суларының, арналарының меншік иесі мемлекет болып саналады,
ал ортақ су қоймалрының су ағынына жағадағы жер иелерінің ешқандай құқығы
жоқ.
Жеке меншік өзендерге жер иелерінің құқықтары басқа. Кеме жүрмейтін,
сал ағызылмайтын өзен арналары жаға иелеріне қарайды. Егер басқа арнайы
негіз болмаса жаға иелері жерлері үстімен ағатын судың ағысы ортасына
дейінгі суға ие болуға құқықты.
Франция жер заңында жерді үйлестіру заңдары бар. Заңмен кірме жерді
жою, жерлерді қайта ұйымдастыру бойынша қауымдық, департтаменттік
комиссиялар құрылған. Керек жағдайда қауымаралық комиссиялар құрылады.
Егіншілік министірінің төрағасында жерді үйлестіру жөніндегі жоғарғы
кеңесші комитет болады. Осы комитет жерді үйлестіру үшін берілген кредитті
департаменттер арасында үйлестіру, жеке қауымдарда жерлерді қайта
ұйымдастыру және кірме жерлерді жою бойынша комиссияны құру қажеттілігі,
оларды құру мерзімдері туралы министрге өздерінің қорытындыларын береді.
Ауыл шаруашылық жер меншігін қайта ұйымдастыру мемлекет есебінен
құрылған бір қатар құжаттар негізінде жүргізіледі 9,18 бап. Негізгі
мақсаттардың бірі–ауыл шаруашылық жерлердің өңдеусіз қалмауы. Егер жеке
меншік жер иесінің жерді өңдеуге мүмкіндігі болмаса, онда жер учаскесі
коммунаға, яғни қауымдақ меншікке аударылады 13-15 бап. Жұмыстарын
жүргізу үшін коммунаны мемлекет қаржыландырады, бірақ субсидиялар 50% аспау
керек. Жер иесі құқығының құрамдық бөлігі болып, соның жер учаскесіндегі
орман құқығы саналады. Франциядағы орман құқықтық тәртібі ормандарды ортақ
және жеке деп бөлумен анықталады. Көпшіліктік орман режімінде бағынады.
Орман кодексі, 7-142 баптар:
- мемлекеттік;
- департаменттердің,
- қауымдардың;
- көпшілік мекемелердің;
- жеке тұлғалардың ормандарымен бөлінбеген;
- ортақ пайдалану мекемелердің, өзара көмек қоғамдарымен, жинақ кассалардың
ормандары.
Осыған керісінше жеке тұлғалар өз ормандарында, меншік құқығына
байланысты шығатын заңда көрсетілген шектеулерден басқа, барлық құқықтарын,
жүзеге асырады 143-165 баптар. Ормандарды қорғау тек қана "Орман
тәртібіне" қарайтын көпшілік ормандарда ғана жүргізіледі. Жеке орман меншік
иелері өз ормандарын қорғау үшін жергілікті үкімет бекіткен жеке
күзетшілерді тағайындай алады 143 бап. Мемлекеттік ормандардың жалпы
мөлшері 14 % құрайды. Францияның азаматтық кодексінде ауыл шаруашылық жалға
беру мәселелері 1764-1778 және 1800-1831 баптарда келтірілген, олар үш
түрге бөлінген:
1) жекеше жалға алу беру - фермерлік;
2) сыбағаластық сыбағалы колонат;
3) малды жалға алу.

1.3. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік
Қазақстан республикасының конституциясына сәйкес жер мемлекет
меншігінде болады. Сол сияқты "Жер туралы" жарлыққа немесе оған қарсы
келмейтін өзге де заң актілерімен белгіленген шарттар негізінде жер, жеке
меншік болуы мүмкін 1 бөлім, 5-бап. Жеке меншік институтын енгізу
республикадағы жер қатынастарына кәдімгідей өзгерістер әкелді. Совет
үкіметі кезінде қалыптасқан жерге бірыңғай мемлекеттік меншіктерден бас
тарту заңды түрде рәсімделген. Осыған байланысты жерге мемлекеттік
меншіктің мазмұны, маңызы, міндеті өзгерді. Қазақстанда жерге мемлекеттік
меншіктің бір деңгейлік жүйесі сақталып отыр. Қазақстан Республикасындағы
барлық жер нысаналы арналуына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
1 ауыл шаруашылығына арналған жерлер;
2 елді мекендер қалалар, поселкелер,селолар жерлері;
3 өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына
арналмаған жерлер;
4 ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жерлері;
5 орман қоры жерлері;
6 су қоры жерлері;
7 босалқы жерлер.
Ресей Федерациясындағы айырмашылық жерлер федералдық және федерация
субъектері жерлері деп бөлініп, кейін санаттарға айырылады.
Әлем мемлекеттерінің бір қатарында жерге мемлекеттік меншікпен бірге
басқа да ортақ меншік түрлері болады: муниципиалдық, аймақтық,
региондардың, шіркеулердің және т.б. Мысалы, АҚШ-та барлық жерлердің 23
жеке меншік иелерінде. Пайдалануға жарамдылығы төмен жерлердің көп
аудандары мемлекет меншігіне жазылған штаттар да бар 50%-тен 75%-ке дейін,
ал Аляскада барлық жер.
Көптеген мемлекеттердің меншігінде әскери базалар, қатынас жолдар,
айналымға кірістірілмеген ормандар орналасқан жерлер болады. Канадада – 90%-
і, ФРГ-да - 31%, Францияда - 14%-і, Голландияда мемлекет есебінен теңіз
түбін игеру, суару, құрғату арқылы алынған жерлер мемлекет меншігіне қалып,
жалға немесе мерзімсіз пайдалануға беріледі. Кәзіргі уақытта Қазақстанда
жердің басым бөлігі мемлекет меншігінде қалып отыр. Орман, су қорының
жерлері, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жерлері толығымен, сондай-
ақ басқа санаттардың көп жерлері мемлекет меншігінде қалып отыр. Оның
себебі, жердің басым бөлігін азаматтармен, мемлекеттік, мемелкеттік емес
заңды тұлғалармен тұрақты мерзімсіз немесе уақытша ұзақ мерзімді, қысқа
мерзімді құқықпен пайдаланып жатыр.
Сондықтан жер реформасы жүру барысында қабылданып жатқан заңдық
актілер және басқа нормативтік құжаттар арқылы жерді пайдалану құқығының
мазмұнын, дамуын қарау ғылыми тұрғыда өте мәнді. Қабылданған жер заңы
бойынша жерді пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын
немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатын болуы мүмкін "Жер
туралы" жарлықтың 35-бабы. Жер пайдаланушылар: 1)мемлекеттік және
мемлекеттік емес; 2) ұлттық, шетелдік, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар; 3)
жеке және заңды тұлғалар; 4) тұрақты және уақытша; 5) бастапқы және кейінгі
болып бөлінеді.
Тұрақты жер пайдаланушылар – жерді пайдалану құқығы мерзімсіз
сипаттағы тұлғалар, ал уақытша жер пайдаланудың екі түрі болады:1) қысқа
мерзімді 3 жылға дейін; 2) ұзақ мерзімді 3-9 жылға дейін.
Қарап отырсақ, жер пайдалану құқығының түсінігі бұрынғы Совет
кезіндегі пайдалану құқығынан кәдімгідей айырылады, ал жерді пайдалану
құқығының қызметі кеңейтілген. Мұнда жер пайдалану құқығы:
1 жер пайдалану құқығын табыстау мемлекетпен;
2 жер пайдалану құқығын беру, адамға жер пайдалану
құқығын басқа жер пайдаланушының беруін білдіру;
3 әмбепап заңды мұрагерлік тәртіппен жер пайдалану
құқығының ауысуы заңды түрде мұрагерлік немесе заңды
тұлғаның қайта құрылуы кезінде.
Бұрын жерді негізінен заңды тұлғаларға мемлекет
тарапынан пайдалану құқығын тегін беру түрі басып келсе, қазір ол негізінен
ақылы сипат алуда, жасау арқылы да іске асуда.
Республикалық жер заңының ерекшелігі – жерді жалға беру жерді уақытша
падалану түріне жатқызуы. Уақытша жер пайдалану құқығын мемлекеттік емес
жер пайдаланушыларға табыстау жер учаскесін жалға беру немесе уақытша
өтеусіз жер пайдалану шарты негізінде жүргізіледі.
Жалға беру шарты жер учаскесін бастапқы жер пайдаланушы кейінгі
уақытша пайдаланушыға беру мәміле негізінде болады. Жалдаушы болып
табылатын кейінгі жер пайдаланушының жалға алған жер учаскесін қайталап
жалға беруге құқықты. Ал Ресей Федерациясы заңындағы айырмашылық жалға беру
жер учаскесін пайдаланудың бір дербес түрі болып бөлінген. Қазақстанда және
Ресей Федерациясында жерді жалға беру негізінде пайдалану құқықтық режимі
бойынша уақытша жерді пайдалануға жақын. Оның себебі: жалға беру жерді
пайдаланудың уақытшалығы, шарттық пайда болу негізі және пайдаланудың тегін
еместігі.
Бірақ, Ресей заңында жерді жалға берудің реттеуші, шектеуші
механизмдері кеңірек берілген. Мысалы, жылдан астам жалға беру шарты
міндетті түрде мемлекеттік тіркелу керек, жалға алушының құқықтары,
міндеттері және жауапкершіліктері анықтау көрсетілген. Ресей федерациясы
Азаматтық кодескінің 613 бабына сәйкес үшінші тұлғалардың заң немесе шарт
бойынша иеленген мүлікке, соның ішінде сервитуттікке кепілдік құқықтары
қамтылған. Мүлікті жалға беру сол құқықтарды тоқтатпайды және өзгертпейді.
Жер учаскесінің иесі кепілдік шартқа отырған соң оны жалға бергеніне
қарамай кепілдік ұстаушы кепілдікке берілген мүліктің құнын өндіріп ала
алады. Осылайша сервитутты - үшінші түлғаға жер учаскесін шектеулі
пайдалану құқығын беруді белгілеу мәселелері де шешіледі.
Кейбір елдерде жер қорларын басқарудың жалға беру түрі ең бастысы
болып келеді. Мысалы, Израильде жерді жалға беру жер пайдалануды бақылаумен
бірге жүргізеді:
- шартта екі жақтың құқықтары мен міндеттері анық көрсетілген;
- жерді саудаға салуға, нысанасыз пайдалануға жол бермейді;
- бюджетке жер үшін төлемнен қаржы түсуі қамтылады;
- мемлекет жерге билік жасау құқығын толық жүзеге асырады.
АҚШ-та жалға берудің төмендегіше түрлері бар:
1 сенімді иелену;
2 өмірлік иелену.
Сенімді иелену меншік иесімен еркін иеленушімен үшінші тұлғаларға
қатысты өз міндеттерін жүктеу үшін бекітіледі. Бұл үшінші тұлғалар
алдындағы жауапкершілік. Осы тұлғалар пайдасына сенім иеленушіден табыс
түсу көзделген.
Өмірлік иелену белгілі бір тұлғаға өмір бойына жер иесінің беретін
құқығы. Оның меншік иесіндей құқығы бар, бірақ оның алдында жерді
бүлдіргені үшін жауапты,тәртіп бойынша жалға алушы сол жерлерді тек өз
өмірі ішінде ғана тоздыруы мүмкін, мұрагерлікке қалдыра алмайды және т.б.
Жерді иелену құқықтарының бұл түрлері көп нышандары бойынша өмірлік мұралық
иелену және тұрақты пайдалану құқықтарына жақын. Біздің республикамыздың
жер заңдары жан жақты қамтылмаған, біздіңше мұрагерліктің түр-түрі әлі де
толық жасалған жоқ.

1.4.Қазақстан Республикасында жерге меншік құқығының ерекшеліктері
Жер қатынастары мен жер, жерге жеке меншік құқығының институты шешуші
болып табылады. Меншіктің көптүрлілігін белгілей тұра, мемлекет заң алдында
олардың теңдігін және жерге қатысты шаруашылықтық барлық түрлерінің дамуына
кепілдік береді.
Құқықтық жөнінде жер қатынастарын реттеу мәселелері жер құқығына
қатысты, ал оның бір бөлігі азаматтық құқықпен реттеле алады. Бұған
себептер:
- жер меншігі түрлері, формалары бойынша көп түрлі болғанымен, азаматтық
құқық ретінде көбінесе жеке меншіктік ауқымда қызмет етеді;
- тауарлық айырбастаудың кәдімгі заттары сияқты жерлердің бәрі сатыла
бермейді, мысалға ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жерлеріне
жататын жер учаскелері және ортақтасып пайдаланатын жерлер жеке меншікке
сатылмайды;
- жермен мәміле азаматтық құқығындағы тұтыну заттарын сату-сатып алу сияқты
жасалмайды, ол айрықша іс әрекеттерді жүргізуді талап етеді;
- жеке меншікке сатылатын жер учаскелеріне байланысты заң арнаулы шекті
нормаларын мөлшерлерін белгілейді;
- жер заңында келтірілген жердің нысаналы арналуы сақталуы керек, учаскені
сату, мұралыққа беру кезінде оның нысаналы арналуын, әсіресе мәміле
объектісі ауыл шаруашылық алқаптар болса азаматтық құқықтары заттарды
сату-сатып алуда шектеулер жоқөзгертуге болмайды.
Азаматтардың жер учаскесіне жеке меншік құқығын келесі ерекшеліктер
сипаттайды:
1. Меншік иелерінің субъективтік құралы;
2. Жер учаскелерін нормалау;
3. Жер санаттары бойынша шектеу.

1. Жердің жеке меншік иелеріне ҚР азаматтары және мемлекеттік емес
заңды тұлғалары болып табылады"Жер туралы" Жарлықтың 5-бөлімінің
30 бабы. Жерге меншік құқығының субъектісі болу үшін азаматтар ҚР
Азаматтық Кодексіне сәйкес, құқықтық және жұмыстық қабілеттері
болуы керек.
Мұнда, жұмыс тәжірибесінің, біліктілігінің болуы, фермерлік
шаруашылық жүргізу мақсатында жер учаскесін алу үшін қайтыс болған
фермердің жерін мұралыққа алу үшін онымен туыстығының болуы. Жер
учаскесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы болам деген азаматтарға
арналған осындай талаптар тек Ресей Федерациясында емес, Германия,
Франция, Швецияның, Дания, Австрия заңдарында да әрекет етеді.
Кейбір елдерде бұл шарттарға адамдардың жасы, капиталы немесе
несиелерің бар жоқтығы кіреді. Заңды тұлғалардың, егер оның заңды және
жарғылық нысанасында ауыл шаруашылық болса, қажетті өндіріс құралдары,
мамандары болса осындай құқыққа ие. Өкінішке орай Қазақстан Респубакисының
жер заңында бұл жағдайлар нашар, жеткіліксіз, ноқтасыз келтірілген білім,
дағды, кәсіптік дайындық және басқалары көрсетілмеген. Сондықтан, алынған
жер учаскелері өте тиімсіз немесе тіпті пайдаланбайды.
Азаматтардың меншігіндегі жер учаскелерін нормалау ҚР үкіметі арнайы
нормативтік актілерді қабылдау арқылы жүзеге асырады. Бұл актілерде жер
учаскелерін берудің шекті нормалы көрсетіледі. Мұнда жергілікті органдар өз
құзіретінде өздерінің нормаларын қабылдай алады. Бұл мәселеде Р.Ф.
жергілікті органдарының өкілеттігі кеңірек. Қазақстанда шекті нормалардан
басқа жеке меншіктікке жер учаскелерін тегін беру ноормалары да
белгіленген.
Азаматтар жеке меншігіне берілетін жерлердің категориясы бойынша
шектеулер қойылған. Мысалы, 1995 ж. "Жер туралы" Жарлығынан 5-бөлімінің 33-
бабында азаматтардың жеке меншігінде бола алатын жерлердің түрлері
қозғалмайтын мүлік ретінде көрсетілген. Жер заңының дамуы жер учаскелеріне
жеке меншік рұқсат етілетін жер қоры санаттар санын көбейтуге бағытталған,
әсіресе ауыл шаруашылық жерлерге қатысты. Қазақстандағы жер реформасының 10
жылдық тәжірибесі ескеріліп, жаңа жер заңына бір қатар өзгерістер
еңгізілген.
Республикадағы жер реформасының негізгі бір жайы мемлекеттен
азаматтарға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жерді беру тәртібін жасау
және қолдану болып табылады. Мұнда заң талаптары, азаматтар мүддесі,
әлеуметтік, мемлекеттік мүдделері сақталуы керек. Осы уақытта
республикамызда қабылданған заңдылық нормативтік актілер шеңберінде жер
учаскелерін жекешелендірудің келесі механизмі қалыптасты:
- өзіндік қосалқы шаруашылығын, бақ өсіру, сая жай құрылысын, жеке тұрған
үйлер салу үшін ертеде алынған жер учаскелерін қайта рәсімдеу;
- азаматтарға жеке меншікке тегін беру нормасы шегінде жер учаскелерін
беру;
- азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жер учаскелерін сату;
- жекешелендіретін ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жер үлестерін
дербестеу;
- жекешелендіру тәртібінде алынған жер учаскелерін басқа азаматтарға, заңды
тұлғаларға сату.
Жер заңы бойынша жерге жеке меншіктің келесі түрлері
төмендегідей болады:
- азаматтардың жеке меншігі;
- ортақ бірлескен меншік, яғни қатысушылардың үлестері белгіленбеген
бірлескен меншік;
- әр қатысушыға тиесілі жер учаскелерінің нақты үлестері белгіленіп, нақты
бөлуде пайда болатын ортақ үлестік меншік;
- мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі.
Жер учаскесіне ортақ меншік заң актілерінде көзделген
жағдайларда учаскесі бөлінбесе, сондай-ақ меншік иелері өздеріне тиесілі
жер учаскелерін бір учаскеге ерікті түрде біріктірген кезде пайда болады.
Республикамызда осыған тән қолхоздарды қайта құру мен совхоздарды
жекешелендіру арқылы азаматтардың жерге ортақ меншігін ұйымдастыруын мысал
ретінде келтіруге болады. Жер учаскелерін ортақ меншікке табыстау
бекітілген меншік иелерінің тізімі тіркелеген колхоз, совхоз мүшелерінің
жалпы жиналысы шешемінің негізінде атқарушы үкімет органдарымен жүзеге
асырылады.
Республикамызда жаңа жер заңдарын қабылдаудан бұрын шаруашылықтарды
қайта ұйымдастыру мен жерлерді жекешелендірудің басқа жүйесі болатын. Қайта
құрылатын ұжымдардың мүшелері, несиешілер және сол шаруашылықтардың, сондай-
ақ осы шаруашылықтардың өндірістік және әлеуметтік-мәдени салаларында
істейтін әрі олардың аумағында тұратын зейнеткерлер мен басқа да адамдардың
заңға сәйкес шартты үлесіне құқығы бар. Шартты жер үлесін
иеленушілердің құқығы:
- жер үлесі құқығын жарна ретінде шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық
қорына немесе қайта ұйымдастырылатын колхоз, совхоздар жерінде құрылатын
өндірістік кооперативтерге пай ретінде беруге;
- шаруа фермер қожалағын ұйымдастыру үшін жеке жер үлесіне сәйкес жер
учаскесін алуға;
- жер үлесі құқығын сыйға тартуға, сатуға, жалға беруге хақылы жаңа "Жер
туралы" заңда кейбір өзгерістер кіргізілген.
Шаруашылық жерлерін пайдалану жер үлестерін біріктіру арқылы тұрақты
жер пайдалану құқығымен ұйымдастырылған.
Шартты үлестерге бөлінбеген үлестер сол шаруашылықтың пайдалануында
қалады.
Бақ өсіру, саяжай құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін бөлуде
азаматтар кәдімгі серіктестіктерге, кооперативтерге ұйымдасуы керек.
Мұндайда азаматтардың жер учаскелері жеке меншікте болуы мүмкін, ал жолдар,
суару жүйесі, қоймалар сияқты объектілер ортақ меншігінде немесе олар
құрған заңды тұлға меншігінде болады.
Жеке меншікке берілетін жер учаскесінің басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерді табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
Жер кадастры
Ақмола облысы Шортанды ауданының жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау туралы ақпарат
Мемлекеттік жер кадастры
Жердің кадастрлық құнын бағалау
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Жер кадастрының теориялық негізі
Жердің жалпы мінездемесі және оның бағалануы
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУА ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖОЛЫ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы "Асар" шаруа қожалығының жыртылған жерлерін кадастрлық бағалау
Пәндер