Араб грамматикасы



1) ﻉﺭﺎﻀﻤﻟﺍ ﻞﻌﻓﻠﺃ.Осы.келер шақ
2) І бап етістігінің өткен шақ тұлғасы
3) І бап етістігінің осы.келер шағы
4) Етістіктің келер шағы
5) І бап етістігінің бұйрық райы
6) ﺐﺳﻨﻟﺃ.қатысты сын есім
7) Сын есімдердің сөйлемдегі қызметтері
8) Сөйлеу стильдері
9) Идафадағы қиыса байланысқан анықтауыш
10) Есімді сөйлемдегі баяндауыштың жасалуы
11) және есімді сөйлемнің түрлері
12) Қосынды есімдіктердің зат есімдерге жалғануы
13) Қосынды есімдікпен келген есім сөздің септелуі
14) Қосынды есімдіктердің етістііктерге жалғануы
15) Меншіктікті көрсету
Араб тілінде алты дауысты дыбыс бар. Олар қысқа [a]; [і]; [u] және созылыңқы [ā]; [ī]; [ū] болып екіге бөлінеді. Дауысты дыбыстар дауыссыз дыбыстардың әсерімен әр түрлі реңктерге өзгереді. Мысалы эмфатикалық және тіл арты дауыссыздарымен h [ﺥ]; ġ [ﻍ]; k [ﻕ]) тіркесіп келгенде, дауысты дыбыстар жуан оқылса, басқа дауыссыз дыбыстармен тіркескенде жіңішке оқылады. Араб сөздерінің құрамындағы дауысты дыбыстардың қысқа не созылыңқы болып келуі, сөз мағынасына әсер етеді.
Алиф (ﺍ) екі көріністі әріп. Өзіне дейінгі әріптермен тіркесіп жазылады да, өзінен кейінгі әріппен тіркеспейді. Жол үстіне ұзын таяқша түрінде түседі. Жазу барысында алиф басқа әріптердің өлшем бірлігі ретінде қолданылып отырылады.
Араб тілінде дауысты дыбыстарды белгілейтін арнайы әріптер жоқ. Олардың орнына харакаттар қолданылады. Харакаттар “фатха”, “дамма” және “кәсра” деп аталады. Сонымен қатар, сөз ортасында, соңында дауыссыз дыбыстардың харакаттары, яғни дауысты дыбыстары болмаса, дауыссыз дыбыстардың үстінен ْ (сүкүн) белгісі қойылады. Қысқа [а] дыбысы _ (фатха), қысқа [і] дыбысы –ِ (кәсра), қысқа [u] дыбысы ُ_ (дамма) харакаттарымен белгіленеді. Дауыссыз дыбыстарды білдіретін әріптердің үстінен “фатха” және “дамма”, ал астынан “кәсра”түседі.
Арабтар оң жақтан жазып, оң жақтан бастап оқиды. Арабәліпбиінде жиырма сегіз дауыссыз дыбыс бар. Көмей дауыссызына жататын hamza (ﺀ) [’] әліпбиге енбеген.
Араб әліпбиіне енген дыбыстардың жеке түрі және сөздің басында, ортасында, соңында орналасуына қарай төрт көріністі және екі көріністі әріптер болып бөлінеді. Төрт көріністі әріптердің саны–22 де, екі көріністі әріптер–6.
Жазу. Арабтар оң жақтан бастап, алдымен, сөздің қаңқасын ( ), кейін қарай диакреттік белгілерді ( ), соңында характтарды ( ) қойып, жазады. Жазуды схемамен көрсеткенде шамамен төмендегідей болып шығады:
Тіл ортасы [ĭ] дауыссыз дыбысы жасалғанда, тіл арқасының ортаңғы бөлігі қатты таңдайға жақындайды, ал тілдің өзі таңдайдың алдыңғы бөлігіне қарай бейімделеді. Таңдай мен тіл арқасы арасында пайда болған тар саңлаудан ызыңдап шығатын ауа ағысына салдыр және үн қосылады. Бірақ салдырдан гөрі үн басым болады. Жұмсақ таңдай жоғары тартылып, сөйлеу мүшелері бос тұрады. “Йай” дауыссыз дыбысы төрт көріністі әріп. Жолдың үстіне алифтің үштен бір бөлігіндей биіктікте түседі. Жеке тұрғанда және сөз соңында алдыңғы әріпке тіркесе келе жолдың астына алифтің екіден бір бөлігі жарты доға түрінде орналасады.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
14.ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Араб дыбыстарының классификациясы

Жасалу Ерін дауысТаңдай дауыссыздары Көмей
сыздары дауыссыздар
орны ы



Жасалу
тәсілі
еерінеерінТіл алды дауыссыздары тілТтіжжелбКкөмек
дік дік-т ортл езектейлік
іс асыартік
ы
тіс аралық тіс арты тіс арты
(жай) (эмф)
1 ﺍ aлиф 15 ﺾ d(
2 ﺏ b 16 ﻂ t,
3 ﺕ t 17 ﻅ z)
4 ﺚ t 18 ﻉ ‘aіn [‘]
5 ﺝ ğ 19 ﻍ ġ
6 ﺡ h& 20 ﻒ f
7 ﺥ h 21 ﻕ k+
8 ﺩ d 22 ﻙ k
9 ﺫ d 23 ﻝ l
10 ﺭ r 24 ﻢ m
11 ﺯ z 25 ﻥ n
12 ﺲ s 26 ﻩ h
13 ﺵ š 27 ﻭ ǔ
14 ﺹ s, 28 ﻯ ǐ

Дауысты дыбыстар

Араб тілінде алты дауысты дыбыс бар. Олар қысқа [a]; [і]; [u] және
созылыңқы [ā]; [ī]; [ū] болып екіге бөлінеді. Дауысты дыбыстар дауыссыз
дыбыстардың әсерімен әр түрлі реңктерге өзгереді. Мысалы эмфатикалық және
тіл арты дауыссыздарымен h [ﺥ]; ġ [ﻍ]; k+ [ﻕ]) тіркесіп келгенде, дауысты
дыбыстар жуан оқылса, басқа дауыссыз дыбыстармен тіркескенде жіңішке
оқылады. Араб сөздерінің құрамындағы дауысты дыбыстардың қысқа не созылыңқы
болып келуі, сөз мағынасына әсер етеді.

Алиф (ﺍ)

Алиф (ﺍ) екі көріністі әріп. Өзіне дейінгі әріптермен тіркесіп
жазылады да, өзінен кейінгі әріппен тіркеспейді. Жол үстіне ұзын таяқша
түрінде түседі. Жазу барысында алиф басқа әріптердің өлшем бірлігі ретінде
қолданылып отырылады.

жеке түрі қосылатын түрі сөз аяғы, қосылмайтын түрі
ﺍ ﺎ ﺍ

Харакаттар

Араб тілінде дауысты дыбыстарды белгілейтін арнайы әріптер жоқ.
Олардың орнына харакаттар қолданылады. Харакаттар “фатха”, “дамма” және
“кәсра” деп аталады. Сонымен қатар, сөз ортасында, соңында дауыссыз
дыбыстардың харакаттары, яғни дауысты дыбыстары болмаса, дауыссыз
дыбыстардың үстінен ْ (сүкүн) белгісі қойылады. Қысқа [а] дыбысы _
(фатха), қысқа [і] дыбысы –ِ (кәсра), қысқа [u] дыбысы ُ_ (дамма)
харакаттарымен белгіленеді. Дауыссыз дыбыстарды білдіретін әріптердің
үстінен “фатха” және “дамма”, ал астынан “кәсра”түседі.

Арабтар оң жақтан жазып, оң жақтан бастап оқиды. Арабәліпбиінде
жиырма сегіз дауыссыз дыбыс бар. Көмей дауыссызына жататын hamza (ﺀ) [’]
әліпбиге енбеген.
Араб әліпбиіне енген дыбыстардың жеке түрі және сөздің басында,
ортасында, соңында орналасуына қарай төрт көріністі және екі көріністі
әріптер болып бөлінеді. Төрт көріністі әріптердің саны–22 де, екі
көріністі әріптер–6.
Жазу. Арабтар оң жақтан бастап, алдымен, сөздің қаңқасын (
), кейін қарай диакреттік белгілерді ( ), соңында
характтарды ( ) қойып, жазады. Жазуды схемамен көрсеткенде шамамен
төмендегідей болып шығады:

Дауыссыз дыбыстар“Йай” дауыссыз дыбысы

Тіл ортасы [ĭ] дауыссыз дыбысы жасалғанда, тіл арқасының ортаңғы
бөлігі қатты таңдайға жақындайды, ал тілдің өзі таңдайдың алдыңғы бөлігіне
қарай бейімделеді. Таңдай мен тіл арқасы арасында пайда болған тар
саңлаудан ызыңдап шығатын ауа ағысына салдыр және үн қосылады. Бірақ
салдырдан гөрі үн басым болады. Жұмсақ таңдай жоғары тартылып, сөйлеу
мүшелері бос тұрады. “Йай” дауыссыз дыбысы төрт көріністі әріп. Жолдың
үстіне алифтің үштен бір бөлігіндей биіктікте түседі. Жеке тұрғанда және
сөз соңында алдыңғы әріпке тіркесе келе жолдың астына алифтің екіден бір
бөлігі жарты доға түрінде орналасады.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ی ﻴ ﻴ ﻰ

“Уау” дауыссыз дыбысы
[ŭ] дауыссыз дыбысы айтылғанда еріндер дөңгелене жуысып тұрады, тілдің
арқасы шамалы артқа тартылады. Ауа ағысы қосалқы кедергілерді жанай өтіп,
сүйірленіп тұрған еріннен ызыңдай, ауыз жолы арқылы шығады. “Уау” дауыссыз
дыбысында салдырдан гөрі үн басым. “Уау” дауыссыз дыбысы екі көріністе
жазылатын–әріп. Жазылуы: жолдың үстіне алифтің үштен бір бөлігіндей
биіктікте түседі де, жолдың астына шамамен алифтің екіден бір бөлігі
орналасады. Өзіне дейінгі әріппен тіркесіп, өзінен кейінгі әріппен
тіркеспейді.

жеке түрі қосылатын түрі сөз аяғы, қосылмайтын түрі
ﻭ و- و-

hamza (ﺀ) [’] дауыссыз дыбысы
Желбезектік хамза шұғыл қатаң дауыссыз дыбыс. Хамза толық қабысып
тұрған дауыс шымылдығының өкпеден шыққан күшті ауа ағысының тегеуірінімен
кілт ажырауы және ауа ағысының пайда болған тар саңлаудан, жедел шығуы
арқылы жасалады.
1-жаттығу. Төменде берілген әріптерді бірнеше рет қайталап жазыңыз.
ﺍ ؛ﻭ ؛ﻱ
2-жаттығу. Берілген әріптердің әріптерге байланысу түрін жазыңыз.
ﺍ ؛ﻭ ؛ﻱ
3-жаттығу. Араб дауысты дыбыстарын атаңыз.

4-жаттығу. ؛ﻭ және ؛ﻱ дауыссыз дыбыстарын сипаттаңыз.

5-жаттығу. Алиф (ﺍ) әрпін сипаттаңыз.

6-жаттығу. Харакаттарды атаңыз және жазылу үлгісін көрсетіңіз.

7-жаттығу. Созылыңқы дауысты дыбыстарды жазыңыз.

Хамзаның жазылуы

Хамза (ﺀ) жазылғанда тірек қызметін “алиф (ﺍ)”, “йай (ﻯ)” және “уау
(ﻮ)” әріптері атқарады.

Сөз басында хамзаға тірек қызметін тек алиф атқарады. Хамза “фатха”
және “даммамен” дыбысталғанда “алифтің” үстінен түссе, аталған харакаттар
хамзаның үстінен қойылады (ﺃ), “кәсрамен” дыбысталғанда хамза алифтің
астынан, ал “кәсра” харакаты хамзадан кейін қойылады (ﺇ).

Тануиндер
Араб есім сөздерінің көпшілігі тануиндерге аяқталады.
Араб сөздерінің соңында қысқа дауысты дыбыстардың бірі келіп, “нун”
естіледі. Тануиндер фатхалы-тануин, кәсралы-тануин, даммалы-тануин деп
аталады.

атауы Айтылуы көрінісі
Фатхалы-тануин -ан ؛ﺍً– ؛ﻯً– ؛ ًﺓ ؛ ًﺔ
кәсралы-тануин -ин ٍ–
даммалы-тануин -ун ٌ–

1-жаттығу. Хамзаның жазылуын еске түсіріңіз.
2-жаттығу. Тануиндердің жазылуын анықтаңыз.
3-жаттығу. Төменде берілген сөздерді жазыңыз.
ﻞﺘﻛ-байланыстыру, жинау; ﻚﻟﻛ–паром; ﻥﺎَََﻛ–болу; ﻥﻜﻟ–кекештену; ﻥﻜﻟ–бірақ;
4-жаттығу. Төменде берілген сөздерді жазыңыз.
ﻥﻭﻟ–түс; ﻯﻮﻟ–бұрау, жинау; ﻝﻴﻟ–түн; ﻰﻠﻴﻟ–Ләйла;
5-жаттығу. Өтілген әріптерді сипаттаңыз.
6-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін жатқа айтыңыз.

[t]; [r]; [k]; [l]; [n] дауыссыз дыбыстары

[t] дауыссыз дыбысы тіл ұшының алдыңғы жоғарғы тістерге тиіп, тез
ажырауынан жасалады. Ауа ағысы шұғыл шығады. [t] қатаң дауыссыз дыбыс және
төрт көріністі әріп. Жеке тұрғанда, сөздің барлық шенінде, жолдың үстіне
алифтің 14 бөлігіндей биіктікте жазылады. Өзіне дейінгі де, кейінгі де
әріптермен тіркеседі. Сөз соңында және жеке тұрғанда жол үстінен алифтің
23 бөлігі түсіп, оның екі шеті алифтің 14 бөлігіндей биіктікте қайырыла
жазылады. [t] дауыссыз дыбысының “ta-marbuta (байланған ta дегенді
білдіреді)” деп аталатын түрі көбінесе сөз соңында кездеседі.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ت ﺗ ﺗ ﺕ

[r] діріл дауыссызы, өкпеден шыққан ауа ағысының қысымы қатты болып,
тіл ұшының дірілдеп, дыбыстау мүшелерінің бір-біріне тез-тез соқтығысуынан
пайда болады. Араб тілінде діріл дауыссыз–біреу. Екі көріністегі әріп.
Өзіне дейінгі әріппен тіркесіп, өзінен кейінгі әріптермен тіркеспейтін
әріптердің бірі. [r] діріл дауыссызы сөздің барлық шенінде және жеке
түрінде жолдың үстіне алифтің 14 бөлігіндей биіктікте түседі. Алифтің 12
бөлігіндей бөлігі жолдың астына жартылай доға түрінде жазылады.

жеке түрі қосылатын түрі сөз аяғы, қосылмайтын түрі
ﺭ ﺮـ ر

Тіл ортасы [k] дауыссыз дыбысы тіл ортасының ортаңғы қатты таңдайға
көтеріліп тиюі, біріне-бірі тиген мүшелердің ұсталып тұруы және тиіп тұрған
тіл ортасының қатты таңдайдан тез ажырауы арқылы жасалады. Жұмсақ таңдай
жоғары тартылып, ауа ағысы ауыз қуысы арқала өтеді. [k] дауыссыз дыбысы
жасалғанда сөйлеу аппаратының мүшелеріне қысым, айтарлықтай, көп түспейді
де, сөйлеу мүшелері бос тұрады.

[k] дауыссыз дыбысы төрт көріністі–әріп. Жеке тұрғанда, сөз басында,
ортасында, аяғында жолдың үстіне алифтің бойындай биіктікте жазылады. Өзіне
дейінгі де, кейінгі де әріптермен тіркесе алады.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ﻙ ﻜ ﻜ ﻙ

[l] дауыссыз дыбысы тілдің ұшы мен жаны алдыңғы сегіз тіске тиіп,
тілдің арқасы кейін қарай тартылуы және көтерілуі арқылы жасалады. Ауа
ағысы тілдің екі жанымен өтеді.
[l] дауыссыз дыбысы төрт көріністі әріп: а) сөз басында өзінен
кейінгі әріппен, ә) ортасында өзіне дейінгі, өзінен кейінгі әріптермен
тіркесе жолдың үстіне алифтей бөлігінің түсуі, б) сөз аяғында өзіне дейінгі
әріптермен тіркесіп және в) жеке тұрғанда жолдың үстінен алифтей бөлігінің,
жолдың астына алифтің үштен бір бөлігінің орналасуы арқылы жазылатын әріп.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ﻞ ﻠ ﻠ ﻞـ

[n] “нун” дауыссыз дыбысы таңдай шымылдығының жартылай түсіп, ауа
ағысының бір бөлігі мұрын жолы, қалған бөлігі ауыз жолы арқылы дауыс
шымылдығына сүйкеле, оны қозғай шығуынан жасалады. Тілдің ұшы алдыңғы
астыңғы екі тістің ішкі жағына тиіп, тез ажырап, ауа ағысы шұғыл шығады.
[n] “нун” дауыссыз дыбысы төрт көріністі–әріп. а) сөз басында өзінен
кейінгі әріппен, ә) ортасында өзіне дейінгі, өзінен кейінгі әріптермен
тіркесе жолдың үстіне алифтің 13 бөлігінің түсуі, б) сөз аяғында өзіне
дейінгі әріптермен тіркесіп және в) жеке тұрғанда жолдың үстінен 13
бөлігінің, жолдың астына алифтей бөлігінің доға түрінде жазылатын әріп.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ﻥ ﻨ ﻨ ﻥ

1-жаттығу. ﺩ [d]; ﺲ [s]; ﺵ [š]; ﻉ [‘]; ﻍ [ġ]; ﻡ [m] дауыссыз дыбыстарын
сипаттаңыз.
2-жаттығу: ﺩ [d]; ﺲ [s]; ﺵ [š]; ﻉ [‘]; ﻍ [ġ]; ﻡ [m] әріптерінің жазылуын
еске
түсіріңіз.
3-жаттығу.
ﻰﺗﺃ–жүру, келу; ﺖﺁ–келесі; ﻯﱠﺩﺃ–төлеу; ﺲﺳﺃ–негізін қалау; ﺩﺳﺄﺘﺴﺇ–күшті
болу;
ﺩﻴﻛﺃ–сенімді; ﺩﻴﻛﺄﺗ–сендіру; ﻝﻛﺃ–жеу; ﺃﺭﺩ–итеріп жіберу, жөндеу; ﻙﺮﺗ-
қалдыру, ﻝﻛﺭ–итеру, тебу, ﻥﻛﺭ-сүйену, сену; ﻙﻳﺭﻛ–күрек; ﺭﻛﺭﻛ–қара шағала;
ﺭﺗﻟ–литр;
4-жаттығу. Төменде берілген сөздерді жазыңыз.
ﻥﻭﻟ–түс; ﻯﻮﻟ–бұрау, жинау; ﻝﻴﻟ–түн; ﻰﻠﻴﻟ–Ләйла; ﺭﺘﻧ–жұлу; ﺭﻜﻧ–білмеу;
ﺭﻴﻜﻨﺗ–
жасырыну; ﺭﻛﺎﻧ–терістеуші; ﺭﺎﻧ–от; ﺭﻭﻧ–нұр; ﻯﺭﺘﺗ–бірінен кейін бірі;
ﺭﺗﻭ–тақ (сан);
5-жаттығу. Сілтеу есімдіктерін жаттаңыз.
6-жаттығу. Жақын және алыс тұрған заттарға арналған сілтеу есімдіктерін
жазыңыз.

[d]; [s]; [š]; [‘]; [ġ]; [m] дауысcыз дыбыстары

Даль [d] дауыссыз дыбысы тіл ұшының алдыңғы жоғарғы тістерге тиіп,
тез ажырауынан жасалады. Ауа ағысы шұғыл шығады. [d] ұяң дауыссыз дыбыс
және екі көріністі әріп. Жеке тұрғанда, сөздің барлық шенінде, жолдың
үстіне алифтің 13 бөлігіндей биіктікте, жол бойымен шамамен алифтің 14
бөлігі түсіп, оның ұшы кішкене кері қайырылып жазылады. Өзіне дейінгі
әріптермен тіркесіп, кейінгі әріптермен тіркеспейді.

жеке түрі қосылатын түрі сөз аяғы, қосылмайтын түрі
ﺩ دـ ﺩ

Синь [s] дыбысы тілдің ұшы алдыңғы жоғарғы тістерге жақын тұрып, тіл
және тіс арасында пайда болған тар саңлауданауа ағысы ызыңдай өтуі арқылы
жасалады. Жасалу тәсіліне қарай қатаң дауыссыз дыбыс. [s] дауыссыз дыбысы
төрт көріністі әріп: а) сөз басында өзінен кейінгі әріппен, ә) ортасында
өзіне дейінгі, өзінен кейінгі әріптермен тіркесе жолдың үстіне алифтің 13
бөлігінің түсуі, б) сөз аяғында өзіне дейінгі әріптермен тіркесіп және в)
жеке тұрғанда жолдың үстінен алифтің 13 бөлігінің, жолдың астына алифтей
бөлігінің доға жасап орналасуы арқылы жазылатын әріп.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ﺲ ﺴ ﺴـ ﺲ-

Шинь [š] дауыссыз дыбысы айтылғанда тілдің ұшы алдыңғы жоғарғы
тістерге өте жақын тұрады және тілдің ортасы таңдайға қарай көтеріледі. Ауа
ағысы тіл мен тіс арасындағы саңлаудан ызыңдап шығады. [š] жасалу тәсіліне
қарай қатаң дауыссыз. Төрт көріністі әріп: а) сөз басында өзінен кейінгі
әріппен, ә) ортасында өзіне дейінгі, өзінен кейінгі әріптермен тіркесе
жолдың үстіне алифтің 13 бөлігінің түсуі, б) сөз аяғында өзіне дейінгі
әріптермен тіркесіп және в) жеке тұрғанда жолдың үстінен алифтің 13
бөлігінің, жолдың астына алифтей бөлігінің доға жасап орналасуы арқылы
жазылатын әріп. Синь және шинь әріптерінің жазылу үлгілері бірдей деуге
болады. Айырмашылығы шинь әрпінің үстінен пирамида тәріздес түскен үш
нүктесі бар.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ﺵ ﺷ ﺸـ ﺶـ

Көмекейлік ‘айн [‘] дауыссыз дыбысы жасалғанда жұтқыншақтың жоғарға
бөлігінің тарылып, ауа ағысының тарылған жұтқыншақ арқылы өтуі кезінде
дауыстың қатысуы арқылы жасалады. Төрт көріністі әріп: а) сөз басында
өзінен кейінгі әріппен, ә) ортасында өзіне дейінгі, өзінен кейінгі
әріптермен тіркесе жолдың үстіне алифтің 13 бөлігінің түсуі, б) сөз
аяғында өзіне дейінгі әріптермен тіркесіп және в) жеке тұрғанда жолдың
үстінен алифтің 13 бөлігінің, жолдың астына алифтей бөлігінің жартылай
доға жасап орналасуы арқылы жазылатын әріп.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ﻉ ﻋ ﻌ ﻊ

Тіл арты ғайн [ġ] дауыссыз дыбысы тілдің артқы бөлігінің тартылып
жұмсақ таңдайға көтерілуі және тіл арты мен жұмсақ таңдай арасында пайда
болған тар саңлаудан ауа ағысының кішкене тілді қозғай өтуі арқылы
жасалады. Сөйлеу аппаратындағы аталған дыбысты жасауға қатысатын мүшелер
ширығып тұрады. [ġ] өз айналасында орналасқан дауысты, дауыссыз дыбыстарға
әсер етеді. ‘айн [‘] және ғайн [ġ] дыбыстарының жазылу үлгілері өте ұқсас,
айырмашылығы ғайн [ġ] әрпінің үстінен бір нүкте түсіріледі. Ғайн [ġ] төрт
көріністі әріп: а) сөз басында өзінен кейінгі әріппен, ә) ортасында өзіне
дейінгі, өзінен кейінгі әріптермен тіркесе жолдың үстіне алифтің 13
бөлігінің түсуі, б) сөз аяғында өзіне дейінгі әріптермен тіркесіп және в)
жеке тұрғанда жолдың үстінен алифтің 13 бөлігінің, жолдың астына алифтей
бөлігінің жартылай доға жасап орналасуы арқылы жазылады.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ﻍ ﻏ ﻐ ﻎ

Мим [m] мұрын жолды, шұғыл дауыссыз дыбыс. Мим [m] дауыссы айтылғанда
еріндер өз ара жымдасып, таңдай шымылдығы түсіп, ауыз қуысы жабылады. Ауа
ағысы бос қалған мұрын қуысы арқылы мұрын резонаторын қозғай, жеңіл дыбыс
шығара, сыртқа шұғыл шығады.
Жазуда төрт көріністі әріп: а) сөз басында өзінен кейінгі әріппен, ә)
ортасында өзіне дейінгі, өзінен кейінгі әріптермен тіркесе жолдың үстіне
алифтің 13 бөлігінің кішкене шеңбер жасап түсуі, б) сөз аяғында өзіне
дейінгі әріптермен тіркесіп және в) жеке тұрғанда жолдың үстінен алифтің
13, жолдың астына алифтей бөлігінің тік түсірілуі арқылы жазылатын әріп.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ﻡ ﻤ -ﻣ ﻢ

Дауыссыз дыбыстардың екі еселенуі

Сөз басында араб сөздеріндегі дауыссыз дыбыстар бір рет айтылады. Сөз
ортасында және аяғында араб дауыссыздары екі еселеніп айтыла береді. Екі
еселенген араб дауыссыз дыбыстары, бір рет айтылатын сыңарларына қарағанда
созылыңқы және өте қатты ширығып, бірге бір дауыссыз ретінде айтылады.
Жазуда екі еселенген дауыссыз дыбыстардың үстінен ташдид кейде шадда “ّ” деп
аталатын белгінің қойылуы арқылы беріледі.
1-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін жазыңыз.
2-жаттығу. Сілтеу есімдіктерін еске түсіріңіз (ауызша).
3-жаттығу. Үстеуден жасалған сілтеу есімдіктерін жазыңыз.
4-жаттығу. Жақын және алыс тұрған заттарға арналған сілтеу есімдіктерін
еске түсіріңіз.
5-жаттығу. Берілген әріптердің көріністерін жазыңыз.
[b]; [t]; [ğ]; [h∗]; [ĥ]; [f]
6-жаттығу. Әлсіз әріптердің қызметтерін анықтаңыз.
7-жаттығу. Төменде берілген сөздерді жазыңыз.
؛ﻊﺒﺗ–ізбен жүру ؛ﺭﺟﺎﺗ–сатушы ؛ﺓﺭﺎﺠﺗ–сауда ؛ﺕﻴﺒﺜﺘ–бекіту ؛ﺖﺒﺛ–айғақ
؛ﺙﺣﺑ–зертеу ؛ﺚﺤﺎﺑ–зерттеуші ؛ﺔﺒﺗﺭﻣ–мәртебе ؛ﺔﺑﺮﻋ–арба ؛ﺪﻴﻌﺑ–алыс
؛ﻊﺟﺭ–қайту, оралу ؛ﻊﻴﺟﺭﺗ–қайырма ؛ﺔﺳﺎﻤﺣ–батырлық ؛ﺪﺤﺟ–терістеу, сенбеу
؛ﺢﻳﺭﺴﺗ–тобымен босатылу ؛ﺡﺭﺴﻣ–театр;

8-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін есімдіктерге назар аудара отырып
аударыңыз.
Бұл сатушы; мынау арба; бұл театр; ол сатушы; сен зерттеушісің;
9-жаттығу. Берілген сөздерді жіктеңіз.
Сатушы, зерттеуші, артист, жазушы, жұмысшы, ғалым;

Сөздік

ﺭﺟﺎﺗ–сатушы ﺚﺤﺎﺑ–зерттеуші
ﻝﺜﻤﻣ–артист ﺏﺗﺎﻛ–жазушы
ﻝﻣﺎﻋ–жұмысшы ﻡﻟﺎﻋ–ғалым

[b]; [t]; [ğ]; [h∗]; [ĥ]; [f] дауыссыз дыбыстары

[b] дауыссыз дыбысы дауыс шымылдықтары бір-біріне жақындап, өкпеден
шыққан ауа жақын тұрған дауыс шымылдықтарын тербей, бір-бірімен жымдасып
тұрған еріндерді бұзып өтеді. Жазылуы [ﺖ] қатаң дауыссыз дыбысына ұқсас.
Жеке тұрғанда, сөздің барлық шенінде, жолдың үстіне алифтің 13 бөлігіндей
биіктікте жазылады. Өзіне дейінгі де, кейінгі де әріптермен тіркеседі. Сөз
соңында және жеке тұрғанда жол үстінен алифтің 23 бөлігі түсіп, оның екі
шеті алифтің 13 бөлігіндей биіктікте қайырыла жазылады. [t] дауыссыз
дыбысынан айырмасы нүкте астынан түседі.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
l і j k

[ﺙ] қатаң дауыссыз дыбысы айтылғанда тілдің ұшы астыңғы және үстіңгі
тістер арасында жатады. Тіл мен үстіңгі тістер арасындағы бір тегіс жазық
саңлау арқылы ауа ағысы ызыңдай шығады. Төрт көріністі әріп. Жазылуы [ﺖ]
қатаң дауыссыз дыбысына ұқсас. Жеке тұрғанда, сөздің барлық шенінде, жолдың
үстіне алифтің 13 бөлігіндей биіктікте жазылады. Өзіне дейінгі де, кейінгі
де әріптермен тіркеседі. Сөз соңында және жеке тұрғанда жол үстінен алифтің
23 бөлігі түсіп, оның екі шеті алифтің 13 бөлігіндей биіктікте қайырыла
жазылады. [ﺖ] дауыссыз дыбысынан айырмасы пирамида тәріздес нүктелері әріп
қаңқасының үстінен қойылады.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
t q r s

Африкат “джим” [ğ] дауыссыз дыбысы тіл алды, ұяң дауыссыз дыбыс. Джим
дауыссыз дыбысының жасалуы екі фазадан тұрады. І фаза, дыбыстау мүшелерінің
бір-біріне тиюі, ІІ фаза астыңғы тіске тиіп тұрған тіл ұшының шұғыл ажырап,
пайда болған саңлау арқылы өкпеден шыққан ауа ағысының баяу өтуі. Жазуда
төрт көріністі әріп: а) сөз басында өзінен кейінгі әріппен, ә) ортасында
өзіне дейінгі, өзінен кейінгі әріптермен тіркесе жолдың үстіне алифтің 13
бөлігі жазылады, б) сөз соңында өзіне дейінгі әріптермен тіркесіп және в)
жеке тұрғанда жолдың үстінен алифтің 13, жолдың астына алифтей бөлігінің
жартылай доға арқылы көрінетін әріп. Нүктесі сөз басында, ортасында әріп
астынан түссе, сөз соңында және жеке тұрғанда доға ішінен қойылады.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
x u v wـ

Тіл арты [ﺡ,] дауыссыз дыбысы ызың, қатаң дауыссыз дыбыс. Жасалу орны
хамзаның орнымен толық сәйкес келеді. Айырмашылығы [h,] дауыссыз дыбысы
жасалғанда сөйлеу аппаратындағы мүшелердің бұлшық еттері қатты ширығып
жиырылады және араларында тар саңлау пайда болады. Өкпедегі ауа сыртқа
шыққанда осы саңлау қабырғаларына сүйкеле, жеңіл қырнай шығады. Дыбыстау
мүшелері ширығып тұрады. Жазудағы көрінісі джим әрпіне ұқсас, айырмасы [h(]
әрпінің нүктесі болмайды.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
€ y z

Көмекейлік [ĥ] дауыссыз дыбысы тіл арқасының артқы бөлігі, кішкене тіл
және жұмсақ таңдай араларында пайда болған тар саңлауды ауа ағысының
сүйкеліп, қырнай өтуі арқылы жасалады. [ĥ] дауыссыз дыбысы өзімен көршілес
дауысты, дауыссыз дыбыстарға әсер етеді. Жазудағы көрінісі [ﺡ+] әрпіне
ұқсас, айырмасы [ﺥ] әрпінің нүктесі бар және ол әріп қаңқасының үстінен
түседі.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ﺥ ﺧ ﺧـ ﺦ

[f] дауыссыз дыбысы үстіңгі тістердің астыңғы ерінге тиюі арқылы
жасалады. Тиіп тұрған астыңғы ерін мен үстіңгі тістер арасында бір тегіс
саңлау пайда болып, өкпеден шыққан күшті ауа ағысыосы саңлау арқылы ызыңдай
шығады. Жазуда төрт көріністі әріп. Сөз басында, ортасында жол үстіне
алифтің 14 бөлігі кішкене шеңбер жасай түсіп, нүктесі әріп қаңқасының
үстінен қойылады және өзіне дейінгі, кейінгі әріптермен тіркеседі. Сөз
соңында және жеке көрінісінде, шамамен алифтей бөлігі, жол бойына қиғаш
жазылады да, соңы кері қайырылады.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы


1-жаттығу. Көрсетілген әріптерді жазып шығыңыз және сипаттаңыз.
[d]; [d]; [z]; [s,]; [d+]; [t∗]; [z)]; [k∗]
2-жаттығу. Қосынды есімдіктерді жатқа айтыңыз.
3-жаттығу. Төменде берілген сөздерді жазыңыз.
ﺲﺭﺩ–оқу; ﺲﻳﺭﺩﺗ–сабақ оқу; ﻙﻟﺫ–анау; ﺫﻳﻤﻠﺗ–оқушы; ﺍﺬﻫ-бұл, осы; ﻭﺫ–иегер
4-жаттығу. Төмендегі есім сөздерге қосынды есімдіктерді тіркеп жазыңыз.
؛ﻡﻠﻗ ؛ﻖﻳﺪﺻ ؛ﺏﺎﺘﻛ ؛ﻖﻴﻓﺭ ؛ﺏﺃ ؛ﺔﻌﻣﺎﺟ ؛ﻡﺃ ؛ﺥﺃ
5-жаттығу. Берілген сөздердегі буын түрлерін анықтаңыз.
؛ﺔﺳﺭﺪﻣ ؛ﺔﻌﻣﺎﺟ ؛ﻡﻟﻓ ؛ﻊﻧﺻﻣ ؛ﺫﻳﻤﻠﺗ ؛ﺐﻟﺎﻂ ؛ﺲﺩﻨﻬﻣ ؛ﺏﺘﻛ ؛ﺲﻠﺟ ؛ﺐﻫﺫ ؛ﺃﺮﻗ
6-жаттығу. Қосымша буындарды анықтаңыз.
ﺔﺳﺭﺪﻣﻠﺍ ﻥﻣ ؛ﺔﻌﻣﺎﺟﻟﺍ ﻦﻋ ؛ﺔﻠﺳﺭﻠﺍ ﺕﺒﺘﻛ ؛ﺲﻳﺭﺪﺗﻠﺍ ﺔﻓﺮﻏ ؛ﺔﻓﺮﻌﻠﺍ ﻰﻓ ؛ﺔﻟﻭﺎﻂﻠﺍ ﻰﻠﻋ
؛ﺪﻳﺩﺟﻟﺍ ﺲﺭﺪﻠﺃ

[d]; [z]; [s,]; [d+]; [t∗]; [z)]; [k∗]; [h] дауыссыз дыбыстары

Заль [ž] дауыссыз дыбысы айтылғанда тілдің ұшы астыңғы және үстіңгі
тістер арасында жатады. Тіл мен тіс арасында бір тегіс жазық саңлау арқылы
өкпеден шыққан ауа ағысы ызыңдай шығады. Заль [ž] дауыссыз дыбысы–ұяң. Екі
көріністі әріптердің бірі. Жазылуы жағынан даль әрпіне өте ұқсас, тек заль
[d] әрпінің үстінде нүкте бар. Жеке тұрғанда, сөздің барлық шенінде, жолдың
үстіне алифтің 13 бөлігіндей биіктікте, жол бойымен шамамен алифтің 14
бөлігі түсіп, оның ұшы кішкене кері қайырылып жазылады. Өзіне дейінгі
әріптермен тіркесіп, кейінгі әріптермен тіркеспейді.

жеке түрі қосылатын түрі сөз аяғы, қосылмайтын түрі
ﺬ ذـ ذ

Зейн [z] дауыссыз дыбысының жасалу орны синь дауыссыз дыбысынң жасалу
орнымен бірдей. Зейн [z] дауыссыз дыбысы айтылғанда тілдің алдыңғы жағы
жоғарғы тістердің үстіне жақын тұрады, тіл мен тіс арасында пайда болған
саңлау арқылы ауа ағысы ызыңдап шығады. Зейн ұяң дауыссыз дыбыс. Жазылу
үлгісі діріл “ра” дауыссыз дыбысына ұқсас, айырмашылығы зейн әрпінің
үстінде бір нүкте бар.

жеке түрі қосылатын түрі сөз аяғы, қосылмайтын түрі
ﺰ زـ ز

Эмфатикалық дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық процесі жай дауыссыз
дыбыстардың жасалуына қарағанда күрделі, олар қарқынды және өте ширақ
айтылады. Тілдің арқасы, эмсфатикалық дауыссыздардың жасалуы барысында
жұмсақ таңдайға көтеріліп, дыбыстау аппаратының мүшелері қатайып, ширығып
тұрады. Аталған дауыссыз дыбыстар қазақ, орыс тілдерінде кездеспейді. Орыс
тіліндегі “сытый”, “дым”, “тыл”, “зыбка” секілді сөздеріндегі [с]; [д];
[т]; [з] дауыссыздары араб эмфатикалық дауыссыз дыбыстарына біршама
ұқсайды.
Сад [s+] эмфатикалық дауыссыз дыбысы жасалғанда сөйлеу аппараты
ширығып, тілдің артқы бөлігі жұмсақ таңдайға қарай көтеріледі. [s+]
“сад”–тіс арты, ызың, қатаң дауыссыз дыбыс. Төрт көріністі, өзіне дейнгі
және кейінгі келген әріптермен тіркесіп жазылатын әріп. Сөз басында, сөз
ортасында жол үстіне алифтің 13 бөлігі шар секілді байлана түсіп, келесі
әріптермен тіркесіп кетсе, сөз соңында және жеке тұрғанда жол үстіне
алифтің 13 бөлігі байланған шар секілді түсіп, жол астына алифтей бөлігі
жарты доға ретінде жазылады.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ﺺ ﺼ – ﺺـ

Дад эмфатикалық дауыссыз дыбысы [)d)] тіс арты, шұғыл, ұяң. Бұл
дауыссыз дыбыс айтылғанда дауыс шымылдығы аздап дірілдейді. Жазуда “сад”
әрпіне ұқсайды, айырмашылығы әріп қаңқасының үстінде нүкте бар.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ﺽ ﻀ ﻀـ ﺽـ

[t∗] эмфатикалық дауыссыз дыбысы–тіс арты, шұғыл, қатаң. Оның
артикуляциясында тілдің ұшы алдыңғы жоғар,ы тістерге нығыз тиіп, тіл
арқасының артқы бөлігі жұмсақ таңдайға өте жақын тұрады. Айтылғанда тіл ұшы
түрған орнынан шұғыл ажырайды. [t∗] эмфатикалық дауыссыз дыбысы–төрт
көріністі әріп. Жолдың үстіне алифтей бөлігі тік түсіп, 13 бөлігі тік
түскен бөлікке байланған шар секілді тіркесе жазылады.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
В В Бـ А

[z∍] “дзад” эмфатикалық дауыссыз дыбысы жасалғанда тілдің ұшы тіс артында
тұрады. Тіл мен тіс арасында саңлау пайда болады. Өкпеден шыққан аа ағысы
осы саңлаудан ызыңдай шығады. [z∍] “дзад” эмфатикалық дауыссыз дыбысы
дыбысы–төрт көріністі әріп. Жазылуы [t∗] эмфатикалық дауыссыз дыбысына өте
ұқсас, айырмасы әріп қаңқасының үстіне нүктесі бар.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
Ж Ж Е Д

Қаф [k∗] дауыссыз дыбысы тілдің артқы бөлігі кішкене тілдің үстіндегі
жұмсақ таңдайға нық тиіп, таңдайдан кілт ажырауы арқылы жасалады. Ауа ағысы
тілдің артқы бөлігі және жұмсақ таңдай арасында пайда болған саңлаудан,
ауыз жолы арқылы сыртқа шығады. Сөйлеу аппараты [k+] дауыссыз дыбысы
айтылғанда өте ширақ тұрады. Қатар тұрған дауыссыз, дауысты дыбыстарға әсер
етеді. Сөз басында және ортасында қаф әрпі жолдың үстіне алифтің 13
бөлігіндей биіктікте түсіп, өзінен кейінгі, дейінгі әріптермен тіркессе,
сөз соңында, жеке көрінісінде жолдың үстіне алифтің 13 бөлігіндей
биіктікте түсіп, қалған бөлігі жол астына жартылай доға түрінде жазылады.

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
Ц У Ф Хـ

Желбезектік [h] дауыссыз дыбысы көмейдің төменгі жағында, дауыс
шымылдығынан жоғарырақ, жұтқыншақтың төменгі бөлігінің тарылып, ауа ағысы
тарылған жұтқыншақ қабырғаларына сүйкеліп өтуінен жасалады. [h] дауыссыз
дыбысы көршілес дыбыстарға ешқандай әсер етпейді. Жазуда төрт түрлі
жазылатын әріп. Жеке көрінісі: жол үстіне алифтің 13 бөлігі байланған шар
секілді түседі. Сөз басында алифтей бөлігі алдымен 23 бөлігі доғаның
жартыдан астам бөлігін құрап, алифтің қалған бөлігі толық шеңбер жасай
доғаны қиып өтеді (ﻫ). Сөз ортасында жол үстіне де, астына да алифтің 13
бөлігі бірдей түсіріліп, байланған “көбелек (бабочка) галстук” секілді
жазылады (ﻬ). Сөз соңында өзіне дейінгі әріппен тіркесе, жол үстіне алифтің
13 бөлігіндей биіктікте үш бұрыш жасай орналасады (ﻪ).

жеке түрі сөз басы Сөз ортасы сөз аяғы
ﻩ ﻫ ﻬ ﻪ

Дифтонгтар

Араб әдеби тілінде қысқа [а] және жартылай дауысты [u]; [і]
дыбыстарының қосындысынан жасалған екі дифтонг бар. Олар: [aі]; [au]
дифтонгтері. Дифтонгтар буынның басында еш уақытта тұрмайды, керісінше әр
уақытта буынды аяқтап отырады. [au] дифтонгісінде қысқа [а] өте жақсы
естілсе, [aі] дифтогісінде қазақ тіліндегі [ә] секілді естіледі.
1-жаттығу. Шамсия әріптерін жазыңыз.
2-жаттығу. Белгілі халдегі есім сөздерге жататын топтарды анықтаңыз.
3-жаттығу. Төмендегі сөздерге аль артиклін жалғап жазыңыз.
ﺔﺳﺭﺪﻣ ؛ﺔﻌﻣﺎﺟ ؛ﻡﻟﻓ ؛ﻊﻧﺻﻣ ؛ﺫﻳﻤﻠﺗ ؛ﺐﻟﺎﻂ ؛ﺲﺩﻨﻬﻣ ؛ﻡﻠﻗ ؛ﻖﻳﺪﺻ ؛ﺏﺎﺘﻛ ؛ﻖﻴﻓﺭ ؛ﺏﺃ
؛ﺔﻌﻣﺎﺟ ؛ﻡﺃ
4-жаттығу. Қамария әріптеріне жалғанған сөздерді анықтаңыз..
ﺔﺳﺭﺪﻣﻠﺍ ﻥﻣ ؛ﺔﻌﻣﺎﺟﻟﺍ ﻦﻋ ؛ﺔﻠﺳﺭﻠﺍ ﺕﺒﺘﻛ ؛ﺲﻳﺭﺪﺗﻠﺍ ﺔﻓﺮﻏ ؛ﺔﻓﺮﻌﻠﺍ ﻰﻓ ؛ﺔﻟﻭﺎﻂﻠﺍ ﻰﻠﻋ
؛ﺪﻳﺩﺟﻟﺍ ﺲﺭﺪﻠﺃ
5-жаттығу. Төменде берілген сөздерді септеңіз.
ﺔﺳﺭﺪﻣﻠﺍ ؛ﺔﻌﻣﺎﺟﻟﺍ ؛ﺔﻠﺳﺭﻠﺍ ؛ﺔﻓﺮﻏ ؛ﺪﻳﺩﺟ ؛ﺲﺭﺪ
Әлсіз әріптер
1. Әлсіз ﻯ әрпі сөз құрамында созылыңқы [ī], дауыссыз
дыбыс [ĭ], [aĭ] дифтонгісінің және созылыңқы [ā] дыбысының қызметтерін
береді. Созылыңқы [ā] дыбысы алиф-мақсура (ﻰ) деп те аталады. Алиф-
мақсурадан кеін қосылып жазылатын есімдік келер болса, алиф-мақсура жай
алифке (алиф-мамдудаға) айналады.
2. Әлсіз ﻭ әрпі сөз құрамында созылыңқы [ū], [ŭ]
дыбыстарын және [aŭ] дифтонгісін, кейде созылыңқы [ā] дыбыстарын білдіреді.

3. Сөз құрамындағы вертикальді алиф созылыңқы [ā]
дыбысын білдіреді, бірақ жазуда жазылмайды, әріп үстінен вертикаль түрінде
түседі.
4. Төменгі жағдайларда алиф жазылады, бірақ оқылмайды да үнсіз алиф
деп аталады, а) өткен шақ етістіктің көпше түр мүзаккар тегінде ﺍﻭﺑﺗﻛ
[katabū]; ә) тануин-фатхаға аяқталған кейбір есім сөздер ﺎﺼﻋ [‘as)an]
؛ﺎﻤﺴﺮ [rasman]
Буын
Сөздер буынға бөлінеді. Араб әдеби тілінде буындарды құрауда негізгі
қызметті қысқа, созылыңқы дауысты дыбыстар атқарады және буындардың қысқа,
созылыңқы және өте созылыңқы буын деген түрлері кездеседі. Араб әдеби
тіліндегі буындар міндетті түрде дауыссыз дыспен басталады, яғни қазақ
тілінде кездесетін дауысты дыбыспен басталатын буын мысалы, а-на, ар-ман
т.б араб тілінде кездеспейді. Сонымен қатар, қатар келген екі дауыссыз
дыбыспен басталатын сөздер де жоқ. Кірме сөздерде кездесетін сөз басындағы
екі дауыссыз дыбыс араб тіліне енгенде, қатар келген екі дауыссыздың
арасына қысқа дауыстылардың бірі [a]; [u]; [і] кірігеді мысалы, ﺲﺎﻨﻴﻠﺑ
[balīnāsu] (Плиний), немесе сөздің басына қысқа дауысты дыбыстардың [’a];
[’u]; [’і] бірімен дыбысталған хамзалы қосымша буын арқылы беріледі мысалы,
ﻦﻮﻂﻼﻗﺃ [’aflāt,ūnu] (Платон). Жазуда бұл буын алифпен беріліп, алиф үстіне
ﺻ “uasla” белгісі қойылады да “уаслалы хамза” деп аталады. Мұндай қосымша
буындар тек сөздің басында, сөйлем ортасында ұзағырақ созылған паузадан
кейін қолданылады.
Буын дауысты дыбысқа аяқталса ашық буын, дауыссыз дыбысқа аяқталса
жабық буын деп аталады.
1. Қысқа буын дауыссыз дыбыс және қысқа дауысты
дыбыстан тұрады. ka-ta-ba, da-ra-sa т.б.
2. Созылыңқы буын дауыссыз дыбыс және созылыңқы
дауысты дыбыстан kі-tā-bun, ka-bī-run, du-rū-sun немесе дауыссыз, қысқа
дауысты, дауыссыз дыбыстардан dar-sun, mad-ra-sa-tun (қазақ тіліндегі жабық
буынға сәйкес келеді) құралады.
3. Өте созылыңқы буын дауыссыз дыбыс, созылыңқы дауысты және дауыссыз
дыбыстан тұрады šāb-bun. Араб әдеби тіліндегі буындардың типтерін схема
түрінде төмендегіше көрсетуге болады:
қысқа буын [ba]
созылыңқы буын ашық буын

[bā]
[bab]
өте созылыңқы буын [bāb] жабық буын

§15. Қосымша буындар

1. Егер сөз соңындағы буын фатхалы және сүкүнге біткен
дауыссызға аяқталса, сөз тіркесінің арасындағы қосымша буын “і” болады.
ﺏﻮﺘﻜﻤﻟﺍ ַﺕﺑﺗﻜ [katabat іl-maktūba]
2. Егер сөз соңындағы буын кәсралы және сүкүнге біткен
дауыссызға аяқталса, сөз тіркесінің арасындағы қосымша буын “а” болады.
ﺓﺭﻫﺎﻘﻠﺍ ﻦﻤ [mіn al-k∗āhіratі]
3. Егер сөз соңындағы буын дамма және сүкүнге біткен
дауыссызға аяқталса, сөз тіркесінің арасындағы қосымша буын “u” болады.
ﻥﻮﻣﻠﺳﻣﻠﺍํ ﻢ ﻫ [hum ul-muslіmūna]
4. Сөз соңындағы дауыссыз дыбыстың харакаты дауысты дыбыстардың бірі
болса, қосымшы буын да сол дауысты дыбыстан жасалады. ﺏﻮﺘﻜﻤﻟﺍ ﺖ ﺑﺗﻜ
[katabtu l-maktūba] ؛ﺏﻮﺘﻜﻤﻟﺍ ﺖﺑﺗﻜ [katabta l-maktūba] ؛ﺏﻮﺘﻜﻤﻟﺍ ﺖﺑﺗﻜ
[katabtі l-maktūba]
5. а) Егер сөз соңындағы буын [aĭ] дифтонгісіне аяқталса,
қосымша буын “і” болады.
ﺪﻠﻮﻟﺍ ﻰﺒﺎﺗﻛ [kіtābaĭ ’al-ŭaladі] ﺪﻠﻮﻟﺍ ﻰﺒﺎﺗﻛ [kіtābaĭі l-
ŭaladі]–баланың екі кітабы.
ә) Егер сөз соңындағы буын [aŭ] дифтонгісіне аяқталса,

қосымша буын, не “і”, не “u” болады.

ﺏﺎﺗﻜﻟﺍ ﻮﺃ [’aŭі l-
kіtābu]
ﺏﺎﺗﻜﻟﺍ ﻮﺃ [’aŭ ’al-kіtābu]
ﺏﺎﺗﻜﻟﺍ ﻮﺃ [’aŭu l-
kіtābu]

Екпін

Сөз не сөз тіркесі құрамындағы бір буынның ерекше үнмен айтылуы екпін
деп аталады. Сөз ішінде екпін түскен буын–екпінді буын болып табылады.

Араб сөздеріндегі екпін

Араб сөздеріне түсетін буын тікелей буын түрімен, буынның санына
байланысты. Араб сөздеріне екпін бір немесе бірнеше буынға бір мезгілде
түсуі мүмкін. Яғни, араб сөздеріндегі екпіндер негізгі және қосалқы екпін
деп аталады. Араб тілінде сөздердегі дауысты дыбыстарды қысқа,
созылыңқылығына қарай дұрыс айту өте маңызды және екпін түскен буындағы
дауысты дыбыс, басқа буындардағы дауысты дыбыстарға қарағанда күшейтіліп
айтылады.
1. Екпін екі буынды сөздердің алғашқы буынына, қысқа
не созылыңқы буынға түседі, ﺩﻳ [ĭa-dun]; ﺕﻧﺑ [bіn-tun]; ﻡﻓ [fa-mun];
(негізгі екпін буынның үстінен [ ], ал қосалқы екпін [ ] белгілерімен
белгіленеді).
2. Көп буынды сөздерде, сөз соңынан санағанда екінші
буын созылыңқы буын болса негізгі екпін осы буынға ﺯﺍﱠﺰﺒ [baz-zá-zun], ал
екінші буын қысқа болса, негізгі екпін үшінші буынға түседі, ﺮﺘﺴﺑ [bàs-ta-
ra].
3. Егер соңғы буын өте созылыңқы болса, негізгі екпін
соңғы созылыңқы буынға түседі, ﺕﺎﻁﻭﺒﺿﻣ [mad(-bū-t,ā-tun].
4. Қосалқы екпін негізгі екпін түскен буыннан кейінгі,
жабық созылыңқы буындардың барлығына түседі, ﺕﺎﻁﻭﺒﺿﻣ [mad(-bū-tā-tun].

Екпін түрлері

Араб сөздеріндегі екпін тұрақты екпін және жылжымалы екпін болып
бөлінеді.
ﺔﻌﻤﺎﺠ [ğā-mі-‘a-tun] сөзінде созылыңқы буын болғандықтан екпін сол
буынға түсіп, түскен екпін тұрақты екпін оның ішінде негізгі екпін болса,
осы сөздің дұрыс тұлғалы көпше түрінде ﺖﺎﻌﻣﺎﺠ [ğā-mі-‘ā-tun] сөз
құрамында екінші созылыңқы дауысты дыбыс болғандықтан екпін жылжып, негізгі
екпін соңғы созылыңқы буынға түседі де екпіннің жылжымалы түріне айналады,
қосалқы екпін алғашқы созылыңқы буынға түседі.

Белгілі және белгісіз хал

Араб тіліндегі хал категориясы белгілі және белгісіз хал деп екіге
бөлінеді.
.ٍﻦﻴﻌﻤ ﺮﻴﻏ ﺀﻰﺷ ﻰﻠﻋ ﻞﺪﻴ ﻢﺴﺇ ﺓﺭﻜﻨﻟﺃ [’annakіratu ’іsmun іadullu ‘alā šaĭ’іn
ġaĭrі mu‘aĭĭanіn].
Белгісіз халдегі есім сөздер көбінесе тануинге аяқталып, ﻟﺃ [’al]
артиклінсіз қолданылады. Есім сөздердің белгісіз халі көбінесе төмендегі
жағдайларда қолданылады:
а) сөз болып отырған ұғым сөйлеуші үшін белгісіз, жаңа, тың ұғым
болса;
ә) бір топ ұғым ішінен кез келген бір ұғым туралы сөз болса.
Белгілі халдегі есім сөздердің негізгі көрсеткіші ﻟﺃ [’al] артиклі.
Есім сөздерге ﻟﺃ [’al] артиклі сөз алдынан жалғанады да, ﻟﺃ [’al] артиклі
жалғанған есім сөздің соңындағы даммалы тануин түсіріліп, орнына дамма
жазылады. Араб сөзі транскрипция арқылы жазылғанда ﻟﺃ [’al] артиклі есім
сөзден сызықша арқылы бөлінеді. ﻟﺃ [’al] артиклі белгілі бір топтың ішінен
нақты бір ұғым туралы сөз болғанда, не белгілі бір ұғым туралы сөз болғанда
қолданылады. Сонымен ﻟﺃ [’al] артиклімен келген есім сөз белгілі халде, ал
ﻟﺃ [’al] артиклінсіз келген есім сөз белгісіз халде деп есептелінеді.
ٍﻦﻴﻌﻤ ﺀﻰﺷ ﻰﻠﻋ ﻞﺪﻴ ﻢﺴﺇ ﺔﻔﺭﻌﻤﻠﺃ [’alma‘rіfatu ’іsmun ĭіadullu ‘alā šaĭ’іn
mu‘aĭĭanіn].
ﻟﺃ [’al] артиклінсіз-ақ, белгілі халдегі есім сөздерге жалқы есімдер
(қала, жер-су аттары, кісінің аты-жөні, кітап, журнал, газет, ру-тайпа
атаулары), жіктеу, сілтеу есімдіктері мен қосылып жазылатын есімдіктер
тіркескен есім сөздер жатады.
ﻟﺃ [’al] артиклі сонымен қатар жинақтау (көпше түр) мағынасын да
береді. ﻦﺎﺴﻧﺇ [’іnsānun]-адам, ﻦﺎﺳﻧﻹﺃ [’al’іnsānu]-адамдар.
ﻟﺃ [’al] артиклі жалғанған есім сөздеріндегі алиф төмендегі
жағдайларда түсіріліп жазылады:
а) белгілі халдегі есім сөзге ﻟ септеулігі жалғанған кезде, ﺐﺗﺎﻜﻠﻠ
[lіlkātіbі] ؛ﻢﻠﻌﻣﻠﻠ [lіlmu‘allіmі]
ә) ﻢﺴﺇ [’іsmun] сөзіне ﺑ септеулігі жалғанып жазылғанда, ﻢﺴﺑ [bіsmіn]
“ﻟﺃ ’al” артиклі жалғанған есім сөздерінен бұрын ﻰﻓ [fī] ؛ﻰﻟﻋ [‘alā]
؛ﻰﻠﺇ [’іlā] септеуліктері келгенде, септеуліктер құрамындағы созылыңқы
дауысты дыбыстар өздеріне сәйкес келетін қысқа дауысты дыбыстармен
алмастырылып айтылады. ﺖﻴﺑﻠﺍ ﻰﻓ [fī l-baĭtі] ؛ﺪﻌﻘﻣﻠﺍ ﻰﻟﻋ [‘alā l-mak+‘adі]
؛ﺔﺒﺗﻜﻣﻟﺍ ﻰﻟﺇ [’іlā l-maktabatі] т.б.

Шамсия және қамария әріптері

Шамсия әріптеріне ﻦ ،ﻞ ،ﻆ ،ﻄ ،ﺽ ،ﺹ ،ﺵ ،ﺲ ،ﺯ ،ﺮ ،ﺫ ،ﺪ ،ﺚ ،ﺖ тіл алды
дауыссыз дыбыстары, қамария әріптеріне қалған 14 дауыссыз дыбыс жатады.
Егер шамсия әріптерімен басталған есім сөзге ﻟﺃ [’al] артиклі жалғанар
болса, айтылуда шамсия дауыссыз дыбысы артикльдің ﻞ дыбысымен толық
ассимиляцияланады, яғни шамсия дауыссыз дыбысы екі еселеніп айтылады.
؛ﻖﻴﺭﻂﻟﺃ [’at,t,arīk(u]–ﻖﻴﺭﻂ [t,arīk(un] ؛ﺲﻣﺷﻟﺃ [’aššamsu]–ﺲﻣﺷ [šamsun]
ﻝ шамсия дауыссыз дыбысымен басталатын есім сөздерге ﻟﺃ артиклі жалғанғанда
артикль құрамындағы ﻞ сөз құрамында сақталып жазылады. ﺡﻮﻟﻟﺃ [’allaŭh∍u]–
ﺡﻮﻠ [laŭh∍un] ؛ﻦﺒﻠﻠﺃ [’allabanu]– ﻥﺒﻟ [labanu]
ﻟﺃ [’al] артиклі жалғанғанда сөз соңіндағы даммалы-тануин “даммамен”
алмастырылады.

Ассимиляция

Егер сөз шамсия әріптерімен басталатын болса, онда ﻟﺃ артиклі
құрамындағы ﻞ шамсия әріптеріне кірігіп кетеді, яғни шамсия әріптері екі
еселеніп оқылады және жазу барысында шамсия әрпінің үстіне “ташдид ّ”
белгісі қойылады да, сөз өзгеріссіз жазылады.
а) Сүкүнделген ﻥ дыбысымен аяқталған сөз ﻳ ؛ﻮ ؛ﻟ ؛ﺭ дыбыстарымен
басталатын сөздерден бұрын келсе, онда аталған дыбыстар екі еселеніп
оқылады.
ﻩﺪﻳ ﻥﻣ–mіĭ ĭadіhі; ؛ﺪﻠﻭ ﻦﻤ–mіŭ ŭaladіn ؛ﻪﻧﺪﻟ ﻥﻣ–mіl ladunhu
؛ﻖﻳﻗﺭ ﻥﻤ–mіr rafīk(іn
ә) Ассимиляциялану кейбір сөздердің жазылуына да әсер етеді: (ﺎﻤ+ﻥﻤ)
ﺎﱠﻤﻤ mіm-mā (ﻻ+ﻥﺃ) ﱠﻻﺃ ’al-lā
Ұяң даль [d] дауыссыз дыбысы қатаң дауыссыз [t] дыбысымен қатар
келгенде қатаңданып, дауыссыз [t] дыбысы екі еселеніп айтылады. Мысалы,
ﺖﺩﺠﻮ ǔağadtu орнына ǔağattu, ﺕﺩﻣﺣ h(amіdta орнына h∍amіtta болып естіледі,
бірақ жазуда өз қалпын сақтайды.

Араб тіліндегі сөздердің соңындағы жіктік, септік және көптік
жалғауларын алып тастаған кезде сөздің негізі қалады. Негіз өз кезегінде
жалпы лексикалық мағына беретін дауыссыз дыбыстардың жиынтығынан тұрады, ал
дауыссыз дыбыстардың арасындағы дауысты дыбыстар сөздің грамматикалық
тұлғасын анықтайды. Сөз құрамындағы қысқа, созылыңқы, префикс, суффикс және
аффикстерді алып тастаған кезде қалған дауыссыз дыбыстар жиынтығы түбір деп
аталса, ал сөздің грамматикалық көрсеткіштері алынып тасталғаннан кейінгі
бөлігі негіз деп аталады. Мысалы, َبﺗَﻜ kа-ta-b[a] “ол жазды”, ﺏﺎﺘﻛ kіtāb[un]
“кітап” сөздерінің түбірі KTБ, бұл түбірдің беретін жалпы мағынасы “жазу”.
Мысалдар соңындағы квадрат жақша ішіндегі қосымшалар жіктік және септік
жалғаулары. Араб тілінде сөз тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшалар қазақ
тіліндегі сөз жасаушы элементтерден өзгеше, олар түбірге жалғануы не түбір
құрамына кірігуі мүмкін. Араб сөзінің түбірі әдетте үш дауыссыз дыбыстан
тұрады. Түбір жасалған дауыссыз дыбыстар түбір дауыссыз дыбыстары деп
аталады. Түбір дауыссыздарына, сонымен қатар, ﻭ [ǔ]; ﻯ [ĭ] әлсіз дыбыстары
да жатады, кейде сөз құрамындағы бұл әлсіз дыбыстарды созылыңқы [ā] дауысты
дыбысы алмастырады.
Араб сөздерінің үш түрі бар: ﻞﻌﻔﻠﺃ [’alfі‘lu]–етістік, ﻢﺴﻹﺃ
[’al’іsmu]–есім сөз, ﻑﺮﺣﻟﺃ [’alh%arfu] –көмекші қосымшалар.
.ﻒﺮﺣ ﻭ ﻞﻌﻓ ﻮ ﻡﺴﺇ :ﻉﺍﻮﻧﺃ ﺔﺜﻼﺜ ﺔﻤﻠﻜﻟﺃ–Сөздің үш түрі бар: етістік, есім сөз
және көмекші қосымшалар.
.ﺭﺧﺁ ﺀﻲﺷ ﻱﺃ ﻮﺃ ﺩﺎﻣﺟ ﻭﺃ ﺖﺎﺑﻨ ﻭﺃ ﻥﺍﻮﻴﺤ ﻮﺃ ﻦﺎﺴﻧﺇ ﻪﺒ ﻰﻤﺴﻳ ﻈﻔﻟ ﻞﻛ :ﻢﺴﻹﺎﻓ–aдам,
хайуан, өсімдік, минерал және т.б. кез келген затты білдретін сөздер есім
сөздер деп аталады.
ﺹﺎﺧ ﻥﻤﺯ ﻰﻓ ﻞﻣﻋ ﻝﻭﺻﺣ ﻰﻟﻋ ﻞﺩﻳ ﻈﻔﻟ ﻞﻛ :ﻞﻌﻔﻠﺍﻭ–белгілі бір уақытта өткен әрбір
сөз етістік деп аталады.
.ﻩﺭﻳﻏ ﻊﻣ ﻻﺇ ﻼﻣﺎﻜ ﻩﺎﻨﻌﻣﺮﻬﻆﻴ ﻻ ﻈﻔﻟ ﻞﻛ :ﻒﺭﺣﻟﺍﻭ–басқа сөздерсіз толық мағынасы
болмайтын әрбір сөз “көмекші қосымшалар” деп аталады.

Зат есім

Кім?–؟ﻥﻤ [man] және не?–؟ﺎﻤ [mā] деген сұрақтарға жауап беретін сөз
табы зат есім деп аталады.
Араб тілінде зат есімнің үш септік, үш түр және екі тек
категорияларының грамматикалық тұлғалары, белгілі, белгісіз халі бар. Зат
есім мағынасына орай жалпы, жалқы болып екіге бөлінеді.
ﺚﻧﺆﻣ ﻭ ﺮﻜﺬﻣ :ﻥﺎﻋﻮﻧ ﻡﺴﻹﺃ–есім сөздің екі тегі бар: музәккар, му’аннас.
.ﺖﺎﻨﺍﻭﻴﺣﻟﺍ ﻮ ﺲﺎﻧﻟﺍ ﻥﻤ ﺭﻜﺫ ﻰﻟﻋ ﻞﺩ ﺎﻣ ﻮﻫ ﺭﻛﺬﻣﻟﺍ–музәккар тегі адамдар
мен хайуандардың еркегін білдіреді.
ﻰﺜﻧﺃ ﻰﻠﻋ ﻞﺩ ﺎﻣ ﺚﻨﺆﻤﻟﺍﻮ–му’аннас тегі “әйелді” білдіреді.
.ﺓﺪﻮﺪﻤﻤﻟﺍ ﻒﻟﻷﺍﻭ ﺓﺮﻮﺻﻘﻤﻠﺍ ﻒﻟﻷﺍﻭ ﺔﻄﻭﺑﺮﻤﻟﺍ ﺀﺎﺘﻠﺍﻭ ﻰﻫﻭ ﺀﺎﻤﺴﻷﺍ ﺮﺧﺂﺑ ﻞﺼﺘﺘ ﺙﻼﺜ
ﺀﺎﻤﺴﻷﺍ ﺚﻴﻧﺄﺗ ﺖﺎﻤﻼﻋ
–му’аннас тегінің есім сөздер соңына жалғанатын көрсеткіштері үшеу, олар
“ta-marbūt∗a”, “alіf-mak∗s)ūra”, “alіf-mamdūda”. Му’аннас тегі музәккар
тегінен грамматикалық көрсеткіштер арқылы ажыратылады. Олар: ﺓ “ta-
marbūt∗a”; ﻰ- “alіf-mak∗s)ūra”; ﺎ- “alіf-mamdūda” деп аталады.
1) ﺓ “ta-marbūt∗a”, ﺔﺴﺮﺪﻣ “madrasatun”–мектеп;
2) ﻰ- “alіf-mak∗s)ūra”, ﻯﺮﺷﺑ “bušrā”–қуанышты хабар;
3) ﺎ- “alіf-mamdūda”, ﺎﻴﻧﺩ “dunіā”–дүние;
4) ﺀﺍ- [ā’u] ﺀﺍﺭﺤﺼ “s∗ah+rā’u”–сахара, шөл дала;
.ﺙﻴﻧﺄﺘﻟﺍ ﺔﻣﻼﻋ ﻥﻤ ﺎﻴﻟﺎﺧ ﺚﻧﺅﻣﻠﺍ ﻡﺴﻹﺍ ﻦﻮﻜﻴ ﺪﻗ–му’аннас тегіндегі есім
сөздер му’аннас тегінің көрсеткіштерінсіз де болуы мүмкін.
ﺎﻌﻤ ﻱﻮﻨﻌﻤﻭ ﻰﻆﻔﻠ ﻭ ﻱﻮﻨﻌﻤﻭ ﻰﻆﻔﻠ ﻭ :ﻢﺎﺴﻗﺃ ﺔﺛﻼﺜ ﺚﻨﺆﻤﻟﺍ–му’аннас тегі үш түрге
бөлінеді: мағыналық, сөз және мағыналық пен сөз бірге.
ﺚﻴﻧﺄﺗﻠﺍ ﺔﻤﻼﻋ ﻪﻴﻓﻮ ﺮﻛﺬﻣ ﻰﻟﻋ ﻝﺩ ﺎﻣ ﻮﻫﻮ ﻰﻆﻔﻠ–мағыналық му’аннас тегіндегі
сөз: музәккар тегіне му’аннас тегінің көрсеткіштері жалғануы арқылы
жасалады.
ﺚﻴﻧﺄﺗﻠﺍ ﺔﻤﻼﻋ ﻪﻴﻓ ﺱﻴﻟ ﻭ ﺚﻧﺆﻣ ﻰﻟﻋ ﻝﺩ ﺎﻣ ﻮﻫﻮ ﻱﻮﻨﻌﻤ–мағыналық му’аннас
тегінде му’аннас тегінің көрсеткіштері болмайды.
ﺚﻴﻧﺄﺗﻠﺍ ﺔﻤﻼﻋ ﻪﻴﻓ ﻭ ﺚﻧﺆﻣ ﻰﻟﻋ ﻝﺩ ﺎﻣ ﻮﻫﻮ :ﺎﻌﻤ ﻱﻮﻨﻌﻤﻭ ﻰﻆﻔﻠ–мағыналық
және сөз бірге (му’аннас тегінің бір түрі): му’аннас тегінің көрсеткіштері
бар сөздер. ﺓ “ta-marbūt∗a”, ﺔﺴﺮﺪﻣ “madrasatun”–мектеп; ﻰ- “alіf-
mak∗s)ūra”, ﻯﺮﺷﺑ “bušrā”–қуанышты хабар; ﺎ- “alіf-mamdūda”, ﺎﻴﻧﺩ
“dunĭā”–дүние; ﺀﺍ- [ā’u] ﺀﺍﺭﺤﺼ “s∗ah+rā’u”–сахара, шөл дала;
ﻊﻀﺍﻮﻣ ﺔﻌﺒﺭﺃ ﻰﻓ ﺎﻳﻮﻧﻌﻣ ﺚﻧﺆﻣﻠﺍ ﻥﻮﻜﻳ–мағыналы му’аннас тегі төрт
тәсілмен жасалады. Сыртқы тұлғасы музәккар тегі, ішкі мағынасы му’аннас
тегіне жататын есім сөздер:
а) “ﺦﻟﺇ ﻭ ﺏﻧﻳﺯﻜ ﻮ ﻡﻳﺭﻣﻜ” ﺚﺎﻧﻹﺍ ﻡﻼﻋﺃ–әйел кісілердің Мариям, Зейнеп
секілді есімдері.
ә) “ﺦﻟﺇ ﻭ ﺲﻮﺮﻌﻜ ﻮ ﻡﺄﻛ” ﺚﺎﻧﻹﺎﻴ ﺔﺼﺘﺨﻣﻟﺍ ﺀﺎﻣﺴﻷﺃ–әйел кісілердің арнайы
атаулары: апа, қалыңдық; ру, тайпа, халық, ел, қала, елді мекен,
географиялық атаулар: ﺩﺍﺪﻐﺑ [baġdādu]–Бағдад қаласы, ﺶﻳﺮﻗ k+uraĭšіn–қурайш
тайпасы, ﺮﺻﻣ mіs,ru–Мысыр елі, ﻥﺎﺘﺴﻜﺭﺘ–Түркістан қаласы т.б.
б) ﺦﻟﺇ ﻭ ﺵﻳﺮﻗﻛ ﻮ ﺮﺻﻣﻜ ﻮ ﻥﺎﺘﺴﻜﺮﺘﻛ ﻭ ﻡﺎﺷﻟﺍﻛ ﻞﺌﺎﺑﻗﻟﺍﻭ ﻥﺩﻤﻟﺍﻮ ﺩﻼﺒﻠﺍ
ﺀﺎﻣﺴﺃ–елдің, қалалардың, тайпалардың атаулары. Бұлардан басқа осы топқа
төмендегі атауларды жатқызуға болады, жел, соғыс, жәннат, күн, ай, тозақ,
от, жер атаулары: ﺽﺮﺃ [’ard,un]–жер, ﺐﺭﺣ [h,arbun]–соғыс, ﺲﻣﺷ [šamsun]–күн,
ﺭﺎﻧ nārun]–от, ﺢﻳﺮ [rīh un]–жел.
в) “ﺪﻳﻜ ﻭ ﻞﺟﺭﻜ ﻭ ﻥﻴﻌﻜ” ﺔﺠﻮﺩﺰﻣﻟﺍ ﺀﺎﺿﻋﻷﺍ ﺽﻌﺑ ﺀﺎﻤﺴﺃ–дененің қос
мүшелерінің атаулары: ﻦﻳﻋ [‘aĭnun]–көз, ﺪﻴ [ĭadun]–қол, ﻞﺠﺭ [rіğlun]–аяқ
т.б.
Музәккар тегіндегі есім сөздерге му’аннас тегінің көрсеткіштерінің (ﺓ
“ta-marbūt∗a, ﻰ- “alіf-mak∗s)ūra”, ﺎ- “alіf-mamdūda ”) жалғануы арқылы
мамандықты, кәсіпті, туыстықты және тағы басқа түсініктерді білдіретін
му’аннас тегіндегі есім сөздер жасалады, ﺲﺭﺩﻩ [mudarrіsun]–оқытушы, ﺔﺴﺭﺩﻩ
[mudarrіsatun]–оқытушы әйел, ﺡﻼﻓ [fallāh&un]–шаруа, ﺔﺣﻼﻓ
[fallāh&atun]–шаруа әйел, ﻥﻼﺴﻜ [kaslānu]–жалқау (мр), ﻰﻟﺴﻜ [kaslā]–жалқау
(мс) т.б.
Араб тіліндегі зат есімдер үш септікте (атау, ілік, табыс) септеледі.
Септік жалғауларының көрсеткіштері соңғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы. в.ф.гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Ежелгі және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Орта ғасырлар лингвистикасы
Түркітануға кіріспе
Еуразия кеңістігіндегі түркі тілдері
Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі
Лингвистикалық ілім тарихы Ежелгі дәуір тіл білімі
Лингвистикалық практика
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасамдық ерекшеліктер ( Китаб әл-Идрак ли-Лисан әл- Aтрак ескеркіші бойынша)
Пәндер