Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер



1 Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы: пәні мен әдістері, мақсаты мен міндеттері және тарихнамасы
№ 2 дәріс Тақырып: Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекетті бірлестіктердің пайда болуы және дамуы
№ 3 дәріс Тақырып: Қазақстан аумағындағы ертефеодалдық монархиялар. Түркі қағанаты
№ 4 дәріс Тақырып: Түркеш және Қарлұқ қағанаттары
№ 5 дәріс Тақырып: Оғыз мемлекеті
№ 6 дәріс Тақырып: Қарахан мемлекеті
№ 7 дәріс Тақырып: Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері
№ 8 дәріс Тақырып: Найман және Керей ұлыстары
№9 дәріс Тақырып: Шыңғысхан империясының тарих сахнасына шығуы
№10 дәріс Тақырып: Моғолстан мемлекеті
№11 дәріс Тақырып: Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасы
№ 12 дәріс Тақырыбы: Қазақ ордасының құрылуы және дамуы
№13 дәріс Тақырып. Қазақстан Ресей империясының құрамында
№ 14 дәріс Тақырып: Кеңестік Қазақстандағы мемлекет және құқық.
№ 15 дәріс Тақырып: Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік . құқықтық дамуы
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін де бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегенін, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін де білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халық жаңа жағддайға бейімделіп келді. Ежелгі сақ тайпалары, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттері мен түрік қағанаты дәуіріндегі мемлекеттер, Шыңғысхан шапқыншылығынан кейін өмір сүрген көптеген мемлекеттер Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың мемлекеттері болды.
Қазақстан атауымен аталған Қазақ хандығы 300 жылдай өмір сүрді. Міне осы мемлекеттердің бәрі де бүгінгі Қазақстан Республикасының байырғы халықтары – қазақтардың әр кезеңіндегі мемлекеттік бірлестіктер болған деп айта аламыз.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, оның саяси-әлеуметтік дамуы үшін еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттер мен олардың құқықтық жүйелерінің ерекшеліктерін оқып үйренудің маңызы зор. Осы орайда елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: “Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиатының бастауларын түсінгеніміз жөн”, - діннің мәні ерекше. Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысы бар. Оларда қазіргі қазақтардың түпкі ата-бабалары өмір сүрді және осы территорияны болашақ ұрпақтары үшін жан-тәнімен қорғап,үлкен өркениетті іздер қалдырды. Қазақстан жерінде өмңр сүрген түрлі мемлекеттер белгілі бір заңдылықтарға сәйкес пайда болып, гүлденіп, содан соң дағдарыстарға ұшырап тарих қойнауынан кетіп отырды. Олардың пайдаға асар тәжірбиелері мен сабақ болар үлгілері ұрпақ үшін қасиетті, қажетті дүние.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрслысы мен құқықтық қатынастарының даму ерекшеліктерін зерттейді. Бұл мемлекеттердің негізі бір қазақ халқы болғандықтан, олардың саяси-құқық тарихы бүгінгі Қазақстан Республикасына тікелей байланысты болмақ.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихи және құқықтық ғылым болып табылады. Ол қоғам тарихының бір бөлігі болғандықтан мәдениет тарихы, әдебиет тарихы, техника тарихы, т.б. салалық тарихи ғылымдармен қатар тұрады, тарих ғылымының жалпы заңдылықтарын басшылыққа алады.
Құқық ғылым ретінде ол Қазақстандағы мемлекет пен құқық тарихын, олардың әрбір тарихи кезеңге сәйкес заңдылықтары мен ерекшеліктерін, пайда болуы мен жойылуын хронологиялық реттілікпен зерттейді.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы т.б. салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Заң ғылымының көрсетілген салалары тарихилық принципі тұрғысынан Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихынан бастау алады, әрі болашақта саяси-құқықтық тарихтың объектісіне айналады.
1. Ғаппар Маймақов. ҚР саяси құқықтық тарихы. Алматы “Жеті Жарғы” 2003ж
2. С.Зиманов. Қазақ әдет – ғұрып заңдарының шариғаттың әсері. Алматы 2001ж
3. Нурпейсов, А.Котов. Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік республикаға дейін. Алматы “Жеті Жарғы” 2003
4. Ж.Омари. Қаздауысты Қазбек би. Алматы 2000ж
5. З.Кенжалиев. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы “Жеті Жарғы” 2004ж
6. Қазақтың Ата заңдары. Томдық. Алматы “Жеті Жарғы” 1998
7. Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі қазақстан тарихы. 5 том. Алматы “Жеті Жарғы” 2004ж
8. Е.Әбіл. История государство и право РК. Алматы 2007ж
9. С.Сартаев. История государства и права Казахский ССР. Алматы “Жеті Жарғы” 2003
10. Абил Е. История государства и право Республики Казахстан с древнейших времен до наших дней. Алматы 2000.
11. Абил Е. История государства и право Республики Казахстан с древнейших времен начало XX века: курс лекции. Астана 2002.
12. Артықбаев Ж.О. “Жеті Жарғы” мемлекет және құқық ескерткіштері (Зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні); оқу құралы, Алматы 2003.
13. Қазақтың ата заңдары құжат, деректер және зерттеулер. Древни мир право казахов: 10 томдыҚ (жет. С. Зиманов). Алматы “Жеті Жарғы” 2003.
14. Каняшин Ю.Н. Очерки по истории права в средние века: Алматы 2000.
15. Құл-Мұхаммед М. Алаш Қайраткерлері саяси құқытық қөзқарастарының эволюциясы. А: Атамұра 2000ж
16. Өзбекұлы С. Хан Тауке и правовой памятник “Жеті Жарғы” А. Өркениет 1998.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы: пәні мен әдістері,
мақсаты мен міндеттері және тарихнамасы
Дәрістің мазмұны:
1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні және әдісі.
2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихнамасы.
3. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсы кезеңдері
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз
тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге
дейін де бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегенін, кейін
тарих сахнасынан біржола өшкенін де білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер
халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи
жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халық
жаңа жағддайға бейімделіп келді. Ежелгі сақ тайпалары, ғұн, үйсін, қаңлы
мемлекеттері мен түрік қағанаты дәуіріндегі мемлекеттер, Шыңғысхан
шапқыншылығынан кейін өмір сүрген көптеген мемлекеттер Қазақстан
территориясын мекендеген халықтардың мемлекеттері болды.
Қазақстан атауымен аталған Қазақ хандығы 300 жылдай өмір сүрді. Міне
осы мемлекеттердің бәрі де бүгінгі Қазақстан Республикасының байырғы
халықтары – қазақтардың әр кезеңіндегі мемлекеттік бірлестіктер болған деп
айта аламыз.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, оның саяси-
әлеуметтік дамуы үшін еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі
мемлекеттер мен олардың құқықтық жүйелерінің ерекшеліктерін оқып үйренудің
маңызы зор. Осы орайда елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: “Егер біз мемлекет
болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз
келсе, онда халық руханиатының бастауларын түсінгеніміз жөн”, - діннің мәні
ерекше. Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың
бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысы бар. Оларда қазіргі
қазақтардың түпкі ата-бабалары өмір сүрді және осы территорияны болашақ
ұрпақтары үшін жан-тәнімен қорғап,үлкен өркениетті іздер қалдырды.
Қазақстан жерінде өмңр сүрген түрлі мемлекеттер белгілі бір заңдылықтарға
сәйкес пайда болып, гүлденіп, содан соң дағдарыстарға ұшырап тарих
қойнауынан кетіп отырды. Олардың пайдаға асар тәжірбиелері мен сабақ болар
үлгілері ұрпақ үшін қасиетті, қажетті дүние.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні еліміздің
территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрслысы
мен құқықтық қатынастарының даму ерекшеліктерін зерттейді. Бұл
мемлекеттердің негізі бір қазақ халқы болғандықтан, олардың саяси-құқық
тарихы бүгінгі Қазақстан Республикасына тікелей байланысты болмақ.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихи және
құқықтық ғылым болып табылады. Ол қоғам тарихының бір бөлігі болғандықтан
мәдениет тарихы, әдебиет тарихы, техника тарихы, т.б. салалық тарихи
ғылымдармен қатар тұрады, тарих ғылымының жалпы заңдылықтарын басшылыққа
алады.
Құқық ғылым ретінде ол Қазақстандағы мемлекет пен құқық тарихын,
олардың әрбір тарихи кезеңге сәйкес заңдылықтары мен ерекшеліктерін, пайда
болуы мен жойылуын хронологиялық реттілікпен зерттейді.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы мемлекет және
құқық теориясы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Қазақстан
Республикасының Конституциялық құқығы т.б. салалық заң ғылымдарымен тығыз
байланысты. Заң ғылымының көрсетілген салалары тарихилық принципі
тұрғысынан Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихынан бастау
алады, әрі болашақта саяси-құқықтық тарихтың объектісіне айналады.
Осы оқу құралын жазу барысында бұған дейін жарық көрген “История
государства и права Казахской ССР” Ч.1. Алматы. 1982., Ч.2: Алматы. 1984.
атты екі бөлімді оқу құралын, бес томдық Қазақ ССР тарихын, т.б. көптеген
тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттер пайдаланылды.
Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы пәнi қоғамды
зерттейтiн тарихи-құқықтық ғылым жүйесiне кiредi. Сипаты жағынан Қазақстан
Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы– тарихи-құқықтық ғылым. Бұл
пәнiмiз жалпы тарих сияқты қоғамды толық зерттемейдi, ол өз алдына
мемлекеттiк және құқықтық мекемелердегi тарихи процесстердi зерттейдi.
Мемлекеттiк -құқықтық құбылыстарға, процесстерге көптеген тарихи фактiлер,
саяси өмiрдегi оқиғалар, мемлекет қызметi, билiк, таптар және партиялардағы
жағдайлар жатады. Пән тек өткендi ғана зерттеп, ол туралы бiлiм берiп қана
қоймай мемлекет пен құқық дамуындағы заңдылықтарды ашуды алдына мақсат
етедi.
Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы - отанымыздың
құқығы мен мемлекеттiлiгiн белгiлi бiр тарихи-нақты пайда болуы мен дамуы
процесiнде зертейдi. Осы зерттеу барысында хронологиялық реттiлiк және
тарихи заңдылық сақталады.
2. Заң ғылымдары жүйесiнде Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы
тарихы пәнiнiң алатын орны ерекше. Ол ерекшелiгi зерттеу объектiсiне
байланысты.
Әрбiр заң саласы ғылымының зерттеу нәтижесi екiншiсiнде де құнды дерек
бола алады. Мысалы, атап айтсақ Қазақстан Республикасы мемлекетi және
құқығы тарихы мемлекеттiк құқықтық процесстi мерзiмдiк-кеңiстiкте зерттеп
нақты тарихи заңдылықты ашып-анықтайды. Ал, мемлекет және құқықтық теориясы
тарихи-құқықтық зерттеулердiң ғылыми нәтижесiне сүйене отырып мемлекет және
құқықтың пайда болуының, дамуының және өмiр сүруiнiң жалпы заңдылықтарын
қалыптастырады, ашады. Нәтижесiнде осы екi пән арасында тығыз байланыс
орнайды.
Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы саяси және құқықтық
iлiмдер тарихы мен нақты қатынаста болады. С.Қ.I.Т тарихи нақтылық
жағдайында және хронологиялық тәртiпте мемлекет және құқықтық iлiмнiң пайда
болуын, дамуын және әлеуметтiк тиiмдiлiгiн зерттейдi.
Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы мен шетелдер
мемлекетi мен құқығы тарихы бiрлесе отырып тарихи-құқықтық ғылым алдындағы
мiндеттердi шешедi, бiрақ пәнi жағынан бiр-бiрiнен ажыратылады.
Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы маңызы:
- студенттердiң тарихи-теориялық қөзқарасын жетiлдiредi;
- салалық заң ғылымдарын игеруге жан-жақты көмекшi құрал бола алады;
- қоғамда болып жатқан құбылыстарға талдау жасауға мүмкiндiк
бередi;
- тарихи, саяси-әлеуметтiк заңдылықтарды зерттей отырып болашақты
болжауға жол ашады.
3. Тарихи-құқықтық ғылымның фундаментi болып табылатын тарихи
фактiлердi (нормативтi құжат, тарихи процесс т.б.) таңдау, топтау,
зерттеудiң ғылыми тұрғыда болуына байланысты. Зерттеүшi мамандар жан-жақты
анализ (талдау) арқылы тарихи фактордың нақты мәнiн ашады. Талдаудың дұрыс
бағытта болуына әртүрлi зерттеу әдiстерi (методтары) қызмет етедi.
Соның iшiнде маңызды орынды диалектиқалық метод алады. Зерттеу
объектiсiнiң теориялық мән-мағынасын түсiнуде осы әдiстiң орны ерекше.
Диалектика (гр. болмыстың өзгеруi мен танымының әдiсi мен теориясы).
Сонымен қатар мынандай өте қажеттi, әрi оқу пәнiмiзге қатысты арнайы
зерттеу әдiстерiн атап өтейiн:
— тарихи әдіс, мемлекет және құқықтың пайда болуы мен дамуының нақты
тарихи зерттеуін білдіреді;
— салыстырмалы - тарихи әдіс, анықталған тарихи фактілерді басқа да
ұқсас фактілермен салыстыруға мүмкіндік береді;
— жүйелік-құрылымдық әдіс, элементтердін кұрылымдарын, оларға тән ішкі
байланыстарды зерттеуді және жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ететін
элементтерді анықтауды білдіреді;
— статистиқалық әдіс, тарихи үдерістің сандық жақтарын зерттеуде,
зерттеу обьектісіне сандық көрсеткіштер тән болған кезде қолданылады.
Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы отанымыздың
тарихын нақты хронологиялық шеңберде зерттейдi. Қәзiргi кезде ҚР тарихы
кезеңдерiн мынадай тарихи қалыптасқан кезеңдерге бөлемiз:
- Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттiк құрылымдар (4-14 ғ.)
- Қазақ хандықтарының құрылуы мен даму кезеңi (15-18 ғ.)
- Қазақстанның Россия империясы құрамындағы кезеңi (18-20 ғ. басы)
- Кеңестiк Республикалар Одағы тұсындағы Қазақстан (1917-1991 ж.)
- Егемендi, тәуелсiз Қазақстан (1991 ж. берi)
Әрбiр кезеңдер өзiндiк әлеуметтiк-экономиқалық және мемлекеттiк-
құқықтық процесстерiмен ерекшеленедi.
Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихын зерттеудің жоғары
кәсіби заңгерлерді дайындаудағы маңызы зор. Ең алдымен, мемлекет және құқық
тарихын зерттеу студенттерде мемлекеттік-құқықтық кұбылыстарға деген
тарихи көзқарас сезімін қалыптастырады, оларға жалпы коғамдық өмірді, оның
ішінде мемлекет пен құқықты ғылыми әдістемелік түрде тануына мүмкіндік
береді. Мемлекет пен қоғамның кез-келген құбылысын олардың қалыптасу, даму
алғы шарттарын анықтағанда ғана, бұл құбылыстың қалай пайда болғаны,
қалыптасу барысында қандай кезеңдерден өткені және қандай бағытта дамып
келе жатқаны зерттелген жағдайда ғана дұрыс түсінуге болады.

№ 2 дәріс
Тақырып: Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекетті бірлестіктердің пайда
болуы және дамуы.
Дәрістің мазмұны:
1. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекетті бірлестіктердің пайда болуы.
2. Ежелгі ғұндар империясы.
3. Үйсін және Қаңлы мемлекеттері
1) Алғашқы қауымдық құрылыс адамдардың тарихының ең ұзақ кезеңі.
Адамдар тас дәуірі, мыс дәуірі, қола дәуірі сияқты ондаған мың жылдарға
созылған кезеңдерді бастан өткізді. Тарихты бұлай дәуірлеу өндіріс құрал-
жабдықтарын пайдалануға және жетілдіруге байланысты болған.
Адамдар тас дәуірінде табиғаттың дүлей күшіне қарсы бірігіп күресу үшін
тобыр ретінде өмір сүрді. Тобыр тәртіппен реттелмейтін адамдардың тобы.
қажеттігі адамдарды біріктірді. Некенің түрі топтық неке болды.
Рулық қоғам туыстас адамдардың қауымдастығы. Экзогамиялық неке - ру
ішінде некеге тыйым салыну. Рулық қоғамда биологиялық емес әлеуметтік
көрсеткіштер үстемдік құра бастады.
Адамдар арасында тұрақты неке мен отбасы қалыптасты.
Жақын рулардың бірлестігінен тайпалар құрылды.
Адамдар игеруші өндірістен біртіндеп жер және мал шаруашылығына көшіп,
өздері өнім өндірушілерге айналды. Артық өнімнің пайда болды.
Ру мүшелері бір-бірімен тең болды. Руды рулық қоғамдағы биліктің
жоғарғы органы - халық жиналысында сайланған ақсақалдар басқарды.
Патриархалдық отбасы - ер адамның - әке билігінің үстем етуі.
Рулық қоғамда қатынастар моральдық, адамгершілік нормалармен, әдет-
ғұрыптар және дәстүрлермен реттелді.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңі - әскери демократия кезең.
Әскери демократияға тән ерекшеліктер: рулар мен тайпалар арасында соғыстар
мен қақтығыстардың болуы, қоғам өмірі әскери-соғыстық сипат алды; әскери
көсемдердің ролі артады. әскери көсемдер әлі де халық жиналысына тәуелді
болды. Бірақ, меншіктің пайда болуы, байлықтың шоғырлануы, үнемі жалғасқан
соғыстар жағдайында әскери демократия рулық қоғамның шеңберінен шығып,
әскери көсемдер жеке билігін орната бастады. Әдет-ғұрып пен дәстүрдің
орнына құқық пайда болып, рулық қоғамды мемлекет ауыстырды.
Б.э.д. 8-3 ғғ Қазақстан мен Орта Азия жерлерінде сақ тайпалары өмір
сүрді. Бұл әскери демократияның гүлденуі және мемлекеттің қалыптасу кезеңі.
Алғашқы мемлекеттік белгілер байқалды. Рулар тайпалар тайпалық одақтарға
бірікті. Тайпалық одақ - алғашқы мемлекеттік құрылым. Оларды көсемдер
немесе сақ патшалары басқарды. Сақ патшасы - әскери басшы, ол соғыс және
бітім мәселесін, көшіп-қону, көрші елдермен қарым-қатынастарды реттеді.
Б.э.д. ІV- ІІІғғ. сақтарда мемлекеттіліктің ең басты белгілерінің бірі
– жазу пайда болған.
Көшпелі өмірдің, сыртқы жаулармен күрестің ықпал етуімен сақтар
бірлестігі әлі де буыны бекімеген, әскери демократиямен шектелген құрылым
болды.
2) Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың
бірі, көшпелі тайпалар мемлекеттігінің алғашқы көрінісі – ғұндардың
мемлекеті.
Ғұндар туралы алғашқы деректер б.э.д. ІVғ. Қытай жазбаларынан
кездеседі..
Б.э.д. ІІІғ. басында ғұндар әскери көсем Тауманның басшылығымен үлкен
көшпелі мемлекет құрды. Қытай деректері ғұндардың мемлекет басшысын шаньюй
деп атаған. Ғұндардың өзі патшаларын тәңірқұты деп атаған. Ұлы Мөде тұсында
мемлекет мейілінше күшейді.
Б.э.д. 59ж. ғұндар дағдарысқа ұшырап екіге бөлінді. Ғұндардың оңтүстік
бөлігі Қытайдың қоластына кіруге мәжбүр болды. Сволтүстік бөлігі Қазақстан
мен Орта Азияға, одан әрі Европаға қоныс аударды. Ғұндар соы өңірде
алаңдармен, қаңлылармен және үйсіндермен араласты.
Ғұндардың империясы жоғарыдан төменге дейін түгелдей әскери және
азаматтық билік жымдасқан үлгісі болды.
Мал отбасының меншігі болған. Әр отбасы мал бағатын белгілі бір
территорияға ие болған. Ол территорияны бүкіл ру болып қорғаған. Ғұндарда
әмеңгерлік жүйе өмір сүрген. Ұрлық жасағаны үшін отбасы мүшелері түгел
жауап беретін.
Ғұндар көшпелі өркениетке енгізделген көшпелі мемлекеттік құрылымның
негізін қалады. Алғаш рет әдет-ғұрыптарды заңдастырып, көшпелі әдет-ғұрып
негізін салды.
3) Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдарды құрушы ежелгі
үйсін және қаңлы тайпалары.
Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түпкірінен Дұңхуаң және Чилан тауы
аралығынан б.э.д. ІІғ. шамамен 160ж.көшіп келген. Ол кезде үйсіндерді Нәнді
би басқарған. Жетісуда үйсіндер өз мемлекетін құрды.
Үйсін мемлекетінің басшысы күнбегі болды. Ол мемлекетті өзі
тағайындаған әскери әкімшілік ұлықтар арқылы басқарды. Үйсіндерде тақ
әкеден балаға мұрагерлікке беріліп отырды. Тақ үшін мұрагерлер арасында
қанды күрестер жиі болып тұрған.
Ру мен тайпаларды күнбегі тағайындаған бектер басқарды. Бүкіл үйсін елі
сол қанат, оң қанат және орта деп үш әкімшілікке бөлінді.
Үйсіндермен қатар бір кезеңде көрші болып Қаңлы мемлекеті өмір сүрді.
Б.Э.Д. ІІІ-ғасырдан бастап қаңлылар Сырдарияның орта алқабы Қаратау өңірін
мекендейді. Қаңлыларға Ташкенттен Хорезмге дейінгі өлкелер қараған.
Қаңлы елінің басшысын хан деп атаған. Кейбір деректерде оны яғбу, жабғу
деп атаған. Ханның билігі азаматтық істерге де, әскерге де жүрген. Қаңлы
мемлекеті өз ішінде бес иелікке бөлінген, оларды ханның өкілдері басқарған.
Бұл иеліктер өздерінің орталық қалаларының атымен аталған.
Деректерде қаңлылардың жазба заңы болғандығы айтылады. Олардың заңы хан
сарайында сақталады. Осы заң бойынша қылмыстыларды жазалайды. Заңда өрескел
ауыр қылмыс жасағандардың тұқымы құртылады, одан соңғылары өлім жазасына
үкім етіледі, ұрлық істегендердің қолы кесіледі делінген
Қаңлылар Қазақстан жерінде алғашқы мемлекеттік құрылым құрып, мәдениет
пен өнердің, шаруашылықтың дамуына үлес қосты.

№ 3 дәріс
Тақырып: Қазақстан аумағындағы ертефеодалдық монархиялар. Түркі
қағанаты
Дәріс мазмұны:
1. Түрік қағанатының қалыптасуы.
2. Түрік қағанатының батыс және шығыс қағанаты болып екіге жарылуы.
3. Батыс Түркі қағанатының саяси құрлымы.
1) ІV-ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде Көне
Түрік империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип – түрік тілдес
халықтардың іргесі қаланды.
Бірінші қаған Құтлұқ болды. Оны Елтебер қаған деп атады. Оның жақын
көмекшісі, әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін
құлыптастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында
(691-716) екінші Түрік қағанаты өзінің әскери-саяис қуатының гүлдену
дәрежесіне жетті. Түрікте Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады,
қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған
қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлер Соғды жерлеріне
дейін барды. Білге мен Күлтегін қағандардың тұсында да түріктердің қуаты
артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы екінші Түрік қағандығы құлап, Ашина
әулетінің билігі тоқталды.
Ерте түрік мемлекеттері дамыған қоғамдық-саяси жағдайда өмір сүрді.
Түріктердің қоғамында дамыған мемлекеттің барлық белгілаеі болды.
Мемлекетті қаған биледі. Қаған- әскери қолбасшы саналды. Сондай-ақ қаған
жайылымдарды бөлуге басшылық жасап, көшіп-қону бағыттарын анықтады. Қаған
мемлекеттегі жоғарғы сот билігін жүргізуші де болды. Елдегі құқықтық
тәртіптің ережелерін бекітті.
Түрік қағандары Ашина әулетінен (династиясынан) тарағандардан ғана
сайланатын. Қағанның жанында қаған кеңесі болған. Қаған билігі билеуші
әулет ішінде ағадан жасы үлкен ініге мұраға беріліп отырған. Түрік
қағанатында қағаннан соң ұлығ, жабғу, тегін, шад, елтебер, тархан, бек,
бұйрық, тұтық т.б. сияқты көптеген лауазым иелері болған. Осыған қарағанда
қағандықта көп сатылы билі органдары болса керек. Жабғу, тегін, шад сияқты
жоғары лауазымдарға қағанның балалары мен туыстары тағайындалды. Оларды
қаған сайлап отырды.
Түрік қағандығында қағаннан бастап ру-тайпа бастығы бектерге дейін
жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған.
Түрік қағанаттары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында
өмір сүрді. Түрік қағанаттары рулық-тайпалық құрылымдарды сақтап қалды.
Көшпенді халықтардың құқығы әдет-ғұрыпқа негізделген құқық болды. Көшпелі
мемлекеттің де әдет-ғұрып құқығының да алғаш рет кемеліне жеткен кезеңі
түрік қағанаттарының дәуірі болды деуге толық негіз бар.

№ 4 дәріс
Тақырып: Түркеш және Қарлұқ қағанаттары
Дәріс мазмұны:
1. Түргеш қағанатының пайда болуы.
2. Түргештердін басқару жүйесі. Сары түргештермен Қара түргештердің
күресі.
3. Қарлұқ қағаңның құрылуы.
4. Қарлұқтардың сыртқы саясаты. Қарлұқ қағаатыңын құлау себептері
Түрік қағанаттарынан соң Қазақстан территориясында Қарлұқ мемлекеті
(756-940), Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң
басы), Қарахан мемлекеті (942-1210), Қарақытайлар мемлекеті (1228-1213),
Найман және Керей ұлыстары, Қыпшақ хандығы (ХІ ғ-ң басы – 1219) сияқты
мемлекеттер өмір сүрді. Бұл мемлекеттерді Түрік қағанаттарының заңды
жалғасы деуге болады. Себебі Түрік қағанатындағы халықтар кейін осы
мемлекеттердің құрамына кірді. Олардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы
мен тұрмысы, мәдениеті, діни наным-сенімдері де ұқсас болды. Түргеш, сонан
соң Қарлұқ қағандықтары кезінде Қазақстанға ислам дінін таратушы араб
әскерлері кірді. Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дінге айналды.
Қарлұқ қағандығы (756-940) VІІІ ғасырдың ортасында түргештердің орнын
басу үшін қарлұқ тайпалары мен оғыздардың күресі нәтижесінде пайда болды.
Қарлұқ мемлекетінің басшысын жабғу, кейінірек қаған деп атады. Қарлұқтардың
мемлекеттік жүйесі ұлыстық-тайпалық сипатта болып, орталық билігі күшті
болмады. Орталықтың нашар болып, аймақтардың мықты болуы қарлұқ қағанының
құлауына себеп болды.

№ 5 дәріс
Тақырып: Оғыз мемлекеті
Дәріс мазмұны:
1. Оғыз мемлекетінің билік жүйесі.
2. Жабғудын билігі .
3. Оғыздардың заңдары.
Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы) тайпалары ІХ-Х ғасырларда оғыз
тайпаларының одағы құрылды. Оғыздар 24 тайпадан тұрды. Өз ішінде оғыздар
әрқайсысы 12 тайпадан тұратын екі бөлікке: бузуктарға және ұшықтарға
бөлінді. Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысынан Еділдің төменгі ағысына
дейінгі жерде көшіп-қонды. Астанасы Жаңакент қаласы болды.
Оғыз мемлекетінің басшысы жабғу деп аталды. Жоғары билік мұраға
қалдырылды. Күл-еркін – жағбудың орынбасарлары болды. Жабғуды тайпа
өкілдерінен тұратын кеңес сайлады. Оғыз әскерлерінің қолбасшысын сюбашы деп
атаған.
Оғыз басшыларының қатаң салық саясаты халықтың наразылығын тудырды. Бір
жағынан селжұқтардың, екінші жағынан қыпшақтардық соққысынан оғыздардың
мемлекеті ХІ ғасырдың басында құлады.

№ 6 дәріс
Тақырып: Қарахан мемлекеті
Дәріс мазмұны:
1. Қарахан мемлекетінің құрылуы.
2. Қарахан мемлекетінің саяси және әскери жүйесі .
3. Қарахан мемлекетінің құқықтық жүйесі .
Қарахан мемлекеті бір жағынан селжұқтардың, екінші жағынан
қарақытайлардың шабуылынан құлады.
Қарахан мемлекетінде әскери басшылық әкімшілік басшылықтан бөлінді.
Мемлекеттің әкімшілік құрылымы көп сатылы (иерархиялы) принциппен құрылды.
Мемлекеттің жоғары билеушісінің құрметті атағы Арслан (арыстан) және
Боғра (бура) деп аталды. Бүкіл елдің әскери, әкімшілік және шаруашылық
жұмыстарын басқаратын лауазым иелері бұғырыш, обғұ, туксин сияқты үш жүйеге
жіктелді. Хан сарайындағы (аппаратындағы) қызметтердің белгілі штаты болды.
Субаш (қолбасы), бек, ұлыққажин (бас кеңесші), ялауаш (елші), батықшы
(хатшы), қабих (сарай күзетінің бастығы), хорұқшы (есік күзетшісі), ағшы
(қазынашы), аспаз т.б. болды.
Қалалар мен қыстақтарды мехторлар, әкімдер мен райыстар басқарды. Пошта
бастығын – саһипбарида, салықшылар бастығын – мустауфа деп атады.
Хан өзінің туыстары мен жақындастарына аймақтар мен қалаларды сыйға
тарта алды. Мұндай сыйлықты “икта”, сыйлық иесін “иктадар” деп атады.
Ханның келісімімен “иктадарлар” өзіне сыйға тартылған жерлерден бұған дейін
мемлекет пайдасына алынатын салықты өздерінің пайдасына жинауға құқық алды.

№ 7 дәріс
Тақырып: Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері
Дәріс мазмұны:
1. Қимақ мемлекетінің қалыптасуы.
2. Қимақтардың әкімшілік – аумақтық бөлінісі . Қимақ мемлекетінің
құлауы.
3. Қыпшақ мемлекеттің тарих санасына шығуы.
Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы). ІХ ғасырда Алтай мен Сырдария
аралығындағы көптеген тайпаларды біріктірген Қимақ мемлекеті пайда болды.
Бұл мемлекеттің саяси ядросы Шығыс Қазақстан жерінде тараған имақ (қимақ)
тайпасы болды. Қимақ одағы алғашында 7 тайпадан тұрды. Кейінірек 12 тайпаға
жетті. Қимақтар бірлестігі конфедерациялық мемлекет болды.
Қимақтардың басшысын алғашында шад-тұтық, онан кейін жабғу, қаған деп
атады. Қаған тайпаларға өз өкілдерінен басшылар тағайындады. Соңынан
қимақтардың 11 тайпаларының басшылығы мұраға қалдырылды. Осылай ұлыстық-
тайпалық жүйе қалыптасты. Мұны өзі жергілікті тайпа басшыларының
сепартизмін күшейтті. ХІ ғасырдың басында Қимақ конфедерациясындағы қыпшақ
тайпаларының күшеюіне байланысты Қимақ мемлекеті құлады.
Қазақстан мен Орта Азияда терең із қалдырған елдің бірі Қарахан
мемлекеті. Мемлекеттің негізін салушы Сатук Богра хан (915-955). Қарахан
мемлекетінің шекарасы шығыста Қашғарға, оңтүстікте Мәуереннахрға,
солтүстікте Балқаш көліне, батыста хорезмге дейін созылып жатқан ірі ел
болды.
Мемлекет көптеген ұлыстарға бөлінді. ХІ ғ. 30-жылдарында мемлекет екіге
бөлінді. Батыс хандығының орталығы Бұқар болып оған Мәуереннахрдан
Ходжентке дейінгі жерлер қарады. Шығыс хандықтың астанасы Баласұғын болып,
оған Тараз, Шаш, Испиджаб қалалары, Ферғана, Жетісу және Қашғар өлеклері
қарады.
Қыпшақ хандығы (ХІ ғ-ң басы – 1219). ХІ ғ-ң басында қимақ қағандығының
орнына қыпшақ хандығы келді. Қыпшақ даласын Дешті-Қыпшақ деп атады. Олар
Ертістен Жерорта, Қара теңізге дейін жетті. Оңтүстікте Хорезм мемлекеті мен
Кавказға дейін жетті. Дешті-Қыпшақ екі қанатқа бөлінді. Батыс қыпшақтары
Еділден батысқа қарай созылған жерлерді жайлады. Оларды тоқсоба руынан
шыққан әулет биледі. Шығыс қыпшақтары Ертіс пен Еділ өзендерінің арасын
жайлады. Мұнда елбөрілі руынан шыққан әулет биледі.
Қыпшақ қоғамындағы жоғары мемлекет билеушісі хан болды. Хан әскери және
азаматтық билікті қолында ұстады. Ханның ставкасы Орда деп аталды. Ханның
билік етуші аппараты көп сатылы басқарушы органдар арқылы мемлекетті
басқарып отырды. Оң қол деп аталған батыс қыпшақтарының орталығы Жайық
өзенінің бойындағы Сарайшық қаласының орнында болды. Сол қанат немесе Шығыс
қыпшақтардың орталығы Сығанақта орналасты. Хандықтың орталығы – хан ордасы
Торғай даласында көшіп қонды.
Ханнан кейін тархан, басқақ, бек т.б. лауазым иелері болды. Оларды хан
тағайындайтын.
Қыпшақ мемлекетінде әскердің ролі ерекше болды. Ру – тайпа басшылары өз
дәрежесіндегі әскер басшылары болып есептелді.
Қыпшақ қоғамында әлеуметтік жағынан теңсіздік орын алды. Малға, өндіріс
құралдарына жеке меншік болды. Қыпшақ хандығының тарихи сахнадан кетуіне
моңғолдардың шапқыншылығы себеп болды.

№ 8 дәріс
Тақырып: Найман және Керей ұлыстары
Дәріс мазмұны:
1. Найман және Керей ұлыстарының қалыптасуы.
2. Наймандар мен Керейттердің басқару жүйесі.
3. Найман Керей ұлыстарының құралуы.
Наймандар мен Керейдің ұлыстары Алтай, Ертіс, Моңғолия жеріне созылып
жатты. 840 жылы Ұйғыр мемлекеті құлаған соң, наймандар мен керейлер күшейе
бастайды да, көшпелілер конфедерациясының құрылуы басталды. Олардың
бірлескен ханы далай-хан деп аталды.
1125 жылы керейлер, 1143 жылы наймандар өздерінің тәуелсіз хандықтарын
құрды. Керей хандығы ванхан деген атаққа ие болған Тоғарылдың кезінде,
наймандар Таян ханның, Бұйрық және Күшлік ханның кезінде нығайды.
Керейдің ханы Тоғарыл (1171-1203жж.) Шыңғыс ханның әскерінің соққысынан
қирады.
Наймандардың ханы Таян және оның ұлы Күшлік хан да моңғолдармен
соғысты. Шыңғыс ханның әскерінен шегінген Күшіліктің әскері 1212 жылы
Жетісуға басып кіріп, Шыңғыс ханның әскері 1218 жылы Жетісуға басып
кіргенше созылды.
Наймандар мен керейлердің мемлекеттері басында тікелей атадан балаға
мұраға беріліп отыратын хан отырды. Ру-тайпа басшыларын хан тағайындадаы.
Қоғам өмірі мейілінше әскерилендірілді.
Керейлер мен наймандардың шаруашылығының негізгі түрі көшпелі мал
шаруашылығы болып, малға жеке меншік болды.

№9 дәріс
Тақырып: Шыңғысхан империясының тарих сахнасына шығуы.
Дәріс мазмұны:
1. Шыңғыс хан империясының қоғамдық және саяси жүйесіне сипаттама.
2. Шыңғысханның саяси –құқықтық және әскери реформалары.
3. Шыңғысханның Қазақстан аумағын жаулауы.
4. Алтын Орданың әкімшілік- аумақтық жүйесі. Көк Орда Ақ Орда.
1) Шыңғыс ханның (1156-1227) басшылығымен құрылған моңғол империясының
дүниеге келуіне байланысты. Шыңғыс хан 1206 жылы император болып
жарияланды. Мемлекеттің басты кәсібі жаулаушылық саясатын жүргізу болды.
Моңғол әскерлері Қытайды, Кореяны, Сібір халықтарын, Керей және Найман
хандықтарын, Қыпшақ хандығын, Хорезм мемлекетін, Ауған, Иран, Кавказды,
Орыс жерлерін, Шығыс Еуропа мемлекеттерін түгелдей жаулап алып жермен-
жексен етті. Моңғолдар жаулаған жерлерде Шыңғыс ханның ұрпақтарының билікте
болуы ресми заңдастырылды. Басқа әулеттің билікке қол сұғуға құқы болмады.
Артықшылықты пайдаланатын Шыңғыс әулетінен тараған ұрпақтар жалпы ақсүйек
– төрелер, ал ру- тайпа басындағыларын сұлтандар деп атады. Шыңғыс
ұрпақтарының ел билеу дәстүрі зорлықпен және насихатпен қоғамдық санаға
сіңіріліп дәстүрге айналды.
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт ұлына бөліп берді. Бұл жерлер
ұлыстар деп аталды. Үлкен ұлы Жошының ұлысына Ертіс өзенінен батысқа қарай
монғалдардың атының тұяғы жеткен жерлер берілді. Сонда Шығыс, Орталық,
Батыс Қазақстан немесе еліміздің көпшілік бөлігі Жошы ұлысына кірді.
Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайға Жетісу, Сырдарияның бойымен және
Мәуереннахр берілді. Үшінші ұлы Үгедейге батыс Монғолия мен Тарбағатай
өңірі берілді. Кіші ұлы Төлеге шаңырақ иесі ретінде Монғолия және Қытай
берілді.
Сонда Қазақстан территориясы негізінен түгелге жуық Жошы мен Шағатай
ұлысына қарады, Шығыс Қазақстанның аз ғана бөлігі Үгедей ұлысына кірді.
Жошы ұлысының мұрагері оның ұлы Бату хан болды. Бату хан Шыңғыс ханның
жорықтарын жалғастырып орыс княздарын, Чехословакия, Польша, Венгрия,
Югославия, Румыния жерлерін басып алып Адриат теңізіне жетті. Осы ұлан
байтақ жерде Батудың 1242 жылы негізін салумен Алтын Орда атты алып
мемлекет дүниеге келді.
Шыңғыс ханның жаулап алған территориялары алғашқы кезеңде бір мемлекет
болып есептелді. Мемлекеттің астанасы Қара Қорымда отырған Ұлы хан
басқарды. Шыңғыстан кейінгі Ұлы хан оның өсиеті бойынша сайланатын
Үгедей (1227-1241жж.) болды. Одан кейін Күйік (1242-1248жж) (1246 жылға
дейін оеның шешесі Турака регент болды), онан соң Мөңке (1248-1260жж.),
Құбылай (1260-1295жж.), Ұлы хан болды. Ұлы ханды Шыңғыс ханның
ұрпақтарынан тараған ұлыс басшылары, ірі қолбасшылар мен Шыңғыстың басқа
ұрпақтарының Ұлы Құрылтайы (жиналысы) сайлады.Ұлы Құрылтай Шыңғыс
империясының ең жоғарғы органы болды.
Шыңғыс ханның алып терреторияны басқаруында оның шығарған заңдары Ұлы
Жасақтың (Ясының) маңызы ерекше болды.
“Ұлы Жасақтың” бірінші бөлімі “Билік” – мемлекет басқару ісіне
арналған. Екінші бөлімі “Жасақ” – жалпы тәртіпке және әскери құрылысқа
арналған. Монғол империясы бір орталыққа бағынған, темірдей тәртіпке
негізделген, көп сатылы басқару органдары бар мемлекет болды.
“Шыңғыс хан заңдарында әскерге ерекше көңіл бөлінді. Бүкіл халық
қаруланған әскер түрінде болды. әрбір ер адам сирек кездесетін жағдайда
болмаса әскери міндетті болды (15 бап). Ал әскерге алынбай қалған ер адам
белгілі бір уақыт ішінде мемлекетке ақысыз қызмет атқарады (17 бап). Соғыс
жағдайында бірде бір жауынгердің рұқсатсыз шегінуге құқы болмады. Темір
тәртіпке негізделген отрядтар соңғы адамы қалғанша соғысуға тиіс болды.
Империя әскері орта, сол қанат және оң қанат болып сап түзеді. Әр топ
он мыңдаған, тіпті жүз мыңнан аса адамнан тұрды. Әр топтың (қанаттың)
басшысын Шыңғыс ханның өзі тағайындады. Әскер ондық, жүздік, мыңдық, түмен
сияқты бөліктерге бөлінді. Оларды онбасы, жүзбасы, мыңбасы және
түменбасылар басқарды. Бейбіи кезде түменбасылар “әскери генерал -
губернатор” сияқты азаматтық билікті де жүргізді. Мыңбасы мен жүзбасылар да
осындай міндеттер атқарып, белгілі аумақтарға басшылық етті.
“Жасақта” отбасылық жағдайлар, ерлі – зайыптылардың қарым – қатынасы
туралы да айтылды. Жақсы ер жақсы әйел арқылы білінеді. Әйелі нашар
болса, одан ерінің нашар қасиеттері көрінеді (14 бап).
Зайыбының көзіне шөп алушы ештеңеге қарамастан, үйленген болсын,
үйленбеген болсын өлімге кесіледі.
“Жасақ” көп әйел алуға рұқсат етті. Бәйбіше артықшылықты пайдаланды.
Әкесі қайтыс болған жағдайда ұлы оның әйелдеріне билік (өз шешесінен
басқасына) жүргізді. Оларды басқаға күйеуге беруге, тіпті үйленуге де
құқығы болды (34 бап). Балалардың жолы олардың шешелерінің орнына қарай
анықталды. Ер адам әйелді сатып алуы тиіс болды. Бірінші және екінші
дәрежелі туыс адамдарға некегшетұруға тиым салынды. Ерлерге әпкелі –
сіңлілерге үйленуге рұқсат берілді.
“Өтірік куә болғаны, сатқындығы, ұрлық жасағаны үшін өлім жазасы
қарастырылды.
Шыңғыс хан заңдарында арақ-шарап ішудің зияндығы ерекше атап
көрсетіліп, ол үшін жазаның түрлері да қарастырылды.
“Жасақта” дін жөнінде де айтылады. Шыңғыс ханның өзі құдіретті
Құдайға табында, әскері мен қатардағы адамдардан да соны талап етті.
“Жасақта” қарыз алу мен оны өтеу, құлдарға көзқарас, сауда – саттық
және т.б. қоғамның басқа да жақтары қарастырылды.
Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Бату хан жаулап алған жерлерде
1242 жылы Алтын Орда мемлекетінің негізі қаланды. Бұл мемлекет сол кезеңде
Ұлы Ұлыс немесе Жошы ұлысы деп аталды. Бату хан қайтыс болғаннан кейін
інісі Берке хан (1257-1266жж.) отырды.
Алтын Орда Еуразия даласына созылып жатқан алып империя еді. Оған Бату
хан жаулаған елдер түгелдей вассал ретінде кірді. Беркенің кезінде Алтын
Орда Ұлы ханнан тәуелсіз болды.
Алтын Орданың шығыс Дешті –Қыпшақ бөлігі Ақ Орда деп аталды.
Ақ Орда мен Көк Орданың құрылуы ескі дәстүр бойынша мемлекеттің сол
қанат (Алтын Орда) және оң қанат (Ақ Орда) болып екіге бөлінуіне
байланысты болуы мүмкін.
Ақ Орда оның соңғы ханы Барақ қайтыс болғанша (1428ж.) екі жүз жылдай
өмір сүрді. Ақ Орданың Орда Ежен, Сартақ, Қоншы (Қайшы), Баян, Сасы БҰқа,
Ерзен, Мүбәрак, Шымбай, Ерісхан, Құйыршық, Барақ сияқты хандары болды.
Ақ Ордада қазақ халқын құраған тайпалардың барлығы дерлік өмір сүрді
десе болады. Оның орталығы алдымен Ертістің жағасында болып, кейінірек
Жетісу мен Сырдария бойына (Сығанаққа) көшті.
Ақ Орда хандары алғашында Алтын Ордаға тәуелді болды. Орын ханның
тұсында Ақ Орда тым күшекйіп әлсіреген Алтын Ордаға ауыз салады. Әмір
Темірдің тікелей араласуымен Орыс хан өлген соң Ақ Орда тағына Тоқтамыс хан
отырып (1380), ол Ақ Орда мен Алтын Орданы қайтадан біріктіреді.
Алтын Орда мен Ақ Орданың мемлекеттік құрылысы бірдей болды, себебі
олар ұзақ уақыт бір мемлекет болып, аз уақыт бөлек өмір сүрді. Алтын Орданы
Бату хан әулеті басқарса, Ақ Ордада Орда Еженнің ұрпақтары хан болды.

№10 дәріс
Тақырып: Моғолстан мемлекеті
Дәріс мазмұны:
1. Моғолстан – дамыған ортағасырлық феодалдық мемлекет.
2. Моғолстанның саяси жүйесі.
3. Моғолстанның салық және құқықтық жүйесі.
Моғолстан саяси және экономикалық жағынан дамыған, территориясы да аса
аумақты, қуатты ортағасырлық феодалдық мемлекет болды.Мемлекет Басында
Шағатай ұлысынан шыққан хан отырды. Хан ұлыстар мен өлкелердің басшыларын
тағайындады немесе ұлыстар мен өлкелерді көңілі қалаған адамдарға
мемлекет алдындағы еңбегі үшін сұйырғал ретінде сыйлап та жіберді.
Хан жоғарғы қолбасшы ретінде соғыс жағдайында әскерді жорықтарға
бастады. Моғол хандары жастайынан соғыс өнерін жоғары дәрежеде меңгерді.
Ханның жанында күрделі соғыс және бітім мәселелері талқыланатын
кеңесші орган – хан кеңесі – мәжіліс жұмыс істеген. Хан кеңесіне ұлысбегі,
сұлтандар, оғландар, мырзалар, ханға жақын адамдар, тайпа басшылары және
т.б. кірген. Мемлекеттің бас канцеляриясын диван деп атаған. Қаржы және
салық жинаумен дафтарлар айналысты. Сондай – ақ Моғолстан хандығында
атабегі (хан мұрагерлерінің тәрбиешісі), наиб (регент), хаким, даруға
(ханның облыс пен қаладағы өкілі), миршакар (ханның аңшылығын
ұйымдастырушы), жасауыл (ханның қабылдаулары мен мерекелерін
ұйымдастырушысы) сияқты лауазым иелері болды. Салықтың зекет, ұшыр,
харадж, калан, купшур, баж сияқты толып жатқан түрлері ханның, ұлыс
басшыларының қазынасын толтырды.

№11 дәріс
Тақырып: Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасы
Дәріс мазмұны:
1. Әбілхайыр хандығының немесе көшпелі өзбек мемлекетінің тарих
сахнасына шығуы.
2. Әбілхайыр хандығының басқару жүйесі.
3. Ноғай ордасының құрылуы.
4. Ноғай ордасының басқару құрылымы.
5. Ноғай ордасының сот және құқықтық жүйесі.
Ақ Орда ыдырыған соң Қазақстанның Орталық, Шығыс, Солтүстік бөлігін,
Сібірдің үлкен аймағын Әбілхайыр хандығы (1428-1468жж.) немесе тарихта
көшпелі өзбек хандығы алып жатты. Әбілхайыр Жошының Шайбан атты ұлынан
тараған ұрпақ. Хандықтың шекарасы кеңіп Сырдарияның төменгі ағысына дейін
жетті. Астанасы Сығанақ қаласы болды.
Ақ Орда ыдыраған соң оның орнында пайда болған мемлекеттік құрылымның
бірі Ноғай Ордасы болды. Ноғай Ордасының негізін қалаушы Алтын Орданы 15
жылдай билеген (1396-1411жж.) Едіге болып есептеледі. ХУғ. Ортасына қарай
Едігенің ұлы Нұраддиннің (1420-1440жж.) кезінде Ноғай Ордасы дербес елге
айналды.
Ноғай Ордасы Батыс Қазақстан жерінің үлкен бөлігін, Еділ мен Жайық
өзендерінің арасын алып жатты. Алғашында оны “маңғыт жұрты” деп атады.
Ноғай Ордасының бірнеше ерекшеліктері болды. Мұнда Шыңғыс әулеті емес,
Едіге әулеті биледі. Ноғай Ордасының басшысын би деп атады. Ол Едіге
әулетінен шықты. Биді Үлкен Кеңес – Құрылтай сайлады. Үлкен Кеңеске -
елдегі жоғарғы кеңеске Едіге әулетінің мырзалары, басқа да әскер басылары,
таңдаулы адамдар кірді. Би өз кезегінде көмекші орган Кіші кеңесті сайлады.
Бидің жанында қарадуандеп аталатын басқару органы – шенеунік аппараты
болды. Бұл орган сондай –ақ соттың да рөлін атқарды. Ұлыстарда жергілікті
дуандар болды. Ордада басқарудың басқа да төменгі органдары болды.
Ноғай Ордасы Астрахан хандығын Ресей басып алған соң (ХУІғ. ортасында)
бірнеше бөліктерге бөлініп кетті. Оның Қазақстан жерінде тұратын тайпалары
Кіші Жүздің құрамына кірді.

№ 12 дәріс
Тақырыбы: Қазақ ордасының құрылуы және дамуы
Дәріс мазмұны:
1. Қазақ ордасының қоғамдық және саяси жүйесі.
2. XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ құқығы. Жеті Жарғы
XV ғасырдың ортасында қазақстан территориясында аса маңызды тарихи
оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және осы
мемлекеттің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты.Қазақ
хандығы да қазақ халқы да шет жерден келіп қоныстанған жоқ. Қазақ хандығы
бұған дейін осы өңірде өмір сүрген ежелгі ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінен
бастап Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығына дейінгі мемлекеттердің заңды жалғасы
ретінде дүниеге келді. Қазақ халқы да осы өңірде өмір сүрген ондаған рулар,
тайпалар мен халықтардың қазақ деп аталатын этникалық топқа қайтадан
топталунан құрылды. Осы ұлан-байтақ жердің бүгінгі иегері "қазақ" халқы мен
оның атымен аталған мемлекет Қазақ хандығы осылай тарих сахнасына шықты.
Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібек хандар болды. 1456
жылы Керей мен Жәнібек қараған 200 мыңдай адам Әбілхайыр хандығынан іргесін
бөліп, Моғолстанға қарасты Шу мен Қозыбасы өңіріне орда тікті. Бір кезде
қаһарлы болған Әбілхайыр ханның олардың жолын кесуге мұршасы болмады. 1468
жылы қазақтарды шабуға үлкен қолмен аттанған Әбілхайыр жорық үстінде қаза
тапты. Оның хандығы ыдырады. Әбілхайыр хандығы құрамындағы халықтар мен
қазақ хандығы құрамындағы халықтар бірыңғай болғандықтан ешқандай ұрыс-
соғыссыз олар бірігіп кетті де бүкіл жерлер қазақ хандығына қарады. Халық
бұдан былай қазақтар деген атаққа мәңгі иеленді.
Екінші кезең XVIII ғ-ң 20 ж.ж. 1864 жылға дейінгі қазақ хандықтарының
және олардың жойылу кезеңі. Бірінші кезеңде қазақ хандығы мемлекет ретінде
дүниеге келіп оның территориясы анықталды. Қазақ халқы қалыптасып, оның
түрік дүниесі негізінде пайда болған өзіндік тілі, мәдениеті, өнері,
ғылымы, әдебиеті, тұрмысы, шаруашылығы мен құқығы қалыптасты. Қазақ хандығы
өзінің кемеліне келіп, әлемге танылды. Екінші кезеңде біртұтас қазақ
хандығы этникалық территориялық негізде үшке Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші
жүз деп аталатын формальды хандықтарға бөлінді. Тек Абылай хан кезінде
(1771-1781) ж.ж. біртұтасқа қайта қол жетті. Бұл кезеңде қазақ хандықтары
тәуелсіздігінен айырылып ресей империясының отарына айналды.
Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және
азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді.
Сұлтандар. Ханнан кейін жоғарғы мемлекеттік билік сұлтандардың қолында
болды. Сұлтандар ханның тірегі болып саналды. Сұлтандардың ортасынан хан
сайланады. Сұлтан деген құрметті атақ тек Шыңғыс ханнан тарағандарға
берілді. Сұлтандар ханның тапсыруымен белгілі ру-тайпалардың және олар
көшіп-қонған жайылымдардың егесі болды. Сұлтандар жергілікті әкімшілік
билікті жүзеге асырды. Сондай-ақ олар әскери биліктің де, сот билігінің де
тізгінін ұстады. Сұлтанның билігінің осылай саяси да территориялық та
маңызы болды. Қазақ қоғамы ақсүйек және қарасүйек деп екіге бөлінді.
Ақсүйектерге Шыңғыс ханнан тараған ұрпақтар төрелер жатты. Төрелерден
сұлтандар мен хандар шықты. Мұндай бөлу Шыңғыс ұрпақтарының билігін
мәңгілендіру және олардың артықшылығын рәсімдеу арқылы жүзеге асырылды.
Ақсүйектердің екінші тобын қожалар құрады. Қожалар қоғамдағы рухани сала-
ислам дінін алғашқы таратушылардың ұрпақтары. Қожалар ислам дінін
насихаттаумен, молдалықпен, діни оқу-ағарту ісімен айналысты.
Билер. Қазақ қоғамында ерекше рөль атқарған топ билер. Би қоғамдағы аса
маңызды лауазым иесі, беделді адам болды. Би бұрынғы бек атауының өзгерген
түрі деген пікір бар. Билердің билігі жан-жақты болған. Біріншіден, ол
атына сай билік құрушы, әкімшілік құқығы бар лауазым иесі. Бұл тұрғыда
билер рулар мен тайпаларды немесе белгілі бір өңірді билеуші адам.
Екіншіден, билер даладағы сот процессуалдық істерді жүргізіп, үкім, шешім
шығарушы немесе тергеу ісі мен сот ісін жүргізуші. Олар қазақтардың әдет-
ғұрып құқығының ғана емес, шариғаттың да білгірі. Үшіншден, билер соғыс
жағдайында әскер басы, дипломатиялық, елшілік қызметтер де атқарды.
Билердің бәрі де сқан зерек, шешен, ақылдығымен ерекшеленетін.
Көшпелілер арасында ежелден соғыстар көп болды. Қоғамдық өмірдің өзі де
жартылай әскериленген сипат алған еді. Қазақ қоғамы кез келген жағдайда
сыртқы жауға тойтарыс беруге даяр тұрды. Осындай жағдайда халықты отан
қорғауға бастайтын ерекше әлеуметтік топ батырлар қалыптасты.
Қазақ қоғамында үстем тап өкілдерінің негізгі көпшілігі байлар болды.
Қазақ байлары ірі мал иелері. Байлар сондай-ақ байлығының арқасында үлкен
жайылымдар мен тоғандарға иелік еткен.
Шаруалар. Қазақ қоғамының көпшілік бөлігін шаруалар құрды. Шаруа жеке
басы тәуелсіз ерікті қоғам мүшесі. Шаруашының жеке шаруашылығы өзіне
қажетті малы болды. Шаруалардың кейбір бөлігі егіншілікпен айналысты.
Қолөнермен кәсіп қылған шаруалар да болды. Шаруалардың кейбір өкілдері
аңшылықпен және балық аулаумен күн көрді.
Қоңсы шаруалар ауқатты ауылдарға қоңсы қонып, байлардың, би,
сұлтандардың малын бағып, солардың көмегімен көшіп-қонып жүрген кедей
шаруалар тобы болды.
Қазақ қоғамының ең қорғансыз және мал-мүлкі, үй-жайы, тіпті отбасы да
жоқ тобы байғұстар деп атады.
Ерекше әлеулеметтік топ төлеңгеттер деп атады. Олар жаугершілік
жағдайда хан, сұлтандар, билер мен батырлардың төңірегіне олардың нөкерлері
ретінде топталды. Бейбіт кезде олардың шаруашылығын қамтамасыз етті, салық
жинау мен хабаршылардың жұмысын атқарды.
Қазақ қоғамында патриархалдық (үй шаруашылығындағы) құлдық та болды. Құлдың
ешқандай құқығы да еркі де болмады. Қожайыны құлды қандай жазаға тартса да,
сатса да ерікті болды. Құлдың құны бір аңшы ит немесе аңшы құсқа теңеліп те
кете берді. Құлдың әйелін немесе құлдыққа түскен әйелдерді кұң деп атады.
Құлға тұтқынға түскендер, борышқа батқандар түсті. Құлдардың саны көп
болмаған және олар материалдық игіліктерді молайтуға ерекше үлес қоспаған.
Құлдың өмірі ауыр болғанымен уақыт өте құлдықтан босату жиі кездескен.
Мұның өзі қазақ қоғамының адамгершілік жақтарын көрсететін құбылыстар.
Қазақ хандығы мемлекет ретінде көшпелі шаруашылықтың регресті дамуы
немесе дағдырысқа ұшырай бастаған дәуірінде дүниеге келді. Ұлы жібек жолы
тарихи сахнадан кетіп, сауда жолдары теңіздер мен мұхиттарға көшті. Батыста
феодалдық қатынастар шегіне жетіп, жаңа нарыққа негізделген капиталистік
қатынастар етек келе ала бастады.Көшпелі өмір тұрақты мемлекеттік аппарат
ұстауға мүмкіндік бермеді. Себебі ханның өзі де халықпен бірге көшіп қонды.
Мұндай жағдайда тұрақты аппарат ұстау қиын еді. Сондай-ақ көшпелі мір
тұрақты армия мен түрме, полиция, тұрақты сот-прокуратура сияқты
мемлекеттік билік органдарын да ұстауға мүмкіндік бермеді. Әрине бұл
органдарға қатысты мәселелер қазақ қоғамында билер соты және халық жиындары
арқылы өз шешімін тауып жатты. Ру мүшелері туыс адамдар болғандықтан өз
ішінде қыз алысуға жол бермеді. Қыз лыспайтын жақын рулар да көп болды. Ру
туыстық ұйым және қоғамның ерекше бөлігі ретінде өз мүшелерін қорғауға
міндетті болды. Тіпті өз мүшелерінің айып қарыздарын да бірігіп өтеді.
Барымта мен қаза жағдайында да бірігіп әрекет етті. Жеке мүшелердің жөнсіз
қылығы үшін де ұятты болды. Тіпті әр рудың өз моласы да бөлек болған
жағдайлар көп кездескен. Қазақ қоғамының демократиялық сипаты болды. Оның
көріністері: ханның сайланып қойылуы, халық жиналыстарыныңда жиі шақырылып
онда аса маңызды мемлекеттік мәселелердің талқыланып тұруы, билер сотында
екі жақтың ашық тыңдалуы, құлдықтың болмауы, ру мүшелерінің туыстық
қатынаста болуына байланысты қанаудың қатаң болмауы және жасырын сипаты,
халықтың басым бөлігі шаруалардың құқықтық жағынан ешкімге тәуелсіз ерікті
болуы, қазақтың қыздарының еркін болып, пәренже тақпауы, соғыстарға
қатысуы.
Әскердің ұйымдастырылуы. Қазақ қоғамында әскерді ұйымдастырудың өз
тәртібіболды. Арнайы тұрақты әскер болмады. Көшпелі қоғамында тұрақты әскер
құрудың ешқандай қажетіболмады. Көшіп қонып жүрген халықтың тұрмысының өзі
жартылай әскери сипатта болды. әрбір қазақ атқа мінді, садақ атып, жебе
тртуды терең меңгерді. Тұрақты кездесіп тұратын барымта мен көкпар
ойындарының әскери сипаты үлкен болды. Соғыс жағдайында халық жасақтары өте
жылдам құрылды. Әрбір қазақ екі ат, қажетті қару-жарақ пен сауыт-
саймандарын өзі дайындап, жасақтағы өз орын табатын. Халық жасақтары ру,
тайпа, жүздік приципімен құрылып ондық, жүздік. Мыңдық және түмен болып
бөлінді. Әскердің бас қолбасшысы хан болды. Хан белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Атқарушы билік органдары ұғымы және құқықтық мәртебесі
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Кәсіптік - еңбек тәрбиесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Құқық түснігі,мәні құндылығы
Пәндер