«Правое дело» мен «Ақ жолдар» патшалы Ресей кезінде-ақ пайда болған



1 «РЕСЕЙ МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ ТАРИХИ ОҚИҒАСЫ»
2 «ИТТИФАҚ ӘЛ.МУСЛИМИН» . РЕСЕЙ МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА
3 «СИРАТ ӘЛ.МУСТАҚИМ» . «РЕСЕЙ ТҰТАСТЫҒЫ» ЖОЛЫНДА
4«ИТТИФАҚ» ҰЛТТЫҚ ПАРТИЯЛАРДАН КӨРІНДІ
20 ғасырдың басында Ресейдегі революциялар кезінде құрылған жәдидшілдердің «Иттифақ әл-Муслимин» партиясына жоғарыдан сына қағу арқылы әлсірету әдісі қазіргі Кремль мен Ақорда қолданатын технологиялардың шығу тегін көрсетеді.

«Иттифақ әл-Муслимин» («Мұсылмандар одағы») партиясының жарғысы 1905 жылдың қыркүйек айында жасалды. Бұл партияның құрылуына әуел бастан қарсы болған ресми билік ақыры оны қолдаушыларды ыдырату мақсатында консервативті көзқарастағы қадимшілдерге «Сират әл-Мустақим» («Тура жол») партиясын құрып берді.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдегі мұсылман ұлттар арасында жаңашылдар, яғни жәдидшілдер деген атаумен белгілі ағартушылық ағым қазіргі тарих ғылымында «түркі-мұсылман қозғалысы» немесе «түркі ұлттық қозғалысы» деп те аталады.

Негізінен Еуропадағы байырғы жоғары оқу орнынан білім алған татар интеллигенциясы ұйытқы болған бұл қозғалысқа башқұрт, әзербайжан зиялыларымен қатар ХХ ғасырдың бас кезінде Қазан, Уфа, Санкт-Петербургте оқыған қазақ интеллигенциясы да қосылды.
http://www.azattyq.org/content/russia_turko_muslim_political_movement_in_tsarist_period/24317977.html

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
БАЛАМА ТАРИХНАМА
Правое дело мен Ақ жолдар патшалы Ресей кезінде-ақ пайда болған

Ресей мемлекеттік думасының түркі-мұсылман мүшелері.
30.09.2011
Асылхан МАМАШҰЛЫ

20 ғасырдың басында Ресейдегі революциялар кезінде құрылған жәдидшілдердің
Иттифақ әл-Муслимин партиясына жоғарыдан сына қағу арқылы әлсірету әдісі
қазіргі Кремль мен Ақорда қолданатын технологиялардың шығу тегін көрсетеді.

Иттифақ әл-Муслимин (Мұсылмандар одағы) партиясының жарғысы 1905
жылдың қыркүйек айында жасалды. Бұл партияның құрылуына әуел бастан қарсы
болған ресми билік ақыры оны қолдаушыларды ыдырату мақсатында консервативті
көзқарастағы қадимшілдерге Сират әл-Мустақим (Тура жол) партиясын құрып
берді.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдегі мұсылман ұлттар
арасында жаңашылдар, яғни жәдидшілдер деген атаумен белгілі ағартушылық
ағым қазіргі тарих ғылымында түркі-мұсылман қозғалысы немесе түркі
ұлттық қозғалысы деп те аталады.

Негізінен Еуропадағы байырғы жоғары оқу орнынан білім алған татар
интеллигенциясы ұйытқы болған бұл қозғалысқа башқұрт, әзербайжан
зиялыларымен қатар ХХ ғасырдың бас кезінде Қазан, Уфа, Санкт-Петербургте
оқыған қазақ интеллигенциясы да қосылды.

РЕСЕЙ МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ ТАРИХИ ОҚИҒАСЫ

ІІ Николайдың 1905 жылы 6 (19) тамыздағы Мемлекеттік дума құру жөніндегі
манифесі ағартушылық бағыттағы жәдидтік білім жүйесінің негізін салып,
мұсылман мәдениеті мен білімін дамытуды мақсат еткен түркі-мұсылман
интеллигенциясының саяси ұйым құруына түрткі болды.

1905 жылы 8 тамызда Түркістан өлкесі, Сібір, Қазақстан, Кавказ бен
Қырымнан келген 150-ге жуық түркі-мұсылман саясаткері мен қайраткері Нижний
Новгород қаласына жинала бастады. Түркі-мұсылман саясаткерлерінің Думада
төбе көрсетуін қаламаған биліктің кедергісіне қарамастан, 13 тамыз күні Ока
өзеніндегі кеме үстінде Бүкілресейлік мұсылмандардың бірінші съезі астыртын
ашылып, 20 тамызға дейін жалғасты.

Белгілі жәдидшіл Исмаил Гаспралыны төрағалыққа сайлаған алғашқы құрылтай
съезде патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен мұсылмандардың құқығы
тапталғаны сынға алынды. Сөйтіп Ресей азаматттарының тіліне, дініне,
нәсіліне, ұлтына, жынысына қарамай тең құқығы болуын талап еткен шешім
қабылданды.

Осы съезд үстінде Ресей мұсылмандарының іс-әрекетін бір ізге түсіретін
бүкілресейлік мұсылмандар ұйымы – Иттифақ әл-Муслимин (Мұсылмандар
одағы) қозғалысын Ресей мемлекеттік думасының түркі-мұсылман мүшелері.
Надир Девлеттің "Миллет Мажилис" кітабындағы сурет.
құру жөнінде уағда жасалды. Ресей мемлекеттік думасының түркі-мұсылман
мүшелері. Надир Девлеттің "Миллет Мажилис" кітабындағы сурет.
Делегаттар бұл съезді Ресей мұсылмандарының өміріндегі тарихи оқиға деп
бағалап, мұсылмандар арасында 15 тамызды жыл сайын атап өту жөнінде қаулы
алды.

Съезд тапсырмасы бойынша мұсылман қозғалысының жетекшілері Әлимардан
Топшыбашев пен Әбдурашид Ибрагимов қыркүйек айынан бастап ұйымның
бағдарламасы мен жарғысын әзірлеуге кірісті. Иттифақ әл-Муслимин
қозғалысының Қазан комитеті қараша айында бірнеше рет мәжіліс жасап,
қозғалысты партияға айналдыратын негізгі құжаттарды жасап шықты.

Құрылтайға жиналғандар арасында белгілі кәсіпкер-миллионерлер көп еді.
Кейбір зерттеушілер 1906 жылы ақпанда өтетін сайлау кампаниясына арналған
мұсылмандардың қаржы мәселесін осы съезде миллионерлер өз мойнына алды деп
санайды.

ИТТИФАҚ ӘЛ-МУСЛИМИН – РЕСЕЙ МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА

1905 жылы желтоқсан айында Мемлекеттік Думаға сайлау туралы заң
қабылданған соң бір айдан кейін, яғни 1906 жылы 15-23 қаңтар арасында Санкт-
Петербургтің қонақ үйлері мен пәтерлерінде Бүкілресейлік мұсылмандардың
рұқсат етілмеген екінші съезі өтті. Бұл съезге Сәлімгерей Жантөрин,
Уәлитхан Танашев, Шаймерден Қосшығұлов сияқты қазақ зиялылары да қатысты.
Съезд барысында 23 тармақтан құралатын жарғысы бар Иттифақ әл-Муслимин
партиясы дүниеге келді.

Жарғы бойынша Иттифақ әл-Муслиминнің 16 қалада, соның ішінде Орынбор,
Астрахан, Орал, Омбы, Қызылжар, Семей, Верный, Ташкент, Ашхабад қалаларында
бөлімшелері құрылатын болды. Съезд делегаттары Мемлекеттік думаға сайлау
кезенде Қазақ зиялысы, саяси қайраткер Сәлімгерей Жантөрин.
Иттифақ әл-Муслиминнің Қазақ зиялысы, саяси қайраткер Сәлімгерей
Жантөрин.
тактикалық тәсілдерін қарастырып, Ресей мұсылмандарын Конституциялық-
демократиялық партиямен, яғни кадеттер партиясымен ынтымақтасуға шақырған
қарар қабылдады.

Мұсылман қолдаушылары мол Иттифақ әл-Муслимин партиясының шарттарын
қабылдауға кадеттер партиясы да мүдделі болды, соның арқасында 1906 жылы
сәуір айында Бірінші мемлекеттік думаға екі партия блок құрып барды. Соның
нәтижесінде Думада жеке мұсылман фракциясы құрылып, Иттифақ әл-Муслимин
партиясы жетекшілерінің бірі, әзербайжан заңгері Әлимардан Топшыбашев
төраға болып сайланды.

Көпшілік дауыс алған кадеттер партиясы Ресей ішкі істер министрі
Столыпинге негізінен кадеттерден тұратын үкімет құруды ұсынды. Алайда
небәрі бір сессиясын ғана өткізген Дума патша жарлығымен 72 күннен кейін
таратылды.

Бірінші мемлекеттік думаның таратылуын заңсыз деп санап, Выборг үндеуіне
қол қойған Иттифақ әл-Муслимин партиясының мүшелері де сайлану құқығынан
айырылып, үш айға қамауға алынды. Оның ішінде Сәлімгерей Жантөрин де бар
еді. Ал кадеттер партиясының мүшесі, Думаға таратылар қарсаңда ғана барып
үлгерген Әлихан Бөкейханов сегіз айға дейін қамауда отырды.

1906 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патшалық ресейдің оңтүстік Қазақстандағы орыстандыру саясаты, орыстандыру саясатына қарсы наразылықтың өрістеуі
Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға әсері
ХVІІІ- ХХ ғ.ғ. Орта Азия халықтары және Орта Азияны Ресейдің жаулап алуы. Еділ, Сбірі, Шығыс Түркістандағы түркі тектес халықтар
Қазақстанның өнеркәсіптің дамуы
Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері
Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуінде тау-кен өнеркәсібіндегі шетелдік акционерлік қоғамдар мен өнеркәсіптің дамуы
Графиктерді орналастыру принциптері
Қазақстандағы орман шаруашылығы мен орманды аймақтарда мемлекеттік тілдің қолданылуы: әлеуметтік лингвистикалық, когнитивтік лингвистикалық қырлары
Шәкәрім және оның заманы
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Пәндер