Жасөспірімдер және әйелдердің еңбек гигиенасы



1. Кіріспе

2. Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі

3. Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері

4. Әйел адамдардың науқастылығы мен еңбекке қабілеттілігі жайындағы негізгі сұрақтар

5. Қазіргі заманымыздағы әйелдер еңбегінің гигиенасы мен әйел еңбегін қорғаудың негізгі бағыттары.
1. Әйел-ана және еңбкке ретінде халық арасында сыйлы орын алады. Оларға қамқорлық жасау мемлекет саясаты, қоғамымыздың өнегелі заңы болып отыр. Оған бірден-бір дәлел-республикамызда әйелдерге медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету олардың еңбек және тұрмыстық, демалу жағдайларын одан әрі жақсарту шараларын жүргізу болып отыр.
1989 жылғы Бүкілодақтық тұрғындар санағы бойынша ТМД мемлекеттерінде 285 млн. 743 мың адам тіркелген, оның ішінде 134. 687 мыңы – ер адамдар, ал 151.056 мыңы - әйел адамдар. Процентік қатынасы бойынша 47,1:52,9%, Ресейде бұл қатынас 46,7% - ер адамдар, 53,5% - әйел адамдар. Қалалыұ тұрғындардың үлесі 51 % болса, оның ішінде 53,4% әйел адамдар, ал ауыл тұрғындары арасында 50,4 % әйелдер. Бұл көрсеткіштерден ТМД елдерінің тұрғындары арасында әйел адамдар саны басым екендігіне көз жеткізуге болады.
Соңғы берілген ақпараттарға қарағанда, біздің елімізде әлі де болса еңбеккер әйелдер көптеп саналады. Олардың барлық жұмысшылар мен қызметкерлер арасындағы үлесі – 51 %. АҚШ-та бұл көрсеткіш – 44 %, Англия мен Канадада - 42%, Франция, ФРГ - 39%.
Әйелдердің еңбекке қатысу динамикасы осңғы онжылдықта бүкіл әлемдік еңбек рыноктарында айтарлықтай өсіп отыр. Соңғы 1975-1985 жылдар арасында еңбек етуші әйелдер санының жылдық өсуі 15 млн. Адамға жетіп отыр. ЕҰҰ (МОТ) деректері бойынша 1987ж. Еңбек ететін әйелдер саны 815 млн. Болған.
ТМД елдерінде соңғы 30 жылдың ішінде еңбек етуші әйелдердің саны 3 есе жоғарылап, 1990ж. 6,3 млн. Адам санына жетті.
Өнеркәсіптердегі ерекше ауыр және ерекше зиянды еңбек жағдайында жұмыс атқаратын жалпы адамдар санының 44%-і, ал құрылыс саласындағы 17%-і әйелдер үлесіне тиеді.
1988 деректерге қарағанда, сол жылдары еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін жұмыс орындарында 2,7 млн-ға жуық әйел адамдар еңбек еткен. Өндірістегі әйел адамдардың көбі қосалқы жұмыстарын орындайтын жұмыскерлер.
Сонымен қатар, әйелдердің денсаулығын қорғау проблемасы өте өзекті болып отыр.
Әйелдер денсаулығының проблемалары жайында Қазақстан бойынша мына көрсеткіштерді мысалға келтірейік.
1. Бұрынғы одақтас Республикасында бала туылу бойынша Қазақстан 6-шы орын алатын. Соңғы кезде оның көрсеткіші төмендеп отыр (1985ж – 24,9 ал 1990жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 21,7% болған). Бұл көрсеткіштер әсіресе Жезқазған, Павлодар, Қостанай, Қарағанды обылыстарында айтарлықтай көрініп төмендеп отыр.
2. Әйелдердің денсаулық индексі төмендеді, бізде 30%, (АҚШ-ты 70%). 1985 жылмен салыстырғанда аяғы ауыр әйелдердің қан ауруы (анемия) 2,2 есе, бүйрек аурулары 2 есе жоғарылады
Қазіргі экология жағдайлары жүкті әйелдерге кері әсерін тигізуде (108,882,100 жүкті әйелдерге жүрек-тамыр ауруларымен, 32,3 бүйрек, 304,6- анемиямен ауыратындар).
3. Жалпы Республикада бала табатын жастағы әйелдердің 50%-і экстрогениталды аурулармен зардап шегеді. Соның салдарынан жылдан жылға ауру нәрестелердің дүниеге келуі көбейіп отыр. Егер 1987ж. 35,6 мың ауру нәресте дүниеге келсе, 1990ж бұл көрсеткіш 43,1 мыңға дейін көтерілді.
4. Аналар өлімінің көрсеткіші де өте жоғары. 100 мың тірі туған аналарға шаққанда ана өлімі 53,1%, бұл көрсеткіш АҚШ, ФРГ-ға қарағанда 7 есе, ал Англияға қарағанда 9 есе жоғары.
Аналар өлімінің көрсеткіші өсіп, ал балалардың туу көрсеткіші төмендеп отыр.
5. Қазақстанда абор жасату себептерінен жұмысқа күніне 1000-ға жуық әйел шықпайды.
Қазақстан Республикасында әйел еңбегіне қорғау және денсаулығын сақтау мақсатымен арнайы заңдар қабылданған. Онда әйел организмінің физиологиялық және күш қабілеттілік ерекшеліктері ескерілген. Әйелдерге арнайы ережелерді шығару өкіметтің оларға деген қамқорлығынан туып отыр. Демек әйелдердің аналық құқықтарын және балалардың балалық құқықтарын қорғау, оларға аналық борыштары мен отбасындағы міндеттерін жемісті еңбекпен және қоғамдық қызметтермен ұштастыруларына мүмкіндік тудырып, денсаулықтарына жайлы жағдайлар жасайды.
Осыған сәйкес, әйел еңбегін қорғаудың басты мақсаты өндірісте, әйелдердің ана болу қабілеттілігіне, демек, болашақ ұрпақтарға қандайда болмасын кеселін тигізбейтін, қолайлы еңбек және демалу жағдайларын тудыру болып саналады.
Қазақстанда ана болу мемлекеттік қорғауда болатын қасиетті және құрметті атақ, Респуңбликамыз өзінің дамуының барлық кезеңінде әйел-анаға, бала мен оның тәрбиесіне үлкен қамқорлық жасап келеді.
Ана мен бала үшін қолайлы жағдайларды жасау шаралары денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, заң кәсіподақ т.б. органдары арқылы жүргізіледі.
негізгі:
1. Гигиена. /Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К. и др., Учебник Алматы. 2009 г. - 668 с. др.
2. Измеров Н. Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. Москва, 2008.-592 с.
3. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. -562 с.
қосымша:
1. Галаева А.И. Производственные аэрозоли, их гигиеническая оценка и нормирование. Методы исследования и профилактика пылевой профпатологии. Учебное пособие. –Караганда, 2008 г. – 80 с.
2. Гигиена труда при работе с видеотерминалами. Учебно-методическое пособие. Тогузбаева К.К. Алматы. 2010 г. 68 с.
3. Гигиена труда в ведущих отраслях промышленности РК. Учебно-методическое пособие. Тогузбаева К.К. Алматы. 2010 г.73 с.
4. Медицина труда. Учебник/ под ред. Н.Ф.Измерова./ 2008. – 520 с.
5. Методика изучения производственного микроклимата и его влияния на организм работающих. Под.ред. к.м.н. Жакеновой С.Р. Учебно-методическое пособие. ISBN 9965-406-50-2. –Караганда, 2005г. -56 с.
6. Предупредительный и текущий санитарный надзор за вентиляцией. Под ред . Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У.–Караганда, 2010г. -66 с.
7. Предупредительный санитарный надзор при новом строительстве и реконструкции промышленных предприятий. Учебно-методическое пособие. Тогузбаева К.К. Алматы. 2010 г. 72 с.
8. Санитарные нормы и правила по гигиене труда промышленности. 3 т. -Омск. 1995. - 1050с.
9. Шайзадина Г.Н- Предупредительный санитарный надзор. Учебно-методическое пособие.Астана, 2010, 50 стр.

Ф КГМУ 43-0401

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Еңбек гигиенасы, кәсіптік аурулар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
кафедрасы

Тақырыбы: Жасөспірімдер және әйелдердің еңбек гигиенасы

Пән: Еңбек гигиенасы

Мамандығы: 051102-Қоғамдық денсаулықты қорғау

Курс: 5

Қарағанды 2011ж.

Дәрісті оқу мақсаты: Әйелдер мен жасөспірімдердің еңбек жағдайын
регламенттеуші заңдық нормативтік құжаттармен талаптар, негізгі
қағидалармен студенттерді таныстыру

Дәрістің жоспары:

1. Кіріспе

2. Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесіне
байланысты топтарға бөлуі

3. Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер
организміне әсерінің ерекшеліктері

4. Әйел адамдардың науқастылығы мен еңбекке қабілеттілігі жайындағы
негізгі сұрақтар

5. Қазіргі заманымыздағы әйелдер еңбегінің гигиенасы мен әйел еңбегін
қорғаудың негізгі бағыттары.

1. Әйел-ана және еңбкке ретінде халық арасында сыйлы орын алады. Оларға
қамқорлық жасау мемлекет саясаты, қоғамымыздың өнегелі заңы болып
отыр. Оған бірден-бір дәлел-республикамызда әйелдерге медициналық және
әлеуметтік қызмет көрсету олардың еңбек және тұрмыстық, демалу
жағдайларын одан әрі жақсарту шараларын жүргізу болып отыр.
1989 жылғы Бүкілодақтық тұрғындар санағы бойынша ТМД мемлекеттерінде
285 млн. 743 мың адам тіркелген, оның ішінде 134. 687 мыңы – ер адамдар, ал
151.056 мыңы - әйел адамдар. Процентік қатынасы бойынша 47,1:52,9%, Ресейде
бұл қатынас 46,7% - ер адамдар, 53,5% - әйел адамдар. Қалалыұ тұрғындардың
үлесі 51 % болса, оның ішінде 53,4% әйел адамдар, ал ауыл тұрғындары
арасында 50,4 % әйелдер. Бұл көрсеткіштерден ТМД елдерінің тұрғындары
арасында әйел адамдар саны басым екендігіне көз жеткізуге болады.
Соңғы берілген ақпараттарға қарағанда, біздің елімізде әлі де болса
еңбеккер әйелдер көптеп саналады. Олардың барлық жұмысшылар мен
қызметкерлер арасындағы үлесі – 51 %. АҚШ-та бұл көрсеткіш – 44 %, Англия
мен Канадада - 42%, Франция, ФРГ - 39%.
Әйелдердің еңбекке қатысу динамикасы осңғы онжылдықта бүкіл әлемдік
еңбек рыноктарында айтарлықтай өсіп отыр. Соңғы 1975-1985 жылдар арасында
еңбек етуші әйелдер санының жылдық өсуі 15 млн. Адамға жетіп отыр. ЕҰҰ
(МОТ) деректері бойынша 1987ж. Еңбек ететін әйелдер саны 815 млн. Болған.
ТМД елдерінде соңғы 30 жылдың ішінде еңбек етуші әйелдердің саны 3
есе жоғарылап, 1990ж. 6,3 млн. Адам санына жетті.
Өнеркәсіптердегі ерекше ауыр және ерекше зиянды еңбек жағдайында
жұмыс атқаратын жалпы адамдар санының 44%-і, ал құрылыс саласындағы 17%-і
әйелдер үлесіне тиеді.
1988 деректерге қарағанда, сол жылдары еңбекті қорғау нормалары мен
ережелеріне сай келмейтін жұмыс орындарында 2,7 млн-ға жуық әйел адамдар
еңбек еткен. Өндірістегі әйел адамдардың көбі қосалқы жұмыстарын орындайтын
жұмыскерлер.
Сонымен қатар, әйелдердің денсаулығын қорғау проблемасы өте өзекті
болып отыр.
Әйелдер денсаулығының проблемалары жайында Қазақстан бойынша мына
көрсеткіштерді мысалға келтірейік.
1. Бұрынғы одақтас Республикасында бала туылу бойынша Қазақстан
6-шы орын алатын. Соңғы кезде оның көрсеткіші төмендеп отыр
(1985ж – 24,9 ал 1990жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 21,7%
болған). Бұл көрсеткіштер әсіресе Жезқазған, Павлодар,
Қостанай, Қарағанды обылыстарында айтарлықтай көрініп
төмендеп отыр.
2. Әйелдердің денсаулық индексі төмендеді, бізде 30%, (АҚШ-ты
70%). 1985 жылмен салыстырғанда аяғы ауыр әйелдердің қан
ауруы (анемия) 2,2 есе, бүйрек аурулары 2 есе жоғарылады
Қазіргі экология жағдайлары жүкті әйелдерге кері әсерін тигізуде
(108,882,100 жүкті әйелдерге жүрек-тамыр ауруларымен, 32,3 бүйрек, 304,6-
анемиямен ауыратындар).
3. Жалпы Республикада бала табатын жастағы әйелдердің 50%-і
экстрогениталды аурулармен зардап шегеді. Соның салдарынан
жылдан жылға ауру нәрестелердің дүниеге келуі көбейіп отыр.
Егер 1987ж. 35,6 мың ауру нәресте дүниеге келсе, 1990ж бұл
көрсеткіш 43,1 мыңға дейін көтерілді.
4. Аналар өлімінің көрсеткіші де өте жоғары. 100 мың тірі туған
аналарға шаққанда ана өлімі 53,1%, бұл көрсеткіш АҚШ, ФРГ-ға
қарағанда 7 есе, ал Англияға қарағанда 9 есе жоғары.
Аналар өлімінің көрсеткіші өсіп, ал балалардың туу көрсеткіші
төмендеп отыр.
5. Қазақстанда абор жасату себептерінен жұмысқа күніне 1000-ға
жуық әйел шықпайды.
Қазақстан Республикасында әйел еңбегіне қорғау және денсаулығын
сақтау мақсатымен арнайы заңдар қабылданған. Онда әйел организмінің
физиологиялық және күш қабілеттілік ерекшеліктері ескерілген. Әйелдерге
арнайы ережелерді шығару өкіметтің оларға деген қамқорлығынан туып отыр.
Демек әйелдердің аналық құқықтарын және балалардың балалық құқықтарын
қорғау, оларға аналық борыштары мен отбасындағы міндеттерін жемісті
еңбекпен және қоғамдық қызметтермен ұштастыруларына мүмкіндік тудырып,
денсаулықтарына жайлы жағдайлар жасайды.
Осыған сәйкес, әйел еңбегін қорғаудың басты мақсаты өндірісте,
әйелдердің ана болу қабілеттілігіне, демек, болашақ ұрпақтарға қандайда
болмасын кеселін тигізбейтін, қолайлы еңбек және демалу жағдайларын тудыру
болып саналады.
Қазақстанда ана болу мемлекеттік қорғауда болатын қасиетті және
құрметті атақ, Респуңбликамыз өзінің дамуының барлық кезеңінде әйел-анаға,
бала мен оның тәрбиесіне үлкен қамқорлық жасап келеді.
Ана мен бала үшін қолайлы жағдайларды жасау шаралары денсаулық
сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, заң кәсіподақ т.б. органдары арқылы
жүргізіледі.

Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты
топтарға бөлуі

ТМД мемлекеттеріндегі жалпы халық санының 151 млн. әйел адамдарына
келеді (52,9%). Халық шаруашылығында 59 млн. Жоғары әйел адамдар істеген,
оның ішінде 5,3 млн колхоздарда. Ғылыми жұмыстармен шұғылданушы әйелдер –
609 мың. адам, олардың ішінде ғылым доктарлары мен кандидаттары - 27%.
Еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің талаптарына сай келмеуші
жағдайларда 1998 жылы 2,7 млн. әйел адамдар еңбек атқарған. Түнгі ауысымда
жұмыс істеуші адамдарды 38%-і әйелдерге келген. Осыған қоса үй шаруашылығын
жасауға әйел адам күніне 3 сағат 13 мин., ал демалыс күндерінде 6 сағ. 18
мин. Жұмсайды екен.
Жұмыс істеуші әйел адамдардың алатын үлесі бойынша еңбек ұжымдарын
мынадай негізгі топтарына бөлуге болады: төмен, орташа, жоғары және өте
жоғары.
Кестеге кірмеген көлік және құрылыс салаларында әйелдер еңбегінің
шоғырлануымен (24 және 29%), ал ауылшаруашылығында әйелдер еңбегінің орташа
шоғырлануымен (45%) сипатталады. Бұл атауға ғылым саласы да жатады.
Коммуналдық, тұрмыстық-шаруашылық, мәдени ағарту сфераларында әйелдер
еңбегінің жоғары шоғырлануы сипатты (көрсеткіштері 53, 68, 70%-ке тең).
Әйел еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын
топтастыру
Өндіріс салалары Шоғырлану дәрежесі (қндірістегі
жұмысшылардың жалпы санындағыәйел
адамдардың алатын үлесі %)
Көмір, электроэнергетика, тау-кең Төмен шоғырланған30 % ке дейін
өндірістері
Мұнай өндіру, түсті және қара Орташа шоғырланған (30-дан 50 %-ке
металлургия, машина жасау және метал дейін)
өңдеу, құрылыс материалдары өндірісі,
ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз, торф
өндірістері.
Шыны жасау, химия, тағам, Жоғары шоғырланған(50 %-70 %)
фосфорлы-фаянсты өндірістері,
полиграфия
Жеңіл өнеркәсібі, денсаулық сақтау, Өте жоғары (максимальды шоғырланған
сауда қоғамдыұ тамақтану 75 %)-тен жоғары).
кәсіпорындары.

Денсаулық сақтау, сауда және қоғамдық тамақтану салаларында әйелдер
еңбегі өте жоғары (мах) шоғырланған (84 және 76%).

Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер
организміне әсерінің ерекшеліктері.
Халық шаруашылығында әйел еңбегін қолдану, олардың организміне
өндірістік факторлардың ерекше әсер етуіне соқтырып отыр. Оның ішінде
әртүрлі химиялық заттардың әсеріне ерекше көңіл аударылады. Ғылыми
техникалық прогрестік маңызды компоненттерінің бірі болып саналатын халық
шаруашылығын химияландыру жұмысы токсикалық заттардың әсерімен байланысты
болатын химиялық және ауыл шаруашылық өндірістерінде еңбек етуші әйелдердің
көп шоғырлануына келтіріп отыр.
Улы заттармен қатынаста еңбек ететін әйелдердің көп шоғырлануына
келтіріп отыр.
Улы заттармен қатынаста еңбек ететін әелдердің еңбек гигиенасының
сұрақтарын қарауда, зиянды химиялық агенттердің өндірісте және өндірістен
тыс үйлескен әсерлерінің мүмкіндігінің, қазіргі уақытта химиялық
мутагенезбен тератогенездің маңызын түсінуді талап етеді. Осыған орай,
кейбір ескі улардыі (көміртегі тотығы, бензин, күкіртті көмертегі,
хроматтар т.б.) әйелдердің регенеративтік функциясына әсері, осыдан 20-300
жыл бұрынғы көзқарасқа қарағанда қауіптірек екендігін еске салған орынды
болады.
Әйелдің репродуктивтік функциясына қауіп тендерітен өндірістік
улардың мүмкіндік әсерлері жайындағы сұрақтарда қарау кезінде мына жайларға
ерекше көңіл аудару керек:
1. Етек кір циклінің жағдайына
2. Бала табу функциясының (ұрықтануға қабілеттігі, жүктіліктің барысы
және аяқталуы) жағдайына
3. Эмбриотроптық жағдайына тератогенді әсерді қоса, жаңа туған
нәрестенің күіне әсіресе омыраудағы баланың жағдайына

Етеккір циклының жағдайы
Етеккір циклының жағдайы: Овариалды-менструаьдық функциясының бұзылуы
әйелдің жыныс мүшелеріне әртүрлі улы химялық заттардың әсерінің жиі
кездесетін болып табылады. Әсіресе бұл жақсы зерттелген уларға қорғасын,
сынап, фосфор, тринетроталол, бензол және оның гомологтарына қатысты.
Етеккір функциясының бұзылуы кейбірхлорланған көмірсуларды жасау
өндірісінде еңбек етуші әйелдерде байқалған. Синтетикалық каучук, капрон
зауыттарында, талшық мұнай өндірістерде еңбек етуші әйелдердің етеккір
жағдайы гипер жәнегипополименурия, альгодис, менория және жиірек
гипоменустральды синдром түрінде етеді (қысқа мерзімдік және мардымсыз
(скудный) етеккір т.б.
Кейбір өндірістік улардың әсерінен (қорғасын, сынап, мышьяк, бензол,
сары фосфор, никотин, т.б.) неғұрлым маңызды ауытқуларды – етекір циклінің-
аменуреясы, типті ерте пайда болатын климакс сияқты аурулардыңдамуы мүмкін.
Сонымен, өндірістік кәсіп орындарда жұмыс істейтін әйелдерде, әсіресе
40 жасқа дейінгі әйелдерде, авариальды- етеккір функциясының бұзылуы еңбек
жағдайында арнаулы жағымсыз әсерлердің орын алатынын көрсетіпотыр.
Кейбір өндірістік улар бала табу функциясына әсер етеді, дәлірек
айтқанда әйелдерде бала табатын жаста ұрықтану және жүктену қабілеттіктері
бұзылады. Бұл улар: сынап, қорғасын, мышьяк, бензол булары, фтольды
ангедрил, трихлорэтилен, бензин, күкіртті көміртегі т.б. Олардың көбі бала
көтеру және босанудың өтуіне зиянды әсерінтигізеді (уақытынан бұрын босану,
құрсақ суының ерте ағып кетуі, патологиялық қансырау).
Сонымен организмге өнеркәсіптік улардың әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар жарақаты
Өндірістік жағдайлар. Еңбек гигиенасы
Балалар мен жасөспірімдерді физикалық тәрбиелеуде медициналық бағалау.
Балалар мен жасөспірімдерді еңбекке және политехникаға оқытып, тәрбиелеудің гигиеналық негіздері
Денсаулықтың негізгі көрсеткішінің бірі дене дамуы
Жыныстық мінез-құлықтың отбасында алатын орны
Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері
«Қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық талаптар»
Өнімдердің пестицидтермен ластануы
Денсаулық бұзатын факторлар
Пәндер