Қазақстандағы Ислам



1 Пайда болу тарихы
2 Діни ілімнің негізгі принцитері
3 Қазақстанда таралуы
4 Қазіргі заманғы Қазақстандағы исламның дамуы
«Ислам» - араб сөзінен алынған «салам» - тікелей аударғанда «бейбітшілік» деген мағынаны білдіреді. Осыған қосымша «бағыну» деген мағынасы да бар. Оның негізгі қайнар көзі – Құран Кәрім мен Сүннет болып табылады.
Құран Кәрім сүре деп аталатын 114 тараудан тұрады. Сүрелер ең қысқа үзінділер мен мақамдарға (аяттарға) бөлінеді. Сүрелер түсірілген мекеніне қарай меккелік (610-622) және мәдиналық (622-632) болып екіге бөлінеді.
«Сүннет» сөзі – араб тілінен аударғанда «дәстүр, үлгі, сара жол» ұғымын береді, демек Мұхаммедтің (с.а.с.) өмір жолы барлық мұсылман қауымына үлгі. Сүннет - Құран Кәрімді басшылыққа ала отырып, Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардан ғана үлгі-өнеге алып өмір сүруді мақсат етеді.
Исламның тірегі басты үш негізден құралады – «Исламның бес шарты», Иманның алты шарты (сенім) және қайырымды істер. Исламның бес шарты мыналар болып табылады:
1) Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі екенін мойындау;
2) Күнде бес уақыт намаз оқу;
3) Рамазан айында ораза тұту;
4) Зекет беру;
5) Меккеге қажылық жасау.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы Ислам

Пайда болу тарихы. Ислам - әлемдік үш діннің соңғысы болып
есептеледі. Милади жыл санауы бойынша 610 жылы Аллаһтың елшісі және
пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) Аллаһ тағала қасиетті Құран кітабын
түсірген Араб жарты аралында (Джазирату-л-араб), Хиджаз аймағындағы жақын
шығыс жерінің бозғылт тартқан құмды жерінде бастау алған. 610 жылы Мұхаммед
ибн Абдоллаһ пайғамбарға Құран Кәрімнің алғашқы бес аяты түсті. Қазіргі
кезеңде жер шарындағы барлық тұрғындардың 1 миллиард 300 миллионнан астамы
Ислам дінін ұстанады, олар әр түрлі ұлттың өкілдерінен тұрады.
Діни ілімнің негізгі принцитері. Ислам - араб сөзінен алынған
салам - тікелей аударғанда бейбітшілік деген мағынаны білдіреді. Осыған
қосымша бағыну деген мағынасы да бар. Оның негізгі қайнар көзі – Құран
Кәрім мен Сүннет болып табылады.
Құран Кәрім сүре деп аталатын 114 тараудан тұрады. Сүрелер ең
қысқа үзінділер мен мақамдарға (аяттарға) бөлінеді. Сүрелер түсірілген
мекеніне қарай меккелік (610-622) және мәдиналық (622-632) болып екіге
бөлінеді.
Сүннет сөзі – араб тілінен аударғанда дәстүр, үлгі, сара жол
ұғымын береді, демек Мұхаммедтің (с.а.с.) өмір жолы барлық мұсылман
қауымына үлгі. Сүннет - Құран Кәрімді басшылыққа ала отырып, Мұхаммед
(с.а.с.) пайғамбардан ғана үлгі-өнеге алып өмір сүруді мақсат етеді.
Исламның тірегі басты үш негізден құралады – Исламның бес
шарты, Иманның алты шарты (сенім) және қайырымды істер. Исламның бес шарты
мыналар болып табылады:
1) Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі екенін мойындау;
2) Күнде бес уақыт намаз оқу;
3) Рамазан айында ораза тұту;
4) Зекет беру;
5) Меккеге қажылық жасау.
Иманның шарттары келесі алты негізден құралады:
1) Аллаһқа сену;
2) Періштелерге сену;
3) Аллаһ тарапынан жіберілген кітаптарға сену;
4) Ақырзаман болатынына сену;
5) Пайғамбарларға сену;
6) Тағдырға (пешенеге жазылғанға) сену.
Аллаһ тағала Мұхаммед пайғамбарға қасиетті Құранды түсірді және
оны адамдарға жеткізуді парыз етті. Адамзат баласы осы Құран Кәрімді
басшылыққа алуы және бейбітшілік пен татулық ішінде өмір сүруі тиіс.
Адамдар бір-біріне қандайда болсын қиянат жасамаулары қажет, әділ болулары,
әдептілікті сақтаулары және шынайы жүректерімен сенулері шарт.
Мұхаммед пайғамбардың бұрынғы пайғамбарлардан ерекшелігі, ол
жекелеген қауымдар мен ұлттарға емес барлық адамзатқа біртұтас болып
жіберілді.
Қазақстанда таралуы. Ислам діні – Қазақстанның аумағына алғаш
VII ғасырдың Самарқанд, Бұхара, Шаш, Хорезм, Отырар қалаларында ресми дін
ретінде қалыптаса бастады.
Исламның Қазақстандағы орнығу жолы әрі ұзақ, әрі күрделі болып,
Исламға дейін несториан үлгісіндегі христиан дінін ұстаған қарлұқтарды
Ислам дініне көшірумен басталды. Ал, 893 жылы Тараздағы несториан шіркеуі
қиратылып, оның орнына мешіт салынды. Қараханидтер тұсында (X-XI ғғ.)
Ислам мемлекеттік дін ретінде қабылданып, терең тамыр тарта бастады.
Орта ғасырлардағы Ислам қалалар мен қамалдардың дамуы мен
нығаюына қолайлы жағдай жасады және жаңаларының салынуына мүмкіндіктер
берді, ғылыми-ағарту мекемелері, мешіттер мен медреселер көптеп салынды.
Осылайша, орта ғасырлардан бастап күні бүгінге дейін Ислам
өркениеті Орта Азия халықтарының әдебиеті мен мәдениетінің, рухани
өмірлеренің өсіп-өркендеуіне, дамуына орасан ықпалын тигізді. Біздің
бірқатар ғалым-жерлестеріміз өздерінің фәлсәфә, тарих, әдебиет,
астрономия, логика, музыка, мәдениет, тіл білімдері, медицина салалары
бойынша араб, парсы, және түркі тілдеріндегі еңбектерімен бүкіл ғаламға
даңқтары шықты. Ал енді бір бөлігі Құран Кәрімге түсініктеме жазу, шариғат
мәселелері бойынша кітаптар жазу, мазхабтар туралы, фыкых тақырыбындағы
зерттеулерімен үлкен құрметке ие болды.
19-шы ғасырда қазақ зиялыларының өкілдері мен оқыған азаматтары
діни істерді заман талабына сай жүргізетін ұйым құруға тырысты. Осылайша
1906 жылдың көктемінде Верный қаласында Жетісу өлкесі мұсылмандарының
бірінші құрылтайы өткізіліп, оған 100-ге жуық делегат қатысты. Жетісу
Құрылтайы Түркістан мұсылмандарының мұқтаждығын шешумен айналысатын алғашқы
ресми сипаттағы ұйым болуымен тарихта қалып отыр. Осының нәтижесінде
көптеген мешіт пен медреселер өз жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ал, 1921 жылы республикада басқа да ресми мерекелер қатарында
Ораза айт (Ауыз ашу) және Құрбан айт (Құрбандық шалу) мерекелері
тойланатындығы жайлы маңызды қаулы шықты. Орталық Азия мен Кавказдық
көптеген елдерде жұма күндері демалыс болып қабылданды.
Алайда, бұдан кейін мыңдаған жылдар бойы адам баласына жақсылық
пен жоғары дәрежедегі адамгершілікті, кең пейілділік пен адалдықты дәріптеп
келе жатқан Ислам діні Кеңестік үкімет тарапынан аз уақыт ішінде кертартпа
дін болып жарияланып, дін қызметкерлері қудалауға ұшырады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Волга жағалауына таяп келе
жатқан немістерден сескенген Сталин 1937-38 жылдары өзі қорлық көрсеткен
мұсылмандарға ерекше көңіл бөле бастайды. 1943 жылы Ташкентте Орталық Азия
мен Қазақстан мұсылмандарының құрылтайы өтеді. Осы құрылтайда Орталық Азия
мен Қазақстан елдері діни басқармасы құрылады. Бас мүфти болып Ищан Бабахан
Абдулмажид тағайындалады.
Қазақстанда, Орта Азияның кеңестік бөлігіндегі басқа
республикалардағы секілді қазияттар құрылды, ал алғашқы қазы болып
Әбдіғаппар Шамсутдинов (1856-1957) тағайындалады. Осылайша
республикамызда алғашқы діни бірлестік пайда болды - Қазақстан
мұсылмандарының қазияты.
Қазіргі заманғы Қазақстандағы исламның дамуы. Исламның біздің
республикамыздағы жетекші ағымы - ханафиттік мазхабтағы суннизм бағыты
болып табылады.
Тарихи факторлардың әсері қазақстандағы діни ахуалдың
ерекшеліктерін анықтап берді. Біріншіден, тұрғындардың басым көпшілігін
құрайтын түркі халықтарының салт-дәстүрлері исламның рухани құндылықтарымен
тығыз байланысты болуы исламтанудың табиғи болуын қалыптастырады және жыл
өткен сайын қарқын алып отырды. Екіншіден, кеңестік дәуірде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ислам фобиясының көріністері
Қазақстандағы діндер
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы діни жағдай
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
XVIII ғасырдың ортасынан –XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы ресей империясының миссионерлік саясаты
БАҚ - тағы діни жариялымдарға ислами талдау жасау
Қазақстандағы діни бірлестіктер
Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың таралуы, себептері мен салдары
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Пәндер