Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы мен адам өмiрiндегi маңызы



1 Жер атмосферасы
2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
3 Атмосфераның радиоактивтi заттармен ластануы
Жер атмосферасы (грекше: atmos — бу жəне sphaira —шар) — Жердi қоршап тұрған газды қабықша. Жердi онымен бiрге айнала жүрiп оны қоршап тұрған газды ор-таны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 1015 тонна.
Атмосфера Жер бетiндегi барлық тiршiлiк процестерiнiң жүруiн қамтамасыз етiп, адамзат тiршiлiгiнiң барлық жақтарына үлкен əсер етедi.Атмосфераны зерттеушi мамандардың пiкiрiнше, ол Жербетiнен қашықтаған сайын түрлi температурадағы бiрнеше аймақтардан тұрады.Атмосфераның құрылысы бiрнеше қабат құрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера жəне термосферадан тұрады. 1000 км жəне одан ары қарай экзосфера болып, онда
атмосфералық газдар əлем кеңiстiгiне таралады. Осы қабатта атмосфера бiрте бiрте планета аралық кеңiстiкке ауысады.Атмосфераның Жер бетiне ең жақын қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл қабаттың орта ендiкте теңiз деңгейiнен биiктiгi — 10-12 км, экваторда — 16-18 км, полюстерде — 7-10 км.
Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзiлiп, найзағайлар күн
6 күркiреуi жүредi. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км — Ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық бiршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлiгi осы қабатта жинақталған, озон Күннiң ультракүлгiн сəулелерiн сiңiрiп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.
Стратосферадан кейiн 50 км биiктiкте мезосферақабаты орналасқан. Мезосферада температура одан əрi қарай төмендеп, 80 км биiктiкте — 700С -қа түседi. Мезосферадан жоғары белгiлi шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500 600 км биiктiкте температура +16000 жетедi.

Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы
мен адам өмiрiндегi маңызы
Жер атмосферасы (грекше: atmos — бу жəне sphaira —шар) — Жердi қоршап
тұрған газды қабықша. Жердi онымен бiрге айнала жүрiп оны қоршап тұрған
газды ор-таны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 1015 тонна.
Атмосфера Жер бетiндегi барлық тiршiлiк процестерiнiң жүруiн қамтамасыз
етiп, адамзат тiршiлiгiнiң барлық жақтарына үлкен əсер етедi.Атмосфераны
зерттеушi мамандардың пiкiрiнше, ол Жербетiнен қашықтаған сайын түрлi
температурадағы бiрнеше аймақтардан тұрады.Атмосфераның құрылысы бiрнеше
қабат құрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера жəне
термосферадан тұрады. 1000 км жəне одан ары қарай экзосфера болып, онда
атмосфералық газдар əлем кеңiстiгiне таралады. Осы қабатта атмосфера бiрте
бiрте планета аралық кеңiстiкке ауысады.Атмосфераның Жер бетiне ең жақын
қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл қабаттың орта ендiкте теңiз деңгейiнен
биiктiгi — 10-12 км, экваторда — 16-18 км, полюстерде — 7-10 км.
Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзiлiп, найзағайлар күн
6 күркiреуi жүредi. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км — Ге созылатын
стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық бiршама төмен, атмосферадағы
озонның көп бөлiгi осы қабатта жинақталған, озон Күннiң ультракүлгiн
сəулелерiн сiңiрiп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.
Стратосферадан кейiн 50 км биiктiкте мезосферақабаты орналасқан.
Мезосферада температура одан əрi қарай төмендеп, 80 км биiктiкте — 700С -қа
түседi. Мезосферадан жоғары белгiлi шекарасы жоқ термосфера орналасқан,
онда 500 600 км биiктiкте температура +16000 жетедi. Атмосфераның
қабаттарындағы ауа биiктеген сайын сұйылып, қысым төмендейдi. Табиғат үшiн
атмосфералық ауаның маңызы ерекше жəне əртүрлi. Ол, бiрiншiден, фотосинтез
үшiн көмiрқышқыл газының жəне тыныс алу үшiн оттектiң көзi. Ол тiрi
организмдердi космостық сəулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды,
климатты реттейдi, зат алмасудың газ тəрiздi өнiмдерiн қабылдайды,
планетада су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын- шашын түзiлетiн жəне басқа
да метеорологиялық процесстер жүретiн орын, ұшатын организмдер үшiн
тiршiлiк ортасы болып саналады, топырақтың құнарлылығына əсер етедi, т.с.с.
Ғалымдардың пiкiрiнше, қазiргi заманғы атмосфераның шығу тегi екiншi реттiк
жəне ол Жердiң қатты қабықшасынан планета түзiлгенннен кейiн бөлiнген
газдардан түзiлген. Жердiң геологиялық тарихы барысында Жердiң атмосферасы
түрлi факторлар: атмосфералық газдардың космос кеңiстiгiне бөлi-
нуi, вулкандардың əрекетiнен газдардың бөлiнуi, күннiң ульт- ракүлгiн
сəулелерi əсерiнен молекулалардың ыдырауы, атмосфера компоненттерi мен жер
қабығының жыныстары арасындағы химиялық реакциялар нəтижесiнде бөлiнетiн
газдар əсерiнен үлкен эволюцияны басынан кешiрдi.8
Атмосфераның дамуы геологиялық жəне геохимиялық процестермен, сол сияқты
тiрi организмдердiң тiршiлiк əрекеттерiмен тығыз байланысты. Атмосфера
Жердiң беткi қабатын оның қалың қабаттарына өту кезiнде көпшiлiгi жанып
кететiн метеориттердiң зиянды əсерлерiнен сақтап тұрады.
Атмосфера құрамының қалыптасуына үлкен əсер ететiн тiрi организмдердiң
тiршiлiк əрекеттерi өз кезегiнде осы ат- мосфералық жағдайларға тiкелей
байланысты. Атмосфера тiрi организмдерге зиянды əсер ететiн Күннiң
ультракүлгiн сəулелерiнiң көп бөлiгiн ұстап қалады. Атмосфералық оттегi
өсiм- дiктер мен жануарлардың тыныс алу процесiне қатысса, ал көмiр қышқылы
өсiмдiктердiң қоректенуiне қатысады. Климат- тық факторлар, əсiресе, жылу
режимдерi мен ылғалдылық адамдардың денсаулығы мен тiршiлiк қызметiне əсер
етедi. Сонымен қатар адамның тiршiлiк əрекетi атмосфераның құрамы
мен климатқа үлкен əсер етедi. Планетадағы оттегi тiрi заттар арқылы 5200-
5800 жылда толық жаңарады. Ал оның бүкiл массасын 2 мың жылда тiрi
организмдер сiңiрсе, көмiрқышқылын — 300-395 жылда сiңiредi.
Жер атмосферасының газ құрамы ерекше. Егер Юпитер мен Сатурнның атмосферасы
негiзiнен сутек пен гелийден, Марс пен Венераның атмосферасы — көмiр
қышқылы газынан тұрса, Жердiң атмосферасы азот пен оттектен тұрады, сол
сияқты аз мөлшерде аргон, көмiрқышқыл газы, неон жəне басқа тұрақты,
ауыспалы компоненттер бар. Атмосфераның ең маңызды ауыс-
палы компонентi — су буы. Су буының негiзгi массасы тропосферада, өйткенi
атмосфераның қабаттары жоғарылаған сайын оның концентрациясы азая бередi.
Атмосфералық процестерге, əсiресе стратосфераның жылу режимiне озон үлкен
əсер етедi. Озон стратосферада жинақталып, күн радиациясының ультракүлгiн
сəулелерiн сiңiредi. Ендiк пен жылдың мезгiлiне байланысты озонның бiр
айдағы орташа мөлшерi өзгерiп отырады, оның қалыңдығы 2,3-5,2 мм
аралығында болады. Жалпы табиғатта озонның мөлшерi экватордан полюстерге
қарай жоғарылайды. Қазiргi кезде адамның шаруашылық тiршiлiк əрекетiнiң
əсерiнен атмосфераның озон қабатының бұзылуы байқалуда. Мысалы, озон
қабатының бұзылуына əсер ететiн фреондар (хладондар) деп аталатын
9 галогендi қосылыстар. Бұл қосылыстар бөлме температурасында қайнайды, өте
ұшқыш, Жердiң бетiнде химиялық инерттi, мұздатқыш қондырғыларда
қолданылады. Фреондар стратосфераға көтерiлiп, фотохимиялық айрылу
реакциясына түсiп, бiздiң планетамызды ультракүлгiн сəулелерден сақтайтын,
озон молекулаларын ыдырататын, химиялық реакциялардың
катализаторы болып саналатын хлор аниондарын бөледi. Қазiргi кезде озон
қабатының жағдайына қатаң бақылау — мониторинг жүргiзiлуде. Озон қабатының
бұзылуының үлкен зардаптарға əкелуiне байланысты бiрқатар елдер қазiргi
кезде фреондар өндiрiсi мен оны пайдалануды қысқартып отыр,
дегенмен де жалпы əлемде бұл көрсеткiш əлi де жоғары күйiн-
де қалғандықтан олардың атмосферадағы концентрациясы да
жылдан жылға ұлғайып отыр.Көптеген бақылаулар бойынша озон қабаты
атмосферада бiркелкi таралмаған. Солтүстiк жарты шар атмосферасында оң-
түстiкке қарағанда фреондардың концентрациясы 8-9% жоғары.

1.2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
Өндiрiстiң қарқындап дамуына жəне отын түрлерiн кең масштабта жағуға
байланысты атмосферадағы бос оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының
мөлшерi жоғарылауда. Нəтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды
деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нəтижесiнде көмiрқышқыл
газының концентрациясы жыл сайын 0,2% ға
ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет
қолданған күннен бастап осы күнге дейiн түрлi жану процестерiнде 273 млрд.
тонна оттегi жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы және биосфера мен адам өміріндегі маңызы жайлы
Атмосфера туралы түсінік
Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер: автомобильдер әсері
Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары
ЭКОЛОГИЯ ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ. Оқу құралы
Атмосфера туралы түсiнiк жəне биосфера мен адам өмiрiндегi маңызы
Атмосфераның негізгі қасиеттері және оның экологиялық мәні
Атмосфераның экологиялық мәселелері туралы
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
АТМОСФЕРА - БИОСФЕРАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМ БӨЛІГІ
Пәндер