Қазақстан мемлекеті – Мәңгілік ел!



I. Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа Қазақстан.
II.Тарих беттерін парақтасақ...
1. Ұлт санасын жаңғыртқан өткен жылдар
2. Өткен жылдардың жаңғырығы
III. Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілік.
Қазақстан - менің туған тілім, ата салт- дәстүрім, тарихым, байлығым, мектебім, үйім, бәрі-бәрі осы. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Жаңа ғасыр,жаңа мыңжылдыққа аяқ бастық. Осы ғасырдың қызығын көріп өмір сүріп жатқан біз бір пендеміз. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттандық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты.
Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесіне көз жүгіртіп байқасақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмағай, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының Отанына деген ыстық ықыласының көрінісін көреміз.
Алла Тағала бізге ұшқан құстың қанаты талатындай осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларыдың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғауын нәсіп етіпті. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімін көтерді.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан мемлекеті – Мәңгілік ел!

...Уақыт қарқыны зымыран.
Күні кеше өткен сияқты
уақиғалар бүгінде тарих
беттеріне айналып та үлгірді.
Бұл жаңа мемлекет пен жаңа
қоғамның дүниеге
келуінің азапты толғаққа
толы, сонымен бірге
ғаламат сәті еді. Сол сәт
әлі аяқталған жоқ, бірақ ең
қиын белестерден аса
білдік. Ең қиын жылдар дәл
қазір артымызда қалды,
сондықтан да мен еліміздің
еңсесі биіктей беретініне
сенемін.

Н.Ә. Назарбаев.
Жоспар:
I. Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа Қазақстан.
II.Тарих беттерін парақтасақ...
1. Ұлт санасын жаңғыртқан өткен жылдар
2. Өткен жылдардың жаңғырығы
III. Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілік.

Қазақстан - менің туған тілім, ата салт- дәстүрім, тарихым,
байлығым, мектебім, үйім, бәрі-бәрі осы. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес.
Жаңа ғасыр,жаңа мыңжылдыққа аяқ бастық. Осы ғасырдың қызығын көріп өмір
сүріп жатқан біз бір пендеміз. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа
егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттандық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де
бар. Біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой,
бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бұл күнге қалай
жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты.
Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесіне көз жүгіртіп
байқасақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмағай,
жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап,
найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының Отанына деген ыстық
ықыласының көрінісін көреміз.
Алла Тағала бізге ұшқан құстың қанаты талатындай осынау ұлан ғайыр Алтай
мен Атырау аралығын ата-бабларыдың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен
қорғауын нәсіп етіпті. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан
даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар
Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына
қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-
дастандар біздің ұлттық сана-сезімін көтерді.
Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен,
парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың
басын қосқан, халық мүддесі жолында,табандылығын да, тапқырлығын да таныта
білген хан Абылай. Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ
елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-
жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.
Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқаңдап
қаңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл
табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы
Отан - Қазақстан жері. Сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл
мұрасы екені сөзсіз.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала бере тарих сахнасына
қазақтың оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең орнаған еді.
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафалар алаш туы астында ел болуға,
мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың Өлер жерден кеттік біз, бұл
заманға жеттік біз деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу
керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он жерге, қиялын қырық жерге
жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан Автономия, бізге керегі – автономия!
деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы мемлекет
құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады деген асыл арман-
ды. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары міне, ел болдық,
еркіндік өз қолымызға тиді деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш
ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері алаш
туы астына бірікендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек
Аймауытовты атты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының қалыптасуы
Мәңгілік ел - Қазақстанның ХХІ ғасырдағы ұлттық идеясы. Қазақстан - қазіргі әлем таныған мемлекет
Мәңгілік ел идеясы
Оған жетудің жолы әрқилы
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының құндылықтары және мәні
Бабаларымыздың арманы
Мәңгілік ел ұлттық идеясының мәні мен маңызы
Қазақ хандығына 550 жыл
Мәңгілік ел ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы
Білге қаған ескерткіші
Пәндер