Шахан ата



1 Шахан ата
2 Шахан ата шежіресі
3. Шахан атаның кереметтері
4. Шахан атаның кереметтері
Шахан ата қазіргі Жамбыл облысы Жаңатас, Қаратау, Байқадам аталған төңіректе мекен еткен, ұлы жүздің ішіндегі Ысты тармағының Тілік атасынан шыққан кісі болған. Бұдан 200-300 жылдай бұрын Жоңғар-қалмақтардың шапқыншылығы өршіп тұрған бір кездері Сыр бойына қарай ығуға мәжбүр болған ру-тайпалар қатарында келген болса керек. Жаугершілік кезінде қорғаныс ұрыс салған қазақ қолдарының батырларының бірі болғанға ұқсайды. Ұрыс майданында шейіт болып, топырақ осы Түркістанда, ескі Шауғар қаласы, қазіргі Шойтөбе аталатын жерден тиген. Бүгінде жамбасы жерге тиген жер деп, ескі Шауғар қаласының үйіндісі Шойтөбенің оңтүстік күнбатыс тұсында 3-4 шақырым жердегі 33-разъезд аталатын темір жол бойындағы жер танылып отыр.
Шахан ата өзі батыр әрі көріпкел болған. Қазірдің өзінде басына зиярат ете келіп, түнеген базбір кісілерге бес қаруы сай, сауыт киген қалпында көрініс береді екен. Ел аузындағы әңгімеге сенер болсақ, ниет етіп келген, бойында құбылысы бар кісілердің үшінші көзі ашылатын көрінеді. Ескі замандарда қорым болған жер деп көне көз қариялар мал бастырмауға тырысатын сол тұсқа кейінгі ұрпақтары жуырда сағана көтерген.
Жазылған тарихы болмағандықтан, әрі ұрпақтарына аталарының жатқан жері бұған дейін мәлім болмауынан ескерусіз келген. Шахан атаның кіндігінен тарайтын, жетінші-сегізінші ұрпағы болып келетін бір қыз баланың бойынан ерек қасиеттер байқалып, туыс-бауырлары оны қаратып, жолын ашып беруге әрекеттеніп жүргенде, сол қыз балаға атасы және жатқан жері аян болған екен. Алғашқы белгі берген аянда Гауһар ана мен Арыстан бабтың араларында жатырмын деген. Іздестіре келгенде Темір жолдың жағасындағы қалың бір топ шеңгелдің арасынан табылған.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Құрбанқожа Сансызбай Нызанұлы,

п.ғ.к., профессор.

ШАХАН АТА

Шахан ата қазіргі Жамбыл облысы Жаңатас, Қаратау, Байқадам аталған
төңіректе мекен еткен, ұлы жүздің ішіндегі Ысты тармағының Тілік атасынан
шыққан кісі болған. Бұдан 200-300 жылдай бұрын Жоңғар-қалмақтардың
шапқыншылығы өршіп тұрған бір кездері Сыр бойына қарай ығуға мәжбүр болған
ру-тайпалар қатарында келген болса керек. Жаугершілік кезінде қорғаныс ұрыс
салған қазақ қолдарының батырларының бірі болғанға ұқсайды. Ұрыс майданында
шейіт болып, топырақ осы Түркістанда, ескі Шауғар қаласы, қазіргі Шойтөбе
аталатын жерден тиген. Бүгінде жамбасы жерге тиген жер деп, ескі Шауғар
қаласының үйіндісі Шойтөбенің оңтүстік күнбатыс тұсында 3-4 шақырым жердегі
33-разъезд аталатын темір жол бойындағы жер танылып отыр.
Шахан ата өзі батыр әрі көріпкел болған. Қазірдің өзінде басына зиярат
ете келіп, түнеген базбір кісілерге бес қаруы сай, сауыт киген қалпында
көрініс береді екен. Ел аузындағы әңгімеге сенер болсақ, ниет етіп келген,
бойында құбылысы бар кісілердің үшінші көзі ашылатын көрінеді. Ескі
замандарда қорым болған жер деп көне көз қариялар мал бастырмауға тырысатын
сол тұсқа кейінгі ұрпақтары жуырда сағана көтерген.
Жазылған тарихы болмағандықтан, әрі ұрпақтарына аталарының жатқан жері
бұған дейін мәлім болмауынан ескерусіз келген. Шахан атаның кіндігінен
тарайтын, жетінші-сегізінші ұрпағы болып келетін бір қыз баланың бойынан
ерек қасиеттер байқалып, туыс-бауырлары оны қаратып, жолын ашып беруге
әрекеттеніп жүргенде, сол қыз балаға атасы және жатқан жері аян болған
екен. Алғашқы белгі берген аянда Гауһар ана мен Арыстан бабтың араларында
жатырмын деген. Іздестіре келгенде Темір жолдың жағасындағы қалың бір топ
шеңгелдің арасынан табылған.

Шахан ата

Ата-баба рухын қастерлеп, олардың бейіті басына зиярат жасап барып,
еске алып отыру қазақ халқына, жалпы түркі тілдес халықтарға дәстүр болып
қалыптасқан. Осыған орай тірі күнінде ел қамын жеп, халқына, әулетіне
қамқор болып, шапағаты тиген, жаратылыс болмысы ерек кісілерді әулие санап,
бейітінің басына сағана тұрғызып, күтім жасайтын болған. Атеистік идеология
күштеп ендіріліп, материалистік құндылықтар басым саналатын кеңестік кезең
күйрегелі бері, ата дәстүр қайта жанданып кең қанат жайып келеді. Заман
ағымымен бұндай әрекеттерге қарсы бағытталған тәрбиелік шаралар жасалғанына
қарамастан, халық өз ата дәстүріне қайта оралуда. Ата-бабасын қастер тұту
игі бастама. Халықта өлі риза болмай, тірі байымас деген сөз бар. Қай
қырынан қарастырсақ та, ата-баба рухын сыйлап, тағзым ету жөн-ақ.
Зиярат етуші өзі басына барған әулиенің тарихы мен тірі күнінде
көрсеткен кереметтері мен ерек әрекеттері жөнінен мағлұмат бар, одан
хабардар болмағы керек. Бірақ мұндай мағлұматтар молынан кезіге бермейді.
Бұл жазба деректің аздығы мен халық санасының аңыз-әңгімелерді шектен тыс
әспеттеп, шынайы ақыл-парасатқа сыйымсыз етіп өсірмелеп жіберетін әдетіне
де байланысты. Оның үстіне әулие басында отыратын шырақшылардың өресінің
қашан да талап деңгейінен көріне бермейтінінен де кемшіндік болады. Әулие
басында отырған шырақшының сауатты әрі әңгіме желісін жағымды тарқата білу
қасиетінің болуы зиярат етушінің молынан мағлұмат алуына жол ашады.
Бірақ, кейде ескіліктен әулие деп саналып келген кейбір кісілердің
сағанасының болғаны болмаса, ол жөнінде тарихи құны бар деректердің болмауы
да орын алған. Мұндайда сол маңдағы ескі көз қариялардан сұрастырып, хабары
бар арнайы тарихшы мамандардан кеңес ала отырып, оларды ой таразысына салып
тұжырымдаған дұрыс.
Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл еңбек те осындай жолдармен
жиналған дүние. Деректер біршама топталған соң қағаз бетіне түсіруге ниет
еттік. Жалпы, әулиелердің тарихына қызығушылық пен оларды көп аралағандық
болар, мұндай мағлұматтар қолымызда біршама жинақталып қалған. Бұл ұсынылып
отырған мағлұматтар толық дүние емес болар, бірақ зияратқа келушінің аз да
болса хабардар болуына септігін тигізер деген ойдамыз. Тек өзіміз көріп,
естіген, хабардар болған ақпараттарды арқау етпекпіз. Бағасын оқырманның
өзі берер.
Шахан ата жөніндегі деректерді әңгімелеуді жүйелі болуы үшін үш салалы
тақырыпқа бөліп қарастыруды жөн көрдік. Олар: 1. Шежіресі, 2. Кереметтері,
3. Зиярат жолдары.

Шахан ата шежіресі

Бұл жерде, шежіресін толық жазып отырмаймыз, тек кейбір белгілі
кісілерді атап өтіп, руының келіп шығу тарихына қысқаша тоқталып өтеміз.
Себебі, зияратқа келген кісілердің бәрінің толық шежірені тыңдауға да есте
сақтауға да құлқы бола бермейді. Бірақ, қайдан, қай рудан, арғы аталары
кім, қандай кереметтері бар, әулиелік қасиеті қандай екендігін қысқаша
білер болса жетерлік.
Сонымен, Шахан ата шежіресі былай басталады. Ерте замандарда ұлы жүзде
Бәйдібек деген кісі өткен. Ол кісінің үш әйелі болған. Шахан ата Бәйдібек
бабаның екінші әйелінен бастау алады. Бәйдібек баба Әмір Ақсақ-Темірдің
замандасы, тұстасы болып, аралас-құраластық та жасаған, елге би болған,
Қожа Ахмет Йассауй кесенесінің салынуына Әмір Темірдің өзін және Йассауйдің
аруағын сыйлағандықтан үлкен демеушілік танытқан кезеңінің ірі шонжары,
тұрмысы ауқатты бай болған кісі деген деректер тарихи құжаттарда көптеп
кездеседі. Ал, Бәйдібектің тегі әлем тарихынан ойып орын алған Түркілердің
дәуірлеген тұсында ел билігіне араластығымен тарихқа аты мәлім Майқы биге
барып тіреледі.
Әңгіме арқауы Шақан ата болғандықтан, біз беріректегі Бәйдібек бабадан
шежіре шудасын тарата берсек те жетерлік.
Бәйдібек бабаның бірінші әйелінің есімі Сарықыз (Марау) болған. Содан
болар оны Сары бәйбіше деп атап кеткен. Сары бәйбішеден туылған балалар бір
рулы ел болып Сарыүйсін атанған.
Екінші әйелінің есімі Зереп болған екен. Бізге жеткен бірқатар
деректерде Сыланды деп те аталатынын айтады. Ал, өзге бір деректерге
сүйенсек, бұл Бәйдібек бабаның келінінің есімі деген дәйектер де
келтіріледі. Қалай дегенде де Бәйдібектің екінші әйелі Зерептің болғандығы
рас. Осы Зерептен туған балалары үш рулы елге айналған. Олар: Шапырашты,
Ошақты және Ысты. Бұлар өз алдына бір қауым ел болған.
Енді ең кіші, үшінші әйелінің есімі Нұрила екен. Ол кісінің дене
тұрқына қарай Домалақ ана деп атап кеткен дейді. Кейбір шежіре
деректеріне қарағанда Нұрила Йассауйдің қызы Гауһар ананың ұрқынан болатын
деген сөз де бар. Домалақ ана негізінде Сайид әулетінен тараған, сауатты,
көзі ашық, иманды әрі бойынан ерек қасиеті байқалатын жан болған.
Домалақ анадан Тілеуберді деген бір ұл бала туылған. Бас сүйегінің
жарық болуына байланысты оны кейіннен Жарықшақ атандырып жіберген.
Жарықшақтан үш ұл өрбіген. Олар бүгіндері аттары елге кеңінен танымал Албан
(Абдан), Суан, Дулат. Албан мен Суандар аңыз бойынша өз алдына еншілес
болып, қара шаңырақта қалған Дулаттан жырақ кеткен дейді. Ал, Тарихшылар
деректері бойынша Албан мен Суандар жаугершілікпен басқа елдерге аттанып,
сол елдерге орнығып сіңіп кеткен. Бір бөлегі Алатау бөктерін қоныс етіп
қалған. Олар бүгінгі қазақ арасындағы ұлы жүздің қабырғалы Албан мен Суан
руларын құрап отыр.
Ал, Жарықшақтың үшінші ұлы Дулаттан төрт бала туған. Олардың есімдері
Сиқым, Жаныс, Ботпай, Шымыр. Дулаттардың жауынгерлік ұраны: Бақияр,
Бәйдібек. Тамғасы: Дөңгелек. Дулаттан тараған бұлар қазір бір қауым ел.
Олардың әрқайсысы бір-бір аталық ру болса, ұрпақтары көп болып, ұсақ
руларға жіктеліп өсіп өнген.
Шахан ата жоғарыда аталып өткен, Бәйдібектің екінші әйелі Зерептен
бастау алады. Зереп (бір деректерде елге танылған, тарихта қалған аты
Сыланды еді дейді) ана да өз заманында ел-жұртқа жағымды ибалы әйел болғаны
туралы әңгіме көп.
Домалақ ананың қол саусақтары молақтау болған көрінеді. Содан да оған
өзінің ұзын шашын жуып өріп тарауы қиындық тудыратын болса керек. Міне
осыны байқаған Зереп ана өзінен кейінгі тоқал деп күндестік жасамай,
қамқорлық етіп, жәрдем беріп, ынтымақты болған дейді. Ал, Бәйдібектің үлкен
әйелі, бәйбіше олардың бұл жарастығын жақтырмай, күндестік пен қызғанышқа
бой алдырыпты деген де сөз бар.
Зереп пен Нұриланың бір-біріне деген сыйластығының адал болғаны сонша,
бір жолы риза болған Домалақ ана Сыланды анаға: Етегіңнен ерген үрім-
бұтағың өсіп-өнсін, кеңге қанат жайсын, еш нәрседен кем болма--деп бата
беріпті. Ол кісі шыққан тегі мен өзіне дарыған қасиеті арқасында аузы
дуалы, батасы қабыл, ниеті асыл болған кісі көрінеді. Тағы бір аңызда,
айтқан тілегі мынадай еді дейді: Алға озба, ағараңдап қалма. Мұның
мағынасы; менің алдыма түсіп О дүниелік болма, ұзақ жаса дегені болса,
ұрпағыңның өсіп-өнуі меніңкінен ағараңдап қалмасын—дегені дейді. Осынысы
қабыл болды ма екен, бүгінгі қазақстандағы саны жөнінен ең көп рудың бірі
Дулаттар болса, одан кейінгі орындарда Сыланды ананың ұрпақтары Ыстылар
келеді.
Зереп анамыз туралы тағы бір әңгіме айта кетейік. Зереп анамыз өте
инабатты, ақылды әрі кіршіксіз таза кісі болған көрінеді. Оның үстіне өз
бой күтімін аса ерек ұстанып, сыланып-сипанып жүреді екен. Сонысына қарай,
келіндері енелерін Сыланды ана деп атап кетіпті.
Бәйдібек бабаның екінші әйелі, осы Зерептен Жалмұхамбет (Жәлменбет деп
аталып кеткен) туады. Жәлменбет аса батыр кісі болған екен. Ол кісі де үш
әйел алып, екінші әйелінің аты да Сыланды болған деген сөз бар. Осы
Сыланды ана да Домалақ ана секілді бақ қарап, қыдыр дарыған кісі болыпты
дейді.
Ал енді, жоғарыда айтылғандарды ой елегінен өткерсек, Сыланды есімі
екі кісіге ортақ болып қалған жоқ па? Оның нақты қайсысына тән екендігі
анық емес.
Бірақ, Сыланды есімін арқалаған екі кісі де, енесі де келіні де жәй
адамдар емес. Екеуі де ел ішінде аты қалған, арттарынан бір рулы ел
өрбіген, есімдері есте сақталып келе жатқан қасиетті аналар екені анық.
Жалмұхамбет Жәлменбет батыр мен Сыланды анадан Жауатар деген бала
дүниеге келген. Ол шешесіне ұқсап өте сымбатты, көрікті болыпты. Анасы оның
бесігіне неше түрлі дала гүлдерін қадап қояды. Осы гүлдердің әсерінен
бесігінен үнемі хош иіс шығып тұрар екен. Содан бала Иісті атаныпты.
Уақыт өте келе Иісті сөзі Ысты атауына айналған секілді. Жәлменбет пен
Сыландыдан тараған үрім-бұтақ Ысты аталып кеткен.
Сонымен, Бәйдібек бабаның екінші әйелі Зерептен Жалмұхамбет
(Жәлменбет) туылса, Жәлменбеттен Жауатар туылған. Жауатардың Қоспанбет
(Қосмахамбет) және Доспанбет (Досмаханбет) атты екі ұлы болған. Бұл
екеуінен тараған ұрпақ жалпы Ысты аталып, енші алысқанда малға салған еніне
қарай Қосмаханбет әулеті Ойық, Досмаханбет ұрпағы Тілік атанған.
Бұл екеуінің малға салған ендеріне осыншалық маңыз берілуінің де
себебі болған. Әу баста, әкелері көзімнің тірісінде еншілеріңді бөліп
берейін дегенде, ол екеуі еншісін бірге алып, бір-бірінен еншілерін
бөліспей, малын бірге ұстаған екен. Бірақ, малдары араздыққа себеп болмас
үшін, бір отардағы малды екі жарып, екі түрлі ен салып қойған ғой. Міне,
осы ынтымағы елге танылып, Ойық-Тілік енділер аталып кеткен. Бұл да болса
дана аналарының тәрбиесінің ықпалы болса керек.
Бәйдібек бабаның екінші әйелі Зерептен туған Жәлменбет Жалмұхамбет
батырдың балаларынан жеке-жеке тамғалы үш тайпалы ел тараған. Олар:
Шапырашты--ұраны Қарасай. Тамғасы: Таға. Шапыраштыдан үш бала: Қалды-Ыстық,
Малды-Ыстық, Жолды-Ыстық болып кете ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шахмет Хұсайынов драмалық шығармаларының көркемдік ерекшелігі
Ел баласы - Сыр баласы Шахмардан Есенұлы Есенов туралы сыр
Б.Римованың сахнада алған орны
Көкорайлы көрікті аймақ сақтаған алтын, ертеңі жарқын ырысты елдің тұрағы
ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ТАРИХЫ
Қазақ тарихының білгірі
Бүгінгі жастар тіліндегі бірегейлік
Жолбарыстың биологиялық ерекшеліктері
М.мағауин шығармашылығы
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы
Пәндер