Бүгінгінің дерті – бүйрек



1 Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруының өршу себептері
2 Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің (СБЖ) алғашқы белгілері
3 Аурудың алдын алу
Созылмалы бүйрек қызметінің жетіспеушілігі (Хроническая почечная недостаточность-ХПН) қандай ауру? Гемодиализ дегеніміз не? Созылмалы бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне шалдыққан науқастарға отандық медицина қандай көмек көрсетіп келеді? Елімізде бүйрек ауыстырыла ма? Ауыстырылса мұндай операция қанша тұрады? Науқастың құлан-таза айығуына мүмкіндік бар ма? Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегетіндерді толғандыратын осы сауалдарға осы мақаламыздан жауап іздеп көрелік.
Бүйректің созылмалы ауруы – бүйрек қызметінің төмендеуі. Бүйрек қызметінің нашарлуы дертінің ең соңғы сатысы «созылмалы бүйрек жетіспеушілігі» деп аталады. Оны «бүйрек қызметінің істен шығуы» десе де болады. Бүйрек өте нәзік болғанымен, атқаратын қызметі зор. Адам бүйрегі күн сайын орта есеппен 200 литр қанды сүзгіден өткізеді. Қанды улы заттардан тазартып, ағзадағы артық суларды сыртқа шығарады. Созылмалы бүйрек қызметінің нашарлауы кезінде бүйректің зәр шығару қызметі бұзылып, адам өздігінен кіші дәретке шыға алмайды. Яғни бүйректің сүзгі қызметі істен шығып, улы қалдықтар ағзада қалып қояды. Сөйтіп, ағза уланады. Улы қалдықтардың көбеюі миға, жүрекке, бауырға әсер етеді. Бүйрек сонымен қатар, қан қысымын реттеп, эритроциттерді өндіріп, сүйектерді сырқаттанудан сақтайды. Ал қанның тепе-теңдік қалпын сақтап тұратын бүйрек қызметі төмендеген сайын нефрондар өле бастайды. Қалған нефрондар ауыр жүктемемен жұмыс істеп, зорығады. Олардың 10 пайызы ғана қалса да, ағзадағы су-электролиттік тепе-теңдікті ұстап тұруға қауқарлы. Бірақ бірте-бірте созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруы пайда болады. Бұл адам өмірі мен денсаулығы үшін өте қауіпті.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Бүгінгінің дерті - бүйрек
Созылмалы бүйрек қызметінің жетіспеушілігі (Хроническая почечная недостаточность-ХПН) қандай ауру? Гемодиализ дегеніміз не? Созылмалы бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне шалдыққан науқастарға отандық медицина қандай көмек көрсетіп келеді? Елімізде бүйрек ауыстырыла ма? Ауыстырылса мұндай операция қанша тұрады? Науқастың құлан-таза айығуына мүмкіндік бар ма? Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегетіндерді толғандыратын осы сауалдарға осы мақаламыздан жауап іздеп көрелік.
Бүйректің созылмалы ауруы - бүйрек қызметінің төмендеуі. Бүйрек қызметінің нашарлуы дертінің ең соңғы сатысы созылмалы бүйрек жетіспеушілігі деп аталады. Оны бүйрек қызметінің істен шығуы десе де болады. Бүйрек өте нәзік болғанымен, атқаратын қызметі зор. Адам бүйрегі күн сайын орта есеппен 200 литр қанды сүзгіден өткізеді. Қанды улы заттардан тазартып, ағзадағы артық суларды сыртқа шығарады. Созылмалы бүйрек қызметінің нашарлауы кезінде бүйректің зәр шығару қызметі бұзылып, адам өздігінен кіші дәретке шыға алмайды. Яғни бүйректің сүзгі қызметі істен шығып, улы қалдықтар ағзада қалып қояды. Сөйтіп, ағза уланады. Улы қалдықтардың көбеюі миға, жүрекке, бауырға әсер етеді. Бүйрек сонымен қатар, қан қысымын реттеп, эритроциттерді өндіріп, сүйектерді сырқаттанудан сақтайды. Ал қанның тепе-теңдік қалпын сақтап тұратын бүйрек қызметі төмендеген сайын нефрондар өле бастайды. Қалған нефрондар ауыр жүктемемен жұмыс істеп, зорығады. Олардың 10 пайызы ғана қалса да, ағзадағы су-электролиттік тепе-теңдікті ұстап тұруға қауқарлы. Бірақ бірте-бірте созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруы пайда болады. Бұл адам өмірі мен денсаулығы үшін өте қауіпті.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруының өршу себептері:
* Бүйрек ауруы - созылмалы пиелонефрит, бүйректің қабынуы, сүзгі қызметінің бұзылуы. Ауру түрлі инфекциялардан пайда болады;
* Гломелуронефрит - аллергиядан пайда болады;
* Эндокриндік жүйелер ауруы - қант диабеті, подагра;
* Туа бітті бүйрек аурулары,
* Тұқымқуалайтын бүйрек қабынуы;
* Бүйрек амилоидозы;
* Бүйрек поликистозы;
* Гипертониялық аурулар;
* Дәнекер тін аурулары - геморрагиялық васкулит, жүйелі қызыл жегі; терінің қатаюы;
* Бүйректің қан айналымы қызметін бұзатын буын аурулары;
* Бүйректің зәр шығару қызметін бұзатын аурулар - бүйрек пен зәр тастары аурулары, зәр шығару жолдарының қатерлі ісіктері;
* Уретрит, цистит секілді бүйрек ауруларын дер кезінде емдемеу т.б.
Адамдардың бүйрек ауруларын асқындырып алуына көбіне өздері кінәлі болады, яғни бүйректің болмашы ауруына немқұрайлы қарауынан туындайды. Мәселен, салқын тию, тұмау, ауыр металлдар және алкогольді ішімдіктерден улану да бүйрек ауруына шалдықтырады. Бұндай кезде бүйректің сүзгі қызметі бұзылады. Кейбір адамдар тұмау тигізіп алса, оған жәй тұмау ретінде қарап, дұрыс емделмейді. Ал жай ғана тұмау жедел бүйрек жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің өршуіне жіті инфекциялар (оның ішінде зәр жолдары да бар), аллергиялық жағдай, түрлі дәрі-дәрмектер де әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ созылмалы бүйрек ауруының бірден-бір себепкері - қан қысымы жоғары, яғни гипертониясы бар адамдар. Көпшілік жоғары артериальды қан қысымын сырқат ретінде қабылдамайды. Олар гипертония бүйрек жетіспеушілігінің туындауына ықпал етуші негізгі фактор екенін білмейді. Соның салдарынан соңғы жылдары созылмалы бүйрек ауруына шалдыққандар саны күрт өсіп отыр. Тағы бір айта кетерлігі, бүйректері бала кезден ауыратын адамдар да дер кезінде ем қабылдамаса, арты айықпас дертке айналуы мүмкін. Қант диабеті мен түрлі қан тамырлары ауруларымен ауыратын науқастар да өз денсаулықтарына бей-жай қарамай, дәрігерге қаралып, қан қысымын жиі өлшетіп, жыл сайын ағзасындағы ақуыз бен креатиннің мөлшерін анықтап отырулары тиіс.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің (СБЖ) алғашқы белгілері:
* Қаз аздық(анемия). Эритроциттердің өмір сүру мерзімінің қысқаруы;
* Жүрек-өкпе қызметінің жеткіліксіздігі. Нефрогенді артериялық гипертензия дамиды, жүрек бұлшық еттерінде қабыну процесі жүреді;
* Жүйке жүйесінің бұзылуы. СБЖ бастапқы сатысында адамның ұйқысы бұзылады, басы ауырады, есте сақтау қабілеті, көңіл-күйі нашарлайды, күйзеліске ұшырайды. Ми қызметі кешеуілдейді;
* Ас қорытудың бұзылуы. Бүйрек бөліп шығаратын қызметтерін толық атқара алмағандықтан, ол жұмыстарды асқазан-ішек жолдары өзіне алады. Бұл асқазанның, ішектердің қабынуына, ойық жараның пайда болуына әкеп соқтырады. Адамның жүрегі айнып, құсады;
* Сүйек жүйелерінің зақымдануы. Кальций алмасуының бұзылуы сүйектің беріктігіне нұқсан келтіреді. Нәтижесінде сүйек пен буындар ауырады, сүйектің пішіні өзгереді, сынғыш келеді;
* Иммунитеттің төмендеуі. Иммунитеті төмен адам бактериялық және вирустық инфекцияларды жұқтырғыш келеді;
* Бұдан бөлек дене қозғалысы кезінде шаршап-шалдығу;
* Кешкісін болатын әлсіздік;
* Еріннің жиі құрғауы, сондай-ақ терінің құрғауы;
* Түрі бозғылт тарту;
* Саусақтардың дірілдеуі;
* Биохимиялық зерттеулер кезінде қан құрамында аздаған электролиттердің бұзылуы байқалады,
* Кей жағдайда несепте ақуыз пайда болады;
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі өзгерістерді қалпына келтіру қиын. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері байқаласы салысымен нефролог-дәрігерлерге көрініп, тиісті ем шараларын алу қажет.
Аурудың алдын алу:
* Урологиялық ауруларды емдеу;
* Салқын, суық тигізуге жол бермеу, ауыр көтермеу, денеге салмақ түсірмеу, жүйкені бұзбау;
* Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезінде диета ұстау
* Тағамда ақуызды шектеу (40 -- 60 г);
* Ас тұзын бірден шектеу;
* Ауруды қоздыратын тағамдарды пайдаланбау; спирттік ішімдік пен майлы сорпа, кофе, қою шай, какао ішпеу, кәмбит, шоколад сынды тәтті тағамдарды көп жемеу, түрлі соустар, ащы, тұзды, кептірілген, қақталған, маринадталған тағамдарды тұтынбау.
* Піскен картоп, өрік, кептірілген өрік, қырыққабат шырыны секілді калийге бай диеталық тағамдарды жеу керек.
Емдеу: Емдеу созылмалы бүйрек жетіспеушілігін одан әрі өршіктірмеуге бағытталады. СБЖ-нің неден болғанын анықтап барып емдеу шаралары басталады. Мәселен, гипертензияны, қан аздықты емдеу, диета, иммуниттетті қалпына келтіру тағысын тағылар. Жалпы бүйрек ауруларын алғашқы екі сатысында емдеу нәтижелі болады. Өкінішке орай, көп жағдайда аурудың сырқаты асқынып, ауруханаға түскен кезде ғана анықталады. Дәрігерлер үшінші сатыда дерттің таралуын тоқтатып, сырқаттың өмірін ұзарта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі прозадағы жерлеу ғұрпының бейнеленуі
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)
Біржан сал Қожағұлұлы
Қалаубек Тұрсынқұлов
Нашақорлық – ғасыр дерті
Отбасы-қоғамның рухани институты
Киікот өсімдігі жайлы
Физиологиялық күйзеліс
Лирика. Поэма. Махаббат шапағатының жыры таусылмақ емес
Балалардағы қант диабетінің морфологиялық ерекшеліктері. Мориак синдромы
Пәндер