Педагогикалық технологиялардың дамуы



І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Педагогикалық технологиялардың дамуы
2.2 Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдеиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б.
Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «тенология дегеніміз не?»-деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған үрдістердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама алған жоқ.
Білім беру жүйесі-басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез- келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған үрдістерге ғана қатысты қолданылады. Егер бұл үрдісті оқыту үрдісі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осв салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.
1. Өстеміров К. «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары». А, 2007
2. Кәсіби даму мектебі. Алматы, 2007
3. Құдайбергенева Қ.С. Инновациялық тәжірибе орталығы-педагогикалық технология көзі. Алматы, 2007

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Педагогикалық технологиялардың дамуы
2.2 Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Технология ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдеиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б.
Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор тенология дегеніміз не?-деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған үрдістердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама алған жоқ.
Білім беру жүйесі-басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез- келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, білім беру технологиясы деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған үрдістерге ғана қатысты қолданылады. Егер бұл үрдісті оқыту үрдісі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осв салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.

Педагогикалық технологиялардың дамуы

Технология ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: техне-өнер, шеберлік және логос-білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, технология терминін қаза тіліне өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген технологияның мәнін айқындаймыз.
Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:
1.Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операцилардың, әдістер мен үрдістердің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.
2.Белгілі бір өндірістік үрдісті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.
Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырылады.
Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:
Технология дегеніміз- белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.
Технология дегеніміз - оқу үрдісін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.
Технология дегеніміз- білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің сипаттамасы.
Технология дегеніміз- тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.
ЮНЕСКО-ның бір құжатында педагогикалық технологияға мынандай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз- бүкіл оқу үрдісін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымаөтастығы.
Соңғы жылдары біздер отандық білім беру кеңістігінің барған сайын жаһандана түсу үрдісінің куәгері болып отырмыз. Ал бұл үрдістің, шын мәнісінде, оны орындаушыларды күтпеген тосын жағдайларға тап қылатын өте күрделі үрдісс екендігі дау тудырмаса керек. Оқу орындарының білім беру стандарттары жағдайына көшуі, яғни стандарттау үрдісі өкінішке орай, қажетті әдістемелік дайындықсыз, педагогикалық технологияның рөлі мен қызметін толық түсінбеушілік жағдайында басталды.
Орын алған дәл осындай келеңсіз жағдайдың нәтижесінде кейбір оқытушылар педагогикалық білімдердің дәл осы саласындағы өзгерістерге дайын болмай шықты, сөйтіп олар әдістеме мен технология арасындағы айырмашылықтарды сезіне де алмай қалды. Егер әдістемені көп жағдайларда оқу үрдісін ұйымдастырып және өткізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болсақ, онда педагогикалық технологияның бойынан екі принципиалдық сәтті аңғаруға болады: 1) технология- ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі; 2) технология- ол болашақ оқу үрдісінің жобасы. Демек, педагогикалық технология - бір ретке келтірілген білім беру шараларының жүйесі болып табылады. Біздің ойымызша, оның мүлтіксіз орындалуы белгілі бір жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ете алады. Ал біхдің тақырыбымыздың аясы тұрғысынан қарастырғанда, бұл- мемлекеттік білім беру стандарты болып табылады.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз- ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс шаралар жиынтығы.
Біздің пайымдауымызша, оқу үрдісін жобалаудың технологиялық дәрежеге шығуы және бұл жобаның ойдағыдай орындалуы ұстаздың кәсіби деңгейін одан әрі арттыра түседі, оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, оқытушының оқу үрдісіндегі рөлін күшейтіп, оқытушының шығармашылық жағынан дамуына жаңа мүмкіншіліктер тудырады. Ал бұл оқытушының жаңа рөлі мен қызметі болып табылады.

Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы

АҚШ пен Батыс Европада XX- ғасырдың екінші жартысынан бастап оқу үрдісінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50- жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты білім беру технологиясы термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен педагогикалық технология деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде баспасөз беттерінде және халықаралық конференцияларда кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті техникалық құралдарды қолданумен байланыстырса, екіншісінің көлемінде оқу үрдісінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да оқытудың технологиясы деген термин пайда болды.
60-шы жылдардың аяғы,70-ші жылдардың бас кезінде көптеген елдерде (АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т.б.) оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан оқыту технологиясы терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай кемшілік тәрбиенің технологиясы, дамыту технологиясы, қалыптастыру технологиясы ұғымдарына да тән.
Қазіргі батыстағы педагогикалық әдебиеттерде білім беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың қазіргі технологиялары
Мұғалім және оның педагогикалық процесті ұйымдастырудағы рөлі - копия
Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар
Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру моделін құру
Педагогикалық технологиялардың қызметтері
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері
Оқыту технологиясын жаппай ендіру
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
Пәндер