Төменгі және жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар. Қыналар



1. Саңырауқұлақ патшасы.
2. Саңырауқұлақтардың құрылысы, көбею әдістері.
3. Зикомикоталар бөлімі.
4. Аскомикоталы және қалталы саңырауқұлақтар бөлімі.
5. Базидомикоталы бөлім.
6. Дейтеромикоталы бөлім.
7. Қыналар бөлімі.
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР БӨЛІМІ – MYCOPHYTA
Сыңырауқұлақтардың 100000-дай түрі белгелі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорофилл болмайды. Саңырауқұлақтардың кейбіреулері бірклеткалы, алайда олардың көншілігі көпклеткалы организмдер болып келеді. Қоректену срекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не сапрофиттерге, не паразиттерге жатқызады. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.
Құрылысы. Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий, немесе грибница деп аталынады. Мицелий гифа деп аталынатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменті сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды, сондықтанда олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көлденең перделері арқылы клеткаларға бөлінген болады. Тек аздаған төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозадан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі болады: төменгі сатыдағыларының клетка қыбықшасы пектінді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының – целлюлозаға жақын углеводтардан, және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады. Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналды, крахмал ешуақытта түзілмейді. Гифалары жоғарғы ұшы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі.
Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көп жағдайда матасып жалған ұлпа- плехтенхима түзеді. Одан келешегінде жыныстық спора дамитын жемісті дене түзіледі. Саңырауқұлақтардың суда бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтанда олар тек ылғалды жерлерде өседі.
Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. САпрофитті саңырауқұлақтар клетканың целюлозды қабықшасын және лигнинді бұзатын ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аздаған түрлері ғана жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттері өзіне қажетті қоректік заттарды тірі организмдердің клеткаларынан сорып қабылдайды.
Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астама өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлармен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктерменде селбесін өмір сүруі жиі байқалады. Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың қайыңның, қарағайдың, шыршанаң және емен ағашының түбінде, рыжиктердің қарағайлы және шыршалы ормандарда, подосиновиктердің көк теректің түбінде өсептіндігі белгілі. Бұл жағдайда ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі. Симбиоз түзілуден немесе селбесіп өмір сүруден өсімдіктердің екеуінеде пайдалы жағдай қалыптасады. Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде онда еріген минералды заттарды сорып алады да, оларды ағаштардың тамырларына жеткізеді. Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады. Ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық заттарды алады.
Әдебиет:
Негізгі
1. Әметов Ә. Ботаника. –Алматы -2003 ж.-511 б.
2. Яковлев Г.П., Челомбитько В.А., «Ботаника», //Санкт-Петербург, 3003-647 с.
3. Жуковский. «Ботаника».-М.,; «Колос»-1982г,586с.
4. В.Т. Хржановский «Курс общей ботаники», т.2,М.,ВШ,1982
5. В.Т.Хржановский, С.Ф. Пономаренко «Практикум по общей ботанике»,М.,ВШ,1979.
Қосымша:
1.Рейвн П., Эверт Р., Айкхорн С. «Современная ботаника»,М., Мир,1990.
2. Бавтуто Г.А., Еремин В.М. Практикум по анатомии и морфологии растений //Минск: ООО «Новое знание», 2002-464 с.
3. Бавтуто Г.А., Еремин В.М., Жигар М.П. Атлас по анатомии растений //Минск. Ураджай, 2001 -306 с.
4. Болотина А. Словарь лекарственных растений (латинский, английский, немецкий, русский) //М.,Руссо, 2004-384 с.
5. Дербуш С.Н. Основные черты строения и жизнедеятельности растительных клеток //Учебное пособие. –Караганды, 2005. – 61 с.
6. Еленевский А.Г., Соловьева М.П., Тихомиров В.И. Ботаника. Систематика высших, или наземных растений //М.: Асаdema, 2001. – 429 с.
7. Рахимов К.Д. Русско-казахско-латинский словарь растений, используемых в медицине и биологии //Алматы, 2003. – 172 с.
8. Сергиевская Е. Систематика высших растений /парктический курс. –Санкт-Петербург, 2002.-447 с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Төменгі және Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар. Қыналар.
Мақсаты: саңырауқұлақтарды және қыналарды оқу. Олардың құрылысы және көбею
әдістерінің ерекшелікиері.
Дәріс жоспары:
1. Саңырауқұлақ патшасы.
2. Саңырауқұлақтардың құрылысы, көбею әдістері.
3. Зикомикоталар бөлімі.
4. Аскомикоталы және қалталы саңырауқұлақтар бөлімі.
5. Базидомикоталы бөлім.
6. Дейтеромикоталы бөлім.
7. Қыналар бөлімі.

Дәріс тезистері

САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР БӨЛІМІ – MYCOPHYTA
Сыңырауқұлақтардың 100000-дай түрі белгелі. Бірқатар белгілері
бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында
хлорофилл болмайды. Саңырауқұлақтардың кейбіреулері бірклеткалы, алайда
олардың көншілігі көпклеткалы организмдер болып келеді. Қоректену
срекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не сапрофиттерге, не паразиттерге
жатқызады. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен
қоректенеді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде
өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып
қоректенеді.
Құрылысы. Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий, немесе грибница деп
аталынады. Мицелий гифа деп аталынатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден
тұрады. Төменті сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер
болмайды, сондықтанда олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал
жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көлденең перделері арқылы
клеткаларға бөлінген болады. Тек аздаған төменгі сатыдағы
саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозадан тұрады. Саңырауқұлақтардың
көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі болады: төменгі
сатыдағыларының клетка қыбықшасы пектінді заттардан, ал жоғарғы
сатыдағыларының – целлюлозаға жақын углеводтардан, және насекомдардың
хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында
протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады.
Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналды, крахмал ешуақытта
түзілмейді. Гифалары жоғарғы ұшы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте
тез өседі.
Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көп жағдайда матасып
жалған ұлпа- плехтенхима түзеді. Одан келешегінде жыныстық спора дамитын
жемісті дене түзіледі. Саңырауқұлақтардың суда бойына өткізетін және оны
буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтанда олар тек ылғалды
жерлерде өседі.
Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың
көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін
сапрофиттер. САпрофитті саңырауқұлақтар клетканың целюлозды қабықшасын және
лигнинді бұзатын ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аздаған түрлері ғана
жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттері өзіне қажетті қоректік
заттарды тірі организмдердің клеткаларынан сорып қабылдайды.
Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астама өсімдіктерде паразит ретінде
кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлармен адамдардың паразиттері.
Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал
екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың
балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктерменде селбесін өмір
сүруі жиі байқалады. Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал
бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың қайыңның, қарағайдың, шыршанаң және емен
ағашының түбінде, рыжиктердің қарағайлы және шыршалы ормандарда,
подосиновиктердің көк теректің түбінде өсептіндігі белгілі. Бұл жағдайда
ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз
байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі. Симбиоз түзілуден немесе
селбесіп өмір сүруден өсімдіктердің екеуінеде пайдалы жағдай қалыптасады.
Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде онда еріген минералды
заттарды сорып алады да, оларды ағаштардың тамырларына жеткізеді. Сонымен
мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады. Ал ағаштардың тамырларынан
мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық
заттарды алады.
Қалпақты санңырауқұлақтар жасыл түсті гүлді өсімдіктермен балдырларға
қарағанда басқаша қоректенеді. Саңырауқұлақтардың клеткаларында хлорофилл
болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді.
Саңырауқұлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Бұл жағдайда
саңырауқұлақтардың мицелийлері органикалық заттардың бір бөлігін сумен
бірге және ылғалды қарашірінділерге бай орманда жерлердің топырағынан
минералды заттармен бірге сорын қабылдайды, ал екінші бөлігін өздері өсін
тұрған жердегі ағаштардың тамырларынан алады. Симбиоз процесінің
нәтижесінде жаңа организмдер пайда болады. Мысалы, қыналар, микориза.
Көбеюі. Саңырауқұлақтарда жыныс процесі редукцияға ұшыраған, соған
байланысты оларда вегетативті және жыныссыз көбеюдің түрлері ерекше көп.
Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктерді арқылы; артра
споралары (оидийлері) арқылы – клетка қабықшалары жұқа болып келетін
гифаның оқшауланған бөлігі; хламидос – поралары арқылы – қабықшалары қалық
болып келетің клеткаларға ыдырайтын гифалар; бүршіктенуі арқылы-
гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы
арқылы көбею.
Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады:
зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетің
спорангиоспоралары; ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтижесінде экзогенді
жолмен пайда болатын конидийлері арқылы.
Кейбір саңырауқұлақтардың өмірлік циклында жыныссыз споралардың
түзілуінің бірнеше формалары кездеседі.
Жыныстық қөбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды жыныстық көбеюдің
бірнеше формалары болады: изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота
барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан откізеді, содан соң
өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар
қысқаша гифа береді. Өсер алдында зигота мейоз жолымен бөлінеді. Көптеген
төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірі гаплоидты фазада (n) өтеді, тек
зигота ғана диплоидты болады (2n).
Жоғары дәрежелі саңырауқұлақтардың жыныстық процесінің формасы ерекше болып
келеді: гаметангиями – сырт құрылыстары әртүрлі болып келетін жыныс
органдарының ішіндегі гамсталарға бөлінбеген заттарының қосылуы;
самотогамия – вегетативті гифаның екі клеткасының қосылуы; сперматизация -
аналық жыныс органың қозғалмайтың клеткаларымен (спермациямен) ұрықтануы.
Ядролар әдетте бірден қосылмайды. Қарамақарсы жыныстық белгілері бар
ядролары алдымен қосарланың жақындасып дикариондар түзіледі. Дикариондардың
саны оларды түзетін ядролардың синхронды бөлінуінің нәтижесінде көбейе
түседі. Біраз уақыттар өткеннен соң дикарионның ядролары қосылады да
диплоидты ядро түзеді. Енді диплоидты ядро мейоз жолымен бөлінеді де,
гаплоидты ядролар береді. Олардың әрқайсысы жыныстық көбею спораларының
ядросына айналады. Сонымен жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік
циклында үштүрлі ядрлық фаза алмасып келіп отырады: гаплолидты,
дикарионды және диплоидты. Оның ішінді диплоидты фаза өте қысқа болады, ал
өмірлік циклдың негізгі бөлігі гаплоидты және дикарионды фазаларда өтеді.
Жыныстық көбею сплораларының екі типі бар: 1) аскаспоралар, эндогендік
жолмен ерекше клеткаларда – қалталардың ішінде пайда болады. Бұл әдетте
дикарионның ядролары қосылғаннан кейін жүретін мейоз және митоз процестері
арқылы іске асады. Жыныстық көбею спорасының екіншісі – базидиоспоралар,
олар экзогендік жолмен, көп жағдайда төртеуден ерекше клеткалардың ұшында
пайда болады. Бұл да дикарионның ядролары қосылғаннаң кейін жүретін мейоз
процесі арқылы іске асады. Саңырауқұлақтарда жыныстық споралардың түзілуі
әдетте олардың өмірлік циклының аяқталуын көрсетеді.
Сонымен, қоректену ерекшелігіне байланысты пластидтерінің болмауы,
гифаларының қабықшаларында хитиннің болуы, артық қор заттары ретінде
гилкогеннің жиналуы саңырауқұлақтарды жануарларға жақындастырады. Ал шексіз
өсуі, қоректік заттарды сору арқылы қабылдауы оларды өсімдіктерге
жақындастырады. Өсімдіктер мен жануарлардан саңырауқұлақтар гифалардан
тұратын вегетативтік денесі арқылық фазалардан басқа үшінші – дикарионды
фазасының болуымен айқын ажыратылады.
ЗИГОМИЦЕТЕР КЛАСЫ – ZYGOMICETES
Зигомицеттерге 400-дей түр жатады. Олардың мицелилері біртұтас,
перделерге бөлінбеген болып келеді. Гифаларының қабықшаларында хитин
Болады. Жыныссыз көбеюі спорангиоспоралары немесе конидийлері арқылы жүзеге
асады. Споралар ылғалды субстратқа түсіп, өсіп жаңа гифалар береді.
Жыныстық жолмен сирек көбейеді. Ол тек физиологиялық жағынан бір-бірінен
айқын айырмашылықтары болатын екі мициелий (гетеротальды) қатар өскен
жағыдайда ғана жүзеге асады. Бұл жағыдайда мицелийдің гифалары бір-біріне
қарама-қарсы бағытта өседі де, ұштары жуандап түйіседі. Алайда олардың
арасын көлденең перделер бөліп тұрады. Гифалардың түйіскен жерлеріндегі
клетка қабықшалары еріп, олардың ішіндегі зқаттарыда, ядроларды қосылады.
Пайда болған зигота қара түсті қалың қабықшамен қапталады да біраз уақыт
тыныштық кезеңін басынан өткізеді. Содан соң зигота мейоз жолымен бөлінеді
де өседі. Одан ұрықтық гифалар пйда болады. Осындай гифалардың үстіңде
спорангилер жетіледі, ал олардың ішінде көптеген гаплоидты споралар дамиды.
Қолайсыз жағдайларда гифалар бірнеше бөліктерге бөлінеді, оларды
оидии деп атайды. Оидии қалың қабықшамен қапталадыда келешегінде
хламидоспораларға айналады. Қолайлы жағдай туысымен хламидоспоралар өсіп
мицелийге айналады.

ҚАЛТАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР НЕМЕСЕ АСКОМИЦЕТТЕР КЛАСЫ – ASCOMYCETES
Қалталы саңырауқұлақтарға 30 мыңдай түр жатады. Олардың мицелийлері
субстратқа еніп жататын, бірнеше бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады.
Субстраттың бетінде тек жыныстық көбею органдары орналасады. Қалталы
саңырауқұлақтардың түрлерінің дені (көпшілігі) сапрофиттер. Олар негізінен
топырақты мекендейді де, өсімдіктердің шірінділерімен және тағамдардың
қалдықтарымен қоректенеді. Сонымен бірге бұлардың бірқатары өсімдіктердің,
сиректеу жануарлардың және адамның паразиттері болып келеді. Кейбіреулері
өмірлік циклін паразит ретінде бастап, сапрофит ретінде аяқтайды.
Көбеюі. Жыныссыз көбеюі книдиялары арқылы жүзеге асады. Жыныстық
көбеюі қарапайым түрлерінде мицелидің екі жіпшесінің бірігіп кетуі арқылы
жүреді. Зигота жыныстық кезеңін басынан өткізбей – ақ, оның диплоидты
ядросы бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесінде
сегіз гаплоидты аскаспора пайда болады. Жоғары деңгейде жетлген қалталы
саңырауқұлақтарда жыныстық көбею органдары болады: аналық жыныс органы –
архикарп және аталық – жыныс органы – антеридий деп аталады. Архикарп екі
клеткадан тұрады: төменгі бүйірленген – аскогеннен және жоғарғы цилиндр
тәрізді – трихогинадан. Антеридий – бірғана цилиндр тәрізді клеткадан
тұрады. Осы екі органда әдетте көп ядролы болып келеді. Антеридий
трихогинаның үстіңгі ұшына жақын орналасады, оның ішіндегі заттары
архикарпқа құйылады, нәтижесінде екі жыныс клеткасының цитоплазмалары
қосылады. Бірақта шығу тегі әртүрлі болып келетін ядролары аскогендік
(аналық) және антеридиалық (аталық) қосылмайды, олар екеу-екеуден
жақындасып дикариондар түзеді. Осы жағыдайдан соң аскогеннен тарамдалған
аскогендік гифалар кетеді. Олардың ішіне дикариондар өтеді де бөліну арқылы
көбейеді. Әрбір аскогендік гифаның ішінде бір ғана дикарион болады.
Жыныстық процестің аяқталу кезеңінде аскогендік гифаның ұшы жағындағы
бөлігінде дикариондардың ядролары қосылады да зигота түзіледі. Зигота
бірден мейоз жолымен содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесінде сегіз
(кейде төрт) гаплоидты клеткалар – аскаспоралар пайда болады. Аскогендік
гифалардың ұш жағындағы аскаспоралары бар бөліктері кеңейіп өсіп аскаларға
немесе қалталарға айналады. Сонымен жоғарғы деңгейде жетілген қалталы
саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі фаза (кезең) алмасып келіп
отырады: гиплоидты (циклдың көптеген бөлігі), дикарионды және өте қысқа
диплоидты. Қалталардың арасында барлық уақытта жыныссыз гифалар –
парафиздер болады. Олар қалталарды бір-бірінен бөліп тұру үшін қажет,
сонымен бірге аскоспоралардың шашылуында қамтамасыз етуі мүмкін. Аскалар
мен (қалталар) парафиздер гимениалды қабатты немесе гименийді түзеді.
Аскомицеттердің гименалды қабаты жалған ткань-плектенхимадан тұратын
жемісті денелерінде орналасады.
Құрылысы қарапайым болып келетін қалталы саңырауқұлақтарда жемісті
дене түзілмейді, қалта бұларда аскогендік гифалардан тұратын мицелидің кез-
келген жерінен пайда болады.
Жемісті денесінің болуына немесе болмауына және олардың түзілу
ерекшелігіне қарай қалталы саңырауқұлақтар (аскомицеттер) үш кластармағына
бөлінеді: гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер, локулоаскомицеттер.
Гемиаскомицеттер класс тармағы – Hemiascomycetidae
Бұл кластармағының өкілдерінің жемісті денесімен гимениалды қабаты
болмайды. Қалталары мицелийдің аскогендік гифаларында немесе жекелеген
маманданбаған клеткаларында жетіледі. Кластармағының кең таралған және ең
маңызды өкілдерінің бірі ашытқы саңырауқұлағы (Saccharomyces cerevisiae).
Бұл түр мәдени жағдайда ғана белгілі сыра ашытуға, нан пісіруге және спирт
алу үшін қолданылады.
Табиғи жағдайда кездесетін түріне шарап ашытқысы (S. Ellipsoideus)
жатады. Ашытқы саңырауқұлағының бұл түрі спирттік ашу туғызады, нәтижесінде
глюкоза шараптық спиртке айналады және көмір қышқыл газы бөлініп шығады.
Сондықтанда оны шарап ашыту үшін пайдаланылады. Ашытқы саңырауқұлағының
талломасы бір клеткалы болып келеді. Вегетативтік көбеюі бүршіктену арқылы
жүзеге асады. Қолайлы жағдайда оның тез жүретіндігі сонша тіптен бір-
бірінен клеткалар ажырап үлгермейді. Бір тәуліктің ішінде мұндай клеткадан
миллиондаған ұрпақ пайда болады. Жыныстық көбеюі қолайсыз жағдайда ғана
жүзеге асады. Бұл жағдайда ядро мейоз арқылы бөлінедіде, клетка төрт
гаплоидты аскаспорасы бар қалтаға айналады. Аскаспоралары біраз ауқыттар
бойы бүршіктену арқылы көбейеді, содан соң екеу-екеуден жұптасып бірігіп
диплоидты клеткаға айналады. Мұндай диплоидты клеткалар ұзақ уақыттар бойы
бүршіктену арқылы көбейеді.
Эуаскомицеттер класс тармағы – Euascomycetidae
Ең үлкен класс тармағы. Негізгі белгісі – жемісті денемен гименальды
қабат түзуінде. Жемісті дененің үш түрі бар.
1.Клейстотеций – тұйықталған, шар тәрізді жемістідене, қалта оның
ішінде көбіне ретсіз орналасады. Қалта жемісті дененің қабықшасының
жыртылуының нәтижесінде сыртқа босап шығады.
2.Перитеций – құмыра тәрізді жоғарғы жағында тар тесігі бар жартылай
тұйықталған жемісті дене, оның түбінде гименальды қабаты болады. Қалта осы
қабатта шоқталып орналасады. Спора піскен кезде жемісті денесінің түбінен
қалта көтеріліп, құмыраның мойнына келіп ашылып, аскаспораларын шашады. Бос
қалта жемісті денесінің түбіне қайта түседі де, оның орнын жаңа қалта
басады.
3.Апотеций – ашық, көбіне табақша тәрізді жемісті дене, гименальды
қабат оның үстінгі жағында орналасады. Қалта осы қабатта жеміссіз жіпше –
парафиздермен кезектесіп орналасады.
Кең таралған өкілдеріне пеницилл, қастауыш, сморчок т.б. жатады.

Пеницилл (Penicillium) туысы бүлінген тағамдарда, су тиіп ылғалданған
нанда, көкөністерде (овощах) әседі. Пенициллдің гифалары бірнеше бөліктерге
бөлініп тарамдалған жіпшелерден тұрады, олардың әрқайсысының ішнде бір-
бірден ядросы болады. Жыныссыз көбеюі конидийлері арқылы жүзеге асады.
Конидия сағағы көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып
келеді. Олардың жоғары ұшы кисточка тәрізді болып тарамдалған болады.
Сағақтың стеригм деп аталатын бұтақшасынан конидийдің тізбегі кетіп жатады.
Жаңа пайда болған конидийлері тізбектің түп жағында, ал бұрын пайда
болғандары (пісіп-жетілгендері) – оның ұш жағында орналасады. Бөлініп
шыққан конидийлері ауаның ағынымен өсуге қолайлы жерге барып түседі де жаңа
мицелй түзеді. Пеницилл жыныстық жолмен өте сирек көбейеді. Жемісті денесі
клейстотеций.

Бұл саңырауқұлақты пеницилин антибиотигін және сырлардың кейбір
түрлерін алу мақсатында арнайы өсіреді. Пенициллин көптеген ауру туғызатын
бактериялардың тіршілігін тежейді немесе оларды жояды. Мысалы өкпеге,
ортаңғы құлаққа, тамаққа суық тигенде және басқада ауруларға оны жиі
пайдаланады.

Қастауын (Claviceps purpurea) – қарабидайдың және көптеген астық
тұқымдастардың паразиті. Осы өсімдіктердің масақтарында дәннің орнына
бірнеше мицелийлердің тығыз өрімделуінен құралған, (плехтенхимадан тұратын)
қарауытқан қызғылт түсті қастауыштың склероцийлері (мүйізшесі) пайда
болады. Оның шет жағындағы гифаларының қабықшалары қалың түсі қара-қошқыл
болып келеді. Орталық бөлігіндегі гифаларының қабықшалары керісінше жұқа
және олардың ішінде артық қор заттары (май тамшылары және гликоген)
жиналады. Склероцийлері топырақта қыстап шығады да, астық тұқымдастары
(қарабидай) гүлдей бастаған кезде өседі. Олардың үстінде жіңішке ұзын
сағақтың басында шорланып шоқпарланған стромалар пайда болады. Строманың
бетінде, үстінде арнайы тесіктері бар бүртіктер (перитецийлер) қалыптасады.
Перитецийлердің ішінде ұзынша лента тәрізді қалталар пайда болады, ал әрбір
қалтада сегізден жіңішке аскаспоралар жетіледі. Пісіп жетілген аскаспоралар
сыртқа шашылып қарабидайдың гүлден тұрған масағына түседі де өседі. Олардан
гүл түйінінде мицелий пайда болады. Осы мицелийлерден конидийлер бөлініп
шығады, ал оларды насекомдар (құрт-құмырсқалар) бір масақтан екінші масаққа
тасиды. Саңырауқұлақтың мицелийі масақтың үстіне тәтті шырындар бөліп
шығарады, сол себептенде оған насекомдар үйір келеді. Конидий өсе келе гүл
түйініне өтіп мицелий түзеді. Мицелийлер күзге қарай қатайып жаңа
склероцийға айеалады. Склероцийдің үстінде өз тіршілігін тоқтатқан гүл
түйінімен аналықтың мойны қалып қояды. Ал склероцийдің бойына артық қор
заттарымен улы зат – эрготин жиналады.

Сморчок теопекшесі (Verpa bohemica) – сапрофит ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері
Қыналар
Қыналардың көбеюі. Қазақстанда таралуы, экологиясы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер пәні бойынша электрондық оқытуды қолдану жолдары
Төменгі сатыдағы өсімдіктер туралы
Саңырауқұлақтардың морфологиясы
Саңырауқұлақтар бөлімі-mycophyta
Қарапайым өсімдіктер тобының топырақ қасиеттеріне әсері
Қыналар – төменгі сатыдағы ерекше құрылысты организмдер тобы
Төменгi сатыдығы өсiмдiктер
Пәндер