№1 Поликлиника негізінде медициналық құжат ауысуының ақпараттық жүйесін құру



КІРІСПЕ 3
1 ІС.ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУДІ АВТОМАТИЗАЦИЯЛАУ 5
1.1 Құжаталмасуды ұйымдастыру 7
1.1.1 Архивтер 8
1.2 Құжаталмасу мен іс.қағаз жүргізуді автоматизациялау кезіндегі негізгі проблемалар
1.2.1 Ақпараттанғандық проблемасы 8
1.2.2 Ұйымдастыру мәселелері 9
1.2.3 Психологиялық проблемалар 10
1.2.4 Кадрлар мәселесі 12
1.3 Өңдеуге арналған ұсыныстар 12
2 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕДЕ ІС.ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. БАСҚАРУ КОНЦЕПЦИЯСЫ 14
3 ЕМХАНАНЫҢ ІСКЕРЛІК ПРОЦЕСТЕРІН АВТОМАТИЗАЦИЯЛАУ МОДЕЛІН ЖАСАУ 18
3.1 Емхана және оның құрылымы 18
3.2 Емхананың емдік қызметінің функционалды моделі 19
3.3 Емхананың іскерлік процестерін автоматизациялау тұжырымдамасының теориялық дәлелделуі 21
4 ІС.ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ ПРОЦЕСІН АВТОМАТИЗАЦИЯЛАУ МОДЕЛІН ЖАСАУ 23
4.1 Жүйелерді жасаудың мақсаты мен міндеттері
4.2 Инфологиялық ақпараттық моделді жобалау 23
4.3 Логикалық жобалау 28
4.4 Инфологифлық модельді логикалыққа бейнелеу
4.5 Нақты бір МҚБЖ.сін таңдау 35
5. МӘЛІМЕТ ҚОРЫ ҚҰРЫЛЫМЫН ЖАСАУ 36
5.1 Қамтамасыз етуші бөлім 36
5.1.1 Ақпараттық қамтамасыз ету 36
5.1.2 Программалық қамтамасыз ету 36
5.1.3 Техникалық қамтамасыз ету 37
5.1.4. Технологиялық қамтамасыз ету 37
6 ПРОГРАММАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 38
7 ТӘЖІРИБЕЛІК ЕСЕПТЕУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІ 62
7.1 Клиникалық тиімділік механизмдері 62
7.2 Экономикалық тиімділік механизмдері 62
7.3 Ұйымдық.психологиялық әсерлер 63
8 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК ПЕН ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
ҚОСЫМШАЛАР
Бұл жұмыстың өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері келесі жағдайлармен анықталады. Құжаттарды ұйымдастыру мен олармен жұмыс істеу ақпаратты әр түрлі тасмалдағыштарға жазу мен басқару қызметін іске асыру үшін белгіленген ережелер бойынша безендіруге қатысты барлық процесстерді қамтиды. Іс-қағаздар табиғи тілдерді (қолжазба, машинада терілген, оның ішінде телеграммалар, телефонограммалар, машинаграммалар) және жаңа тасымалдағыштарды қолдана отырып жасанды тілдерде жүргізіледі (перфокарталар, перфоленталар, магниттік ленталар, карталар, дискеталар және т.б.). Мен өз жұмысымда компьютерлік техниканы қолдануды қарастырамын, яғни іс жүргізуді автоматизациялауды.
Құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру – кішігірім кәсіпорыннан бастап федералдық ведомстваға немесе ірі корпорацияға дейінгі кез келген мекемедегі басқарудың алғаш талап ететін міндеттері.
Кез келген кәсіпорынның қызметі қолданыстағы заңмен, басқарманың бұйрықтары мен жарлықтарымен, жасалынып жатқан келісім-шарттардың шарттарымен, қандай да бір операцияны (мысалы, сауда) жүргізудің белгіленген ережелерімен және тағы да басқамен реттелініп отырады. Осыдан шығатыны, кез келген кәсіпорынның қызметі құжаттарды бірізді орындауға негізделеді, ал олардың сәтті орындалуы кәсіпорынның жағдайын анықтайды.
Құжаттың сәтті орындалуы көп жағдайда келесіден тәуелді.
Біріншіден, ақпараттың құжатта дұрыс безендірілуі, орналасуы және құжаттағы ақпарат қаншалықты түсінікті берілгендігінен тәуелді. Мысалы, бұйрық мәтіні майда шрифтпен терілген болса, бұйрық пункттары бір бірінен бөлініп тұрмаған болса, атқарушылар фамилиялары басқа топқа бөлінбеген болса бұйрықтың кейбір жерлері еленбей де қалуы мүмкін. Сол себепті іс-қағаз жүргізуді дайындаудың, құрастырудың, безендірудің және оны жасаудың бірнеше стандартты ережелері бар.
Екіншіден, құжаттың дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету керек, яғни құжат тез арада орындаушыға (немесе орындаушыдан орындаушыға) берілетіндей етіп, құжаттың белгіленген мезетінде орындалуына ынталандыру болатындай етіп жұмысты ұйымдастыру керек. Қазақстанда көптеген ғасырлар бойынан бүгінге дейін мұндай ынталандырудың бірі орындауды бақылау болып келеді. Сонымен қатар, бақылау міндеті құжаттың орындалуына тікелей қатысы жоқ және құжаттың орындалуына қатысты білім немесе өндіріс саласын мүлдем білмейтін қызметкерге жүктелуі де мүмкін.
Кітаптар мен монографиялар:
1. Технико-экономическое обоснование дипломных проектов: учебное пособие для ВУЗов. - Л.А. Астреина, В.В. Балдесов и др.; под ред. В.К. Беклешова – М.: Высшая шк. , 1991.
2. Обоснование экономической эффективности дипломной работы: методические указания для студентов специальности «Информационные системы в бизнесе». - Екеева З.Ж. 1997.
3. Дориченко В.Н. От каждого по способностям (Новые подходы к проверке знаний). - Открытая школа 1997.
4. Архарова Э.П., Божко В.П., Гладкая Э.Ф., Гусева Н.К., Лихачева Г.Н. Организация решения задач в АСИС. – М.: МЭСИ, 1990г.
5. Андреева В. И. Делопроизводство. Практическое пособие. - М., 1998.
6. Васильев Д.В. Делопроизводство на компьютере. - М., 1997.
7. Герасименко В.А. Защита информации в автоматизированных системах обработки данных. - М., 1994.
8. Информационные технологии и автоматизация в архивном деле: аналитический обзор по зарубежным материалам. - М., 1994.
9. Кузнецов С.Л. Компьютеризация делопроизводства (компьютерные технологии в делопроизводстве). - М., 1997.
10. Новиков А.В. Проблемы оптимизации деятельности контрольных структур органов государственной власти. - М., 1998.
11. ПавлюкЛ.В., Воробьев Н.И. Справочник по делопроизводству и основам работы на компьютере. - М.; СПб., 1997.
12. Печникова Т.В., Печникова А.В. Документационное обеспечение деятельности организации. м., 1998.
13. Справочник по делопроизводству и основам работы на компьютере. - М.; СПб, 1997.
14. Брябрин В.М. Программное обеспечение персональных компьютеров. – М.: “Наука”, 1988 г.
15. Четыркин Е.М. Методы финансовых и коммерческих расчетов. – М.: «Дело ЛТД»б 1995 г.
16. Экономика, разработка и использование программного обеспечения ЭВМ. М.: «Финансы и статистика», 1995 г.
17. Кустов В.Н. Производственное освещение. – Алматы: “Казахстан”, 1982 г.
18. Корнев В.А. “Техническое задание по внедрению ПО в ДЗ Г. АЛМАТЫ”

Интернет-сілтемелер:
19. Богданов А.Б Автоматизированное рабочое место врача ИИС http://ArmIis.ru

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Механика-математика факультеті

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Бітіру жұмысы

№1 Поликлиника негізінде медициналық құжат ауысуының ақпараттық жүйесін
құру

Орындаған 4 курс студенті
Кулманов Б.Б.

Ғылыми жетекші
Алимжанова Л.М.
(қолы, күні)

Норма бақылаушы
Жуманбаева А.М.
(қолы, күні)

Кафедра меңгерушісінің _______________________ Төкеев У.А.
рұқсатымен қорғауға жіберілді (қолы, күні)

Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУДІ АВТОМАТИЗАЦИЯЛАУ 5
1.1 Құжаталмасуды ұйымдастыру 7
1.1.1 Архивтер 8
1.2 Құжаталмасу мен іс-қағаз жүргізуді автоматизациялау кезіндегі негізгі
проблемалар 8
1.2.1 Ақпараттанғандық проблемасы 8
1.2.2 Ұйымдастыру мәселелері 9
1.2.3 Психологиялық проблемалар 10
1.2.4 Кадрлар мәселесі 12
1.3 Өңдеуге арналған ұсыныстар 12
2 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. БАСҚАРУ
КОНЦЕПЦИЯСЫ 14
3 ЕМХАНАНЫҢ ІСКЕРЛІК ПРОЦЕСТЕРІН АВТОМАТИЗАЦИЯЛАУ МОДЕЛІН ЖАСАУ 18
3.1 Емхана және оның құрылымы 18
3.2 Емхананың емдік қызметінің функционалды моделі 19
3.3 Емхананың іскерлік процестерін автоматизациялау тұжырымдамасының
теориялық дәлелделуі 21
4 ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ ПРОЦЕСІН АВТОМАТИЗАЦИЯЛАУ МОДЕЛІН ЖАСАУ 23
4.1 Жүйелерді жасаудың мақсаты мен міндеттері 23
4.2 Инфологиялық ақпараттық моделді жобалау 23
4.3 Логикалық жобалау 28
4.4 Инфологифлық модельді логикалыққа бейнелеу 28
4.5 Нақты бір МҚБЖ-сін таңдау 35
5. МӘЛІМЕТ ҚОРЫ ҚҰРЫЛЫМЫН ЖАСАУ 36
5.1 Қамтамасыз етуші бөлім 36
5.1.1 Ақпараттық қамтамасыз ету 36
5.1.2 Программалық қамтамасыз ету 36
5.1.3 Техникалық қамтамасыз ету 37
5.1.4. Технологиялық қамтамасыз ету 37
6 ПРОГРАММАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 38
7 ТӘЖІРИБЕЛІК ЕСЕПТЕУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІ 62
7.1 Клиникалық тиімділік механизмдері 62
7.2 Экономикалық тиімділік механизмдері 62
7.3 Ұйымдық-психологиялық әсерлер 63
8 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК ПЕН ҚОРЫТЫНДЫ 64
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Бұл жұмыстың өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері келесі
жағдайлармен анықталады. Құжаттарды ұйымдастыру мен олармен жұмыс істеу
ақпаратты әр түрлі тасмалдағыштарға жазу мен басқару қызметін іске асыру
үшін белгіленген ережелер бойынша безендіруге қатысты барлық процесстерді
қамтиды. Іс-қағаздар табиғи тілдерді (қолжазба, машинада терілген, оның
ішінде телеграммалар, телефонограммалар, машинаграммалар) және жаңа
тасымалдағыштарды қолдана отырып жасанды тілдерде жүргізіледі
(перфокарталар, перфоленталар, магниттік ленталар, карталар, дискеталар
және т.б.). Мен өз жұмысымда компьютерлік техниканы қолдануды қарастырамын,
яғни іс жүргізуді автоматизациялауды.
Құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру – кішігірім кәсіпорыннан бастап
федералдық ведомстваға немесе ірі корпорацияға дейінгі кез келген
мекемедегі басқарудың алғаш талап ететін міндеттері.
Кез келген кәсіпорынның қызметі қолданыстағы заңмен, басқарманың
бұйрықтары мен жарлықтарымен, жасалынып жатқан келісім-шарттардың
шарттарымен, қандай да бір операцияны (мысалы, сауда) жүргізудің
белгіленген ережелерімен және тағы да басқамен реттелініп отырады. Осыдан
шығатыны, кез келген кәсіпорынның қызметі құжаттарды бірізді орындауға
негізделеді, ал олардың сәтті орындалуы кәсіпорынның жағдайын анықтайды.
Құжаттың сәтті орындалуы көп жағдайда келесіден тәуелді.
Біріншіден, ақпараттың құжатта дұрыс безендірілуі, орналасуы және
құжаттағы ақпарат қаншалықты түсінікті берілгендігінен тәуелді. Мысалы,
бұйрық мәтіні майда шрифтпен терілген болса, бұйрық пункттары бір бірінен
бөлініп тұрмаған болса, атқарушылар фамилиялары басқа топқа бөлінбеген
болса бұйрықтың кейбір жерлері еленбей де қалуы мүмкін. Сол себепті іс-
қағаз жүргізуді дайындаудың, құрастырудың, безендірудің және оны жасаудың
бірнеше стандартты ережелері бар.
Екіншіден, құжаттың дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету керек, яғни
құжат тез арада орындаушыға (немесе орындаушыдан орындаушыға) берілетіндей
етіп, құжаттың белгіленген мезетінде орындалуына ынталандыру болатындай
етіп жұмысты ұйымдастыру керек. Қазақстанда көптеген ғасырлар бойынан
бүгінге дейін мұндай ынталандырудың бірі орындауды бақылау болып келеді.
Сонымен қатар, бақылау міндеті құжаттың орындалуына тікелей қатысы жоқ және
құжаттың орындалуына қатысты білім немесе өндіріс саласын мүлдем білмейтін
қызметкерге жүктелуі де мүмкін.
Құжаталмасуды автоматизациялау туралы әңгіме қозғалғанда, бұл сфераға
әдетте шешіліп жатқан мәселеге тікелей қатысы жоқ көптеген программалар да
кіріп кетеді, мысалы – мәтіндік редакторлар, символдарды тану
программалары, электронды пошталар жүйелері. Мемлекеттік стандарттарда
құжаталмасу деген термин дайын құжаттардың ұйым ішінде және оның сыртында
басқарылып қозғалуы дегенді білдіреді. Электронды құжаталмасу құжаттарды
дайындау кезеңдері мен компьютерлік желілермен еркін ақпарат алмасуды
қамтиды. Бұл жұмыста осыған сәйкес келетін программалық жабдықтамалар
қарастырылады. Қазақстандық және шетелдік құжаталмасудың концептуалды
айырмашылықтары Lotus Notes сынды батыстық танымал өнімдерді тек жекелеген
есептерді шешуде ғана қолдануға алып келеді. Бұл жағдайды отандық
зерттеушілер жақсы түсінеді және осыған сай өз шешімдерін ұсынады. Сол
себепті қандай да бір программаларды салыстырып жатудың керегі жоқ: олардың
барлығы жоғарғы техникалық деңгейде жазылған, ал олардың кез келгенінің
сипаттамасы бұл диплом жұмысының көлемінен артық болып кетеді. Бірақ
зерттеушілер олардың негізіне салған концепцияларды салыстыру қызықты болып
табылады.
Қазақстандық нарықта құжаталмасу жүйелерін дамыту мен енгізудің екі
негізгі бағыты бар: дәстүрлі қазақстандық және батыстық.
Соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда құжаттармен жұмыс істеудің белгілі бір
әдістемесі қалыптасты. Кеңес уақытында ол ары қарай дамып, мемлекеттік
стандарттарда, нұсқаулықтарда және іс-қағаз жүргізу ережелерінде бекітілді,
кеңес уақытынан кейінгі кезеңде де ол өз жалғасын тағы тапты. Іс-қағаз
жүргізу технологиясы журналдардың бақылау-тіркеу мен есептік формаларын
жүрігуді талап етеді. Құжаттарды өңдеудің ортақ тәртібін қамтамасыз ету
үшін арнайы қызметтерді жасау қажет: жұмыстарды басқару, секретариат және
кеңсе қызметтері. Дәстүрлі технологияның негізгі проблемасы – уақыттың
нақты масштабында құжат қозғалысын орталықтан бақылау болып табылады.
Себебі ол жедел ақпараттың орталықтанған мәліметін және көп көлемде әр
түрлі журналдар мен картотекаларды жүргізіп отыруды талап етеді.
Бұл бағыттың программалық өнімдері қандай да бір ұйымда қабылданған іс-
қағаз жүргізудің барлық дәстүрлері мен нормаларын сақтайды. Олар қағаздағы
іс-қағаз жүргізуді сүйемелдеп, құжаттарды өңдеудің көптеген қиын
операцияларын жеңілдетеді. Құжаттарды дербес компьютерде өңдеу дәстүрлі
құжаталмасудың қолдану аясын едәуір кеңейту керек. Бұл бағыттың жүйелері –
қағаз құжаттардан электронды құжаттарға біртіндеп көшу көпірлері болып
табылады.
Мақсаттың қойылуы: Мен өз жұмысымда медициналық мекемелердегі іс-қағаз
жүргізу жүйелерін автоматизациялау мен оларды енгізу туралы баяндаймын.

1 ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУДІ АВТОМАТИЗАЦИЯЛАУ

Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығында құжаталмасуды
автоматизациялаумен көптеген фирмалар айналысады. Өзім үшін ең алғаш
анықтап алғым келгені – құжаталмасудың анықтамасы. Әрине барлығы
құжаталмасу дегеніміз құжаттармен орындалатын қандай да бір операциялар
дегенмен келіседі. Айырмашылықтар шекаралық аймақта басталады – құжаталмасу
қай жерде бітіп, іс-қағаз жүргізу қай жерде басталады, және құжаталмасу
туралы іс-қағаз жүргізусіз айтуға болады ма.
Екі негізгі бағыт бар. Бірінші жағдайда құжаталмасу іс-қағаз жүргізудің
құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Іс-қағаз жүргізуді автоматизациялау,
кәсіпорынның ақпараттық жүйесін (АЖ) жасау процесінің бөлігі деп
қарастырылады, ол, өз кезегінде, қазіргі уақытта бар бизнес-процестерді
автоматизациялау үшін орындалады, немесе олардың эффективтілігін арттыру
бағытында өзгерту үшін. Мұндай әдіс жүйелік интеграторларға тән. Оларда,
әдетте, кіші және орташа клиенттер үшін қандай да бір үйлестіру дәрежесі
бар іс-қағаз жүргізуді автоматизациялаудың қорапты нұсқасы болады. Ірі
банк, мемлекет, коммерциялық құрылымдарды автоматизациялау – индивидуалды
процесс.
Екінші бағыт – құжат ағынын бақылау мен басқаруға ғана арналған
маманданған программаларды қолдану. Бұл жүйелер құжаттардың үлкен көлемімен
жұмыс істейді. Олар басқа да офистік жүйелермен жақсы үйлесімді және
өздерінің автоматизация жүйелерін құпия сақтағысы келетін және программалық
жабдықтама жабдықтаушысынан тәуелсіз болғысы келетін клиенттер үшін өте
орынды болып табылады.
Әлемдік нарықта әр түрлі масштабтағы процестерді автоматизациялауға
арналған көптеген әр түрлі компьютерлік программалар бар. Олар қазақстандық
нарыққа енуге қарсы емес және басында енуге тырысып-ақ көрген. Сол кезде
мемлекеттік мүдделердің соңғы қорғанысын қазақ тілі ұстап тұрғандығы
белгілі болды. Батыстық жүйелер әр түрлі облыстарда қазақ тілін қолдануға
байланысты ешқандай тәуір затты ұсына алмады. Бұл батыстық импортты
шешімдерді бәсекеге қабілетсіз ететіннің алғашқысы. Іс-қағаз жүргізудің
қазақша автоматты жүйелерінің дамуына тән басқа аспект – қазіргі таңдағы
экономикалық ортада серіктестік және іскерлік қарым-қатынастарды табудың
дәстүрлі және жаңа жолдары. Әр ұйым кез келген салада, іс-қағаз жүргізу мен
құжаталмасуды қоса есептегенде, жұмыс істеуде. Осы жерде жаңадан ойлап
табылған велосипедтер мен ашылған Америкаларды санау мүмкін емес.
Арасындағы ең білімділері уақытпен сыналған құжаттар мен іс-әрекеттердің
шаблондары бар екендігін, стандарттау – уақытты үнемдеу екендігін білді.
Бұл Қазақстан нарығындағы қазіргі жағдайға байланыстысы. Эволюция
жолындағы келесі кезең - GroupWare мен WorkFlow жаңа технологиялары мен
ашық жүйелерде жұмыс істеудің артықшылықтарын мойындау. Сөйтіп ойда
реинжиниринг түсінігі анықталады. Бұл батыстық бизнес-процестер
ұйымдастыруы жүріп келе жатқан жол.
Құжаталмасу программаларын жасаушылар тапсырыс берушілердің қалауы мен
шынайы жағдайды қатар ұстауы керек болып қалады. Олар тек қазіргі нарыққа
қарап қана бағыт алмайды, сондай-ақ компьютерлік техника мен программалық
жабдықтама дамуының әлемдік процесін ескере отырып оны өздері де белсенді
түрде жасайды.
Алдымен іс-қағаз жүргізудің жалпы құрылымын қарастырайық. Әдетте, ол үш
ірі блоктан тұрады:
- құжатты жасау және оны тіркеу;
- құжаталмасу (тасымалдау, біреуге беру, оның орындалуын бақылау және
т.б.);
- архив жасау және оны жүргізу (архивке енгізу, іздеу, шығару,
жүйелендіру және т.с.с.).
Бұл интегралданған схема құжаталмасу программаларын жасайтын фирмалардан
алынған және ол ақпаратты жүйелендіруге өз септігін тигізеді.
Барлық кездескен программалар құжаттардың келесі түрлерімен жұмыс
істейді:
- құрылымданған;
- құрылымданбаған;
- қағаз;
- электронды;
Құрылымданған құжаттар формалараның біркелкілігімен ерекшеленеді. Өңдеуге
қажет ақпарат белгілі бір өрістерде тұрады. Ол ақпараттар оқылады және
мәліметтер қорына жазбалар түрінде енгізіліп отырады. Мұндай құжаттарға
мысал ретінде қаржылық құжаттарды, анкеталарды келтірсе болады. Lotus Notes
технологиясын қолданатын кейбір өндірушілер, оның ішінде Интерком, еркін
формалы құжаттарды құрылымдайды, мысалы келісім-шарттар.
Құрылымданған құжаттармен жұмыс істегенде сканерлеу және тану
технологиясын қолдану керек болады (мысалы, қолжазбаларды танитын Tiger
Forms технологиясы). Қазақстан нарығында сканерлеу мен жазбаларды тану
жүйелерінің екі түрі бар: Cunei Form және Fine Reader. Екеуі де жақсы
танымал. Жазбаларды тану жүйелері сіз қағаз құжаттармен жұмыс істейтін
болсаңыз керек болады. Ол құжаттар, яғни хаттар, факстар, жарнамалар, іс-
қағаз жүргізу жүйесіне сканерлеу мен жазбаларды оқу арқылы түседі.
Құжаттардың басқа түрі – электронды құжаттар. ПЖ-ның әр алуан түрлі
нарығына қарап отырсақ, құжаталмасу жүйелері барлық форматтарды таниды:
doc, txt-дан бастап графикалық tif пен rtr-ге дейін. Сонымен қатар,
ақпаратты жіберу мен алудың әр түрлі арналары қолданылады: электронды
пошта, факс, телекс, телетайп, Интернет және т.б.
Құжатты жасау кезеңінде оған тану белгілері, яғни реквизиттер беріледі.
Барлық жүйелер реквизиттер құрамы мен олардың формаларын анықтағанда икемді
болып келеді. Кейбір өнімдер, мысалы Ефрат, құжатты енгізгенде оның
лексикалық анализін жүргізеді. Құжаттардың реквизиттері арнайы мәліметтер
қорында сақталады.
Құжатты жасау – кіріс құжатын тек өңдеумен ғана шектелмейді, сонымен
қатар, бұл - шығыс құжатты да генерациялау. Барлық жүйелерде қолданылатын
ең қарапайым жол – құрылымданбаған құжат жасау үшін мәтіндік редакторларды
пайдалану және оны мәліметтер қорына реквизит бере отырып енгізу.
Құрылымданған құжаттар шаблондар бойынша керекті өрістерді толтыра отырып
жасалынады.

1.1 Құжаталмасуды ұйымдастыру

Құжаталмасу деген терминнің өзі дұрыс емес деген пікір де бар. Мысалы
бұл ойды АйТи фирмасының мамандары айтады. Құжаттар айналмау керек. Олар
өз орындарында жатулары тиіс. Шын мәніде құжаттар өз орнында жатады және
тек қана қандай да бір резолюциялармен өсіп (толтырылып) отырады.
Автоматизациялау қағаз құжаталмасуға тән кемшіліктерді жөндейді деп
есептелінеді. Бұл кемшіліктер – парраллель жұмыс істеу қиындығы, құжат
жүрісі туралы ақпарат алу қиындығы. Құжаттарды жоғалтып алу және қателіктер
жасау ықтималдығы бар, құрылымданған құжаттарда кейбір өрістер толтырылмай
қалуы мүмкін, және тіпті құжаттарды не жоғалтып, не ұрлатып алу қаупі де
бар. Электронды құжаталмасу осы кемшіліктердің шығынын барынша
минимиумдауға мүмкіндік береді. Бірақ шынын айту керек, бұл процессті толық
автоматизациялау мүмкін емес. Негізгі себеп – шешімдер кейде авторитарлы
әдіспен де қабылданып жатады.
Құжаталмасудың барлық танымал жүйелері автономды тұтынушы режимінде де,
клиент-сервер технологиясымен де жұмыс істей береді.
Құжаттар мәлімет қорында сақталады. Дәстүрлі түрде олар бумаларға
біріктірілген, құрылымы иерархиялы және оларға қол жеткізу бақыланады.
Lotus Notes негізінде жасалған құжаталмасу жүйелерінде құжатқа қол
жеткізуді бақылаудың көпдеңгейлілігі сияқты үлкен ерекшеліктері бар.
Сервер, мәлімет қоры, шаблон, құжат, құжаттың бір бөлігі немесе бөлек бір
өріс толығымен жабық болуы мүмкін. Сонымен қатар, құжаттардың әр түрлі
нұсқалары, олармен істелген жұмыстар да сақталынады. Іс-қағаз жүргізу
жүйелері, негізінен, мәтіндік және графикалық профильдегі құжаттарды
өңдеуге арналған. Бірақ САПР-дың танымал вектор форматтарымен де,
кеңмасштабты және көпбетті сығылған растрлі бейнелермен де жұмыс
істейтіндері кездесіп жатады. Мұндай программалармен Terralink фирмасы
қамтамасыз етеді. Бұл бірақ іс-қағаз жүргізу емес, инженерлік проекттерге
қызмет көрсету болып табылады.
Құжаталмасу жүйелері, егер ол жеткілікті деңгейде бұл үшін
формализациаланатын болса, бизнесс-процестерді басқару технологиясының
ішінде де болуы мүмкін. Жүйелер, кемінде, шешім қабылдаудың ақпараттық
қолдауын қамтамасыз етеді, себебі олар барлық құжаттарды сақтап отырады
және кез келген уақытта керекті құжаттарды реквизиттарындағы белгісі
бойынша жинай алады.
Барлық жүйелер кәсіпорынның басқа да ақпараттық жүйелерімен
интегралдануы мүмкін екендігін де айта кеткен жөн, егер ол АЖ-лер бар
болса.
Іс-қағаз жүргізу жүйелері мүмкіндіктерінің бұл бөлімін аяқтай отырып оларды
жасау жолының бірі ретінде мынаны келтіре кетсек болады. Ұйым өзі үшін жүйе
жасап, кейін оны басқаларға бейімдеп сата алады. Бұл тауар өндірісін
натуралды шаруашылықтан дамытудың классикалық мысалы. Әрине, барлығын өз
қолыңызбен істесеңіз болады, әсіресе егер жақсы программистер штаты және
Lotus Notes сияқты жақсы құралыңыз болса. Бірақ онда прогресстің мәні неде?

1.1.1 Архивтер

Бұл іс-қағаз жүргізудің ең қарапайым және түсінікті элементі. Оның
пайдалылығы еш күмән туғызбайды және ол кез келген ұйымда болады. Біздің
жағдайымызда архив – құжаттар (олармен жұмыс істелініп біткен).
Егер ұйымда қандай да бір түрдегі архив бар болса, құжаталмасуды
автоматизациялау кезінде қазіргі бар архивті және ІҚЖАЖ-сін үйлестіру
құралдарына назар аудару керек. Жиналған ақпаратты қолдану екі жолмен іске
асуы мүмкін – құжаттарды архивке импорттау арқылы немесе мәлімет қорын
архивті сақтау бірлігі ретінде импорттау арқылы. ІҚЖАЖ-сінің программасын
жасаушылар фирманың іс-қағаз жүргізу көлеміне байланысты өз шешімдерін
масштабтайды. Әсіресе бұл клиент-сервер архитектурасындағы клиенттердің
орын сандарына және қолданылатын МҚБЖ-не (СУБД) қатысты болып табылады.
Егер кішкентай көлем үшін Lotus Notes құралдары жеткілікті болып жатса, ірі
көлемдегілер үшін Oracle, SQL, Informix, Btrieve сияқты МҚБЖ-лері және
оларға сәйкес платформалары керек болады.
Бұл өз офисында құжаталмасу жүйесін қоймағандар үшін жеткілікті десек
болады. Ал мұндай жүйелерді орнатпағандарды орнатылған құжаталмасу
программаларының саны бойынша көп деп айтуға болады. Бұл, орташа есеппен
алғанда, мұндай қызметпен айналысатын бір фирма үшін 10-15-ке тең

1.2 Құжаталмасу мен іс-қағаз жүргізуді автоматизациялау кезіндегі негізгі
проблемалар

1.2.1 Ақпараттанғандық проблемасы

Ұйым басшылығы іс-қағаз жүргізудің автоматты жүйелерін (ІҚЖАЖ) енгізу
керектігін түсіну үшін олар, кемінде, бұл жүйелердің бар екендігінен, олар
қандай жұмыстар атқаратындығынан және оларды қалай енгізу керектігінен
хабардар болулары тиіс. Сонымен қатар, ұйым басшылығы мұндай жүйелерді
енгізуден түсетін пайданы анық білулері керек.
ІҚЖАЖ туралы ақпараттың жетіспеушілігі олардың АСУ ТП, АСУП және т.б.
жүйелермен ассоцияциялануына алып келеді. Көп адамдардың жадында 80-
жылдарда мұндай жүйелерді енгізу кезінде сауатсыз әдістерді қолдану
себебінен қалған нашар тәжірибе әлі сақталған. Бұл ІҚЖАЖ туралы қате
пікірлердің қалыптасуына алып келді, оны кәсіпорын жұмысына ешқандай
жаңалық және пайда алып келмейтін қымбат бір ермек деп түсінді. ІҚЖАЖ
енгізуден келетін пайда бірден көзге түспейді, себебі ұйым басқарудың
жақсаруы салдарынан болатын экономикалық эффектті бағалау өте қиын. Ernst &
Young және Nortan Nolan Institute берген мәліметтерге сәйкес, электронды
құжаталмасуды енгізген кәсіпорындардың келесідей көрсеткіштері жақсарады:
- кеңседегі жұмыс өнімділігі 25-50%-ға артады;
- құжат өңдеу уақыты 75%-ға қысқарады;
- құжат сақтау орнына төленетін шығындар 80%-ға төмендейді.
Бұл бағалаулар батыс нарығы үшін жасалынған, және Қазақстан үшін бұл
сандар басқаша болуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, құжат сақтау орнына төленетін
шығындар айтарлықтай азаймауы мүмкін, себебі біздің мемлекетте әлі де қағаз
құжаттар немесе оның микрокөшірмелері (микропленкалар және микрофиштер)
заңды күшке ие. Бірақ сол уақытта, құжат өңдеу уақытының төмендеуі мен
құжат өңдеудің регламентін дәлме-дәл сақтау көп салаларда шектеуіш
көрсектіштер болып табылады, олар ІҚЖАЖ енгізуден үлкен экономикалық эффект
алып келуі мүмкін.
Мұндай жүйелерді енгізудің эффективтілігі көп жағдайда ІҚЖАЖ енгізу
кезінде туындайтын ұйымдастыру мәселелерін ұйым басшылығы қалай
шешетіндігіне байланысты.

1.2.2 Ұйымдастыру мәселелері

Уақыт өте келе әр кәсіпорында белгілі бір ұйымдастыру құрылымы (ол
әрқашан тиімді болмауы да мүмкін), тек оған ғана тән өзіндік жұмыс істеу
стилі мен өзіндік басқару тәсілі қалыптасады. Бастапқыда енгізіліп жатқан
ІҚЖАЖ көп жағдайда кәсіпорын ұжымы үшін бөтен болып сезіледі. Бұл жақсы
құрылған ІҚЖАЖ лакмус қағазы іспеттес болғандығынан, кәсіпорынның
функционалды-құрылымдық құрылысындағы көптеген кемшіліктері ІҚЖАЖ енгізу
процесінің алғашқы кезеңдерінде-ақ көріне бастайды.
Сол кезде екі таңдау туындайды: ІҚЖАЖ тапсырыс берушінің құрылымына қарай
ыңғайландыру ма, әлде ІҚЖАЖ-нің максималды ээфективтілігіне қол жеткізу
үшін тапсырыс берушінің құрылымын қайта құру ма? Бұл мәселені шешудің екі
жолы бар: техникалық, бұл жағдайда көп мәселе жүйені жабдықтаушыға тәуелді
болады, ұйымдастыру, тапсырыс берушіге толығымен байланысты.
Барлық жақсы ІҚЖАЖ-нің қандай да бір тапсырыс берушіге бейімделу
мүмкіндігі бар, бірақ оның да өз шегі бар. Сонымен қатар, жүйеге қандай да
бір тапсырыс берушінің іс-қағаз жүргізу жүйесіне бейімделуі үшін қойылатын
міндеттер нақты болуы тиіс, міндеттер жазбаша күйде жазылып қойғаны дұрыс
болып табылады. Нәтижесінде тапсырыс берушіде оған максималды бейімделген
жүйе болады, және, ең бастысы, тапсырыс берушіде атқарушынының жұмыс
нәтижелерін бағалаудың нақты белгілері болады. Өкінішке орай, мұндай
құжаттарды жасау едәуір қиын жұмыс болып табылады. Кейде ІҚЖАЖ-не
техникалық тапсырма жасаған кезде кететін уақыт жүйені іске асыруға кететін
уақытқа қарағанда айтарлықтай көп болады.
Мұны түсіндіру оңай – бұл кезеңде тапсырма берушінің барлық бөлімдерінің
көзқарастарын үйлестру керек. Осының өзі де оңай жұмыс емес. Әдетте, бұл
кезеңді қысқартуға тырысады, ал нәтижесінде тапсырыс беруші оның
қызметкерлерінің қалауына келетіндей жүйе алады, бірақ бұл жүйемен жұмыс
істегенде қандай да бір қиындықтар туындайды. Ары қарай тексеріс үшін
қолданысқа енгізгенде үздіксіз жөндеулер мен өзгертулер жасау орын алады.
Егер осыдан кейін жүйе тірі болса, ол бастапқыдағы күйге мүлдем ұқсамастай
болып шыға келеді. Бір жылдан кейін жұмысқа келген қызметкерлер де орынды
сұрақтар қоя бастайды: неге мына жерде барлығы былай ойластырылмаған? Жауап
біреу ғана және баршаға мәлім: осылай тарихи қалыптасты.
Бірақ техникалық іс-шаралармен де шаруаны бітіруге болмайды. Егер
кәсіпорын ІҚЖАЖ-сін енгізуге ұйымдастыру жағынан айтарлықтай дайын емес
болса, мұндай енгізу не қиын болады, не мүмкін емес те болып қалады. Мысал
үшін қозғалыс бөлімі әлсіз машинаға күштірек қозғалтқышты орнатуды келтірсе
болады. Нәтижесі алдынан-ақ белгілі. Егер жүйені енгізуге әлі дайын емес
кәсіпорынға заманауи ІҚЖАЖ енгізгенсе, мұндай енгізуден тапсырыс беруші
ешқандай да пайда таппайды.
Әдетте, ІҚЖАЖ-cін енгізуден шынайы экономикалық эффект алу үшін жұмыстың
кейбір қағидаларын ауыстыруға тура келеді. Нақтырақ айтсақ, кез келген
ІҚЖАЖ-cін енгізу тапсырыс берушінің ұйымдастыру-басқару құжаттарында
өзгерістер енгізумен қуатталуы тиіс (ең болмағанда іс-қағаз жүргізу
нұсқауын өзгерту керек). ІҚЖАЖ-сін енгізу процесін басшылық тек қана жаңа
программалық жабдықтаманы (жаңа аппаратураны да болуы мүмкін) сатып алу
акті деп қана қоймай, оны комплексті ұйымдастыру-техникалық проектісі деп
қарастырса ғана айтарлықтай экономикалық эффект болады.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта тапсырыс берушілердің аз бөлігі ғана ІҚЖАЖ-
сін енгізуден алдын өздерінің басқару жүйелеріне талдау жасайды. Мұндай
күштеп енгізу кезінде психологиялық факторлар себебінен іс-қағаз жүргізу
жүйесінің бөлінуі мүмкін.

1.2.3 Психологиялық проблемалар

Тапсырыс беруші кәсіпорынның қызметкерлері ІҚЖАЖ-сін қалай қабылдайды
екен? Егер оларда тек жеңіл-желпі білім ғана болса, кәсіпорын басшылығына
ІҚЖАЖ-сі құжаттарға ұқыпсыз қарағаннан туындайтын барлық кикілжіңдердің
шешімі ретінде қабылданады, ал атқарушылар оны электронды пошта мен
әдеттегі редактор арасындағы бір зат деп қабылдайды. Егер қызметкерлердің
бұл жүйелер туралы қандай да бір білімі болса, жағдай айтарлықтай өзгереді.
ІҚЖАЖ-сін енгізгеннен кейін басшылыққа барлық қателіктер мәлім
болатындығына қызметкерлер кәміл сенеді. Осыған байланысты мықты ІҚЖАЖ-cін
енгізу атқарушылар жағынан айтарлықтай қарсылыққа тап болады – олар осыдан
кейін қиын болатынын нақты біледі. Нәтижесінде фиксалды функцияларынсыз
қандай да бір компромисті нұсқа енгізіледі, яғни нәтижесінде құжаттарды
басқару жүйесі бар кәдімгі электронды пошта.
Басшылықтың ойы бойынша бұл жүйеден күтуге болатындығы – бұйрықтарының
объективті қадағаланып отырылуы, есеп беру ақпаратының тез дайындалуы,
сапаның артуы мен құжаттарды іздеуге кететін уақыттың азаюы.
Жүйені енгізгеннен кейін ол туралы көзқарас қатты өзгіріске ұшырауы мүмкін.
Тек жүйемен толық танысқаннан кейін ғана үстелінде шаң басып қалған
компьютерде басшының өзі де жұмыс істеуіне тура келтіндігіне ол таңдана
қарайды. Ескіше өскен кейбір басшыларға бұл өте алмастай кедергі сияқты
болуы мүмкін. Олар үшін адамдармен әдіттегі әдістермен тікелей жұмыс
істеген оңайға түседі: шақыртып алып тапсырма беру, қызметкер көзіндегі
қорқынышты көріп бұл орында бекер отырмаған екенмін деп ойланасың. Сонымен
қатар, басшылық көп жағдайда батыстық сарапшылар уәде еткен артықшылықтар
қайда екені білгісіз, әйтеуір жоғалып кетті деп пайымдайды. Бірақ бұл
мәселенің шешімі оңай еді – ІҚЖАЖ-сін барлық қызметкерлер мен
басқарушылардың үстелдеріне орнату ұсынылса, тапсырыс беруші үнемдеп қалды:
жүйені тек құрылымдық бөлімдердің іс-қағаз жүргізушілеріне ғана орнатып
қойды. Нәтижесінде бөлімдер арасындағы жұмыстар тез әрі нақты орындалып
жатады, ал олардың ішіндегі жағдай әлі бұрынғы қалпында қала береді.
Қызметкерлерде ІҚЖАЖ-сін енгізгеннен кейін үнемі артыңда тұрып бақылап
тұратын тағы да бір басшы пайда болды ма деген сезім пайда болады. Шынында
да енді кім, не, қашан және қанша істеп отырғанын біліп отыруға болады.
Алдында басшылықты шатастыруға да болатын еді: барлық қабаттар бойынша
жарты күн іздеп жүрдім деген сияқты сылтаулар (бірақ шындығында, жай
әншейін компьютер ойнап отырған). Бірақ сонымен қатар, өте маңызды бір сәт
естен шығып кетеді – бұл жүйе қызметкерге өте көп көлемдегі жұмыстарды
артып қоюға мүмкіндік бермейді. Бұл әр жүйенің бапталуына тәуелді болып
келеді, әйтсе де басшылыққа неге бұл жұмыс көлемі өз уақытында
орындалмағандығын түсіндіріп беруге әрқашан мүмкіндік болады. Сондықтан бұл
жерде тағы да жақсылап ойлану керек – қызметкерлер ұтып жатыр ма, әлде
ұтылып жатыр ма. Менің ойымша, маманданған қызметкерлер өз жұмыстарын
ұйымдастырудың күшті құралына және басшылық алдындағы өз әрекеттері үшін
салмақты себептерге қол жеткізеді.
Ал жаман басшылық пен салақ қызметкерлерде психологиялық ыңғайсыздық пен
ІҚЖАЖ-не деген жағымсыз сезімдер туындайды. Егер бұл жұмыстан кету арызында
көрсетіліп жатса жақсы ғой. Әдетте, біз кәсіпорынға ІҚЖАЖ-сін пайдасыз
болып көрсететін және осы жүйенің енгізілуіне барынша кедергі келтіретін
табанды, шебер, жасырын жауларды аламыз. Осы жерде ІҚЖАЖ-сін енгізу кезінде
шешу керек болып табылатын бірнеше кадрлық сұрақтар да туындайды.

1.2.4 Кадрлар мәселесі

ІҚЖАЖ-сін енгізу кәсіпорындағы бизнесс-процестерге негізгі қатысушылардың
барлығының компьютерде жұмыс істей алатындығын талап етеді. Шындығында да,
салыстырмалы түрде жақында жасалынған жас ұйымдар мен фирмаларда дәл
осылай. Бірақ егер кәсіпорын басшылығының негізі 15-20 жыл бұрын білім
алған болса ше? Өздерінің тәжірибесі мен профессионалды дағдылары бойынша
олар алып отырған қызметтеріне толығымен сай болуы мүмкін, бірақ ДК-ді
ешқашан оқымаған да және ДК-де ешқашан жұмыс істемеген де болуы мүмкін.
Оларды оқытуға жіберу керек пе? Егер де кәсіпорында ІҚЖАЖ-сі енгізілсе,
кәсіпорындағы жұмыс қарқындылығы едәуір жоғары болады. Яғни, қызметкерлерді
жұмыс уақытында оқыту мүмкін емес, ал қосымша оқыту эффективті болмауы
мүмкін және кәсіпорын жұмысшыларының ашушаңдығына ғана алып келуі мүмкін.
Өз уақытында САПР-ды енгізу кезінде ескі конструкторларды жұмыстан босатып,
жас мамандарды (университет түлектерін) жұмысқа қабылдау ескі
конструкторларды қайта оқытып жатқаннан арзандау деп есептелінді.
Өкінішке орай, ІҚЖАЖ енгізгенде мұндай әдісті қолдануға болмайды, себебі
бұл жүйенің негізгі қолданушылары – кәсіпорын басшылығының жоғарғы және
орта бөлігі.
Бұл жағдайдан шығудың тәжірибелік жолмен табылған жалғыз ғана шіешімі:
- жүйе администраторларын өндірістен босатып оқыту;
- қолданушыларды тапсырыс беруші территориясында оқыту, бірақ жұмыс
орындарында емес;
- тапсырыс берушінің атқарушы персоналы үнемі қатысып отыратындай етіп,
жүйені тексеріп, бақылау үшін оны ұзақ уақыт қолдану.

1.3 Өңдеуге арналған ұсыныстар

Сонымен қатар, іс-қағаз жүргізуді автоматизациялауды жақтау үшін келесі
фактты айтсақ болады: іс жүзінде орташа көлемді құжат, шамамен, үш бетке
тең. Delta Consulting Group консалтингтік фирмасының мәліметі бойынша,
құжатпен жұмыс істеу кезінде сол құжаттан орташа есеппен 20 көшірме
алынады. Егер мекемеге күніне 100 құжат түсіп отыратын болса, тек олардың
көшірмесін жасауға кететін материалдар үшін (бір бетке 5 центтен
есептегенде) мекеме күніне 100 доллар жұмсайды, оған тағы қағаз құнын,
персоналға кететін шығынды, бөлмені жалға алуға кететін шығынды қосыңыз. Ал
беттің электронды көшірмесі 15 Кбайт орын алады. Ақпаратты
магнитооптикалық (МО) кітапханада сақтау бағасы бір Мбайт үшін 12 центқа
жуық (қатты дискте – шамамен 20-30 цент). Сонымен, бір құжат суретін МО
кітапханада сақтау құны 0,7 центті құрайды, ал бұл оның ксерокөшірмесін
жасағаннан бірнеше есе арзанға түседі.
Менің жұмысымда ІҚЖАЖ-рін енгізу жолында тұратын негізгі проблемалар
ғана көрсетілген. Әрине, олардың көбі өз шешімдерін тауып жатады және олар
соншалықты өте алмайтындай кедергі де емес. Тек айта кеткім келетіні, осы
проблемаларды өз кәсіпорында немесе мекемесінде ІҚЖАЖ-сін енгізуді орынды
деп есептейтіндер де, жүйелерді енгізетіндер де ескере кетуі міндетті.
ІҚЖАЖ-н қорытындылау үшін IBS фирмасы басқарушысының сөзін келтіре
кетейін: Oracle жақсы ма әлде Informix жақсы ма деп таласу ол не үшін
керек екендігін түсінбейінше, қолданылатын базаға талаптарды нақты
қоймайынша бос әурешілік. Расында да бұл бір нәрсе өзгерту керек болғанда
барлық жағдайлар үшін әділ болып келеді. Қазір тапсырыс берушіде таңдау
көп. Бұл жерде ең маңыздысы, әрі ең қиыны – екі шешім қабылдау:
біріншіден, тиімді емес, үйреншікті болып кеткен құжаттардың орындалу
процессін өзгерту, екіншісі, ол үшін ақшалай шығындалу. Кейін Кім
компьютерлік әлемде кім деген анықтаманы аласыз да кімдер құжаталмасумен,
жүйелік интеграциямен айналысатынын анықтайсыз. Кім үлкен сенімділік
тудырса соны таңдаңыз да ақпараттық өркениетке қосылудың келесі кезеңін
бастаңыз.
2 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. БАСҚАРУ
КОНЦЕПЦИЯСЫ

1. Емдік-диагностикалық процеске әсер етудің дәстүрлі әдістері (оқыту
арқылы, әкімшілік және ұйымдастырушылық әдістері, қормен қамтамасыз ету,
қаржыландыру) оның тиімділігін жақсартпайды: олар дәрігерлердің жұмысындағы
олқылықтарды, қателіктерді, үйлесімсіздіктерді төмендете алмайды.
Емделушілермен жұмыс істегендегі басқарушылардың олқылықтарды,
қателіктерді, үйлесімсіздіктерді бақылап, көре алмауы басқару әсерін жоққа
шығарады. Бұл мәселені дәрігерді материалдық, моральдық және әкімшілік
жағынан ынталандыру арқылы емес, дәрігер шешім қабылдаған әрбір сәтте оған
интелектуалды көмек көрсетуді қамтамасыз ету арқылы шешуге болады.
2. Дәстүрлі басқару кезінде дәрігерлердің үйлесімділігі, бас дәрігер мен
қалалық деңгейдегі басшылар шешімдерінің үйлесімділігі жеткілікті түрде
тиімді емес. Себебі олар проблемалар туралы дер кезіндегі, толық және
шынайы ақпаратпен және әр дәрігердің әр пациентпен жұмыс істегендегі
шешімдері туралы ақпаратпен қамтамасыз етілмеген. Емдік-диагностикалық
процеске қатысушыларды мұндай ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ақпараттарды
беру кезінде бұрмаланбайтын және комплексті өңдеуге жарамды ету керек.
3. Дәрігерге интелектуалды көмек көрсету арқылы және дәрігердің
мәліметтерін толық формализациялауға ауру тарихын түрлендіру арқылы қол
жеткізуге болады. Ауру тарихымен жұмыс істеген сәтте ғана дәрігер оған
қарап ескерпелер алып, қажетті мәліметтерді еске түсіру керек, одан
жауаптар мен салынған тиымдарды оқу керек. Дәрігер ауру тарихына емделуші
туралы, жасалынған белгілемелер мен пайда болған проблемалар туралы
мәліметтерді енгізген кезде ғана бұл мәліметтер формализациаланып,
нәтижесінде ауру тарихының жиынтығынан автоматты түрде кез келген қорытынды
шығара алатындай дәрежеде формализациялануы тиіс. Сонымен қатар, дәрігер
компьютер экранынан оған үйреншікті терминдерді ғана көріп отыру керек.
Оларды өңдеуге ыңғайлы кодтарға түрлендіру – автоматты программаның жұмысы.
Нәтижесінде дәрігер жоспар, есеп, тізім, және т.с.с. жұмыстардан қолы
босауы керек.
4. Дәрігерлердің жұмысы туралы тасымалдау мен өңдеу үшін
формализацияланған толық және уақтылы ақпарат көлемі үлкен және
көпаспектілі болғаны соншалықты, оны толыққанды қолдану үшін көрсеткіштерді
есептеу мен кесте жасау сияқты қарапайым өңдеу жеткіліксіз болып қалады.
Емдік-диагностикалық процесс басшыларына да интеллектуалды қолғабыс көрсету
қажеттілігі туындайды. Олар – автоматты анализ құралдары және басқару әсері
мен басқару алгоритмдері туралы ұсыныстар шығаратын автоматты құралдар.
5. Дәрігерге интеллектуалды қолғабыс тигізетін ауру тарихының
компьютерлік түрі жоғарыдан-төменге басқарудың тиімді жетекшісі болуы
тиіс. Ол мекеме басшысы мен басқарудың жоғарғы деңгейі қоятын кейбір
талаптарға сәйкес бапталу қасиетіне ие болу керек. Дәрігер пациентпен жұмыс
істеп жатқанда ол дәрігерге жаңағы шарттарды беріп отыруға міндетті.
6. Емдік-диагностикалық процестті оған қатысушыларға интеллектуалды
қолғабыс жасау мен ауру тарихын толық формализациялау негізінде
автоматизациялау бұл процесті барлық деңгейлерде жақсы басқарылатын етеді.
Дәрігерге қойылатын талаптар тек ауру тарихының компьютерлік түрімен жұмыс
істеу технологиясын қатаң сақтап отырумен ғана шектеліп қалады – ол барлық
нюанстарды жұмыс барысында кездестіреді. Дәрігер ауру тарихында өзінің
проблемаларын, шешімдерін және нәтижелерді қаншалықты толық және нақты
жазып отырса, ол соншалықты көмек күте алады. Басқарушыларға да қойылатын
талаптар да жедел басқарудың жақсы ойластырылған технологиясын сақтап
отыруға келіп тіреледі.
7. Басқару негізінде дәрігердің рационалды ұйымдасқан жұмысы жатқанда
жаңа ресурстарды тарту да, емдеудің жаңа тәсілдерін енгізу де, материалды
ынталандыру да, бақылау да тиімді болады – бұл құралдар өз мақсаттарына
жетіп жатады. Сәйкесінше жұмыс нәтижелері де арасындағы жетіспеушіліктерге
оншалықты сезімтал бола бермейді, үнемдеу қауіптілігі қайда төмен болса,
тек сол жерде ғана үнемдеу жүзеге асады.
8. Емдік-диагностикалық процесті тиімді ұйымдастырудың негізгі элементі -
дәрігердің автоматты жұмыс орны (АЖО) болу керек. АЖО ауру тарихының
компьютерлік түрі мен онда жиналған ақпаратты өңдеу тәсілдерінен тұрады.
Автоматизация құралдары мәліметтерді жоғарыдан төменге және кері бағытта
(дәрігерден қалалық денсаулық сақтау бөлімінің басшысына дейін) кез келген
керекті периодтылықпен және жылдамдықпен беруді қамтамасыз ету керек.
Мұндай жағдайда дәрігердің жұмысы тек пациентке қарау ғана болады.
Автоматизация жүйелерін қолданғалы бері бұл оған өз жұмысын талдауға еш
кедергі келтірмейді. Керісінше, дәрігерде жалпы қорытынды шығаруға үлкен
мүмкіндіктер болады, және ол қорытындысын бөлім меңгерушісі мен бас дәрігер
оның жұмысымен қызықпай жатып-ақ шығара береді.
9. Басқару деңгейлерінде барлық қорытындылар тек ауру тарихының
компьютерлік түрінен алынған және тәуелсіз қосымша ақпарат көздерінен (
тірі екендігі туралы ақпаратты АХАЖ-дан, анықталған онкологиялық аурулар
туралы онкодиспансерден, поликлиника жұмысын бөліп көрсету үшін
стационардан, оның проблемаларындағы стационардың ролін анықтау үшін
поликлиникадан) алынған ақпараттар негізінде ғана жасалады. Бұл
мәліметтерді субъективті қатынаспен бұрмалауға болмайды, себебі барлық
есептер, іріктеулер автоматты түрде жүреді. Кейбір жағдайларда нақты
қызметкерлердің жұмыстарының бағалануы және оларды тиімді басқару
нұсқаулары, оың ішінде басқарудың арнайы тәсілдері және материалды
ынталандыру, автоматты түрде шығып отырады. Мұның барлығы басқарушылардың
волюнтаризмінен сақтайды.
10. Емдік-диагностикалық процесті компьютерлендіру жағдайында бас дәрігер
мен басқа да басқарушылардың іс-әрекеттері ауытқулар туралы ақпаратқа және
дәрігерлердің және бөлімдердің жұмыстарын жүйелі түрде салыстырмалы талдау
жасауға негізделеді. Дәрігерлерді жеткіліксіз түрде қамтамасыз ету сияқты
ауытқулар туралы ақпараттың көзі ауру тарихы болып табылатындықтан оның
негізділігі мен шынайылығын тексеру оңай. Дәрігерлер жұмыстарын ай сайын
салыстырмалы талдау қандай да бір қызметкерлерді қосымша бақылау туралы
нұсқаулармен аяқталады. Ал бақылау тағы да ауру тарихы арқылы іске асады.
Бұл басшылардың іс-әрекеті негізделетін ақпараттар шынайылығы жүйелі түрде
тексеріп отыратындығын, керекті жағдайларда жөнделіп, одан кейін ол одан да
сенімді болатындығын білдіреді. Қызметкерлер туралы басқа кез келген
мәліметтер олардың сипаттамалары үшін тек бағынушылық мәнге ие.
11. Қандай да бір жайсыздық туралы ақпарат көзін оңай іздеп табу жедел
басқару мен нәтижеелерге жауапкершілік стилінің түбегейлі өзгерісін
білдіреді. Басшының бұйрығы енді бәріне ортақ, жалпы болмайды – бұйрықтар
енді нақты емделушілер мен дәрігерлерге ғана қатысты болады. Осы нақты
дәрігерлермен жағдайды қалай жақсарту керектігін талқылау керек, яғни басшы
өз мойнына да қандай да бір жауапкершілік алады. Компьютерлендіру
жағдайында жұмыстағы қандай да бір жетістіктер мен сәтсіздіктер үшін
әрқашан жауапты адамды тағайындауға болады, бірақ басшы сәтсіздік туралы
ақпарат алған сәттен бастап ол да жұмыстың осы нашар бөлігіне жауапты
болады.
12. Волюнтаризмді шектеу, интеллектуалды көмек көрсету, жауапкершілікті
нақты үлестіру, нашар қызметкерлерді анықтау үшін жүйелі түрде өткізілетін
салыстырмалы бағалаулар, дәрігерлерді есеп беру мен есептеулерден босату,
басшының дәрігер жұмысы мен оның емделушісі туралы жан-жақты толық
ақпаратты дәрігерді жұмысынан бөлмей-ақ алу мүмкіндігі, медициналық
ресурстардың рационалды жұмсалуын қадағалау мүмкіндігі, - мұның барлығы
мекемеге тиімді жұмыс істеуге, ақырғы нәтижелерді жақсартуға,
емделушілердің қайтыс болу көрсеткіштерін төмендетуге, жатар орындарды
қолдануды жақсартуға, жедел жәрдемді өз уақытында және жақсырақ көрсетуге,
ауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік береді. Дәл осындай көрсеткіштермен
нақты бір дәрігердің, бөлімнің, медициналық мекеменің жұмысын толық
бағалауға болады. Олардың негізінде мединалық қызметті бағалаудың басқа да
әдістерін негіздеу орынды болып табылады – оны лицензиялау тәртібі,
дәрігерлерді аттестациялау және медициналық мекемені аккредитациялау
тәсілдері, медициналық сақтандыру субъектілерімен қатынас жасау
критерийлері. Бағалаудың ортақ бір негізі оларды қарама-қайшы етпейді, яғни
олардың іске жарамдылығы жоғары болады. Сонымен қатар, ақырғы нәтижелер
бойынша бағалау шығын механизміне қарсы келеді.
13. Жоғарыда келтірілген концепция барлық емдік-профилактикалық
мекемелерге жарамды болып табылады: поликлиникаға, балалар поликлиникасына,
әйел консультациясына, арнайы қызметтерге, жедел медициналық жәрдем
станциясына, және де халықты жаппай медициналық тексеру жүйесіне де.
14. Дәрігер жұмысын компьютерлендіру мен алгоритмдеу негізінде емдік-
диагностикалық процесті басқаруды қалалық деңгейден де жүргізсе болады. Осы
жерде қалалық денсаулық сақтау қызметінің арнайы бөлімдерін басқарудың және
олардың (поликлиникалар мен стационарлар, арнайы қызметтер мен жалпы бөлім,
жедел жәрдем мен поликлиника) жұмыстарының үйлесімділігі үшін жақсы
спецификалық мүмкіндіктер ашылады.
15. Облыстық қала масштабында жақсы нәтижелер көрсеткен емдік-
диагностикалық процесті басқару концепцпиясы мен оның негізіндегі нақты
жүйелер басқа да қалаларда, аудан орталықтарында да тиімді болуы мүмкін.
Оның қолдану аясын кеңейту ұйымдастыру, әкімшілік, ақпарат бойынша біріккен
көптеген қатысушылардың өзара әректеі есебінен әрқашанда қосымша нәтиже
береді. Бұл жағынан ол билік өкілдеріне қандай да бір территорияларда
денсаулық сақтауға бөлінетін қаржыны тиімді игеру құралының негізі ретінде
ұсынылуы мүмкін.
16. Басқарудың кез келген автоматты жүйесінің өміршеңдігі оның даму,
жаңалықтарды қабылдау, жаңа талаптарға сай бейімделу сияқты мүмкіндіктеріне
қатты байланысты. [19]
3 ЕМХАНАНЫҢ ІСКЕРЛІК ПРОЦЕСТЕРІН АВТОМАТИЗАЦИЯЛАУ МОДЕЛІН ЖАСАУ

3.1 Емхана және оның құрылымы

Емхана денсаулық сақтау жүйесінде өте маңызды орынға ие. Бұл медициналық
көмек көрсетудің ең бұқаралық түрі. Емханада медициналық көмек жұмыс
көлеміне және мамандардың бар болуына байланысты жоспарланады.
Қазіргі таңдағы емхана амбулаторлы көмек көрсетуге және халықтың
денсаулығын арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар комплексін
жүзеге асыруға және аурулардың алдын алуға арналған ірі көпсалалы,
маманданған емдік-профилантикалық мекеме болып табылады. Оның атқаратын
қызметтері: қатты және кездейсоқ ауруларға, жарақат алғандарға бірінші
медициналық көмек көрсету, емханаға аурулар жүгінгенде немесе ауруларға
үйлерінде ем жүргізу, уақытша еңбекке жарамсыздықты анықтау, ауруларды
жұмыстан босату, стационарлы ем қабылдауы керек ауруларды дер кезінде
емханаға жатқызу.
Диагностикалық және емдік процестерде автоматизациялаудың дамуы мен
есептеуіш техникаларды қолдану жағдайында қымбат медициналық құралдарды
және кейбір мамандарды бір емханада шоғырлау қажеттігі туындайды. Бұл
емхананың үш функционалды зонасы болады:
- қабылдау және жалпы бөлмелері: тіркеу, вестибюль, гардероб, дәріхана
дүкені;
- барлық негізгі мамандықтар бойынша дәрігерлер кабинеттері бар
медициналық бөлімдер. Осы жерлерде ем жасайтын бөлмелер, жара таңу
бөлмелері және тағы да басқа керекті көмекші бөлмелер орналасады;
- әкімшілік және қосымша бөлмелер;
Әр ұйымда басқалардан өзгеше өзіндік басқару құрылымы болады.
Төменде берілген құрылымның қысқаша сипаттамасы беріледі.
Алматы қаласының денсаулық сақтау департаментінің басшысы – бас директор.
Ол осы ұйымды басқарады және оның қызметін бақылап отырады.
Алматы қаласының денсаулық сақтау департаментінің құрамдам бөлігі болып
табылатын емхананың басшысы – емхана меңгерушісі. Оның міндеттеріне осы
объектті басқару мен бақылау, оның қол астындағы қаржылық мәселелер бойынша
кеңес беруді жүргізу кіреді. Бас дәрігер емхананың барлық емдік,
профилактикалық, ұйымдастырушылық және әкімшілік-шаруашылық пен қаржылық
қызметтеріне толығымен жауапты болып табылады; емхананы дәрігерлер,
мед.бикелер, санитарлар, әкімшілік және шарушылық персонал кадрларымен
қамтамасыз етеді.
Емхана меңгерушісінің қарамағында бірнеше мамандар жұмыс істейді:
травматоллогтар, кардиологтар, гематологтар, тіс дәрігерлері, ангиологтар,
пульманологтар, проктологтар, гастроэнтерологтар, нефрологтар, көз
дәрігерлері, отоларингологтар, гинекологтар, ревматологтар,
невропатологтар, урологтар, жасөспірімдер дәрігері мен аға медбике.

3.2 Емхананың емдік қызметінің функционалды моделі

Алматы қаласының денсаулық сақтау департаментінің құрамдам бөлігі болып
табылатын емхананың басшысы – емхана меңгерушісі. Оның міндеттеріне осы
объектті басқару мен бақылау, оның қол астындағы қаржылық мәселелер бойынша
кеңес беруді жүргізу кіреді. Бас дәрігер емхананың барлық емдік,
профилактикалық, ұйымдастырушылық және әкімшілік-шаруашылық пен қаржылық
қызметтеріне толығымен жауапты болып табылады; емхананы дәрігерлер,
мед.бикелер, санитарлар, әкімшілік және шарушылық персонал кадрларымен
қамтамасыз етеді.
Емхана меңгерушісінің қарамағында бірнеше мамандар жұмыс істейді:
травматоллогтар, кардиологтар, гематологтар, тіс дәрігерлері, ангиологтар,
пульманологтар, проктологтар, гастроэнтерологтар, нефрологтар, көз
дәрігерлері, отоларингологтар, гинекологтар, ревматологтар,
невропатологтар, урологтар, жасөспірімдер дәрігері мен аға медбике.
Травматологтар адамның тірек-қимыл аппараты ауруларын емдеуді
анықтаумен айналысады.
Кардиологтар – жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларын емдеу
диагностикасы.
Гематологтар – қанды және қан жасау мүшелердің ауруларын емдеуді
анықтау.
Тіс дәрігерлері – қызыл иектің, тістің, ауыз қуысының ауруларын
емдеуді анықтау.
Проктологтар мен гастроэнтерологтар - хирургтық профильдегі асқазан-
ішек жолы патологиясы бар ауруларды емдеу және оларға кеңес беру.
Ангиологтар мен пульманологтар – жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алу
мүшелерінің патологиясы бар ауруларды емдеу және оларға кеңес беру.
Отоларинголог – лор мүшелерінде (емізік тәрізді өсінді және ішкі,
сыртқы құлақ, мұрын) патологиясы бар ауруларды емдеу және оларға кеңес
беру.
Көз дәрігері – көру мүшелерінде патологиясы бар ауруларды емдеу және
оларға кеңес беру.
Гинеколог - әйелдердің жыныс мүшелерінің ауруларын емдеу және оларға
кеңес беру, қатерлі ісік ауруларын алдын алу мақсатындағы бақылану.
Невропатолог – орталық және перефериялық нерв жүйесінде және
омыртқасында патологиясы бар ауруларды емдеу және оларға кеңес беру.
Терапевт гастроэнтеролог – терапевттік профильдегі асқазан-ішек
жолында патологиясы бар ауруларды емдеу және оларға кеңес беру.
Уролог – бүйрек, зәр шығару жолдары, несепқуық, қуықасты безі
мүшелерінде патологиясы бар ауруларды емдеу және оларға кеңес беру.
Ревматолог – байланыстырушы тін, ревматизм, жүрек ақауы (туыла біткен,
кейін пайда болған) патологиясы бар ауруларды емдеу және оларға кеңес беру.
Нефролог - терапевттік профильдегі бүйрек, несепқуық патологиясы бар
ауруларды емдеу және оларға кеңес беру.
Жасөспірімдер дәрігері – 15 пен 18 жас аралығында патологиясы бар
ауруларды емдеу және оларға кеңес беру және әскерге шақырылатындармен жұмыс
істеу.
Тіркеу орны – ауруларға емханада және үйлерінде қызмет көрсетуді
қамтамасыз етуді ұйымдастыратын емхананың негізгі құрылымдық бөлімі.
Тіркеу орны емхананың барлық бөлімдерінің үйлесімді және нақты жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді. Тіркеу орнында мамандарға бару үшін талондар
беріледі, әр түрлі процедураларға алдын ала тіркелу жүргізіледі, уақытша
еңбекке жарамсыздық қағазы толтырылып беріледі.
Ауру кісі емханаға келгенде оған ашылатын негізгі құжат амбулаторлық
карта болып табылады. Ол тіркеу орнында ашылады және сол жерде анкеталық
мәліметтер толтырылады.
Осы амбулаторлық картамен ауру дәрігер қабылдауына барады, оған
клиникалық диагноз қойылады, тексерілу және ем қабылдау жоспары анықталады.
Зерттеу жүргізуге жолдама беріледі, яғни қандай анализдерді тапсыру керек,
және дәрілік препараттарға рецепт жазылады.
Стационарлы ем қабылдау керек болса госпитализациялануға жолдама
жазылады. Кейін осы жолдамамен ауру кісі стационардың ауруларды қабылдау
бөлмесіне түседі, ол жерде оған медициналық карта ашылады.
Дәрігер ауру кісінің жағдайын барып білген соң, оның мәліметтерін
алғашқы реестрге енгізеді, және оны кіріп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аурухананың тіркеу орнының автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
Медицинадағы автоматтандыру ақпараттандыру жүйесінің спецификасы мен өткізілген анализдердің ерекшеліктері
Oracle мәліметтердің объектілі типтері
Семей каласынын диагностикалык орталығынын АЖО жасау
Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі
Салық мемлекеттің тірегі
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Медициналық ақпараттардың базалық негізін құрастыру
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
Пәндер